Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
адебиет адистеме МЕ.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
954.39 Кб
Скачать

4. Әбу Насыр Әл – Фарабидің еңбектері

Тұңғыш ғылым әлемінде "Екінші ұстаз" атанған адам. Қазақтың тұңғыш психологиялық шығармалар жазған бабасы. Музыка саласында "Музыканың ұлы кітабы" атты тұңғыш ғылыми еңбек жазған ғалым.

Әбу Насыр әл-Фараби - Шығыстың ұлы ойшылы, әмбебап-ғалым, Фараби трактаттарының саны екі жүзге жуық деп есептеледі. Осы еңбектер дүние жүзінің көптеген тіліне арап, парсы, еврей, латын, ағылшын, неміс, француз, испан, орыс, қазақ, өзбек, т.б. аударылған, бізге ойшылдың 80-нен астам шығармалары жетті.

Тәрбие мен білім, педагогика мен психология, этика мен әдістеменің теориялық және практикалық мәселелерін қарастыру Фарабидің ғылыми-философиялық мұрасының құрамдас, оның дүниетанымының ажырамас бөлігі болып табылады.

Әл-Фараби психология жөніндегі  көптеген еңбектің ("Ақыл-ой туралы", "Жан туралы", "Темперамент  туралы", "Түс көру туралы сөз", "Жанның мэні туралы", "Ақыл-ой» және ұғым", "Жас өспірімнің ақыл-ойы туралы кітап", "Ересектердің ақыл-ойы туралы кітап", тағы басқалар) авторы ретінде де танылады. Ол арап тілді халықтар арасында жан туралы ілімдердің сындарлы жүйесін тұңғыш баяндап, психологиялық терминдер жасады. Өкінішке қарай, оның еңбектерінің көбі бізге жеткен жоқ4....

Әл – Фарабидің  «әлеуметтану қағидасы" деген жазбаларында: "Хәкім барлық айла — амалды пайдаланып, сопа басының һэм тек өз балаларының атын мәңгі қалдыруға, өз ұрпағына немесе өз ұруының адамдарына билікті қалдыруға тырысады", -деп айтқан еді

Бабамыз бастағы қасиетті дамыгпаса, оны елеусіз қалдырар болса, кезеңді өткізіп алса, онда ол қасиетті жойып алу*а болады деп еді. "Адамның ғұмыр сүру мақсаты ең биік бақытқа жету болмақ", - дегн еді қарашоқылық баба. Онысы рас-ақ. Ол үшін алдымсн бақыт дегеннің не екенін білу керек деп еді ол, ал біз сол бақытқа жету ойымызда болса да, сол жеті жүз жыл бұрын өткен бабамыздай ғұмыр сиқырын біле алмай, оған талдау-талғау жасай алмай өтгік. Осы жерде қазақтың "әкеден артық тудым деген бала сынық сүйем кем туады" дегені келіп-ақ түр. Әрине, Әл-Фараби - данышпан адам, данышпандықты табиғатта құдай екінің біріне сыйлай бермеген. Бірақ ілкім уақытта ғұмыр сүрген адамнан кейінгі ілгері жылжыған адамдар артық болуы керек қой. Ал іс жүзінде олай болмай, біз жеті жүз жыл бұрын өткен бабаның білгенін біле алмай сорлы болып отырмыз ғой. Егер ілгері оқулы жұрт сияқты біздің де метап-медіресеміз болса, ұрпағымызға тебіздік тәрбие беріп, Әл-Фараби, Махмұт, Жүсіп, Қожа Ахмет бабалардың білімін білгізсек, ең болмаса солардың білгенінің жүзден бірін, тіпті тамтығын ұғындырсақ та қандай абзал болар еді.

"Адам баласы қарәкатты кездейсоқ жасауы мүмкін,- деген еді Әбунасыр данышпан, - ол бірақ ешқашан бақытқа жеткізбейді", - деген. Демек, адам ғұмырындағы кездейсоқгық та адамның бақьпын байлауға әсер етеді ғой.

Әл-Фараби мирасын меңгерер болсақ, оны дамытар болсақ, алдыңғы қатарлы халықтар арасынан орын алатын боламыз. Мен сіздерді осы сынды ұлы бақыт жолына шақырамын5....

Әл-Фараби Александриялық дәуір ұстаздары Платон, Аристотель болса, ғылымның одан ксйінгі дамуындағы бағдаттық дәуірдегі ұстаз.

Жоғарыда айтқандай  Фараби жалаң орындаушы ғана емес, аса ұлы музыка зерттеушісі, асқан теоретик болған. Оның "Музыканың ұлы кітабы" ("Китаб ал-мусики ал-Кабир") деп аталатын көлемді шығармасын бүкіл музыка тарихшылары бірауыздан музыка теориясы жайлы жазылған үлкен еңбектердің қатарына қосуы тегін емес...

Бұл еңбек ХУ-ғасырда-ақ латын тіліне аударылып Европада музыка ғылымы мен өнерінің дамуына үлкен әсер етті.

"Музыканың ұлы кітабында" тек музыка ғана емес, философия, математика, физика, тарих, этнография, т.б. ғылым мәселелері мол ұшырасады.

Фарабидің ежелгі гректің математигі және астрономы Птоломейдің "Алмагест" деп аталатын еңбегіне түсініктеме жазғаны мәлім. Кейінгі кезде Фарабидің "Алмагеске қосымша кітап" деп аталатын еңбек жазғаны анықталып отыр. Міне, осы еңбегінде Фараби Евклидтің "Негіздерінің" әсерімен Птоломейдің еңбегінде қамтылған математикалық астрономия мен геофафия мәселелерін математикалық теормемалар түрінде қайта тұжырымдап дәлелдейді. Мұндай теореманың саны 60-қажетеді6.

Фарабидің тригономстрия саласындағы жаңа бастамалары Шығыста тригонометрияның жаңа қарқынмен дамуына үлкен ықпал етгі.

Ұзаққа созылған тригонометрияның даму тарихында Фарабидің рөлін толық көрсету үшін әлі де бірсыпыра зерттеу жұмысын жүргізуге тура келеді7.

 

Қорытынды

 

Ғылым мен діннің, прогресс пен реакцияның сол 900 жылдық күресінен әл-Фараби бірінші орын алады. Ол-бүкіл шығысқа мәлім ұлы ғалым. Шығыс Рснсссансының атасы еді. Біздің ұлы жерлесіміз, Отырардың түлегі, бүкіл Шығыс философиясы мен ғылымының ұстазы Фарабиге біз көп қарыздармыз.

Исламмен, араб халифатымен байланысты барлық қалаларда болған. Ол сарайлық әбігершіліктен алыс өмір сүруді жөн көріп, ғұмырының соңғы жылдарын Сайф ад-Дауль Хамиданың қамқорлығымен Алепо мен Шамда өткізеді.

Ол 80 жасында Шам шаһарында  қайтыс болады. Сүйегі Кіші қақпалардың  ар жағына қойылады. Ол жалпы теориялық  ойлар әлемін жасап, өзіндік философиялық тұжырымдарға ұсынады. Оның бұл көзқарастары қоғамдық пікірлерімен белгілі бір қақтығыстарға да ұшырады. Фараби өз шығармаларында араб, парсы, грек, үнді, түрік мәдениетінің жетістіктерін талдап, жақындастыра білді. Мұны «Үлкен музыка» атты еңбегінен байқауға болады.

Жалпы айтқанда, ол өз заманының ғылымын жүйелеуге ұмтылған ұлы ғалым.

