- •Бала өмірін ұйымдастыруды және тәрбиелеуді жоспарлау циклограммасы. Лексикалық тақырып: «Аяулы анашым»
- •Бала өмірін ұйымдастыруды және тәрбиелеуді жоспарлау циклограммасы. Лексикалық тақырып: «Көктем»
- •Бала өмірін ұйымдастыруды және тәрбиелеуді жоспарлау циклограммасы. Лексикалық тақырып: «Наурыз»
- •Бала өмірін ұйымдастыруды және тәрбиелеуді жоспарлау циклограммасы. Лексикалық тақырып: «Дала»
- •Апта тақырыбы: "Жыл құстары"
- •Апта тақырыбы: "Ғарыш"
- •Апта тақырыбы: «Жәндіктер мен бунақденнелілер»
- •Апта тақырыбы: "Ауыл шаруашылық жұмысы"
Бала өмірін ұйымдастыруды және тәрбиелеуді жоспарлау циклограммасы. Лексикалық тақырып: «Аяулы анашым»
Күн тәртібі |
Дүйсенбі |
Сейсенбі |
Сәрсенбі |
Бейсенбі |
Жұма |
Таңғы жиын: «Сәлем, балақай!» |
Сәлем, балақай! Жеке жұмыс:Әділмен сурет бойынша әңгімелеу. Мақсаты: тілін дамытып, байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту. Еңбек: гүлдерді суару. М/ты: гүлдерді күте білуге тәрбиелеу. Жеке ойын: «Мозайка» М/ты: балалардың қол маторикасын дамыту. Таңертеңгілік жаттығу. |
Сәлеметсіңдер ме, балалар! Д/о: Сөз ойла, тез ойла. М/ты: балалардың ойлау қабілеттерін жетілдіру. Еңбек: гүлдердің топырағын қопсыту. М/ты: еңбекке баулу. Жеке жұмыс: Дильназбенмен апта күндерін рет-ретімен атап, есте сақтай білуге үйрету. Таңертеңгілік жаттығу.
|
Сәлем, балақай! Үстел ойыны: «Лото» М/ты: балалардың ойлау қабілеттерін дамыту. Еңбек: кезекшілермен ауа-райын белгілеу, гүлге су бүрку. М/ты: еңбек жасай білу. Д/о: «Кім жылдам» М/ты: сөздерді қатыстырып, сөз тіркестерін, сөйлем құрастыруға үйрету. Таңертеңгілік жаттығу.
|
Сәлем, балақай! Д/о: «Сандық» М/ты: балаларды тапқырлыққа баулу. Еңбек: балықтарға жем беру. Мақал – мәтел жаттау.
М/ты: есте сақтай білуге тәрбиелеу. Таңертеңгілік жаттығу. |
Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сурет бойынша жұмыс. Әңгіме құрастыру. М/ты: балалардың сөздік қорын молайту. Еңбек: гүлдерге су құю, шаңдарын сүрту. М/ты: өз жұмыстарын атқара білу. Жеке жұмыс. Аринамен «Анашым» өлеңін қайталау. Таңертеңгілік жаттығу. |
«Ашық алаң» Серуен №1 |
Ауа – райын бақылау М/ты: ауа – райының құбылыстарын анықтап, бақылау іскерліктерін жетілдіру. -Ауа- райы қандай? -Неге ауа-райы суық? -Қазір қандай мезгіл? Жауып жаңбыр, жер сабыр, шөп, жапырақ салады. Бұл қай кезде болады? |
Бұлттарды бақылау М/ты: балаларға бұлттар туралы түсініктерін жетілдіру. -Аспан бұлтқа толып кетті. Бұлттар түлік болып кетті. Сөздік жұмыс: түлік Еңбек: ауланы жинау. М/ты: тазалыққа баулу. Қ/о: «Аққу - қаздар» «Аю апанында» «Ұшты – ұшты» |
Ағаштарды бақылау М/ты: ағаштардың сыртқы құрылысын анықтай білу, іскерліктерін дамыту. -ағаштың қандай бөліктері бар? -олар қалай аталады? Ағаштардан жамырап, Ұшты кенет жапырақ. Ой, алақай тамаша, Шашу шашты жапырақ Еңбек: ағаштардың бұтақтарын жинау. М/ты: табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Қ/о: «Ақ серек, көк серек» «Аю мен аралар» «Үшінші артық» |
Күнді бақылау М/ты: күннің жылуын анықтай білуге үйрету. Қуанамын мен де, Қуанасың сен де. Қуанайық достарым Арайлап атқан күнге. Еңбек: телімді сыпыру. М/ты: еңбек жасай білуге тәрбиелеу. Қ/о: «Сақина салу» «Мысық пен торғайлар» «Сымсыз телефон» Жеке жұмыс. Элвирамен ,Тамириспен, Алмазбен көктем айларын атап, есте сақтай білуге үйрету. |
