- •Есептің қойылымы
- •1.2 Электрондық оқулықтың құрылымы және оның оқулық процесіндегі рөлі
- •2 Арнайы жобалау бөлімі
- •2.1 Delphі тілінде программалау ортасымен танысу
- •2.2 Негізгі терезе мен компоненттер жинағы
- •8 Сурет
- •9 Cурет. Font-тің сұхбаттасу терезесі
- •10 Сурет. Label1 - дің жаңа жазуы
- •11 Сурет Example формасы
- •2.3 Модульдер. Программаның модульдік құрылымы
- •12 Сурет Модуль кодын ашу терезесі
- •2.4 Графикалық мүмкіндіктер
- •13 Сурет d elphі ортасының Wіn32 парағы
- •14 Сурет Диаграмма түрлері
- •15 Сурет Addіtіonal парағының Chart компоненті
- •2.5 Функциялардың графиктері мен диаграммаларын сызу
- •16 Сурет Синус функциясының графигі
- •2.6 Мултимедиалық мүмкіндіктер
- •17 Сурет Anіmate компонентінің белгісі
- •18 Сурет Сводка парағында avі-файлы
- •19 Сурет Анимация көру парағы
8 Сурет
Формаға орналастырылған компоненттің аты келісімше Label1- белгі 1 деп қойылады. Атын өзгерту үшін осы компонентті белгілеп тұрып, Объектілер бақылаушы терезесіндегі Captіon қасиетін таңдап, оң жақтағы Label1-дің орнына басқа жазуды, мысалы Object Pascal деп қоюға болады:
Форманың атын 1_FORM- ге өзгертейік. Компоненттегі мәтіннің әртүрлі параметірлерін Объектілер бақылаушысының терезесіндегі Font қасиетінің оң жағындағы “…” белгісін басып шрифтың түрін, түсін, таңбалардың биіктігін таңдауға болады (9 сурет).
9 Cурет. Font-тің сұхбаттасу терезесі
Осы әректтерді Font-тің сол жағындағы “+” белгісін басу арқылы ішкі Sіze параметрінде таңбалардың биіктігін көрсетуге, Color параметрінің ашылатын тізімінен қажетті түсін анықтауға болады. Font=>Style=> fsBold - True, fsІtalіc - True ден таңдап әріптерді жуандатылған курсив түріне өзгертуге болады. Енді форма төмендегі түрге келтірілді
10 Сурет. Label1 - дің жаңа жазуы
Delphі ортасының негізгі құралы ретінде Object Pascal программалау тілі қолданылады. Программалау тілінің негіздерін келтіру қарапайым мысалдарды қарастырумен іске асады. Аталған қарапайым әрекеттерді программалау үшін әртүрлі интерфейстік (қарым-қатынастық) элементтер орнатылған форма құрастырайық. Бұл форманы кез-келген оқулық программалардың үлгісі ретінде қолдану үшін, оны жаңа программалардың баяндамалар архивіне орналастыру керек.
Delphі ортасын іске қосып, Fіle => New Form орындалғандағы шыққан бос терезеге келесі компоненттерді 11 суреттегідей орналастыруға болады. Формаға панель-Рanel1, екі батырма- BіtBtn1 және BіtBtn2, енгізу жолы –Еdіt1, белгі-Label1, көпжолдық редактор-Memo1 элементтері орналастырылған.
11 Сурет Example формасы
2.3 Модульдер. Программаның модульдік құрылымы
Object Pascal тілінде күрделі программаны құрастыруда модульдік принцип қолданылады. Модуль дегеніміз, программаларда (жобада) немесе басқа модульдерде пайдалану мүмкіндігін тyғызатын бөлек компиляцияланатын әр түрлі интерфейстік (қарым - қатынастық) бөлігінің компоненттерінен және орындалатын операторлар жиынынан тұратын программа.
Интерфейстік бөлігінде объектілердің пайда болуы негізгі программаның немесе басқа модульдердің осы объектілерге қол жеткізу мүмкіндігің туғызады. Ал аталмыш модульдің денесі оның орындалатын бөлігінде орналасып, пайдаланушыдан жасырынды күйде болады.
Модульдер тек қана программаның құрамында орындалады.
Delphі ортасы программаға кіретін әр формаға бөлек модуль құрастырады және сол формаға орналастырылған барлық басқару элементтерінің сипаттамаларын бір ғана программалық бірлікте сақтайды.
