- •1.Иммунология облысында ашулардың маңыздылығын негіздеңіздер. Иммунологияның мақсаты мен мәселелері.
- •2.Туа пайда болған иммунитеттің маңыздылығын негіздеңіздер.
- •3.Жүре пайда болған иммунитеттің салыстырмалы сипаттамасын көрсетініз. Жүре пайда болған иммунитеттің ерекше түрлері мен қызметтері.
- •4.Клоналды-селекциялық теорияның маңыздылығын дәлелдеңіздер.
- •6.Тимустәуелді және тимустәуелсіз антигендердің арасында қандай айырмашылықтар бар? Әрекеттесетің клеткалардың түрлері мен мағынасы. Үлгісін келтіріңіздер.
- •7.Сәйкестікте ие мен реципиент антигендерді бөліңіздер.
- •8.Антиген түрлердің арасында айырмашылықтар бар ма? Үлгісін келтіріңіздер.
- •9.Детерминант, эпитоп, агретоп бөліктердің маңыздылықты дәлелдеңіздер. Детерминанттарды антигентанушы рецепторлармен анықтау процесті схема арқылы келтіріңіздер.
- •11.Иммуноглобулиндерді неге белоктардың айырықша тобы деп атайды. Иммуноглобулиндердің түзілу динамикасы. Схемасын келтіріңіздер.
- •12.Иммуноглобулиндердің қандай класы токсиндерге қарсы тұрады? Құрамы, құрылысы және қызметтері. Схемасын келтіріңіздер.
- •14.Схема арқылы антиденелердің құрылысындағы изотиптык, аллотиптык және идиотиптык деңгейінде айырмашылығын көрсетіңіздер. Антиденелердің құрылысы, құрамы және қызметтері.
- •15.Иммуноглобулиндердің қандай класы лимфада ең биік концентрациясымен кездеседі? Құрамы, құрылысы және қызметтері. Схемасын келтіріңіздер.
- •16.Инфекциялардың қандай түрлерге қабыну белоктар белсенді түрімен қарсы тұрады? Шығу тегі мен қызметтері.
- •7.1. Инфекциялық процесс және жұқпалы ауру
- •7.1.2. Инфекциялық процестің сатылары мен деңгейлері
- •7.1.3. Жұқпалы ауру туралы түсінік
- •7.2. Инфекциялық процесс қоздырғыштары – микробтардың қасиеттері
- •7.2.1. Патогенді, сапрофитті және шартты-патогенді микробтар туралы түсінік
- •17.Иммуноглобулиндердің қай класы құрттарға қарсы тұрады? Құрамы, құрылысы және қызметтері. Схемасын келтіріңіздер.
- •12. Иммунологиялық толеранттылық
- •Клиникалық көріністері[өңдеу]
- •Жиі кездесетін белгілері[өңдеу]
- •Эпидемиологиясы[өңдеу]
- •Этиологиясы мен патогенезі[өңдеу]
- •20.Бірінші реттік лимфоидты мүшелердің мағынасын дәлелдеңіздер.
- •Лимфоциттер[өңдеу]
- •Айырша без[өңдеу]
- •Тимоциттер.[өңдеу]
- •Көк бауыр[өңдеу]
- •21. Сүйек кемігі мағынасын дәлелдеңіздер.
- •Сүйектің құрылысы мен құрамы[өңдеу]
- •Қаңқа бұлшықеттері[өңдеу]
- •22.Екінші реттік лимфоидты мүшелердің арасында нағыз иммундық мүшелерді табуға бола ма?
- •Айырша без[өңдеу]
- •Тимоциттер.[өңдеу]
- •Мазмұны
- •Иммундық жүйенің жалпы сипаттамасы[өңдеу]
- •Иммундық жүйенің қызметі[өңдеу]
- •Иммундық жүйенің қасиеттері[өңдеу]
- •Жануарлардың бағдарлануы
- •Жануарлардың дауысы
- •Жануарлардың жүзуі
- •Жануарлардың қорғаныш бейімділігі
- •Жануарлардың қыстап шығуы
- •Жануарлардың ұшуы
- •Жануарлардың қоныс аударуы
- •Жануарлардың ұйқысы
- •Жануарлар анатомиясы
- •Жануарлар биохимиясы
- •25.Капсулаға салынбаған иммундық ұлпаның орналасуы, құрылысы және қызметтері. Мағынасы бар ма?
- •Иммундық жүйенің жалпы сипаттамасы[өңдеу]
- •Иммундық жүйенің қызметі[өңдеу]
- •Иммундық жүйенің қасиеттері[өңдеу]
- •Иммундық жүйе мүшелері[өңдеу]
- •Иммундық жүйенің жасушалары[өңдеу]
- •26.Лимфотүйіндердің ағзада орналасуы немен байлаулы? Құрылысы және қызметтері.
