- •«Микробиология, вирусология микробиологиялық зерттеу техникасымен» пәнінен стандарттар. Стандарт 1:
- •Стандарт 2:
- •Стандарт 4:
- •Стандарт 5: Лабораториялық жағдайда микроорганизмдерді өсіру үшін қоректік орталарды дайындау және залалсыздандыру
- •Стандарт 6:
- •Стандарт 8:
- •Стандарт 9: Анаэробты микроорганизмдердің таза өсімін бөліп алу техникасы
- •Стандарт 10: Зерттеу материалынан немесе микроб өсімінен микроскопиялық зерттеуге бекітілген микропрепараттарды дайындау техникасы
- •Стандарт 11:
- •Стандарт 12:
- •Стандарт 14:
- •Стандарт 15:
- •Стандарт 16:
- •Стандарт 17: Микробиологиялық зерттеу жүргізу үшін лабораториялық ыдыстарды залалсыздандыру және дайындау техникасы
- •Стандарт 18:
- •Стандарт 19:
- •Стандарт 20:
- •Стандарт 21:
- •Стандарт 24:
- •Стандарт 25:
- •Стандарт 27:
- •Стандарт 28: Серологиялық гелдегі преципитация реакциясын қою техникасы
- •Стандарт 29:
- •Стандарт 30:
- •Стандарт 31:
- •Стандарт 32
- •Стандарт 33:
- •Стандарт 34:
- •Стандарт 35:
- •Стандарт 36:
- •Стандарт 37:
- •Стандарт 38:
- •Стандарт 39:
- •Стандарт 40:
- •Стандарт 41:
- •Стандарт 42:
- •Стандарт 43:
- •Стандарт 44:
- •Стандарт 45:
- •Стандарт 46:
- •Стандарт 47:
- •Стандарт 48:
- •Стандарт 49:
- •Стандарт 50:
- •Стандарт 51:
- •Стандарт 52:
- •Стандарт 53:
- •Стандарт 54:
- •Стандарт 55:
- •Стандарт 56:
- •Стандарт 57:
- •Стандарт 59:
- •Стандарт 60:
- •Стандарт 61:
- •Стандарт 62:
- •Стандарт 63:
Стандарт 8:
Дригальский әдісімен аэробты микроорганизмдердің таза өсімін бөліп алу техникасы
Мақсаты: Дригальский әдісімен аэробты микроорганизмдердің таза өсімін бөліп алу техникасын үйрету.
Жабдықталуы: қоректік ортасы бар Петри аяқшалар, шпатель, спирт шамы.
Әрекеттің алгоритмы:
Ерітілген қоректік ортаны (12-15 мл) 3 Петри аяқшасына құйыңыз;
Міндетті түрінде кептіріңіз, ылғал қоректік ортаның бетінде тұтас өсім болмас үшін;
Бірінші Петри аяқшасына бір тамшы зерттеу материалын енгізіп, стерильді шпательмен қоректік ортаның бетіне орналастырыңыз;
Шпательді алдын ала күйдірмей, аудармай қалған материалды екінші Петри аяқшасына ағардың бетіне үйкелеңіз;
Шпательді күйдірмей жана материал алмай үшінші Петри аяқшасына қалған материалды ағардың бетіне үйкелеңіз;
Шпательді зарарсыздандыру ерітіндісіне батырыңыз;
Белгіленген себіндісі бар Петри аяқшасын түбін жоғары қаратып, 37°С 18-24 сағатқа жекеленген микроб колонияларды алу үшін термостатқа қоямыз.
Стандарт 9: Анаэробты микроорганизмдердің таза өсімін бөліп алу техникасы
Мақсаты: Анаэробты микроорганизмдердің таза өсімін бөліп алу техникасына үйрету.
Жабдықталуы: пробиркадағы байытылған Китта – Тароцци ортасы, пастерлік пипетка, спирт шамы, стерильді вазелин майы, анаэростат.
Әрекеттің алгоритмы:
Китта – Тароцци ортасы бар пробирканы қайнатыңыз;
Салқын ағын суда жылдам суытыңыз;
Пробиркадағы ортаға стерильді вазелин майын құйыңыз (қалындығы 1 см);
Стерильді пастерлік пипеткаға зерттеу материалын алып пробиркадағы вазелин майдың қабатынан өтіп пробирканың түбіне жетіп пипетканың ішіндегіні төгіңіз;
Пипеткаларды зарарсыздандыру ерітіндісіне орналастырыңыз;
Белгіленген өсімі бар пробиркаларды 37°С 24-48 сағатқа термостатқа орналастырыңыз;
Өсімі бар пробиркаларды күнде карап, лайланған орталарды пастерлік пипеткамен алып микроскопия жүргізіңіз;
Пипеткаларды зарарсыздандыру ерітіндісіне орналастырыңыз;
Пробиркадағы ағар ортасына қайтадан себелеп анаэробты жағдайда термостатқа қояды.
Стандарт 10: Зерттеу материалынан немесе микроб өсімінен микроскопиялық зерттеуге бекітілген микропрепараттарды дайындау техникасы
Мақсаты: Зерттеу материалынан немесе микроб өсімінен микроскопиялық зерттеуге бекітілген микропрепараттарды дайындау техникасын үйрету.
Жабдықталуы: заттық шыны әйнек, физиологиялық ерітінді, бактериологиялық тұзақ, май шам, зерттелетін материал.
Материалдар: тығыз немесе сұйық ортада өскен микроб өсімі.
Әрекеттің алгоритмы:
Заттық шыны әйнекті майсыздандырыңыз;
Заттық шыны әйнекке бір тамшы физиологиялық ерітіндіні тамызыңыз (тығыз ортадан жағынды дайындау кезінде);
Оң қолыңызға бактериологиялық тұзақты, сол қолыңызға пробиркадағы материалды немесе микроб өсімін алыңыз;
Бактериологиялық тұзақты от жалынына тік ұстап қызарғанша қыздырыңыз;
Оң қолдың бесінші саусағымен пробирканың тығынын алып, май шамның жалынында пробирканың шеттерін қыздырыңыз;
Бактериологиялық тұзақпен ортаның бетінен азғана микроб өсімін пробирканың жан жағына тигізбей шығарып алып, пробирканы тығынмен жабыңыз;
Бактериологиялық тұзақтағы өсімді физиологиялық ерітіндінің тамшысына араластырып әйнекке бір қалыпты жағыңыз;
Бактериологиялық тұзақты от жалынына тік ұстап зарарсыздандыру үшін қызарғанша қыздырыныз;
Жағындыны ауада кептіріңіз;
Жағындыны жоғары қаратып өт жалынында бекітіңіз.
Ескерту: Жағындыны сұйық ортадан дайындау кезінде заттық шыны әйнекке тек 1-2 тамшы зерттеу материалын (физиологиялық ерітіндісіз) алып, әйнекке жағып, кептіріңіз және бекітіңіз. Жағындыны келесі жағынан стеклографпен қоршаңыз.