Аралас сабақ Бұл сабақ қазіргі мектептерде кең тараған, көптеген сабақ түрлерінің алдында тұрған міндеттерге сүйенеді, бірнеше сабақтардан құралған, сондықтан оны аралас сабақ дейді. Аралас сабақтың құрылымы әр түрлі болады. Мысалы, озат мұғалімдер оқушыларға білімдерді өздік жұмыстар арқылы меңгертеді. Жаңа материалды оқытуда оны бірінші рет бекіту, қолдану жиі ұйымдастырылады. Материалды бекітумен қатар бұрын өтілген тақырыптарды тексеріп, білімдерді қалыпты емес жағдайларда қолдандырып дағдыландырған жақсы. Сабақтың элементтерін осылай біріктіру оны оқушыларға қызықты етеді. Аралас сабақ мұғалімге қатаң талап қояды. Сабақтың элементтерін, жұмыс формаларын іріктеумен қатар әр элементке бөлінген уақытқа мұқият қарау керек. 20-25 минут сабақ сұрап, 15 минут сабақ түсіндіруге болмайды. Аралас сабақтың принциптері 1. Сабақ кезінде оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуі, оқуды қажетсіну. 2. Мұғалімнің жұмысындағы ең бастысы - оның әңгімелегені, көрсеткені, тапсырма беріп, оның орындалуын бақылау емес. Сондықтан ол оқушыларды өнімді оқу іскерліктері мен дағдыларына машықтандыру керек. 3. Жеке тұлғаны дамыту. Сабақты ұйымдастыруда және өткізуде оқушылардың жас және жеке ерекшеліктеріне сүйену, оқушылардың шамалары жететін қиындықтарды жеңуді сезуі, әр оқушының өзінің жеке қасиеттерін дамытуына жағдай жасау, сабақты әлеуметтік жағынан пісіп жетілген жеке тұлғаны қалыптастыруға бағыттау. 4. Ұжымшылдықты қалыптастыру. Ол үшін оқушылардың көп болып істейтін оқу жұмыстарын ұйымдастыру. 5. Жауапкершілік принципі. 1. Оқушы өз жолдастарының да, мұғалімнің де алдында білгенін айтады. 2. Оқушының өз жұмысын бақылауы және бағалауы. 3. Оқушының өзінің оқу іс-әрекетін өзі бақылауы үшін оған іс-әрекеттің мақсатын және жоспарларын, бағалау өлшемдерін айту. Демек мұғалім оқушыларды тақырыптың жоспарымен, мақсатымен таныстырып, оларға материалды оқу нәтижесінде нені білу және істей білу керектігін айтып, қол жеткен жетістіктерді бағалау, өлшемдерін беру керек. 4. Оқушылар білім, іскерлік, дағдыларды бақылайды, бағалайды. Бағаны барлық оқушылар білу керек. 5. Оқушы өз жұмысын тексеріп, өзіне-өзі баға беріп, өзінің бағасын жолдастарының және мұғалімнің бағасымен салыстырып отырады. 6. Сабақта тәртіп бұзған оқушыны ұжымның жазалағаны жақсы. Бірақ жеке тұлғаны қүрметтеу керектігін естен шығармау. 7. Оқушыны тәртіп бұзғаны үшін жазалауға болады, бірақ сабаққа нашарлығы, оқуда артта қалғаны үшін еш уақытта жазалуға болмайды. 8. Оқушы мен мұғалімнің, оқушылардың бір-бірімен қатынасы шынайы болу керек, оқушылардың бір-біріне көмегі адамгершілік тәрбиесіне ықпал етеді. "Жауапкершілік" оқушының өз міндеттерін түсінуі, міндеттерін орындауы, жеке тұлғанық өз іс-әрекетін бақылай білуі. Психологиялық принцип. Сабақ оқушыларды оқуға ынталандырып, оған деген оң көзқарасты тәрбиелеу керек. Маңызды және құнды себептер арқылы оқушыны оқуға итермелеп отырғаны дұрыс. Аралас сабақтың кезеңдерінің сызбасы: Жұмысты ұйымдастыру    Өткенді қайталау    Жаңа материалды оқу    Бекіту    Үйге тапсырма 2 мин.    10 мин.    25 мин.    5 мин.    3 мин. Ұйымдастыру бөлімі Оқу еңбегінің жақсы жүруіне жағдай жасау үшін сабақты алдын ала ұйымдастыру қажет, себебі сабақтың жақсы өтуі алғашқы минуттарға байланысты. Ұйымдастыру бөлімі — күрделі кезең. Оның міндеті оқушыларды сабаққа психологиялық жағынан әзірлеу  Жақсы нәтижелерге жету жағдайлары: •    мұғалімнің зейінін шоғырландыра білуі, өзін-өзі ұстауы, жинақтылығы; •    көп сөйлемеу, жігерлілік; •    талап қойғыштық және оқушылардың жағдайына зейінін аудару және сабаққа кешікпей келу; •    психологиялық үзіліс және сұрақтарды қолдану сабақ тақырыбына зейінді шоғырландыру; •    жылы жүзділік және кең жүректілік; •    талапты тұрақты және жүйелі қою. Кезеңнің психологиялық міндетінің орындалғанын мына көрсеткіштерге қарап біледі: - мұғалім мен оқушының жайдарылығы; - ұйымдастыру бөлімінің қысқалығы; - сыныптың, сабақ жабдықтарының жұмысқа толық дайындығы; - сыныпты тез жұмысқа кірістіру; - барлық оқушылардың назарын сабаққа аудару. Бұл өте маңызды және жауапты кезең, оны жүзеге асыру сабақтың дамуы мен нәтижесіне ықпал етеді. Кейбір мұғалімдердің ұйымдастыру бөлімі тез өтеді, Бұл мұғалімнің алдыңғы сабақтардағы ұйымдастыру талаптарын орындауға балаларды үйретуінің нәтижесі. Бұл кезең тәрбиелейді. Бұл кезеңде мұғалім мен оқушының өзара қатынасының негізі қаланады. Кезеңнің мазмұны: 1. Амандасу – әдептіліктің қарапайым түрі, педагогикалық процестің, оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасының басы. Оған қарап мұғалім мен оқушылар арасындағы қарым-қатынас қандай екендігі туралы пікірлер айтуға болады. Амандасудан өзара сыйластық, бірін-бірі жақсы көру, бір-біріне жақсылық тілеу көрініп тұру керек. Бұл ынтымақтастыққа жол ашады. Сондықтан амандасуға үстірт қарауға болмайды. 2. Сабақта жоқ оқушыларды белгілеу. Егер оқушы сабақты себепсіз жіберсе, онда жазалау әдісі қолданылады да, ал ауырып жатса оған көмек беріледі. Жолдастарынан міндетті түрде оқушының денсаулығын сұрап, сырқат оқушыға "тез жазылып кетсін",- деп тілек айтып жіберген дұрыс. Ұзақ уақыт сабақта болмаған оқушы келгенде онымен сәлемдесу керек. Жоқ оқушыларға көңіл бөлу, олар туралы жылы сөздер айту ынтымақты жақсартады, ізгілікті, тәртіпті, мектеп пен мұғалімді құрметтеу сезімін тәрбиелейді. 3. Оқушылардың сабақ дайындығын тексеру. Бұл сәтте мұғалім оқушылардың сырт келбетіне, жұмыс істеген кездегі қимыл-қозғалыстарына, жұмыс орнына назар аударады. Әдептілік, сезімталдық оқушының талғамын, сырт келбетінің әсемдігін тәрбиелейді. 4. Сынып бөлмесінің сабаққа дайындығын тексеру.  Сынып бөлмесі оқушылар мен мұғалімнің жұмыс орны, сондықтан оған көңіл бөлмеуге болмайды. Әркімнің өз денсаулығын күтуі оның өзіне деген қадір-қасиетін тәрбиелейді. 5. Оқушылардың зейінін сабаққа шоғырландыру. Оларды үзіліс кезіндегі психикалық жағдайдан саналы, тез жұмыс істеп кетуге тәрбиелеу керек. Мұғалімнің сыныпқа кіріп келген кездегі психологиялық жағдайы оқушыларға беріледі. Сондықтан дауыс көтеру, зекіру ынтымақты бұзады. II. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі Есіңізге сақтаңыз! Мұғалім өз жұмысы туралы жауап алмаса, оның бағасы болмаса, оқушы өз табысына қуанбайды, қателігіне ренжімейді. Кезеңнің оқу-тәрбиелік міндеті - барлық оқушылардың үй тапсырмасын толық, дұрыс, саналы орындағанын тексеру, жекелеген оқушылардың тапсырманы орындамау себептерін анықтау, тексеру барысында білім, іскерлік, дағдыларда байқалған кемшіліктерді жою, соңғыларын одан әрі жетілдіруді жүзеге асыру. Мұғалім оқушылардың күші мен қабілетіне дем беріп, табысқа ынталандырады, борыш сезімін, мақсатқа жетудегі табандылықты, тәртіптілікті қалыптастыру үшін жұмыстанады. Кезең мазмұны: 1. Барлық оқушылардың үй тапсырмасын қалай орындағанын анықтау. 2. Жекелеген оқушылардың үй тапсырмаларын орындамау себептерін міндетті түрде анықтау және оны келесі күнге дейін орындататын шара алу. 3. Білімдегі типтік қателіктерді анықтау және олардың пайда болу себептерін білу 4. Үй жұмысында оқушылар жіберген қателер олардың есінде сақталып қалмау үшін оны түзету. 5. Пән бойынша кеңесшілерді, кезекшілерді үй жұмысын тексеруге тарту. 6. Оқушылардың өзара көмегін және өзін-өзі бақылауын қолдану. 7. Мұғалімнің өзінің өткен сабақтағы жұмысын талдауы. Үй жұмысын тексеру арқылы мұғалім өзінің әдістемесінің жақсы және қате жерлерін тауып, оқушылардың үлгерімдерін біліп отырады, қол жеткен нәтижелерді ескере отырып, келесі сабақтарға әзірленеді. Жақсы нәтижелерге қол жеткізетін жағдайлар: - Мұғалімнің шапшаңдығы, өз алдында тұрған мақсатқа жету үшін еңбектенуі. - Үй тапсырмаларын барлық оқушылардың қалай орындағанын анықтауға мүмкіндік беретін тәсілдердің жүйесін қолдану. - Үй тапсырмаларын орындау - оқытудың нәтижелеріне ықпал ететінін оқушылардың түсінуі. - "Үй тапсырмаларын орындауды ұмытып кету" мүмкін емес, себебі олардың қалай орындалғанын мұғалім міндетті түрде тексереді? - деген оқушылардың пікірін қалыптастыру. Орындалмаған, тексерілмеген үй тапсырмасы оқушыларды жауапсыздыққа тәрбиелейтінін естен шығармаңыз. Кезеңнің алдында тұрған оқу-тәрбие міндеттері орындалды деп айту үшін қандай көрсеткіштерге сүйенеміз? - барлық оқушылардың үйде орындаған тапсырмаларын 5-7 минут ішінде тексеріп, типтік қателіктерді және оларды түзету тәсілдерін табу; - жекелеген оқушылардың үйге берілген тапсырманы неге орындамағанын біліп, кемшіліктерді жою жолдарын белгілеу; - үй тапсырмаларының түрлері және мақсатына қарай білімді тексерудің алуан түрін қолдану; - үй тапсырмасы мен оқудың нәтижелері байланысты болатындығы туралы оқушылардың пікірін қалыптастыру. Үй тапсырмасы жаңа материалды түсінуге керек болғанда, оны сабақтың басында тексеру керек. Кейбір мектептерде әдейі бөлінген оқушылар үйге берілген жазба жұмыстарын сабақтың алдында тексеріп, тексерудің қорытындыларын сабақтың басында хабарлайды. Тексерудің Бұл түрі тәрбиеге ықпал ету үшін ол талапқа сай жүру керек. Кейде үй тапсырмасын сабақтың соңында тексеруге болады. Тексерудің Бұл тәсілі үйге берілген тапсырма жаңа тақырыппен байланысты болмағанда қолданылады. Білім, іскерлік, дағдыларды тексерудің алуан түрін қолдануға болады. Жазба, графикалық, тәжірибелік тапсырмаларды сыныпты аралап жүріп тексеруге болады. Жұмыстың мазмұнын, нәтижелерін сынып болып тексереді. Жазбаша түрде орындалған жұмыстарды мұғалім үйде тексереді. Барлық не-месе кейбір оқушылардың жұмыстары тексеріледі. Кейбір мұғалімдер бұл жұмысқа жоғары сыныптың белсенді оқушыларын қағыстырады. Көптеген мұғалімдер сабақтың басында оқу материалының негізгі элементтерін меңгеру сапасын анықтау үшін қысқаша жазба жұмыстарын жүргізеді. Соңғы уақытта тапсырмаларды тексеру үшін тесті әдісімен жасалған сұрақтар қолданылуда. Үй тапсырмаларын тексеру және бағалау педагогикалық процестің басқа факторларымен бірге оқушыларды оқуға ынталандырып, оқу үшін оған барлық күш-жігерін, қабілетін тартады. Осыны ұмытпаңыз! Егер мұғалім оқушылардың үй тапсырмаларын қалай орындайтынын жүйелі түрде тексермесе, онда оқушылар "жұмысымызды жоққа шығарып отыр", - деп мұғалімді кінәлайды. Озық мұғалімдердің тәжірбиесі үй жұмыстарын мұғалім міндетті, жүйелі түрде тексеріп, түзетіп отырғанда ғана үлгерімге әсер ететінін тағы да дәлелдеп отыр. Ұстаздық еңбектің шеберлері "үйге тапсырма бердің бе? - тексер, тексермесең оны беріп керегі жоқ", - дейді. Тексеру барысында үй жұмысы әр оқушының сыныптағы оқу жұмысының жалғасы, одан ажыратылмайтын бөлік, оқудың нәтижесіне ықпал ететіндігі туралы түсінікті қалыптастырудың маңызы өте зор. Оқушы өз жұмысы туралы пікір, бағасыз еңбегінің сапасын, бастысы және маңыздысы нәтижесін білмейді, табысына қуанып, қателігіне өкінбейді. Білімді жан-жақты тексеру кезеңі: Оқу-тәрбиелік міндеттері: Топтардың білімін терең және жан-жақты тексеру арқылы, білім және іскерліктердегі кемшіліктердің себептерін анықтау. Оқушылардың білімдерін бекіту, мықтыландыру және жүйелеу. Оқушылардың өз бетімен орындаған үй жұмыстарының әдістемесін тексеру. Жауап берген оқушылардың тілін және ақыл-ой қабілетін дамыту. Өз білімін басқаға жеткізуге, іскерлігін көрсетуге оқушыны дағдыландыру. Оқушыларды талдай білуге, сынауға үйрету. Ұжымшылдық сезімін, басқанық табысына қуанып, сәтсіздіктеріне қайғыра білуге тәрбиелеу. Өзінің іс-әрекетіне баға беру. Кезеңнің міндеттері күрделі және көлемді. Кезеңнің мазмұны: - жекелеген оқушылардың оқу материалын қаншалықты деңгейде білетінін түрлі әдістермен тексеру; - жауап берген оқушылардың ойлау мәнерін тексеру; - оқу және әлеуметтік дағдылары мен іскерліктері қаншалықты деңгейде екендіктерін анықтау; - оқушылардың жауаптарына баға беру; - тақтаға шақырылған оқушылар жауап беріп жатқанда барлық сыныптың оқу жұмысын ұйымдастыру. Бұл кезең мұғалімнен үлкен шеберлікті талап ететін күрделі кезең. Оқушылардың білімдерін терең және дұрыс тексеру күрделі де қиын жұмыс. Ол жаңа материалды түсіндіргеннен де қиын. Ауызша сұрау - сабақтағы тілдік тәжірибенің бірден-бір түрі. Ол өзара байланысты, бір-біріне ықпал ететін үш бөліктен тұрады. Бірінші - мұғалімнің сұрағы және қою әдістемесі педагогикалық аксиомамен байланысты: ақылмен берілген жауапты ақылмен қойылған сұраққа алуға болады. Мұғалімнің беретін сұрағы мазмұнды, жүйелі және мақсатқа сәйкес болу керек. Екінші - оқушының жауабы негізгі және маңыздырақ бөлім. Үшінші - оқушылардың білімін тексеру кезіндегі оқушылардың төртібі. Ең бастысы - бір оқушы тақырыпты түсінгенін айтып жатқанда сыныптың зейінін, есін белсенді етіп, барлық оқушыларды белсенді жұмысқа тарту. Кезеңнің мәні - сыныптың барлық оқушыларының білімдерін жетілдіретін, кейбірін аттестациядан өткізетін ұжымдық, танымдық іс-әрекет. Оқу-шылардың білімін тексеру тек бақылаудың мақсаты ғана емес, ол оқытудың да мақсаты болып табылады. Оқушылардың ауызша жауаптарын тыңдау оқушыларга қызықты болу үшін теориялық білімдерді тәжірибеде қолдандырған жақсы, сонда ғана оқушы өз білімінің дұрыстығына көзі жетіп, оны түзетеді, толықтырады, білімнің пайдасын түсіне бастайды. Өте маңызды тәсіл - өз жолдастарының жауабына оқушылардың әділ баға беруін мұғалімнің ұйымдастыруы. Бұл тәсілді қолданып, мұғалім оқушыларға жауаптарды талдаудың бір үлгісін береді. Онда жауапқа қойылатын талаптар көрсетіледі. Олар: дәлелділік, дұрыстық, жүйелілік, сөйлеу мәдениеті, білімді тәжірибеде қолдана білу. Нәтижесінде баға жауап берген оқушыға да, жауапты бағалаған оқушыға да қойылады. Білімді ауызша тексеру түрлері: жаппай сұрау, білімді компьютер арқылы тексеру, жеке оқушылардың білімін тексеру. Өкінішке орай көптеген мектептерде Бұл кезеңнің мәні бұрмаданады. Біріншіден, кейбір мұғалімдер оқушыдан оқу материалын қатесіз айтып беруді талап етеді. Бірақ баланың есте сақтау қабілетінен гөрі, ақыл-ойын бақылау керек, себебі оқыту баланың ойлау қабілетін дамытады. Баланың есіне көп мағлұматтарды сала бергеннен пайда жоқ. Білімнің тереңдігіне, түсініктілігіне, іске басшы бола білетіндігіме назар аудару керек. Екіншіден, осы кезеңде мұғалім тақтанық алдында жауап айтып тұрған оқушымен жұмыс істеп жатқанда, қалған оқушылар бос отырады. Мұндай тексеру баланың оқуы мен тәрбиесіне үлкен зиян келтіреді. Орташа есеппен сабақ сұрауға 15 минут кетеді, осы уақыт ішінде көп оқушылар бос отырса, онда олар үшін уақыттың босқа кеткені. Сыныптың төртібі, зейіні нашарлайды, оқушы мұғалімді алдауға, іссіз жүруге үйренеді. Егер ауызша сұрау кезінде бір оқушы жауап беріп, қалғандары бос отырса, онда 11 жыл ішінде әр оқушының 1,5-2 жыл уақыты босқа өтеді екен. Оқушының тақтаға шығарған есебін немесе жазған қиын сөзін басқалары дәптерлеріне көшіріп алуы да ақыл-ой жұмысын туғызбайды. Білімді тексеру дұрыс ұйымдастырылғанда ғана, ал оқушылардың білімі мен дамуына жақсы ықпал етеді. Жақсы нәтижелерге жетуге әсер ететін жағдайлар:  - білімді тсксерудің жаппай, жеке түрлерін қолдану;  - білімнің беріктігін, тереңдігін тексеру үшін қосымша сұрақтар беру; - білімді қолдандыру үшін балаға таныс емес жағдаяттарды айту; - жолдастарының жауабын тыңдап, дәлірек жауап беруге әзірлену үшін сыныптың оқушыларына тапсырмалар беру; - жұмыстың маңыздылығына оқушылардың көзін жеткізу. Кезеңдегі оқу-тәрбие жұмысының алдында тұрған міндеттердің орындалғанын дәлелдейтін көрсеткіштер: •    білімнің көлемін және дұрыстығын, сонымен қатар тереңдігін, тәжірибеде жұмыс істей алатындығын мұғалімнің тексеруі; •    оқушылардың білім, іскерлік дағдыларындағы жақсы жетістіктері мен кемшіліктерін көрсететін, өздік жұмыс тәсілдерін жетілдіру үшін берілген нұсқаулар; •    жекелеген оқушылардың білімдерін тексеріп жатқанда сыныптың белсенді түрде жұмыс істеуі. Білімді тексеру – оқушылардың жұмысына педагогикалық бақылау, оқушылардың білімдерін бекітетін, нақтыландыратын, түсінікті ететін, жүйелейтін, оқушылардың өз білімдері мен іскерліктерін көрсетуіне мүмкіндік беретін, оқушыны өзіне бақылаттыратын маңызды және әділ тәсіл. IV. Жаңа материалды белсенді және саналы қабылдауға, меңгеруге оқушыларды әзірлеу кезеңі: Кезеңнің алдында тұратын оқу-тәрбиелік міндеттер: Оқушылардың танымдық қызметін ұйымдастыру және оған бағыт беру, жаңа материалды меңгеруге әзірлеу. Оқушыларды мақсатты тұжырымдауға және оған қол жеткізу құралдарын таңдап алуға үйрету. Кезеңнің мазмұны: - жаңа оқу материалының тақырыбын хабарлау, жаңа материалды оқып-үйренудің мақсаты мен міндеттерін оқушылармен бірге тұжырымдау; - жаңа оқу материалын оқып үйренудің тәжірибедегі пайдасын көрсетіп, оны меңгеруге оқушыларды ынталандыру; - оқушылардың алдына оқу мәселелерін қою, әрбір оқушының оқу процесінде орындалатын жұмыстардың мақсатын білуі, оқушының білімнің маңызын түсініп, оқуға қызығуы. Жақсы нәтижелерге қол жеткізуге ықпал ететін жагдайлар: •    жаңа оқу материалының мақсатын, міндеттерін, оқушыларға пайдасын тұжырымдап, оларды сабақ жоспарына жазу; •    оқушыларға осы сабақта нені үйрену қажеттігін, қандай білім алып, іскерлікке үйреніп, оның қай жерлерін шапшаң істеу керектігі туралы айту; •    нәтижені алдын ала көру жақсы жұмыс істеуге тікелей ықпал ететіндігін, сондыңтан кез келген іс-әрекеттің мақсаты болу коректігін оқушыларға түсіндіру; •    сабақтың мақсатын оқушылармен бірге талдау немесе тұжырымдау, әйтпесе, оқушы не мақсатпен оқып жатқанын түсінбейді. Кезеңнің аяқталғандығынан хабар беретін көрсеткіштер: •    сабақтың келесі кезеңдеріндегі оқушылардың белсенділігі; •    жаңа оқу материалын дұрыс қабылдаулары және түсінулері; •    сабақтың мақсаты мен міндеттерін тақырыпты хабарлаған кезде оқушыларға айтып кетуге болады, бірақ үнемі айту міндетті емес. Мақсат пен міндеттерді мұғалім оқу процесінің жүйесіне қарай түрлі тәсілдермен хабарласа да болады. Мақсат пен міндетті "Бүгінгі сабақта не істейміз" - деген стендіге жазып коюға болады. V. Жаңа білімді меңгеру кезеңі: Оқу-тәрбиелік міндеттері. Факт, құбылыс ереже, принцип, заңдар туралы нақты түсінік беріп, қорытындыға әкелген тәсілдерді, жолдарды, құралдарды оқушыларға үйретіп, білім негізінде, оған сәйкес келетін іскерлік және дағдыларға машықтандыру. Оқушылардың өздеріне, басқа адамдарға, сынып ұжымына, еңбекке, Отанға деген оң қатынасын қалыптастыру. Бұл кезең дамыта оқыту принциптерін сәйкес жобаланады және жүзеге асырылады.  Кезеңнің мазмұны: •    зейінді ұйымдастыру; •    мұғалімнің жаңа оқу материалын оқушылардың қабылдауын, түсінуін, жүйелеуін ұйымдастыруы; •    жаңа материалды оқушының өзі оқып-үйреніп, меңгеретін іс-әрекетке баулу. Жақсы оқуға көмектесетін іскерлік пен дағдыларға машықтандыру; •    оқыту процесінің негізгі қызметкері (субъектісі), өзінің оқуына, сөзі мен ісіне бірден-бір жауапты адам оқушы болатын жағдаяттарды жасау. Бұл кезеңдегі оқыту мәні оқу материалын баяндау емес, қайта ол материалды мұғалімдердің басшылығымен оқушының өнімді әдіс-тәсілдер арқылы меңгеруі екенін есте ұстау керек. Өмір оқушылардың білімді өз күштерімен алуын талап етіп отыр. Жақсы нәтижелерге жеткізетін жағдайлар: •    оқушылардың сезім арқылы қалыптасқан тәжірибесін және білімдерін сабақтың мақсатына сай естеріне түсіру; •    оқушылардың ой жұмысын белсенді ететін түрлі әдістерді кең түрде қолдану, оларды ізденіс жұмыстарына қатыстыру, өздігінен білім алуға үйрететін тәсілдерді пайдалану. Балалардың жаңа материалды мүмкіндігінше шығармашылық тәсілдермен меңгеруі; •    оқу процесінде құрамы өзгеріп отыратын, екі оқушыдан тұратын, бір-бірімен қарымқатынасты диалог әдісімен жасайтын жүп құру; •    осы кезеңде мұғалімнің педагогикалық шеберлігі, білімі, ой-әрісі көрінетінін есте сақтаңыз; Кезеңнің оқу-тәрбие міндеттерінің орындалғаны туралы хабар беретін көрсеткіштер; •    егер мұғалім әңгіме, дәрістерді, түсіндіруде оқушылардың өздік жұмысы әдісін қолданса, онда дидактикалық міндеттерді орындаудың өлшемі сабақтың келесі кезеңдеріндегі оқушылардың жауаптарының сапасы; •    эвристикалық әңгіме, оқушылардың өздік жұмысы, әңгімелесу әдістерін қолданғанда, компьютерлермен және Оқулықтармен жұмыс істегенде, оқушылардың жаңа білім, іскерліктерді меңгергендігін олардың жауаптары мен іс-әрекетінің дұрыстығынан, сабақтың қорытындыларын шығаруға белсене қатысуларынан көреміз. VІ. Жаңа білімді бекіту кезеңі: Кезеңнің оқу-тәрбиелік міндеттері. Материалмен өз бетімен жұмыс істеуге керекті білім және іскерліктерді оқушылардың жадында бекіту барысында оқылған материалды оқушылардың терең түсінуіне жағдай жасау. Керекті іскерлік пен дағдыларға машықтандыру. Кезеңнің мазмұны: •    жаңа білімдер мен іскерліктерді бекіту; •    кезекті білімді тексеру кезінде оқушының тақырыпты оқыту әдістемесін және жауап беру тәсілдерін жетілдіру; •    оқушылардың меңгерген білімдерін бекітумен қатар, олардың жаңа ұғымдарды қалай түсінгенін тексеру; •    жаңа оқу материалын тәжірибеде шығармашылықпен қолдану арқылы бекіту; •    білімге сәйкес келетін дағдылар мен іскерліктерді қалыптастыру. Оқушылардың біліміндегі формализммен күресудің маңызды жолы – оқу материалын терең түсіну, оқушыларды оқу материалдарының бір-бірінен айырмашылықтарын және өзара байланыста қарауға, қатар қоюға және салыстыруға үйрету, тәуелділіктерді анықтау, ой жұмысын, қиялын дамыту. Оқушы материалды терең түсінгенде ғана жадында жақсы сақталады. Оқыған материалды бекіту – өте маңызды жұмыс. Жақсы нәтижелерге жетуге әсер ететін жағдайлар: •    білімді есте сақтап және қолданып, шығармашылық және тәжірибелік міндеттерді орындау; •    бекіту жұмыстарын оқушылардың ой белсенділігін, өз бетімен ақыл-ой жұмысын талап ететін білімдер мен сұрақтар аркылы жүргізу; •    бір оқушының жауабын толықтыруға, нақтыландыруға, түзетуге оқушыларды тарту, оқылған оқу материалы туралы оқушылардың пікірін білу; •    жаңа материалды түсінудегі кемшіліктерді оқушылардың қосымша жауаптарының сапасына қарап анықтау. Кезеңнің оқу-тәрбие міндеттерінің орындалғанын мынадай көрсеткіштерге қарап біледі: •    оқушылардың білімінің беріктігін, олардың қаншалықты деңгейде түсінгенін анықтау; •    оқушылардың фактілерді ұғымдармен, ережелермен, идеялармен сәйкестендіре білуі, оларды білуі; •    жаңа материалдың негізгі идеяларын оқушының басқаға айта білуі; •    оқушылардың жетекші ұғымдардың мәнді белгілерін тауып, оларды нақтыландыра білуі. VІІ. Оқушыларға үй тапсырмасын және оны орындау жөнінде нұсқаулар беру Оқу-тәрбиелік міндеттері: үй тапсырмасын оқушыларға хабарлау, оны орындау әдістемесін, орындаудың қажеттілігін, міндеттілігін оқушыларға түсіндіру. Сабақты қорытындылау. Үй тапсырмасы оқушыларға тәрбие береді, дамытады. Бірінші. Оқушылардың негізгі ұғымдарды және іскерліктерді меңгеруіне көмектесетін үйге берілетін тапсырмалар оқушының ерік-жігерін, жауапкершілігін, саналы төртібін қалыптастыруға ықпал етеді. Екінші. Үй тапсырмалары оқушының зейінін негізгі білім, іскерліктерге шоғырландырып, білімнің беріктігін арттырып, ең бастысы, білім және іскерліктерді қолдандырады. Кезеңнің мазмұны: •    сабақтың қорытындысын шығару; •    оқушыларды үй тапсырмаларын орындауға ынталандыру: оқушының білімге құмарлығын ояту (мәселені қызықты етіп қою); борыш сезімін ояту, баланың икемділіктері, талап тілектерін ескеру; •    үй тапсырмаларын орындау жөнінде толық, бірақ қысқа нұсқау беру. Оқу материалын бекітуге, оқушылардың жеке қабілеттерін дамытуға көмектесетін тапсырмалар беру. Үйге берілетін тапсырманы оқушының қабілетін, әсіресе дарынды балалардың қабілетін дамыту үшін қолданған дұрыс. Оқушының өзі таңдап алатын тапсырмалары - күшті тәрбие құралы; •    жұмыс мазмұнын және оны орындаудың тәсілдерін оқушылардың қалай түсінгенін тексеру. Үй тапсырмалары - оқушылардың оқуға қызығушылығын дамытудың, адамгершілік сапаларын, дүниетанымын қалыптастырудың құралы. Мұғалімнің үй тапсырмаларын дұрыс орындатуы үйдегі оқу жұмысының, сабақтың сапасын жақсартады. Жақсы нәтижелерге жетуге әсер ететін жағдайлар: •    кезеңдегі оқу жұмыстарын міндетті және жүйелі түрде қоңырауға дейін бітіру, ол үшін уақыт бөлу. Бұл кезеңге сабақтың соңында екі, үш минут бөлуге немесе үй тапсырмасын қоңыраудан кейін беруге болмайды; •    тапсырманы тексеруге барлық оқушылардың назарын аудару, оқуда табысқа жету көбіне үй жұмысын дұрыс орындауға байланысты екенін оларға түсіндіру; •    үй тапсырмасының мазмұнын барлық оқушылардың түсінуі. Сабақтың басында және ортасында берілген үй тапсырмалары оқушылардың зейінін мұғалімге аударып, оларды жаңа материалды қабылдауға әзірлейді. Дұрыс дайындалған тапсырмалар арқылы үй тапсырмасы қызықты жұмысқа айналады. Үй тапсырмалары бірнеше сабақтарды біріктіруге мүмкіндік береді. Үй жұмыстары мінезді, оқушының жеке тұлғасын қалыптастыруға көмектеседі. Аралас сабақтың кезеңдерінің қысқаша мазмұны осындай. Әрбір аралас сабақта барлық кезеңдері көрсетілген жүйемен сақтау міндетті емес, бәрі мұғалімнің ойға алған ісіне, педагогикалық мақсатқа сай құрылған сабақтың жүйесіне байланысты. Аралас сабақтың 13692 нұсқасы бар. Олар пәнге, жұмыстың мазмұнына, мұғалімнің және оқушылардың мүмкіндігіне байланысты. Білімді тексеру сабағының құрылымы: •    сабақтың бастапқы кезеңін ұйымдастыру. Бұл кезде мұғалім сабырлылық, іскерлік танытып, оқушылар бақылау жұмысынан қорықпайтындай жағдай жасау керек, себебі мұғалім оқушылардың оқу материалын одан әрі меңгеруіне қажет дайындықтарын тексереді; •    сабақтың міндеттерін қою. Мұғалім оқушыларға қай тақырып бойынша білімдерін тексеретінін айтады. Олардан керекті ережелерді еске түсіріп, өз жұмыстарында қолдануларын сұрайды; •    бақылау және тексеру жұмыстарының түрлері аталады. Олар оқу бағдарламасына сәйкес жасалған есептер, диктант, шығарма, сұрақтарға жауап беру. •    сабақты қорытындылау. Мұғалім оқушылардың жақсы жұмыстарын, сонымен қатар қате жұмыстарды да талдайды, қателерді түзету жұмыстарын ұйымдастырады; •    білім, білікті меңгеру кезінде оқушылардың жиі қателесетін жерлері анықталып, оларды жою жолдары белгіленеді. 2-түрі: •    ұйымдастыру бөлімі; •    бақылау жұмысының мақсатын түсіндіру; •    бақылау жұмысының мазмұнын айтып, оны қалай орындауға болатындығын түсіндіру; •    бақылау жұмысын оқушылардың өз беттерімен орындауы; •    сабақты қорытындылау.

