Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ImmunologiaSessia.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
552.68 Кб
Скачать

Мазмұны

  [жасыру] 

  • 1Иммундық жүйенің жалпы сипаттамасы

  • 2Иммундық жүйенің қызметі

  • 3Иммундық жүйенің қасиеттері

  • 4Иммундық жүйе мүшелері

  • 5Иммундық жүйенің жасушалары

  • 6Дереккөздер

Иммундық жүйенің жалпы сипаттамасы[өңдеу]

Иммундық жүйе организмнің жұқпалы ауруларға және табиғи жай заттардың зиянды әсеріне қарсы тұру қабілеттілігін қамтамасыз етеді, қызметті қалпынан өзгергенде адам ауруларға тез ұшырайды.

Иммунитет - организмнің жұқпалы ауруларға қарсы тұру, бөтен заттарды, вирустарды, бактерияларды танып зиянсыздандыру қасиеті.

Адамда екі түрлі иммунитеті болады:

  1. іштен туа біткен иммунитет

  2. жүре пайда болған иммунитет

Іштен туа біткен иммунитет - бөтен бөлшектерге қарсы организмде ең бірінші қорғаныш реакциялары қалыптасады. Іштен туа біткен иммунитет бөтен заттың немесе бөлшектің түріне ерекшелігін көрсетпейді.

  1. Іштен туа біткен иммунитеттің негізгі жасушалары:

  2. макрофагтар,

  3. моноциттер

  4. нейтрофилдер.

Организмге бөтен зат түскенде аталған жасушалар мембраналардың сыртқы жағында орналасқан рецепторлармен оларды байланыстырып жұтып алады да ыдыратады.

Іштен туа біткен иммунитеттің реакцияларын қалыптастырады:

  1. сулы ортада еритін факторлар, цитокиндер, мысалы, интерферондар, интерлейкиндер т.б. қосылыстар.

  2. комплемент жүйені активтендіретін қосылыстар.

Иммундық жүйенің қызметі[өңдеу]

Иммундық жүйенің қызметі:

  • организмнің бөгде заттар мен бөлшектерге қарсы тұру қабілеттілігін күшейтеді;

  • организмнің генетикалық тұрақтылығын сақтайды;

  • организмді жұқпа аурулардан қорғайды, қатерлі ісіктердің түзілуін бақылайды;

  • ауыстырып отырғызған мүшеге қарсы организмнің жауабын қалыптастырады;

  • басқа қызметтер атқарады.

Иммундық жүйенің мүшелері басқа мүшелермен өзара әрекеттеседі.

Иммундық жүйенің қасиеттері[өңдеу]

Иммундық жүйенің қасиеттері:

  1. жоғары ерекшелігі, бөгде қосылыстар мен бөтен микроорганизмдерге қарсы ерекше реакцияларды қалыптастырады.

  2. организмнің өзінің қосылысын танып, бөтен заттан айыру қабілеттілігі.

Өте сирек кездесетін құбылыс – иммундық жүйенің әсері организмнің өзінің қалыпты ұлпаларының жасушаларына қарсы бағытталады, нәтижесінде адамда аутоиммундық аурулар дамиды.

Иммундық жүйенің жауабы есте сақталады, Антигенмен организм қайта кездескенде иммундық жүйенің реакцияларының жылдамдығы және тиімділігі жоғары болады, антиденелердің деңгейі тез жоғарылайды.

Антигендердің ең бірінші акцепторлары ретінде лимфоциттер қызмет атқарады. Лимфоциттер лимфалық түйіндерінде орналасады.

Иммундық жүйе мүшелері — организмнің бөгде заттарға (бактериялар, вирустар, түрлі протеиндер) қарсы түру қабілеттілігін жоғарылататын жүйе мүшелері. Иммундық жүйе мүшелеріне сүйектің қызыл кемігі, тимус (айырша без), көкбауырлимфа түйіндері, әртүрлі ішкі мүшелердегі лимфоидты ұлпа жиынтықтары жатады. Иммундық қорғанысқа иммундық жүйе мүшелерінде түзілетін иммуноциттер (Т-және В-лимфоциттер, плазмоциттер) қатысады. Т-лимфоциттер жануарлар организміндегі жасушалық иммунитетті, В- лимфоциттер және олардың туындыларды плазмоциттер денеге енген бөгде заттарға қарсы - денелер түзу арқылы гуморальдық иммунитетті қалыптастырады.

23. Орталық лимфо-миелоидтық мүшелер қандай жануарларда болады? Бұл мүшелердің мағынасын дәлелдеңіздер.

Жануарлар (лат. Animalia) — тірі организмдер дүниесіндегі негізгі екі топтың бірі (екіншісі – өсімдіктер); жүруге және сезінуге бейім тіршілік иесі; негізінен, дайын органикалық қосылыстармен қоректенетінгетеротрофты организмдер. Жануарлар құрылысына қарай бір жасушалы организмдер және көп жасушалылар болып екі топқа бөлінеді. Жер бетінде жануарлар прокариоттар (ядросыз организмдер),балдырлар, саңырауқұлақтардан кейін пайда болған. Палеонтологиялық зерттеулерге қарағанда олардың жасы – 0,8 млрд. жылдан аспайды (1998). Жануарлардың дамуы да қоршаған ортаның эволюциялық дамуына сәйкес қалыптасқан. Эволюциялық өзгерістер сыртқы ортаның өзгерісіне организмдердің бейімделуімен ұштасады. Мысалы, құрлық жануарларының арғы тегі су жануарлары болып саналады. Ал қоршаған ортаға бейімделе алмаған құрлық жануарлары бұрынғы тіршілік ортасында қалып қойған. Жануарлардың қазба қалдықтарын зерттеу нәтижесі қарапайым организмдердің архей эрасында мұхиттарда бұдан 1 – 1,5 млрд. жыл бұрын жасуша формасында хлорофилсіз амеба тәрізді талшықтылар түрінде пайда болған деп жорамалдауға мүмкіндік береді. Протерозой эрасында тіршілік еткен жануарлар қалдықтарынан радиоляриялар, фораминифералардың іздері, губкалардың қаңқалары, буылтық құрттардың түтікшелері, моллюскілердің бақалшақтары, тіпті буынаяқтылардың да қалдықтары табылған. Жануарларда ас қорыту, қан айналу, жүйке жүйесі, сезім және жыныс]органдары, тыныс алу, зәр шығару жүйесі жақсы жетілген. Дүние жүзінде жануарлардың 1,6 млн-дай түрі, 17 типі бар. Жануарлардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы өте зор: көпшілігі пайдалы болып табылады. Азық-түлік, әртүрлі өнеркәсіп шикізатын: ет, май, сүт, тері, жүн, бал, жібек, мүйіз, бақалшақ, т.б. береді. Сондай-ақ, олар – ауыл шаруашылық дақылдарының тозаңдатушылары, топырақ түзушілері, басқа жануарларға азық қорлары, органикалық заттардың ыдыратушылары болып табылады. Жануарлардың өнімділігін арттыруды, тиімді пайдалануды және табиғаттағы қорын сақтауды зоология ғылымы мен оның салалары зерттейді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]