Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
микробиология стандарты (исправленный вариант).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
146.18 Кб
Скачать

Стандарт 14:

Микропрепараттарды Бурри – Гинс әдісімен микроорганизмдердің капсулаларын бояу техникасы

Мақсаты: Микропрепараттарды Бурри – Гинс әдісімен микроорганизмдердің капсулаларын бояу техникасы (капсулаларды анықтау).

Жабдықталуы: мостик немесе заттық шыны әйнекке арналған 12 немесе оданда көп заттық шыны әйнек сыятын арнайы құрал;

  1. Сүзгіш қағаз (алдын ала кесілген);

  2. Сүзгіші бар воронка;

  3. Пинцет;

  4. Карбол фуксинімен флакондар;

  5. Қонырауы бар сағат;

  6. Флакондағы спирт;

  7. Мақта шариктер үшін қысқыш;

  8. Қалдықтарды жинауға арналған бак немесе шелек;

  9. 5% күкіріт қышқылымен флакон;

  10. 0,3% метилен көгімен флакон;

  11. Мостик немесе заттық шыны әйнекке арналған арнайы құрал;

  12. Раковина (мүмкін болса ағын сумен немесе қосымша ыдыстағы сумен;

  13. Флакондарға қосу үшін негізгі ерітінділер 5, 10, 11.

Бекітілген жағындыларды бір мезгілде 12 - н бояуға болады.

Әрекеттің алгоритмы:

    1. Заттық шыны әйнекке 1-2 тамшы тушь және зерттеу материалының тамшысын тамызыңыз;

    2. Қоспаны әбден араластырыңыз қаннан жағынды дайындау әдісімен жағынды дайындаңыз;

    3. Ауада кептіріңіз;

    4. Никифоров қоспасында жағындыны бекітіңіз (10-15 мин);

    5. Сумен шайыңыз;

    6. Жағындыға Циль карбол фуксинің 1:3 қатынасында 3-5 минутқа тамызыңыз;

    7. Сумен шайып, кептіріңіз;

    8. Иммерсиялық жүйесі арқылы микроскоппен зерттеңіз.

Ескерту: микроскопия жүргізгенде қараңғы алаңда боялмаған капсулалар анық көрінеді, оның ішінде ал қызыл түсті бактериялар табылады.

Стандарт 15:

Нейссер әдісі бойынша микроорганизмдердің микропрепараттарын бояу техникасы (волютин дәндерін анықтау)

Мақсаты: Нейссер әдісі бойынша микроорганизмдердің микропрепараттарын бояу техникасын (волютин дәндерін анықтау) үйрету.

Жабдықталуы: мостик немесе заттық шыны әйнекке арналған 12, оданда көп заттық шыны әйнек сыятын арнайы құрал;

    1. Сүзгіш қағаз (алдын ала кесілген);

  1. Сүзгіші бар воронка;

  2. Пинцет;

  3. Карбол фуксинімен флакондар;

  4. Қонырауы бар сағат;

  5. Флакондағы спирт;

  6. Мақта шариктер үшін қысқыш;

  7. Қалдықтарды жинауға арналған бак немесе шелек;

  8. 25% күкіріт қышқылымен флакон;

  9. 0,3% метилен көгімен флакон;

  10. Мостик немесе заттық шыны әйнекке арналған арнайы құрал;

  11. Раковина (мүмкін болса ағын суымен немесе қосымша ыдыс сумен)

  12. Флакондарға қосу үшін негізгі ерітінділер 5, 10, 11.

Бекітілген жағындыларды бір мезгілде 12 - н бояуға болады.

Әрекеттің алгоритмы:

  1. Бекітілген жағындының үстіне бірнеше тамшы Нейссер бояуын (1-2 мин) тамызыңыз;

  2. Сумен шайыңыз;

  3. Люголя ерітіндімен (1-2 мин) өңдеңіз;

  4. Сумен шаймай везувин ерітіндісімен бояңыз (10-15 сек);

  5. Сумен шайып, кептіріңіз;

  6. Иммерсиялық жүйесі арқылы микроскоппен зерттеңіз.

Ескерту: волютин дәндері көк түске, ал микроорганизмдер – ашық қоңыр түске боялады

(метахромазия белгісі).