Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ImmunologiaSessia.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
552.68 Кб
Скачать

Айырша безі[өңдеу]

Айырша без(тимус) кеуде қуысында кеңірдектің жоғарғы ұшын жауып тұрады. Адамның балалық шағында ірі (30грамм) толады. Жыныстық жетілуден кейін кішірейеді (20грамм). Қызметі : 1)Бұл без тимозин гармонын бөледі, ол ағзада иммундық жүйеніңорталық жүйесі болып саналады.т 2)Тимозин гармоны жетіспесе, ағзаның иммундық қысиеті төмендейді. 3)Көкбауырдың мөлшері кішірейіп, қандағы лимфоцит жасушалары азайып, қарсыдене түзілмейді.

Қан жасушалары — адам мен жануарлар организмдерінің тіршілігіне тым қажет қызметтер атқаратын қанның құрамындағы жасушалар. Қан жасушаларына: эритроциттер (қанның қызыл жасушалары), лейкоциттер(қанның ақ жасушалары) және қан табақшалары (құстар мен төменгі омыртқалы жануарларда — тромбоциттер) жатады. Сүтқоректі жануарлар эритроциттерінде ядро және көптеген органеллалар болмайды. Эритроцит цитоплазмасы құрамында қанға қызыл түс беретін, тотығу-тотықсыздану реакцияларына қатысып, организмдегі газ алмасу процесін іс жүзіне асыратын күрделі белок — гемоглобин болады. Гемоглобиннің құрамына темір (Ғе) кіреді. Ал құстар мен төменгі омыртқалы жануарлар эритроциттерінде ядро болады. Лейкоциттер гранулоциттер (дәншелі, түйіршікті) және агранулоциттер (дәншесіз, түйіршіксіз) болып екі топқа бөлінеді. Гранулоциттерге эозинофилдер (жасуша цитоплазмасында ірі қызыл түйіршіктер болады), базофилдер (клетка цитоплазмасында көкшіл түсті түйіршіктер болады) және нейтрофилдер (жасуша цитоплазмасында қызғылт майда түйіршіктер болады) жатады. Гранулоциттердің ядролары бірнеше бөліктерден (сегменттерден) тұрады. Сондықтан, бұларды "сегментті ядролы лейкоциттер" деп атайды. Гранулоциттер фагоцитозпроцесіне қатысып, қорғаныс қызметін атқарады. Агранулоциттерге лимфоциттер мен моноциттер жатады. Лимфоциттер— ірі дөңгелек ядролы, ұсақ жасушалар. Лимфоциттер өз кезегінде Т- лимфоциттер және В- лимфоциттер болып екі топқа бөлінеді. Т- лимфоциттер организмдегі клеткалық иммунитетке, ал В- лимфоциттер гуморальдық (сұйықтық) иммунитетке жауапты. Моноциттер — ядросының пішіні лобия тәрізді ірі жасушалар. Моноциттерден ұлпа макрофагтары дамып жетіледі. Қан табақшалары (тромбоциттер) қанның ұюын қамтамасыз етеді. Қан — сұйық ішкі орта ретінде жануарлар организміндегі жасушалық және ұлпалық деңгейдегі зат алмасуды (қоректік заттарды мүшелерге, ұлпаларға, жасушаларға, ал организмде түзілген ыдырау өнімдерін, керісінше, бөлу мүшелеріне жеткізу, газ алмасу) қамтамасыз ету, заттарды тасымалдау, организмнің ішкі құрам тұрақтылығын сақтау, қорғаныс (фагоцитоз, антиденелер, ұю) қызметтерін атқарады

ммунды жүйе — барлық лимфоидты организмдер мен организмдегі торшалар жинағы. Ерекше иммундық қорғаныс механизмдеріне жауапты.

Иммунды жүйе сүйектік қызыл кемігі, лимфа безі, айыршық безі (тимус), кұстардық фабрицнев қапшығы, көкбауыр, сондай-ақ тыныс алу және ас қорыту жолдарындағы топталған лимфоидты тканьдар кіреді. Иммунды жүйе ең басты мүшесінің қызметін әртүрлі лимфоциттердің субпоппуляциялары және лимфоциттердің кейбір тармақтары атқарады, олар макрофагтармен қосылып, иммунологиялық жауаптың негізі — антиденелер түзу және сезімталдығы күшейтілген лимфоциттердің жиналуын қамтамасыз етеді, ал бұлар бөтен антигендерді таниды, қорытады және жояды.

Кемік майы қабырғаларда, омыртқаларда, жіліктердің шеміршекті ұштарында және т. б. сүйектерде кездеседі. Ол организмде өмір бойы сақталады да, одан үнемі қан жасушалары түзіліп отырады. Ересек адамның сүйектерінде кемік майының мөлшері шамамен 2,5-3 кг. Кемік майы екі түрлі. Оның біріншісі - қысқа және жалпақ сүйектердің кемікті қуыстарындағы қызыл түсті кемік майы. Екіншісі - түтік пішінді сүйектердің (жіліктердің) ішкі қуысындағы сарытүсті жілік майы.

Иммундық жүйенің шеткі мушелеріне - бадамша бездер, лимфа түйіндері, көкбауыр, соқырішек және т. б. жатады. Жұтқыншақтың сілемейлі қабығында 6 бадамша без шоғырланған. Оларды жұтқыншақ лимфа сақинасы деп те атайды. Ол арада жұп таңдай, жұп түтікті, сыңар жұтқыншақ және сыңар тіл, бадамша бездері орналаскан. Бұл бадамша бездер организмге тамақпен түскен зиянды микробтарды жоюға қатысады. Лимфа түйіндері көбіне ірі қантамырлардың маңында болады. Адам организмінде 460-қа жуық лимфа түйіндері бар. Олар шоғырланып жатады.

Көкбауыр - құрсақ куысының жоғары бөлігінің сол жағындағы 9-11 қабырғалардың тұсында орналасқан сыңар мүше. Оның ұзындығы шамамен 10-14 см, ені 6-10 см, қалыңдығы 3-4 см, салмағы 150- 200 г. Көкбауырда қан жасушалары түзіледі әрі уақытша сақталады. Сонымен бірге көкбауырда тіршілігін жойған эритроциттер жиналады. Иммундық мүшелер организмнің ішкі ортасының тұрақтылығын және генетикалық тұтастығын қамтамасыз етеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]