Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ImmunologiaSessia.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
552.68 Кб
Скачать

9.Детерминант, эпитоп, агретоп бөліктердің маңыздылықты дәлелдеңіздер. Детерминанттарды антигентанушы рецепторлармен анықтау процесті схема арқылы келтіріңіздер.

Детерминант (лат. determinar - анықтау, айқындау) — сөйлем мүшелерімен байланысы жок, бірак бүкіл сөйлем құрамына қатысы бар сөйлем мүшесі. Детерминант қашанда сөйлемнің семантикадық құрылымын жасауға қатысады және сөйлемнің барлық түрлерінде кездеседі. "Детерминант" терминін орыс тіл біліміне енгізген Н. Ю. Шведова\

Жасырын детерминант — антигендік арнайы детерминант антиденелермен және иммунокомнетенттік торшалармен жай жағдайларда байланысқа түспейді.Детерминанттық топ(Антигендікдетерминант, тәндік детерминант,эпитоп ) — антигенге тән ең кіші молекула. Антиденелердің және иммунокомпетенттік торшалардың рецепторлық аймақтарын таниды және ангиген-антидеде реакциясының тәнділігін көрсетед

10.Симбиотикалық клеткаларды антигенпрезентациялаушы клеткаларға жатқызуға бола ма? Антигенпрезентациялаушы жасушалар, түрлері мен қызметтері.

Жасуша - тірі организмдердің (вирустардан басқа) құрылымының ең қарапайым бөлігі, құрылысы мен тіршілігінің негізі; жеке тіршілік ете алатын қарапайым тірі жүйе. Жасуша өз алдына жеке организм ретінде (бактерияда, қарапайымдарда, кейбірбалдырлар мен саңырауқұлақтарда) немесе көп жасушалы жануарлар, өсімдіктер және саңырауқұлақтардың тіндері мен ұлпаларының құрамында кездеседі. Тек вирустардың тіршілігі жасушасыз формада өтеді.

«Жасуша» терминін ғылымға 1665 жылы ағылшын жаратылыстанушысы Р.Гук (1635 – 1703) енгізген. Тіршілікті Жасуша тұрғысынан зерттеу – қазіргі заманғы биологиялық зерттеулердің негізі.

Жасушаның диаметрі 0,1 – 0,25 мкм-ден (кейбір бактерияларда) 155 мм-ге (түйеқұстың жұмыртқасы) дейін жетеді. Көпшілік эукариотты организмдер Жасушасының диаметрі 10 – 100 мкм шамасында. Жаңа туған жас сәбилерде – 2×1012 Жасуша, ал ересек адамның организмінде – 1014 Жасуша болса, организмнің кейбір тіндерінде Жасуша саны өмір бойына тұрақты болады. Жасушаның тірі заты – протоплазма. Ол биол. мембраналармен (жарғақтармен) шектелген биополимерлердің тәртіптелген құрылымдық жүйелері – цитоплазма және ядродан тұрады.

Жасуша ядросының құрамындағы әмбебап органоидты хромосома, ал цитоплазма құрамындағыларды –

  • рибосома,

  • митохондрия,

  • эндоплазмалық тор,

  • Гольджи кешені,

  • лизосома,

  • клеткалық мембрана деп атайды.

Рибосома Жасушадағы ақуыздың түзілуін қамтамасыз етеді, ақуыз синтезі орт. деп қаралады. Оның диаметрі 20 – 25 нм. Рибосома цитоплазмада бос күйінде де, жалғасқан түрде де, сондай-ақ барлық тірі организмдердің Жасушасында кездеседі.

Цитоплазма – ядроны қоршап жатқан Жасуша бөлігі. Оның құрамындағы химиялық макро және микроэлементтерден күрделі органикалық қосылыстар (ақуыздар, көмірсулар, липидтер,нуклеин қышқылдары, гормондар, ферменттер, витаминдер, тағы басқа) және минералдық заттар түзіледі. Митохондрия – Жасушаның тыныс алу процесін қамтамасыз ететін органоид.

