- •1.Иммунология облысында ашулардың маңыздылығын негіздеңіздер. Иммунологияның мақсаты мен мәселелері.
- •2.Туа пайда болған иммунитеттің маңыздылығын негіздеңіздер.
- •3.Жүре пайда болған иммунитеттің салыстырмалы сипаттамасын көрсетініз. Жүре пайда болған иммунитеттің ерекше түрлері мен қызметтері.
- •4.Клоналды-селекциялық теорияның маңыздылығын дәлелдеңіздер.
- •6.Тимустәуелді және тимустәуелсіз антигендердің арасында қандай айырмашылықтар бар? Әрекеттесетің клеткалардың түрлері мен мағынасы. Үлгісін келтіріңіздер.
- •7.Сәйкестікте ие мен реципиент антигендерді бөліңіздер.
- •8.Антиген түрлердің арасында айырмашылықтар бар ма? Үлгісін келтіріңіздер.
- •9.Детерминант, эпитоп, агретоп бөліктердің маңыздылықты дәлелдеңіздер. Детерминанттарды антигентанушы рецепторлармен анықтау процесті схема арқылы келтіріңіздер.
- •11.Иммуноглобулиндерді неге белоктардың айырықша тобы деп атайды. Иммуноглобулиндердің түзілу динамикасы. Схемасын келтіріңіздер.
- •12.Иммуноглобулиндердің қандай класы токсиндерге қарсы тұрады? Құрамы, құрылысы және қызметтері. Схемасын келтіріңіздер.
- •14.Схема арқылы антиденелердің құрылысындағы изотиптык, аллотиптык және идиотиптык деңгейінде айырмашылығын көрсетіңіздер. Антиденелердің құрылысы, құрамы және қызметтері.
- •15.Иммуноглобулиндердің қандай класы лимфада ең биік концентрациясымен кездеседі? Құрамы, құрылысы және қызметтері. Схемасын келтіріңіздер.
- •16.Инфекциялардың қандай түрлерге қабыну белоктар белсенді түрімен қарсы тұрады? Шығу тегі мен қызметтері.
- •7.1. Инфекциялық процесс және жұқпалы ауру
- •7.1.2. Инфекциялық процестің сатылары мен деңгейлері
- •7.1.3. Жұқпалы ауру туралы түсінік
- •7.2. Инфекциялық процесс қоздырғыштары – микробтардың қасиеттері
- •7.2.1. Патогенді, сапрофитті және шартты-патогенді микробтар туралы түсінік
- •17.Иммуноглобулиндердің қай класы құрттарға қарсы тұрады? Құрамы, құрылысы және қызметтері. Схемасын келтіріңіздер.
- •12. Иммунологиялық толеранттылық
- •Клиникалық көріністері[өңдеу]
- •Жиі кездесетін белгілері[өңдеу]
- •Эпидемиологиясы[өңдеу]
- •Этиологиясы мен патогенезі[өңдеу]
- •20.Бірінші реттік лимфоидты мүшелердің мағынасын дәлелдеңіздер.
- •Лимфоциттер[өңдеу]
- •Айырша без[өңдеу]
- •Тимоциттер.[өңдеу]
- •Көк бауыр[өңдеу]
- •21. Сүйек кемігі мағынасын дәлелдеңіздер.
- •Сүйектің құрылысы мен құрамы[өңдеу]
- •Қаңқа бұлшықеттері[өңдеу]
- •22.Екінші реттік лимфоидты мүшелердің арасында нағыз иммундық мүшелерді табуға бола ма?
- •Айырша без[өңдеу]
- •Тимоциттер.[өңдеу]
- •Мазмұны
- •Иммундық жүйенің жалпы сипаттамасы[өңдеу]
- •Иммундық жүйенің қызметі[өңдеу]
- •Иммундық жүйенің қасиеттері[өңдеу]
- •Жануарлардың бағдарлануы
- •Жануарлардың дауысы
- •Жануарлардың жүзуі
- •Жануарлардың қорғаныш бейімділігі
- •Жануарлардың қыстап шығуы
- •Жануарлардың ұшуы
- •Жануарлардың қоныс аударуы
- •Жануарлардың ұйқысы
- •Жануарлар анатомиясы
- •Жануарлар биохимиясы
- •25.Капсулаға салынбаған иммундық ұлпаның орналасуы, құрылысы және қызметтері. Мағынасы бар ма?
- •Иммундық жүйенің жалпы сипаттамасы[өңдеу]
- •Иммундық жүйенің қызметі[өңдеу]
- •Иммундық жүйенің қасиеттері[өңдеу]
- •Иммундық жүйе мүшелері[өңдеу]
- •Иммундық жүйенің жасушалары[өңдеу]
- •26.Лимфотүйіндердің ағзада орналасуы немен байлаулы? Құрылысы және қызметтері.
- •Гистологиялық жіктелуі[өңдеу]
- •Клиникасы[өңдеу]
- •Диагностикасы[өңдеу]
- •Айырша безі[өңдеу]
- •Иммундық жүйенің жалпы сипаттамасы[өңдеу]
- •Иммундық жүйенің қызметі[өңдеу]
- •Иммундық жүйенің қасиеттері[өңдеу]
- •28.Көк бауыр айырша безге ұқсас па? Орналасуы, құрылысы және қызметтері.
