Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ImmunologiaSessia.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
552.68 Кб
Скачать

17.Иммуноглобулиндердің қай класы құрттарға қарсы тұрады? Құрамы, құрылысы және қызметтері. Схемасын келтіріңіздер.

Иммуноглобулиндер жайлы тарих: 60-70 жылдары В.Портер мен Д.Эдельманның жұмыстарында антидене молекуларының құрылысы мен иммуноглобулиндердің негізгі фрагменттерінің рөлі толық шешілген; антиденелердің белсенді орталығының құрылысы мен орналасуы және әр кластағы иммуноглобулиндердің химиялық құрылысы мен айырмашылықтары көрсетілген үшін В.Портер мен Д.Эдельман 1972 жылы Нобель сыйлығына ие  болған. Бұл аумақтағы жұмыстар 1980 жылдарда да белсенді жетілген: П.Берг, У.Гильберт, Ф.Сегнер жұмыстарында иммуноглобулиндердің түзілуін бақылаушы гендердің құрылымы белгілі болған. Молекулалық  биологияның бұл аймағындағы жетімтігі де Нобель сыйлығына ие болған. Қазіргі жағдайда, барлық антиденелер нәруыз болып табылатыны көпшілікке белгілі. Сонымен қатар, олар иммуноглобулиндерге жататын арнайы ақуыздар болып табылады. Адамда иммуноглобулиндердің 5 негізгі кластары бар: G, М, А, D, Е. Бұл иммуноглобулиндер кластарыньщ әр қайсысы өзіндік құрылысты болады және белгілі бір жұмыс атқарады. Олардың барлығы екі түрлі полипептидті тізбекті жинақталған агрегаттардан тұрады, оның бір тізбегі — «жеңіл», екіншісі «ауыр» деп аталып, Н және L әріптер-мен белгіленеді (ағылшынның «һеаvу» мен light» сөздерінен). Н және L тізбектері бөлек синтезделінеді, ал Іg молекуласының жасалуы Гольджи комшіексінде жүзеге асады. Барлық иммуноглобулин кластары ішінде жеңіл тізбектердщ құрлысы ұқсас болады. Кластардың айырмашылықгары ауыр тізбектердің құрылысына байланысты болады. Иммуноглобулиндер құрылысын мономерлі иммуноглобулин G,  мысалында қарастыруға болады. Иммуноглобулин G, молекуласы 4 полипептидтік: 2 ауыр және 2 жеңіл тізбектерден тұрады. Әр жеңіл тізбек ауыр тізбекке дисульфидтік байланыспен (8-8) қосылған. Осындай екі байланыспен екі ауыр тізбекте бір-бірімен қосылған. Молекула қурылысында екі бірдей белсенді орталығы бар, бірақ кеңістікте бөлініп кеткен. Осындай екі антигенбайланысты-руиіы орталықхар иммуноглобулин молекуласына бір уақытта екі бірдей антигеңдерді байланыстыруға қабілет береді. Барлық иммуноглобулиндер түрлерінің жеңіл тізбексгері екі доменнен тұрады, ал ауыр тізбегі — төрт немесе бес доменнен тұрады; ол иммуноглобулин класына байланысты. Домен — бұл 110-120 амин қышқылынан тұратын тізбек аумақ. Барлық домендер ұқсас құрьшымды, олар ішкі дисульфидтік байланыс арқылы тұрақтанады. Ауыр және жеңіл тізбектердің  N-ұштыц домендері вариабелді деп аталады және VVL, ҮL деп белгіленеді, олардың аминқышқылдық құрылымы  иммуноглобулиндердің әр түрлі антигендік ерекшелігіне байланысты болады. Антигендік детерминантаны (гаптенді) байланыстырушы белсенді орталықтары жеңіл және ауыр тізбектердің вариабелді аймақтарынан тұрады (Ун және У-домендері). Иммуноглобулин С молекуласының  құрылысы Антигендермен тікелей байланысатын — ол V-доменңің гипервариабельді