Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
микробиология стандарты (исправленный вариант).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
146.18 Кб
Скачать

Стандарт 16:

Жарық микроскоптың иммерсиялық жүйесі арқылы микроскопия әдісін жүргізу техникасы

Мақсаты: жарық микроскоптың иммерсиялық жүйесі арқылы микроскопия әдісін жүргізу техникасын үйрету.

Жабдықталуы:

Жарық микроскоптың бірнеше түрлері:

  1. Иммерсиялық май;

  2. Микроорганизмдердің бекітілген препараттары;

  3. Сүзгіш қағаз.

Әрекеттің алгоритмы:

  1. Микроскопты үстелге қойып, айна мен конденсор арқылы жақсы жарықты табыңыз;

  2. Заттық үстелге бекітілген препаратты қойып, үстелге препаратты бекітіңіз;

  3. Препаратты объективтің (10х8) үлкейтуінде құрғақ қарап, жақсы зерттелу жағдайын айқындаңыз;

  4. Тубусты көтеріп, иммерсиялық (10х90) объективіне қойыңыз, препаратқа иммерсиялық майды тамызыңыз;

  5. Микроскоптық иммерсиялық объективтік препараттағы иммерсиялық майға батырып, әйнек үстелдің жанынан қарап отырыңыз;

  6. Микроскоп окулярынан қарап, тубусты ақырын көтеріп, тексеретін бейне көрінгенше қараңыз (микроорганизмдер);

  7. Микрометрлік бинтпен айқын бейне болғанша дәлдеп қойыңыз;

  8. Бейнені оқып, препарат суретін салыңыз;

  9. Тубусты көтеріп, тубустағы иммерсиялық майды алғаш фильтрлі қағазбен, кейін жұмсақ 70% спиртке батырылған жұмсақ матамен объективтен сүртіңіз.

Стандарт 17: Микробиологиялық зерттеу жүргізу үшін лабораториялық ыдыстарды залалсыздандыру және дайындау техникасы

Мақсаты: Микробиологиялық зерттеу жүргізу үшін лабораториялық ыдыстарды залалсыздандыруға дайындауды үйрету.

Жабдықталуы: жуу ерітіндісі бар жылы су, дистилденген су, орау қағаздары, жіп, мақта, құрғақ кептіру шкафы, автоклав.

Әрекеттің алгоритмы:

  1. Лабораториялық ыдыстарды жуып кептіріңіз;

  2. Ыдыстың ауызын мақта дәке тығынмен немесе резеңке тығынмен жабыңыз;

  3. Мақта-дәке тығынмен тығындалған ыдыстың бетіне қағаз қалпақпен жауып, жіппен байлаңыз;

  4. Петри аяқшасын 1-5 данадан қағазға ораңыз;

  5. Тығыз орайтын қағазбен пастер пипеткаларын 3-15 данадан ораңыз;

  6. Ені 2-2,5см, ұзындығы 70 см тығыз қағаздан жолақ қиып, мерленген пипеткаларды ораңыз. Ол үшін кесілген қағазды үстел үстіне қойып, сол жақ шетін бүгіп, пипетканың ұшынан бастап айналдырып түгел пипетканы орап қағаздың шетін бұрап жабыңыз;

  7. Пипетканың мөлшеріне сәйкес көлемін оралған қағаз сыртына жазыңыз;

  8. Дайын ыдыстарды құрғақ кептіру шкафында 180ºС 1 сағатқа немесе автоклавта 1,1 атмосферада 20-45 минутта залалсыздандырыңыз;

  9. Залалсыздандыру сапасын тексеріңіз.

Стандарт 18:

Отто әдісімен фаготиптеу теникасы (сапалы әдіс)

Мақсаты: Отто әдісімен фаготиптеу техникасын үйрету.

Жабдықталуы: ЕПА бар Петри аяқшасы, бактериологиялық тұзақ, пастерлік пипетка.

Материалдар: зерттелетін сорпа өсімі, фагтар жиынтығы.

Әрекеттің алгоритмы:

  1. ЕПА бар Петри аяқшасын термостатта кептіріп, аяқшасы бар ыдыстың сыртына 2х3 см көлемде квадрат сызамыз;

  2. Шпательмен тәуліктік сорпа өсімін алып, газон (көгал алаң) әдісімен себелеп, кейін 25-30 минут бөлме температурасында кептіріңіз;

  3. Әрбір квадраттың ортасына 1 тамшы бактериофаг тамызамыз (фагтардың санына карай), термостатқа 37ºС температурада 18-24 сағатқа қоямыз;

  4. Нәтижесін есепке аламыз.

Ескерту: егер фаг микробқа сәйкес келсе, онда стерильді жолақ пайда болады.