Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
микробиология стандарты (исправленный вариант).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
146.18 Кб
Скачать

Стандарт 55:

Протейді бөліп алу және идентификациясын жүргізудегі

зерттеу әдістерінің бірінші, екінші, үшінші және төртінші этап

әдістері мен материалдары

Мақсаты: зерттеу материалынан протей қоздырғышын бөліп алу, олардың патогенділігін зерттеу және идентификациялау, зерттеу протоколын толтыру.

Зерттеу әдістер: микробиологиялық, серологиялық.

Зерттеу материалдары: несеп, құсық массасы, тін кесінді материалы, көмейден кілегей, құлақтан ірің, жара құрамы, қоршаған орта заттарынан шайынды.

Әрекеттің алгоритмы:

Зерттеудің бірінші күні:

  1. Зерттеу материалымен тампонды, құсық массасын, несеп, тін кесінді материалын алыңыз;

  2. Эндо, Плоскирев ортасына себелеңіз;

  3. Жағынды дайындап, Грам бойынша бояңыз;

  4. Қоректік ортада өсім болса, колонияны қиғаш агарға себелеңіз.

Зерттеудің екінші күні:

  1. Поливалентті сарысумен, сосын типтік сарысумен АР қойыңыз.

Зерттеудің үшінші күні:

  1. Аралас Ресселя ортасына (мочевинамен) немесе ферментативті қасиетін және қозғалғыштығын анықтау үшін Олькеницкий ортасына жеке колонияны бөліп алыңыз;

  2. Қиғаш агардың конденсацияланған суына (Шукевич бойынша) себін жасаңыз;

  3. Грам бойынша бояңыз;

  4. Агардың барлық бетіне өсімнің шығуын бақылаңыз;

  5. Поливалентті сарысумен, сосын типтік сарысумен АР қойыңыз.

Стандарт 56:

Шигелланы бөліп алу және идентификациясын жүргізудегі

зерттеу әдістерінің бірінші, екінші, үшінші және төртінші этап

әдістері

Мақсаты: зерттеу материалынан шигелла қоздырғышын бөліп алу, олардың патогенділігін зерттеу және идентификациялау, зерттеу протоколын толтыру.

Зерттеу әдістер: микроскопиялық, бактериологиялы, серологиялық

Зерттеу материалдары: нәжіс, тін кесінді материалы, ішектің шайынды суы, тағам өнімдері

Әрекеттің алгоритмы:

Зерттеудің бірінші күні:

  1. Зерттеу материалын дифференциальды-диагностикалық Плоскирев ортасына себелеңіз;

  2. Зерттеу материалын дифференциальды-диагностикалық Эндо ортасына себелеңіз;

  3. Қаныққан селенит сорпасына себелеңіз.

Зерттеудің екінші күні:

  1. Күдікті колонияны Ресселя және маннит ортасына себелеңіз;

  2. Дифференциальды-диагностикалық ортаға себін жасаңыз.

Зерттеудің үшінші күні:

  1. Ресселя ортасында лактозаны ыдыратпайтын өсімді зерттеңіз;

  2. Колониядан жағынды дайындаңыз, Грам бойынша бояңыз;

  3. Қозғалғыштығын анықтаңыз (қозғалмайды);

  4. Грам теріс таяқша анықталса, Гисс ортасын себін жасаңыз;

  5. Грам теріс таяқша анықталса, лакмусты сүтке себін жасаңыз;

  6. Агардың барлық бетіне өсімнің шығуын бақылаңыз.

Зерттеудің төртінші күні:

  1. Ферментативті және өсімділік қасиеті сәйкес өсімге серологиялық идентификация жүргізіңіз.

Стандарт 57:

Тырысқақ вибрионы культурасын бөліп алу және идентификациясын жүргізудегі зерттеу әдістерінің бірінші, екінші, үшінші және төртінші этаптары

Мақсаты: зерттеу материалынан тырысқақ вибрионын бөліп алу және идентификациялау, зерттеу протоколын толтыру.

Зерттеу әдістер: микроскопиялық, бактериологиялық, люминесценттік-серологиялық.

Зерттеу материалдары: нәжіс, құсық массасы, өт, су, тін кесінді материалы (аш ішек және өт қабы кесіндісі), тағам өнімдері, шыбындар, сарқынды су, қолдан және қоршаған орта заттарынан шайынды

Әрекеттің алгоритмы:

  1. Зерттеу материалын 50-100мл 1% пептонды суға себелеңіз;

  2. Сонымен қатар сілтілік агарға себелеңіз;

  3. Материалдан жағынды дайындаңыз, Никифоров қоспасымен бекітіңіз;

  4. Материалдан жасалған жағындыны фуксинмен және Грам бойынша бояңыз;

  5. Жаншылған және аспалы тамшыда қозғалғыштығын тексеріңіз;

  6. 6-8 сағаттан кейін пептонды судың бетінде жұқалтыр түзілуін зерттеңіз;

  7. Екінші пептонды ортаға қайта себелеңіз;

  8. Жағынды дайындап, Грам бойынша және фуксинмен бояңыз;

  9. Өсімнен шыныда О-сарысуымен бағдарлы агглютинация реакциясын қойыңыз;

  10. АР сілтілік агарда колонияны зерттеңіз;

  11. АР оң мәнді болса, типті Огава және Инаба типті сарысуымен реакция қойыңыз;

  12. Типті морфологиялық және өсімдік қасиеттері АР оң мәнді;

  13. Типті культураны поликөмірсулы ортаға және сорпаға себелеңіз;

  14. Инкубациялағаннан кейін 3-4 сағатқа сорпадағы өсімнен толық АР қойыңыз;

  15. Поликөмірсулы ортада баған түсі өзгереді сахароза ыдырайды, қиғаш бөлігі өзгермейді;

  16. Морфологиясын зерттеуге тырысқақ вибрионының идентификациялық өсімнен тест қойыңыз;

  17. Қозғалғыштығын зерттеуге тырысқақ вибрионының идентификациялық өсімнен аспалы немесе езілген тамшыда тест қойыңыз;

  18. Өсімділік қасиетін зерттеуге тырысқақ вибрионының идентификациялық өсімнен тест қойыңыз;

  19. Сахаролитикалық қасиетін зерттеуге тырысқақ вибрионының идентификациялық өсімнен тест қойыңыз;

  20. Протеолитикалық қасиетін зерттеуге тырысқақ вибрионының идентификациялық өсімнен тест қойыңыз;

  21. Гемолитикалық қасиетін зерттеуге тырысқақ вибрионының идентификациялық өсімнен тест қойыңыз;

  22. Уреаза белсенділігін зерттеуге тырысқақ вибрионының идентификациялық өсімнен тест қойыңыз;

  23. Тотықсыздану қасиетін зерттеуге тырысқақ вибрионының идентификациялық өсімнен тест қойыңыз, нитратты нитритке тотықсыздандырады;

  24. Диастатикалық белсенділігін зерттеуге тырысқақ вибрионының идентификациялық өсімнен тест қойыңыз (крахмалға ыдыратады);

  25. Фогес-Проскауэра реакциясына (арнайы химиялық ингредиент қосқанда өсім қызыл түске боялады) тырысқақ вибрионының идентификациялық өсімнен тест қойыңыз;

  26. Оксидазаға сынамаға тырысқақ вибрионының идентификациялық өсімнен тест қойыңыз (арнайы химиялық ингредиент қосқанда өсім ашық көк түске боялады);

  27. Фагқа сезімталдығын зерттеуге тырысқақ вибрионының идентификациялық өсімінен тест қойыңыз (арнайы тырысқақ);

  28. Полимиксинге сезімталдығын зерттеуге тырысқақ вибрионының идентификациялық өсімнен тест қойыңыз (полимиксин қосқанда ғана Эль-Тор вибрионы өседі);

  29. Зерттеудің жеделдетілген әдісін қолданыңыз - иммобилизация реакциясы (оң мәнді болса сарысудың әсерінен вибрион қозғалмайды);

  30. Люминесцентті-серологиялық әдісін жүргізіңіз (иммунофлюоресценция реакциясы).

Стандарт 58:

Дифтерия коринебактериясын бөліп алу және идентификациясын

жүргізудегі зерттеу әдістерінің бірінші, екінші, үшінші және төртінші этап әдістері мен материалдары

Дифтерия коринебактериясының биоварларын анықтау және

ақырғы идентификациялау

Мақсаты: зерттеу материалынан дифтерия коринебактериясын бөліп алу және идентификациялау, зерттеу протоколын толтыру.

Зерттеу әдістер: микроскопиялық, бактериологиялық, гелдегі преципитация реакциясы

Зерттеу материалдары: көмей кілегей қабатынан бөлініс, мұрын кілегей қабатынан бөлініс, көз кілегей қабатынан бөлініс, қынап кілегей қабатынан бөлініс, құлақтан ірің, жара құрамы

Әрекеттің алгоритмы:

Зерттеудің бірінші күні:

  1. Зерттеу материалын Клауберг ортасына себелеңіз.

Зерттеудің екінші күні:

  1. Аяқшаны 48 сағаттан кейін өсім болмаса, бір тәуліктен соң қараңыз;

  2. Күдікті колонияны сарысуы бар агарға себелеңіз.

Зерттеудің үшінші күні:

  1. Себіннің нәтижесін қараңыз;

  2. Цистин амин қышқылын ыдыратушы цистиназа ферментін анықтау үшін Пиз ортасына бағанға себелеңіз;

  3. Гелдегі ауыспалы преципитация әдісімен токсигенділігін анықтау үшін сынама қойыңыз.

Зерттеудің төртінші күні:

  1. Цистиназа анықталса, шаншу ізімен баған ортасында агарда күңгірт қабықшасы бар қара стержень түзіледі – сынама оң мәнді;

  2. Токсинмен антитоксиннің әсерлесуі нәтижесінде агарда дөңгелек сызық түрінде преципитат түзіледі;

  3. Сарысуы бар ортадан жағын дайындаңыз, Леффлерді көкпен бояңыз;

  4. Дифтерия коринебактериясының биоварларын анықтау және ақырғы идентификациялау глюкозаға, сахарозаға, крахмалға, мочевинамен сорпаға себін жасалады;

  5. Дифтерия коринебактериясы уреазаны синтездемейді, сондықтан сорпаның түсі өзгермейді;

  6. Гравис биовары цистин, глюкоза, крахмалды, токсигенділікті ыдыратады;

  7. Митис биовары цистин, глюкоза, токсигенділікті ыдыратады;

  8. Псевдодифтериялық мочевинаны ыдыратады, сорпадағы индикатор түсі өзгереді, алқызыл түсті болады.