- •1.Қазақстан аумағындағы тас дәуірі
- •2. 18 Ғасырдың бірінші ширегіндегі қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
- •3.C.Датұлы бастаған көтеріліс.
- •Билет№2
- •1.Темір дәуіріне сипаттама
- •3.Қазақ жеріне жоңғар шапқыншылықтары
- •1.Темір дәуіріндегі тайпалар(ғұндар,сақтар,үйсіндер)
- •2.Батыс Түрік қағанаты.
- •3.Қазақ хандарының Жоңғар шапқыншылығына қарсы күрестері.
- •2.Түргеш қағанаты
- •3.Кіші жүздің Ресейге қосылуы
- •3.Абылай хан тұсындағы қазақ хандығы.
- •2.Қарахан мемлекетімен Қарақытайлар мемлекеті
- •3.Бөкей хандығының құрылуы
- •1.Грек тарихшыларының деректері
- •2. Қазақстандағы 1836-1838 жылдардағы халық-азаттық көтеріліс
- •3.Шынгыс ханнын Орта Азия елдерін жаулап алуы және Ұлыстар тарихы
- •1.Қаңлылар(3 билет,1 сұрақ)
- •2.Алтын Орда
- •3.Қазақстандағы хандық биліктің жойылуы
- •1.Сарматтар
- •2.Моғолстан мен Темір мемлекеті
- •3.Қазақтардын 1812 жылғы Ресейдің Отан соғысына қатысуы.
- •1.Үйсіндер(3 билет,1сұрақ)
- •2.Қазақ хандығы.
- •1.Андрон мәдениеті
- •3.Қазақ хандары тарихынан.
- •1.Ежелгі адамдар тарихы
- •2.Жәңгір ханның ел басқарудағы ерліктері
- •3.19 Ғасырдың 80-90 жылдарындағы әкімшілік реформалар
- •1.Қазақ халқының қалыптасуы туралы аңыздар
- •2.Әбілхайыр хандығы
- •3.Қазақ жеріндегі сауда мен жәрмеңкелер
- •1.Қазақстанда табылған Алтын адамдар тарихы.
- •2.Найман,Керей,Жалайырлар
- •3.Қазақстанның Ресеймен және Қытаймен сауда байланыстарының дамуы
- •2.Есім хан тұсындағы Қазақ хандығы
- •1.Ғұн мемлекетінің пайда болуы
- •1.Халықтардың Ұлы қоныс аударуы және Аттиланың батысқа жорығы.
- •2.Ұлы Жібек жолының тарихы және Қазақстандағы сілемдері
- •3.Перовский,Циммерман,Куропаткин,Черняев әскерлерінің жорығы
- •1.Тас дәуірінің Қазақстандағы тұрақтары
- •2.Қыпшақ хандығы
- •3.К.Қасымұлы баастаған көтеріліс
- •1.Шілікті ескерткіштері
- •2.Ислам дінінің таралуы
- •3.1867-1868 Жылдардағы реформаның барысы
- •1.Палеолит заманының тарихына сипаттама
- •2.Ортағасырлық сәулет ескерткіштері
- •3.Қазақ жеріндегі жәрмеңкелер
- •1.Орта тас ғғасырына сипаттама
- •1.Аталық рудың қалыптасуы.
- •2.1836-1838 Жылдары Бөкей ордасында болған шаруалар көтерілісі
- •2.Қ.А.Яссауидің тарихы
- •3.Хіх ғасырда қазақ халқының мәдениеті мен өнері
- •1.Палеолиттің ескерткіштері
- •3.Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған көтерліс
- •1.Томирис пен Заринаның ерліктері
- •2.Ноғай Ордасы
- •3.Қазақстан-Қытай сауда байланыстары
- •1.Савромат тайпаларының қорымдарына сипаттама
- •1.А.Макеодонскийдің сақ жеріне жорығы
- •2.Түркі халықтарының наным-сенімдері
- •1.Ежелгі замандарда діни қөзқарыстарының дамуы
- •1.Шығыс Қазақстанда Темір дәуірі
1.Шығыс Қазақстанда Темір дәуірі
Қазіргі уақытта шартты болса да, "мұртты" обалардың негізгі ауқымы анықталды. Бүгінгі таңдағы мәліметтерге жүгінсек, Қазақстан аумағында 300-ден астам ескерткіштер анықталған. Аталмыш мәліметтер жыл сайын толықтырылуда. Негізгі ауқымы Орталық Қазақстан мен Солтүстік Қазақстанды (Көкшетау) сондай-ақ бүгінгі Шығыс Қазақстан облысының батыс бөлігінің далалы алқаптарын (Абыралы, Шыңғыстау, Шұбартау) қамтиды. Қазақстандағы мұртты обалардың жалпы санынын 80 % астамы осы аумақта шоғырланған.байланысты. Обалардың екінші бір анағұрлым шағын бөлігі (20% аздауы) Жетісу, Шығыс, Батыс, Оңтүстік Қазақстан жерлерінде, соның ішінде, көпшілігі Шығыс Қазақстан аумағанда орналаскан. Жалпы "мұртты" обалар таралымы туралы сөз қозғағанда әкімшілік-аумақтық түсініктен гөрі географиялық ұғымдарға жүгінген жөн: негізінен, жалпы "мұртты" обалардың таралым аясы Қазақтың ұсақшоқылығы аймағымен сәйкес келеді.
