Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
микробиология стандарты (исправленный вариант).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
146.18 Кб
Скачать

Стандарт 30:

Стрептококкты бөліп алу және идентификациялау

Мақсаты: зерттеу материалынан стрептококкты бөліп алу , олардың патогенділігін зерттеу және патогенді стрептококктарды идентификациялау зерттеу протоколын толтыру.

Зерттеу әдісі: микроскопиялық, бактериологиялық, серологиялық

Материалдар:

Ірің - ашық және жабық абсцесстен

көмейден кілегей - баспада, скарлатинада

қақырық

несеп - нефритте

қан - сепсиске күдіктенгенде, эндокардитте

Зерттеудің бірінші күні:

  1. Зерттеу материалынан қанды агарға себін жасау;

  2. Зерттеу материалынан глюкозасы бар сорпаға себін жасау.

Зерттеудің екінші күні:

  1. Күдікті колониядан жағын дайындап, Грам бойынша бояыңыз;

  2. Сарысулық агар мен қанды сорпаға қайта себелеңіз.

Зерттеудің үшінші күні:

  1. Стрептококктың таза өсімінен жағын дайындап, Грам бойынша бояңыз;

  2. Гисса ортасына себелеңіз;

  3. Сүтке себін жасаңыз;

  4. 40% өтке себін жасаңыз.

Стандарт 31:

Көкшіл ірің таяқшасын бөліп алу және идентификациялау

Мақсаты: зерттеу материалынан көкшіл ірің таяқшасын бөліп алу, олардың патогенділігін зерттеу және патогенді көкшіл ірің таяқшасын идентификациялау, зерттеу протоколын толтыру.

Зерттеу әдісі: микробиологиялық

Материалдар:

  • ірің

  • көмейден кілегей

  • мұрыннан кілегей

  • жара құрамы

  • несеп

  • қан

  • өлік материалы

  • персонал қолының және қоршаған ортадан шайынды

Зерттеудің бірінші күні:

  1. Зерттеу материалынан ЕПА және ЕПС, қант сорпасына қаннан себін жасау.

Зерттеудің екінші күні:

  1. Көкшіл жасыл түсті және жасмин иісі бар қоректік ортаға себін жасау;

  2. Болжамалы жауап беріңіз «P aeruginosa»;

  3. Лактозасы бар пробиркаға және агарға түзілген колонияны себелеп, вазелин құйыңыз.

Зерттеудің үшінші күні:

  1. Лактозатеріс өсімді таңдап алып Грам бойынша бояңыз;

  2. Көкшіл ірің таяқшасында оң мәнді болатын цитохромооксидазаға сынама қойыңыз.

Стандарт 32

Сіріспе клостридиясын бөліп алу және идентификациясын жүргізу. Зерттеу материалынан және бөлініп культурадан сіріспе экзотоксинін анықтаудағы биологиялық зерттеу ерекшеліктері

Мақсаты: зерттеу материалынан сіріспе клостридиясын бөліп алу, олардың патогенділігін зерттеу және патогенді газды гангрена клостридиясынидентификациялау, зерттеу протоколын толтыру.

Зерттеу әдісі: микроскопиялық, бактериологиялық, биологиялық

Зерттеу материалдары:

  • Зақымдалған аймақтан тін бөлшегі

  • Жарақаттағы бөгде нәрсе

  • жара құрамы

Сіріспенің алдын алу үшін зерттеңіз:

  • байлап таңу материалы

  • тігіс салу материалы

  • иньекциялық препараттар

  • топырақ

Зерттеудің бірінші күні:

  1. Зерттеу материалынан жағын дайындаңыз және Грам бойынша бояңыз;

  2. Зерттеу материалынан жағын дайындаңыз және Ожешко бойынша бояңыз;

  3. Ақ тышқандардың екі тобына материалдан енгізіңіз;

  4. Бір топқа тек зерттелетін материалды енгізіңіз;

  5. Екінші топқа сіріспеге қарсы сарысу қосылған материалды енгізіңіз;

  6. Материалдың бір бөлігін қоректік ортаға себелеңіз.

Зерттеудің екінші-үшінші күндері:

  1. Тышқандағы сіріспе ауруы белгілерін талдаңыз, жүнінің өсуі, «түтік тәрізді құйрық», аяқ қол мен құйрығының құрысуы токсин енгізілген табандарының салдануы;

  2. Материал және сарысу енгізілген бақылау тобының тышқандарында сіріспе белгілері болмайды;

  3. Өлген жануар материалын микроскопиялық және бактериологиялық зерттеу жүргізіңіз;

  4. Күдікті колонияны Китта-Тароции ортасына себелеңіз.

Зерттеудің төртінші күні:

  1. Микроскопиялық әдіспен бөлініп алынған микроорганизмнің өсімділік қасиетін зерттеңіз;

  2. Сіріспе токсинін анықтауға жүргізілген биологиялық сынамада алынған өсімді жоғарыда келтірілген кесте бойынша зерттеңіз.