- •1.Иммунология облысында ашулардың маңыздылығын негіздеңіздер. Иммунологияның мақсаты мен мәселелері.
- •2.Туа пайда болған иммунитеттің маңыздылығын негіздеңіздер.
- •3.Жүре пайда болған иммунитеттің салыстырмалы сипаттамасын көрсетініз. Жүре пайда болған иммунитеттің ерекше түрлері мен қызметтері.
- •4.Клоналды-селекциялық теорияның маңыздылығын дәлелдеңіздер.
- •6.Тимустәуелді және тимустәуелсіз антигендердің арасында қандай айырмашылықтар бар? Әрекеттесетің клеткалардың түрлері мен мағынасы. Үлгісін келтіріңіздер.
- •7.Сәйкестікте ие мен реципиент антигендерді бөліңіздер.
- •8.Антиген түрлердің арасында айырмашылықтар бар ма? Үлгісін келтіріңіздер.
- •9.Детерминант, эпитоп, агретоп бөліктердің маңыздылықты дәлелдеңіздер. Детерминанттарды антигентанушы рецепторлармен анықтау процесті схема арқылы келтіріңіздер.
- •11.Иммуноглобулиндерді неге белоктардың айырықша тобы деп атайды. Иммуноглобулиндердің түзілу динамикасы. Схемасын келтіріңіздер.
- •12.Иммуноглобулиндердің қандай класы токсиндерге қарсы тұрады? Құрамы, құрылысы және қызметтері. Схемасын келтіріңіздер.
- •14.Схема арқылы антиденелердің құрылысындағы изотиптык, аллотиптык және идиотиптык деңгейінде айырмашылығын көрсетіңіздер. Антиденелердің құрылысы, құрамы және қызметтері.
- •15.Иммуноглобулиндердің қандай класы лимфада ең биік концентрациясымен кездеседі? Құрамы, құрылысы және қызметтері. Схемасын келтіріңіздер.
- •16.Инфекциялардың қандай түрлерге қабыну белоктар белсенді түрімен қарсы тұрады? Шығу тегі мен қызметтері.
- •7.1. Инфекциялық процесс және жұқпалы ауру
- •7.1.2. Инфекциялық процестің сатылары мен деңгейлері
- •7.1.3. Жұқпалы ауру туралы түсінік
- •7.2. Инфекциялық процесс қоздырғыштары – микробтардың қасиеттері
- •7.2.1. Патогенді, сапрофитті және шартты-патогенді микробтар туралы түсінік
- •17.Иммуноглобулиндердің қай класы құрттарға қарсы тұрады? Құрамы, құрылысы және қызметтері. Схемасын келтіріңіздер.
- •12. Иммунологиялық толеранттылық
- •Клиникалық көріністері[өңдеу]
- •Жиі кездесетін белгілері[өңдеу]
- •Эпидемиологиясы[өңдеу]
- •Этиологиясы мен патогенезі[өңдеу]
- •20.Бірінші реттік лимфоидты мүшелердің мағынасын дәлелдеңіздер.
- •Лимфоциттер[өңдеу]
- •Айырша без[өңдеу]
- •Тимоциттер.[өңдеу]
- •Көк бауыр[өңдеу]
- •21. Сүйек кемігі мағынасын дәлелдеңіздер.
- •Сүйектің құрылысы мен құрамы[өңдеу]
- •Қаңқа бұлшықеттері[өңдеу]
- •22.Екінші реттік лимфоидты мүшелердің арасында нағыз иммундық мүшелерді табуға бола ма?
- •Айырша без[өңдеу]
- •Тимоциттер.[өңдеу]
- •Мазмұны
- •Иммундық жүйенің жалпы сипаттамасы[өңдеу]
- •Иммундық жүйенің қызметі[өңдеу]
- •Иммундық жүйенің қасиеттері[өңдеу]
- •Жануарлардың бағдарлануы
- •Жануарлардың дауысы
- •Жануарлардың жүзуі
- •Жануарлардың қорғаныш бейімділігі
- •Жануарлардың қыстап шығуы
- •Жануарлардың ұшуы
- •Жануарлардың қоныс аударуы
- •Жануарлардың ұйқысы
- •Жануарлар анатомиясы
- •Жануарлар биохимиясы
- •25.Капсулаға салынбаған иммундық ұлпаның орналасуы, құрылысы және қызметтері. Мағынасы бар ма?
