Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ImmunologiaSessia.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
552.68 Кб
Скачать

Тимоциттер.[өңдеу]

Тимоциттер бір- бірінен эпителиалды жасушалармен шектелетін үлкен емес аралшықтарда орналасады.Бұл жиындарды кларк- пакеті деп аталады. Әрбір пакетте міндетті түрде 1-2 макрофактар болады. Пайда болатын тимустық лимфоциттердің жарты бөлігі осы жерде бұзылады, басқа бөлігі циркуляцияға ұшырайды.

Айырша без эмбриогенездік дамудың алғашқы кезеңінде яғни алғашқы айында да бронх қалтасының 2-3 энтодермасынан бастама алады.Лимфо түйіндері тек 3 айдан соң түзіледі.Лимфо түйіндерінің синустарымен стромалық түзілуі туғаннан кейін аяқталады.Лимфоидты фолликулалар өмірінің алғашқы айында дамиды, ал лимфоидты ұлпа толығымен 5 жасқа толғанда толығымен дамиды.Айырша без біртіндеп атрофирленеді.Бұл мүшелердің абсалютті массасы жыныстық жетілу кезеңіне дейін жоғарлайды,содан соң төьендейді. Толығымен мүше ешқашан жойылмайды.Айырша бездің лимфоидты паренхимасы 17 жаста барлық ағза салмағының 50-50% , 60 жаста 10% құрайды.Жаңа туған жануарларда безді алып тастау 1,5-3 айдан кейін ауыр трофикалық иммунды бұзылыстарға әкеледі.(Wasting-синдромы) Бұл күрт ауырумен кішкентай бойлықпен, жүндердің түсуімен диарея, дерматитпен сипатталады.Көк бауыр операциясынан кейін алғашқы күндері лимфоидты элементтің түзілуінің тежелуімен эмбрионалды қан айналым жалғасады. Кеш мерзімінде көк бауырдың лимфоидты ұлпасы ретикулоэндотелиалды элементтің активті өсуінде атрофияланады, лимфоидты фолликула және лимфоциттер деструкциясы басқа лимфотүйіндерінде лимфоидты элементтер ретикулоэндотелиалды және плазмалық жасушалармен ауысуы жүреді.Түйіндер атрофирленеді перифериялық қанда лимфопения,нейтрофиллез байқалады. Көк бауырмен лимфотүйінде атрофияға тимус тәуелді аймақтар ұшырайды.Айырша безді алып тастағанда иммуиды реакция төмендейді баяу типті гипер сезімталдық реакциясы тежеледі.

Сүйек кемігі[өңдеу]

Сүйек кемігі- ретикулярлы стромадан құралады.Олардың арасында көбейетін және дифференцияланатын миелоидты эритроидты, мегакариоцитті элементтер орналасады.Адам сүйегінде 1,5% ретикулярлы жасуша 60-65% миелоидты жасуша 6-8 % лимфоциттер 1-3% моноцит 0,4 % мегакориоцит 0,4% плазматикалық ретикулоядерны жасушалар 26% құрайды.

Көк бауыр[өңдеу]

Көк бауыр – организмнің негізгі элементі болып табылады. Оның құрамында қызыл пульпасы бар көп мөлшерде эритроциттер бар синусоидтармен қапталған.Олар синусоидтарда артериола бойымен өрім түрінде орналасады.Бұнда лимфо тамырлары жоқ. Лимфоидты ұлпамен қан арасындағы жасуша алмасу синусоидттардың ретикулярлы ұлпалармен трабекулалардың арқасында қамтамасыз етіледі. Антидене синтезімен көп мөлшерде плазматикалық жасушалар жиналуын қамтамасыз етеді. Антигенді көктамырға енгізгенде антиденелер көк бауырда өндіріледі.

Қан[өңдеу]

Қан – иммунды жүйенің перифериялық ұлпаларына жатады.Онда бағаналық қан жасушалары және екі типті циркурленеді. Моноциттермен неитрофилдер фагоцитарлы қызмет атқарады.Адам қанының 30% лимфоциттерді құрайды. Адам қанында циркурленетін қанның жалпы саны 10-10 дәрежесіне тең.

21. Сүйек кемігі мағынасын дәлелдеңіздер.

Сүйек кемігі майы (костный мозг) (medulla ossium, лат. medulla — милық, os — сүйек) - қаңқа сүйектерінің жілік бастарындағы, омыртқа денелеріндегі және жалпақ сүйектердегі сүйек кемігі тақташаларының аралықтарындағы ұяшықтарды толтырып тұрған қан тұзуші мүше.

Оның негізін құрамында әр түрлі даму сатысындағы қан жасушалары мен тамырлары бар жіңішке та шықты ретикулалы ұлпа құрайды. Сүйек кемігі майында түзілетін барлық қан жасушаларының бастама ізашар жасушалары — көп мүмкіндікті діңгекті жасушалар. Олардан көп мүмкіндікті жартылай діңгекті жасушалар, бір мүмкіндікті бласттар жетіледі. Бласттардан эритроциттердің даму қатары (базофилді, полихромотофилді, ацидофилді эритробласт, нормобласт, эритроцит), лейкоциттердің даму қатары (гранулоциттер, агранулоциттер), мегакариоциттің даму қатары (қантабақшалары) дамиды.

Гранулоциттер жасушалар қатарынан цитоплазмасында әр түрлі дәншелері бар базофилді, эозинофилді және нейтрофилді гранулоциттер, лимфобласттардан тимус пен шеткі қан жасау мүшелерінде (көкбауыр, лимфа түйіндері, лимфоэпителтальды құрылымдар) Т- және В- лимфоциттер, монобласттардан моноциттер жетіледі.

ірек-қимыл жүйесі (ТҚЖ) — кеңістікте қозғалу мүмкіндігі мен ағзаның ішкі мүшелерінің қорғанысын қамтамасыз ететін, оған тірек болатын, ағзаға пішін беретін, қаңқа түзуші құрылымдар кешені, адамның қозғалыс аппараты. Тірек-қимыл жүйесі (ТҚЖ) 640 бұлшықеттен, 200-212 сүйектен (қаңқа), бірнеше жүздеген сіңірден тұратын өздігінен жұмыс атқаратын механизм. Тірек-қимыл жүйесінің өсуіне гипофиз гармоны соматотропин ықпал етеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]