Митохондрияның ұзындығы 10 мкм-дей, диаметрі 0,2 – 1 мкм, саны 1-ден 100 мыңға дейін болады. Жасушадағы негізгі энергия тасушы зат – аденозин үш фосфор қышқылы. Бактерия, көк-жасыл балдырлар, т.б. тыныс алу процесін Жасуша мембранасы атқаратын организмдерде митохондрия болмайды.

Ядро – организмдегі ақуыздық алмасуды реттеу арқылы тұқым қуалаушылық қасиеттерді ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін жасушаның негізгі бөлігі.

Эндоплазмалық тор – цитоплазмадағы көпіршіктердің, жалпақ қапшықтардың және түтікше құрылымдардың торлы жүйесі. Бұл әртүрлі иондарды, қоректік заттарды тасымалдайды, липидтермен көмірсулардың (полисахаридтер) алмасуына және улы заттарды залалсыздандыруға қатысады.

Гольджи кешені – бір-бірімен қабаттаса тығыз орналасқан жалпақ жарғақты 5 – 10 «цистернадан» және олардың шетіндегі ұсақ көпіршіктерден құралған органоид. Мұнда өндірілген өнімдер жинақталып, пісіп жетіліп, сыртқа шығарылады, Жасуша лизосомаларының түзілуіне қатысады.

Лизосома – қабырғасы мембранамен шектелген, қуысында ас қорыту ферменттері (протеиназа, нуклеаза, глюкозида, фосфатаза, липаза, тағы басқа) бар ұсақ көпіршіктер. Көпіршіктердің диаметрі 0,2 – 0,8 мкм. Лизосома ферменттерінің (20-дан астам) көмегімен Жасуша ішіндегі ас қорытуға және Жасуша құрамындағы жарамсыз құрылымдарды ыдыратуға қатысады.

Жасушалық мембрана – Жасуша цитоплазмасын сыртқы ортадан немесе Жасуша қабықшасынан (өсімдіктерде) бөліп тұратын Жасуша органоиды. Оның қалыңдығы 7 – 10 нм. Негізінен Жасуша мен оны қоршаған сыртқы орта арасындағы метаболизмге (зат алмасуға) қатысады, сондай-ақ, Жасушаның қозғалуы мен бір-біріне жалғануында үлкен рөл атқарады. Жасушаның жалпы құрылысы жануарларға да, өсімдіктерге де тән. Бірақ өсімдік Жасушасының құрылымы мен метаболизмінде жануарлар Жасушасына қарағанда біраз айырмашылық бар. Өсімдіктер Жасушасының біріншілік плазмолеммасы күрделі полисахарид негізінде (матрикс) орналасқан целлюлозды микрожіпшелерден құралған. Микрожіпшелер өсімдік Жасушасы қабырғасының тіректік қаңқасын түзеді. Көп өсімдіктер беріктік қасиет беретін – екіншілік Жасуша қабықшасын (целлюлозадан) түзеді. Өсімдік Жасушаның целлюлоза талшықтары күрделі полимерлі зат – лигнинді сіңіріп, қатаяды да Жасуша қабықшасы беріктенеді. Өсімдік Жасушасының цитоплазмасында арнайы органоид-пластидтер – хлоропласт, хромопласт, лейкопласт бар.[1]