- •Айырша безі[өңдеу]
- •29.Жасушалардын сыртында өтетің иммунитетті қандай білесіз? Механизмі және қатысатың клеткалардың түрлері. Схемасын келтіріңіздер.
- •Қорғаушы заттар, антиденелер[өңдеу]
- •Жасанды және туа пайда болған иммунитет, иммунитеттеу[өңдеу]
- •Қорғаушы заттар, антиденелер[өңдеу]
- •Жасанды және туа пайда болған иммунитет, иммунитеттеу[өңдеу]
- •31.Екіжұмырткалық егіздірдің арасында трансплантацияны жасауға болама? Механизмді көрсетіңіздер.
- •Тарихы[өңдеу]
- •32.Науқаста қан тобы бірінші. Қандай қан топтары сәйкес келіп тұр?
- •Қанның қызметі[өңдеу]
- •Қанның ұюы[өңдеу]
- •Жалпылама[өңдеу]
- •33.Тимустәуелді антигендерді иммундық клеткалармен әрекеттесу механизмді көрсетіңіздер.
- •34.Науқаста қан тобы екінші. Қандай қан топтары сәйкес келіп тұр?
- •Қанның қызметі[өңдеу]
- •Қанның ұюы[өңдеу]
- •Жалпылама[өңдеу]
- •35.Клондық экспансияны сурет арқылы көрсетіңіздер.
- •Днқ фрагменттерін Клондау[өңдеу]
- •37.Науқаста қан тобы үшінші. Қандай қан топтары сәйкес келіп тұр?
- •Жалпылама[өңдеу]
- •38.Науқаста қан тобы төртінші. Қандай қан топтары сәйкес келіп тұр?
- •Жалпылама[өңдеу]
- •39.Бактериалдық инфекциясымен байланысты лейкограммадағы пайда болатын өзгерістерін жазып берініз.
- •40. Әкесінің резус – фактор теріс және анасының резус – фактор оң. Баласының резус-фактор теріс, гемолитикалық ауру пайда бола ма? Механизмді көрсетіңіздер.
- •41.Вирустық инфекциямен байланысты лейкограммадағы пайда болатын өзгерістерін жазып берініз.
- •42.Паразитарлық ауру пайда болғанда лейкограммадағы пайда болатын өзгерістерін жазып берініз.
- •43.Қатерлі ісіктер пайда болғанда лейкограммадағы пайда болатын өзгерістерін жазып берініз
- •Қатерлі жаңа түзілу[өңдеу]
- •Жалпы мағлұматтар[өңдеу]
- •Тарихы[өңдеу]
- •44.Иммуноглобулиндерді сурет арқылы көрсетіңіздер.
- •45.Өткір улану жағдайымен байланысты лейкограммадағы пайда болатын өзгерістерін жазып берініз.
- •46.Спорттық адамдардың лейкограммасын көрсетіңіздер.
- •Жеке адам гигиенасы[өңдеу]
- •47.А иммуноглобулиндердің құрылысын сурет арқылы көрсетіңіздер.
- •48.Мүшелерді трансплантациялау. Бұл әдісті генетикалық теңестірілмеген адамдар арасында қолдануға болама? Үлгісің көрсетіңіздер.
- •Тарихы[өңдеу]
- •Тарихы[өңдеу]
- •Алғашқы кезеңдер[өңдеу]
- •49.М иммуноглобулиндердің құрылысының сурет арқылы көрсетіңіздер.
- •50.G иммуноглобулиндердің құрылысының сурет арқылы көрсетіңіздер.
- •51.Анасының резус-фактор теріс және әкесінің резус-фактор оң. Балада резус-фактор оң, гемолитикалық ауру пайда болама? Механизмді көрсетіңіздер.
- •52.Иммундық клеткалардың антигендермен әсерлесу механизмдерін көрсетіңіздер.
- •Иммундық жүйенің жалпы сипаттамасы[өңдеу]
- •Иммундық жүйенің қызметі[өңдеу]
- •Иммундық жүйенің қасиеттері[өңдеу]
- •Иммундық жүйе мүшелері[өңдеу]
- •Иммундық жүйенің жасушалары[өңдеу]
- •53.Эпитоптарды т – клеткалық рецепторлармен әсерлесуін көрсетіңіздер.
- •54.Науқаста қан тобы бірінші. Қандай қан тобтарын беруге болады?
- •Мазмұны
- •Қанның қызметі[өңдеу]
- •Қанның ұюы[өңдеу]
- •Жалпылама[өңдеу]
- •55.Ксенотрансплантациясының үлгісін көрсетіңіздер.
- •Тарихы[өңдеу]
- •56.Синтрансплантациясының үлгісін көрсетіңіздер.
- •Тарихы[өңдеу]
- •57. Антигенпрезентациялаушы клеткалардың құрылысың және қызметтерін сурет арқылы көрсетіңіздер.