- •Иммундық жүйенің жалпы сипаттамасы[өңдеу]
- •Иммундық жүйенің қызметі[өңдеу]
- •Иммундық жүйенің қасиеттері[өңдеу]
- •Иммундық жүйе мүшелері[өңдеу]
- •Иммундық жүйенің жасушалары[өңдеу]
- •26.Лимфотүйіндердің ағзада орналасуы немен байлаулы? Құрылысы және қызметтері.
- •Гистологиялық жіктелуі[өңдеу]
- •Клиникасы[өңдеу]
- •Диагностикасы[өңдеу]
- •Айырша безі[өңдеу]
- •Иммундық жүйенің жалпы сипаттамасы[өңдеу]
- •Иммундық жүйенің қызметі[өңдеу]
- •Иммундық жүйенің қасиеттері[өңдеу]
- •28.Көк бауыр айырша безге ұқсас па? Орналасуы, құрылысы және қызметтері.
- •Айырша безі[өңдеу]
- •29.Жасушалардын сыртында өтетің иммунитетті қандай білесіз? Механизмі және қатысатың клеткалардың түрлері. Схемасын келтіріңіздер.
- •Қорғаушы заттар, антиденелер[өңдеу]
- •Жасанды және туа пайда болған иммунитет, иммунитеттеу[өңдеу]
- •Қорғаушы заттар, антиденелер[өңдеу]
- •Жасанды және туа пайда болған иммунитет, иммунитеттеу[өңдеу]
- •31.Екіжұмырткалық егіздірдің арасында трансплантацияны жасауға болама? Механизмді көрсетіңіздер.
- •Тарихы[өңдеу]
- •32.Науқаста қан тобы бірінші. Қандай қан топтары сәйкес келіп тұр?
- •Қанның қызметі[өңдеу]
- •Қанның ұюы[өңдеу]
- •Жалпылама[өңдеу]
- •33.Тимустәуелді антигендерді иммундық клеткалармен әрекеттесу механизмді көрсетіңіздер.
- •34.Науқаста қан тобы екінші. Қандай қан топтары сәйкес келіп тұр?
- •Қанның қызметі[өңдеу]
- •Қанның ұюы[өңдеу]
- •Жалпылама[өңдеу]
- •35.Клондық экспансияны сурет арқылы көрсетіңіздер.
- •Днқ фрагменттерін Клондау[өңдеу]
- •37.Науқаста қан тобы үшінші. Қандай қан топтары сәйкес келіп тұр?
- •Жалпылама[өңдеу]
- •38.Науқаста қан тобы төртінші. Қандай қан топтары сәйкес келіп тұр?
- •Жалпылама[өңдеу]
- •39.Бактериалдық инфекциясымен байланысты лейкограммадағы пайда болатын өзгерістерін жазып берініз.
- •40. Әкесінің резус – фактор теріс және анасының резус – фактор оң. Баласының резус-фактор теріс, гемолитикалық ауру пайда бола ма? Механизмді көрсетіңіздер.
- •41.Вирустық инфекциямен байланысты лейкограммадағы пайда болатын өзгерістерін жазып берініз.
- •42.Паразитарлық ауру пайда болғанда лейкограммадағы пайда болатын өзгерістерін жазып берініз.
- •43.Қатерлі ісіктер пайда болғанда лейкограммадағы пайда болатын өзгерістерін жазып берініз
- •Қатерлі жаңа түзілу[өңдеу]
- •Жалпы мағлұматтар[өңдеу]
- •Тарихы[өңдеу]
- •44.Иммуноглобулиндерді сурет арқылы көрсетіңіздер.
- •45.Өткір улану жағдайымен байланысты лейкограммадағы пайда болатын өзгерістерін жазып берініз.
- •46.Спорттық адамдардың лейкограммасын көрсетіңіздер.
- •Жеке адам гигиенасы[өңдеу]
- •47.А иммуноглобулиндердің құрылысын сурет арқылы көрсетіңіздер.
- •48.Мүшелерді трансплантациялау. Бұл әдісті генетикалық теңестірілмеген адамдар арасында қолдануға болама? Үлгісің көрсетіңіздер.
- •Тарихы[өңдеу]
- •Тарихы[өңдеу]
- •Алғашқы кезеңдер[өңдеу]
- •49.М иммуноглобулиндердің құрылысының сурет арқылы көрсетіңіздер.
- •50.G иммуноглобулиндердің құрылысының сурет арқылы көрсетіңіздер.
