Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ImmunologiaSessia.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
552.68 Кб
Скачать

Клиникалық көріністері[өңдеу]

Сырқаттың алғашқы белгісі болып миелоцит пен промиелоциттерде шегінген нейтрофильды лейкоцитоз болуы мүмкін. Көбіне ауру жалпы әлсіздіктен, тез шаршаудан, жүдеуден басталады. Біртіндеп әлсіздік ұлғая түсіп, дене қызуы басталады.

Жиі кездесетін белгілері[өңдеу]

Бірі - ол сол жақ қабырға астының ауруы, өйткені көкбауыр мөлшері қатты ұлғайып, оның капсуласы керіледі. Көкбауыр инфарктінде ауыру кенеттен пайда болып, дем алғанда күшейе түседі. Сүйектер ауырады. Ол миелоидты тіннің гиперплазиясының нәтижесіне байланысты өрбиді. Миелоидты сүзгілердің әр түрлі ішкі ағзаларды зақымдауына байланысты қосымша симптомдар анықталады: диспепсия, жөтел, неврологиялық өзгерістер. Анемия жүрекке салмақ түсіреді, ентігу ісіну пайда болады. Тромбоцитопения нәтижесінде геморрагиялық асқынулар дамиды. Көріп қарау арқылы сырқаттың даму кезеңін шамалаймыз: I-бастапқы кезең, II-айқындалған кезең, III-дистрофиялық соңғы кезең. Аурудың соңғы кезеңі кахексияға ұласады. Бауыр мен көкбауырдың үлкеюінен іштің көлемі қатты өседі, яғни шеменеденеді, бұл кезде дене қызбасы тұрақты сақталады. Сүйектер сырқырайды, денеде некроз ошақтары көбейе түседі. Пальпация арқылы тексергенде үлкейген лимфа бездері, үлкейген бауыр, әсіресе қатты үлкейген көкбауыр анықталады. Басқа ешбір ауруда көкбауырдың мөлшері сонша үлкеймейді. Көкбауыр инфаркті дамыған кезде пальпация жасағанда ауырады, ал аускультация әдісімен сол жерден іш пердесінің шуылын анықтауға болады. Қанда лейкоциттер саны 300х10^9-600х10^9 г/л жетеді, бастапқыда көп өзгермей, кейін күрт өзгеріске ұшырайды. Мұндай моелолейкоздың түрін лейкемиялық деп, ал лейкоциттердің санының орташа көбеюін өсу блейкемиялық, қалыпты деңгейін - алейкемиялық деп атайды.

Қанның жағындысында негізгі клеткалар гранулоциттермен сипатталған оның ішінде дамуы жетілмеген түрлері миелоциттер, промиелоциттер, кейде миелобласттарға дейін кездеседі. Дерттің үдеу кезеңінде тек миелобласттар және гранулоциттер анықталып, олардың арасындағы дамып жатқан клеткалар болмайды. Базофильдер мен эозинофильдердің саны көбейеді. Базофильдердің 4-5% болуы миелолейкоздың сенімді белгісі болып табылады. Қызыл қанның өзгеруі тек аурудың II-III кезеңдерінде анемия дамығанда ғана пайда болады, түсті көрсеткіш өзгермейді. Соңғы, терминалды кезеңінде тромбоцитопения анықталады. ЭТЖ 30-70 мм/сағ дейін тездейді. Миелограммадағы өзгерістер де осындай, бласты клеткалардың мөлшері 95%-ға дейін жетеді.

Созылмалы лимфолейкоз - имунокомпонентті клеткалардың қатерсіз өспелеріне жатады. Бұл аурумен көбінесе 45 жастан асқан ер адамдар ауырады. Аурудың негізінде В-Т лимфоциттердің әр түрлерінің көбейіп, жиналуы жатады. Лимфоциттер барлық жүйелерді зақымдайды. Жалпы бұл ауру көп уақыт бойы байқалмауы мүмкін. Алғашқы белгілері: жалпы әлсіздік, тез шаршап қалу, көңілдің тез өзгеруі. Біртіндеп әлсіздік артып дене қызуы субфебрильды, қабырға астылық ауырсыну сезімі, тершеңдік қосылады. Бұл аурудың клиникалық көріністері айқындалған кезеңінде науқастың перифериялық лимфобездері үлкейе түседі 2-3 см. Қосымша шағымдар лимфоидты сүзгісінің орналасқан жерііне байланысты болады: диспепсия және іш өту, ентігу және демікпе терінің құрғауы және қышуы, қызаруы және т.б. Лейкемиялық инфильтраттың сүйек миында орналасқан кезінде геморрагиялық көріністер мен анемия туындайды. Науқасты көріп қарау кезінде - үлкейген ақ лимфобездерін байқауға болады, ол I топтан II топқа жайылады. Тері инфильтрациясы оның тығыздалуын, қызаруын, құрғап қабыршақтануын туындатады. Науқастар терминальды кезеңде қатты жүдейді. Пальпация әдісі үлкейген лимфобездерін, олардың жағдайын, сипатын анықтауға мүмкіндік береді. Лимфобездер қамыр тәрізді консис тенциялы, бір-бірімен және терімен жабыспаған, көбінесе ауырмайды. Мөлшері тауық жұмыртқасындай, бірақ қанша үлкейгенмен іріңдемейді, кейін жараға айналмайды. Бұл ауруларда бауыр мен көкбауыр үлкейген, тығыздалған. Көкбауыр инфаркті дамыған уақытта ауыру сезімі пайда болады. Аурудың лейкемиялық түрінде қанда лейкоциттер саны 300х10^9 г/л және одан да көпке дейін көтеріледі, ақ қанның құрамы 80-95% лимфоциттерден тұрады. Кейде олардың ядросы мен цитоплазмасы өзгеше болып келеді: клеткалар нәзік, жағынды дайындаған кезде ыдырап, ”Боткин-Гумпрехт денешіктерін” түзеді. Жас клеткалар - пролимфоциттер және лимфобласттар-аурудың өрбу кезеңінде көбейеді. Нейтрофильдердің саны - шамамен 4-20%-ға азаяды.Терминалды кезеңінде аутоиммунды анемияментромбоцитопения қосылады. Сүйек миы пунктатында лимфоидты метаплазия көріністері 50%,кейде 90% лимфоидты қатардың клеткалары, гранулоциттер мен эритроциттер санының азайғанын анықтауға болады. Лимфобездер пунктаты айтарлықтай мәлімет бермейді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]