Атымтай Ыбырайұлы Көшімбаев (1910, Қостанай облысы, Пресногорьков ауданы — 1977, Орал қ.) - ғалым. (1975). Қазақстанның халық ағарту ісінің үздігі, филология ғылымдарының кандидаты (1954), профессорҰлы Отан соғысына қатысқан. 1946 ж. ҚазПИ-ді бітірген. 1932-37 ж. Қарашығанақ ауылындағы мектеп мүғалімі, оқу ісінің меңгерушісі, 1938-50 ж. Қазақ КСР Халық ағарту комиссариатының әдістемеші-инспекторы, ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері. 1951-54 ж. Оралдағы мүғалімдердің білімін жетілдіру институтының кабинет меңгерушісі, Орал педагогикалық институтының аға оқытушысы. Көшімбаев республика жоғарғы оқу орындарында әдебиетті оқыту әдістемесі жөнінде алғашқы бағдарламаны және оқу құралын (1938) жазған.[1]

Ахмет Байтұрсынұлы. «Әдебиет танытқыш»

Бүгінде қайта жаңғырған Алаш зиялыларының еңбектері қазақы таным мен әлемдік мәдениетке сүбелі үлес қосуда. Алаш зиялыларының қай-қайсысы болсын, ұлтқа барын салып қызмет етуді басты мұрат еткен. Мұны олардың, ең алдымен, білім мазмұнын жетілдіруден бастағаны белгілі. «Ұлт ұстазы» Ахмет Байтұрсынұлы 1913 жылы «Қазақ» газетіндегі «Қазақша оқу жайынан» атты мақаласында: «Біз әуелі елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастауымыз керек. Неге десек, болыстық та, билік те, халықтық та оқумен түзеледі», – деп жазады. Иә, сөзді тану, әсіресе, әдебиетті тану – ғаламның өзегіндегі аса нәзік үйлесімділік пен әсемдікті танудан бастау алып, тіршіліктің қарапайым заңдылықтарын ұғынуға дейін жалғасады. Мұны жаратылыстың өзіндік қарапайым тілімен сөйлете білу де өнер. Сондықтан, кез келген көркем дүниенің туу, жазылу, өмір сүру тарихы, ең бастысы, оның өнер ретіндегі құндылығы – аса ауқымды мәселе.

Ахмет Байтұрсынұлы «Оқу құралы» (1912), «Тіл құралы» (1914), «Әліпби» (1914), «Жаңа әліппе» (1926-1928), «Баяншы» (1926), «Әдебиет танытқыш» атты оқулықтар, Телжан Шонанұлымен бірге «Оқу құралы» (1926-1927) деп аталатын хрестоматиялық көмекші оқу құралдарын жазды. Қазақ тілінде оқу, жазу, дін, ұлт тілі, ұлт тарихы, жағрапия, шаруа-кәсіп, жаратылыс, тағы басқа ғылым салалары жайынан пайдалы мағлұматтарды білім беру жүйесінің ең тиімді жолын пайдалана отырып, ұсынды. Жүсіпбек Аймауытұлы, Мұхтар Омарханұлы, Құдайберген Қуанұлы, Телжан Шонанұлы, Мағжан Бекенұлы, Міржақып Дулатұлы сияқты ұлт зиялылары туған халқының интеллектуалдық деңгейін әріден ойлап, әр салада оқу құралдарын жазды. Бүгінде аталмыш оқу құралдарын зерделеп отырып, олардың әдістемелік тәсілдерінің қарапайымдылығына һәм нәтижелілігіне тәнті боласың. Қазір не көп, оқытудың сан-салалы тәсілдері көп. Солай бола тұра, мектеп оқулықтарында оқушыға қажетті мағлұматтар жоқ. Білім мазмұнына қатысты педагогтар оқытудың дәстүрлі (репродуктивтік) және құрылымдық (конструктивтік) тәсілдерін сарапқа салып тартысады. Әлбетте, бұл білім беруге қатысты жайттар. Бұл мәселеде едәуір ілгерілеген де шығармыз. Бірақ одан нәтиже болмай отыр. Неге? Негесі сол біз білім беруді айта береміз де сол білімнің өзін сөз етпейміз. Білім мазмұнын түрлендірудің, жетілдірудің жолдарын айтамыз, білім мазмұнын айтпаймыз. Оқулықтарымызда кез келген түсініктің жүздеген анықтамаларын береміз де бірде бір қасиетін айтпаймыз. Қазіргі мектептердегі оқытылып жатқан оқулықтардың да басты проблемасы осы. Осы тұрғыда алаш зиялылары жазған оқулықтардың басты артықшылығы – олар білім берудің түрлі тәсілдері мен әдіс-амалын емес, білімнің басты қасиетін ғана беруді ұстанады. Нәрсенің көптеген құрғақ анықтамаларын емес, бала санасына қонымды жалғыз қасиетін айтады. Оны балаға баланың тілінде, қарапайым ауызекі сөзбен жеткізеді. Осылайша ондай оқулықтар оқушының егіз қозыдай ажырамас досына айналады. Мысал ретінде Ахмет Байтұр­сынұлының 1926 жылы Қызылорда қаласында баспа бетін көрген «Әдебиет танытқышын» айтуға болады. Бүгінде бұл оқулық әдебиетті қазақша танытатын бірден бір классикалық мұраға айналды. Оқулық дейтін себебіміз, автор, әрбір ұғымды түсінікті баяндай отырып, «нұсқалықты қараңыз» деп ескертіп отырады. Бұдан, «Әдебиет танытқышты» Ахмет Байтұрсынұлы оқулық және нұсқалық (хрестоматия) түрінде екі кітап етіп, білім беру жүйесіне оңтайлап, арнайы жазғандығы мәлім болады. Бүгінде оқулықпен қауышқанымызбен, нұсқалық әзірге табылмай отыр. Айта кету керек, «Әдебиет танытқыш» ірі теориялық еңбек ретінде де ғалымдар назарына ерекше ілікті. Мұның өзі бұл оқулықтың орта және жоғары мектеп оқушыларына әдебиетті танытқыштық қызметіне мүлде кедергі келтірмейді. Бір жағынан алғанда бұл, қазірде жиі айтылып жүрген білім берудегі оқушылардың зерттеушілік қабілетін арттыруға да таптырмайтын құрал. Мектептегі әдебиет оқулықтарында әдебиет ұғымы мен ондағы түрлі жанрлық категориялар жоғары сыныптарда өтіледі. Ал университеттерде керісінше төменгі курстарда өтеді. Бірақ, екеуінде де ешқандай жаңашылдық жоқ – бұрынғы кеңестік тәсілдің көшірмесі.

Төменде Ахмет Байтұр­сынұлы жазған әдебиет оқулы­ғының бірнеше артықшылықтарын санамалап келтірейік: Біріншіден, «Әдебиет танытқыштың» құрылымдық ерекшелігі – тараулардың, әрбір жаңа сабақ тақырыбының, жекелеген тұжырымдардың реті бір-бірінен туындап отыратын қисындылығында. Ал тақырыпты түсіндіру, баяндау тәсілінің бір ерекшелігі – нәрсенің анықтамасын айтудан бұрын оның қасиетін айтатынында. Яғни, кез келген тақырыпты түсіндіру барысында бізге үйреншікті дедуктивті әдіспен емес, көбіне сол дедукцияның өзіне негіз болып келетін жолды ұстанып, нәрсенің анықтамасынан қасиетіне қарай емес, керісінше, нәрсенің қасиетінен анықтамасына қарай баяндалады. Оны пәлсәпалық һәм филологиялық ұғым-түсініктердің ішінде – қарапайым түсінікті тілмен дәл әрі шумақтап (обобщение) беріледі. Мәселен, оқулықтағы роман, повесть, әңгіме жанрларын түсіндіру тәсілі осыған дәлел бола алады. Романды – ұлы әңгіме, повесті – ұзақ әңгіме, әңгімені – ұсақ әңгіме деп әрбір жанрдың атауында оның мазмұны мен формасын қатар түсіндіріп кетеді. Екіншіден, әдебиетті түсіндіргенде оқулықта, ең алдымен, осы сөздің өзін анықтап алу мақсат етілген. Алғашқы тақырыптан бастап әдебиет, ол – өнер, сондықтан өнердің өзін түсініп алалық дейді де оны өте ұғынықты, қарапайым сөзбен баяндап береді: «Өнер түрлі болады. Біреулер үй салады, арық қазады, етік тігеді, арба істейді, киіз басады, ыдыс істейді, тағысын тағы сол сияқты шаруаға керек нәрселерді жасайды . Біреулер көрікті мешіт, көрнекті там, көркем сурет салады. Әдемі ән, әсерлі күй, ажарлы сөз шығарады. Алдыңғы өнер мен соңғы өнердің арасында айырым бар. Алдыңғы өнерден шыққан нәрселер күн көру ісіне қажет шаруа керек- жарақтары. Мұны істегенде, сұлуынан жылуы дегендей, көркем болуын көздемейді, тұтынуға қолайлы, жайлы, берік болу жағын көбірек көздейді. Екінші өнерден шыққан нәрселер, жылуынан гөрі сұлу болуы көбірек көзделінгендіктен, көзге көркем , көңілге жағымды болып істелген нәрселер; алдыңғы нәрселер адамның мақұлықтық жан сақтау керегінен шыққан нәрселер; соңғы нәрселер адамның жан қоштау керегінен шыққан нәрселер. Сондықтан, алдыңғы нәрселерді жасауға жұмсалатын өнер – тіршілік үшін жұмсалатын тірнек өнері болады да, соңғы нәрселерге жұмсалатын өнер – көркемшілік үшін жасалатын көрнек өнері болады. Үшіншіден, «Әдебиет танытқыштың» білім беру тәсілінде алдымен күрделі тақырыпты ұғындырып алу көзделеді. Сол арқылы баланың талғамын қалыптастыру жолға қойылады. Көркем дүниеге деген биік талғам қалыптастырған оқушы үшін кез келген тақырыпты талдау зәредей қиындық тудырмасы анық. Төртіншіден , «Әдебиет танытқыш» оқушыны қисынды ойлай білуге үйретеді. Біз көбіне көркем сөз, көркем шығарма, көркем туынды дегенді жиі айтамыз. Алайда, оқушыларға сол көркемдік қайдан келгенін айтпаймыз. Оны түсінбеген оқушы әдебиеттің түрлі теориялық анықтама ларымен басы қатып жатады. Байтұрсынұлы оқулығы анықтаманы оқушының өзіне шығартуға үйретеді. Бірінші – өнердің қасиетін түсіндіреді. Осыдан оқушы сұлулық, көркемдік дегендердің өнерге қатысты дүние екенін түсінеді. Содан соң барып, «тілдің міндеті қандай, сөздің қасиеті қандай, сөз өнері деген не?» деген мәселелерді қозғайды. Осы тақырыптардан соң барып әдебиетке келеді: «Сөз өнерінен жасалып шығатын нәрсенің жалпы аты шығарма сөз, ол аты қысқартылып көбінесе шығарма деп айтылады. Ауызша шығарған сөз болсын, жазып шығарған сөз болсын, бәрі шығарма болады. Шығарманың түрлері толып жатыр. Оның бәрін шумақтап бір-ақ атағанда арабша әдебиет, қазақша асыл сөз дейміз». Адамға рухани қажеттілік – сөздің асылы ғана дегенге саяды. Бесіншіден, бұл оқулықтағы келесі бір ерекшелік – бір тақырып аясындағы түрлі мәселелердің ішкі бірлігі. Әдетте, біз оқушыларға сюжетті бір тақырып, композицияны бір тақырып, олардың ішіндегі түрлі бөліктерін жеке жеке тақырып етіп түсіндіреміз. Мұнда керісінше, барлығы бір ойдың желісімен түсіндіріледі. Мәселен кітапта: шығарманы жазбас бұрын, қандай мәселені оқушыларының алдына тартпақшы, сол туралы аз ба, көп пе ойлайды. Сан ой, сан алуан пікірлердің ішінен біреуін негізгі ойының қазығы етеді. Сол шығарманың тақырыбы болып саналады», – дейді де, ал шығармадағы негізгі пікірдің (идеяның) үстемдігі жөнінде: а) «Қандай шығарма болсын, белгілі бір идеяны үндейді дедік. Тақырып, оқиға, және оның құрылысы, шығармадағы қатысушылардың араларындағы тартыс, оларды суреттеу әдістері, түптеп келгенде – жазушының сол шығармадағы айтайын деген идеясына бағыныңқы», – деп көркем шығарманың тақырыбы ауқымды әрі қарапайым түрде түсіндіріледі. Онан соң сөйлеудің түрлері «жай сөйлеу», «аралас сөйлеу» деп қарапайым мысалдармен беріледі. Жетіншіден, Ахмет Байтұрсынұлы бір мәселені ұғындырғанда оны түсіндірудің барлық тәсілдерін қолданады. Оқулық сонысымен ерекшеленеді. Оқушы есінде жаңа дәріс ұмытылмастай сақталады. Бір тақырыптың негізімен бірге іс-тәжірбиелік жағын өмірмен байланыстыра баяндап береді. Мәселен, көркем сөзді түсіндіре отырып, оны кімдер қолданатынын да жан-жақты айтып өтеді: «Ақындар ғалымдар сияқты болған уақиғаны, яки нәрсені болған күйінде, тұрған қалпында бұлжытпастан айтып, дұрыс мағлұмат беріп, ақиқаттануға тырыспайды, тұрған нәрсе тұрған күйінде, болған уақиға болған күйінде ақынға өте үйреншікті, жай қалыпты, жабайы көрінеді. Оның бәрін ақындар өз көңілінше түйіп, өз ойынша жорып, өз ұйғаруынша сүгіреттеп көрсетеді. Сол өзі ұйғарған түріндегі ғаламды сөзбен көрсетуге бар өнерін, шеберлігін жұмсайды, сүйтіп шығарған сөзі – көркем сөзді шығарма болады». Сегізіншіден, термин мәселесінде бірде бір грек, латын не болмаса орыс сөзін қолданбайды. Барлығын қазақы дүниетанымнан, әрбір сөздің өз түбірінен, өз төркінен алып, соны термин етіп түсіндіреді. Бұл да оқушының өзіндік туа бітті жаратылысына лайық, ақылына қонымды тәсіл. «Мінездері ұқсас, біріңғай, бір кейіпті адамдарды кейіптес дейміз. Мінездің белгілі бір түріне кейіп беретін адамдарды кейіпкер дейміз. Жомарттық, сараңдық, батырлық, қорқақтық, түзіктік, бұзықтық – бұлар қай жұртта да болатын мінездердің жалпы кейіптері. Сондықтан мұндай мінезді адамдар жалпы кейіпкерлер болады». «Ұлы әңгіменің өресі қысқа, өрісі тарлау түрі ұзақ әңгіме деп аталады. Онан да шағындау түрі ұсақ әңгіме деп аталады». Осы тұрғыда «Әдебиет танытқыш» – әдебиетті танытудың шынайы тәсілдерін қолданған. Сондықтан оқырман жүрегінің төрінен орын алып отыр. Кез келген көркем шығарма жаратылыстың сырлы сыпаттарын көркем тілмен баян етеді. Біз әдебиетті тануда, талдауда көркем туындылардан сол сырлы сыпаттарды іздейміз. Ал материалдан тыс теориялар мен анықтамалар ойлап тауып, соларды материалға теліп талдау – барып тұрған сауатсыздық. Өкініштісі, біздің мектептерде сол сауатсыздық салтанат құрып тұр. Әсіресе, әдебиетті оқытуда…

