Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
микробиология стандарты (исправленный вариант).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
146.18 Кб
Скачать

«Микробиология, вирусология микробиологиялық зерттеу техникасымен» пәнінен стандарттар. Стандарт 1:

Оқу микробиологиялық лабораторияда патогенді микроорганизмдермен жұмыс істеу кезінде техника қауіпсіздігі және індетке қарсы ережелер

Мақсаты: Оқу микробиологиялық лабораторияда патогенді микроорганимдермен жұмыс істеу кезінде техника қауіпсіздігі және індетке қарсы ережелерді үйрету

  1. Оқу микробиологиялық лабораторияда патогенді микроорганимдермен жұмыс істеу кезінде техника қауіпсіздігін және індетке қарсы ережелерді қатаң сақтау;

  2. Жеке санитарлық киімді (халат, қалпақ, аяқ киім) кию міндетті;

  3. Санитарлық киіммен лабораторияның сыртына шығуына болмайды және санитарлық киімнің үстінен сырт киімді киюге болмайды;

  4. Лабораториялық бөлмені және жұмыс орнын таза ұстау, жеке гигиена сақтау керек;

  5. Жеке киімді арнайы бөлек бөлмеде сақтау керек;

  6. Лабораторияда тамақ ішуге және темекі тартуға рұқсат етілмейді;

  7. Жұмыс аяқталғаннан кейін лаборатория бөлмелерінде зарарсыздандыру ерітінділерін қолданып ылғал тазалықты күнделікті жүргізу керек;

  8. Лабораторияға зерттеуге түскен кез келген материал жұқпалы немесе қауіпті деп саналады;

  9. Жұмыс орны қақпағы жабылатын зарарсыздандыру ерітіндісі бар контейнермен міндетті түрінде жабдықталуы керек;

  10. Зерттелетін материал жұмыс үстеліне, лабораториялық құралдардың беткі қабатына түскен жағдайда сол бойда зарарсыздандыру ерітінділермен өндеу керек. Қолдарды зарарсыздандыру ерітінділерімен өңдеп, кейін мұқият сабынмен жуу;

  11. Зерттеу материалын бір ыдыстан басқа ыдысқа құюды тек зарарсыздандыру ерітіндінің үстінен жүргізу керек;

  12. Зерттеуге түскен материал міндетті түрінде арнайы журналға тіркеліп, белгіленуі керек;

  13. Әрі қарай зерттеуге қажет ететін материалды термостатқа, тоңазытқышқа немесе арнайы орынға сақтау керек;

  14. Зерттелген материал журналға тіркелгеннен кейін зарарсыздандырылып, содан кейін жұмыс орны міндетті түрінде тазаланып жиналуы керек.

Стандарт 2:

Жаңа лабораториялық ыдыстарды тәжірибелік жұмысқа әрі қарай пайдалануға алғашқы жуу техникасы

Мақсаты: Жана лабораториялық ыдыстарды өндеу және жуу техникасын үйрету.

Жабдықтау: арнайы бак, жылы сабынды су, таза су, жылы 2% тұз қышқылы ерітіндісі, дистилденген су, жаңа лабораториялық ыдыс.

Әрекеттің алгоритмы:

  1. Арнайы бактің ішіне жылы сабынды суды құйыныз, оның ішіне ыдысты батырыңыз;

  2. Жай отқа 10-15 минут қайнатыңыз;

  3. Ыдысты шығарып, бірнеше рет тек дистилденген сумен шайыңыз.

Стандарт 3:

Микробиологиялық зерттеуден кейін пайдаланған

лабораториялық ыдысты жуу техникасы

Мақсаты: Микробиологиялық зерттеуден кейін пайдаланған лабораториялық ыдысты жуу техникасын үйрету.

Жабдықтау: ерш, ыссы су, құбыр суы, дистилденген су, 2-5% күйдіргіш натрий немесе күйдіргіш калий ерітіндісі, хром қоспасы қолданылған лабораториялық ыдыс.

Әрекеттің алгоритмы:

  1. Жұқпалы материал болған лабораториялық ыдысты зарарсыздандырыңыз: автоклавта 126° - 60 минут немесе 132° - 20 минут (немесе тек арнайы жағдайда 2% сода ерітіндісінде 60 минут қайнату);

  2. Зарарсыздандырылган сұйықтықты канализация жүйесіне төгіңіз;

  3. Орташа ластанған ыдысты жуу ерітіндісі бар ыстық суда ершпен жуыңыз;

  4. Агар, желатин немесе басқа қоректік ортаның жұғыны бар ыдыстарды жуар алдында 2-5% күйдіргіш натрий немесе күйдіргіш калий ерітіндісіне бір тәулікке батырып қойыңыз;

  5. Өте майлы лабораториялық ыдысты хром қоспасына 30-40 минутқа салып қойыңыз;

  6. Ыдыстарды ағын сумен жуып, дистилденген сумен 3-4 рет шайыңыз;

  7. Құрғақ кептіру шкафта немесе бөлме температурасында кептіріңіз.