Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ImmunologiaSessia.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
552.68 Кб
Скачать

31.Екіжұмырткалық егіздірдің арасында трансплантацияны жасауға болама? Механизмді көрсетіңіздер.

Егізмедицинада — жүкті әйелден екі, үш (кейде одан да көп) сәбидің тууы. Егізді көп жағдайда 18 жасқа дейінгі немесе 30 жастан асқан әйелдер көтереді. Егіз бала көтерудің тұқым қуалайтыны ғыл. дәлелденген. Егіз бір ұрық клеткасының немесе екі ұрық клеткасының ұрықтануынан да болады. Бір ұрық клеткасынан дамыған егіздің бір ғана бала жолдасы болады. Мұндай жағдайда бір жынысты егіз туады және бұлар бір-біріне өте ұқсас болады. Екі ұрық клеткасының ұрықтануынан болған егіздің бала жолдасы бөлек, екеуінің бірі ұл, бірі қыз не бір жынысты болады. Олардың ұқсас болмауы да мүмкін. Ал бірнеше ұрық клеткасынан дамыған жүктілік (екі не одан да көп ұрық клеткасының бір уақытта ұрықтануынан) кезінде әйелдің жүрек-қан тамыр жүйесінің қызметі бұзылады, аяқ ісініп, варикоз ауруы күшейеді, кіші дәретке баруы жиілеп, мезгілінен бұрын босанып қалуы мүмкін. Егізді ультрадыбыспен зерттеу арқылы жүктіліктің 6-аптасынан анықтауға болады. Егіз балалы ана әйелдер консультациясында ерекше есепке алынады. Егер әйелдің денсаулығы қалыпты жағдайда болса, жүктіліктің 36-аптасынан перзентханаға жатқызады. Мұндай әйелдерге айрықша қамқорлық жасалады, босанғаннан кейін егіз сәбилер мен ананың денсаулығы мезгіл-мезгіл тексеріліп тұрады.

Трансплантация (ортағасырлық лат. transplantatіo – ауыстырып салу) – адам мен жануарларда органдар мен тіндерді ауыстырып салу. Өсімдіктерде – өсімдіктер бөліктерін аналық өсімдіктердің басқа жеріне немесе басқа өсімдіктерге ауыстырып салу. Бақша өсіру мен эксперименттік зерттеулерде қолданылады.

Тарихы[өңдеу]

Трансплантация әдісі көне заманнан белгілі. Тері қабатының орнын ауыстырып салу әрекеті алғаш рет Б.з.д. 1500 жылы жасалған. Клиникалық тәжірибеде бұлшық етттісіңірдіқан тамырларынжүйке талшықтарынсүйек кемігін, т.б. ауыстырып салу жиі қолданылады. Трансплантацияның ерекше бір түрі – қан құю. Ең жиі алмастырылатын орган – бүйрек болып саналады.

  • 1902 жылы австриялық хирург Е.Ульманн алғаш рет бүйректі Трансплантациялау операциясын жасады.

  • Бұрынғы КСРО-да мұндай операцияны бірінші болып белгілі орыс хирургі Б.Петровский жасады (1965). Ол донор бүйректі шешесінен алып қызына салды, операция сәтті аяқталды. *Адамнан адамға жүрек алмастырудың алғашқы операциясын 1967 жылы оңтүстік африкалық хирург К.Барнард жасады. Пациент 18 күн өмір сүрді.

  • Клиникада өкпені ауыстырудың алғашқы операциясын 1963 жылы америкалық кардио-хирург Дж.Харди (бір топ дәрігерлермен бірге) іске асырды.

  • Қазақстанда органды Трансплантация операциясын тұңғыш рет М.Әлиев жасады.

Қазіргі кезде трансплантация экспериментті биология мен медицинада ауто- (өз тіндерін Трансплантациялау), гомо- (сондай түрдің донорынан Трансплантациялау) және гетеротрансплантация (басқа түрдің донорынан Трансплантациялау, мысалы итке қояннан) кеңінен қолданылады. мысалы экспериментті онкологияда (жануарларға тәжірибе жасауда) қатерлі ісік штаммдарын Трансплантациялау. Трансплантацияға қажетті орган не тінді трансплантат деп атайды. Мұны ауру адамның ең жақын туысынан немесе қайтыс болған адамнан (мәйіттен) жан-жақты медициналық тексеруден өткізген соң алады. Трансплантатқа қойылатын басты шарттар: мәйіт жас адамдікі болғаны жөн; қан қысымы қайтыс болғанша қалыпты деңгейде болуы; қатерлі ісік немесе жұқпалы аурумен ауырмағандығы; ауруханада қайтыс болуы (немесе адам қайтыс болар алдында бірнеше сағат ауруханада болғаны) қажет.

Трансплантация (transplantatіo – ауыстыру) – адам мен жануарда – бір организмнің (донор) мүше­лерін басқа организмге (реципиент) ауыс­ты­рып салу. Трансплантацияға тері, бұлшық ет, нерв, көздің мүйізгек қабығы, май және сүйек ткань­дары, жілік майы, жүрек, бүйрек, т.с.с. жата­ды.

Биология, эксперименттік (жануарға өткізіледі) және клиникалық медицинада транспланта­ция­ның ауто (өз тканьдарын трансплантациялау), гомо (сол түрдегі донордан трасплантациялау) және гетеротрансплан­тациялау (басқа түрдің доно­рынан. Мысалы, жануар­дан адамға) түрлері болады.

Донор – тірі адам немесе жүрегі тоқтап көз жұмған, апат­тан қайтыс болған (биологиялық өлім) мәйіт бола алады.

ҚАРАПАЙЫМ АДАМДАР ПІКІРІ:

М. АХМЕТОВА:

— Жақында теледи­дардан ана­сына бауырының жартысын беріп, анасын ажалдан құтқарып қалған жиырма бес жастағы үш баланың анасы жайлы естігенде қыздың ерлігіне тәнті бол­дым. Мұндай ерлік кез кел­ген адамның қолынан келе бер­мейтін шығар. Ал енді жол апатынан қайтыс болған бір адамның сау ағзаларын трансплан­тациялау ар­қы­лы төрт адамның өмірін алып қалған жаңалықты да естігенім бар. Бұл операцияның Сызғанов атын­дағы хирургия орталығында жүзеге асырылғанын да білемін.

Әрине, төсекке таңылып жатқан мыңдаған адам бөгде адамдардан алынған жүрек, бүйрек, бауыр және басқа да мүшелерінің арқасында ауру­ларынан айығып, өмірлерін жалғас­тыру бақытына ие болып, ел қатарлы өмір сүріп жатса, транс­план­тациялау ісін қолдауымыз керек шығар. Транс­плантация деген­ді естігенімізге көп бола қойған жоқ қой. Халыққа түсінді­ріп, осындай ота жасалып, өмір сүріп жатқан адам­дарды мысалға келтіріп, донор­лық деген не, соны түсіндіре білуі­міз керек шығар. Оның үстіне, қайтыс болған туысы­ның тәнін кескілет­кенді кім қалай­ды дейсіз. Қиын мәселе, дейтұр­ғанмен, сау ағзаның қызығын қара жер көргенше өмірге құштар адамзаттың көргені дұрыс деп ойлаймын.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]