- •51.Анасының резус-фактор теріс және әкесінің резус-фактор оң. Балада резус-фактор оң, гемолитикалық ауру пайда болама? Механизмді көрсетіңіздер.
- •52.Иммундық клеткалардың антигендермен әсерлесу механизмдерін көрсетіңіздер.
- •Иммундық жүйенің жалпы сипаттамасы[өңдеу]
- •Иммундық жүйенің қызметі[өңдеу]
- •Иммундық жүйенің қасиеттері[өңдеу]
- •Иммундық жүйе мүшелері[өңдеу]
- •Иммундық жүйенің жасушалары[өңдеу]
- •53.Эпитоптарды т – клеткалық рецепторлармен әсерлесуін көрсетіңіздер.
- •54.Науқаста қан тобы бірінші. Қандай қан тобтарын беруге болады?
- •Мазмұны
- •Қанның қызметі[өңдеу]
- •Қанның ұюы[өңдеу]
- •Жалпылама[өңдеу]
- •55.Ксенотрансплантациясының үлгісін көрсетіңіздер.
- •Тарихы[өңдеу]
- •56.Синтрансплантациясының үлгісін көрсетіңіздер.
- •Тарихы[өңдеу]
- •57. Антигенпрезентациялаушы клеткалардың құрылысың және қызметтерін сурет арқылы көрсетіңіздер.
- •58. Интердигидаттық клеткалардың құрылысың сурет арқылы көрсет. Жалпы қызметтерін жазып берініз.
- •Мазмұны
- •Жасуша теориясының ашылуы
- •59. Табиғи киллер (nk-клетка) клеткалардың рак клеткаларға қарсы тұру механизмді көрсетіңіздер.
- •Мазмұны
- •Жасуша теориясының ашылуы
57. Антигенпрезентациялаушы клеткалардың құрылысың және қызметтерін сурет арқылы көрсетіңіздер.
Қан өндірілуі (гемопоэз) – күрделі және көп кезеңді ажырау заңдылығының нәтижесінде жасушалардың жетілген элементтерінің қанға шығу үрдісі. Эмбрион дамуының екінші аптасының соңында ортаңғы ұрық жапырағынан (мезенхимадан) гемопоэз тіндері түзіледі. Ол негізінен қан өндірілудің бағаналық жасушасынан (ҚБЖ) тұрады. Екінші айдан бастап қан өндіру үрдісі бауырда басым жүреді және ол 6 айға дейін негізгі қан өндіріуші мүше болып саналады (эмбриондық гемопоэздің бауырлық кезеңі). 5- айдан 7- айға дейін қан өндіруге көкбауыр белсенді қатысады. Осы кезеңде бауырда негізінен эритропоэз басым болса, көкбауырда эритропоэзге гранулоцитопоэз, мегакариоцитопоэз, төмен дәрежеде лимфопоэз қосылып түзіле бастайды. Антенаталды және постнаталды кезеңдерде лимфалық мүшелердің пайда болуында айырша безінің қызметі зор. Лимфопоэз 6-7 айдан кейін күшейіп, кейін сәби өмірінің бірінші жылына дейін созылады. Эмбрион дамуының 3- айында сүйек миының түзілуі басталады және ол тек 5- айдан бастап қан өндірілуіне қатысып, гемопоэздің негізгі мүшесі болады (сүйек миы кезеңі). Сүйек миы – қаңқа сүйек тіндері арасындағы кемікте бос жердің барлығын алып жататын жұмсақ масса. Оны «қызыл (қызметтегі) және сары (майлы) сүйек миы» деп ажыратады. Қызметтегі және майлы сүйек миының ара қатынасы жасқа, экзо-, эндогенді және басқа факторларға тәуелді. Сәбилерде жалпақ пен ұзын сүйектердің барлығында белсенді қызыл сүйек миы болса, 4 жастан бастап ол біртіндеп май жасушасымен алмасады. 25 жаста түтікше сүйектердің диафизі толық майлы сүйек миымен алмасса, жалпақ сүйектерде тек 50 % ғана өзгереді. Қарттардың жасы ұзарған сайын май жасушаларының саны арта түседі. Алғашқы рет 1908 жылы А.А. Максимов «қан өндірілуінде бағаналық жасушалар (БЖ) зор қызмет атқарады» деген ой қалдырған болатын. Кейін БЖ қан өндірілу шежіресінде негізгі құрылым бөлігі болып саналды. Бір ғасырға жуық уақыт аралығында қан өндірілу жүйесінің ажырау кезеңдері, көптеген ізашар-жасушалардың саны мен қасиеттері ашылды. Бірінші рет қан өндірілудің бағаналық жасушалар шежіресін 1973 жылы И.