- •58. Интердигидаттық клеткалардың құрылысың сурет арқылы көрсет. Жалпы қызметтерін жазып берініз.
- •Мазмұны
- •Жасуша теориясының ашылуы
- •59. Табиғи киллер (nk-клетка) клеткалардың рак клеткаларға қарсы тұру механизмді көрсетіңіздер.
- •Мазмұны
- •Жасуша теориясының ашылуы
Жалпылама[өңдеу]
Қанды жеке топтарға бөлгенде эритроциттердің құрамындағы ерекше нәруызды антиденелердің мен плазмы құрамындағы ерекше нәруызды антиденелердің болуы қатаң ескеріледі. Егер "А" антингені мен "а" антиндесі мен "В" антингені мен "в" антинденесі кездесетін болса құйылған қандағы эритроцитердің желімденіп қан ұюы болады. қан тобы ешқашан өзгермейді және тұқым қуалайды.
35.Клондық экспансияны сурет арқылы көрсетіңіздер.
Клондау(грек. clon – ұрпақ, бұтақ) – организмдерді жыныссыз жолмен көбейту арқылы сол организмдерге ұқсас ұрпақтар алу. 20 ғ-дың 60-жылдарының басында кейбір жоғары сатыдағы өсімдіктер мен жануарларды Клондау әдістері жете зерттелді. Бұл әдістерге даму сатысын аяқтап, толық жетілген клеткалар ядросында организмнің барлық белгілері болатыны туралы ақпарат анықталғаннан кейін қол жеткізілді. Клондау кезінде клеткадағы белгілі гендер жоғалмайды (тек Клондау процесіне қосылмаған гендер ғана жойылып отырады). Клондау туралы алғашқы мағлұматты Корнелль универстетінің (АҚШ) профессорлары жүргізген тәжірибелерден көруге болады. Олар өсуге қажетті қоректік заттар мен гормондары бар ортада сәбіз тамырының жеке клеткаларын өсіру арқылы, осы өсімдіктің жаңа формасын алды. Кейінірек Ұлыбританияның Оксфорд университетінің ғалымы Д.Гердон (1933 ж. т.) алғаш рет жануар омыртқасын Клондауға болатынына қол жеткізді. Ол өзінің ядросы алдын ала ультракүлгін сәулелері арқылы жойылған құрбақаның жұмыртқаклеткасына, ішек клеткаларынан алынған ядроны егу (қондыру) арқылы әуелі итбалықты, соңынан сол ядро алған құрбақаға ұқсас дарабасты алды. Бұл тәжірибелер тек дифференциалданған (арнайы) клеткаларда организмнің дамуына қажетті барлық ақпараттардың болатынын дәлелдеп қана қоймай, сондай-ақ, жоғары сатыдағы организмдерді, соның ішінде адамды да, Клондауға болатынын көрсетті. Клондау арқылы өте пайдалы өсімдік сорттарын алуға және мал тұқымын асылдандыруға болады. Бірақ Клондаудың мұндай әдістері (өсімдік сорттары мен асыл тұқымды мал алатын) адамдарға қолдануға келмейді. Теориялық түрде әйелдің де, еркектің де генетикалық көшірмелерін жасауға болады. Бірақ клондалатын клетка даму сатысының барлық кезеңдерінен өтуі керек, міне, сол кезде клеткаға сыртқы ортаның қалай әсер ететіні әлі толық анықталған жоқ.
Днқ фрагменттерін Клондау[өңдеу]
ДНҚ фрагменттерін Клондау оның бір ғана молекуласынан көптеген молекулаларды алуға мүмкіндік береді. ДНҚ тізбегі, негізінен, бактерияларда клондалады. Себебі, бактерияның геномына қосымша “бөгде” ДНҚ тізбегі жалғанғаннан кейін де, бактериялық плазмида немесе фагтар қалыпты өмір сүруін жалғастыра береді. Бұл жалғанулар – өзінің және “бөгде” ДНҚ-ның тізбекті (гибридті немесе химерлі) плазмидалардың немесе фагтардың түзілуіне әкеледі. Мұндай гибридті тізбектер бактерияларда бастапқы плазмидалар немесе фагтар сияқты екі еселенеді, сондықтан да олар көп мөлшерде болады. Бөгде фрагменттердің көшірмелері клеткалардан қайта таза күйінде бөлініп алынады. Осындай әдіспен қандай да болмасын ДНҚ тізбегін Клондауға болады. Бөгде ДНҚ-ы геномның инертті (сапалы) көшірілуіне мүмкіндік жасайтын болғандықтан, плазмиданы немесе фагты – клондаушы векторлар деп те атайды. Кез келген ДНҚ фрагменттерін Клондау үшін вектор есебінде лямбда фагы мен әр түрлі плазмидалар қолданылады. Құрамында клондалатын ДНҚ фрагменттері бар вектор бактерияның клеткаларын кальций иондарымен өңдегеннен кейін ғана ішіне ене алады. Бұл әдіс – “бөгде” ДНҚ фрагменттері бар белгілі клонды бактериялардың штаммдарын шығаруға және осы клондарды көп мөлшерде көбейтуге мүмкіндік береді. Толық түрдегі геномды Клондау үшін алдымен геномды қолайлы мөлшерде фрагменттерге бөледі. Сонан соң химерлі векторлар популяциясын түзу мақсатында фрагменттерді клондайтын векторға орналастырады. Мұндай клонданған фрагменттер жиынтығын геном кітапханасы немесе гендер банкі деп атайды. Мыс., дрозофила 108 жұпты нуклеотидке тең). Адамның толық геномдық кітапханасын құру үшін 800 000 клон қажет. Гендік кітапханада организмнің барлық тұқым қуалайтын ақпараттары жинақталған. Бірақ генетиктер геном кітапханасындағы клондардың қандай тізбекте кезектесіп орналасатындығын әлі толық анықтаған жоқ. Клондау немесе рекомбинантты ДНҚ технологиясы әдістері103 нуклеотидті жұпты фрагменттерін Клондау үшін тәуелсіз 40 000 клон керек (мұндағы жалпы геном ұз. 1,5шыбыны геномының ұз. 15 – 20 генетика және биотехнология ғылымдарына үлкен жетістік әкелді. Рекомбинантты ДНҚ әдістері медицина, ауыл шаруашылығы және химия технологиясындағы күрделі мәселелерді шешуге үлкен жол ашады.