Драмалық шығармаларды оқыту әдістемесі  Драмалық шығармаларды оқыту әдістемесінің дұрыс жасалуы мен ұйымдастырылуы және драмалық шығармаларды оқытудың жемісті болуы оқыту мазмұнын анықтаумен, оқыту принциптерін жүйелеумен тығыз байланысты.  Драмалық шығармаларды оқыту оқыту әдістемесінде мынандай әдістерді алуға болады:   Әңгімелеу;   Проблемалық баяндау;   Шығармашылық оқыту (іздендіріп оқыту);   Иллюстрация және көрнекілік;   Жазбаша жұмыс;   Өз бетімен жұмыс жасау;   Оқушылардың шығармашылық жұмыстары;   Деңгейлік тапсырмалар орындату;   Өнер және мәдениет құралдарын қолдану;   Техникалық құралдарды қолдану;   Сабақтан тыс жұмыстар жүргізу т.б.  Жазбаша жұмыстарды орындату.  Жазбаша жұмыстардың мақсаты- оқушылардың тілін дамыту. Драмалық шығарманы оқыта отырып, оқушылардың тілі мен ойлауын дамыту жүйелі ету үшін жазбаша жұмыстардың түрлерімен тақырыптарын мұғалім алдын ала белгілеп,даярлап алады. Драманы талдауда оқушының сөздік қорын байытуға жазба жұмыстың «Сөздік дәптер»түрін қолдану дағдыға айналдыру өте маңызды орын алады.  Одан кейін жазба жұмысының түрі-драмалық шығармада автор жасап шығарған ерекше сөз қолданыстарын іріктеу, іздеті, талдау.  Жазбаша жұмыстың тағы бір түрі- драмалық шығарамада қолданылған халық тілінің байлығын талдау. Мақал-мәтелдер,фразалық тіркестер, нақыл сөздердің драмада қалай қолданылғаны мен автордың негізгі идеясын ашуға оладың қалай қызмет етіп тұрғанын көрсету арқылы оқушылардың ана тілін ойды білдіруден қолдана білу дағдылары қалыптастырылады.  Жазба жұмыс түріне сұрақтарға жазбаша жауап беру де жатқызылады. Мұның ерекшілігі – жазбаша жауап берілген кезде оқушының ауызша жауаптан гөрі ойлануға уақыты, мүмкіндігі мол болуында.  Жазбаша жұмыс жүйесінде шығарма жазу үлкен орын алады.Шығарма жазу барысында оқушының өзі оқырман,оқушының өзі сұрақ қоюшы,оқушының өзі жауап беруші, оқушыныңөзі төреші роліндеболып, нәтижесінде ойдың қаншама қабатынан сыналып, сығымдалып шыққан ой-толғаудан шығарма пайда болады. Сондықтан шығарма жазудың арнайы әдістемесінің мәні зор.  Негізінен монолгтық түрде келетін мазмұндау мен баяндама жасауда сөйлеу заңдылықтары мен тәртіптері де ескеріледі.  Оқушылардың өз бетімен орындайтын жұмысы.  Қазіргі уақытта оқушылардың өз бетімен ізденуіне баса назар аударылып отыр. Сондықтан драмалық шығармаларды оқытуда оқушылардың өз бетімен орындайтын жұмыстарын түрлендіріп отыру керек. Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы олардың саналығына сүйенеді, әрі осы қасиетті қалыптастырады. Өз бетімен жұмыс жасауда оқушы мынандай алгоритімдерді орындай алады:драмалық шығарманы талдаудағы берілген тапсырмаға тікелей қатысты мақсатты нақтылау;мақсатқа жету үшін, соған қажетті материалдарды драмлық шығарма мәтінінен бақылау, ізденіп оқу;берілген тапсырманың, сұрақтың шешімін мәтіннен,белгілі бір абзац пен олардың байланысынан іздеп табу, өзінің болжамын нақтылап жазу;айтар ойының жоспарын жасау;жоспар бойынша өз ойын баяндау, басқа фактілермен салыстыру, өзінің шешімін ғалымдардың пікірімен салыстыра отырып дәлелдеу: өзіне берілген мәселені шешу үшін ұсынатын нақты көзқарасын айқын түрде көрсету.  Оқушылардың шығармашылық жұмыстары.  Әдебиет сабағының оқушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастыру мен дамытудағы үлкен ролі бұрыннан белгілі. Бірақ барлық әдістер бірдей оқушының шығармашылық қабілетін дамытады деп те түсінбеу керек.  Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту бағыты осыған арналған арнайы жоспардың талап етеді. Оқужылының басында жасалған пәндік жоспарда драмалық шығармаларға қатысты да орын беріліп, осы тақырыптың мазмұндық – құрылымдық болмысында оқушылардың шығармашылығын дамытуға потенциалды қандай мүмкіндіктер барын мұғалім алдын ала анықтап алады. Мысалы Ғабит Мүсіреповтың драматургиясын оқыту арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту жоспарын мынандай элементтер қолдануға болады деп есептейміз.  Оқушылар «Қозы Көрпеш –Баян сұлу» драмасын оқып шыққан соң,кейіпкерлер жүйесін өзіойлап тапқан мизансценаға орналастыру керек,яғни барлық кейіпкер сценаға шығатын болса, қайсысын қай жерде және қандай позада тұрғызу керектігі және сол ойын дәлелдеу керектігі тапсырылады.  Қарабай бейнесінің ең түйінді тұсын суретке салу тапсырылады.  Оқушылар арасында Қозы мен Баянға ескерткіш орнатуға авторлық конкурс жариялап,жеңімпазын қазылар алқасына анықтату керек.  Махаббат пен адалдыққа қарсы шыққан Қарабай мен Қодарды «Ар сотына» айыптау керек, соның сценарийін оқушыларға жазғыздыру тапсырылады т.б.  Мұндай мысалдарды көптеп табуға болады.Шығармашылық әдістерді қолдану арқылы мынадай мақсат-міндеттер шешіледі.  1.Оқушы әдеби шығарманы талдау теориялық әдістерін шығармашылық қызмет әрекетіне айналдырып, білімнің өмірдегі жетекші ролін тани алады.  2. Шығармашылық талдау әдісі арқылы эстетикалық білім алады.  3.Эстетикалық таным әдістері арқылы этикалық таным әдістері арқылы этикалық-моральдық норманың сабақтастығын сезіп біледі,эстетикалық білім ғана адамға этика нормаларын шынайы меңгеруге көмектеседі.  4. Білім мазмұнын шығармашылық қызметтің моделіне айналдыра алады, яғни драмалық шығарманың мазмұнымен таныса отырып,оны басқаша аспектіден түсіну әдістерін меңгереді.  5. Шығармашылық жұмыстарды орындау қабілеттерін үйренеді.

ӘДЕБИЕТТІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ ПӘННІҢ МАҚСАТЫ

  1. Әдебиетті оқыту әдістемесі пәнінің мақсаты: әдебиетті адамзаттың ғасырлар бойы жасалған мұрасы сөз өнері әрі ғылым ретіндегі ерекшелігіне сүйене отырып, оны халқымыздың «Көркем тарихы»  , «Өмір оқулығы» дәрежесінде оқып – үйрету: 2. Әдебиетті өмірмен байланыстыра, өзіндік табиғатын аша отырып, адамзат тарихымен тығыз сабақтастығын айқындау; әдебиетті оқыту әдістемесінің теориялық, методологиялық негіздері.  3. Тарих, тіл білімі, музыка, бейнелеу өнері, философия, әдебиеттану, эстетика т.б. ғылым салаларымен байланыстылығы қарастырылады. Әдебиетті оқыту әдістеменің ғылыми пән ретіндегі мазмұнының негіздерін анықтау аса қажетті емес. Басқа пәндерді оқыту әдістемелері сияқты қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі де белгілі бір жүйеге негізделіп дамиды. Осы орайда әдістемеліктің бай мазмұны мен оның сан түолілігін ашатын пікірлердің де әр алуан екендігін айту қажеттігі туындайды.  «Әдебиет әдістемесі- педагогикалық ғылымдардың саласына жататын ғылыми пән. Мұның: қамтитын: объектісі, қарастыратын мәселелері мектепте әдебиетті оқыту сабақтары  кезінде мұғалім мен оқушылардың  өзара қарым-қыатынасы болып табылады,  ол педагогика ғылымы теориясының жалпы қағида ережелеріне сүйенеді.Бірақ әдебиет әдістемесі педагогика сияқты мектеп, оқу-тәрбие мәселелерін тұтас алып қарастырмай, тек көркем әдебиетті оқып үйрену негізінде оқушыларға берілетін білім мен тәрбие мәселелерін ғана өз шеңберінде алып баяндайды», - деп жазды көрнекті әдіскер-ғалым А.Көшімбаев. Бұдан әдебиет әдістемесі ғылымы мен жалпы педагогика ғылымының өзара байланыста болатынын көреміз. Әдістемеліктің қолданбалы ғылым екендігін және ол жалпы дидактиканы негізге ала отырып, алуан түрге ене алатынын көрнекті педагог Ж.Аймауытұлы айқындап айтқан. «Ж.Аймауытұлы жалпы дидактика барлық пәндерге тиісті оқытудың жалпы заңдары, жолдары, оқытуға қатысты мәселелер туралы  сөз ететіні, ал жеке әдістемелік дидактиканың жалпы ережелерін тек пәндердә оқытқанда, қалай жинастыру, қандай әдіс қолдану туралы баяндайтынын айтады. Ж.Аймауытұлы сабақ беру үйреншікті жай шеберлік еместігін, ол үнемі жетілдіруді қажет етенін үнемі жаңалық табатын өнер», -деп бағалайды. Қазақ тілін, әдебиетін оқыту әдістемесі ғылымының тарихында Ахмет Байтұрсынұлының көшбасшы болғаны белгілі. А.Байтұрсынұлының оқудың негізі білімді өз бетінше алу екенін айтқан пікірлері әлі күнге дейін өзінің мәнін  жойған жоқ. Ол педагогиканың өзекті мәслесі болып отырған оқушының өз әрекетіндегі  субъектілік қызметін арттыру  міндетіне сай келеді. Ғылым өзінің 1928жылы Қызылорда қаласында басылып шыққан «Тіл жұмсар» атты әдістемелік еңбегінде: «Бала білімді тәжірибе арқылы өздігінен алу керек. Мұғалімнің қызметі- өздігінен алатын ... білімнің ұзақ жолы үшін ... балаға жұмысты әліне шағындап беру мен бетін белгіленген мақсатқа  қарай түзеп отыру», - деп жазған А.Байтұрсынұлының бұл ойы бүгінгі қазақ әдебиеті әдістемесінің де негізіне жатады деуге болады. Баланың білімді өздігінен алатын жолдарын анықтау- әдістеменің басты міндеті мен қызметі екені сөзсіз. Бұл мәселелер А.Байтұрсынұлының «Баяншы», «Әлиф-ба астары» сияқты жекеленген әдістемелік еңбектерінде де айтылған. Әдіскер ғалым ретінде А.Байтұрсынұлы бастаған істі әрі қарай дамытушылардың бірі  Мағжан Жұмабаев баланы әдебиетпен таныстыруға аса үлкен мән берген. Ол жұмыстың жүзеге асырылуын  бастауыш мектептен бастап мұқият дайындау керек деп танып, өзінің «Бастауыш мектептегі ана тілі» атты белгілі әдістемелік еңбегін жазды. Онда М.Жұмабаев әдіскер-ғалым ретінде  төрт жылдық  бастауыш мектептің  әр жылына сәйкес ана тілі бойынша бала тілін дамыту  үшін жаттығулар жүйесін жасап ұсынған. Аса көрнекті әдіскер-ғалым М.А.Рыбникова  «Әдістеме дегеніміз- уақытты үнемдей білу. Оқушы үшін жігерін ақылмен жұмсау,  оқу материалынан негізгі және басты мәселелерді таба білу, сыныптың еңбегін ұйымдастыру шеберлігі,  оқушылардың әр түрлі жеке әрекеттеріне  ықпал етуді алдын-ала ұйымдастыру»,-деп әдістеме ғылымына  анықтама береді. Әдістеменің жалпы құрылымы жайында В.В.Голубков  былай дейді: «Қай пән бойынша болмасын барлық әдістеме  оқытушы жұмысының ұсынымдарын, материалдарын және әдістерін құрастырумен өзара ұқсас, сондай-ақ олар не үшін, нені және қалай деген үш негізгі сұрақтарға жауап береді.  Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің  қамтитын аймағы  мектептегі әдебиет  пәні сабақтары мен әдебиетке байланысты сыныптан тыс, мектептен тыс жұмыстар және базистік оқу жоспарының  инвариантты бөлігінен берілетін таңдау курстарында жүргізілетін  әдебиет сабақтарында мұғалім мен оқушының  оқу-тәрбие ісінде өзара қарым-қатынасы болып табылады. Сөз өнерін, көркем әдебиеттің  өзін әдебиет тарихы мен әдебиеттану ғылымында белгілі дәрежеде  оқып үйрену негізінде оқушыларға әдеби білім, адамгершілік, ізгілік ,имандылық, тәрбие беру мен білім-білік дағдыларын қалыптастыру  заңдылықтарын ашу-оның қарастыратын басты мәселесі. Әдебиет пәні жеке тұлғаның, адамның  рухани әлемін, оның адамгершілігін, ойлауын, көңіл-күй сезімін, тілін, шығармашылық әрекет- бастауларын қалыптастыруда ерекше орын алады.  Әдістеменің даму тарихында, қалыптасу үрдісінде әдеби білім беру негізгі  қағида болып табылатын  оқу бағдарламалары мен оқулықтар жасау мәселелері, әдебиет сабағын оқытуды жетілдіру сияқты мәселелер  әдебиет пәні құрылымын құрайды.  Әдебиет пәні оқушы бойында биік эстетикалық талғамды дамытуды, өнер туындысындағы, табиғаттағы, адамдар қарым-қатынасындағы үйлесім мен әсемдікті танып ұға білуге, дұрыс бағалауға, әсерленуге, терең  пайымдауға үйретеді, сонымен бірге ол көркем әдебиетке деген сүйіспеншілікті, ынта-ықыласты оята отырып, оқырман  мәдениетін қалыптастырады. Әдебиет пәні  оқушыны  өнер туындысын тануда қажетті біліммен, біліктілік дағдылармен қаруландырып, онда көркем бейнені қабылдауға қажетті сезім сергектігін, шығарманы мазмұн мен түр бірлігінде, көркемдік тұтастыққа қабылдай білуді; шығармада кескінделген мінездер сырын, шығарма идеясын, жаазушы позициясын шығарма арқауына сүйене отырып ашуды; өзіндік ой толғамында дербестік, идеялық-көркемдік құндылығы жоғары туындыларды ғана қалайтын талғампаздықты, көркем туындыларды салыстыра отырып, қарастыра  алу біліктерін қалыптастыруды көздейді. Осы негізде мектептегі  қазақ әдебиеті пәні жеке тұлғаның үйлесімді дамуына қызмет атқаратын негізгі эстетикалық пән деген тұжырымға келеміз. Қоғамның  және  мәдениеттің  даму өзгерістеріне  сай әдебиет  пәнінің  бағдарламалары, оқулықтармен қатар оны оқыту әдістемелігі де жетілдіріліп отырады және ол қалыптасқан отандық әрі  әлемдік тәжірибеге негізделеді. Әдістеме ең алдымен мұғалімнің  шығармашылық әрекетінің  жүйелі болуына қызмет ететіндіктен, ол  әдебиетші мұғалімге жоғары талаптар да қояды. «Әдебиетші мұғалім ең алдымен көркем сөз сипатын ашатын заңдылықтарды  білуі керек. Сондай-ақ көркем туындыны  талдаудың ғылыми  әдістемелерін жетік  меңгеруі қажет. Әдеби шығармаларды талдауда мұғалім мен оқушы арасында  бірлескен еңбек, бірлескен шығармашылық, өнерпаздық орын алуға тиіс»,-дейді белгілі әдіскер мұғалім Қ.Бітібаева. Сонымен оқытушы және оқушының   оқу әрекетіндегі  бірлестіктер мен дербестік сипаттарын, ұйымдастыру жолдарын қарастыруға әдістеме ғылымы қолда бар бай тәжірибеге сүйенеді және оның таяу болашақтағы даму бағыттарын айқындайды. Ол бағыттар: - әдеби білімді саралауды жүзеге асыру, бағдарламаларды қайта қарап, тұжырымдама негізінде батыл жаңарту; V-ІХ сыныптарды негізгі базалық біліммен қамтамасыз ететін базалық білім бағдарламаларын, оқушының  жеке сұранысы мен мүддесіне, қызығушылығы мен бейімділігіне қарай  екі жылдық бағдарламада сараланған толық орта білім деңгейлерін қамтамасыз ететін жарыспалы бағадарламалар жасау; - әдебиетті оқытудың гуманистік, адамгершілік-эстетикалық сарынын күшейту, сабақ үрдісінде  жазушы көтерген ізгілікті тағылымды, өнегені ашуды, ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерді танытуды, сол арқылы оқушының ұлттық рухани санасын қалыптастыруды нысана тұту; - оқушының көркемдік-ассоциациялық, образдық ойлануына, әдебиетті өнер табиғатына сай оқи білуіне, шығарманың идеялық-эстетикалық мән-мағынасына терең бойлап, тебірене қабылдауына, кейіпкер тағдырына ортақтасуына жағдай жасап, стандартқа  сай білім, біліктілікпен қаруландырып, оқырман ретіндегі мәдениетін көтеру; - оқытудың шығармашылық сипатын көтеру, оқушылардың оқу еңбегіндегі ой дербестігін, оқу-танымдық қабілеттерін дамытуды  қамтамасыз ету, сабақ тиімділігін арттыру нәтижелігіне қол жеткізу; - оқытуды демократияландыру, сабақта мұғалім мен оқушы арасында бірлескен мақсатты қарым-қатынас, субъект-субъект дәрежесіндегі еркін диалог ахуалын туғызу, нақтылы сынып жағдайында әдеби  білім нәтижелігін қамтамасыз ете алатын мұғалім ізденісін қолдау; - әдебиет пәнінің гуманитарлық циелдегі басқа да пәндермен, білім салаларымен пәнаралық, пәнішілік байланысын тиімді пайдалану, тіл мәдениеті, шешендік өнер, тіл дамыту бойынша тіл мен әдебиетке ортақ бағдарлама жасау; - әдебиет оқулықтарының ,оқу кітаптарының мазмұны, ғылыми-дидактикалық негіздерін түбегейлі жақсарту,оқулықтарға білім  берудің жаңа технологиясын ендіру. Бұл бағыттар жалпы білім беретін қазақ мектебіндегі әдеби-білім тұжырымдамасының негізгі ұстанымдары. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің  бұл тұжырымдамада көрсетілген негізгі бағыттары әлемдік тәжірибеге де сай келеді деуге болады. «Әдебиетті оқыту әдістемесінің таяу болашақтағы  дамуы оқу-тәрбие үрдісін ізгілендіру, оқытуды саралау, пәндердің сондай-ақ жеке әдістемелердің интеграциялануы, оқыту деңгейінің қазіргі ғылым, мәдениеттің даму деңгейіне жақын келуі, вариативті  бағдарламалардың, сабақтардың жаңа технологияларын жасау, әдебиетті оқыту әдістерінің жаңа түрлерін іздестіру болып табылады». Отандық әдістемеліктің даму бағыттарының әлемдік тәжірибенің даму бағыттарымен үндес келуі егеменді еліміздің білім дамуының әлемдік білім кеңістігімен үйлесімде болу тенденциясын басшылыққа алады.    Бақылау сұрақтары: 1. Әдебиетті оқыту әдістемесі пәнінің мақсатын көрсетіңіз. 2. Әдебиетті оқыту әдістемесін  «Көркем тарихы», «Өмір оқулығы» дәрежесінде оқып – үйретудің өзіндік ерекшелігі. 3. Әдебиетті өмірмен байланыстыра оқыту.    4. Әдебиетті оқыту әдістемесін басқа пәндермен байланыстыра оқыту.      Пайдаланылатын әдебиеттер:    1. Мемлекеттік білім стандарты. – А., 1998. 2. Қазақ әдебиетін оқыту тұжырымдамасы. – А., 1997. 3. Қазақ әдебиеті пәні бойынша қазақ мектептеріне арналған бағдарлама. V – IX,  X – XI  сыныптар, - А., 1999. 4. Қоңыратбаев Ә. Әдебиетті оқыту методикасы. – А., Мектеп, 1985. 5. Көшімбаев А. Қазақ  әдебиетін оқыту методикасы. – А., Мектеп, 1969. 6. Ақшолақов Т. Көркем шығармаға талдау жасау. А., Мектеп, 1993. 7. Бітібаева Қ.Әдебиетті оқыту әдістемесі. – А., 1997. 8. Жұмажанова Т. Әдебиеттен кластан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың ғылыми - әдістемелік негіздері. А., 1995. 9. Қирабаев С. Мектеп және қазақ әдебиеті. – А., Мектеп, 1979. 10. Дайырова Ә. Орта мектепте І.Жансүгіров творчествосын оқыту. – А., 1969. 11. Қалиев С. Мектепте Ғ.Мүсірепов шығармаларын оқыту жолдары. – А., 1974. 12. Мұқанов М. Жас және педагогикалық психология. – А., 1981. 13. Мақпыров С. Әдебиеттен шығарма жұмыстары. – А., 1981. 14. Бітібаева Қ. Әдебиет сабағының түрлері мен үлгілері. – А., 1994. 15. Жұматаева Е. Әдебиетті оқытудың кейбіп мәселелері. – А., 1994. 16. Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы. – А., 1964. 17. Қабдолов З. Әдебиет теориясының негіздері. – А., 1970.    2-дәріс. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің  ғылым ретінде қалыптасуы                      1. Қазақстандағы оқыту жүйесіне тікелей Ресейдің отаршылық саясатының әсері. 19ғ. екінші жартысындағы Троицк, Орда, Ырғыз Қазанда қазақ мектептерінің ашылуы.  1876 жылы Қазан мұғалімдер семинариясының директоры Н.И.Ильминский ұсынысымен Ы.Алтынсариннің орыс алфавитімен ауылдық мектептер ашуы. И.Гаспринский негізін салған үлгідегі жәдит мектептері, медреселік білім беру жүйесі, оның прогресшіл жақтары. Жалпы білім беруде дін сабақтарымен бірге басқа пәндердің орын алуы; Ана тілінің үздіксіз оқу мәселесінің көрсетілуі, оқу құралдарын жасауға бағытталуы: 2. XX ғасырдың басында Қазақстанда мектеп қажетін өтеудің оқу материалы ретінде орыс әдебиеті шығармаларынан аудармалардың хрестоматиялық оқулықтар түрінде берілуі: Қазақ әдебиеті пәнінің әдеби білім негіздері қазақ баспасөзі «Айқап» журналы «Қазақ газетінде» көрініс табуы.   XX ғасырдың бас кезіндегі Қазақстанда мектептік білім жүйесінің түрлері: 1. Ерлер мен әйелдер гимназиялары, училищелер, мұғалімдер семинариялары. 2. Қалалық училищелер, приход училищелер, ауылдық – болыстық мектептер. 3. Кәсіби оқу мекемелері – мұғалімдер семинариялары мен мұғалімдер мектептері, ауыл шаруашылығы мектебі, фельдшерлік және қолөнер мектебі, Ы.Алтынсариннің, қазақ хрестоматиясының қазақ әдебиеті пәнінің атасы, әдебиеттік оқулық жасаудағы алғашқы тәжірибе деп бағалануы; қазақ мектебі тәжірибесінде оқу әдістемесін тұңғыш енгізуі; Ы.Алтынсариннің ұлттық талғам мен ізгілікті, озық адамзаттық құндылықтардың қазақ халқының да рухани игілігіне айналуын үйлестіре білуі; орыс педагогтары К.Д.Ушинский, Л.Н.Толстой, И.Паульсон т.б тәжірибелерімен байланыстылығы; Ы.Алтынсарин оқулығында көрініс табуының маңызы.  3. Қазақтың ағартушы – демократтарының халық санасын оятуға қосқан тарихи үлесі. Шоқан, Абай, Шәкәрім А.Байтұрсынов, С.Торайғыров т.б. А.Байтұрсыновтың «Әліппе» (1921) «Оқу құралы» (1921) «Әдебиет танытқыш» (1926) М.Жұмабаевтың «Сауатты бол» (1923) Ж.Аймауытұлының «Жаңа ауыл» (1929) Б.Майлин, С.Мұқанов «Колхоз – ауыл» (1930) атты оқулықтарымен т.б. оқулық хрестоматиялардың ұлттық әдебиеттік мектепте жеке пән ретінде оқытылуына тигізген әсері. 4. а) 1917 – 1927 жылдары әдебиет пәнінің кенестік идеологияны орнықтырушы қоғамтану құралы ретінде оқытылуы; ә) 1928 – 1938 жылдары әдебиеттің тарихи - әдебиеттік курс ретінде оқытылу себептері; б) 1931 – 1932 жылдардағы БКП (б) орталық камитетінің әдеби білім беруді жетілдіру, арнайы бағдарламалар арқылы оқу тиімділігін арттыру жөніндегі қаулылырының маңызы; Әдебиет оқулығын жазу, оның тарихын зерттеуде М.Әуезов еңбектері. Олар: 1927 жылы қазақ әдебиеті тарихынан тұңғыш зерттеу «Әдебиет тарихы» оқулығы, 1930 жылы ересек жастар мектебіне арналған «Жеткіншек» оқу құралы, «Қазақ шаруа жастары мектебіне арналған бағдарламасы» (1930) мұнда аударма шығармалардың енгізілуі т.б. Отызыншы жылдардың екінші жартысындағы әдебиетті оқытуды әдебиеттік оқу, тарихи - әдебиеттік курс ретінде жүйеленуі; бағдарламалардың мазмұны. 5. 1939 – 1958, 1985 – 1990 жылдар. Білім беру жүйесіндегі реформалар, бұлардың әдеби білім беру ісін жетілдіруге тигізген ықпалы: Әр кезеңде мектепке арналған және жоғары оқу орындарына арналған әдебиет пәні бағдарламалары мен оқулықтарын жасаудағы С.Сейфуллин, М.Әуезов, С.Мұқанов, А.Көшімбаев, С.Қирабаев, Ә.Дойырова т.б. еңбектері. 1990 – 2000 жылдардағы еліміздегі жалпы және орта білім беру жүйесіндегі түбегейлі өзгерістер «Әдеби білім тұжырымдамасы», Қ.Р. орта білім мемлекеттік стандарты; (Алматы, 1988)  6. Қазақстан ұлттық мектебі тұжырымдамасы дүниеге келді. Ұлттық мектеп тұжырымдамасы ұсынған болашақ мектеп үлгісі мен білім берудегі жаңа жүйенің кеңестік білім жүйесінен айырмашылықтары. Әдеби білім мазмұнын жаңарту бағытындағы жаңа ұстанымдар мен құндылықтар; әдеби білім берудегі модульдік жүйе, оның өзіндік ерекшеліктері; ғылыми - әдістемелік басылымдардың мұғалім біліктілігін арттырудағы рөлі; әдебиетті оқытудағы жаңа технологиялар жүйесі; соңғы жылдардағы ғылыми - әдістемелік ізденістер т.б. Бүгінгі заман талабына сай ақпараттық – комуникациялық технологияны дамыту білім беру саясатының ажырамас бөлігі екендігі; 2001- жылғы «Білім жүйесін ақпараттандыру тұжырымдамасы бекітілуі». Бақылау және тестілеу бағдарламалары, ақпараттық анықтама жүйелері, электронды оқулықтар және мультимедиялық бағдарламалар. Білім беру жүйесін компьютерлендіру, оқу процесінде қолдану мәселелері. Білім және ғылым саласын ақпараттандыру білімді дамыту тұжырымдамасының басты бағыттарының бірі екендігі. Әдебиетті оқыту әдістемесінің тарихы Көркем шығармаларды оқушыларға танытудағы алғашқы тәжірибелер(1879-1940)    Ғылым атаулының қайсысының болсын өзіне тән дүниеге келу, даму жолдары болады. Қазақ әдебиеті пәні де сондай жолдардан өтіп өзінің қалыптасу дәуірін басынан кешірді. Қазақ әдебиеті пәнін орта мектепте оқыту проблемаларының мерзімді баспасөзде, педагогикалық және әдістемелік басылымдарда сөз болуы, іргелі зерттеу жұмысының арқауын құрауы сияқты күрделі мәселенің тарихына арналған еңбектер осы күнге дейін жазылған жоқ. Осыған орай қазақ әдебиеті  пәнінің ғылым ретінде қалыптасуына атсалысқан ғалым-әдіскерлеріміздің  ой-пікірлеріне әділ баға беру қажеттігі туындайды. Қазақ әдебиеті пәнінің орта мектептерде оқытылуы тарихының жасалуы оның әр кезеңдері арасындағы заңды байланыстарды ашып,  әдістемелік ойдың бірте-бірте тереңдей, кемелдене түскенін айқындап береді. Ұлттық әдебиеті оқыту пәні ретінде мектеп бағдарламасына еңгізу, әдеби білімнің мазмұнын айқыңдау, қазақ әдебиетін шәкірттерге меңгертудің тиімді жолдарын ғылыми түрде негіздеп беру мәселелері бір айдың немесе бір жылдың жемісі емес. Қазақ әдебиетінің пән болып оқытылуының жағдайын зерттеп, оның білім мазмұның айқыңдау, оқулықтар мен бағдарламалар жасау сияқты міндеттер алға қойылды, сол себепті ғылыми экспедициялар құрылды. ВКП(б) Орталық Комитетінің 1932 жылғы 25 августе қабылданған «Бастауыш және орта мектептердің оқу программасы мен жұмыс режимі туралы» қаулысы осыған сәйкес Қазақ АССР Орталық Атқару комитеті мен Халық Комиссарлар Советі қабылдаған қаулы, ВКП (б) Орталық Камитетінің 1933 жылы қабылданған «Бастауыш және орта мектептердің оқулықтары туралы» қаулысы республикада халық ағарту ісінің жаңдана түсуіне игі ықпалын тигізді. Партиялық және мемлекеттік құжаттар ғылыми негізделген тұрақты бағдарламалар мен оқулықтар жасау, оқушылардың материалистік көзқарасын қалыптастыратын білімдер жуйесін, яғни пән құрамы мен мазмұнын айқындау міндетін қойды. Алайда қазақ әдебиеті пәні бойынша бағдарламалар мен оқулықтар жазу, әдеби білім құрылымы мен мазмұнын белгілеу оңайға түскен жоқ. Қазақ  әдебиетінің пән ретіндегі жолы 1930 жылдардан басталады десек, одан бергі ғылыми  жарты ғасырдан астам уақытта қаншама күрделі шешілгенін айқын пайымдаймыз. Бағдарламалар  мен оқулықтар жасаудағы тәжірибенің болмауы, әдебиетті, оның  тоериясы мен оқыту әдістемесін жақсы білетін мамандардың аздығы осы бағыттағы жұмыста көптеген қиындықтар туғызды. 1939-1940 жылын қазақ әдебиетінің пән ретінде  қалыптасқан мерзімі деп санаймыз. Ойынымызды тұжырымдай келе  айтарымыз, Ыбырай Алтынсарин ашқан қазақ мектептерінен бастап оқытыла бастаған әдебиет пәні 1927 жылға дейін жеке пән болып саналмады, ол қоғамтану пәнінің құрамына енгізіліп отыр. Тарихи деректерге сүйене отырып қазақ әдебиеті пәнінің  мектепте пән болып қалыптасуы мектеп тарихымен бүтіндей сабақтас мәселе екендігіне көз  жеткізуге болады. Пәннің бастапқы қалыптасу кезеңінде мектеп сұраныс көзі қызметін атқарды. «Қазақстанда  он сегізінші ғасырдың аяғында қазақ балалары үшін мемлекет құзырына  қарасты мектептер пайда бола бастады. Атап айтқанда, 1789 жылы Орынборда мешіт жанынан мектеп ашылса, келесі қадам 1825 жылы Орынбор қаласында Неплюев кадет корпусы, 1825 жылы Омск кадет корпусы, 1841 жылы Ішкі Бөкей Ордасында Жәңгір хан ашқан  қазақ мектебі  ашылып, оларда қазақ балалары қабылданатын болды. ХІХ ғасырдың екінші жартысында 1861 жылдан бастап орыс-қазақ мектептері Троицкіде, Торғайда, Ырғызда, қазанда, Перовскіде ұйымдастырылды. 1876 жылы Қазақ мұғалімдер семинариясының директоры Н.И.Ильминский идеясы бойынша қазақтарды орыс алфавиті көмегіменоқыту қолға алынып, бұл жұмысқа Торғай облысы мектептерінің  инспекторы болып тағайындалған Ы.Алтынсарин тартылды. Ы.Алтынсарин орыс сауатын оқытатын бірнеше ауылдық мектептер ашты. Жалпы ХІХ ғасырдың екінші жартысында, ХХ ғасырдың бас кезінде  Қазақстанда  мектептің білім жүйесі мынадай еді: 1. Орта оқу мекемелері – ерлер мен әйелдер гимназиялары, жылдық училищелер, мұғалімдер семинариялары. 2. Бастауыш оқу мектептері- қалалық училищелер, орыс-қазақ және орыс-туземдік мектептер мен училищелер, ауылдық-болыстық мектептер, бастапқы сауаттылық беретін мектептер. 3. Кәсіби оқу мекемелері-мұғалімдер семинариялары мен мұғалімдер мектептері, ауыл шаруашылығы мектебі, фельдшердік мектеп және қолөнер мектебі. Бұл мектептердің саны, әрине көп емес еді. 1898 жылға қарай 730 бастауыш мектеп , оның ішінде 262 діни мектеп болған. Оларда  бүкіл Қазақстан территориясындағы мектеп жасындағы балалардың барлық санының 93,9%-ы қамтылған, ал оның ішінде қазақ ұлты балаларын атап көрсетсе, бұл көрсеткіш ұлғая түседі», - дейді Т.Тәжібаев. Т.