- •1.Қазақстан аумағындағы тас дәуірі
- •2. 18 Ғасырдың бірінші ширегіндегі қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
- •3.C.Датұлы бастаған көтеріліс.
- •Билет№2
- •1.Темір дәуіріне сипаттама
- •3.Қазақ жеріне жоңғар шапқыншылықтары
- •1.Темір дәуіріндегі тайпалар(ғұндар,сақтар,үйсіндер)
- •2.Батыс Түрік қағанаты.
- •3.Қазақ хандарының Жоңғар шапқыншылығына қарсы күрестері.
- •2.Түргеш қағанаты
- •3.Кіші жүздің Ресейге қосылуы
- •3.Абылай хан тұсындағы қазақ хандығы.
- •2.Қарахан мемлекетімен Қарақытайлар мемлекеті
- •3.Бөкей хандығының құрылуы
- •1.Грек тарихшыларының деректері
- •2. Қазақстандағы 1836-1838 жылдардағы халық-азаттық көтеріліс
- •3.Шынгыс ханнын Орта Азия елдерін жаулап алуы және Ұлыстар тарихы
- •1.Қаңлылар(3 билет,1 сұрақ)
- •2.Алтын Орда
- •3.Қазақстандағы хандық биліктің жойылуы
- •1.Сарматтар
- •2.Моғолстан мен Темір мемлекеті
- •3.Қазақтардын 1812 жылғы Ресейдің Отан соғысына қатысуы.
- •1.Үйсіндер(3 билет,1сұрақ)
- •2.Қазақ хандығы.
- •1.Андрон мәдениеті
- •3.Қазақ хандары тарихынан.
- •1.Ежелгі адамдар тарихы
- •2.Жәңгір ханның ел басқарудағы ерліктері
- •3.19 Ғасырдың 80-90 жылдарындағы әкімшілік реформалар
- •1.Қазақ халқының қалыптасуы туралы аңыздар
- •2.Әбілхайыр хандығы
- •3.Қазақ жеріндегі сауда мен жәрмеңкелер
- •1.Қазақстанда табылған Алтын адамдар тарихы.
- •2.Найман,Керей,Жалайырлар
- •3.Қазақстанның Ресеймен және Қытаймен сауда байланыстарының дамуы
- •2.Есім хан тұсындағы Қазақ хандығы
- •1.Ғұн мемлекетінің пайда болуы
- •1.Халықтардың Ұлы қоныс аударуы және Аттиланың батысқа жорығы.
- •2.Ұлы Жібек жолының тарихы және Қазақстандағы сілемдері
- •3.Перовский,Циммерман,Куропаткин,Черняев әскерлерінің жорығы
- •1.Тас дәуірінің Қазақстандағы тұрақтары
- •2.Қыпшақ хандығы
- •3.К.Қасымұлы баастаған көтеріліс
- •1.Шілікті ескерткіштері
- •2.Ислам дінінің таралуы
- •3.1867-1868 Жылдардағы реформаның барысы
- •1.Палеолит заманының тарихына сипаттама
- •2.Ортағасырлық сәулет ескерткіштері
- •3.Қазақ жеріндегі жәрмеңкелер
- •1.Орта тас ғғасырына сипаттама
- •1.Аталық рудың қалыптасуы.
- •2.1836-1838 Жылдары Бөкей ордасында болған шаруалар көтерілісі
- •2.Қ.А.Яссауидің тарихы
- •3.Хіх ғасырда қазақ халқының мәдениеті мен өнері
- •1.Палеолиттің ескерткіштері
- •3.Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған көтерліс
- •1.Томирис пен Заринаның ерліктері
- •2.Ноғай Ордасы
- •3.Қазақстан-Қытай сауда байланыстары
- •1.Савромат тайпаларының қорымдарына сипаттама
- •1.А.Макеодонскийдің сақ жеріне жорығы
- •2.Түркі халықтарының наным-сенімдері
- •1.Ежелгі замандарда діни қөзқарыстарының дамуы
- •1.Шығыс Қазақстанда Темір дәуірі
3.Абылай хан тұсындағы қазақ хандығы.