аймағының амин қышқьшдары. Белсенді орталыгындагы ауыр және жеңіл тізбектерінің өзгермелі аймацтары араларының түрі белгілі гаптендік тобына сай болады. Ужacнo быcтpo xyдeют нoги и живoт Народное средство, которое спасет вас от мастопатии Қалған домендер иммуноглобулиндер класьша сай шектеулі тұрақты құрылымнан тұрады және С-домен деп белгіленеді. Жеңіл тізбектегі С-домен С деп белгіленеді, Н-тізбектегі С-домендер СН1, СН2 жэне СН3 деп белгіленеді. Протеолитикалық (ерігіш) ферменттер әсерінен иммуноглобулин молекуласы 2ҒаЬ жэне Ғс фрагменттеріне бөлінеді. Белсенді орталығы бар фрагментгері ҒаЬ-үзіндісі (ҒаЬ1 ҒаЬ2) деп аталады. Ғаb-Ғragment antigen binding — антиген байланыстырушы фрагментінің құрамына УН, СН, ҮЬ, СЬ домендері кіреді. Тұрақты домендерден тұратын 2 ауыр тізбек (СН2 жэне СН3) Ғс-фрагмешп деп аталады. Ғb жэне Ғс фрагментгердің арасындағы аумақ шарнирлі деп аталады, себебі ол антиген байланысу кезінде, сонымен қатар, рН өзгеруі және Ғаb-үзіндісінің иондық күші ортасында Ғс-узіндісінен өтетін өсіне қарағанда 90 градусқа айналады. Ғаb және Ғс-фрагменттердің қызметтері Ғаb-фрагменттің негізгі қызметі-антигенді байланыстыру, себебі оның құрамына Іg молекуласының белсенді антиген-байланыстырушы орталық кіреді, ол жеңіл және ауыр тізбекті  V және V домендерінен қүралған. Ғс-фрагменттің ңызметтері: Иммуногпобулиндердің әртүрлі   кластары   Ғс~үзіндісінің құрамы бойьшша ерекшелінеді. Бұл ерекшеліктері Ғс-үзіндісіне кіретін СН-домендерінің санына, сонымен қатар, аминдық қышқьлдарының құрамына байланысты болады (қосьшша домендер болуы мүмкін, мысалы СН4 — І&М жэне І&Е). Ғс-үзіндідегі құрылыс ерекшелігіне байлаиысты иммуноглобулиндер кластары қызметіне қарай да ерекшелінеді. Ғс-үзіндісініц көмегімен иммуноглобулиндер молекулаларының полимерленуі өтеді (мысалы, секреторлы ІgА димер және тример іүзеді, ІgМ — пентамер). Иммуноглобулиндердің полимерлер қү-руы 5 суретте көрсетілген. ІgМ, ІgG1, ІgG3 Ғс-үзінділерінде шарнирлі аумақ арқылы антиген байланысуы кезінде құрылымдық өзгеріс өтеді, бүл кезде СН2-домен аймағында комплемент жүйесінің бірінші компонентін байланыстыратын белсенді аймағы қалыптасады, сондықтан иммуноглобулиндердің бұл классикалық комплементп жүйесін классикалық жолмен белсендіреді. Ғс-фрагменті көмегімен В-лимфоциттердіц плазмалық мембранасына иммуноглобулин молекуласы     тіркеледі де, антигентанушы рецптор қызметін атқарады. Организмнің көптеген жасушалар бетінде әртүрлі Іg класына арналтын Ғс-рецепторлары бар. Егер ол рецепторларға сай келетін Іg немесе құрамында І£ бар иммундық комплекс тіркелсе, онда сол рецепторлар арқылы берілген жасушалардың жұмысының беленуі немесе басылуы жүреді. Мысалы: Плацента трофобласттарында тек ІgG -ға арналған Ғс-рецепторлары бар. Ол рецепторларға тіркеліп, ІgО белсенді тасымалдану әдісімен плацента арқылы анадан  ұыққа трансплацентарлы түрінде  беріледі  және нәрестенің пассивтік иммунитетін қамтамасыздандырады. Плацентада бұл иммуноглобулиннен басқа кластарьша рецепторлар жоқ, сондықтан плацента арқылы басқа иммуноглобулиндер өте алмайды.

