Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ImmunologiaSessia.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
552.68 Кб
Скачать

40. Әкесінің резус – фактор теріс және анасының резус – фактор оң. Баласының резус-фактор теріс, гемолитикалық ауру пайда бола ма? Механизмді көрсетіңіздер.

Әке - өзінен туған немесе асырап алған баласы бар ер адам, туыстық қатынасты білдіретін ұғымның атауы. Әке туыстық терминдер жүйесіндегі түпқазық ұғым, өйткені қазақ шежіресінде жеті атаға дейін санау дәстүрінде санат әкеден басталады[1]«Әке»деген сезімді ұмытар кім,- дей отырып құрметті әкелерімізге арналған «Әке – асқар тау» атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз. «Жақсыдан жаман туады, бір аяқ асқа алғысыз. Жаманнан жақсы туады, адам айтса нанғысыз» дейді халқымыз, бүгінгі ашық тәрбие сағатымызда әке туралы ой қозғалады. Әр шаңырақта әкенің орны ерекше. Әке - отбасының асыраушысы, отбасы мүшелерінің тірегі, қамқоршысы. Әкенің мінез - құлқы, өзгелермен қарым - қатынасы, өнері мен білімі баланың көз алдындағы үлгі, өнеге алатын, оған қарап өсетін нысанасы. Отбасының пейіл - береке, ынтымағы үшін отағасының әділ, ұстамды болуы орасан маңызға ие. Оның тәрбиелік рөлі де зор. Ер бала әкесімен сырлас, жолдас, дос. Ол әрқашан бір әрекет жасау үшін әуелі әкесімен сырласады. Ер баланың өсіп, жетіліп, өз алдына жеке тұлға болып қалыптасуына, қоғамдағы өз орнын дұрыс табуына әкенің атқарар еңбегі ерекше. Отбасының ұйытқысы, берекесі, мейір - шапағат көзі – әке. Әкенің бұл рөлі бала - шағаның әкеге, анаға деген сүйіспеншілігімен, қамқорлығымен, ана жанын қас - қабағынан жанарынан танығыштықпен нығая биіктей береді.</ref>

Қазақ қоғамында әкенің алатын әлеуметтік орнына ерекше басымдылық беріледі. Олай болатыны отбасын материалдық игілікпен қамтамасыз ету, баланы сүндетке отырғызу, ұлды үйлендіріп отауын тігіп, еншісін беру, қызды орнықты жерге ұзату, жиендеріне жиенққұрық беру, сондай-ақ, балаларын сауаттандыру, оқытып, білім беруге мүмкіндік жасау т.б. мәдени-әлеуметтік маңызды жайттар әкенің мойнындағы үлкен міндет. Осымен байланысты әкені сыйлау, құрметтеу; оған қарсы келмеу отбасылық этиканың, қарым-қатынастың императивті әлеуметтік нормалары қатарына жатады[2].

Отбасы тәрбиесінде әке ұл балаға, ана қыз балаға жауапты болады. Сондықтан қазақтар «Ұлдың ұяты әкеде, қыздың ұяты шешеде» дейді. Алайда тұрмыстық жағдайдағы кейбір ішінара кездесетін ситуацияда әке мен баланың арасында қырын қабақ, келіспеушілік болғанда, тіпті әке жағынан әділетсіздік байқалса да, ол айыпты саналмайды. Ауылдың, әулеттің ақсақалдарының шешімімен баласы ондай әкені жеке үй етіп шығарады[

