Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ImmunologiaSessia.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
552.68 Кб
Скачать

Иммундық жүйенің жалпы сипаттамасы[өңдеу]

Иммундық жүйе организмнің жұқпалы ауруларға және табиғи жай заттардың зиянды әсеріне қарсы тұру қабілеттілігін қамтамасыз етеді, қызметті қалпынан өзгергенде адам ауруларға тез ұшырайды.

Иммунитет - организмнің жұқпалы ауруларға қарсы тұру, бөтен заттарды, вирустарды, бактерияларды танып зиянсыздандыру қасиеті.

Адамда екі түрлі иммунитеті болады:

  1. іштен туа біткен иммунитет

  2. жүре пайда болған иммунитет

Іштен туа біткен иммунитет - бөтен бөлшектерге қарсы организмде ең бірінші қорғаныш реакциялары қалыптасады. Іштен туа біткен иммунитет бөтен заттың немесе бөлшектің түріне ерекшелігін көрсетпейді.

  1. Іштен туа біткен иммунитеттің негізгі жасушалары:

  2. макрофагтар,

  3. моноциттер

  4. нейтрофилдер.

Организмге бөтен зат түскенде аталған жасушалар мембраналардың сыртқы жағында орналасқан рецепторлармен оларды байланыстырып жұтып алады да ыдыратады.

Іштен туа біткен иммунитеттің реакцияларын қалыптастырады:

  1. сулы ортада еритін факторлар, цитокиндер, мысалы, интерферондар, интерлейкиндер т.б. қосылыстар.

  2. комплемент жүйені активтендіретін қосылыстар.

Иммундық жүйенің қызметі[өңдеу]

Иммундық жүйенің қызметі:

  • организмнің бөгде заттар мен бөлшектерге қарсы тұру қабілеттілігін күшейтеді;

  • организмнің генетикалық тұрақтылығын сақтайды;

  • организмді жұқпа аурулардан қорғайды, қатерлі ісіктердің түзілуін бақылайды;

  • ауыстырып отырғызған мүшеге қарсы организмнің жауабын қалыптастырады;

  • басқа қызметтер атқарады.

Иммундық жүйенің мүшелері басқа мүшелермен өзара әрекеттеседі.

Иммундық жүйенің қасиеттері[өңдеу]

Иммундық жүйенің қасиеттері:

  1. жоғары ерекшелігі, бөгде қосылыстар мен бөтен микроорганизмдерге қарсы ерекше реакцияларды қалыптастырады.

  2. организмнің өзінің қосылысын танып, бөтен заттан айыру қабілеттілігі.

Өте сирек кездесетін құбылыс – иммундық жүйенің әсері организмнің өзінің қалыпты ұлпаларының жасушаларына қарсы бағытталады, нәтижесінде адамда аутоиммундық аурулар дамиды.

Иммундық жүйенің жауабы есте сақталады, Антигенмен организм қайта кездескенде иммундық жүйенің реакцияларының жылдамдығы және тиімділігі жоғары болады, антиденелердің деңгейі тез жоғарылайды.

Антигендердің ең бірінші акцепторлары ретінде лимфоциттер қызмет атқарады. Лимфоциттер лимфалық түйіндерінде орналасады.

28.Көк бауыр айырша безге ұқсас па? Орналасуы, құрылысы және қызметтері.

Көкбауыр (Селезенка) — 1) омыртқалы жануарлардың құрсақ қуысына орналасқан органы; қан түзуге, зат алмасуына қатысады; иммунобиологиялық және қорғаныш функциясын атқарады; 2) отқа қуырылған көкбауырды сөкпен жаншып, май салып дайындаған

Айырша без (грек, thymus — тимус) — омыртқалы жануарлар мен адам организмдеріндегі иммундық жүйенің қалыптасуы мен оның қызметінің толық атқарылуын қамтамасыз ететін без. Айырша без иммундық жүйенің орталық мүшесіне жатады. Ол көкірек қуысында орналасқан тақ көкірек бөлігінен және кеңірдектің екі қапталында жатқан жұп мойын бөлігінен тұрады. Адам мен жануарлар организмдеріндегі жасушалық және гуморальдық (сұйықтық) иммунитеттердің қалыптасуында маңызды рөл атқаратын Т лимфоциттердің түрліше популяцияларын түзу арқылы айырша без денедегі иммуногендік қызметті реттеуге қатысады. Ол гуморальды фактор — тимозинді организмнің ішкі сұйық ортасына (қан, лимфа, ұлпа сүйығы) бөліп, шеткі лимфоидты мүшелер — лимфа түйіндері мен көкбауырдағы лимфоциттердің көбейіп жетіліп, әсерлі (эффекторлы) клеткаларға айналуын қамтамасыз етеді. Құрылысы жағынан айырша без лимфоидты-эпителиальды мүшелерге жатады. [1]

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]