- •Әлеуметтану
- •2. Әлеуметтік ойлар дамуы
- •3. Әлеуметтанудың классикалық тұжырымдарының дамуы
- •4. Классикалық әлеуметтанудың жаратылыстық тұжырымдары
- •5. Классикалық әлеуметтану қоғамдық-әлеуметтік тұжырымдары
- •6. Әлеуметтік білім құрылымдалуы
- •8. Мәдениет
- •9. Әлеуметтік теңсіздік
- •10. Ұлттық қарым-қатынас әлеуметтануы
- •11. Гендерлік және жас айырмашылығы теңсіздіктерін зерттеу әлеуметтануы
- •12. Әлеуметтену (социализация)
- •13. Жеке адамды зерттеу әлеуметтануы
- •14. Жастар әлеуметтануы
- •15. Бақ әлеуметтануы
- •16. Саясат әлеуметтануы
- •17. Парламентаризм әлеуметтануы
- •18. Экономикалық әлеуметтануы
- •19. Еңбек әлеуметтануы
- •1. Жалпы әлеуметтану пәні бойынша тақырыптық жоспар
- •Жалпы әлеуметтану пәні бойынша семинар сабақтарының жоспары.
- •Социологиялық ақпарат жинау / 4 сағат /
- •2. Әлеуметтану тарихы курсы бойынша тақырыптық жоспар
- •Әлеуметтану тарихы пәні бойынша семинар сабақтарының жоспары 2001-2002 оқу жылы
- •3. Қоғамдық пікір социологиясы бойынша тақырыптық жоспар
- •4. Жастар социологиясы пәні бойынша тақырыптық жоспар
- •Жастар социологиясы пәні бойынша семинар дәрістерінің жоспары
- •5. Отбасы социологиясы пәні бойынша тақырыптық жоспар 2002-2003 оқу жылы
- •Отбасы социологиясы пәні бойынша оқу жоспары
- •Отбасы тарихы /2 сағат/
- •Неке және отбасы түрлері /2 сағат/
- •Отбасының атқаратын қызметтері / 2 сағат/
- •Отбасы және меншік / 2 сағат/
- •Этикалық құндылықтар және отбасылық ережелер /2 сағат/
- •Отбасындағы егестер және оларды шешу жолдары /2сағат/
- •Отбасылық тәрбие нысандары /2 сағат/
- •Отбасымен демалу шаралары / 2 сағат/
- •Отбасы социологиясы пәні бойынша семинар сабақ жоспары
- •6. Гендер социологиясы
- •7. Білім социологиясы пәні бойынша тақырыптық жоспар
- •8. Құқық социологиясы пәнінен тақырыптық жоспар
- •9. Бақ социологиясы пәні бойынша тақырыптық жоспар
- •Бақ социологиясы
- •Бақ социологиясы пәні бойынша тәжірибелік дәрістер жоспары
- •16. Е.Г.Дьякова. Массовая политическая коммуникация в теории установления повестки дня: от эффекта к процессу - "Полис", 2003, № 3.
- •10. Саясат социологиясы пәні бойынша тақырыптық жоспар
- •Саясат социологиясы
- •Саясат социологиясы пәні бойынша оқу бағдарламасы
- •Саясат социологиясы пәні бойынша семинар сабағының жоспары
- •11. Басқару социологиясы пәні бойынша тақырыптық жоспар
- •Басқару социологиясы пәні бойынша семинар сабағының жоспары
- •12. Парламентаризм социологиясы пәні бойынша тақырыптық жоспар
- •Парламентаризм социологиясы бойынша семинар сабағының жоспары
- •13. Еңбек социологиясы пәні бойынша тақырыптық жоспар
- •Еңбек социологиясы пәні бойынша семинар сабағының жоспары
- •Әлеуметтану пәнінен оқу бағдарламалары
- •Әлеуметтану пәнінен тест сұрақтары
- •Экономикалық социология пәнінен тест сұрақтары
- •I вариант
- •II вариант
- •III вариант
- •Әлеуметтану тарихы пәнінен тест сұрақтары
- •1 Вариант
- •2 Вариант
- •3 Вариант
- •Әлеуметтану пәнінен жалпы әдебиеттер тізімі
- •Әлеуметтану пәні бойынша кредиттік оқу технологиясына арналған силлабус (үлгі).
- •Дәріс сабағының күнтізбелік-тақырыптық жоспары.
- •Студенттермен жұмыс жоспары
- •Әлеуметтану пәні бойынша білім бағалау кестесі
- •Әлеуметтану пәні бойынша күнтізбелік-тақырыптық өзіндік жұмыс жоспары.
- •Әлеуметтану пәнінен тест кілті
- •Экономикалық әлеуметтану пәнінен тест кілті
- •Әлеуметтану тарихы пәнінен тест кілті.
13. Жеке адамды зерттеу әлеуметтануы
Жеке адам социологиясы
Әлеуметтанудағы жеке адам түсінігі ең сыйымды, қиын түсінік. Жеке адам әлеуметтік өмірде, әлеуметтік институттарда, әлеуметтік қарым-қатынас пен байланыстарда іске асырылатын тұрақты сапалар мен қасиеттер жүйесі ретіндегі дара тұлға. Мұндай түсінікте оның адамға тән биологиялық қасиеттері мыс., темпераменті, эмоциялық сезімдері жоғалып кетпейді. Ол тек әлеуметтік өмірге байланысты жаңа қырынан көрінеді. Жеке адам биоәлеуметтік өмір сүруші даралық (индивид) және сол адамға тән, қайталанбайтын әмбебап қасиеттер мазмұны.
