Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
микробиология стандарты (исправленный вариант).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
146.18 Кб
Скачать

Стандарт 11:

Микроскопиялық зерттеуге микрорганизмдерді бояу үшін бояу ерітінділерді және оларға реактивтерді дайындау техникасы

Мақсаты: Микроскопиялық зерттеуге микрорганизмдерді бояу үшін бояу ерітінділерді және оларға реактивтерді дайындау техникасы.

Жабдықталуы: 96° спирт, дистилденген су, фарфорлы келі. Реактивтер: генециан фиолет, негізгі фуксин, фенол кристалдары, глицерин, фуксиннің карбол ерітіндісі, везувин, йод кристалдары, калий йодиді.

Әрекеттің алгоритмы:

Бояудың қанық спирт ерітіндісін дайындау рецепттері:

  1. Флаконға 100 мл 96° спирт құйыныз және 10 г ұнтағын қосыңыз;

  2. Генециан көгін немесе негізгі фуксин және басқалар;

  3. 37°С термостатқа 24 сағатқа қойыңыз, мезгіл-мезгіл араластырыңыз;

  4. 24 сағаттан кейін сүзгіш қағазбен сүзгілеңіз;

  5. Қараңғы жерде сақтаңыз.

  6. Ескерту: бояудың спирт ерітіндісін қанық ерітінділерінен дайындайды мынадай қатынаста 1 бөлікке 9 бөлік су. Бояудың спирт ерітінділері тұрақты емес, сондықтанда оларды пайдаланар алдында дайындайды.

Циль карбол фуксинің дайындау рецептісі:

  1. Өлшеп, фарфорлі келіге 1 г негізгі фуксин, 5 г кристалл;

  2. Фенол, 0,5 мл глицерин;

  3. Азғана порциямен косып бір келкі массаға дейін езіп;

  4. Спирт (10) мл;

  5. 100 мл дистилденген су қосыңыз;

  6. 37°С термостатқа 24 сағатқа қойыңыз, мезгіл-мезгіл араластырыңыз;

  7. 48 сағаттан кейін сүзгіш қағаздан өткізіңіз;

  8. Қараңғы жерде сақтаңыз.

Пфейффер фуксинің дайындау рецептісі:

  1. Бір бөлік фуксинің карбол ерітіндісіне 9 бөлік дистилденген суды араластырыңыз.

Генециан фиолет ерітіндісін дайындау рецептісі:

  1. 1 г генциан фиолетті фарфорлі келіге өлшеп салыңыз;

  2. 2 г карбол қышқылының кристалын салыңыз;

  3. Аз порциямен біркелкі массаға дейін үйкелеңіз;

  4. 10 мл спирт құйыңыз;

  5. 100 мл дистилденген су қосыңыз;

  6. 37°С термостатқа 24 сағатқа қойыңыз, мезгіл-мезгіл араластырыңыз;

  7. 24 сағаттан кейін сүзгіш қағаздан өткізіңіз;

  8. Қараңғы жерде сақтаңыз.

Везувин бояуын дайындау рецепті:

  1. Флаконға 2 г везувин, 60 мл 96° спирт;

  2. 40 мл дистилденген су қосыңыз;

  3. Араластырыңыз, жай отқа қайнағанша қыздырыңыз;

  4. Ылғал сүзгіш қағаз арқылы сүзгілеңіз;

  5. Қараңғы жерде сақтаңыз.

(Синева) бояу қағазын дайындау этаптары:

  1. Сүзгіш стандартты қағазын алыңыз;

  2. Лотоққа генциан фиолет бояуын құйыңыз;

  3. Қағазды (2,5-3,0 см) жолақпен кесіңіз;

  4. Жолақтың екі жағын ылғалдау үшін жолақ қағаздарды генциан фиолет бояуына бірнеше секундқа салыңыз;

  5. Жолақтарды пинцетпен шығарып кептіріңіз;

  6. Қараңғы жерде сақтаңыз.

Люголя ерітіндісін дайындау рецепті:

  1. 2 г калий йод ерітіндісін 10 мл дистилденген суда ерітіңіз;

  2. 1 г кристалданған йод қосыңыз;

  3. Бірнеше сағатқа толық ерігенше қалдырыңыз;

  4. 290 мл дистилденген су қосыңыз;

  5. Қоңыр әйнек ыдыста сақтаңыз.

Стандарт 12:

Микроскопиялық зерттеуге микропрепараттарды әр түрлі әдіспен бояу техникасы

Мақсаты: Микроскопиялық зерттеуге микропрепараттарды әр түрлі әдіспен бояу техникасын үйрету.

Жабдықталуы: су, 96° этил спирт ерітіндісі, спирт шамы, негізгі карбол генциан фиолет ерітіндісімен Синева қағазы, Люголь ерітіндісі, Пфейффер фуксині, 0,5% хлорлы сутек қышқылы, Циль фуксині, 5% күкірт қышқылының ерітіндісі, метилен көгі, тушь, Никифоров қоспасын, сүзгіш қағаз, везувин ерітіндісі.