Л. Чертков, А.И. Воробьев екеуі жариялады (1- сызба). Бұл шежіре жылдар өткен сайын ашылған жаңалықтарға сәйкес толықтырылып, өзгертіліп отырылды. И.Л. Чертков, Н.И. Дризе, А.И. Воробьев 2005 жылы қан өндірілу шежіресін тотипотентті ізашар бөлімінің жалғыз өкілі – эмбрионалды бағаналық жасушадан (ЭБЖ) бастады. Осы жасуша ағзаның барлық тіндерінің жасушаларын өндіруге қабілетті екен. Қалыпты даму барысында ЭБЖ болмайды. Оны бластоцистаның ішкі массасынан (100-120 жасушалардан) бөліп алады. Эмбриогенезде ЭБЖ ажыраудың келесі кезеңіне тез өтіп кетеді, яғни ол ағзадан тыс (тышқандардың эмбрионды фибробласт қабаттарында не лейкоз-тежегіш фактордың қатысуымен өсіру) шарттарда түзіледі. Бұл жағдайда бластоциста жасушасының ажырауы бөгеледі, олар ажыраусыз, қатерсіз (малигнизациясыз), кариотиптерін өзгертпей шексіз көбеюге (пролиферацияға) қабілетті болады. Егер бөгет алынып тасталса, онда ЭБЖ ретсіз ажырай бастайды. Соңғы жылдары ЭБЖ-нің қажет ажырауының индукциясы, соның ішінде, әсіресе қан өндірілу бағыты бойынша ғылыми жұмыстар қарқынды дамуда, ол қазіргі замандағы жасушалық терапия және емдік клондаудағы құрылыс бөгеттерін жасау барысында маңыздылардың бірі – ЭБЖ екенін көрсетеді. Өкінішке орай ЭБЖ-ні клиникада қолдануға әлі ерте, оған қарамастан кейбір ғалымдар оны қан өндірілу шежіресінің шыңына орналастырған, әрине қан өндірілу бағаналық жасуша бөлімінде басталатыны бәріне белгілі. ҚБЖ-ның сипаттамасы күрделі, ол тек сирек кездесуімен емес, сонымен қатар өте гетерогендігімен түсіндіріледі. Жасушалардың сепарация әдістері жақсаруына байланысты тәжірибеде тек қана ҚБЖ-дан тұратын фракцияны бөліп алуға мүмкіндік бар. Осы жасушалардың биологиялық мүмкіндіктері бірдей болуына қарамастан, олардың қасиеттері (жасуша беткейінің рецепторлары, цитокиндерге сезімталдығы, жасушалық айналымының күйі және т.б.) әртүрлі болады. БЖ бөлімінің алғашқы өкілінен бастап жасушалар жетілудің ажырау күйінде болып, қан өндірілудің иерархиясы бойынша үздіксіз төмен жетілген бөлімге ығыса береді. Тіпті ҚБЖ-ның бөлім іші арасында да ешқандай біркелкі жасушалар жиынтығы болмайды. Яғни нақты шекараға бөлінген бөлімдер жоқ, жасушалар үнемі даму барысында, бүкіл жүйені өтпелі жасушалар популяциясы құрайды, орын алмастыра отырып, олар соңғы ажыраған жасушалар қатарына дейін жетіледі. Бағаналық мультипотентті жасушалар бөліміне қан өндірілудің барлық бағыты бойынша мультипотентті ажырауға және жоғары көбею қабілеттіне ие ізашар жасушалар кіреді. Әзірше бұл бөлім 3 мүшеден тұрады. Олардың біріншісі және ең ертесі – про-ҚБЖ. Осы жасуша шамамен тотипотентті эмбрионалды жасуша мен ерте қан өндірілудің ізашары арасындағы аралық элементке жақын. Бір жағынан ол эмбриогенезден сақталып қалған қалдық ретінде саналады. Про-ҚБЖ терең тыныштық күйде болып, цитокиндерге жауап ретінде егу ортасында көбеймейді, көкбауырда in vivo немесе жартылай қатты егу орталарында in vitro колониялар өндірмейді, трансплантациядан соң тек 8 айдан кейін миелоидты, ал 10 айдан кейін лимфоидты жасушаларды