Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
методичка_по_рыночной_дипломной_работы_для_3_курса.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
47.53 Кб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

Алматы полиграфия колледжі

«НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА НЕГІЗДЕРІ»ПӘНІ БОЙЫНША

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ ЖАҢСАҚТЫҒЫН ОРЫНДАУҒА

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

Техникалық және кәсіби білім беру мамандығы –

«1227072 – Электронды теру мен беттеу операторы»

1227000 – Баспа өндірісі

1227022 – Түптеуші

Алматы қ. 2015 ж.

Циклдік комиссия мәжілісінде қаралды және мақұлданды

«_____» _______ 2015ж. № _____________хаттама

СиОПД бойынша циклдік/пәндік комиссия төрағасы

______________________ _____________ Калиниченко Е.Д

Мазмұны

1 Кіріспе ............................................................................................................ 5

2 Дипломдық жұмыстың мазмұны мен ресімдеуге қойылатын жалпы талаптар .................................................................................................................................7

2.1 Жұмыстың есептеу бөлімін жүзеге асыру бойынша әдістемелік ұсыныстар......................................................................................................... 8

3 Есептеу бөлімі. ................ ................... ...................... ......................... . 9

3.1 Өзіндік құнын есептеу ................................................................................... 9

3.2. Пайданы есептеу............................................................................ ...............12

3.3Өтелу мерзімін есептеу ........................................................................ ….13

3.4 Пайдалылығын есептеу ............................................................................. ....14

Ұсынылатын әдебиеттердің тізімі…………………………………………15

3

1 КІРІСПЕ

Әдістемелік нұсқау студенттер мен басшыларға «Нарықтық экономика негіздері»пәні бойынша дипломдық жұмыстарды жазу мен ресімдеу бойынша бірыңғай талаптарды сақтау туралы ақпарат беру мақсатында әзірленген. Әдістемелік нұсқау жұмыс бағдарламасына сәйкес құрылған.Дипломдық жұмысты орындау студенттен «Нарықтық экономика негіздері» курсы бойынша негізгі теориялық білімі мен тәжірибелік дағдыларын талап етеді,сондықтан да ол теориялық курсты зерделегеннен кейін,осы білімін қолдануды талап ететін өз бетінше жасайтын ғылыми жұмысы болып табылады.Дипломдық жұмыс келесі мақсаттарды көздейді:

1) пәнді зерделеу кезінде студенттің алған теориялық білімін бекіту мен тереңдету;

2) нарықтық экономика жағдайында кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттыруда қорларды тиімді пайдалану мен шаруашылық механизмінің әсерін нығайту бойынша олардың алдарына қойған тәжірибелік тапсырмаларды орындауы үшін, алған теориялық білімдерін қолдануға студенттерді оқытып үйрету;

3) жіберілген қателіктердің және тиімді шешілген мәселенің негізінде студенттерді осы курста негізделетін экономикалық пәндерді ойдағыдай зерделеуге әзірлеу.

Пәнді меңгеру мен курс жұмысын орындау нәтижесінде студенттің

білуі тиіс:

-берілген экономикалық тапсырмаларды,фирманың негізгі көрсеткіштерінің есептерін(табыстары,пайдалылығын,өтеу мерзімі,өзіндік құны) шешуге қажетті мәліметтерді жинау мен өңдеу әдістерін.

Білуі тиіс:

-берліген тапсырмаға сәйкес,экономикалық мәліметтерді өңдеу үшін,таңдап алынған аспаптық құралдарды қолдана білу;

-фирма қызметінің көрсеткіш есептерін орындай білу (табыстар,пайдалылығын,өтеу мерзімі,өзіндік құны);

Берілген тапсырмаға сәйкес, экономикалық мәліметтерге талдау жүргізу кезінде фирма қызметі дереккөздерінің тиімділігін арттыру мақсатында әртүрлі нұсқаларының талдауына сүйене отырып,басқарушылық шешімдерді өндіру мен ақпараттық шолу және/немесе талдамалы есептемелерді әзірлеу.

5

Меңгеруі тиіс:

-жоспарларды әзірлеуге қажет болатын қажетті мәліметтерді жинау мен өңдеу дағдыларын,фирма қызметінің көрсеткіштерін есептеу мен талдауға арналған қажетті мәліметтерді жинау әдісімен басқарушылық шешімдерді негіздеуді;

-фирма қызметінің берілген тапсырмаларына сәйкес,экономикалық мәліметтерді өңдеу әдісін;

-фирма қызметін бағалау әдісін;

-фирма қызметінің тиімділігін арттыру қорларын айқындау әдістерін.

Дипломдық жұмыс логикалық тізбекке біріктіре отырып,пәннің негізгі тақырыптарын қамтиды,ол жүргізілген есептеулерге сәйкес,кәсіпорын(ұйым) жұмысының негізгі көрсеткіштерінің өзара байланысын қадағалауға және ол бойынша техникалық-экономикалық негіздеу түрінде кәсіпорын қызметінің нәтижелерін анықтауға мүмкіндік береді.Әдістемелік құралдағы берілген кеңестер техникалық-экономикалық негіздеуге арналған қажетті есептеулерді дұрыс жүйелі жүргізуге және әдебиеттерді таңдау мен зерделеуге,жұмысты жазуға және ресімдеуге көмектеседі.

