Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kniga_sociologiya (2).doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.61 Mб
Скачать

II вариант

  1. Қоғам түрлері мен энергия көздерін жұптастыр

А. қарапайым қоғам I атом энергиясы

Б. дәстүрлі қоғам II жел, су электр күші

В. өнеркәсіпті қоғам III жануарлар күші

Г. постөнеркәсіпті IV адамның қол күші

а/. А-I, Б-II, В-III, Г-IV

б/.А-II, Б-III, В-IV, Г-I

в/. А-III, Б-IV, В-II, Г-I

г/. А-IV, Б-III, В-II, Г-I

  1. Модернизацияның екі түріне тән белгілерді жұптастыр

А. органикалық модернизация

Б. органикалық емес модернизация

I. елдің өз күш-қуатына сүйеніп дамуы

II. елдің сыртқы технологиялық көмек арқасында дамуы

а/. А-I, Б-II

б/. А-II, Б-I

  1. Социологтар пікірінше жаңа идеялар мен технологиялар дамуы үшін, осыған қоғамның қанша пайызы даяр болуы қажет ?

а/. 25%-30%

б/. 15%-20%

в/. 35%-40%

  1. Қоғамның экономика-технологиялық тоқырауға ұшырау үрдісін қандай ұғым бейнелейді ?

а/. прогресс

б/. регресс

в/. эволюция

  1. Бірлесіп шаруашылық құратын адамдар тобы трибтер қандай негізде құрылады ?

а/. әлеуметтік жіктелік негізінде

б/. кәсіби бірлік негізінде

в/. туыстық негізде

  1. К.Маркс формациялық теориясындағы қоғамдарды жіктеу негізіне қандай түсініктер алынған ?

а/. өнеркәсіп тәсілі мен меншік түрі

б/. саяси басқару нысаны

в/. қоғам мүшелерінің саны

  1. Американ социолог-ғалымы К.Кларк экономиканы үш секторға бөлді. Ауыл шаруашылығы мен өндіруші өнеркәсіп қай түрге жатады ?

а/. бастапқы

б/. қосымша

в/. жоғарғы

  1. К.Кларк пікірінше сәйкес қызмет көрсету экономиканың қай секторына жатады ?

а/. бастапқы

б/. қосымша

в/. жоғарғы

  1. Американ-социолог ғалымы Д.Белл теориясындағы қарапайым қоғамға тән эгалитаризм нені білдіреді ?

а/. шағын бірлестік

б/. қандас туыстық

в/. саяси, экономикалық, әлеуметтік теңдік

г/. еңбек бөлінісінің жоқтығы

  1. Урбанизация түсінігі нені білдіреді ?

а/. адамдардың бір аймақта орын ауыстыруы

б/. адамдардың басқа аймаққа көшуі

в/. адамдардың ауылдан қалаға көшуі

  1. Экономикалық әлеуметтануда дәстүрлі басқару құрылымы қалай деп аталады ?

а/. сызықтық құрылым

б/. штаб құрылымы

  1. 1970ж. А.Тоффлер енгізген уақытша жұмыс топтарынан тұратын құрылымды басқаруды бейнелейтін термин?

а/. адхократия

б/. бюрократия

в/. меритократия

  1. Экономикалық басқару жүйесіндегі менеджер түсінігі нені білдіреді ?

а/. мемлекеттік кәсіпорынның басшысы

б/. кәсіпорынның белгілі бір бөлігін басқаратын білікті маман

в/. компания мақсатын, стратегиясын жасайтын басшы

  1. Экономикалық басқару жүйесіндегі контрибьютер түсінігі нені білдіреді ?

а/. мемлекеттік кәсіпорынның басшысы

б/. кәсіпорынның белгілі бір бөлігін басқаратын білікті маман

в/. компания мақсатын, стратегиясын жасайтын басшы

  1. Социологтар пікірінше менеджмент ұлт дәстүрімен анағұрлым мықты байланыста болған сайын…

а/. экономика тоқырайды

б/. экономика қалыпты дамиды

в/. экономика эффективті дамиды

  1. Американ социолог-ғалымы Э.Мэйо пікірінше кәсіпорынның әлеуметтік ұйымдастырылуы бұл…

а/. ортақ мақсат

б/. билік жүйесі

в/. қызмет бөлінісі

г/. жоғарыдағының барлығы

  1. О. Шкаратан пікірінше еңбек ұжымында…

а/. ресми қарым-қатынас

б/. бейресми қарым-қатынас

в/. екеуі де болады

  1. Экономикалық қарым-қатынастарда қолданылатын басшылық және бейресми жетекшілік ұғымдарын жұптастыр

А. басшылық

Б. жетекшілік

I адамдарды бағындырудың әлеуметтік-психологиялық үрдісі

II адамдарды бағындырудың әкімшілік құқықтық үрдісі

а/. А-I, Б-II

б/. А-II, Б -I

  1. Американ социолог-ғалымы К.Левин өнеркәсіпте басқарудың үш түрін көрсетті. Бағыныштылар іс-әрекетіне араласпай, оларға стратегиялық бағыт беріп мойындарына жауапкершілік жүктеу басқарудың қай түріне жатады ?

