- •«Микробиология, вирусология микробиологиялық зерттеу техникасымен» пәнінен стандарттар. Стандарт 1:
- •Стандарт 2:
- •Стандарт 4:
- •Стандарт 5: Лабораториялық жағдайда микроорганизмдерді өсіру үшін қоректік орталарды дайындау және залалсыздандыру
- •Стандарт 6:
- •Стандарт 8:
- •Стандарт 9: Анаэробты микроорганизмдердің таза өсімін бөліп алу техникасы
- •Стандарт 10: Зерттеу материалынан немесе микроб өсімінен микроскопиялық зерттеуге бекітілген микропрепараттарды дайындау техникасы
- •Стандарт 11:
- •Стандарт 12:
- •Стандарт 14:
- •Стандарт 15:
- •Стандарт 16:
- •Стандарт 17: Микробиологиялық зерттеу жүргізу үшін лабораториялық ыдыстарды залалсыздандыру және дайындау техникасы
- •Стандарт 18:
- •Стандарт 19:
- •Стандарт 20:
- •Стандарт 21:
- •Стандарт 24:
- •Стандарт 25:
- •Стандарт 27:
- •Стандарт 28: Серологиялық гелдегі преципитация реакциясын қою техникасы
- •Стандарт 29:
- •Стандарт 30:
- •Стандарт 31:
- •Стандарт 32
- •Стандарт 33:
- •Стандарт 34:
- •Стандарт 35:
- •Стандарт 36:
- •Стандарт 37:
- •Стандарт 38:
- •Стандарт 39:
- •Стандарт 40:
- •Стандарт 41:
- •Стандарт 42:
- •Стандарт 43:
- •Стандарт 44:
- •Стандарт 45:
- •Стандарт 46:
- •Стандарт 47:
- •Стандарт 48:
- •Стандарт 49:
- •Стандарт 50:
- •Стандарт 51:
- •Стандарт 52:
- •Стандарт 53:
- •Стандарт 54:
- •Стандарт 55:
- •Стандарт 56:
- •Стандарт 57:
- •Стандарт 59:
- •Стандарт 60:
- •Стандарт 61:
- •Стандарт 62:
- •Стандарт 63:
Стандарт 4:
Әртүрлі лабораториялық ыдыста өсірілген микроорганизмдердің патогенді өсімін өлтіру техникасы
Мақсаты: Әртүрлі лабораториялық ыдыста өсірілген микроорганизмдердің патогенді өсімін өлтіру техникасын үйрету.
Жабдықтау: арнайы металл бак, хлорлы су 2-5% сілті ерітіндісімен, патогенді микроорганизмдердің өсімі, баклабораториялық ыдыс, патогенді материалды өлтіруге автоклав.
Әрекеттің алгоритмы:
Арнайы темір бактің ішіне вегетативті патогенді өсімі бар пробиркаларды және аяқшаларды салып қою;
2-5% сілті ерітіндісі бар салқын суды құй;
Алдын ала бактің қақпағын жауып отқа қой;
Бу шығу үшін қақпақта бірнеше кішкентай тесіктер болуы керек;
Жай отқа 1,5 – 2,0 сағат қайнат.
Стандарт 5: Лабораториялық жағдайда микроорганизмдерді өсіру үшін қоректік орталарды дайындау және залалсыздандыру
Мақсаты: Лабораториялық жағдайда микроорганизмдерді өсіру үшін қоректік орталарды дайындау және залалсыздандыруды үйрету.
Жабдықталуы: құрғақ қоректік орталар, дистилденген су, газ немесе электрлік плита, мақталы - дәкелі фильтр, Петри аяқшалар, автоклав және Кох аппараты.
Алгоритм әрекеті:
Әр қоректік ортаның қорабында қоректік орта дайындау нұсқауларымен танысу;
Қажетті қоректік ортаның мөлшерін есептеу;
Өлшеңіз және дистилденген суға ерітіңіз;
2-3 минут плитада пісіріңіз;
Мақталы-дәкелі сүзгішпен сүзіңіз;
«Универсальды индикатор»көмегімен ортаның рН орнатыңыз (рН 7,0);
Флаконға немесе пробиркаларға құйыңыз;
Су моншасында 25-30 минут залалсыздандырыңыз;
45°С суытыңыз және аяқшаларға құйыңыз;
Қоректік орталардың залалсыздандыруын термостатқа 37°С қою арқылы бақылау;
Автоклавта залалсыздандырылған орталарды 1 тәулік, ағынды бумен залалсыздандырылған орталарды 3 тәулік ұстау керек.
Стандарт 6:
Микроскопиялық зерттеуге «аспа тамшы», «езілген тамшы» микропрепаратын дайындау техникасы
Мақсаты: Микроскопиялық зерттеуге «аспа тамшы», «езілген тамшы» микропрепаратын дайындау техникасын үйрету.
Жабдықталуы: жабынды әйнек, ойығы бар заттық шыны әйнек, физиологиялық ерітінді, тығыз немесе сұйық қоректік ортада өскен өсім.
Әрекеттің алгоритмы:
«Езілген тамшы» препаратын дайындау:
Заттық шыны әйнекті майсыздандырыңыз;
Заттық шыны әйнектің үстіне бір тамшы сұйық ортадағы өсімдіні немесе физиологиялық ерітіндіні (тығыз қоректік ортада өскен өсімнен жағынды дайындау кезінде) тамызыңыз;
Бір тамшы физиологиялық ерітіндінің үстіне зерттеу өсімін енгізіңіз;
Жабынды әйнекпен зерттеу өсімінің тамшысын сақтықпен жабыңыз.
«Аспа тамшы» препаратын дайындау:
Жабынды әйнекке зерттеу тамшысын тамызыңыз;
Жабынды әйнектегі зерттеу тамшысын шұңкыры бар заттық шыны әйнекпен алдын ала оның шеттерін вазелин майымен жағып, жабыңыз. Тамшы әйнектің шеттеріне немесе заттық шыны әйнектің шұңқырының түбіне жақындамау керек.
Стандарт 7:
Бактериологиялық ілмекпен зерттеу материалын себелеу техникасы - Петри аяқшасындағы қоректік ортаға секторларға штрихпен себелеу
Мақсаты: Бактериологиялық ілмекпен зерттеу материалын себелеу техникасы - Петри аяқшасындағы қоректік ортаға секторларға штрихпен себелеу техникасын үйрету.
Жабдықталуы: қоректік ортасы бар Петри аяқшасы, пастерлік пипетка, спирт шамы, бактериологиялық ілмек.
Әрекеттің алгоритмы:
Қоректік ағары бар Петри аяқшаның сыртынан стеклографпен бөлінетін сызықпен аяқшаның түбін 4 секторға бөл;
Бактериологиялық ілмекпен зерттеу материалын 1 ші секторына енгізіп және сектор бойы параллель жолақтарды жүргіз;
Петри аяқшанын басқада секторларына сол бактериологиялық тұзақпен қалпын өзгертпей сондай жолақтарды жаса;
Бактериологиялық тұзақты спирт шамының жалынында қызарғанша қыздыр, содан соң штативке орналастыр;
Петри аяқшасындағы белгіленген өсімді түбін жоғары қаратып 37°С 18-24 сағатқа термостатқа қояды.