Дипломдық жұмыс күндізгі оқу бөлімінің әрбір студентіне оқытушымен берілген жеке тапсырмалардың негізінде орындалады.

6

2.Дипломдық жұмыстың мазмұны мен ресімделуіне қойылатын жалпы талаптар

Негізгі талаптар

Дипломдық жұмыс – бұл өз бетінше жасалатын шығармашылық жұмыс,оны орындау мақсаты студенттердің оқу,әдістемелік және ғылыми әдебиеттермен жұмыс жасауға тиімді дағдылануы,зерделеу курсы бойынша білімдерін бекіту,оларды нақты тәжірибе тапсырмаларын шешуге қолдану,сонымен қатар қарастырылатын мәселелер бойынша нақты тәжірибелік ұсыныстарды жасаудан құралады.

Жұмыстың мақсаты – «Арнайы технология», «Өндірістік тәжірибе», «Нарықтық экономика негіздері» пәндерінің негізгі мәселелері бойынша алған білімдерін бекіту мен сандық және сапалы талдау негізіндегі экономикалық есептеуді жүргізу кезінде техникалық әдебиеттермен, нормативтік материалдармен өз бетінше жұмыс жасауға дағдылануы қажет.

7

2.1 Жұмыс мазмұны бойынша әдістемелік ұсыныстар

Теориялық бөлім үш тармақтан тұрады:

1) келесі мәселелерді ашу қажет болатын кәсіпорынның сипаттамасы:

-кәсіпорынға түсінік беру;

- осы кәсіпорынға, оның қай түріне тән екендігін көрсетумен,шаруашылық қызметтің түрлері;

- ұғымын ашып көрсету: өзіндік құн, табыс, пайдалылығы, инвестиция,өтеу мерзімі.

Теориялық бөлімін студенттің жеке тапсырмасының мәліметтерімен үйлестіру қажет.

3.3 Жұмыстың есептеу бөлімін жүзеге асыру бойынша ұсыныстар

Осы бөлім келесі ретте орындалады:

1)өзіндік құнын есептеу;

2) табысты есептеу;

3) пайдалылығын есептеу;

4)өтелу мерзімін есептеу

8

3. ЕСЕПТЕУ БӨЛІМІ

3.1 Өзіндік құнын есептеу

Өзіндік құн – бұл өндіріске және тауарларды жүзеге асыруға бағытталған кәсіпорынның ақшалай нысанында көрсетілген ағымдағы шығыстары. Өзіндік құн – фирманың өндірістік-шаруашылық қызметін қамтып көрсететін экономикалық санаты және де өнімді дайындауға және жүзеге асыруға қанша қаржы құралының жұмсалатындығын көрсетеді.Өзіндік құнына кәсіпорынның табысы тікелей байланысты,ол қаншалықты төмен болса-пайдалылығы соншалықты жоғары болады.

Өзіндік құнның тұрпаты мен түрлері.

Өзіндік құн:

толық (орта) – барлық шығыстардың жиынтығын түсіндіреді,сонымен қатар өнімді дайындау мен жабдықтарды сатып алуға жұмсалған коммерциялық шығындар есепке алынады. Бизнесті құруға жұмсалған шығындарды өтелуі тиіс кезеңдерге бөлу қабылданған.Бірте-бірте,теңдей үлесте олар жалпы өндірістік шығындарға қосылады. Осылайша өнім бірлігінің орташа өзіндік құны қалыптасады.Шекті – шығарылатын тауардың санына тікелей байланысты болады және өнімнің әрбір қосымша бірлігін көрсетеді. Өндірістің одан әрі ұлғаюының қаншалықты тиімді болатындығын көрсетеді.Өзіндік құнының түрі меншік иесінің қандай бизнес саласын бақылауда ұстауды қалайтындығына байланысты: Цехтық – жаңа өнімді дайындауға бағытталған фирманың барлық құрылымының шығын сомаларын қамтиды.Өндірістік– цехтық өзіндік құны,сонымен қатар мақсатты және жалпы шығындар есепке алынады. Толық – тек өндірістік шығындар ғана емес,сонымен бірге өнімді жүзеге асыру үшін, кәсіпорынның ұшыраған шығындары да жинақталады. Жалпы шаруашылық (жанама) – бизнесті басқаруға жұмсалатын және өндірістік үдерістерге тікелей қатысы жоқ шығындарды қамтиды.

Өзіндік құн құрылымы қандай? Өзіндік құн мынадай тармақтардан тұрады: өндіріске қажетті шикізат. Кейбір кәсіпорындар энерго тасымалдаушыларды есептеуді(отынның әртүрлі күйін)талап етеді.

Кәсіпорынның қызмет жасауына қажетті жабдықтар мен техникаларға жұмсалатын шығындар. Жұмыскердің еңбек ақылары,сонымен қатар барлық төлемдер мен салықтарды төлеу.