а/. авторитарлық

б/. демократиялық

в/. анархиялық

  1. К.Левин пікірінше бағыныштылар бастамасын қолдау, шешім қабылдауда олармен келісіп отыру басқарудың қай түріне жатады ?

а/. авторитарлық

б/. демократиялық

в/. анархиялық

  1. Орыс социолог-ғалымы А.Кравченко пікірінше әлеуметтік институттардың бес түрі бар. Адамдардың әлеуметтік тәртіп пен қауіпсіздікке тұтынысын қайсысы қамтамасыз етеді ?

а/. отбасы және неке институты

б/. саяси институттар

в/. экономикалық институттар

г/. білім институттары

д/. діни институттар

  1. Адамдардың рухани ізденіске тұтынысын қандай әлеуметтік институт қамтамасыз етеді ?

а/. отбасы және неке институты

б/. саяси институттар

в/. экономикалық институттар

г/. білім институттары

д/. діни институттар

  1. Адамдардың әлеуметтендіру үрдісін қандай әлеуметтік институт қамтамасыз етеді ?

а/. отбасы және неке институты

б/. саяси институттар

в/. экономикалық институттар

г/. білім институттары

д/. діни институттар

  1. Кеңестер Одағында еңбекті ғылыми ұйымдастыруды жақтаушылар қозғалысы қай уақытта пайда болды ?

а/. 1920 ж.

б/. 1940 ж.

в/. 1960 ж.

г/. 1980 ж.

  1. Еңбек орнында адамға әсер етуші температура, ылғал, жарық берілуі мәселелерін зерттеген социолог кім ?

а/. Ф. Тейлор

б/. О. Шкаратан

в/. А. Файоль

  1. Рекреация термині нені білдіреді ?

а/. еңбек адамына қатысты қолданылатын профилактикалық емдеу шаралары

б/. адамға еңбек қауіпсіздігін түсіндіру

в/. адамды кәсіби даярлау

  1. Американ социолог-маманы К.Линдблом қазіргі экономикалық жүйелердің төрт түрін бөлді. Соның ішінде баға сұраныс арқылы қатал, заңмен реттелетін жүйе қалай аталады ?

а/. дәстүрлі жеке кәсіпкерлік жүйесі

б/. үкімет субсидия жасап отыратын кәсіпкерлік жүйесі

в/. мемлекеттік кәсіпкерлік

г/. жоспарлы экономика.

  1. Н.Смелзер пікірінше трансұлттық корпорациялар өзі барған елдің мәдени дәстүрін…

а/. мойындайды, қаржыландырады

б/. мойындамайды, жәй демеушілік көрсетеді

  1. Американдық социолог Л.Уорнер пікіріне сәйкес өз еңбегімен байлыққа қол жеткізген меншік иелері мен кәсіпкерлер қай топқа жатады ?

а/. ең жоғарғы топ

б/. жоғарғы топ

в/. жоғарғы-орта топ

г/. орта топ

д/. төменгі топ

е/. ең төменгі топ

  1. Американдық экономист М. Уоттс пікірінше жеке адамның материалдық жағдайының жақсаруына ең алдымен не әсер етеді ?

а/. мемлекеттік әлеуметтік көмек

б/. оның меншігінен түсетін табыс

в/. оның жалақысы

  1. Тұтынушылар табысының орта деңгейі нарықтарда сатылатын тауарлардың бағасының қанша пайызын айқындайды ?

а/. 20%-30%

б/. 40%-50%

в/. 50%-60%

  1. Мемлекет нарықтық экономикадағы бәсекелестікті қандай заң көмегімен қорғайды ?

а/. салықтар туралы заң

б/. кәсіпкерлік туралы заң

в/. монополияға қарсы заң

г/. бюджет туралы заң

  1. Американдық экономист М.Уоттс пікірінше еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған шаралар ішіндегі кәсіпорын үшін ең тиімдісі не ?

а/. жас мамандар қабылдау

б/. арзан еңбек күшін пайдалану

в/. өз жұмысшыларын қайта кәсіби даярлықтан өткізу.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]