- •Гистологиялық жіктелуі[өңдеу]
- •Клиникасы[өңдеу]
- •Диагностикасы[өңдеу]
- •Айырша безі[өңдеу]
- •Иммундық жүйенің жалпы сипаттамасы[өңдеу]
- •Иммундық жүйенің қызметі[өңдеу]
- •Иммундық жүйенің қасиеттері[өңдеу]
- •28.Көк бауыр айырша безге ұқсас па? Орналасуы, құрылысы және қызметтері.
- •Айырша безі[өңдеу]
- •29.Жасушалардын сыртында өтетің иммунитетті қандай білесіз? Механизмі және қатысатың клеткалардың түрлері. Схемасын келтіріңіздер.
- •Қорғаушы заттар, антиденелер[өңдеу]
- •Жасанды және туа пайда болған иммунитет, иммунитеттеу[өңдеу]
- •Қорғаушы заттар, антиденелер[өңдеу]
- •Жасанды және туа пайда болған иммунитет, иммунитеттеу[өңдеу]
- •31.Екіжұмырткалық егіздірдің арасында трансплантацияны жасауға болама? Механизмді көрсетіңіздер.
- •Тарихы[өңдеу]
- •32.Науқаста қан тобы бірінші. Қандай қан топтары сәйкес келіп тұр?
- •Қанның қызметі[өңдеу]
- •Қанның ұюы[өңдеу]
- •Жалпылама[өңдеу]
- •33.Тимустәуелді антигендерді иммундық клеткалармен әрекеттесу механизмді көрсетіңіздер.
- •34.Науқаста қан тобы екінші. Қандай қан топтары сәйкес келіп тұр?
- •Қанның қызметі[өңдеу]
- •Қанның ұюы[өңдеу]
- •Жалпылама[өңдеу]
- •35.Клондық экспансияны сурет арқылы көрсетіңіздер.
- •Днқ фрагменттерін Клондау[өңдеу]
- •37.Науқаста қан тобы үшінші. Қандай қан топтары сәйкес келіп тұр?
- •Жалпылама[өңдеу]
- •38.Науқаста қан тобы төртінші. Қандай қан топтары сәйкес келіп тұр?
- •Жалпылама[өңдеу]
- •39.Бактериалдық инфекциясымен байланысты лейкограммадағы пайда болатын өзгерістерін жазып берініз.
- •40. Әкесінің резус – фактор теріс және анасының резус – фактор оң. Баласының резус-фактор теріс, гемолитикалық ауру пайда бола ма? Механизмді көрсетіңіздер.
- •41.Вирустық инфекциямен байланысты лейкограммадағы пайда болатын өзгерістерін жазып берініз.
- •42.Паразитарлық ауру пайда болғанда лейкограммадағы пайда болатын өзгерістерін жазып берініз.
- •43.Қатерлі ісіктер пайда болғанда лейкограммадағы пайда болатын өзгерістерін жазып берініз
- •Қатерлі жаңа түзілу[өңдеу]
- •Жалпы мағлұматтар[өңдеу]
- •Тарихы[өңдеу]
- •44.Иммуноглобулиндерді сурет арқылы көрсетіңіздер.
- •45.Өткір улану жағдайымен байланысты лейкограммадағы пайда болатын өзгерістерін жазып берініз.
- •46.Спорттық адамдардың лейкограммасын көрсетіңіздер.
- •Жеке адам гигиенасы[өңдеу]
- •47.А иммуноглобулиндердің құрылысын сурет арқылы көрсетіңіздер.
- •48.Мүшелерді трансплантациялау. Бұл әдісті генетикалық теңестірілмеген адамдар арасында қолдануға болама? Үлгісің көрсетіңіздер.
- •Тарихы[өңдеу]
- •Тарихы[өңдеу]
- •Алғашқы кезеңдер[өңдеу]
- •49.М иммуноглобулиндердің құрылысының сурет арқылы көрсетіңіздер.
- •50.G иммуноглобулиндердің құрылысының сурет арқылы көрсетіңіздер.
- •51.Анасының резус-фактор теріс және әкесінің резус-фактор оң. Балада резус-фактор оң, гемолитикалық ауру пайда болама? Механизмді көрсетіңіздер.
- •52.Иммундық клеткалардың антигендермен әсерлесу механизмдерін көрсетіңіздер.
- •Иммундық жүйенің жалпы сипаттамасы[өңдеу]
- •Иммундық жүйенің қызметі[өңдеу]
- •Иммундық жүйенің қасиеттері[өңдеу]
- •Иммундық жүйе мүшелері[өңдеу]
- •Иммундық жүйенің жасушалары[өңдеу]
- •53.Эпитоптарды т – клеткалық рецепторлармен әсерлесуін көрсетіңіздер.