Жалпы өндірістік шығындар (кеңсені жалға алу,жарнама және т.б.). әлеуметтік шараларды өткізуге жұмсалатын шығындар.

Негізгі құралдарды амортизациялауға байланысты жұмсалатын шығындар.Әкімгшілік шығындар. Ұйымдардан тыс қызметтерге төлеу.

Яғни, басқаша айтқанда бұл барлық шығындарды жинау мен шығарылған өнімдердің санына бөлу.

Өзіндік құнның формуласы:

С=З/Х, С –өнім бірлігінің өзіндік құны, З-шикізат пен материалдардың жиынтық шығындары;

9

Технологиялық мақсаттағы отын мен энергия;

Өндірістік жұмыскерлердің еңбекақыларын төлеу;

Өндірістік жұмыскерлердің жалақыларына есептелген төлемдер;

Жалпы өндірістік шығындар;

Жалпы шаруашылық шығындар;

Басқадай өндірістік шығындар;

(коммерциялық шығындар)

Х – есептік кезеңдегі өндірістік өнімдердің саны.

Барлық шығындар шығарылған өнімдердің санына бөлінеді.

1 мысал. Өндіріс көлемі мен өзіндік құн: Байланыс бар ма?:Өнімнің өзіндік құны тікелей өндірілген тауардың санына байланысты.Айталық,сізге 50 теңге тұратын шәйдің қорабын сатып алу қажет делік. Дүкенге баруға жарты сағат кетеді.Сіздің жұмсалатын шығыныңызды құрайтын:Сіздің уақытыңыздың бір сағатын 60 теңгеге бағалайық;Жолға кететін шығыныңыз 15 теңгені құрайды.Өзіндік құнның формуласы мынадай түрде болады:Өзіндік құн = ( тауар бағасы + шығындар) / (сатып алынған тауарлардың саны) = (60 + 50 + 15) / 1 = 125 теңге.Егер де Сіз 4 шәй қорабын сатып алуға шешім қабылдасаңыз,бұл жағдайда тауардың өзіндік құны (4*50 + 60 + 15) / 4 = 68,75 теңгені құрайды. Өнімді қаншалықты көп сатып алатын болсаңыз,өзіндік құны соншалықты төмен болады,ол өз кезегінде өнімнің сату құныны төмендетеді.Осылайша,шығарылатын өнімнің үлкен көлемінің есебінен едәуір ірі фирмалар қандай да бір күшті кәсіпорындардың бәсекелесуінен қорқа қоймауы мүмкін.

2 мысал. 1000 өнімге шаққандағы калькуляция баптары бойынша өзіндік құнның құрылымы келесі түрде болады:

  1. Шикізат пен негізгі материалдар — 3000 теңге.

  2. Технологиялық мақсаттағы отын мен электр энергиясы — 1500 теңге.

  3. Негізгі өндірістік жұмыскерлердің еңбек ақылары — 2000 теңге.

  4. Еңбек ақыларына төленетін төлем —негізгі өндірістік жұмыскердің еңбек ақыларына 40%

  5. Жалпы өндірістік шығындар —негізгі өндірістік жұмыскерлердің еңбек ақыларына 10%

  6. Жалпы шаруашылық шығындар —негізгі өндірістік жұмыскерлердің еңбек ақыларына 20%

  7. Тасымалдау мен буып-түюге жұмсалатын шығындар —өндірістік өзіндік құнына5%

Бір өнімге дайындаушының баға деңгейін және егер де дайындаушы үшін, қолайлы пайдалылығын 15% құрайтын болса, бір өнімді жүзеге асырудан түсетін пайданың мөлшерін айқындауы қажет.

10

Есептеу

1. 1000 өнімдері,негізгі өндірістік жұмыскерлердің еңбек ақыларының пайыз ретінде берілген жанама шығындарын абсолюттік өрнекте есептейміз:

  • Еңбек ақыларына есептелген төлем = 2000 тг. *40% : 100% = 800 теңге.;

  • Жалпы өндірістік шығындар = 2000 тг. *10% : 100% = теңге.;

  • Жалпы шаруашылық шығындар = 2000 тг. *20% : 100% = 400 теңге.

2. 1-6 баптары шығындарының сомасы ретінде өндірістік өзіндік құнын белгілейміз.

  • 1000 өнімнің өндірістік өзіндік құны = 3000 + 1500 + 2000 + 800 + 200 + 400 = 7900 (тг.).

3. Тасымалдау мен буып-түю шығындары = 7900 тг. · 5% : 100% = 395 тг.

4. 1000 өнімнің толық өзіндік құны = 7900 тг. + 395 тг. = 8295 тг.;бір өнімнің толық өзіндік құны = 8,3 тг.

5. Бір өнімді дайындау бағасы = 8,3 тг. + 8,3 тг. · 15% : 100% = 9,5 тг.

6. Сонымен бірге бір өнімді жүзеге асырудан түсетін пайда = 8,3 тг. · 15% : 100% = 1,2 тг.

Дайындау бағасы  — дайындаудың өзіндік құны мен пайдасын қосатын бағасы.

11