Қан өндірілуі (гемопоэз) – күрделі және көп кезеңді ажырау заңдылығының нәтижесінде жасушалардың жетілген элементтерінің қанға шығу үрдісі. Эмбрион дамуының екінші аптасының соңында ортаңғы ұрық жапырағынан (мезенхимадан) гемопоэз тіндері түзіледі. Ол негізінен қан өндірілудің бағаналық жасушасынан (ҚБЖ) тұрады. Екінші айдан бастап қан өндіру үрдісі бауырда басым жүреді және ол 6 айға дейін негізгі қан өндіріуші мүше болып саналады (эмбриондық гемопоэздің бауырлық кезеңі). 5- айдан 7- айға дейін қан өндіруге көкбауыр белсенді қатысады. Осы кезеңде бауырда негізінен эритропоэз басым болса, көкбауырда эритропоэзге гранулоцитопоэз, мегакариоцитопоэз, төмен дәрежеде лимфопоэз қосылып түзіле бастайды. Антенаталды және постнаталды кезеңдерде лимфалық мүшелердің пайда болуында айырша безінің қызметі зор. Лимфопоэз 6-7 айдан кейін күшейіп, кейін сәби өмірінің бірінші жылына дейін созылады. Эмбрион дамуының 3- айында сүйек миының түзілуі басталады және ол тек 5- айдан бастап қан өндірілуіне қатысып, гемопоэздің негізгі мүшесі болады (сүйек миы кезеңі). Сүйек миы – қаңқа сүйек тіндері арасындағы кемікте бос жердің барлығын алып жататын жұмсақ масса. Оны «қызыл (қызметтегі) және сары (майлы) сүйек миы» деп ажыратады. Қызметтегі және майлы сүйек миының ара қатынасы жасқа, экзо-, эндогенді және басқа факторларға тәуелді. Сәбилерде жалпақ пен ұзын сүйектердің барлығында белсенді қызыл сүйек миы болса, 4 жастан бастап ол біртіндеп май жасушасымен алмасады. 25 жаста түтікше сүйектердің диафизі толық майлы сүйек миымен алмасса, жалпақ сүйектерде тек 50 % ғана өзгереді. Қарттардың жасы ұзарған сайын май жасушаларының саны арта түседі. Алғашқы рет 1908 жылы А.А. Максимов «қан өндірілуінде бағаналық жасушалар (БЖ) зор қызмет атқарады» деген ой қалдырған болатын. Кейін БЖ қан өндірілу шежіресінде негізгі құрылым бөлігі болып саналды. Бір ғасырға жуық уақыт аралығында қан өндірілу жүйесінің ажырау кезеңдері, көптеген ізашар-жасушалардың саны мен қасиеттері ашылды. Бірінші рет қан өндірілудің бағаналық жасушалар шежіресін 1973 жылы И.Л. Чертков, А.И. Воробьев екеуі жариялады (1- сызба). Бұл шежіре жылдар өткен сайын ашылған жаңалықтарға сәйкес толықтырылып, өзгертіліп отырылды. И.Л. Чертков, Н.И. Дризе, А.И. Воробьев 2005 жылы қан өндірілу шежіресін тотипотентті ізашар бөлімінің жалғыз өкілі – эмбрионалды бағаналық жасушадан (ЭБЖ) бастады. Осы жасуша ағзаның барлық тіндерінің жасушаларын өндіруге қабілетті екен. Қалыпты даму барысында ЭБЖ болмайды. Оны бластоцистаның ішкі массасынан (100-120 жасушалардан) бөліп алады. Эмбриогенезде ЭБЖ ажыраудың келесі кезеңіне тез өтіп кетеді, яғни ол ағзадан тыс (тышқандардың эмбрионды фибробласт қабаттарында не лейкоз-тежегіш фактордың қатысуымен өсіру) шарттарда түзіледі. Бұл жағдайда бластоциста жасушасының ажырауы бөгеледі, олар ажыраусыз, қатерсіз (малигнизациясыз), кариотиптерін өзгертпей шексіз көбеюге (пролиферацияға) қабілетті болады. Егер бөгет алынып тасталса, онда ЭБЖ ретсіз ажырай бастайды. Соңғы жылдары ЭБЖ-нің қажет ажырауының индукциясы, соның ішінде, әсіресе қан өндірілу бағыты бойынша ғылыми жұмыстар қарқынды дамуда, ол қазіргі замандағы жасушалық терапия және емдік клондаудағы құрылыс бөгеттерін жасау барысында