- •54.Науқаста қан тобы бірінші. Қандай қан тобтарын беруге болады?
- •Мазмұны
- •Қанның қызметі[өңдеу]
- •Қанның ұюы[өңдеу]
- •Жалпылама[өңдеу]
- •55.Ксенотрансплантациясының үлгісін көрсетіңіздер.
- •Тарихы[өңдеу]
- •56.Синтрансплантациясының үлгісін көрсетіңіздер.
- •Тарихы[өңдеу]
- •57. Антигенпрезентациялаушы клеткалардың құрылысың және қызметтерін сурет арқылы көрсетіңіздер.
- •58. Интердигидаттық клеткалардың құрылысың сурет арқылы көрсет. Жалпы қызметтерін жазып берініз.
- •Мазмұны
- •Жасуша теориясының ашылуы
- •59. Табиғи киллер (nk-клетка) клеткалардың рак клеткаларға қарсы тұру механизмді көрсетіңіздер.
- •Мазмұны
- •Жасуша теориясының ашылуы
16.Инфекциялардың қандай түрлерге қабыну белоктар белсенді түрімен қарсы тұрады? Шығу тегі мен қызметтері.
Инфекция — микро және макроорганизмдердің қарым-қатынасының бір түрі. Оның негізіне инфекциялық агенттің организмге кіруі мен онда өсіп-өнуі жатады. Инфекция көп түрлі болады. Оған ауру белгісі білінбей-ақ қоздырғышты тасымалдаудан бастап ауру белгілері толық көрінетін ауруларға дейін жатады. Инфекция барлық органикалық материяға тән. Ол бөлек торшаға да, тұтас организмге де тән. «Инфекция» деп жайшылықта жұқпалы аурулар тобын немесе олардың белгілі бір түрін атайды.[
Инфекция туралы ілім – бұл макроорганизмдерде тіршілік етуге және оған патогенді әсер етуге мүмкіндік беретін микробтардың қасиеті туралы, және де микроорганизмнің ауру тудырушылық әсеріне қарсы тұратын макроорганизмнің қорғаныс-бейімделу реакциялары туралы ілім. Инфекция туралы ілім маңызды роль атқарады, өйткені инфекциялық процесс қоздыратын микробтардың патогенсіз микробтардан ерекшелігін, және де қоздырғыштарды қабылдаушылық және қабылдамаушылық қасиеті бар макроорганизмнің бір-бірінен қандай айырмашылығы бар екенін түсінуге мүмкіндік береді. Ол жұқпалы ауруларды емдеу және алдын алу үшін қажетті препараттар жасауда, және де диагноз қою әдістерін жетілдіруге шешуші рөл атқарады. Инфекциялық процестердің дамуын және оның барысын молекулалық деңгейде ғана емес одан да жоғары деңгейде сауатты бақылауға мүмкіндік береді.
“Инфекция” (лат. inficio – жұқтыру, зиянды нәрсені енгіземін) немесе оның синонимі “инфекциялық процесс” термині қоршаған ортаның тиісті жағдайында қабылдаушы макроорганизммен оған, көбейген патогенді немесе шартты-патогенді микроорганизмнің өзара әсері +нәтижесінде пайда болатын және макроорганизмнің ішкі ортасының тұрақтылығын(гомеостазын) сақтауға бағытталған физиологиялық қалпына келу – бейімделу реакцияларының жиынтығын білдіреді. Қарапайымдылар, гельминттер, жәндіктер – Animalia әлемінің өкілдері қоздыратын осындай ұқсас процесті инвазия (лат. invazio – шабуыл, басып кіру) деп аталады.