Жалпы алғанда тасмола мәдениеті обалар материалдары негізінде зерттелген куйінде калып отыр.
Бұл мәдениетке сипаттама беруші мәліметтер танымал үш бөлікті құрайды:а) қару-жарақтар;б) ат әбзелдері;в) ғұрыптық заттар, әшекейлер, тұрмыс бұйымдары.
Тасмола коғамында кола кұю ісінін үздік шеберлері болды. Материалдық мәдениеттін жетекші категорияларынын бәрі дерлік қоладан жасалған. Сонымен катар, темір бұйымдар (пышақтар, сулықтар, тоғалар) 1-сатының (б.з.б. VII-VI ғ.) өзінде-ақ пайда болган.
2.Қазақ батырлары
ҚАРАКЕРЕЙ ҚАБАНБАЙ (1691—1769) Қабанбай жастайынан жоңғарлардың жауыздығын көзімен көрген еді. Жеті жасқа толғанда әкесі Қожағул батыр жау қолынан қаза табады. Он бес жасқа келгенде ағасы Есенбайды қалмақтар далада өлтіріп кетеді. Осы екі қатыгездік қайсар баланың жүрегіне кек болып қатты. Жас батыр жалғыз жортып, қалмақтың ел шапқьш батыры Жырғыл мен Асыланды ебін тауып өлтіріп, кегін қайтарады. Осыдан соң Қабанбай ауылында қала алмай, Керей еліндегі жездесіне келеді де, онда жылқыға тиген шапқыншыларға қарсы айқаста көзге туседі. Бала кезінде бітімі кесек, тулғалы Ерасылды жеңгелері „Нар бала" атаса, жездесі қайрат-күшіне, батылдығына сүйсініп, „қабан" деп атап кетеді. Ержете келе жойқьш күшімен, алғырлығымен, қайтпас қайсарлығымен танылған батырда „Қабанбай" есім айбьнды сес қалпында сақталып қалады.1750 жылдардың орта шенінде Жоңғар қақпасы маңында жаудың негізі күшін үш қабат қоршап алып,жойып жіберді. Осыдан кейін Қабанбай батыр Қас өзенін өрлеп барып, Арыстанды тауының баурайына қоныстанды. Сол таудың мұзды басы Қабанбай шыңы деп аталады. БӨГЕНБАЙ БАТЫР (1690—1775) Қазақтың ұлтарақтай жерін жауға бермей, қызғыштай қорғаған, халық қорғаны, халықтың суйікті үлдарының бірі, батырлар әулетінің ұрпағы Бөгенбай батыр 1690 жылы Бөген өзенінің жағасыида дүниеге келіпті. Үлы атасы Әлдеубек Еңсегей бойлы Есім ханның атақты батырларының бірі болған. Әлдеубектің баласы Ақша батыр Тәуке ханның 80 мыңдай қолын бастаған сардар екен. Бөгенбай 1708 жылы 18 жасында 30 мың қолға қолбасшы болып, қазақ елінің берекесін алып, құтын қашырған казак-орыстарды талқандап, Еділден ары асырып тастады. 1710 Жылы Қарақұмда бүкіл қазақтың құрылтайы өткені белгілі. Қүрылтайға қатысушылардың бір тобы тағдыр талқысына көніп, жоңғар қалмақтарына бағынуды жөн көрді. Басқалары үй-күйін тастап, — деп жазады Я.Гвардовский, — Едіддін сыртына көшіп барып жан сақтағысы келді, ал енді біреулері қоян сияқты жан-жаққа бытырап кетпекші болды, талайы толқып жүрді, бірак, сол кезде ерлігімен әйгілі болған рубасы батыр Бөгенбай мұндай әрекеттердің бәріне тыйым салды. ХҮШ ғасырдың 20-жылдарының басында (1723 ж.) жоңрарлардың бір тобы Тарбағатай, Сауыр жоталарын асып, екінші бір қолы Түрпаннан шығып, Жоңғар қақпасынан өтіп, Итішпес — Алакөл наңына тоғысты. Қасарысқан жаумен жаралы арыстандай Қабанбай алыс-елімен бір араздасып, шекісіп қалған кезде хан Абылай даудың шешімін Бөгенбай батырға беріпті. ШАПЫРАШТЫ НАУРЫЗБАЙ БАТЫР (1706—1781) Құттымбетұлы - Наурызбай (1706—1781) Үлы жүз Шапырашты тайпасының Асыл руынан, қазіргі Алматы облысы, Жамбыл ауданындағы Жалпақтас, Серіктас деген жерлерде туған. Абылай ханның ту ұстаушы үш батырының бірі (Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай). Наурызбайдың өмірі жоңғарларға қарсы соғыспен өткен. Жоңғарлармен соғыста оның Қүдайберген, Шолпан, Дүйсен деген үш бауыры бірдей қаза болады. Наурызбайдың 1729 жылы қалмақ батырлары Шамал хан мен Қаскелеңді жекпе-жекте өлтірген ерлігі қазақ даласына кең тараған. Қашаннан да ханға хан, бас батырға бас батыр жекпе-жекке шығатын дәстүр. Қаскелең жорғалатып өзі майданға шықты. Ала атына мініп Наурызбай қарсы беттегенде қалмақ біткен шу ете түсті. Наурызбай салған көк сүңгі ә дегенше Қаскелеңнің жауырынынан шықты, Қаскелең жерге сылқ етіп, екі бүктеліп түсті. Бул шайқаста қазақтар жеңіске жетті. Балқаш көлінің маңында Шамал хан мен Наурызбай жекпе-жекке шықты. Наурызбай Шамал ханды шоқпарымен бір үрғанда-ақ қүлатты. Бұл шайқаста да қалмақ қашып, қазақтар жеңіске жетті.