Тәжібаевтың монографиялық  зерттеуінен бұл деректерді келтіру себебіміз, біріншіден, қазақ балаларының саны ол мектептерде өте аз болғанын ,екінші, аталған мектептерде оқу орыс тілінде (негізінен) жүргізілгеніне және қазақ балаларын орысша бастапқы сауаттылыққа яғни тілмаштық іске жарайтындай деңгейіне бағытталып жүргізілгеніне  көңіл аудару еді. Оларда жалпы білім беру, соның ішінде математика, табиғаттану ілімдері қарастырылған. Бұл мектептерде орыс тілінде оқып жазу, арифметика дағдылары, діни оқу сияқты  пәндер оқытылған, оның оқу-материалдық базасы нашар, қаржыландыруы өте қанағаттанғысыз жағдайда болған, ол оқыту деңгейінің  тіптен нашарлығын 1882 жылы Түркістан өлкесіне  халық училищелерінің бас инспекторы Забелиннің  «Басқа ұлттарға білім беру ісінің дамуы мен нәтижесінің шектентыс төмендегі сатыда тұрғанына менің көзім жетті»,-деп жазғанымен сипаттауға болады. Ал ішкі Орда халық училищелерінің инспекторыН.Леванов мектептерде оқу құралдарының жоқтығын жаза келіп, балалар орысша оқып, жазуды өте нашар меңгергенін  және толық  сауаттылықты, белгілі дәрежеде  дамыту туралы бұл мектептерде сөз қозғау  да мүмкін еместігін айтады. Міне, отар елдердегі халыққа білім берудің  осындай жағдайында, бодандық шектеушіліктің соншалықты саяси және рухани төзгісіз жағдайында қазақ балалары үшін қазақ тілінде алғашқы оқулық «Қырғыз хрестоматиясы» (Қазақ хрестоматиясын) жазып, баспадан шығарып, оны мектеп  тәжірибесіне енгізуі Ы.Алтынсарин тарапынан тарихи бастама болды, бұл қазақ әдебиеті үлгілерін мектепте  оқытудың алғашқы қадамы еді. Ы.Алтынсарин тұңғыш қазақ оқулығын неге хрестоматия түрінде жазуды таңдап алған деген сұрақ тууы мүмкін. ХІХ ғасырдың екінші жартысында Ресей педагогтары арасындапәнді оқытудың негізгі мақсаты- мектептен алып шығатын ақпараттар беру емес, жалпы іскерлікті қалыптастыру, атап айтқанда ,ойлау, сөйлеу, жұмыс қабілеті, тәртіптілік дағдыларын бірінші кезекке машықтандыру деген пікір үстем болды. Ол пікірді ұстанушылардың ой-ниеті кейін тез ұмытылады немесе өмірде тіптен пайдаланылмайды, ал логикалықб ойлау, жаңа жағдайларға тез бейімдей білу, сөйлеу және  жазу, жұмыс істей білу іскерліктері барлық жерлерде керек болады, олар әрі  әрқашан ұмыт болмайды- деп түсінген. Сол себептен де мектепте  жалпы дағдаларға айрықша мән беріліп,,оқу құралдары негізінен хрестоматиялық сипатта жасалынған болатын. ХХ ғасырдың бас кезінде бастауыш училищелері (мектептері) үшін құрастырылған әдеби оқулықтардың хрестоматиялық түрде болғанын осындай үстем педагогикалық идеяның ықпалы деп түсінуге болады. Сонымен қатар бұл оқулық бастауыш оқу сатысыны арналған еді. Ы.Алтынсарин Торғай, Ырғыз, Ақттөбе, Николаев уездерінде уездік екі кластық мектептер ашады, бұлардың кейінгі екеуінде тек қазақ балалары  оқыды, кейін Бөрте, Қарабұға, Обаған, Жетіқара, қаратоғай болыстарында да осындай мектептер1881 жылы Омбы қаласынан қазақтың тұңғыш оқытушылар мектебі ашылған. Ы.Алтынсарин өзі ашқан жаңа мектептердің жұмысына ждұрыс бағыт беріп, үнемі көмек көрсетіп отыратын рухани басшысы да болды. Өзінің бір хатында «оларға» (мектеп жастарына) адамгершілік жағынан әсер етуге де бар күшімді салып отырмын»,- деп жазды Ыбырай. Ы.Алтынсарин өзінің ағартушылық идеяларын халыққа кеңінен жеткізу мақсатымен жаңа мектептерді қаншама көп ашқанымен, бүкіл қазақ балаларын толық  қамти алмайтынына көзі жетіп, жаңа оқулықсыз бұл мектептерде де күткен нәтижелерге қол жетпейтінін байқады. Олар үшін ендігі  жерде оқулық жасауға кірісіп, 1876-1879 жылдары бұл мақсатына да жетіп, 1879 жылы Орынборда «Қырғыз (қазақ) хрестоматиясы атты оқулық жазып, баспадан шығарады.  Қазақтың алғашқы оқулығы шыққан қарсаңда Қазақстанда қазақ тілінде  оқулықтың болмағанынан Ы.Алтынсариннің өз жазғаны да хабардар етеді. Қазақ халқының сауатсыздығынан, қазақ тілінде басылған бірде-бір кітаптың жоқтығынан оқу орындарының мұғалімдері қазақ балаларын оқытқанда, амалсыздан қазақ тілінің орнына татар тілін пайдаланып жүр. Сондықтан шәкірттерге амалсыздан татар тілінен ешқандай кемдігі жоқ ана тілін тастап, татар тілін үйренуге тура келеді.  Екінші жағынан татардың кітап тілі араб, парсы сөздеріне толған, сол себепті ол сауатсыз қазақтарға түсініксіз. Бұл тілде басылып шыққан кітаптардың бәрі де тек дін туралы жазылған кітаптар, сондықтан олар осы жағынан алып қарағанда, дүниелі мақсаттарды көздейтін орыс-қазақ мектептерінде пайдалану үшін қолайсыз»- деп жазды ол. Ұлы ағартушының халқының сауатсыздығы үшін күйзеле отырып перзенттік сезімінен туған, үлкен өкінішпен айтылған бұл сөз, оның оқулық жазуына түрткі болған еді. Мұндағы мақсаты туралы ол тағы да былай деп жазды: «Бұл кітапты құрастырғанда мен біріншіден, осы біздің  ана тілімізде тұңғыш рет шыққалы отырған жалғыз кітаптың орыс-қазақ мектептерінде тәрбиеленіп  жүрген қазақ балаларына оқу кітабы болу жағын, сонымен қатар жалпы халықтың оқуына жарайтын кітап болу жағын көздедім». Хрестоматия орыс әрпімен басылып шықты. Ол туралы: «бұл шығарған кітабіміз көздеген мақсатпен сәйкес болып, орыстың ғылыми кітаптарын пайдалана білуге тікелей жол салып беру үшін  және сол орыс кітаптарына мағынасы жағынан да,әрпі жағынан да қайшы келмеуін көздеп, орыс әрпімен бастырғанды қолайлы деп таптық»- деп жазды автордың өзі. Ы.Алтынсариннің қазақ әдебиеті  үлгілерін енгізіп алғаш жазған қазақ  оқулығының дүниеге келу себебінің өзі біріншіден, қазақ балалары үшін оның өзі ашып ұйымдастырған мектептердің қажеттігінен, сұранысынан туған еді. Ы.Алтынсаринге дейін әдеби мазмұндағы қазақ оқулығы былай тұрсын, таза қазақ тілінде оқытатын мектептің де болмағанын жоғарыда келтірген едік. Ондағы мақсат қазақша әдеби оқулық жазуға  қоғамдық сұраныстың болмағанын дәйектеу еді. Ендігі жерде Ы.Алтынсарин екі бірдей маңызды, қажетті тарихи бастама жасады: а) қазақ тіліндегі оқулықты қажет еткен таза, қазақ мектептерін ашты; ә) ашылған қазақ мектептерінің сұранысын қанағаттандырды, алғашқы оқулық жасап шығарды. Ы.Алтынсарин өзі бастаған ұлы істің жалғасы үзілмеуін қалады және солай болатынына сенгендіктен де оның тарихи маңызына өте зор мән берген болатын. «Мазмұны балалардың білімін көтеретін, тақырыбы оларды қызықтыратын кітаптарды асықпай, бірақ алған бағыттан қайтпай, қазақ өз тілінде шығара беру керек»,* деп жазды Ы.Алтынсарин. «Қазақ хрестоматиясы» қазақ әдебиеті пәнінің атасы,  әдебиет оқулығын жасаудағы алғашқы тәжірибе деп бағаланады. Басталған іс үзіліп қалмай, ыбырай оқулығы үлгісінде қазақ тілінде әдеби мазмұндағы оқулықтардың шығып, бүгінгі кәсіби педагогикалық сападағы әдебиет пәніне ұлғасуымен ұштасты. «Қазақ хрестоматиясы» кейін біраз қысқартылып 1889,1896,1899  жылдары «Махтуба» деген атпен, араб алфавитімен басылды. «Махтуба» арабша  «хаттар» деген мағынада 1906 жылы А.Васильев редакциясымен едәуір толықтырылып, орыс алфавитімен  қайта жарияланды.  Кітаптың құрылымы жөнінде «Сөз басында» Ы.Алтынсарин былай деп жазды: Бұл басылып отырған бірінші кітаптағы мақалалар мынадай тақырыптарға бөлінеді: 1. Балалар өмірінен алынған әңгімелер. Бұлар түрлі орыс хрестоматияларынан, көбінесе, М.Паульсонның хрестоматиясынан алынды. 2. Әр түрлі жинақтардағы адамдар өмірінен алынған әңгіелер. 3. Қазақ ақындарының ең жақсы өлең*жырларынан үзінді. 4. Қазақтың мақал-мәтелдері. Ы.Алтынсарин оқулығында балаларды қазақтың әдеби мұраларымен ғана таныстыруды мақсат етпеген, ол кітапты басқа әдебиет үлгілерімен де қамтамасыз еткен. Ол адамзаттың игілікті озық құндылықтарының  қазақ қауымының да рухани игілігіне айналуын армандаған, әлемдік қауымдастықты аңсауды кемеңгерлікпен мәдени инетеграцияны сезіне білген. Ы.Алтынсарин аударған, Л.Н.Толстой, К.Д.Ушинский, И.Паульсон т.б. педагогтардың шығармашылық тәжірибесінде бар құбылыстың кейбірі «Қазақ хрестоматиясының» басылымдарына енгізіліп отырады. Атап айтқанда әйгілі «Азбуканың» авторы Л.Н.Толстой оқулық құрастырғанда таза дидактикалық мақсатта балаларға арнап әлем әдебиетінің үлгілерін сұрыптап өңдеген. Ә.Дербісалин зерттеуі бойынша «Қазақ хрестоматиясына» енген шығармалардың отыздан астамының түпнұсқасы табылған. «Ы.Алтынсарин жасөспірімдерге адамгершілік рухта тәрбие бере алатын еңбектерді ғана аударды және осы аудармалары арқылы оның қандай нақтылы тәрбие мәселелеріне көңіл бөлгендігін де біле аламыз. Ағартушы аудармаларының негізгі тақырыптары еңбек, адамды сүйе білу, кішіпейілдік, қарапайымдылық, үлкенді сыйлау, жолдасты қадірлеу т.б.болды. Бұл мәселелер Алтынсариннің педагогикалық идеяларының озық сипатын танытады», деген Ә.Дербісалиннің пікірінн Алтынсариннің ұлттық талғам мен адамзаттық құндылықтарды үйлестіре білген, жоғары мәдениетті, аса білімді педагог болғанын аңғарамыз.         Алтынсариннің өзі бұл істе көп еңбектенгенің айтады. «Бұл кітапта келтірген әңгімелердің қазақтар үшін ұнамды болуы жағын көздедім. Сондықтан бұл кітапқа енгізілетін әңгімелерді тергенде көп қиыншылықтарға кездестім, әрбір мақаланы әр жағынан ойлап барып қосу керек болды», - дейді. Алайда Алтынсарин орыс тіліндегі мәтін-дерді жөнсіз қазақыландыра бермеген, олардың түпнұсқадағы стильдік ерекшеліктері мен оқиға тартысына байланысты барлық қасиеттерін толық сақтай аударған.         Ы.Алтынсарин «Қазақ хрестоматиясында» халқының әдебиетін мәдени мұра ретінде тани білді, оны жинап бастыруға талаптанып «Хрестоматиясының» екінші кітабында қазақтың төл әңгіме, аңыздарына кеңірек орын беруді ойластырған.         Ы.Алтынсарин «Қазақ хрстоматиясына » енгізген ауыз әдебиеті үлгілерін төрт түрге бөліп қарауға болады: аңыз әңгімелер – «Лұқпан әкім», «Таза бұлақ», «Жиренше шешен» т.б ертегілер – «Қара батыр», «Тазша бала» т.б.; эпостық шығармалар – «Қобыланды» және басқа да жырлардан үзінділер, мақалдар мен мәтелдер, жалпы саны – 69.         Осыларға қоса сол кездегі қазақ әншілері мен  жыршылары шығарған кейбір өлең, айтыстарды да кездестіруге болады.         Ы.Алтынсариннің  оқулығында өзі жазған қысқа да өнегелі әңгіме, өлеңдер бар: «Кел, балалар, оқылық!», «Өнер- білім бар жұрттар» сияқты өлеңдерінде оқу-өнерге шақырса, «Қыпшақ Сейтқұл», «Киіз үй мен ағаш үй» әңгімелерінде отырықшылық мәдениетті көркем уағыздайды. Ы.Алтынсариннің әңгіме, өлең сияқты шағын көлемді туындыларға көбірек көңіл аударып жазғандағы мақсаты сол кездегі жаппай сауатсыздық жағдайында білім есігін жаңа ашқан қазақ балаларының оқып меңгеруіне дидактикалық тұрғыдан ұсынған жеңілдік деп қарауы еді. Оның әңгімелері, өлеңдері шын мәнінде өз заманында оқулық дәрежесінде қызмет етті. Ы.Алтынсарин «Қазақ хрестоматиясында» және  басқа да мақалалары мен хаттарында қазақ мектебі тәжірибесінде оқу әдістемесін тұңғыш рет енгізді.Әдістемелік жүйесі 4 буыннан тұрады: 1) материалдарды оқуға балалардың жас ерекшеліктеріне, педагогикалық прогресшіл талаптарға сай сұрыптап енгізу; 2) материалдың орналасу, берілу тәртібі оның тәрбиелік-өнегелік мәндерінен тууы керек және ол оқушыларға оқыту әдістемесін алғашқы болып сөз етеді. 3) оқушының материалды меңгеруде көңіл аударатын мәселелері; 4) оқытушының әрекеттері. Әрине, Ы.Алтынсарин әдістеме туралы айтқанда белгілі  бір оқу  бағдарламасына сүйенді деп айта алмаймыз. Ол кеөзде оқулық мазмұны мен оқытудың мақсат-мазмұнын айқындайтын бағдарлама жоқ еді. Ы.Алтынсарин мәселені бағдарлама жасаудан емес, хрестоматия құраудан бастады және оның хрестоматиясы ауыз әдебиетінің, белгілі ақындар өлеңдерінің әлемдік әдебиет үлгілерінен құрастырылған, сонымен бірге өзіне дейінгі хрестоматия жасаудың классикалық тәжірибесін меңгеріп барып құрастырылған оқулық құралы болды, қазақ педагогикасы, қазақ оқу әдістемесі, қазақ оқулығының бастапқы тәжірибесі болды. Ы.Алтынсариннен басталған қазақ педагогикасының желісіндегі  ірі тұлға – ұлы Абай еді. Абайдың ағартушылық ойлары туралы Т.Тәжібаев: «Ол не туралы жазса да, әрдайым халық ағарту жөнінде, халыққа өнегелі тәрбие беру жөнінде айтады» - деп тұжырымдаса, ал көрнекті педагог Ә.Сембаев Абай қара сөздері арнайы педагогикалық еңбек болғанымен, онда дидактикалық үрдістер негіздері бар екендігіне назар аударады. «Абай оқу процесін ұйымдастырудың тиімді дидактикалық принциптерін ұсынды. Онда өтілетін материалды біртіндеп күрделендіру, белгілі нәрседен белгісізге көшу, көрнекті құралдарды және құрғақ жаттау емес, өздігімен ойлануға, түсінуге септігі тиетін нанымды дәлелдерді пайдалану сияқты күрделі ұсыныстары бар» -деп жазды. Оқу пәндерінін жетекші пәндік критерийлерінің бірі оның білім мазмұнының  тәрбиелік,өнегелік мәні болса, қазақ әдебиеті пәнінің  білім мазмұнының негізгі құрамдас бөлігі ауыз әдебиеті өзінің тәрбиелік, өнегелік мазмұнымен пәндік сипаттаудың осы негізгі элементтерін бойына сіңірген. Бұл тұрғыдан алғанда пәндік бастаудың бір саласы ауыз әдебиеті отаншылдық, перзенттік сезімге үндеуімен, дүниетанымдық мазмұнымен, ғасырлар бойында  ұрпақтан-ұрпаққа рухани қазынаны жеткізген тарихи-шежірелік білімімен ауызекі мектеп қызметін атқарып келді. Бүгінгі ғылым оны «халық педагогикасы» деп атап, дербес ғылым саласы ретінде дәйекті зерттеп,(Қ.Жарықбаев, С.Калиев т.б.) ауыз әдебиетінің ұлттық педагогиканың бір құралы болғанын танып отыр. Міне, сол әдебиет халықтық ауызекі мектептен, Ы.Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясынан» бастап оқулық түрінде заттанып, білім мазмұнының құрамдас бөлігі ретінде мектептердегі көркем әдебиет туындыларына, аударма еңбектерге енгізіле бастады. Бұл процесс ХХ ғасырдың бас кезінде  Қазақстанда демократиялық ағартушылық қозғалыстың даму қарсаңында біршама  қарқынды жүрді. Сол кездегі баспадан шыққан оқулықтардың екі бағытта болғаны байқалады. Бірінші бағыттағысы төтенше оқу мектептеріне арналған оқулықтар еді: Н.Нұрбайұлы «Қазақша әліппе» (1910 ж.,Уфа), Е.Закарияұлы «Қазақ әліппесі»,(1910 ж.,Қазақ), М.Малдыбаев «Қазақша жаңа әліппе», (Уфа,1912 ж.), бұл оқулықтар мұсылмандық-имандылық сипатта болды. Екінші бағыттағысы Ы.Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясы» үлгісін ұстанған оқулықтар еді: С.Көбеев «Үлгі тәржіме»,1910 ж.(Крылов мысалдарының қазақша аудармасы), О.Алмасов, Т.Мендешев, К.Бейсембаев ауылдық мектептерге арнап орыс мектептері хрестоматияларын аударып бастырады. Соның ішінде М.Ронгинскийдің  жинаған әдеби материалдарының қазақша аудармасы да болған. Н.И.Ильминскийдің жүйесі бойынша қабылданған 1870 жылғы  Халық ағарту министрлігінің ұлттық мектептер туралы бірінші заңы бойынша барлық ұлттық мектептер орыс емес ұлт балаларының орыс тілін меңгеру дәрежесіне қарай 3 категорияға бөлінеді. Бірінші категория мектептерінде орыс тілін меңгергенше алғашқы жылы орыс әрпімен  басылған оқулықтар бойынша ана  тілінде оқуға рұқсат етілді. Екінші  категория мектептерінде оқу орыс тілінде жүргізілді. Алайда ондағы мұғалімдер жергілікті ұлттардың тілін білуге  міндетті болды. Ана тілін орыс тілін меңгергенге дейін ауызекі түсіндіру үшін ғана қолдануға рұқсат етілді. Үшінші категориядағы мектептерде оқу тек  орыс  тілінде ғана жүргізілді, ана тілін қолдануға рұқсат етілмеді. Ұлттық мектептерді орыстандыру саясаты үздіксіз күшейтіліп отырылды. Бұрынғы ережедегі ауылдық бастауыш мектептердің алғашқы екі жылында ғана  ана  тіліндегі оқулық бойынша оқытуға немесе оны ауызша түсіндіруге  ғана қолдануға рұқсат етілді. Төңкеріске дейінгі орыс-қазақ мектептері әр түрлі типті болды және олардағы оқу мерзімдері де бөлекше болды. Әр округқа (Астрахань губерниясы,Далалық генерал-губернаторлық, Түркістан генерал-губернаторлық т.б. округтер) орыс-қазақ мектептері үшін әр түрлі өзіндік ерекше  ережелер болды. Орыс-қазақ мектептерінде тек Ресейдегі баспадан шыққан  оқулықтарды ғана пайдалануға болатын еді. Олардың ішінде негізінен әдеби материалдар орыс әдебиетінен аударылған аудармалар және қазақ әдеби мұраларының үлгілерінен құрастырылған оқулықтар болды. Мысалы: Ы.Алтынсариннің  «Қырғыздарды (қазақтарды) орыс тіліне үйретудегі бастапқы жетекші құрал «Қазақ хрестоматиясы» қазақ тілінде басылды; орыс тілінде (материалды жергілікті ұлт тіліне аударып оқыту міндеттелді) А.С.Алекторовтың «Русско-киргизская азбукасы», В.Васильевтің «Букварь для киргиз» деп аталатын оқулықтары пайдаланылды, кейбір мектептер К.Д.Ушинский, Л.Н.Толстойдың, Н.А.Бобровжиковтың, А.П.Вахтеровтың, Д.И.Тихомировтың осы тектес оқулық құралдары дарық көреді. Онда негізінен әдеби материалдар жинақталған. Сонымен бірге  ХХ ғасырдың бас кезінде Қазақстанда қазақ балалары үшін 2-3 жылдық ауылдық мектептер, 1 кластық 4 жыл оқитын орыс-қазақ мектептері, 6 жыл оқитын екі кластық орыс-қазақ  училищелері ашылды. Ал оларды оқулықтар мен және оқушылармен қамтамасыз ету де қиындай түседі. Осы кезде мектеп инспекторлығы жұмысында екі ғана  қазақ болды. Олар- Алтынсарин (1876 ) мен Ғ.Балғынбаевтар (1906 ) жылы болды. Дәстүрлі мұсылман мектептрінен басқа ХХ ғасырдың бас кезінде Қазақстанда татар жазушысы И.Гаспринскийдің  негізін салған үлгідегі жәдит мектептері ашыла бастады. Түркістан, Ақтөбе, Жаркент, Верный, Қазақ т.б. қалалардағы  бұл мектептердің  дәстүрлі ескі тәсілдік мұсылман мектебінен айырмасы- мұнда мұсылман ілімімен бірге жалпы білім беру көзделді.  Мәселен, Мамановтар мен Тұрысбековтердің жаңа әдістік мектебінің оқу жоспарында  дін сабақтарының бес түрі, жалпы білім беретін пәндердің 8 түрі болған. Оның ішінде ана тілін яғни қазақ тілін барлық бес жыл бойында үздіксіз оқу көрсетілген. Бұл жоспар аздаған өзгешеліктері болмаса,  сол кездегі басқа да жаңа тәсілдік мектептерге тән болған.  Жаңа тәсілдік мектептің тез тарауы жаңа оқу құралдарын жасауды қажет етті. Сөйтіп ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың бас кезінде Қазақстан мектептерін қажетін өтеу мақсатында оқу материалы ретінде орыс әдебиеті шығармаларынан аудармалар қазақ әдеби мұралары үлгісіндегі хрестоматиялық оқулықтар  түрінде беріле бастайды. Бұлар әлі ғылыми-педагогикалық жүйеден алыс болса да, сөз жоқ әдебиет пәні оқулығының алғашқы ізденістерден туған үлгі нұсқалары еді, олар кейінде пайда болған әдебиеттік оқулықтар жасау жолындағы тәжірибе ретінде де маңызды болып табылған әдеби білімнің  мазмұнын құрудың бастамасы болды.  Қазақ әдебиеті пәнінің әдеби –білім негіздері, әдістемелік ой-санасы ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ баспасөз беттерінде тарихи-әлеуметтік  қажеттіліктің тілі негізінде қоғамдық пікірде көрініп құрылып жатты. «Айқап» журналы, «Қазақ» газеттері ағартушылық идеялар көрігі болды. Мәселен, «Айқап» журналы оқулықтар, өлең кітаптары қазақ тілінң тазалығы, басылып шыққан халық ауыз әдебиеті жинақтары туралы рецензия, сын мақалаларды көптеп жариялады, бұның өзі әдеби-теориялық ой-пікір қалыптастыруда жетекші ұстаным болды.  Журналдың айрықша көңіл аударған мәселелерінің бірі- қазақ тіліндегі оқулықтарға талап-тілектің күшейтілуі еді. ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ тілінде жарық көрген М.Нұрбаевтың «Қазақша әліппе», «Ғалия» медресесі шәкірттері шығарған «Әліпп» яки төте оқу, Қ.Қожықовтың  «Әліппе», А.Байтұрсыновтың «Оқу құралы», М.Малдыбаевтың «Қазақша ең жаңа әліппе» атты оқулықтары жан-жақты талқыланды. Оқулықтардың педагогикалық сипаты балаларға түсінікті жазылу тұрғысынан бағаланды, таза қазақ тілінде талап етілді. Ы.Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясын» үлгіге ұсына отырып, олар прогресшіл озық-әлемдік сыншылдық-ғылымдық ой-пікірмен сабақтасып жатты. Жалпы қазақ мәдениетінің даму тарихындағы сияқты қазақ әдебиеті  әдістемесінің бастауларының  қалыптасуына ХХ ғасырдың бас кезінде  елеулі қызмет атқарған ағайынды Каримов баспаханасында, осыған үндес оқу құралдары жарық көрді. Мәселен, 1913-1914 жылдары сол Қазан қаласындағы  ағайынды Каримов баспаханасынан көптеген педагогикалық  жарияланымдар шыққан. Соның ішінде Омар Қарашевтің «Бала тұлпар», «Аға тұлпар»; Иманғали Бейсенұлының «Әдебиет өрнегі», Тайыр Жомартбаев «Балаларға жеміс», Кенжеғали Абдоллаұлы Сырғалиннің «Қазақ балаларына жәрдем», Ахмет Байтұрсыновтың «Әліппе» т.б. жазған оқулықтар болған. ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында  Қазақстанда Совет үкіметін орнату, орнығу процесінің күрделілігі, соған байланысты халық ағарту жүйесіндегі қиындықтар, әдеби және мәдени мұраларға, ұлттық рухани қазынаға түбірімен басқа да көзқарас салдарынан туған әдебиет тарихын сұрыптау ,әдеби өнімдер беру ісіндегі өлшемдер құбылмалылығы сияқты саяси-экономикалық, әлеуметтік дағдарыс-күйзелістері әсерінен әдебиет пәнінің пән ретінде қалыптасы кезеңі де кешеңдеді. Мектептегі сабақтар аты белгілі, таптық позициясын әкімшіліктер анық деп тапқан аздаған ақындардың жекелеген өлеңдерін оқытумен шектелді.  Бұл әңгімеге көңіл аударып отырғанымыз- тарихи жолымызды ғайбаттау немесе айыптау емес, зерттеу мәселесі қазақ әдебиеті пәнінің қалыптасу процесінің тарихи негізін айқындау ниетінен туып отыр. Ал тарихты ешкім де мойындамай, елемей өте алмайды, керіснше тарих-алдағы дамудың ілгерілеу бағытында бағдар болып тұратын темірқазық  болып табылады. 1920 жылғы 26 августа (тамыз) Бүкілроссиялық Орталық Атқару Комитеті мен РСФСР Халық Комиссарлары Советінің РСФСО құрамында Қазақ Автономиялық Советтік Социалистік  Республикасын құру туралы қаулысы қабылданды.  Ендігі жерде  Қазақстандағы Халық ағарту ісі де, мектептердегі оқу-тәрбие ісі&nbs