Құстарды бақылау. М/ты: құстардың тіршіліктерін анықтау, түсініктерін қалыптастыру. -қандай құстар қыстап қалуға қалды? -олар қалай тіршідік жасайды? Құстар біздің досымыз, Бау – бақшаны қорғайды. Ұя жасап, қарсы алсаң, Құстар бізді қорғайды Еңбек: Құстарға жем беру. М/ты: қамқорлық жасай білу. Қ/о: «Тақия тастамақ» «Балықшылар» «Аю мен аралар» |
«Алақай, ойын!» |
Мазмұнды ойын: «Кітапхана» М/ты: ойын арқылы баланың кітапхана жайлы түсініктерін жетілдіру. Құрастыру орталығы: «Автотұрақ» тақырыбы бойынша құрастыру. М/ты: балалардың сызбаны қолдана отырып, құрастыру іскерліктерін жетілдіру. «Жұмбақтар елінде» Балалармен көктемге байланысты жұмбақтар шешу. М/ты: жұмбақты шеше білуге үйрету. |
Мазмұнды ойын: «Дәрігер» М/ты: балаларға бала дәрігер жайлы толық анықтама беру. Театр орталығы: «Алтын сақа» ертегісін оқып, сурет бойынша әңгімелеу. Үстел ойыны: «Суретті жина» М/ты: қол маторикасын дамыту. Жеке жұмыс: Әмірханмен сызық бойынша қайшымен қия білуге үйрету. |
Мазмұнды ойын: «Шаштараз» М/ты: шаштаразшының құралдарын қолдана отырып, ойнай білу. Д/о: «Затты ата» М/ты: сипатына қарай ажырата алып, атай білуге үйрету. Кітап орталығы. «Шалқан» ертегісін мазмұндау. |
Мазмұнды ойын: «Дүкен» М/ты: дүкендегі ас-тағамдар жайлы түсініктерін толықтыру, есте сақтай білуге үйрету. Үстел ойыны: «Жыл мезгілдері» М/ты: жыл мезгілдерін ретімен қойып, атап, есте сақтай білу. Бейнелеу орталығы: «Көктем» тақырыбына сурет салу. М/ты: көктем мезгілі жайлы түсініктерін кеңейту. |
Мазмұнды ойын: «Ателье» Құрастыру бұрышын жинау. М/ты: ұлдарды еңбек жасауға тәрбиелеу. Д/о: «Жаман - жақсы» М/ты: ойлау қабілеттерін, сөздік қорларын молайту. |
«Ашық алаң» Серуен №2 |
Ауа – райын бақылауды жалғастыру. М/ты: ауа-райын салыстыру іскерліктерін қалыптастыру. -Ауа-райының қандай өзгерістерін анықтадындар? Еңбек: ауладағы қағаздарды жинау. Қ/о: «Мысық пен тышқан», «Қағып ал» |
Бұлттарды бақылауды жалғастыру. М/ты: бұлттардың пішінін анықтап, сөздік қорларын молайту. Бұлттардың қандай заттарға ұқсастығын табуға болады? |
Ағаштарды бақылауды жалғастыру, ағаштардағы жапырақтардың түсін анықтай білу. -ағаштардың сыртқы қабығы қандай? -неліктен ағаш бүршік жарады? Еңбек: телімдегі жапырақтарды жинау. Қ/о: «Жаңбыр мен күн» «Футбол» «Телефон» |
Күнді бақылауды жалғастыру, күннің орналасу орнын анықтау. -күннің көзі қай жерде орналасқан? -шығыстан шығады -батыстаен батады. Еңбек: ауладағы бұтақтарды жинау. Қ/о: «Мысық пен торғайлар» «Үшінші артық» «Кегли» |
Құстарды бақылауды жалғастыру, құстардың күзгі тіршілігін анықтау. -құстар күзде қалай тіршілік етеді? Қ/о: «Ұшты, ұшты» «Кім жылдам» Жеке жұмыс: Дыбыстарды ажырат. Қ.Тамерлан және Альмирамен. |
Ата – аналармен жұмыс |
Ата – аналармен балалардың тазалықтары жайлы әңгімелесу |
Аңсардың ата – анасымен баланың тәртібі жайлы әңгімелесу |
Ата – аналарға балабақша ережесін ескертіп, таңертеңгі жаттығудан қалмауға ескерту жасау. |
Ата – аналарды балалармен үйде өлең – тақпақтарды бірге жаттауға жұмыстар жүргізу. |
Өлең, тақпақтарды бірге қайталау |
Есеп І
Есеп ІІ |
|
|
|
|
|