Инфекциялық процестің негізінде паразитизм феномені жатыр, өйткені паразит деп аталатын біреуі, ие деп аталатын екіншісін қоректік көзі және тұрақты немесе уақытша мекендейтін орны ретінде пайдаланады. Бұл кезде аталған екі организм де бір-бірімен қарама-қарсы (антагонистік) жағдайда болады.Сапрофиттік тіршілік етуге қарағанда паразитизм – ол тірі ортада өмір сүру. Паразиттің ие организміне патогендік әсер етуі және ие организмі жағынан оған жауап беретін қорғаныс реакциясы паразитизмнің ажыратылмайтын бөлігі болып табылады. Паразитизм – түрге тән және тұқым қуалайтын қасиет. Адамдардың, жануарлардың және өсімдіктердің инфекциялық және инвазиялық ауруларының қоздырғыштары паразиттерге жатады, яғни олар тірі жүйе ортасында паразиттік тіршілік етуге қабілетті. Ие организмнің тіршілік етуі мәңгілік емес, уақыт мерзімі бойынша шектелген. Сондықтан, паразиттер үшін мекендейтін ортасын ауыстыру қажет. Олардың екі тіршілік циклі болады: тірі организмдегі – паразиттік және одан тыс жердегі паразиттік емес тіршілік ету фазалары. Паразиттік емес тіршілік ету деп, кең мағынада сапрофиттік тіршілік ету жағдайын және де шартты-патогенді бактерияларға тән паразитизмнен өзгеше түрлерін (мутуализм, комменсализм, метабиоз т.б.) түсіну керек. Микроб биологиялық түр ретінде тіршілік сақтай алатын ортаның маңызы зор. Оны ең басты спецификалық тіршілік ортасы дейді. Өйткені “паразитизм” термині – бұл ерекше түсінік және паразит популяциясы гетерогенді. Микроб популяциясының паразитизмдік дәрежесі ең алдымен мекендейтін ортамен байланысты, сондықтан популяциялық-экологиялық тұрғыдан паразитизмді үш категорияға бөледі: облигаттылар, факультативтілер және кездейсоқтылар.
Облигатты (нағыз) паразиттер популяциялық циклдің барлық сатысында ие организмімен тығыз байланысты. Оларға паразиттік тіршілік ету фазасы ғана тән, олар сыртқы ортаға түспейді, өйткені сыртқы ортада тіршілік етуі мүмкін емес. Олар трансмиссивті, трансплацентарлы және жанасу-жыныстық жолымен беріледі. Егерде паразиттің екі иесі болса (жылықандылар және буынақаяқтылар), онда оның популяциясы кез келген уақытта екі бөліктен тұрады: гостальдық (организмдік) және векторлық (тасымалдаушыда). Басқа жағдайларда популяциясы гостальдық бөлім ретінде белгілі. Олар тұйықталған паразиттік жүйе құрайды.
Факультативті (салыстырмалы) паразиттер табиғи айналым кезінде ие организмімен қатар сыртқы ортаны да пайдалана алады, бірақ олар үшін паразиттік фазаның маңызы басым. Мұндай микроорганизмдер жоғарыда аталған жұғу жолдарынан басқа да жолдармен беріле алады. Бұл категориядағы паразиттер көбінесе біркелкі болмайды, олардың популяциясы үш бөлімнен (гостальды, векторлы, сапрофитті-организмнен тыс) немесе екі бөлімнен (гостальды және организмнен тыс) тұрады. Олар тіршілік етудің сапрофиттік фазасына қарағанда паразиттік фазасы басымырақ болатын жартылай тұйық паразиттік жүйе түзеді.
Кездейсоқ паразиттергеавтономды түрде тіршілік етуге сыртқы орта (су, топырақ, өсімдіктер, және де басқа органикалық субстраттар) қалыпты орта болып табылатын паразиттер жатады. Олар сапрофиттік типімен қоректену қабілеттілігін сақтайды. Тіршілік етудің сапрофиттік фазасы олар үшін ең негізгі және сөзсіз қажет, ал паразиттік фаза ауық-ауық қана қажет. Осыған орай, мекендейтін екі ортаға байланысты паразит популяциясы екі бөліктен тұрады: организмнен тыс (сапрофиттік) – ол негізгісі, және де организмдік (гостальдық) – ол кездейсоқ болып табылады. Оларда трансмиссивтік берілу жолы болмайды. Олар ашық паразиттік жүйе құрайды. Оларға нағыз сапроноздардың қоздырғыштары жатады. Кездейсоқ және факультативті паразиттер сапрофиттен облигатты паразитке өтудің ауыспалы кезеңдік түрі болып табылады. Сонымен, олардың организммен байланыс тығыздығы облигатты паразиттен кездейсоқ паразиттерге қарай азая бастайды, соңғылар үшін тіршілік етуге сыртқы ортаның ролі арта бастайды. Микробтың қоректік қажеттілігі ие жасушасымен байланысы тығыз болған сайын оның паразиттік қасиеті жоғарылай береді. Осының негізінде микробтардың мутантты түрлері іріктелген. Эволюциялық даму барысында сапрофиттер өзіне қажет емес ферменттерді және басқа биологиялық жүйелерді жоғалтқан. Себебі олар өзіне керекті заттектерді дайын түрде ие организмінің жасушасынан алады. Мысалы, риккетсияларда гликолиттік циклге қатысатын ферменттер жоқ, хламидияларда АТФ синтезі жүрмейді, ал вирустардың ақуыз синтездейтін меншікті жүйесі жоқ.
