Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СРСП тема 3 электив ОМ каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.92 Mб
Скачать

С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

ТЕРАПИЯЛЫҚ СТОМАТОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

ОСӨЖ АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАМА

Кафедра - терапиялық стоматология .

Пән, пәннің коды – Ауыз қуысындағы иммунопатологиялық жағдайлардың көрінісі

Мамандық: 051301 «Жалпы медицина»

Оқытушының бақылауымен жүретін өзіндік жұмысқа арналған әдістемелік нұсқама

3 тақырып « Ауыздың кілегей қабығының вирустық және бактериялық зақымданулары»

Оқу сағатының көлемі – 3 академиялық сағат

Курс: 4

Семестр – 7-8

Алматы, 2015

Құрастырған: м.ғ.к., доц. Баскакова И.В.

Аударған асс. Байгутдинова Б.А.

Терапиялық стоматология кафедрасының отырысында талқыланды.

Хаттама № «___ » ________ 2015 ж.

Бекітілді:

Терапиялық стомтология кафедрасының меңгерушісі

м.ғ.д., профессор __________ Баяхметова А.А.

1. Тақырыбы: «Ауыздың кілегей қабығының вирустық және бактериялық зақымданулары»

2.Мақсаты: бойынша студенттердің өзін-өзі дамыту және өзін-өзі жетілдіру компетенциясын қалыптастыру

-қосымша әдебиеттермен, анықтамалармен, арнайы шығатын әдебиеттермен жұмыс істеу

- тапсырмаларға (сұрақтар, есептерге) жауапты өзі іздеу үшін заманауи компьютерлік технологияларды қолдануы,

-тәжірибелік тапсырмаларды орындау кезінде теориялық білімді қолдануды үйренуі

-жеке, өзіндік жұмысы кезінде алған теориялық немесе тәжірибелік нәтижелерін публика алдында талқылау,

-коммуникативті дағдыларын жетілдіру

-операциональді дағдыларын жетілдіру

3. Оқытудың міндеттері:

-тақырып бойынша білімін тереңдету және бекіту.

-әдебиеттермн және Internet көздерімен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру

-үйренушінің өзінің пікірін аргументті айтуын және пікірінде тұруын қалыптастыру.

-студенттің берілген оқу материалымен істеген өзіндік жұмысының тиімділігін және нәтижелігін тексеру.

4. Өткізу түрлері:

-тақырып бойынша консультация.

- қосымша әдебиеттермен, анықтамалармен, арнайы шығатын әдебиеттермен(конспектілеу, аннотациялау, рефераттау) жұмыс істеу.

- тапсырмаларға және сұрақтарға жауапты өзі іздеу дағдыларын қалыптастыру үшін заманауи компьютерлік технологияларды қолдану.

- альбомдарына, жұмысшы дәптерлеріне тапсырмаларды орындау .

- өзіндік жұмысы кезінде алған теориялық немесе тәжірибелік нәтижелерін публика алдында талқылау.

5. Тақырып бойынша тапсырма : 1) ОСӨЖ тақырыбы бойынша қосымша әдебиетті өздігінен оқу;

2) оқытушы ұсынған әдебиет көзінен конспект (аннотация) дайындау;

6. Берілетін , таратылатын материал

- мультимедиялық форматтағы презентация;

- тақырып бойынша оқу әдебиеті.

Ауыздың кілегей қабығының вирустық және бактериялық зақымданулары

Ауыздың ойылуы /стоматиттер/.

Стоматит (көне грекше: στόμα – ауыз) – ауыздың шырышты-кілегей қабығының қабынуы. Клиникалық ағымына қарай стоматиттың жедел және созылмалы түрлері бар. Егер қабыну тілде болса – глоссит, ал қызыл иекте болса – гингивит деп атайды. Аурудың пайда болу себептері:

  1. механика, физика және химия жарақаттану, улану (мысалы, темекіні көп тарту, мөлшерден тыс арақ-шарап қабылдау, өте ыстық не өте салқын, сондай-ақ, өте қышқыл не өте тұзды тағам ішу);

  2. түрлі жұқпалы ауруларға (қызылша, кандидоз, тұмау, т.б.) шалдығу;

  3. дәрі-дәрмек аллергиясы;

  4. дәрумен жетіспеушілік (гиповитаминоз);

  5. жүйке жүйелерінің, ішкі органдардың созылмалы аурулары, ағзада зат алмасу процесінің және ішкі секреция бездері қызметінің бұзылуы, т.б.

Сондай-ақ стоматит жыныстық жетілу кезінде немесе ақыл тіс кеш шыққанда дамиды. Стоматиттің қай түрінде де ауыздың шырышты қабығы қызарады, сілекей аға бастайды, жақасты лимфа түйіндерінің айналасындағы тіндер ісінеді. Дақ, бөртпе, бұдыр-төмпешіктер пайда болып, кейде олар іріңдеп, жараға айналуы мүмкін. Стоматитті емдеу тәсілдері аурудың негізгі себебіне қарсы бағытталады. Ауру белгісі пайда болысымен ауыз қуысын көмір тотығы, фурациллин, калий перманганаты (ашық қызғылт түсті) ерітінділерімен шаю керек. Физиотерапия жолымен, шырғанақ майымен де емделеді. ==Акрил стоматиті==. Акрилден ауыздың қабынуы. Протез базисінде акрилды пластмассаның монамері мөлшерден көп болған соң, шырышты қабыққа зиян тигізіп, ауыз қуысының қабынуына әкеп соғады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]