Құрттар (лат. Vermes) — омыртқасыз жануарлардың бір тобы. Дене пішіні ұзынша, жылжып қозғалады. Денесінің алдыңғы бөлімі сыртқы ортаның тітіркенісін қабылдаушы болғандықтан, жүйке түйіндері, сақиналары және жүйке тізбектері мен сезім мүшелері бас жағына шоғырланып орналасқан. Қазіргі жүйеленім бойынша бұл топқа жалпақ құрттаржұмыр құрттарнемертиндертікенбас құрттар,буылтық құрттар жатады. Алғашқы үш тип төменгі сатыдағы құрттар тобын құрайды. Құрт алғашқы ауыздыларға жатады. Құрттардың кейбір түрлері (мысалы, полихеттерэхиуридтер) тек теңізде, екіншілері (мысалы, турбеллярияларнематодтар) теңіз бен тұщы суда тіршілік етеді; кейбір түрі (трематодтартаспа Құрт) — басқа жануарлар мен өсімдіктердің паразиттері, топырақта мекендейтін түрлері де кездеседі.

18.HLA- рецепторлар МНС комплексе кіре ма? Бас гистосәйкестік комплекстің сипаттамасы (МНС). Орналасуы мен мағынасы.

Рецепторлар дегеніміз- тітіркенулерді қабылдап, сыртқы тітіркендірулер энергиясын жүйкелік қозу кұбылысына тасымалдайтын сезімділік жүйкелердің арнаулы (спецификалық) және соңғы бөліктері. Олар жануарлардың миына ішкі және сыртқы орта жағдайлары мен өзгерістері жөнінде хабар беріп тұрады. Оларды қабылдайтындарға барлық сезім мүшелерінің рецепторлары жөне мүшелер мен ұлпалардағы арнаулы рецепторлық құрылымдар жатады. Барлық рецепторларға төн қасиет — өте аз мөлшерде болсада тітіркенгіштердің белгілі бір түрін ғана қабылдайтындығы. Рецепторларға әсер ететін тітіркенгіштердің әр түрлілігі осы биологиялық құрылымдар құрылысын күрделендіріп, сезімді мүшелердің көптеген жаңа түрлерінің дамуына әкеп сокты. Рецепторлардың мынандай түрлері бар: тітіркенгіштерді сыртқы ортадан қабылдайтындар (экстерорецепторлар), ішкі мүшелерден қабылдайтындар (интерорецепторлар) және қаңқа бұлшық еттерімен сіңірлерден қабылдайтындар (проприорецепторлар). Тітіркенгіштердің ерекшеліктеріне байланысты олар механорецепторалар, хеморецепторлар, терморецепторлар, сонымен бірге ауру сезімін, дыбысты, дәмді, иісті және басқаларды қабылдайтын рецепторлар деп бөлінеді. Анализаторлардың жоғарғы сезімталдығы тітіркендіргіш энергиясын қозу құбылысына тасымаддауды қамтамасыз ететін рецепторларға байланысты. Анализаторлардың дөрілік заттарға реакциясы, олардың концентрациясы көп болған сайын және ұлпалармен жанасу көлемі ұлғайған сайын жоғары болады. Рецепторлардың қозуы қабынулар кезінде, сонымен бірге орталық жүйке жүйесі мен адренергиялық иннервацияның әртүрлі жағдайларына байланысты әрқалай өзгеріп отырады. Экстререцепторларға фармакологиялық заттармен әсер еткенде көп жағдайларда ауырсыну тактильді және температура сезгіштік өзгереді. Ал интерорецепторларға өсер еткеңде ішкі мүшелер, қан тамырлары жөне басқалары өзгеріске ұшырайды (ащылар, тәттілер, ароматтты заттар, жергілікті ауырсыну сезімділігін әлсірететіңцер, кілегейлі, тұтқыр заттар, іш өткізгіштер жөне тағы баскалар).