3.-Досан Тәжіұлы мен Иса Тіленбайұлы бастаған 1870жылдың 22наурызында бұрқ ете түскен Маңғыстау қазақтары- ның патшалық Ресей отарлаушыларына қарсы көтерілісі—тарихи маңызы зор оқиғалардың бірі.Бұл көтерілістің қазақ жеріндегі ХІХғасырдағы патша отарлаушыларына қарсы көтерілістер ішіндегі ең бір елеулісі болғандығы сөзсіз.Солай бола тұрса да, бұл көтеріліс кешегі өткен әміршілдік заманда өзінің лайықты бағасын ала алмады.Өйткені,оған «патша отрашыларына қарсы күрес емес,жалпы орыс халқына қарсы күрес» деген ұлтшылдық сипат берілді. 1870 жылы Маңғыстау өңірінде патша өкіметінің отаршылдық саясатына қарсы бағытталды.Көтеріліс патша өкіметі 1868 жылы қабылданған «Уақытша ережеге» сай туындады.Ресей империясы адай руларын ХІХғасырдың 30шы жылдарынан бағындыра бастады.1866-1867жылдары адай руларынан Жоғары адай және Төменгі адай дистанциялары құрылды.Екі билеуші Орал облысындағы басқармаға шақырылып,жаңа ережелермен танысты.Жаңа реформа бойынша салықтың мөлшері 1 сом 30 тиыннан 3 сом 50 тиынға дейін өсті және билеушілерден үй санын дәл есепке алуды,жерді мемлекеттік меншік деп тануды,болыстар мен ауылдарға бөлінуді талап етті.Ел арасында толқу басталды.Халық бұқарасын Досан Тәжіұлы,Алғи Жалмағамбетов,Ержан және Ерменбет Құловтар басқарды.Оған қоса Маңғыстау приставы полковник Рукин би-шонжарлардың көмегімен салықты екі жылға 1869-1870 бір-ақ жинамақшы болды.Рукин 1870жылы 15наурызда төрт зеңбірегі бар 35 казак,тілмаш, 60-тай билер мен старшындар құрамымен адай руларынан салық жинауға аттанды. Рукиннің қарулы жасақпен келуі көтерілістің басталуына түрткі болды. Көтерілісшілер Рукин отрядымен 22наурызда кездесті.Көтерілісшілерге «Ұсақ» құдығы маңында Бозашы тобы қосылды.Рукин отряды біржола талқандалып,Рукин көтерілісшілердің қолына түспес үшін өзін-өзі атып өлтірді. Көтеріліс бүкіл түбекті қамтып,көтерілісшілер саны он мыңға жетті.870жылы 5сәуірде көтерілісшілер Александровск форты мен Николаевск станциясына шабуыл жасады.Шабуылшылар теңіз бағдарларын өртеді, саудагерлердің үйлерін,дүние-мүлкін,Нижнее бекінісін талқандады. Алайда,зеңбіректен жауған оқ көтеріліс -шілерді шегінуге мәжбүр етті. Көтерілісті басып-жаншу Кавказ уәкіл әкіміне жүктелді.Мамыр айында соңында Кавказдан әкелінген қарулы жасақтарға көтерілісшілер қатты қарсылық көрсеткенімен жеңіліс тапты.Көтерілісшілер үстірттен солтүстікке қарай ығысып,көше бастады.Патша әскерлері Маңғыстауда үш ай болып, көтерілісшілерді қатты жазалап,қудалай бастады.Көтеріліс басшылары И.Тәжіұлы,И.Тіленбаев,Е.Құлов патша жендеттерінің қудалауынан қатты қауіптеніп,1870жылы желтоқсанда өз жасақтарымен бірге Хиуа хандығына өтіп кетті.Сөйтіп, халықты «Уақытша ережеге» күшпен көндірді.
Қаңлылардың шаруашылығы мен тұрмысы