Әрекеттің алгоритмы:

Грам әдісі бойынша микроорганизмдерді бояу сатылары:

  1. Бекітілген жағындының үстіне негізгі генциан фиолет бояуымен боялған Синева қағазын салыңыз және бір екі тамшы суды 1-2 минутқа тамызыңыз;

  2. Қағазды алып тастап, артық бояуды төгіңіз;

  3. Сумен шаймай, Люголь ерітіндісін 1 минутқа қарайғанша тамызыңыз;

  4. Сумен шаймай, 96° этил спирт ерітіндісін 30 секунд бояу кеткенше тамызыңыз;

  5. Препаратты сумен шайыңыз;

  6. Пфейффер фуксинімен 3 минут бояңыз;

  7. Сумен шайып, кептіріңіз;

  8. Иммерсиялық жүйесі арқылы микроскоппен зерттеңіз.

Ескерту: Грам оң микроорганизмдер қою күлгін түске, Грам теріс микроорганизмдер – қызыл түске боялады.

Микроорганизмдердің спораларын анықтау үшін Ожешко (Ауеске) бояу сатылары:

  1. Кептірілген жағындының үстіне бірнеше тамшы 0,5% хлорлы сутек қышқылын тамызыңыз (НСІ);

  2. Май шамның жалынында 1-2 минут жылытыңыз, суытыңыз;

  3. Сумен шайыңыз;

  4. Препаратты кептіріп, спирт шамның жалынында бекітіңіз;

  5. Жағындыны сүзгіш қағазбен жабыңыз;

  6. Сүзгіш қағаздың үстіне Циль карбол фуксинін тамызыңыз;

  7. Жағындысы бар әйнекті спирт шамның жалынында бу шыққанша жай қыздырыңыз;

  8. 2-3 рет;

  9. Қағазды алып, сумен шайыңыз;

  10. Препараттың үстіне 5% күкіріт қышқылын (1-2 сек) тамызыңыз;

  11. Сумен шайыңыз;

  12. Метилен көкпен 3-5 минут бояңыз, сумен шайып кептіріңіз;

  13. Иммерсиялық жүйесі арқылы микроскоппен зерттеңіз.

Ескерту: Споралар қызыл түске, вегетативті микроб клеткалары – көк түске боялады.

Стандарт 13:

Циль–Нильсен әдісімен қышқылға төзімді микроорганизмдердің микропрепараттарын бояу техникасы

Мақсаты: Циль–Нильсен әдісімен қышқылға төзімді микроорганизмдердің микропрепараттарын бояу техникасына үйрету.

Жабдықталуы: мостик немесе 12 не одан да коп заттық шыны әйнексыятын арнайы құрал.

  1. Сүзгіш қағаз (алдын ала кесілген);

  2. Сүзгіші бар воронка;

  3. Пинцет;

  4. Карбол фуксині мен флакондар;

  5. Қонырауы бар сағат;

  6. Флакондағы спирт;

  7. Мақта шариктер үшін қысқыш;

  8. Қалдықтарды жинауға арналған бак немесе шелек;

  9. 9.5% күкіріт қышқылымен флакон;

  10. 10.0,3% метилен көгімен флакон;

  11. Мостик немесе заттық шыны әйнекке арналған арнайы құрал;

  12. Раковина (мүмкін болса ағын сумен немесе қосымша ыдыс сумен);

  13. Флакондарға қосу үшін негізгі ерітінділер 5, 10, 11.

Бекітілген жағындыларды бір мезгілде 12 - н бояуға болады.

Әрекеттің алгоритмы:

  1. Жағындыларын жоғары қаратып заттық шыны әйнектерді мостик немесе заттық шыны әйнекке арналған арнайы құралға орналастырады. Заттық шыны әйнектің номер жазылған шетін лаборантқа қаратады. Жағындыларды сүзгіш қағазбен жабады;

  2. Сүзгіш қағаздың үстіне Циль карбол фуксинің тамызыңыз;

  3. Жағындысы бар әйнекті май шамның жалынында бу шыққанша жай қыздырыңыз. Заттық шыны әйнекте бояудың қайнауынан немесе кебуіне жол бермеңіз, қажет болған жағдайда екінші рет қыздырыңыз. Жағындыны жылытылған бояу ерітіндімен 5 минутқа қалдырыңыз.

Циль–Нильсен әдісімен қышқылға төзімді микроорганизмдердің микропрепараттарын түсіздендіру сатылары:

  1. Сүзгіш қағазды пинцетпен алып тастаңыз қалдықтарды салатын бакке салыңыз;

  2. Әр заттық шыны әйнекті бөлек жай судың ағынында немесе суы бар ыдыста бояу ерітіндісі толық кеткенше шайыңыз;

  3. Жағындыларын жоғары қаратып, заттық шыны әйнектерді мостик немесе заттық шыны әйнекке арналған арнайы құралға орналастырыңыз, әр қайсысын бөлек 5% күкірт қышқылымен немесе 3% тұз қышқылының спирт ерітіндісімен 3 минут өңдеңіз;

  4. Қайталап әр заттық шыны әйнекті бөлек жай судың ағысында немесе суы бар ыдыста бояу ерітіндісі толық кеткенше шайыңыз.

Циль–Нильсен әдісімен қышқылға төзімді микроорганизмдердің микропрепараттарын қосымша бояу:

    1. Түссіздендірілген заттық шыны әйнектегі жағындыларды мостик немесе заттық шыны әйнекке арналған арнайы құралға орналастырыңыз 0,3% метилен көгімен 1 минут бояңыз;

    2. Шайыңыз және ауада кептіріңіз;

    3. Иммерсиялық жүйесі арқылы микроскоппен зерттеңіз.

Ескерту: қышқылға төзімді бактериялар Циль–Нильсен әдісімен қызыл түске боялады.