Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
микробиология стандарты (исправленный вариант).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
146.18 Кб
Скачать

Стандарт 59:

Сарыпта (бруцеллезде) аллергиялық сынама,

бактериологиялық, серологиялық диагностикалау ерекшеліктері.

Сарып диагностикасындағы биологиялық сынаманың маңызы

Мақсаты: зерттеу материалынан бруцеллез қоздырғышын бөліп алу және идентификациялау, зерттеу протоколын толтыру.

Зерттеу әдістер: микроскопиялық, бактериологиялық, серологиялық

Зерттеу материалдары: секциялық материал, ликвор

Әрекеттің алгоритмы:

  1. Антибиотикпен ем басталғанға дейін материалды алыңыз;

  2. Қоректік ортамен флаконға себін жасаңыз, бір ай бойы инкубациялаңыз;

  3. Өсімділік, морфологиялық қасиеттері бойынша идентификация жүргізіңіз;

  4. АР арнамалы сарысумен идентификация жүргізіңіз (шыныдағы микроагглютинация) – Хедельсон реакциясы;

  5. Қан алуды аурудың 5-ші күннен 6-шы күнге дейін жүргізіңіз;

  6. Райт реакциясын жүргізіңіз;

  7. Шыныда макроагглютинация жүргізіңіз (ерітілмеген сарысумен);

  8. Иммунофлюоресценция әдісін қолданыңыз;

  9. ТЕГАР (тікелей емес гемагглютинация реакциясын) қолданыңыз;

  10. Сынама қою үшін бруцеллин препаратын қолданыңыз;

  11. Тері ішіне 0,1 мл бруцеллинді енгізіңіз, 24-48 сағаттан кейін нәтижесін қараңыз.

Стандарт 60:

Түйнеме бацилласын бөліп алу және идентификациясын

жүргізудегі зерттеудің бірінші, екінші, үшінші және төртінші

этаптарының (күн) әдістері мен материалдары

Мақсаты: зерттеу материалынан түйнеме бацилласын бөліп алу және идентификациялау, зерттеу протоколын толтыру.

Зерттеу әдістері: микроскопиялық, бактериологиялық, биологиялық, аллергиялық, Асколи преципитация реакциясы

Зерттеу материалдары: көпіршік, карбункул құрамы, жұлынған струп (терілік), қақырық (өкпелік), нәжіс (ішектік), қан (септикалық), топырақ, жануар жүні (Асколи реакциясы үшін)

Әрекеттің алгоритмы:

Зерттеудің бірінші күні:

  1. Түйнеме қоздырғышымен жұмысты қатаң режимді жағдайда жүргізіңіз;

  2. Материалдан жағынды дайындап, Грам бойынша бояңыз;

  3. Материалдан жағынды дайындап, капсуласын анықтау үшін Гинс бойынша бояңыз;

  4. Материалды ақ тышқанға, теңіз шошқасына, қоянға жұқтыруға болады;

  5. Материалды ЕПА және ЕПС себелеңіз.

Зерттеудің екінші күні:

  1. Таза өсім алу үшін күдікті колонияны қиғаш агарға себелеңіз;

  2. Сорпа өсімнен антракоидты ажырату үшін аспалы тамшы дайындаңыз;

  3. Тест бар пробиркадан жағынды дайындаңыз, метилен көгімен бояңыз;

  4. Өлген жануардың мүшесінен жағын ізін дайындап, бояңыз;

  5. Себіннен жағын дайындаңыз, бояңыз.

Зерттеудің үшінші күні:

  1. ЕПА және ЕПС себінінен бацилланың капсуласыз түрі өседі;

  2. Қантқа, лакмусты сүтке, желатинге, 2% қаны бар ортаға себін жасаңыз;

  3. Түйнемелік бактериофагпен сынама қойыңыз.

Зерттеудіңтөртінші күні:

  1. Жоғарыда жүргізілген себіндердің қорытындысын жасаңыз.

Стандарт 61:

«Микроорганизмдердің физиологиялық биохимиялық қасиеттерінің диагностикалық маңызы – көмірсу ыдырату қабілеті»

  1. Көмірсулар микроб клеткасының қоректік және құрылымдық материалы болып табылады.

  2. Моносахаридтер мен полисахаридтер: глюкоза, фруктоза, галактоза, олигосахаридтер: крахмал т.б. бөлінеді.

  3. Сахаролитикалық ферменттерге тест энтеробактерия және т.б. ажырату үшін қойылады.

  4. Тест принципі: микроб көмірсуды қолданғанда қышқыл мен газ түзу қабілетіне негізделген, сондықтан ортаның түстік индикаторы өзгереді.

Әрекеттің алгоритмы:

  1. Тест жүргізу этаптары: зерттелетін өсімді пробиркадағы сұйық немесе жартылай сұйық 3-5 мл көлемінде Гисс ортасына («түрлі-түсті қатар») көмірсу және индикатор анықтауға себелеңіз;

  2. Көмірсу ыдырағанда қышқыл түзу нәтижесінде (рН өзгереді) ортаның түсі өзгереді;

  3. Гисс ортасында моно және олигосахаридтерді: глюкоза, лактоза, мальтоза, сахароза, галактоза, арбиноза және т.б. жиі қолданыңыз;

  4. 18-сағаттық микроб өсімінің суспензиясын себелеңіз, ол 0,5-1 млрд 0,1мл шамасында құрайды, индикатордың көптеген жалған реакцияларын жоққа шығару үшін қолданылады;

  5. Анаэробты жағдайда ферментативті қасиетін зерттеу үшін жаңа дайындалған қоректік ортаға стерильді вазелин майын жағыңыз;

  6. «Түрлі-түсті қатарда» бақылау эталонды штаммамен себіні бар пробирка болып табылады. (оң және теріс мәнді бақылау);

  7. «Түрлі-түсті қатарда» бақылау себін жасалмаған Гисс ортасы бар пробирка болып саналады;

  8. Бақылау қоректік орта ластанғанда жалған реакция түзілуін болдырмауға мүмкіндік береді.

Қорытынды этап: биохимиялық реакцияның нәтижесі зерттелетін микробтың 24-48 сағаттан кейін өсуіне тәуелді.

  1. Баяу өсетіндерге бақылау мерзімін 96 сағатқа дейін, кейде 7-10 күнге созылады;

  2. Гисс ортасында агар-агарды қолданыңыз, тереңінде және бетінде газ көпіршіктерінің түзілуін бақылауға мүмкіндік береді;

  3. Сұйық Гисс қоректік ортасын қолданғанда Дюрхема түтігін газды анықтау үшін енгізіңіз;

  4. Залалсыздандыруда Гисс ортасындағы түтікті түбін жоғары қаратып орналастырамыз, ауа қоректік ортамен ығысады;

  5. Сахаролитикалық фермент синтездеуші микроорганизм көмірсуды органикалық қышқылдарға дейін ыдыратады;

  6. Органикалық қышқылдардың түзілуі ортаның рН өзгертеді, сондықтан индикаторға байланысты түсі де өзгереді.