ірі ағзаның белгілі бір элементін пайдалана отырып, оны тура сондай етіп, көбейтіп шығару үдерісін клондау дейді. Алғашында микробиология және селекция ғылымында пайда болған клондау жұмысы бірте-бірте қанатын кеңге жая бастады. Жан-жануарларға жасалған тәжірибе жұмысы сәтті шыққан соң ғалымдар соңғы кездері адам баласын клондауға талпыныс жасауда.
Адамды клондау дегеніміз – бір адамның дене жасушасының ядросын пайдалану арқылы тап сол кісіден аумайтын екінші бір адам жасап шығару. Бұл ретте қолдан жасалған адам табиғи адамның тірі көшірмесі болуы керек. Яғни клон адамның бет-әлпеті, мінез-құлқы, дене құрылысы, тіпті ақыл-ойы мен ерекше қасиеттеріне дейін өзінің пайда болуына мүмкіндік берген табиғи адамнан айнымайтын болуы тиіс. Осы жұмыспен айналысып жүрген бір топ ғалымдар өмірде ерекше жаратылған адамдарды жоғалтпауға немесе біреудің жалғызының орнын толтыруға, тіпті, баласы жоқтарға сәби сүюге мүмкіндік беретін клондау әдісін қажет деп есептеп, бұл тәсілді одан әрі зерттеп, дамытқанды жөн көреді. Ал, ғалымдардың екінші тобы қолдан жасалған адамдардың көбеюі қоғамның қалыпты дамуына кедергі келтіруі мүмкін деген пікірлерін алға тартып, адамдарды клондау әдісіне қарсы шығуда.
Шындығына келгенде, адамдарды клондау әдісі әлі жете зерттелмеген. Бұған жасанды адамдар тобының пайда болуына қарсылық білдірген ғалымдардың дәлелді пікірі себеп болып отыр. Дегенмен, адамдарды қолдан жасаудың бірнеше жолы бар екен. Соның бірі, әрі бірегейі – тірі жасушаның ядросынан алынған ДНК-ны әйелдің жұмыртқа жасушасына енгізу арқылы эмбрион жасау. Пайда болған эмбрионды жатырға енгізген соң жасанды баланың іштегі даму кезеңі басталады. Бұл өте күрделі процесс, сондықтан бұл жұмыс ерекше сақтықты талап етеді. Жасанды адам жасау әдісін жетілдіру жұмысымен айналысып жүрген италиялық ғалым Северино Антинори ережеге сәйкес істелсе, бұл жобаның нәтижелі боларына сенімді. Осы әдісті қолдану арқылы ғалым бұдан бірнеше жыл бұрын 62 жастағы әйелдің бала көтеруіне себепші болған. Аталған жобамен жұмыс істеуге өз елінде тыйым салынғанына қарамастан, Антинори ретін тауып жұмысын одан әрі жалғастыруда. Ғалым сәби сүйгісі келетін 5000 жұптың өзіне сенім артып, бақтарын сынауға келісім бергенін мәлімдей отырып, бүгінгі таңда жобаға қатысушы үш әйелдің аяғы ауыр екенін айтты. Оның айтуынша, үшеудің екеуі Ресей азаматшалары да, біреуі мұсылман елінің ханымы болса керек. Аталмыш жобаның адам баласына тек қана қуаныш сыйлайтынын ұтымды пікірлерімен дәлелдеген ғалым көп ұзамай бұл жұмысының қоғам тарапынан қолдау табатынына сенеді.
БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫ ТЫЙЫМ САЛДЫ
Жасанды адам жасау жобасына АҚШ, Франция, Германия, Жапония, Ұлыбритания, Бразилия, Бельгия, Италия, Испания секілді әлемнің көптеген елдері қарсылық білдіріп, бұл іске тыйым салатын арнайы заң да қабылдады. Адам баласын клондау ісін қылмыс деп санайтын аталмыш елдер мұндай жұмыспен айналысқан адамды қылмыстық жауапкершілікке тартады екен. Мысалы, АҚШ-да мұндай іспен шұғылданғандар 10 жылға бас бостандығынан айырылғанымен тұрмай, оған қоса 1000000 доллар көлемінде айыппұл төлейтін көрінеді. Адамды қолдан жасаушыларға Ұлыбританияда да кешірім жоқ, көзге түскен жағдайда клондаушыларды 10 жылдық түрме азабы күтіп тұр. Көрші Ресей елінде де клондау ісі қолдау таппады. Мұндай жұмысқа 2002 жылы бес жылға тыйым салған ресейліктер биыл бұл мерзімді тағы созды. Көршілер клондау жұмысы әлі толық зерттелмеген, әрі мұндай түйінді мәселемен айналысудың әзірге қажеті жоқ деп есептейді. Біздің еліміз де адамды клондау мәселесіне қарсылық білдірген мемлекеттер қатарында. Мәжіліс депутаттары былтыр желтоқсан айында адамды клондауға тыйым салу және суррогаттық аналыққа рұқсат беру жөніндегі заң жобасын қабылдап, оны Сенатқа жолдады. Мұндай қадамға бала көтеру қабілетінен айырылғандар тілегін ескеру негізінде амалсыз барып отырғандарын айтқан Денсаулық сақтау министрлігі аталмыш әдіс арқылы сәби сүйгісі келгендердің міндетті түрде дәрігерлік тексеруден өтуі тиіс екендігін ескертті. Ереже бойынша, суррогат ана болуға шешім қабылдаған әйелдің өзінің туған балалары болуы тиіс. Және оның денсаулығы мықты, жасы 35-тен аспауы керек. Денсаулық сақтау вице-министрі Сәуле Диқанбаеваның мәлімдеуінше, қолдан ұрықтандыру жұмысына кем дегенде екі мың АҚШ доллары қажет. Мұндай қаржыны екінің бірі таба алмайтынын жеткізген вице-министр Үкіметтен материалдық қаржы сұрау үшін құқықтық құжат қажет дегенді айтты. Денсаулық сақтау министрлігінің дерегі бойынша қолдан ұрықтандыру әдісі бойынша елімізде қазірдің өзінде 500 операция жасалған. Бұның сыртында суррогат-аналарды пайдалану арқылы жасалған операциялар да бар, бірақ, олардың нақты саны белгісіз. Себебі, мұндай жұмыстар жөніндегі мәліметтер ережеге сәйкес құпия сақталады.
2005 жылдың 19 ақпанында Біріккен Ұлттар Ұйымы клондаудың барлық түріне тыйым салған заң актілерін қабылдады.
ЖАСАНДЫ АДАМДАРДЫҢ ЗИЯНЫ
Жасанды адам жасауға қарсылық білдірушілер мынандай бірнеше пікірді алға тартады. Олардың ойынша, біріншіден, өте көп қаржыны талап ететін клондаудың әзірге қажеті жоқ. Екіншіден, клондау әдісі арқылы пайда болған адам барлық жағынан осал болатын көрінеді. Денсаулығы нашар, ойлау қабілеті кем адамдарды қаптатып не керегі бар деген ғалымдар тобы клон адамдардың көп жағдайда ұсқынсыз боп туатынын айтады. Үшіншіден, олар табиғи адамдарға қарағанда өте ерте қартаяды екен. Ғалымдар клон адамдардың 30 жасында ақсақал болып отыруы мүмкін деген болжам айтады. Төртіншіден, бір адамды жасап шығару үшін онымен бірге дамып келе жатқан өзге эмбриондарды өлтіру керек. Ал, бұл қылмыс емес пе? Бесіншіден, клон адамдардың пайда болуы қылмыс әлемін де талай былыққа батыруы мүмкін. Сондай-ақ, қолдан жасалған тасбауыр адамдардың елдің шырқын бұзатын әрекеттерге барулары да ғажап емес. Мысалы, соғыс аңсаған кей мемлекеттер клон-адамдарды көбейтіп, «соғыс ойынын» ұйымдастыруы да мүмкін ғой. Міне, осы болжамдарға байланысты әлемнің көптеген елі клондау ісін дамытуға қарсылық білдіруде.
АЛ, ПАЙДАСЫ ҚАНДАЙ?
Адам баласын клондау мәселесі жөніндегі ғалымдардың жасаған жағымсыз болжамдарын Северино Антинори жоққа шығарады. Ол өзінің жобасы қоғамға тек жақсылық әкеледі деп сендіруде. «Құдайдан бала сұрап, жылап жүргендерге өзінен аумайтын сәби сыйлауды жоспарлайтын жобаның жаман болуы мүмкін емес», дейді ол. Бұл жобаның шөлмектегі ұрықтандырудан айырмашылығы сол, тапсырыспен жасалатын баланың негізі – сол адамның ядросынан алынған ДНК. Және одан пайда болған эмбрион шөлмек ыдыста емес, кәдімгі әйелдің жатырында өсіп, жетіледі. Оның айтуынша, егер осы әдісті одан әрі дамытып, жетілдірсе, адам баласы тамаша жетістіктерге қол жеткізетін көрінеді. Аталмыш әдісті жетілдіру арқылы ерекше жаратылған адамдарды бойындағы қасиетін сақтай отырып, қайталап жасап шығаруға болады. Сүйікті адамынан айырылған адамдар оларды қайталап жасату арқылы қайғысын басуға мүмкіндік алады. Ғалым жобасының пайдалы екендігін дәлелдей отырып, оны қоғамның қашан болса да қабылдайтынына сенеді.
Жасанды адам жасауға қарсылық білдірген отандас ғалымдардың пікіріне қарама-қайшы ой тастаған ресейлік белгілі саясаткер Владимир Жириновский клондауды қажет деп есептейді. Ол клон адамдардың пайда болуы ел экономикасының дамуы мен демографиялық мәселені шешуде де оң әсерін тигізеді деген пікірін ашық жеткізуде.
36. Тимустәуелсіз антигендерді иммундық клеткалармен әрекеттесу механизмді көрсетіңіздер.
Т-тәуелсіз және т-тәуелді антигендер
Антигендердің мұндай екі түрге бөлінуі В-лимфоциттерде антидене түзілуінің шақыруына байланысты жүреді.
Тимус-тәуелсіз антигендер (Т-тәуелсіз) - Т-лимфоциттің және макрофагтардың көмегінсіз В-лимфоциттерде оздігінен антиденелердің түзілуін шақыратынантигендер.
Берілген антигендік детерминантқа арнайы В-лимфоцитгер антигенге тәуелді дифференциялануға түсу үшін (лимфобластқа айналып және сол антигендергс антидене түзетін плазмалық жасушалар клонына бастама беру) екі белгіні алу қажет: I - арнайы. II- пролиферативтік-дифференциялушы. Т-тәуелсіз антигендердің өздері В-лимфоциттердіекі белгімен қамтамасыз етеді. Бірінші - арнайы белгіні В-лимфоциттер иммуноглобулиндік антигеңді танушы рецепторлар көмегімен антигеннің гаптендік бөлігінен алады.Екінші - пролиферативтік - дифференңиялаушы белгіні В-лимфоциттср тасымалдаушылардан алады. Екінші белгінің берілуін қамтамасыз ету үшін тасымалдаушыныңқұрылымы келесі талаптарға сай келуі керек:
жоғары молекулалық салмақ;
молекуланың қатаң сызықты құрылымы;
• молекула полиэлектролит болуы қажет (яғни аттас зарядталған химиялық топшалардан тұруы керек).
Табиғи антигендердің ішінде осы талаптарды қанағаттандыратындар бактериялық полиқанттар (БП) жэне липополиқанттар (ЛП). Олар негізгі Т-тәуелсіз табиғи антигендср болып табылады. Бактериялық полиқанатардан және липополиканттардан басқа табиғи Т-тәуелсіз антигендерге, мысалы, сальмонеллалардың антигендері, пневмококктық полиқанттар, ішек таяқшаларының полиқанттары жатады. Т-тәуелсіз жасанды антигендерге гаптенмен байланысқан полиэлектролиттер жатады. Т-тәуелсіз поликлондықантигендерге В-лимфоциттердің митогендері де (полиқанаттар, лаконос митогені және т.б.) жатады.
Т-тәуелсіз антигендер барлық табиғи антигендердің 10%-ын құрайды.
Табиғи антигендердің көпшілігі шамамен 90%-ы - нәруыздар, соңғы екі талапқа жауап бермейді. Олар тимустәуелді антигендер болып табылады. Т- тәуелді антигендерге: трансплантациялық, тіндік арнайы антигендер, сарысулық нәруыздар, бактериялық уыттар, бөгде эритроциттердің антигендері, көптеген вирус антигендері және тағы басқалары жатады.
Т-тәуелді антигендер (Т-тәуелді) - В-лимфоциттердің антидене түзілісіне міндетті түрде Т-лимфоциттер мен макрофагтардың қатысуын қажет ететінантигендер. Бұл антигенге қарсы сертліс генетикалық негізгі гистосәйкестік кешенімен кадағаланады.
Бұл кезде бірінші арнайы белгіні - В-лимфоциттер гаптеннен ішіды Екінші белгі В-лимфоциттерге Т-хелперлерден түседі. Т-хелперлер макрофагтармен кооперациялану кезінде антигеннің тасымалдаушысын танып, белсенеді және В-лимфоциттердің про-лиферациясы мен дифференциялануын шакыратын медиаторлар -лимфокиндерді бөледі. Ондай цитокиндер ИЛ-2, ИЛ-4, ИЛ-6, IFN-y (В-лимфоциттердің дифференциялануы мен өсуші факторлары) болып табылады. Оның ішінде маңызды рөл атқаратын ИЛ-2. Бұл лимфокиндер В-лимфоциттердің мембранасына әсер етіп, олардың екінші белгіні алуын қамтамасыз етеді. В-лимфоциттің клоны екінші белгіні алғаннан кейін көбейіп, кейін иммуноглобулиндер түзетін плазмалық жасушаға дифференцияланады.