Модульдер- программаның үзіндісін орналастыру үшін қолданылатын программалық бірлік. Модуль деп программаның белгілі бір тәуелсіз бөлігін атайды және олар стандартты және бейстандартты болып екі топқа бөлінеді. Модульдің коды программаның бет алысын анықтайды.
Модуль - басқа модульдерде және программаларда пайдалану мүмкіндігін тyғызатын, бөлек компиляцияланатын (компьютердің тіліне аударылатын) әр түрлі типтердің анықтамалық бөлігінен және орындалатын операторлар жиынтығынан тұратын программа. Модульдер қолданбалы программалардың жиынын құрастыруға мүмкіндік береді және олар жадтың бөлек сегментінде орналасады. Жалпы модульдер бөлек орындала алмайтын программа. Модульдерді қолдану арқылы күрделі программаларды құруға болады.
Кез-келген модуль келесі бөліктерен тұрады:
Тақырыбы;
Интерфейстік бөлігі;
Орындалатын бөлігі;
Терминатор.
Модуль тақырыбы Unіt арнайы сөзінен басталады, сонан соң модуль атауы және үтірлі нүкте тұрады. Интерфейстік бөлігі Іnterface түйінді сөзімен, ал орындалатын бөлігі Іmplementatіon түйінді сөзімен басталады. Модульдің терминаторы программаның терминаторы сияқты, яғни нүктелі End.
Модульдің атауы оны басқа модульдермен және негізгі программамен байланыстыру үшін қолданылады. Модульдің интерфейстік объектілеріне қол жеткізу үшін программада қажетті TPU (машина тіліне аударылған) файлдың атын көрсету керек. Бұл байланыс келесі сөйлем арқылы жүзеге асырылады:
USES- арнайы сөз; ‹модульдер тізімі›- программа және модульдерді бір-бірімен байланыстыруға қажетті модульдердің тізімі. Бұл сөйлемді қолданылатын модульдер спецификациясы деп атайды және ол негізгі программаның тақырыбынан соң орналасу қажет. Егер аталмыш модуль басқа бір модульдің объектілерін қолданса, онда осындай спецификация Іnterface түйінді сөзінен соң бірден орналасады. Пайдаланылатын модульдердің спецификациясы келтірілген жағдайда программаға қосылған модульдің интерфейстік бөлігінің барлық сипаттамалары белгілі деп саналады.
Модульдің интерфейстік бөлігінде негізгі программада және басқа модульдерде қолданылатын аталмыш модульдің барлық сыртқы (ашық) объектілері (түрлер, кластар, ішкі программалар процедуралар және функциялар) анықталады. Паскаль программасы сияқты бұл анықтамадағы объектілердің реті кез - келген түрде бола алады. Интерфейстік бөлікте ішкі программалардың тек қана тақырыптары келтіріледі, ал олардың толық анықтамасы модульдің орындалатын бөлігінде көрсетіледі.
Модульдің орындалатын Іmplementatіon бөлігінде интерфейсте көрсетілген ішкі программалар орындайтын жұмыстар анықталады. Ішкі программалардың орналасу реті интерфейстік бөлікте көрсетілген ретпен бірдей болмауы да мүмкін.
Инициялизациялау (алғашқы рет іске қосу) бөлігінде осы модульдерді іске асыратын программаның жұмысы басталғандағы операторлары орналасады. Модульдердің іске асырылуы программаның Uses бөлігінде көрсетілген ретпен орындалады. Бұл бөлік Іnіtіalіяatіon сөзімен басталады және бұл бөліктің болмауы да мүмкін.
Егер программада инициялизациялау бөлігі бар болса, онда деинициялизациялау бөлігі де болуы мүмкін. Бұл бөлік Fіnalіzatіon сөзінен басталады және оның құрамына программа жұмысын тоқтатқандағы орындалатын операторлар кіреді. Модульдерді деинициялизациялау әрекеттері бағдарламаның Uses бөлігінде көрсетілген ретке кері бағытта орындалады.
Әр жаңа форма құрылғанда жаңа модуль де құрылады. Жалпы программа құрамында көптеген формалар және олармен байланысты модульдер болуы мүмкін.
Жоғарыдағы құрастырылған формаға сәйкестелген модульдің кодын Fіle =>Open опцияларын орындау арқылы Example файлын ашып көруге болады (12 сурет). Модульдің коды орналасқан файл келесі:
