Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
билеттері каз тарих.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
293.16 Кб
Скачать

1.Ежелгі замандарда діни қөзқарыстарының дамуы

Адамдар өз білімдерін суретті хат – пиктография арқылы хабарлаған. Әрбір ұғымның өзіндік шартты таңбасы болған. Шұбар атты салу арқылы малдың індет ауруынан қырылғанын білдірген.

Қараүңгір мекенінен дөңгелек түптері қызыл бояумен боялған қыш ыдыстар табылды. Ыдыстарға шұңқыр мен штрихтар түріндегі өрнектер салынған. Қарағанды облысынан табылған қыш ыдыс толқын тәрізді және геометриялық өрнектермен әшекейленген.

Тотемизм – адамдардың шығу тегін жануарлар, өсімдіктер немесе табиғат құбылыстарымен байланыстырды. Ежелгі адамдар өздерін белгілі бір жануардан таралдық деп есептеген. Сол жануарларды ата тегіміз деп сиынған.

Адамдар табиғаттың дүлей құбылыстарынан сақтану үшін әр түрлі тылсым әрекеттер жасаған. Магиялық әрекеттер – құлшылық етіп сиыну, құрбандық шалу, қорғайды деген түсінікпен тұмар тағу.

Сонымен бірге, адамдардың наным-сенімі кәсіптің түріне тәуелді болған. Егіншілер егіннің, малшылар табынның өз құдайлары болады деп есептеген.

Діни түсініктердің пайда болуын неандертальдықтардың жерлеу ғұрпынан байқауға болады. Олар өлімді мәңгі ұйқыға кету деп түсінгендіктен, адамды бір қырынан жатқызып, бір қолын басының астына салып жерлеген. Адамның маңайына киіктің мүйізін айналдыра қойған.

Өте ерте заманда өлген адамның үстіне қызыл минерал бояу сепкен. Қызыл түс – қанның түсі. Ертедегі адамдар қан жанмен байланысты екенін білген.

Палеолиттік суретшілер сурет салуда ағаш көмірін пайдаланған. Суреттер үңгірдің қабырғасында бейнеленген. Шашын таңғаларлықтай сәндеген, белін буған әйелдерді жиі бейнелеген. Әр түрлі бояумен шауып келе жатқан аттарды, аңшылықтың түрлі көріністерін салған.

Ертедегі мүсіншілер сүйек пен мүйізден жүгіріп жүрген еліктердің және адамдардың бейнесін ойып жасаған. Cүйек пен мүйізден жасалған әйелдердің мүсіндері көп табылған. Еңбек құралдарын ойып әшекейлеу жиі кездеседі.

2.Шоқан,Ыбырай,Абай

Ыбырай Алтынсарыұлы (1841-1889) – ағартушы, жаңашыл педагог, ғалым-этнограф, қоғам қайраткері. 1844 жылы əкесі қайтыс болып, атасы Балқожа биден тəрбие алған. 1857 жылы Орынбор шекаралық комиссиясы жанындағы мектепті алтын медальмен бітірді. Мектепте орыс, араб, татар, парсы тілдерін меңгеріп, үздік оқыды. Орынбор шекаралық комиссиясының төрағасы, шығыстану ғылымының көрнекті өкілі В.В.Григорьевпен жақын танысып, оның бай кітапханасын пайдаланды. Ыбырай мектепті бітіргесін атасы Балқожа бидің хатшысы ретінде тілмаштық қызмет атқарды. 1864 жылы Орынбор бекінісінде ашылған қазақ балаларына арналған мектепте оқытушы болды. Жаңа мектеп ашуға қаржы жинауда, мұғалімдермен қамтамасыз ету барысында Ыбырайдың педагогтік көзқарастары қалыптасты. 1879 жылы Торғай облысындағы мектептердің инспекторлығына қызметке тағайындалды. Бұл қызметінде ол облыстық губернаторға тікелей тәуелді болды, ағартушылық қызметіне шек қойылды. Ыбырайдың жарқын істерінің бірі - қолөнер, ауылшаруашылық мектептерін ұйымдастыруы. Ол өсиетінде өзіне қарасты жерді Торғайдағы ауыл шаруашылық мектептің қарамағына қалдырған.

Ыбырай – қазақ өлкесінде қыздарға білім берудің негізін салушы.

1887 жылы Ырғызда қыздарға арналған мектеп-интернат ашты. Ұстаздар дайындайтын арнайы оқу орындарын ұйымдастырды. Алғашында Троицкіде негізі салынған, кейін Орынборға көшірілген мұғалімдер даярлайтын мектеп алдыңғы қатарлы оқу орындарының бірі болды. Ыбырайдың ауылдық, облыстық мектептерді жиілетіп ұйымдастыруы, мұғалімдерді қалауы бойынша сараптап таңдап алуы облыстық шенеуніктердің наразылығын туғызды. Орыс-қазақ мектептеріне арнап оқу құралдарын жазды: “Қырғыз хрестоматиясы” (1879 ж), “Қырғыздарды орыс тіліне үйретуге негізгі басшылық”. Орыс алфавитінде құрастырылған бұл оқу құралы мектептерде пайдаланылды. Миссионерлік қозғалыстың рухтандырушысы Н.И.Ильминскиймен тығыз байланыста болуы Алтынсарыұлының педагогикалық көзқарасына əсер етті. Ыбырай Алтынсарыұлы – ғалым-этнограф. Әсіресе оның көңіл аударған саласы – қазақ халқының әдет-ғұрпы. Ағартушы шығармаларында рулық- патриархаттық тұрмыстағы жағымсыз қылықтарды, əдепсіздікті сынады. Қазақ халқының ауыз әдебиетінің үлгілерін жинап, жариялап отырды. Қазақ халқының тарихы жөнінде де мәліметтер жинаған. Отырықшылдықты, жер шаруашылығын дамытудың жаршысы болды. “Қыпшақ Сейітқұл” әңгімесінде Торғай өзені бойындағы егіншілікпен айналысқан қазақтар өмірін уағыздады. “Талаптың пайдасы”, “Байлық неде” шығармаларында жаңа өмірді, шаруашылықтағы өзгерістерді суреттейді.

Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы (1845-1904) – қазақ халқының жазба əдебиетінің негізін салушы, ойшыл, ұлы ақын, сазгер. 1845 жылы Семей облысының Шыңғыстау өңірінде дүниеге келді. Абай Семейдегі Ахмет Ризаның медресесінде оқып жүргенде ақындық талабын көрсете бастады. Ел билеу ісіне баласын тартқысы келген аға сұлтан Құнанбай Абайдың оқуын аяқтатпады. Ру тартыстарынан көп нəрсені байқаған Абайдың əкесімен көзқарастары бір болмады. Абайдың маңайына топтасқандар ірі ру басылары, белді ақсүйектер емес, қарапайым топтан шыққан қазақ жастары еді. Семейде айдауда болған азаттық қозғалыс өкілдері Е.П.Михаэлис, А.В.Леонтьев, С.С.Гросс, Н.И.Долгополов оның ақындық шығармашылығының демократиялық бағытта қалыптасуына əсер етті. Абай орыс демократиялық мəдениетінің өкілдері А.С.Пушкинге, М.Ю.Лермонтовқа, М.Е.Салтыков-Щедринге, Л.Толстойдың шығармашылығына бас иді. Абай Пушкиннің “Евгений Онегинінен” өзі аударған бөлімдеріне əн шығарды.

Əкесінің əсерімен ақындығы толысқан ұлдары Ақылбай, Кəкітай, Мағауия орыс мəдениетіне көңіл қойып, поэзиялық туындылар жазды. Əбдірахман Петербургте Михайлов артиллерия училищесін бітірді. Патша әкімшілігі ақынның халық мүддесін қорғауына наразылық білдірді. Полицейлік қарауыл қойып, ақын шығармашылығына губернатор қысым жасады. Рулық-патриархаттық дәстүрге мойынсұнған топтар Абайға оның туыстарын қарсы қоюға әрекеттенді. Ұлы ойшылды күндеп, ақындық шабытын уландыруға тырысты. Білімді, талантты ұлы Əбдірахманның (1895), сүйікті баласы Мағауияның (1904) құрт ауруынан дүние салуы Абайды науқасқа шалдықтырды. 1904 жылы ұлы ақынның өзі қайтыс болды. Абай өз заманының ұлы кемеңгері еді. Оның шығармалары ұрпақтарға өшпес мұра болып қалды. Шоқан (Мұхаммед-Қанапия) 1835 жылы қарашада Құсмұрын бекінісінде туып, Сырымбетте өсті. 1847 жылы күзде 12 жасында Омбыдағы Сібір кадет корпусына оқуға түсті. 1853 жылы 18 жасында оқуды бітіріп, корнет деген офицерлік атақ алды. Шоқанның орыс ғалымы И.Н.Березинмен, ұстазы Н.Ф.Костылецкиймен байланыста болуы ғылымға деген бағытын дұрыс анықтауына себеп болды. Ол Пушкин мен Лермонтовтың, Батыс Еуропа жазушыларының шығармаларымен таныс болды. Ғалым П.П.Семенов-Тяньшанский, Г.Н.Потанин және ақын С.Ф.Дуров Шоқанның білімділігін жоғары бағалаған.

1855 жылы генерал Гасфорт сапарына қатысып, Жетісу, Тарбағатай, Орталық Қазақстан, Іле Алатауында болды. Шоқан сапарларында тарихи аңыз, өлеңдерді жинай жүрді. 1856 жылы Ыстықкөлдің көлемін топографиялық және картографиялық деректерде сипаттады. П.П.Семенов-Тяньшанскиймен 1856 жылы Құлжаға барды. Қытаймен сауда байланысын жақсартуға үлесін қосып, Қытай ұлықтарымен келіссөз жүргізді. Шоқан 1857 жылы Алатау қырғыздарына барып, қырғыздың “Манас” шығармасына көңіл аударды. 1858-1859 жылдары өзін əлемге əйгілі еткен Қашғар саяхатына барды. Шоқан Марко Поло мен Иезуит Гоестен кейін бұл елге тұңғыш барған шетелдік болып есептеледі. Орыс жазушысы Ф.М.Достоевскиймен алғаш 1854 жылы Омбыда танысып, Семейде, Петербургте қайта кездеседі. 1861 жылдан кейінгі кезеңдері бұрынғы бағытынан өзгере бастаған Ф.М.Достоевскийдің көзқарасына Шоқан сын көзбен қарай бастады.

1861 жылы Шоқан ауруға шалдығып, ауылына қайтады. Омбыда қазақтың сот реформасындағы мəселелерді шешуге ат салысты. “Даладағы мұсылмандық туралы”, “Көшпелі қырғыздар туралы”, “Сот реформасы туралы” еңбектерін жазды. 1864 жылы Шоқан генерал Черняевтің əскери экспедициясы құрамында Əулиеата бекінісін алуға қатысады. Алайда генералдың əділетіз істеріне наразы болып, 1864 жылдың маусымында Верныйға қайтады.

1865 жылы "Русский инвалид" газетінің 51 санында Қытайдағы дүнгендер көтерілісі туралы ақырғы еңбегі жарияланды.

1865 жылғы сəуірде Алтынемел жотасы етегіндегі Көшен тоғаны деген жерде сұлтан Тезектің ауылында қайтыс болды.

3.Қазақстанда хандық биліктің жойылуы

XIX ғасырдың жиырмасыншы жылдарына қарай патша үкіметі Қазақстандағы хан билігін жоятын уақыт келіп жетті деген қорытынды жасады. Бұған салмақты негіздер де, қажетті бірқатар алғышарттар да жеткілікті деп санады.

Билет№30