Резус-фактор[1] (rhesus) — адамдар мен макака-резус маймылының (аталуы осыған байланысты) эритроциттерінің құрамында болатын антиген. Резус-факторды 1940 ж. австриялық иммунолог К.Ландштейнер (1868 — 1943) мен америкалық ғалымА.Винер (1907 — 78) ашты. Адамдардың 85%-нда эритроцит құрамында оң Резус-фактор, ал 15%-нда теріс Резус-фактор. болады. Резус-фактор жүйесінде бірнеше әр түрлі антигендер, сондай-ақ Hr тобы болады. Осы топ пен резус (Rh) қосылып, ортақ жүйе Rh — Hr құрады. Rh-тің құрамында Д, С, Е, ал Hr-те д, с, е агглютиногені бар. Hr агглютиногені адамдардың 83%-нда эритроцит құрамында кездеседі. Резус-фактор тұқым қуалайды және өмір бойына өзгермейді. Қан құйғанда қан топтары сияқты Резус-фактор да қатаң есепке алынады, себебі, бұл кезде Rh — Hr агглютиногендер жүйесінде арнайы антидене түзіледі; организмге антигенді қайталап құйғанда, “антиген — антидене” реакциясы пайда болуы мүмкін, ал бұл организмнің қалыпты қызметін бұзады. Мыс., қанының Rh-ы оң реципиентке теріс Rh-ы бар қан құйылса, гемотрансфуз. реакция (адамның денесі қалтырайды, температурасы көтеріледі, белі ауырады) жүреді. Ал жүктілік жағдайында, ананың Rh-ы теріс болып, құрсақтағы нәрестенің Rh-ы оң болса, иммундық өзгеріс болуы мүмкін. Бұл құрсақтағы нәрестенің өліміне әкеліп, әйел түсік тастайды, мұны Rh-конфликт деп атайды. Егер мұндай жағдайда әйел аман-есен босанса да, кейін жаңа туған сәби тұқым қуалайтын қан ауруына шалдығады. Жүкті әйелдерде Rh-конфликт болмау үшін оларға антирезус-гамма-глобулин егіледі.

. Әрбір әйелдің өзіне тиісті қан тобын және резус-факторын анықтайды.

2. Егер жүкті әйел теріс-резусты топқа жатса, қаны арқылы антирезус, антиденелер титрін ай сайын анықтап отыру керек.

3. Күйеуінің қан тобын және резус-факторын анықтайды.

Сонымен қатар:

а) Тұңғыш жүктіліктегі сәбидің резус-факторы, қан тобы туралы мәлімет алады.

ә) Өткен жүктілік кезінде антирезус-антидене титрінің мөлшерін біледі және сәбидің гемолитикалық аурумен ауырған-ауырмағаны туралы мәліметтер алады.

б) Гемотерапия, иммунотерапия, иммунопрофилактиканы қолданған-қолданбағаны туралы мәліметтер алу қажет.

Ал жатырдағы нәрестенің күй-жағдайын, жүрек соғысын білу үшін ЭКГ, ФКГ, КТГ әдістерін қолданады. Қағанақ суының түсін, билирубиннің оптикалық тығыздығын, Рһ-тың өзгеруін анықтайды. Аминоскопияны кеңінен қолданады.

УДТ әдісімен нәрестенің қимылын, бауырдың және қағанақ суының мөлшерін, бала жолдасының қалыңдығын біледі. Бұл әдісті 20-22, 24-26, 30-32, 34-36 апта аралықтарында қолданған жөн. Негізгі емдеу жолы ­ ауыспалы қан құю (сәби қанын жіберіп, оны таза қанмен ауыстыру), фототерапия және инфузиондық (гемодез, плазма, т.б.) емдерді кеңінен қолданады.

АВО жүйесі бойынша иммунологиялық қайшылық ананың қаны 0 (І) топ, нәрестенікі А (ІІ) немесе В (ІІІ) топқа жатқанда пайда болады. Нәрестенің А және В антигендері ананың иммундық мүшелерін тітіркендіріп, иммундық антиденелер өндіреді. Бұл антиденелер толық, толық емес болып екі топқа бөлінеді. Толық антиденелердің молекулалары үлкен, ірі, плацентадан өтпейді, ал толық емес тобы одан жеңіл, өтіп кетеді, сондықтан АВО жүйесіндегі иммунологиялық қайшылықтың себепкері болады. Бұл қайшылық сирек кездеседі (7-10% ). АВО жүйесіндегі қайшылықта жатырдағы нәресте гемолитикалық аурумен өте сирек ауырады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]