Іс жүзінде гистоүйлестіктің антигендері макроорганизмнің барлық жасушаларынан табылады. Олардың үстем бөлігі басты гистосәйкестік комплекс жүйесіне жатады (МНС) (қысқартылған ағылшын тіліндегі сөйлемнен алынған- Main Hystocompatibility Complex)

Гистосәйкестік антигендер, “меншік-бөтенді” тану кезінде және жүре келе пайда болған иммунитетті іске асыру уақытында шешуші рөл атқарады. Бір түр арасында орган, не тін ауыстырылғанда олардың үйлесімділігін, генетикалық иммундық шек қойылуын т.б. көрністерді анықтайды. Биологиялық әлемнің құбылысы ретінде МНС-ті зерттеуде иммуногенетиканың негізін салған Дж. Доссенің, П.Догертидің, П.Горерудың, Г.Снеллудың, Р.Цинкернагелюдың, Р.В. Петорвтың енбектерінің маңызы бар.

МНС ХХ-шы ғасырдың 60-шы жылдары генетикалық таза тұқымды тышқандардан табылған еді. Тышқандарда ол комплекс Н-2 деп аталды.

Адам МНС-сі туралы Дж.Доссе жұмыстарында кейінірек айтылған еді. Оның лейкоциттермен байланысы бар екені дәлелденіп, HLA (ағылшынша Human Leukocyte Antigen - АЛА адам лейкоцитерінің антигені) деп аталған болатын. АЛА-ның биосинтезін 6- шы хромосоманың қысқа жағында жатқан бірнеше локуста орналасқан гендер бақылайды. АЛА кұрделі құрылысты және полиморфты. Химиялық табиғаты бойынша АЛА жасушаның цитоплазмалық мембранасымен тығыз байланысқан гликопротеид. Олардың кейбір бөлігінің құрылысы иммундыглобулиндерге ұқсағандықатан оларды бір супертұқымдастықтарға жатқызады.

МНС басты екі сыныптан тұрады (4-сызбанұсқа). Шартты түрде МНС-тің І сыныбы (МНС1) жасушалық иммунитетті іске қосуға, ал МНС ІІ- ші сыныбы (МНС ll) гуморалдық иммунитетке жауапты деп есептеледі. Негізгі сыныптар алледік гендер бақылайтын, құрылысы ұқсас көпсанды антигендерден тұрады. Ол жеке даралар жасушасының қабырғасында әрбір МНС генінің екеуден артық емес өнімдері табылады. Ол популяцияның гетерогендігін, және де жеке дербес пен бүкіл популяцияның өмір сүруін сақтайды.

МНСІ-дің молекулалық салмағы әртүрлі, екі бейковалентті байланыспен қосылған полипептидтің тізбегінен тұрады: ауыры - альфа тізбек, жеңілі-бета тізбек. Альфа-тізбектің трансмембранды және цитоплазмалық домендік құрылысты сыртқы участігі бар (α-1, α-2 және α-3 домендер). Бета-тізбек- цитоплазмалық мембрансында α-тізбек эксрессияланғаннан кейін, соның үстіне α-тізбек “жабысып” қалатын бета -2 микроглобулин.

Альфа тізбектің пептидтерді қондырғыш мүмкіншілігі кең. Бұл қасиеттің негізінде α-1, α-2 домендердің ”Бьоркман саңлауы” деп аталатын жиі өзгеріштік, антигеннің молекуласын қондырып бет ашуын құратын көрсеткішіне байланысты. МНС1 сыныбының сондай қалыпта спецификалық антиденемен жеңіл анықталатын нанопептидті “Бьоркман саңылауы” сындырады.

МНС1 антигенін құру жасушаның ішінде үздіксіз жүреді. Оның құрамына қандай да болмасын эндогендік пептидтер, соның ішінде вирустар да кіреді. Комплекс цитоплазмадан ерекше ақуыз протеосомалық пептидтердің көмегімен алғашында эндоплазматикалық ретикулемада жиналады. Комплекске қосылған пептид МНС1-ге құрлыстық төзімділік береді. Ол жоқ кезде төзімділікті шаперон (калнексин) атқарады.