Осылардан шыға келе әлеуметтану ғылымы жеке адамға келесі айқындама береді: а) жеке адам - әлеуметтік өмірдің саналы, әрі жауапты объектісі болып табылады; б) даралық қасиет тек қана талантты адамдарға емес, әрбір жеке адамға тиесілі.
Жеке адамды тек әлеуметтану ғана емес, басқа да ғылыми пәндер зерттейді. Әлеуметтану осы ғылыми салалар комплексінің ішіндегі ең шешушілерінің бірі. Бірақ ол философияны, этиканы, психологияны, педагогиканы алмастыра алмайды. Әлеуметтану өзінің бар мүмкіндігін жеке адамды тек бір қырынан, яғни жеке адам - әлеуметтік өмір көзі ретінде, әлеуметтік өмірдің бөлінбейтін элементі ретінде, оның шын мәніндегі тасушысы мен іске асырушысы ретінде зерттейді. Әлеуметтану ғылымында жеке адам және қоғам өзекті мәселелері бір-бірімен тығыз байланыста қарастырылады.
Әлеуметтану ғылымы негізінен жалпы қоғамға тән әлеуметтік институттар, бірлестіктер, қоғамдастықтар жеке адам тұтынысына қалай сәйкестендіріледі, олар қаншалықты жеке адам мүддесін қорғай алады, әлде олар жеке адам мүддесінен тәуелсіз, дамудың өзіндік логикасына сүйене ме деген мәселелерді топшалауға бағытталған.
Осылармен қатар қоғам мен жеке адам қарым-қатынастарында социологиялық сұрыптауда қиындық тудыратын мәселелер де бар. Жеке адам қасиеттері көріністерінің тұрақты жақтарына назар аудара отырып әлеуметтану оны бір үлгіге (стандарт) келтіреді, яғни жеке адамды кез-келген жағдайға сай бір үлгідегі, бір текті мінез-құлық жиынтығына не роботқа айналдырады. Осы фактор әлеуметтану ғылымы даму жолындағы күрделі кесел болып отыр. Әлеуметтану өзінің пайда болу жолында жеке адам даралығын шешуші көрініс ретінде қарастырған жоқ, ол тек кейінгі даму барысында ғана пайда болып, әлеуметтанудағы ең негізгі түсініктердің біріне айналды.
Көптеген әлеуметтанушылық моделдер (үлгілер) жеке адамды қоғамдық қатынастар мен әлеуметтік ролдер жиынтығы ретінде қарастырады, яғни ол қоғам қиындысы, оның дараланған проекциясы болып табылады. Мұндай жағдайда жеке адам белсенділігі, сана-түсінігі және т.б. автономды қасиеттері (дара қасиеттері) толығынан сыртқы қоғамдық орта әсерінен қалыптасқан көріністер болып саналады.
Бұған қарама-қарсы әлеуметтанушылық моделдер қоғам мен жеке адам қарым-қатынасындағы өзара әрекетті жеке адамның өз тұтынысын қанағаттандыру, өз мақсатына жету жолындағы әрекет ретінде қарастырады.
Әлеуметтік қызметтер, мәртебе
Адамдар арасындағы байланыс пен өзара қарым-қатынас, ол өз жеке тұтыныстарын қанағаттандыру барысында бір-біріне тәуелді болғандықтан ғана іске асырылады. Әрбір адам өзіне тиісті өзі маманданған әлеуметтік қызмет түрін атқарады. Мыс., дәрігер емдейді, мұғалім оқытады және т.б.
Әлеуметтану ғылымында қызмет түсінігін қолданғанда басты маңызға ие қағида осы қызмет басқалар не қоғам үшін қандай қорытынды әкелгендігі болып табылады. Әлеуметтік қарым-қатынас барысында нақты қызмет түрін атқару үшін адамға белгілі бір міндеттер жүктеледі. Сол сияқты адам белгілі бір құқықтармен де қамтамасыз етіледі.
Әлеуметтік қарым-қатынас үрдісінде әрбір жеке адамның әлеуметтік мәртебесі пайда болады. Әлеуметтік мәртебе жеке адамның қоғамдағы орны. Бұл адам өз міндеттерін дұрыс атқару үшін оған жасалынатын жағдайлар жиынтығы. Жеке адамның әлеуметтік мәртебелері бірнеше топтарға бөлінеді: 1) бірінші топты негізгі әлеуметтік мәртебелер құрайды, мыс., сол қоғам мүшесі болу; 2) екінші топты дүниеге келгенде пайда болатын әлеуметтік мәртебелер құрайды, мыс., ұлты, тегі, туған жері және т.б.; 3) үшінші топты адамның өз жеке еңбегімен қолы жеткен әлеуметтік мәртебелер құрайды, мыс., қоғамның әлеуметтік жүйесіндегі қызметі.