өндіре бастайды. Демек, қалыпты қан өндірілуіне про-ҚБЖ-ның қатысуы туралы сұрақ соңына дейін шешілмеген. ҚБЖ-ның ажырауы туралы барлық мәліметтер тышқандарға тәжірибе жасау барысында алынған. Орталық гематологиялық клиникаларда сүйек миының қан өндірілу жасушаларының аллогенді трансплантациясы кезінде алынған нәтижелер, тышқандардан алынған заңдылықтарға сәйкес келеді екен. Қан жүйесінің ісіктік массасы – қатерсізі де, қатерлісі де белгілі бір жасқа айтарлықтай қатаң тәуелділікке байланысты дамиды. Мысалы, жедел монобласты лейкоздың туа болған түрі екі жасқа дейін жиі кездессе, басқа жастағы адамдарда ол ешқашан кездеспейді. Айығудың жоғары пайызымен жүретін балалардың жедел лимфобласты лейкозы 2-12 жас аралығында (сирек 15 жаста) кездессе, басқа жастағы адамда ол ерте немесе кеш болса да басқа емдік бағдарламаларды қажет етеді. Созылмалы лимфолейкоз жастар мен балаларда кездеспейді. Жедел плазмобласты лейкоз кез келген жаста табылса, көптеген миелома не балаларда, не жастарда анықталмайды. Демек, «ҚБЖ популяциясы біркелкі емес» деуге болады. Адамның өмірлік кезеңдеріне байланысты қан өндірілудің ауысуы («ҚБЖ клондарының ауысуы») жүреді. Осы ауысудың жас кезеңі бойынша өз заңдылықтары бар. Қан өндірілу жасушалардың ауысуына микроқоршамның – сторманың индукциялаушы қызметі әсер етуі мүмкін. Себебі сторма элементтерінің ауысуы қан өндірілудің клондық ауысуынан бірнеше есе баяу жүреді. Бағаналық бөлімнің екінші мүшесі – сәулелендірген жануарды ұзақ уақытқа репопулияциялауға қабілетті жасуша (Ұр-ҚБЖ). Ол жоғары көбею потенциалына ие. Ұр-ҚБЖ-ның бір жасушасы жануардың өмір бойында мультилинейлі қан өндірілуін қамтамасыз ете алады, сонымен қатар ол екінші рет сәулелендірген реципиентке пассаж жасағанда (отырғызғанда) қан өндірілуді қалыптастыруға қабілетті. Қан өндірілу тінінің ауыстырылуы жасалған кезде Ұр-ҚБЖ белсенді қызмет атқарады және ол тәжірибеде де, клиникада да қарқынды зерттелуде. Тек қана осы жасуша «сүйек миының трансплантациясы» деп аталатын іс-әрекеттің тиімділігін қамтамасыз етеді. Беткейлі маркерлерді қолдана отырып Ұр-ҚБЖ-ны бөліп алуға болады. Маркерлер кездейсоқтықпен сұрыптап алынады. Уақыт өте келе олар ауыстырылып отырылады. Қазіргі кезде бұл жасушаларда тышқан үшін ажыраудың маркерлері (Lin-), БЖ өсу факторының беткейлік рецепторын (c-Kit+) жабысуы және спецификалы фосфатдилинозитолмен орныққан гликозилирленген протеин Sca-1– БЖ антигені (Lin - Sca-1+ c-Kit+) жоқ. Адамның ҚБЖ-сы келесі фенотипке ие: Lin -c-Kit+CD34+CD38- Осы бөлімнің үшінші мүшесі - сәулелендірген жануарды қысқа уақытқа репопулияциялауға қабілетті жасуша (Қр-ҚБЖ). Ұр-ҚБЖ-дан ол сәулелендірген ағзаның толық мультилинейлі репопулияциялауға қабілеттігімен, бірақ тиімділігі қысқа уақытқа және 4-6 апта өткен соң оның қан өндірілу қабілетінің жоғалуымен ерекшеленеді. Мультипотентті ізашар-жасушасы қан өндірілудің ажырауының толық жиынтығы болуына қарамастан, қан өндіруді ұзақ уақытқа сақтай алмайды. Демек, бағаналық мультипотентті бөлімдердің жасушалары қан өндірілу шежіресінің барлық тармақтары бойынша ажырауға қабілетті және олар негізінен көбею потенциалы бойынша бір-бірінен ерекшеленеді, ал ол болса