МНС1 биосинтезіне өте шапшаңдық тән, сондықтан процесс 6 сағаттың ішінде аяқталады. Бұл комплекс эритроцитер мен түкті тромбоцитерден басқа да барлық жасушаларда болады. МНС-тің жасушада орналасқан тығыздығы 7000 молекулаға жетіп, жасуша бетінің 1 пайызына дейін жауып тұрады. Олардың молекуласының экспрессиясы цитокиндердің әсерінен үдейеді, мысалы, оған гамма-интерферон жатады.. Қазіргі уақытта адамда 200-ден астам MHCl нұсқасы ажыратылады. Оларды тұқымға тарайтын 6- хромосоманың 3 негізгі сублокусына жатқызады.

МНС I сыныбы бойынша жеке тұлғалардың түрін анықтау спецификалық антилимфоциттік қан сарсуылармен қойылатын серологиялық әдіс - микролимфоцитолиз реакциясымен атқарылады. Сублокустардың гендері тәуелсіз болғандықтан адамдар арасында қайталанбайтын шексіз санды МНС1 қыйыстандырылған түрлері пайда болады. Мүлде үқсас ген қүрамы бар бір ұрықтан дамыған егіздер болмаса, әрбір адам тұлғасы тек қана өзіне тән гистосәйкестік антигеннің жыйнағына ие.

МНС1-тің басты биологиялық рөлі ол биологиялық даралықты анықтап “биологиялық төлқұжат”- иммундық жасушалар үшін “өзімдіктің” белгісі болады. Жасушаға вирус жұққанда, не мутация кезінде МНС1 құрылысын өзгертеді. Егерде МНС1 құрамында өзгерген пептид пайда болса ол Т-киллердің белсенділігін арттыруына белгі болады. Өзгерген МНС1 бөгде жасушалар ретінде жойылып отырады.

МНСll- нің құрылысы мен атқаратын жұмысында бір қатар өзгешілік анықталады. Біріншіден, олардың құрылысы өте күрделі. Комплекске ұқсас домендік құрылысы бар екі бейковаленттік байланыспен жалғанған полипептидтердің тізбегінен тұрады (альфа-тізбек, бета-тізбек). Альфа-тізбекте бір глобулярлық учаске, ал бета тізбекте екі учаске бар. Трансмембрандық болғандықтан екі тізбекте үш учаскеден тұрады: сыртқы-жасушалық. трансмембрандық және цитоплазмалық. Екіншіден, МНСll-нің ” Бьоркман саңлауы” бір қатарлы екі тізбекпен құралған. “Саңлаудың” ішіне көлемді олигопетид сиып кетеді (12-25 аминқышқылдарының қалдығы), сонымен қатар, олигопептид “саңлауда” жасырынғандықтан спецификалық антиденелермен анықталмайды. Үшіншіден, MHCll-нің құрамына жасушаның ішінде түзілген пептидті емес, эндоцитоз арқылы жасушаның сыртындағы ортадан алынған пептид кіргізілген. Төртішінден, MHCll жасушаның шектелген санының дендриттерінде, В-лимфоциттерде, Т-хелперлерде, белсендірілген макрофагтарда, тін базофилодерінде, эпителиалық жасушалардың бетінде болады. Егерде MHCll аталған жасушалардан басқа түрінде табылса ондай жағдайды иммундыпатология деп есептейді.