Абылай хан — 1771—1781 жылдар аралығында билік құрған Қазақ хандығының 18-ші ханы. Қазақ Ордасының тарихындағы ең ұлы хандардың бірі. Арғы тегі Ақ Орданың негізін қалаған Орда Ежен ханнан бастау алады. Жазба деректерде Абылайдың шетел басқыншыларына қарсы табанды соғыс жүргізгендігі айқын көрсетіледі. 1752ж. ол бастаған қазақ әскері шамасы 15-20 мың адамдай ойраттар қолының шабуылына тойтарыс берді. 1753ж. желтоқсанда Абылай 5 мың жауынгерімен жоңғар әскерлерімен шайқасып, бірталай қазақ жерін азат етті. 1754ж. сәуірде Абылай бастаған 1700 қазақ әскері 10 мың қалмақпен соғысуға мәжбүр болса, (Қаратал өз бйынша), сол жылдың шілде-тамыз айында 4 мың әскермен Жоңғарияға жорық жасап, 3000 қалмақты тұтқынға алып келген. 1756ж. Абылайдың бастауымен қазақтар қытайлар мен қалмақтардың біріккен күшімен екі рет шайқасып, оның бірінде жеңіліп, екіншісінде жеңіске жетеді. 1757ж. Абылайдың 6 мың әскері Қытайдың 40 мың әскерімен шайқасынан соң, қытайлар Абылайдан бітім сұрады. 1753-1754 жылдардағы шайқастарға Қабанбай, Бөгенбай, Жанатай, Керей Жәнібек, Өтеген батырлар қысы – жазы үзбестен қатысады. Абылай бірде Қалдан Серенмен бітімге келсе, бірде Дабашыны шауып, бірде оны және Әмірсананы өзіне паналатты. Сөйтіп Ойрат ұлысының бөлшектене беруін көздеді. Тегеурінді әскери қимылмен қатарластырыла жүргізілген дипломатиялық әрекеттері Абылайды өз заманының ұлы қайраткерлері деңгейіне көтерді. Осының нәтижесінде Абылай әскері 1771ж. Мойынты өзенінің бойында болған қалмақтармен ауыр шайқаста жаңа жеңіске жетті. Абылай Ресей мен Қытай империяларының арасында орналасқан Қазақ елінің геосаяси жағдайына икемделген саясат жүргізді. Қытай әскерлері жоңғарларды жойып, Орта Азия мен Қазақстанға ене бастаған кезде мұсылман елдерінің басын қосуға ұмтылып, Ауған шаһыАхмад Дурранимен келіссөз жүргізді. Түркияға елшілік жіберу ниеті де болды. Қытаймен қатынас жақсара бастаған кезде орыс бодандығынан бойын тартып, патша әкімшілігінің шақыруымен хандық белгілерді қабылдау үшін 1779 жылы қазан айында Петропавлбекінісіне барудан бас тартты. Пугачев соғысы кезінде 3 мың әскерімен «Қасірет белдеуі» бойындағы орыс бекіністерін шапты.
Билет№6
1.Мыс-тас ғасыры
Энеолит – тас және қола ғасырының аралығындағы археологиялық өтпелі кезең (б. з. б. 4–3 -мыңжылдық) тас – мыс кезеңі. Энеолит адамдар өміріне мыс құралдар енген дәуір. Осы кезеңде таспен қоса мыс құралдар да пайда бола бастайды. Бірақ мыстан жасалған құралдар тас құралдарды адам өмірінен біржолата ығыстырып шығара алмады. Себебі, мыс өте иілгіш, майысқыш болғандықтан мықты құралдар жасауға мүмкіндік болмады. Энеолитте тас индустриясы құлдырап, тас құралдар жиынтығының кемуіне әкеліп соқтырған. Бірақ Қазақстан даласында энеолит басқаша көрініс берді. Мұнда тастарды пайдалану кері кеткен жоқ, керісінше жоғары деңгейіне көтеріле түсті. Бұл кезеңде тастан жасалған еңбек құралдары басым болғанымен мыстан жасалынғандары да пайда бола бастады. Адамдардың басты кәсібі – егіншілік пен аңшылық, мал шаруашылығы болды. Энеолит дәуірінде ауа-райы ылғалды болып, ірі сүтқоректілер көбейгендіктен аңшылар көшіп жүретін аумақтарын қысқартып, кейде бір жерге ұзақ уақыт шоғырлана да бастайды. Қоғамдық қарым– қатынасы – рулық құрылыс. Қазақстан жерінен табылған энеолит ескерткіштері Иманбұрлық, Сексеуілді -1, -2 және Павлодарға жақын жерде, Ертіс өзенініңжағасына орналасқан Железинка поселкесінің маңынан табылған обаны жатқызуға болды. Қазақстан аумағында энеолит кезеңінің ерекше ескерткіші- Солтүстік Қазақстандағы Ботай тұрағы. Ботай тұрағы б.з.б. 3-2 мыңжылдықтармен мерзімделеді. Бұл тұрақ 15 гектар жерді алып жатыр. Тұрақты қазу барысында 158 тұрғын үй табылды. Үйлердің қабырғалары жануарлар терісімен қапталған, ортасына ошақ орнатылған.Энеолиттік ескерткіштер Маңғыстау жерінде де жолықты. Шебір елді мекені маңынан тас пен қыштан жасалған еңбек құралдары табылған. Ыдыстар сазбалшықтан жасалған, тұбі жұмыртқа тәрізді болып келеді. Ыдыстарды әшекейлеу үшін тарақ тісі сияқты өрнек пайдаланылған. Шебір тұрағының тұрғындары теңіз моллюскаларының қабықтарын моншақ етіп таққан. Моншақтардың жиектері мұқият тегістелген, ал тесіктері бұрғылау әдісімен жасалған. Шебірліктер негізінен аң аулаумен айналысқан.