Әліппе– сауат ашу оқулығы. Араб әліпбиінің алиф және би деген екі әрпінен құралған. 19 – 20 ғасырларда әліппелер араб және орыс әліпбиімен жазылды.А.Байтұрсыновтың oқу құралы (1912), Жаңа Әліпбиі (1926) өз заманына лайық әліппе жасаудың озық үлгісі болды.

Тарихы[өңдеу]

Сауат ашу Қазақстанда сан ғасыр бойы араб әліпбиі арқылы жүргізілді. 19 — 20 ғасырларда оқу-ағарту саласының 2 түрлі бағытта болуына байланысты (медреселер, орыс-қазақ мектептері) әліппелер де араб және орыс әліпбиімен жазылды. Қазақтың тұңғыш ағартушысы, педагог Ы.Алтынсариннің “Қазақ хрестоматиясы” (Орынбор,1864), “Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы” (Орынбор, 1871) оқулықтары тұңғыш рет орыс әліпбиімен жарық көрді. Алайда “Қазақ хрестоматиясы” сауат ашуға арналған әліппе емес, оқу мен жазуды меңгерген балалардың алған білімі мен дүниетанымын дамытуды көздейтін оқулық етеді. Бұдан кейін А. Е. Алекторовтың “К мудрости ступенька. Азбука для учеников начальных русско-казахских школ” (1891), А. В. Васильевтің “Букварь для киргизских школ” (1912) сияқты тағы басқа әліппелер жарық көрді. Олар екі бөлімнен (қазақша және орысша) тұрды. Оның авторлары К. Д. Ушинскийдің басқа ұлт балалары орыс тілін саналы меңгеру үшін өзінің ана тілінде сауат ашуы қажет деген қағидасын ұстанды. Бірақ қолданылған әліппелер қазақ тілінің дыбыстық ерекшеліктерін түгел бере алмады.20 ғасырдың басында халқының сол кездегі тағдырына ой жіберіп, болашағын парасатпен бағдарлай алатын қазақ зиялылар қауымы өсіп-жетілді. Олар халықты сауаттандырып, өркениетті ел қатарына қосуға күш салды. Түркі зиялыларын біріктірген “Жәдитшілер ұйымының” бір топ мүшелері қазақ мектептері үшін жаңа оқулықтар жазды. Қазақ балаларын оқу мен жазуға төте жолмен үйретуді көздеді. М. Нұрбаевтың “Әліппесі” (Уфа, 1910), З. Ерғалиұлының “Қазақ әліппесі” (Қазан,1910), М. Малдыбаев пен Ж. Аңдамасовтың “Қазақша ең жаңа әліппесі” (Қазан, 1912),К. Сырғалиннің “Қазақша әліппе кітабы” (Қазан, 1913) тағы басқа осындай серпелістен туған алғашқы оқулықтар еді. Алайда бұл аталған оқулықтар кең қолданыс таба алмады. Ал ғұлама ғалым А. Байтұрсыновтың жаңа әліпби (төте жазу) үлгісімен жазылған. “Оқу құралы” (Орынбор, 1912) қазақ мектептерінің әліппеге деген сұранысына толық жауап берді. Онда шәкірттердің сөздік қорын барынша сауат ашу мақсатына тиімді пайдалану мақсаты көзделді. Қазақ тіліндегі сөздердің дыбысталу ұқсастықтары мен ерекшеліктері ескерілген ұтымды әдіс қолданылды. Сондай-ақ бір дыбысы ғана өзгерген сөздердің мағыналарын ажырату арқылы сөздің мағынасын нақтылау, қолдану дағдысы қалыптастырылды. Ана тіліміздің бай сөздік қоры, сөздердің қолданылу ерекшеліктері қарастырылды.1925 жылы А. Байтұрсынов әдістемелік жаңалықтарды ескере отырып, қазақ бастауыш мектептеріне арналған “Жаңа Әліп-биді” (Қызылорда 1927) ұсынды. Оқулық өз заманына лайық “Әліппе” жасау ісінің озық үлгісі болды. Әліппеде сауат ашумен бірге балалардың ойы мен тілін дамыту, байланыстырылып сөйлеу дағдыларын жоғары деңгейде қалыптастыру мәселелері дидактикалық және әдістемелік тұрғыдан жетік шешімін тапты. “Жаңа Әліп-биге”: а) баланың өз атынан баяндалатын мектеп өмірі жайлы әңгімелер, ә) балаларды адамгершілікке, ізгілікке, тазалыққа тәрбиелейтін әңгімелер мол енгізілді. Жалпы А. Байтұрсынов отандық білім беру ісі тарихында оқушылардың ойы мен байланыстырып сөйлеуін дамыту жұмысына зор мән берген, осы мақсатқа жетудің жолын нақты тәжірибе жүзінде дәлелдеген алғашқы қазақ ғалымы болды. Саяси себептердің салдарынан “Жаңа әліп-би” 20-жылдардың аяғына дейін ғана қолданылды. Мұнан кейін Т. Шонановтың “Жаңалық” (Әліппе, Қызылорда, 1929) және Т. Шонанов пен М. Жолдыбаевтың “Жаңа арна” (Қызылорда, 1927) әліппелері жарық көрді. 30-жылдардың басында жалпыға бірдей міндеттібастауыш білім беру жөніндегі үкіметтің қаулы-қаралары Кеңес Одағының аумағындағы мектеп оқулықтарының мазмұны мен құрылымы біртекті болуын қатаң бақылауға алды. Осы себеппен алғашқыда латын әліпбиімен, кейін кирилл әліпбиімен жарық көрген С. Кеңесбаевтың әліппесі орыс мектептеріндегі “Букварға” тым ұқсас болды. Бұл әліппе жиырма жылға жуық бірнеше ұрпақтың сауатын ашты. 1952 — 63 жылдары аралығында авторлар тобы (С. Кеңесбаев, Н. Миршанов, Ә. Байділдин, Ғ. Бегалиев) құрастырған, 12 басылымы жарық көрген. Әліппе қазақ білім беру жүйесінің сауат ашу тарихында елеулі із қалдырды. Әдістемелік еңбектерде “Н. Миршанов әліппесі” деп аталған бұл әліппе сауат ашудың дыбыстық талдау-жинақтау әдісімен жазылды және сауат ашу жұмысын ғылыми жүйелеп, кезең-кезеңге бөлген, оның әр кезеңінде жүзеге асырылатын мақсаттар мен міндеттерді айқын белгілеген оқулық болды. Әліппелердің кезеңдік саяси-қоғамдық өзгерістерге сәйкестігі, саяси идеяларға жауап беретіндігі ескерілетіндіктен, олар жиі алмастырылды. 1964 жылы “Н. Миршанов әліппенің” орнына М. Төрежанов пен З. Әйтенованың әліппесі ұсынылды. Бірақ оқулықта саяси әсірелікке көбірек мән берілуіне, тіл дамытуға арналған мәтіндердің тапшы болуына байланысты әліппе төрт жылдан кейін қолданыстан шығып қалды.1967 жылы жарық көрген жаңа әліппенің жазылуына (авторлары З. Төрежанова,М. Төрежанова,М. Жұбанова) сауат ашу кезеңінің 6 айдан 3 айға дейін қысқартылуы себепші болды.[1] Әліппе мазмұнын жаңаша құруға қазақ тіліфонетика ғылымының, педагогикапсихология, ғылымдарының соңғы табыстары негіз болды. 1984 жылы Кеңес Одағы мектептерінде алты жастан бастап оқытуға көшу оқулықтардың жаңа кешенін әзірлеуді қажет етті. Сауат ашу кезеңін бір жыл бойы жүргізуге есептелген әліппе (авторы Ш. Әуелбаев) екі жыл ғана қолданыста болды. Әліппеде алты жастағы балалардың физиология, психология қабылдау ерекшеліктерін ескермеу, грамматика ұғымдарды ерте бастан үйретуге әуестену сауат ашу жұмысына едәуір қиындық келтірді. Сондықтан 1986 жылы толықтырылған авторлар құрамымен (Ш. Әуелбаев, М. Жұбанова, М. Төржанова, З. Әйтенова) жаңа әліппе жарық көрді. Бұл оқулықта ресми бекітілген оқу бағдарламасының талаптары ескерілгенмен кемшіліктері де болды. 1990 жылы білім Министірінің әліппелерге жариялаған конкурсының жеңімпазы болған М. Жұбанованың әліппе оқулығы 1992 — 93 жылдары оқу жылынан бастап қолданылды. Әліппеде балалардың ойы мен тілін дамытуға назар аударылып, олардың дүниетанымын кеңейтуге барынша мән берілді. Әліппе мазмұны дидактикалық-әдістемелік, тақырыптық-сюжеттік нақтылығымен ерекшеленді. Бұл оқулық 1997 жылға дейін негізгі сауат ашу құралы ретінде қолданылды. 1995жылы бастауыш сыныптардың жаңа оқу бағдарламасына орай сауат ашу кезеңі 1 жылдан 6 айға қысқартылып, жаңа әліппе (авторлары Ш. Әуелбаев,Ә. НаурызбаеваР. ҚзғұттыноваА. Құлажанова) жарық көрді. Әліппеде балаларды жас кезінен халқымыздың дәстүрлі дүниетанымы мен әдет-ғұрыпына баулу, отаншылыққа және адамгершілікке тәрбиелеу мақсаты көзделді.

Әуелбек Қоңыратбаев – дарынды зерттеуші

Бүгінде көпшілік қауымға жол тауып отырған сол мұралар ғылыми оралымға еніп, ел, халық игілігіне айналып келеді. Ғалымның мұрасы әлі де зерттеліп, зерделене береді деген сенімдеміз. Себебі, оның ғылыми ізденістері мен қаламгерлік, ағартушылық қызметі ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ тарихымен тікелей қабысып жатады. Небәрі 16 жасар Әуелбектің қаламынан туған өлеңдер поэзия өнерінің биік табысы бола қоймас. Бірақ олардан болашақ қаламгердің жаңа өмірге деген талпынысы мен өзіндік ой-өрісін, шығармашылық қарымын байқауға әбден болады. Оқу-білімге деген құлшыныс, көкіректі кернеген алып-ұшпа талап жиырмасыншы жылдары жастарды жайбарақат қалдыра алмаған. Үлкен шығармашылық ізденіске бой ұрған Әуелбек Қоңыратбаев та көп оқып, көп ізденіп, көп жазған. Ұстаздары – В. Бартольд, Ә. Диваев, Ж. Аймауытов және Х. Досмұхамедовтерден әдебиет тарихы мен теориясының мәселелеріне жетіле түссе, М. Жұмабаев пен Б. Күлеев поэзияларының әсерімен жастық кезеңді терең сезім, көркем сөз арқылы бейнелеуге ұмтылған. 1925 жылы Ташкент Халық ағарту институтын аяқтаған бойда Ә. Қоңыратбаев республикамыздың сол жылдағы орталығы Қызылордаға оралып, Қарақалпақ автономиялық облысында совпартшкол лекторы, ауыл шаруашылық техникумында оқу ісінің меңгерушісі болып жұмыс істеген. 1927 жылы Қызылордаға келіп, Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектептің мұғалімі, «Қосшы» одағының Қызылорда округтік атқару комитетінің жауапты хатшысы қызметтерін атқарады. Бірнеше рет уездік кеңеске депутат, президиум мүшесі болып сайланады. 1927-1930 жылдары Ә. Қоңыратбаев тағы да поэзияға бет бұрады. Қаламгердің «Әйел теңдігі» журналында жарияланған «Болады сәуле, Күләндә», «Сырласу», «Теңдік жолы» сияқты лирикалық өлеңдері жастық шақ сезімдеріне толы.

    Әуелбек Қоңыратбаевтың шығармашылық жолы мен әдебиеттану ғылымындағы табыстарын бірнеше кезеңге бөлуге болады: алғашқы кезең 1920-1935 жылдар аралығын қамтыса керек. Бұл жылдар ішінде Ә. Қоңыратбаевтың жаңа, социалистік қоғамға деген көзқарасы қалыптасып, қазақ халқының ауыз әдебиетіне деген құштарлығы мен сүйіспеншілігі арта түседі. Екінші кезең – 1935-1955 жылдар табысы болмақ. Бұл жиырма жылдық мерзімде Ә. Қоңыратбаев 100-ге тарта үлкенді-кішілі еңбектер жариялап, ғылым кандидаты деген атаққа ие болды. Әсіресе, оның Ғылым академиясының тіл-әдебиет институты бастырған «Абай шығармаларының басылымына түсініктемелерін», М. Әуезовпен бірігіп жазған «Қазақ әдебиетінің тарихы» кітабының фольклор бөлімін, «Қазақ совет әдебиетінің библиографиясын», сол сияқты «Орта Азияның ұлы ақындары» деген мақалаларын атап өтуге де болар еді.

    Ғалым шығармашылығының үшінші кезеңін 1955-1965 жылдар арасында жазып, жариялаған еңбектері құрайды. Бұл он жылдық кезең Ә. Қоңыратбаев үшін аса жемісті болған. Осы кезеңде «Шолпанның ақындығы», «Қазақтың Қозы Көрпеш жыры туралы» монографияларын, «Әдебиетті оқыту методикасын», «Әдебиетті оқыту методикасының очерктерін» жариялайды. «Қозы Көрпеш жыры туралы» монографиясы ғалымдар тарапынан жақсы баға алған болатын. Автордың методикалық еңбектері күні бүгінге дейін өздерінің ғылыми-тәжірибелік мәнін жойған жоқ.

    Әуелбек Қоңыратбаевтың білікті әдебиет сыншысы ретінде танылған тұсы да осы кезеңде болатын. Қазақ әдебиетінің бүгінгі күн талаптарынан туындайтын өзекті мәселелері мен сын теориясына арнап жазған 300-ге тарта мақалалары, атап айтқанда, «Шебердің қолы ортақ», «Даралау және психологиялық талдау», «Типтендіру проблемасы жөнінде бірер сөз», «Ақындық мәдениет туралы», «Көпсөзділік пен ықшамдылық», «Лирика жанры туралы», Сәкен, Бейімбет, Мұхтар, Әбділдә шығармашылығына реализм, романтизм ағымдарына байланысты жазылған дүниелері қазақ әдеби сынының өсіп-өркендеуіне үлес болып қосылды.