MHCll эндоплазматикалық ретикулумда түзеліп, құрылған димерлік зат цитоплазмалық мембранаға қосылады. Оған пептид қосылғанға дейін кешенді шаперонмен (калнексинмен) тұрақталынады. Эндоцитоздан кейін MHCll бір сағаттың арасында жасушаның мембранасында анықтала бастайды. Оның қонақтау процесін гаммаинтерферон үдетіп, ал Е2 простагландин төмендетеді. Тышқандардың МНС -на I-антиген деп ат қойылып, ал адамдыкі МНС-тің 11- ші сыныбы (MHCll) деп аталды. Әйгілі мәлімет бойынша адам ағзасының MHCll-не жоғары өзгерушілік тән. Ол көбінесе бета-тізбектің құрылысына байланысты. Комплекстің құрамына үш негізгі локустардың заттары кіреді: МНС- DR, DG және DP. Оның үстіне DR 300 аллелдік түрді жыйнақтайды, DG-400 жуық,, ал DP-500-дің айналасында. MHCll -нің барлығын және де оның түрін серологиялық және жасушалық реакциялар арқылы анықтайды. Кейінгі уақытта көбінесе полимераза тізбектеу реакциясы (ПТР) қолданылып жүр.

MHCll-нің биологиялық рөлі өте зор. Негізінде бұл комплекс жүре пайда болатын иммундық жауапты ықпалдандыруға қатынасады. Антиген молекуласының бөлшегі антиген презенттейтін жасушалар (АПЖ) деп аталатын ерекше тобының цитоплазмалық мембранасына қонақтайды. Олар сапалы мамандалған сынып (MHCll) түзейтін жыйнақы топ. АПЖ-ның ең белсендісі дендрит жасушасы, одан кейін В-лимфоцит пен макрофаг болып саналды. MHCll сыныбы құрамындағы СД антиген молекуласының кешеніндегі пептидпен бірге қабылданып талқыланады. Егер Т-хелпер MHCll қосылған пептидті бөгде деп шешсе, Т-хелперлер керекті иммундытоксиндерді түзіп, спецификалық иммунитеттің механизімін іске қосады. Соның нәтижесінде антигенспецификалық лимфоциттердің өсіп-көбейіп, мамандалуы кемеліне келіп иммундық есте қалу құрылады.

Жоғарыда айтылғандардан басқа MHClll бар екендігі анықталған. Оны кодтайтын геннің локусы І-ІІ- сынып арасында орналасып, оларды бөледі. Комплементтің кейбір компоненті (С2, С4), жылу күйретушілігінен пайда болған ақуыз, ісік некрозоның факторлары MHClll-ке жатады.

Иммуногенетика- иммунологияның бір саласы. Иммунитет факторларының генетикалық негізін, бір түрдің ішіндегі айырмашылықтары мен тін антигендерінің тұқым қуалауын, макро, микроорганизмдердің өзара қатынасын генетика және популяция тұрығысынан түсіндіреді, оның ұлпа қабылдамаушылығын зерттейді. Бұл ұғымды 1930ж. Ирвин (АҚШ) енгізген.

Генетика - тірі организмдердің тұқым қуалаушылық және өзгергіштік қасиеттерін зерттейтін ғылым. Олар өсімдіктер, жануарлар, адамдар, микроорганизмдер, вирустар т.б. генетикасы деп бөлінеді. Қолданылатын әдістерге сай биохимиялық, молекуларлық, экологиялық, эволюциялық, медициналық т.б. деп бөлінеді. Генетиканың соңғы жетістігі молекуларлық биология және ген инженерлігімен байланыстылығы.

Генетикалық ақпарат. Ол бір ұрпақтан екінші ұрпаққа нуклеин қышқылдарының транскрип­циясы арқылы беріледі.

Генетикалық картирование - генетикалық қарта жасау, тұтас геномның құрылысын анықтау (физикалық және биохимиялық карталары) деген ұғым.

Геном - торшадағы гендер жинағы.

Иммундық жауап гендері (1г-гені) - аутосомды-доминантты гендер. Организмнің иммундық жауап бере алатын қабілетін бақылайды.

Генотипке организмнің генетикалық құрылысы, ген аллелдерінің хромосома ішінде бір-бірімен байланысу түрлері, олардың өрім кескіндері, хромосома құрылысындағы өзгерістер кіреді. Генотип организмнің тұқым қуалаушылық қасиеттерін қамтиды.

Генотиптік орта- фенотипке белгілі бір ген немесе гендердің қызмет белгілерінің көрінісіне әсер ететін генетикалық негіз, яғни гендер жинағы.