Антигеннің тануы иесінің генотипіне байланысты. Иесінің кейбір антигендеріне жеке ареактивтілік дамуы мүмкін, яғни иесінің Т-лимфоцитімен танылмайды, бірақ В-лимфоцитімен клондары берілген гаптенге антидене түзу қабілеті болсада, ағзаға антиген енгізгенде антидененің түзілуі жүрмейді. Мысал ретінде, алғаш рет Ландштейнер ұсынған жасанды аитигендерді жасау тәжірибесін алуға болады.
Динитрофенол (ДНФ) антиген емес екені белгілі, бірақ табиғи нәруыздың (мысалы. альбуминмен), немесе жасанды полипептидтермен байланысқаннан кейін антигендік қасиетке ие болады. Нәтижесінде, тимустәуелді антиген ретінде танылатын конъюгат алынады. Байланысатын полипептидтің молекула салмағы неғұрлым көп болса, неғұрлым оның құрылымы қатты және ретті болса, соғұрлым алынған аитигеннің тимус тәуелділігі аз болады. Тасымалдаушының аминқышқылды құрамы маңызды, ол антигеннің "тануын" анықтайды. Осылайша, ДНФ коньюгаты (глу-ала-тир) теңіз шошқаларында ДНФ-ке антиденелер түзілуін ынталандырады, бірақ жеке ареактивтілік орны байқалуы мүмкін. ДНФ коньюгаты - бұқа сарысу альбумині де антидене түзілуін тудырады, ДНФ -полилизині ДНФ-ке антиденелер түзілуін ынталандырмайды. Яғни, жануарларда ДНФ-ке арнайы антиденелер түзетін лимфоциттердің клоны болады. Бұл түзілістің жүзеге асуы тасымалдаушының химиялық құрылымына, иесінің лимфоциттерінің генетикалық детерминантталған «тану» қабілетіне байланысты болады.
Теңіз доңыздары, динитрофенол мен А-тасымалдаушысы (ДНФ-А; А және В - әp түрлі химияық кұрамды тасымалдаушылар) коньюгатымен сенсибилизацияланған кезде ДНФ-В-мен емес, ДНФ-А-мен ғана жоғары сезімталдыктың баяу түрінің (Т-жасушалық серпіліс) терілік серпілісін беретіні дәлелденген. Бұл кезде ДНФ-А коньюгатымениммунизациялану ДНФ-В мен әсерлесетін антиденелердің пайда болуына алып келеді. Сонымен, жасушалық иммунитет серпілістері тасымалдаушының арнайылығымен анықталады, ал гуморалдық жауап (антиденелер түзілісі) гаптенді арнайылығыеа ие.
Т-тәуелсіз антигендерге біріншілік иммундық жауап әдетте Т-тәуелдіге Карағанда әлсіздеу және жоғарғы шыңына ертерек жетеді. Екі жағдайда да негізінен lg М класына жататын антиденелер өндіріледі. Бірақ та Т-тәуелсіз және Т-тәуелді антигендерге екіншілік иммундық жауап әртүрлі болып келеді. Қайталама Т-тәуелсіз антиген енген кезде иммундық жауап.
IgM басым болатын біріншілік жауапқа ұқсас келеді, ал Т-тәуелді атигендерге екіншілік иммундық жауап біріншілікке қарағанда біршама күштірек болады және түзілетін антиденелердің көп бөлігін IgG құрайды.
Антигендердің негізгі қасиеттері
Заттарды антигендер ретінде сипаттайтын негізгі қасиеттерге жатады: бөгделік, антигендік, иммуногендік және арнайылық.
Бөгделік - ағзаның әр түріне немесе жеке индивидумдарга арнағган антигеннің өзгешелігін көрсететін генетикалык, тағайындалған жеке қасиеті. Антигеннің берілген ағзаға бөгделігі, иммундық жүйенің ағзаны биологиялық агрессиядан қорғау сияқты негізгі қызметімен байланысты. Агрессия жиі микроағзалар, вирустар, паразиттер және олар бөлетін токсиндер түрінде байқалады; берілген микроағзалар және оның өнімдері жоғарғы тірі жандарға бөгделік болып табылады. Эндогендік агрессия (ісіктердің өсуі) жасушалардың белгілі бір бөгделік қасиетке (мысалы, ісік жасушаларының бетінде ісікерекшелік антигендердің экспрессиясы) ие болуымен де байланысты. Барлық жағдайларда антиген ағзага «өзіндік емес» ретінде танылуы қажет. Нәтижесінде антиген бөтен субстанция сияқты, ағзаға өте қауіпті молекула түрінде көрінеді. Р.В. Петровтың анықтауы бойынша, «антигендер бұл бөтен генетикалық бағдарлама алып жүруші биологиялық заттар мен молекулалар».