жетілген мүшелер қатарына қарай ығысқан жасушаларда төмендей түседі. БЖ тек қызметтерімен ғана емес, сонымен қатар мембрандық маркерлеріне байланысты ерекшеленеді: • ең ерте про-ҚБЖ-ның Sca-1 популяциясы (басқа ізашарлармен салыстырғанда бойында БЖ антигені жоқ) бөлініп алынады; • Ұр-ҚБЖ Flk-2 жабыспайды (басқа екі мүшеде байқалады); • мультипотентті ізашарлар Thy-1 жабысу қабілеттерін жоғалтады. Қан өндірілу шежіресіндегі полипотентті жалпы ізашарлар бөліміне жаңа мүшелер еңгізілген. Жетілдірілген технологиялардың көмегімен ізашарлардың екі популяциясы бөлініп алынды. Олардың бірі тек лимфоидты ажырауға қабілетті жалпы лимфоидты ізашар (ЖЛІ), ал екіншісі тек миелоидты бағытта ажырайтын жалпы миелоидты ізашар (ЖМІ) екен. Екеуі де қан өндірілуді ұзақ уақыт қолдай алмайды. Олардың қызметтері толық анықталмаған. ЖЛІ лимфоидты жасушалар бағытында аралық кезеңсіз ажырайды (олигопотентті лимфоидты ізашар әлі табылмаған). ЖМІ-нің ажырауы аралық кезеңдерден тұрады: гранулоциттер мен макрофагтардың жалпы ізашары, кейін макрофагтар мен гранулоциттердің монопотентті ізашарына ажырайтын гранулоцитті-макрофагтық колоние түзуші бірлігі (ГМ-КТБ) және сүйек миында эритроидты және тромбоциттік өскіншелерге бастау болатын жаңадан ашылған эритроциттер мен мегакариоциттердің жалпы ізашары. Моноолигопотентті жалпы ізашарлар бөліміндегі жасушалардың ажырау шежіресі соңына дейін толық шешілмеген. Жоғарыда айтылғандай, Қр-ҚБЖ деңгейінде ол екіге – миелоидтыға және лимфоидтыға ажырауы мүмкін, сонымен қатар бұл үрдіс бір мезгілде жүрмейді. Мысалы, Қр-ҚБЖ-ның лимфоидты ізашарының миелоидтық потенциалын жоғалту эритромегакариоциттік ажыраудың бөгелуімен басталады да, грануломоноциттік ажырау сақталады, ал ол болса өзін-өзі қолдау потенциалының біртіндеп төмендеуіне алып келеді. Кейбір жағдайларда лимфомиелоидты потенциал сақталған, бірақ эритро/мегакариоцитті ажырау қабілетін жоғалтқан Қр-ҚБЖ-ның (Lin -c-Kit+CD34+Flt3+Іl-7+) потенциалын бөліп алуға болады. Қан өндірілудің төменгі тармақтарына морфологиялық танылатын жасушалар (бластар, жетілу барысындағы және жетілген жасушалар) бөлімі орналасқан. Бұл бөлімдегі өзгерістер көп емес. Бұрынғы қан өндірілудің белгілі ажыраған 8 тармағына (мегакариоцитті, эритроцитті, нейтрофильді, эозинофильді, базофильді, моноцитті, лимфоцитті, плазмоцитті) қосымша тағы да 3 тармақ қосылды. Олар: • табиғи киллерлер (қалыпты иммунитетке қатысатын, сонымен бірге қатерлі жасушаларға қарсы жасушалар); • кәсіби антигенпрезентациялаушы дендритті жасушалар (ДЖ). Бұл жасушалардың ажырауы анықталмауына қарамастан олар екі жақтан да – миелоидты (жалпы миелоидты ізашардан) және лимфоидты (жалпы лимфоидты ізашардан) жасушалар өндіреді. Бірақ олдардың ерекшеліктері әлі түсініксіз; • мес жасушалар. Базофильдерге тәуелсіз шығуына байланысты И.Л. Чертков және т.б. оларды жеке ажырау бағытына бөліп көрсеткен. Мегакариоцитопоэз, эритроцитопоэз, гранулоцитопоэз, лимфоцитопоэз кезеңдері шежіреде бұрынғы, өзгермеген түрде және олардың соңғы өнімдері (тромбоциттер, эритроциттер, сегментті ядролы нейтрофильдер, эозинофильдер, базофильдер, моноциттер, плазмоциттер, Т-лимфоциттер) қан өндірілу шежіресін аяқтайды.
