Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
диссертация.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
406.64 Кб
Скачать

1.3 “Mathematica 8.0” программасы

Осындай программалық тілдердің бірі - “Mathematica 8.0” программасы. “Mathematica 8.0” программасы – компьютерлік алгебралық жұйе, ғылыми, инженерлік, математикалық және де компьютерлік аймақтарында кеңінен қолданылады. Бастапқыда бұл программа Стивен Вольфрам жасаған, қазіргі кезде Wolfram Research компаниясы жасақтайды.

Мүмкіндіктері:

  • График салу;

  • Шекті анықтау;

  • Туындылау;

  • Дифференциалды шешу;

  • Илюстрациялық графиктер;

  • Сызықты емес теңдеулерді шешу әдістері;

Сонымен қатар бұл программа көптеген тәжірибелік зертханаларда визуалдау әдісіне байланысты қолдануға болады. 2-суретте көріп тұрғандарының f(x) және де g(x) функциясының а және б айнымалыларының әсерінен өзгеруі. Бұл жерде көптеген функционалды операторлар бар, олардың көмегімен фунциалдарың сызықтарының түсін, атын және де тағы да басқа қасиеттерінің өзгерісін көрсетуге ыңғайлы және де көркем болып келеді. Бұл программамен сабақ өткізу өте қызық болады.

2-сурет

1.4 “Mathematica 8.0” программасы бойынша слайд жасау

С онымен қатар “Mathematica 8.0” программасы арқылы слайд жасауға болады. Слайд-шоуды жасаудың ең оңай жолы құрылғылар панелінен Slide Show батырмасын басамыз 3-суретте көре аласыздар.

3-сурет

Жаңа слайд-шоу жасау үшін New Slide Show батырмасын басамыз, сол кезде жаңа дайын шаблонды “блокнот” ашылады. Оны 4-суреттен көре аласыз.

4-сурет

Ашылған жаңа слайд-шоу ішіне керекті ақпараттарды саламыз, сонымен қатар оның ішіне әртүрлі визуалды илюстрацияларды кіргізе аламыз. Microsoft Power Point-та жасалған слайд сияқты бұл жерде де әртүрлі слайд шрифті, тілін, көптеген өзгерістер жасай аламыз.

2 “Электр энергетикасындағы инжиниринг және автоматтандыру” пәні бойынша инновациялық білім беру

ХХI ғасырда мемлекеттің өркениетті, дамыған елдер қатарына қосылуының бірден бір католизаторы-жастар болып табылады. Президентіміздің өткен жылы халқымызға Жолдауында 2015 жылға қарай білім беру ұйымдарының 50 %-ы электрондық оқытуды пайдаланып, 2020 жылға қарай оның саны 90 %- ға дейін артуы тиіс деп айтылған [1]. Электронды оқыту құралы заман талабы болып табыла. Бұл әдісті дамыған мемлекеттер бұрыннан қолданады. Инновациялық білім берудің бірден бір әдісі болып табылады. Жалпы электрондық оқу құралы деп компьютердің мүмкіндіктерін толығынан пайдалана отырып, білім беру технологиясын сүйемелдей алатын оқу құралын айтамыз [2]. Өзінің функционалдық мүмкіндіктері жағынан компьютер нағыз оқыту құралы болып табылады, бірақ сол мүмкіндіктерді білім беруде, дағдылар қалыптастыруда, біліктілікті игеруде барынша тиімді пайдаланып, жүзеге асыру жағы жеке бір мəселе болып табылады. Оқытушылар осы мəселемен компьютерлер енді пайда болған кезден бастап айналысып келеді, ал жеке пайдаланылатын дербес компьютерлер шыққаннан соң, бұл жұмыстың өзектілігі бұрынғыдан да арта түсті [3]. Қазіргі таңда әрбір екінші оқушыда дербес компьютер немесе қойын дәптері бар осындай мүмкіндікті неге қолданбасқа, егер бұл біздің білім беруіміз үшін тиімді болса.

Бұл магистрлік диссертация тақырыбы: “Электр энергетикасындағы инжиниринг және автоматтандыру” пәні бойынша оқу-әдістемелік кешенін жасақтау болып табылады. Бұл инновациялық білім беру талапынай сәйкес келетін өзекті мәселе болып келед. Сондықтан осындай оқу-әдістемелік құрал жасақтауды өзіме мақсат қылдым. Қазіргі таңда инновациялық білім беру талап- тарына сай қашықтан оқыту технологиясы өте өзекті мəселеге айналып отыр [1, 3]. Менің диссертация тақырыбыма сәйкес “Электр энергетикасындағы инжиниринг және автоматтандыру” пәні бойынша оқу-әдістемелік кешенін жасақтауда осы пән бойынша толық мағлұмат алу үшін зертханалық жұмыстар жасау мақсат етілген. Сол зертханалық жұмысты жасау үшін қазіргі таңда өзекті болып тұрған инновациялық білім беру талабына сәйкес топтық оқыту технологиясын қолдануды шештім. Топтық оқыту- бұл оқушылардың тобының оқу әрекетін ұйымдастыру, ол оқушылардың өзара тікелей әрекеті,оқу міндеттерін шешуде бірлескен оқу әрекеті.

Оқу процесі барысындағы тұлға аралық іс-әрекет әлеуметтік қызығушылықтарды қозғау арқылы мотивацияны күшейтеді : жеке жауапкершілік сезімі пайда болып, көпшілік алдында жеткен жетістіктер білім алушының өз-өзіне сенім артыруына, ұжымда өз позициясын орнықтыруына ықпал етеді және де бұндай оқу технологиясы көп мемлекеттерде қолданылады. Сондықтанда осы оқыту технологиясын таңдадым. Топтық оқыту кезінде оқыту үдерісінде білім алушылардың арасында талқыланып отырған мәселеге байланысты қарым-қатынас туындайды: «субъект (студент) – объект (пән) - субъект (студент)». Қорыта келе қазіргі мемлекетіміздің ең басты өзекті мәселесі бұл ел жастарының сауатты болуы. Сол мақсатта осындай инновациялық білім беру талаптар мен оқыту технологияларын қолдану біз үшін өте маңызды мәселе.