Фенотип - бір организмнің барлық көрінісімен қасиеттерінің жинағы, генотиптің сыртқы ортамен қарым-қатынасынан туады.

Иммуноглобулиндер гендері - ДНҚ сегменті. Генетикалық жүйе - гистосәйкестіктің басты комплексі (ГБК) (Major Hіstocompatіbіlіtj Complex) деп аталады, кейде оны адам лейкоциттерінің А - жүйесі деп те атайды, өйткені шеткі қандағы лейкоциттерден трансплантат антигендері бірінші рет табылған. ГБК- нің молекуласы иммуноглобулиндерге ұқсас, тұрақты және өзгерімді амин қышқылдарынан пайда болады.

Ж. Доссе 1958 жылы адамдардан гистосәйкестіктің бірінші антигенін тапты. Қазіргі заманның номенкулатурасы бойынша антиген HLA-A2 комплекс деп белгіленген, ал тышқандарда 17- хромосомада орналасқан Н2 деп аталады.

Гистосәйкестіктің екі молекуласы белгілі болып, олар ГКГ (ГБК) І және ІІ кластарына бөлінеді. Гистосәйкестіктің екі молекуласы мембрана үстіне орналасқан бөтен белоктардың пептидті бөлшектерін байланыстырып, Т- лимфоциттеріне береді. Сондықтан ГБК молекуласының клеткалық иммунитетке әсер беретін ықпалы бар. Екі кластың гендері адамның 6- хромосомасына мінгесе орналасқан. ГБК-ның 1-класс антигендерінің кодтары гендердің А,В,С – локустарымен негізделген ГБК- ның І-кластағы антигендері барлық ядролы жасушалар мен тромбоциттердің үстінде болады. Антигеннің пептидтері ГБК І - класы молекуласымен бірігіп, клетка үстімен СД8 лимфоциттеріне беріледі. ГБК- нің ІІ-класс антигендері көрсетілген антигендерді сол жасушамен біріктіріп СД4 лимфоциттеріне әкеп береді. ГБК-ның ІІ-класс антигендерінің кодтары гендердің DR, DG және DP аймағына орналасқан.

ГБК ІІ - класс антигендері қабынуға қатысатын (моноцит-макрофагтар, лейкоциттер, В- лимфоциттерімен, Т- лимфоциттерінің аздаған популяциясының) жасушалардың мембранасының үстіне орналасқан.

ГБК ІІІ - класс комплексінің молекуласы әртүрлі. Онда В фактордың 4, комплемент С2 компонентінің 2, ісік некрозының 6 –дан көп аллельдері бар.

Сондықтан гистосәйкестік жүйесі иммуноциттердің үстіңгі құрылысының түзілуіне жауапты. Ол:

1. Комплементтің кейбір компоненттерінің түзілуін бақылайды

2. ГБК- нің маңында орналасқан ген, иммундық арнайы жауапты қадағалайды.

HLA антигені шеткі лейкоциттерде де 1958ж. табылған. Қазіргі заманда HLA гені бар адамдардың кейбір аурулармен ауыруға бейімділігі анықталған.

Трансплантациялық иммунитет дамуында негізгі рөл баcты гистосәйкестік комплекске байланысты. Гендердің әсерімен лейкоциттердің антигендері бақылауда болады. ГБК І - класс молекуласы цитотоксикалық Т- лимфоциттерімен (СД8) антигенді тануда үлкен рөл атқарады. Егер трансплантант антигені бөтен болса, (ГБК І - класына дәл келмесе) СД8 жасушалары шабуылға шығып, транспланттың некрозына әкеледі.

ГБК ІІ - класс молекулалары макрофагтар мен т.б. жасушалармен антигенді Т- хелперлерге әкеп береді. Анти­генмен белсенген хелперлер не гуморальдық иммунитетті немесе макро­фагтарды белсендіріп, иммундық қабынуды дамытады.

Сүйек миын алмастырғанда Т- хелперлер не агглютинация реакциясын қолдаумен, не белсенген макрофагтар арқылы цитолизді дамытады.

 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]