Антигендік - заттардың қандай бір иммундық серпіліс шақыру мүмкіншілігі: көп немесе аз мөлшерде антидене түзілуін, күшті немесе әлсіз көлемдегі жасушалық иммундық серпілістер шақыратын заттар. Антигендік антигеннің химиялық кұрылысына, беткей орналасқан детерминантқа, антигендерге жауап беретін клон кұрастыратын, жасушалар санына және антиген енгізілген ағзаның түрлік сипатына байланысты. Антигендік қауіптіліктің ерте белгісі ретінде маңызды, себебі ағзаға түскен қауіпті заттардың әсері бірден көрінбейді, ағза олардың потенциалдық агрессиясын тек антигендік қасиетінің болуымен таниды.
Иммуногендік - антигеннің иммунитет тудыру қабілеті. Бұл ұғым негізінен, жұқпаларға иммунитет жағдайын қамтамасыз, ететін микроб және вирус антигендеріне қатысты айтылады. Мысалы, дизентерия қоздырғышының антигендігі өте жоғары, сондықтан өзіне қарсы күшті иммундық жауап туғызады, бірақ оған қарсы айқыниммунитет өндірілмейді, себебі ұзак өмір сүретін жерде жасушалары түзілмейді. Сүзек вакцинасының антигендігі мен иммуногендігі өте жоғары, оны енгізген кезде көп мөлшерде антиденелер түзіліп, қуатты иммунитет пайда болады.
Атигеннің иммуногендігін көрсететін маңызды қасиеті молекула мөлшері. Полимерлік молекуланың салмағы жоғарлаған сайын, иммуногендігі артады. Антигендердің иммуногендігі олардың құрылысына (зарядына, қош иісті сақинаның болуына, қаттылығына) және мөлшері мен олардың ағзаға енгізу жолына байланысты.
Арнайылық - бұл антигендердің бір-бірінен айырмашылығын көрсететін антигендік ерекшелік. Антигендердің иммундық ерекшеліктері макромолекуланың барлық денесімен емес, антигеннің бетінде болатын детерминанттардың қасиетімен, олардың саны және молекулаларда табиғи антигендердің орналасуымен анықталады. Ағзадағы әрбір жасуша өзінің антигендік ерекшелігімен анықтайтын жеке химиялық құрылыммен сипатталады.
Антигендік арнайлықтың келесі түрлері ажыратылады: түр-аралық (типтік арнайылық), топтық, тіндік, сатылық, органоидттық.
Түр-аралық арнайылық жануарлардың қай түрге жататындығына, олардың генетикалық конститутацясына байланысты, яғни бұл ерекшелік, әр түрге жататын ағзалардың бір-бірінен айырмашылығын көрсетеді. Түр-аралық арнайылыққа қандай да болса арнайы антигендер емес, ағзада кездесетін көптеген заттар ие бола алады. Өзара жақын түрлерінде ұқсас түр-аралық арнайылық антитендері бар, ал алшақ түрлерінің антигендерінде - көп айырмашылықтары болады.
Типтік арнайылық — түр-аралық арнайылық секілді ұғым, бірақ микроб түрлеріне қатысты қолданылады (серологиялық варианттары-сероварлар, бір түрдің ішіндегі антигеноварлар анықталады).
Топтық антигендік арнайылық - даралардың бір түрінің ішіндегі әртүрлі топтардың ерекшелігі. Мысалы ретінде, адам эритроциттерінің изоантигендік жүйесі жатады, олар 15-тен астам, ал құрамына 100 шамасында антигендер кіреді; олардың негізгісі қан тобындағы АВО жүйсенің изогемагглютиногендері. Лейкоциттердің изоантигендік жүйесі (HLA),мүшелер мен тіндердің ауыстырып салуында маңызды орын алады, ол антигендердің гистосәйкестік жүйесі деп аталады. Ағзаның мүшелерін ауыстырып салғанда(трансплантация) күшті гистосәйкестік антигендердің минималды айырмашылығына негізделіп, сәйкес донор мен реципиент таңдалады. Гранулоциттердің және тромбоциттердің изоантигендік жүйесі гемотрансфузия мен трансплантация кезінде маңызы бар. Изоантигендердің болуы ағзаның түрішілік жеке дара ерекшеліктерінің дәлелі болып табылады.
Тіндік арнайылық — бір ағзаның әр түрлі тіндеріндегі антигендік айырмашылық (миокард, өкпе, бауыр және т.б. антигендері).
Сатылық арнайылық - әр даму сатысында тұрған жасушалардағы антигендік айырмашылығы. Мысал ретінде, эмбрион интигендерін (а-фетопрогеин немесе сүйек кемігінің бағаналы жасушаларында және В-лимфоциттердің барлық дифференциялану кезеңдерінде болмайтын плазмалық жасушалардың антигені - РС-антнгенін) алуға болады. РС-антигені, тек антидене түзу кезінде плазмалық жасушаларда пайда болады.
Антигендердің органоидтық арнайылығы - әртүрлі жасушалар органоидтарының антигендік айырмашылығы (ядро, митохондрия, және т.б.).
Қорыта келе, әрбір тірі жасушалар өздерінің антигендік құрылысы бойынша, бұл ағзаға жатпайтын кез-келген басқа тірі жасушаларынан ерекшеленеді. Неғұрлым генетикалық туысқандығы алшақ болса, соғұрлым антигендік айырмашылығы көп болады.