маңыздылардың бірі – ЭБЖ екенін көрсетеді. Өкінішке орай ЭБЖ-ні клиникада қолдануға әлі ерте, оған қарамастан кейбір ғалымдар оны қан өндірілу шежіресінің шыңына орналастырған, әрине қан өндірілу бағаналық жасуша бөлімінде басталатыны бәріне белгілі. ҚБЖ-ның сипаттамасы күрделі, ол тек сирек кездесуімен емес, сонымен қатар өте гетерогендігімен түсіндіріледі. Жасушалардың сепарация әдістері жақсаруына байланысты тәжірибеде тек қана ҚБЖ-дан тұратын фракцияны бөліп алуға мүмкіндік бар. Осы жасушалардың биологиялық мүмкіндіктері бірдей болуына қарамастан, олардың қасиеттері (жасуша беткейінің рецепторлары, цитокиндерге сезімталдығы, жасушалық айналымының күйі және т.б.) әртүрлі болады. БЖ бөлімінің алғашқы өкілінен бастап жасушалар жетілудің ажырау күйінде болып, қан өндірілудің иерархиясы бойынша үздіксіз төмен жетілген бөлімге ығыса береді. Тіпті ҚБЖ-ның бөлім іші арасында да ешқандай біркелкі жасушалар жиынтығы болмайды. Яғни нақты шекараға бөлінген бөлімдер жоқ, жасушалар үнемі даму барысында, бүкіл жүйені өтпелі жасушалар популяциясы құрайды, орын алмастыра отырып, олар соңғы ажыраған жасушалар қатарына дейін жетіледі. Бағаналық мультипотентті жасушалар бөліміне қан өндірілудің барлық бағыты бойынша мультипотентті ажырауға және жоғары көбею қабілеттіне ие ізашар жасушалар кіреді. Әзірше бұл бөлім 3 мүшеден тұрады. Олардың біріншісі және ең ертесі – про-ҚБЖ. Осы жасуша шамамен тотипотентті эмбрионалды жасуша мен ерте қан өндірілудің ізашары арасындағы аралық элементке жақын. Бір жағынан ол эмбриогенезден сақталып қалған қалдық ретінде саналады. Про-ҚБЖ терең тыныштық күйде болып, цитокиндерге жауап ретінде егу ортасында көбеймейді, көкбауырда in vivo немесе жартылай қатты егу орталарында in vitro колониялар өндірмейді, трансплантациядан соң тек 8 айдан кейін миелоидты, ал 10 айдан кейін лимфоидты жасушаларды өндіре бастайды. Демек, қалыпты қан өндірілуіне про-ҚБЖ-ның қатысуы туралы сұрақ соңына дейін шешілмеген. ҚБЖ-ның ажырауы туралы барлық мәліметтер тышқандарға тәжірибе жасау барысында алынған. Орталық гематологиялық клиникаларда сүйек миының қан өндірілу жасушаларының аллогенді трансплантациясы кезінде алынған нәтижелер, тышқандардан алынған заңдылықтарға сәйкес келеді екен. Қан жүйесінің ісіктік массасы – қатерсізі де, қатерлісі де белгілі бір жасқа айтарлықтай қатаң тәуелділікке байланысты дамиды. Мысалы, жедел монобласты лейкоздың туа болған түрі екі жасқа дейін жиі кездессе, басқа жастағы адамдарда ол ешқашан кездеспейді. Айығудың жоғары пайызымен жүретін балалардың жедел лимфобласты лейкозы 2-12 жас аралығында (сирек 15 жаста) кездессе, басқа жастағы адамда ол ерте немесе кеш болса да басқа емдік бағдарламаларды қажет етеді. Созылмалы лимфолейкоз жастар мен балаларда кездеспейді. Жедел плазмобласты лейкоз кез келген жаста табылса, көптеген миелома не балаларда, не жастарда анықталмайды. Демек, «ҚБЖ популяциясы біркелкі емес» деуге болады. Адамның өмірлік кезеңдеріне байланысты қан өндірілудің ауысуы («ҚБЖ клондарының ауысуы») жүреді. Осы ауысудың жас кезеңі бойынша өз заңдылықтары бар. Қан өндірілу жасушалардың ауысуына микроқоршамның – сторманың индукциялаушы қызметі әсер етуі мүмкін.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]