    Профессор Ә. Қоңыратбаев шығармашылығының ең соңғы кезеңін 1965-1986 жылдар арасы деп айтуға болады. Бұл кезең ғалымның ежелгі түркі тайпалар мәдениетін зерттеуге бой ұрып, бірыңғай фольклористика ғылымына бет бұрған шағы болып табылады. Сол кезден бастап соңғы 15-20 жылдық мерзім ішінде Ә. Қоңыратбаев түркология саласында еңбектер жазды.

    Бұл кезеңде ғалымның «Түркі сөзінің тегі неде?», «Орхон жазуындағы телестер кім?», «Этностар шежіресінен», «Тарихшы туралы дерек», «Ноғайлы жұрты кімдер?», «Ноғайлы жұрты туралы» сияқты көптеген ғылыми-проблемалық мақалалары, зерттеу еңбектері жарияланып, қазақ түркология ғылымына соны леп әкелген болатын.

Осы жылдар ішіндегі Ә. Қоңыратбаевтың үлкен бір табысы – «Ежелгі түркі тайпалар поэзиясы және қазақ фольклоры» деген тақырыпта жазған докторлық диссертациясы болған еді. Бұл еңбек өзінің құндылығымен көптеген ғалымдардың назарына ілігіп, С. Мұқанов, І. Кеңесбаев, Ә. Марғұлан, Ғ. Мұсабаев, Б. Кенжебаев, Х. Сүйіншәлиев, М. Дүйсенов секілді фольклорист ғалымдардан жоғары баға алған. Мұнда автор Орта Азия халықтарының бай фольклор мұрасын негізге ала отырып, ежелгі түркі тайпаларының ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетін сақ, үйсін, жужан, сәнби, одан бергі жердегі оғыз ұлысы, ноғайлы дәуірімен байланыстырып, Орта Азия ренессансы жайында тиянақты ғылыми тұжырымдар айта білді.

    Әуелбек Қоңыратбаев – қазақтың алғашқы кәсіби шығыстанушыларың бірі. В. Бартольд, Е. Бертельо, В. Жирмунский сияқты аса көрнекті шығыстанушылардың ізін қуған ғалымның қазақ және шығыс әдебиетінің тарихи сабақтастығына арналған ізденістері әлі күнге өзінің ғылыми мәнін жоймаған. Олар енді-енді зерттеліп, ғылыми оралымға кірігуде. Ә. Қоңыратбаев еңбектеріне тән тағы бір ерекшелік – фольклор шығармаларын мезгіл-мекенсіз зерттемей, белгілі бір тарихи кезең шеңберінде сөз етуі. Ә. Қоңыратбаевтың ғылыми-шығармашылық ізденістеріне тән белгі – қазақ әдебиетінің тарихы, әдеби-көркем сын және әдебиетті оқыту әдістемесі салаларында қатар еңбек етуі.

    Ғалымды қазақ әдебиеттану ғылыми ізбасарларының бірі ретінде бағалауға толық негіз бола алады деген сенімдеміз. Оған көрнекті қазақ әдебиеттанушыларының әр жылдары айтылған пікірлері мен лебіздері куә. Ғалымның фольклортану, шығыстану, түркітану, әдебиет тарихы мен сыны салаларындағы күрделі еңбектері қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасу, кемелдену кезеңдерімен тығыз байланысып жатады.

   Әуелбек Қоңыратбаев – қазақтың аса көрнекті ғалымы. Оның еңбектерінсіз қазақ әдебиеттану ғылымының 20-80-ші жылдардағы тарихы түгелденбейді. Әуелбек Қоңыратбаев туралы Жанұзақ Қожаберген: «Білімінің тереңдігіне найза байламайтындығына қарамастан барынша қарапайым киінетін, барынша қарапайым жүретін Әуекеңнен өзіңе беймәлім бірдеңелерді жанамалап сұрай қалсаң, соқырға таяқ ұстатқандай етіп таба қазығына тақап дәл, нақты айтып бергенде амалсыз жағаңды ұстаушы едің» - дейді. Әуелбек Қоңыратбаев - нағыз ғалым прототипі, бүкіл болмысымен типтенген кейіпкер.

Жиембет Бартоғашұлы ((1570-1575) жылдар шамасында туып, 1643 жылы дүниеден қайтқан). Қазақтың аса талантты жырауы, биі әрі жеңімпаз батыры. Ол Кіші жүздің Байұлы тайпасының Тана руынан шыкқан. Жиембеттің жас шағы қазіргі Батыс Қазақстан аймағының ӨзенЖемАрал аралығындағы ауылдарда өткен. 16 жасынан хандарбилербатырларжанында жүріп, ел билігіне араласады. Өсе келе ол Есім ханның беделді биі әрі батыры дөрежесіне көтеріледі. Талай ұрыс, шайқастарға катысып, ерлік көрсетеді. Ханның жауынгер жасағын баскарып, жеңімпаз қолбасшы болады. Ол сонымен бірге Еңсегей бойлы Ер Есімнің кіші жүз еліндегі ең бір беделді бас биі ретінде танылады. Жиембет әсіресе 1620 жылғы Есімханның ойрат-қалмақтармен соғысы кезінде ерекше ерлік, тапқырлық көрсетіп, шапқыншы жауды ойсырата жеңіп, бетін кайтарады.[1]. Жиембет жыраудың ересен ерлігі мен әділ де алғыр билік қызметі былай жазылған: "...Ол Есім ханның кіші жүздегі ел басқарушы биі, қолбасшы батыры болған. Қалмақтарға қарсы 1620-27 жылдарғы жорықтарға қатысып ұйымдастырушылық қабілетімен, ерлігімен көзге түскен". Сөйтіп ол үлкен абыройбеделге ие болады. Жиембет бидің Есім ханмен бұл достық қарым-қатынасы ұзаққа бармайды. Екеуінің арасында ел аралық бітімгерлік, жер дауы, жесір дауы кезінде келіспеушілік өрістей береді. Бетің бар, жүзің бар демей, турасын кесіп айтатын қайсарөжет би Есім ханның кейбір озбыр жөн-жосықсыз іс-әрекеттеріне қарсы шығады. Оның бұл мінезі ханға да жаға бермейді. Сөйтіп хан мен бидің арасы суи бастайды. Жиембет ханнан іргені аулақтатып, қол астындағы елге өзінше билік жүргізе бастайды. Мұны білген хан оның соңына түсіп, куғынға салады. Сонда бір кездесуде Жиембет жырау Есім ханға былай депті:

Еңсегей бойлы Ер Есім! Есім сені есірткен, Есілде менің кеңесім. Ел білгеннен Есім хан, Қолыңда болдым сүйесін, Қолтығыңа болдым демесін. Ертеңгі күн болғанда, Елің кеңес құрғанда, Айналып ақыл табарға, Есіктегі ебесін; Сонда ханым не десін?! Мен жоқ болсам, Есім хан, Ит түрткіні көресің. Жиембет қайда дегенде, Не деп жауап бересің?.. Менімен ханым ойнаспа! Менің ерлігімді сұрасаң, Жолбарыс пенен аюдай. Өрлігімді сұрасаң, Жылқыдағы асау тайыңдай. Зорлығымды сұрасаң, Бекіре менен жайындай. Беріктігімді сұрасаң, Қарағай менен қайыңдай. Көруші едім Есім хан, Ханымды - күнім, сізді - айымдай. Сырым саған түзуді, Садаққа салған бұлындай. Жұмыскерің мен едім, Сатып алған құлындай. Жүруші едім аранда, Өзіңнің інің мен ұлыңдай. Есімде мені сүймеуің, істетпекке қойған тілің деп. Мен өлсем құнсыз кетер деме сен, Кешегі өзіңнің ұрып өлтірген, Тілеуберді құлыңдай! Тілеуберді құлың мен емес, Менің ер екенімді көргенсің, Әуелден бірге жүргенсің, Дегенімді кылғансың, Қайратымды білгенсің, Аптықпа ханым, күңнен соң, Сіздің естен кеткенмен, Біздің естен кеткен жоқ. Қалмақтың Бөрі ханы келгенде, Соқыр бурыл байталға, Сонда бір жайдақ мінгенсің. Қалмақтың Бөрі ханы келгенде, Қаланың қасы бүлгенде, Хандар қалаға қылаған, Сұлтандар суға сылаған. Қаз мойынды Ханымша, Қалада тұрып жылаған. Тал шарбакқа мал сақтап, Тас қалада жан сақтап, Тасқан екен мына хан! Қайрылып қайыр қылуға, Қылғаның жоқ ұнаған. Қайратым қанша қайтса да, Мұныңа ханым, шыдаман! Арқаға карай көшермін. Алашыма ұран десермін, Ат құйрығын кесермін, Ат сауырсын берермін. Алыста дәурен сүрермін. Қарамасаң, ханым, қарама, Сенсіз де күнімді көрермін.

Міне содан бері бұл толғау ел жадында сақталып, жатқа жырланып бізге жеткен.

Хан мен би арасындағы сол бір келіспеушілік өрши түседі. Бұл жанжалға енді мынадай бір жесір дауы кеп жалғасады. Ол былай: Қасым ханның атасы Тәуекел өліп, оның Ақторғын дейтін әйелі жесір калады. Ақторғын өзі сұлу, келбетті, әрі ақылды болса керек. Қасым ағасының жылы өткен соң Ақторғын жеңгесін әмеңгерлікпен өзі алмақ ойда жүреді. Ал, Ақторғын болса, өзі сүйетін Жолымбет нағашысының бір батыр насат інісімен көңіл қосып жүріп, жүкті боп қалады. Мұны сезген Қасым хан енді бұрынғыдан бетер қаһарланады. Жиембеттің батыр інісі Жолымбетті қарауындағы мың сан қолымен шүршіт соғысына айдайды. Әлгі батыр жігітті зынданға салады. Жиембет биді ойрат соғысынан қолға түскен құлдарға косып, жер аудармақ болады. Хан бұйрығы бойынша Жолымбет батыр өз сарбаздарымен шығысқа аттанып, алты ай дегенде зор жеңіс, мол олжамен оралады. Жүздеген пенде-шүршітті ханға әкеп сыйға тартады. Есім хан бір жағынан Жолымбеттің бұл ерлігіне риза болса да, екіншіден іштей оған деген өшпенділігін тастамайды, қайта өршіте түседі. Бір айтыс тартыста Жолымбеттің көзін жоймақ боп оны әуелі зынданға тастатып, артынан дарға асылсын деп, жұртқа жар салады. Осы жарлықты есіткен Жиембет би дар басына жетеді, сөйтеді де анадай жерде би, батырлар ортасында тұрған Есім ханға тура барып былай деп зәрлі де, қаһарлы жырын термелейді:

Өмірің қатты, Есім хан, Бүлік салып бұйырдың. Басын бер деп батырдың, Қанын ішіп канбаққа, Жанын отқа салмаққа, Атадан жалғыз ол емес, Хан ие, ісің жол емес! Жолбарыстай Жолымбет, Құрбандыққа қол емес! Жол тосып алып кетіпті, Қалмақтан алмақ сыйыңды, Қаһарыңды басқалы, Қалың елім жиылды. Бастап келген өзге емес, Жиембет сынды биіңді, Малын салып алдыңа, Әр саладан құйылды. Он екі ата Байұлы, Бір Тәңіріге сыйынды.

Жиембет жырау осылай дегенде, хан Есім райынан қайтып, дар алдында тұрған Жолымбетті босаттырып жібереді.

- Жырауым, - дейді хан Жиембетке қарап - мен өзіңді сыйлап бір өтінішіңді қабыл алдым. Енді сіз де бұрынғы райыңыздан қайтарсыз?! - Қайтпағанда ше, хан ием, - деп би екі бүктелген бұзау тісті қамшысын төсіне басып оған ризалық білдіреді. Ханның Жолымбет батырды жазадан құтқарып, оның ағасы Жиембет биді риза етуінде үлкен мән бар-тын. Жесір даулап бір батырды дарға асқанша, оның қарамағындағы қалың бұқара елді өзіне каратып, билік ауқымын бұрынғыдан да кеңейту, нығайту еді. Ол ең алдымен осыны ойлады. Егер осылай шешімге келмеген күнде, Жиембет жырау оның бұл озбырлығын бүкіл Жайық жағалауындағы елге жайып жіберуі мүмкін еді. Есім хан сөйтіп дегеніне жетеді.

Дау-дамай саябыр тауып, ел арасы мамыражай тыныштық қалыпқа келеді. Бірер жыл өткізіп алып Есім хан тағы да Жиембет бидің соңына түседі, ондағы мақсаты, Жиембет би ықпалында жүрген елдерді өзіне түгелдей каратып алып, өзінің хандық құзырын бұрынғыдан да кеңейту болатын. Оның бұл ойы Жиембет биді биліктен тайдырмайынша іске аспайтын еді. Сондықтан ол өзінің жендеттерін жұмсап Жиембетті қолға түсіреді де, оны Қиыр Шығысқа жер аудартып жібереді. Содан Жиембет би жат жерде азап шегіп күнелтеді. Бидің бұл жылдарғы хал-ақуалын бейнелейтін толғау, жырлары көп. Соның екі нұсқасын келтірейік:

Бірінші толғауы:

  Басы саудың түгел - дүр, Толған тоғай малы - дүр. Тоқтамай соққан толағай, Толастар мезгіл жеткей-дүр. Керегеге ілінген, Шабылмаған семсер тұр. Жаудан алмай кегімді, Есіл де өмір өткен құр. Азап шектім аралда,

Екінші толғауы:

Қол-аяғым бұғауда, Тарылды байтақ кең жерім! Арманда болып барамын, Қоштасуға аял жоқ, Қалқаман, Шолан ерлерім! Қайрылып кадам басарға, Күн болар ма мен сорға! Ханға қарсы тұрам деп. Түн ұйқымды бөлгенмін, Жұртымды жөнге салам деп. Бас кессе де басылмай, Ақ ісімді жасырмай, Атқа мінген ер едік. Қашырды бүйтіп елімнен, Күйеуден безген қатындай. ӨзенАрал жерлерім, Қиядан қалды көрсеткен, Төбеңе шығар күн бар ма? Жотасы биік Дендерім, Қайрымсыз болған хандарға, Тиер ме екен бір күні, Жолбарыстай шеңгелім!

Сол айдаудан Жиембет би 1643 жылы ауылына қайтып оралады. Бұл кезде Есім хан өлгенді. Ел-жұрты, ағайын-туыстары өзінің сүйікті биі, талай ел қорғаны болған батырын зор құрмет көрсетіп қарсы алады. Төбесіне көтеріп оған сый-құрмет көрсетеді. Айдау, бұғауда тапқан кесел, жарақатын жазуға көмектеседі. Бірақ жыраубұрынғыдай көсіліп жырлай алмайды. Дендеп кеткен ауру алмай қоймайды. Жетпістен асқан шағында бұл дүниемен коштасады. Біз Жиембеттің билік кызметіне қатысты сөз қозғадық, ал оның жыраулық таланты өз алдына арнайы сөз етуді кажет етеді. Жиембет жыраудың біраз толғаулары "Бес ғасыр" жинағында жарияланған.[2][3][4]

Кодекс Куманикус (лат. Codex Cumanіcus), «Қыпшақ тілінің сөздігі» – қыпшақ тілінде жазылған діни мәтіндер мен сөздіктерден тұратын кітап (латын әліпбиінде қалыптасқан қысқаша атауы – СС), 82 парақтан (164 бет) құралған қолжазба.

Бірінші бетінде «1303» деген жазу бар. Еңбектің авторы мен жазылған жері белгісіз. Түркітану ғылымындағы жаңа деректер бойынша, бұл еңбек түпнұсқасы 1294 жылы жазылған да, оның бірінші көшірмесі 1303 жылы жасалған, ол 1330 жылы толығымен көшіріліп біткен (Л.Лигети). «Кодекс Куманикус» Дешті қыпшақта немесе Қырымда (Солхат қаласында) жинастырылып, бір ізге түсірілген. Осы өңірді қоныстанған қыпшақтарды Батыс Еуропа жұртшылығы кумандар деп атаған. 1303 жылы «Кодекс Куманикус» түпнұсқадан Алтын Орда мемлекетінің астанасы Сарай қаласының жанындағы Джан әулиенің ғибадатханасында көшірілген. «Кодекс Куманикус» готикалық көне қарпімен жазылған. Екі бөлімнен тұрады.

Бірінші бөлімі (1–10 б.) – үш бағана етіп жазылған латынша-парсыша-куманша сөздік. Қалған жартысындағы сөздер лексикалық мағыналарына қарай топтастырылған. Мысалы, адамның дене мүшелерінің аттары, егіншілікке байланысты сөздер, т.б.

Екінші бөлімі (111–164 б.) – діни уағыздар. Осы бөлімдегі мәтіндер мен жұмбақтарды көрнекті неміс түркітанушысы А. фон Габен «кумандар әдебиетінің үлгісі» деп таниды. Көптеген қыпшақ сөздері көне неміс тіліне, кейде латын тіліне де аударылып берілген. Жеке сөйлемдер мен сөз тізбектері, жеке сөз тізімдері мен аудармасыз берілген жұмбақтар, қыпшақ тілінің латынша жазылған қысқаша грамматикалық очеркі де бар. Ол кезде (13–14 ғ-лар) Дунай өзенінен Жоңғар қақпасына дейінгі елдің бәрі де қыпшақ тілін түсінген. Батыс Еуропаның Шығысқа жорыққа шыққан адамдары Алдыңғы Азия, Таяу Азия, Кіші Азия, Орта Азия және Орта Азия елдерін аралау үшін куман (қыпшақ) тілін халықаралық тіл ретінде пайдалануға болады деп ұққан. Сол кездегі еуропалықтар үшін латын тілі қандай рөл атқарса, бірсыпыра Азия халықтары үшін куман (қыпшақ) тілі де сондай қызмет атқарған. «Кодекс Куманикус»Венециядағы Марк әулие шіркеуінің кітапханасында сақтаулы.

Аударылымдары[өңдеу]

Осы уақытқа дейін «Кодекс Куманикустің» қыпшақ тіліндегі бөлімі үш тілге аударылып, төрт рет басылып шықты: 1828 жылы француз тіліне (Г.Ю.Клапрот, Париж, 1-бөл.),1880 жылы латын тіліне (А.Кун, Будапешт, 1–2-бөл.), 1884 жылы неміс тіліне (В.В.РадловСанкт-Петербург, Кун баспасының негізінде), 1936 жылы түпнұсқа (факсимилие) түрінде бір рет жарық көрді (Гренберг, Копенгаген, түпнұсқа), 1942 жылы (Гренберг, Копенгаген, куманша-немісше сөздік). Қолжазба қазіргі Тіл білімі институтында бірінші рет орыс тіліне аударылып, түгелдей баспаға (1972) дайындалды, ал парсыша бөлімі 1972 жылы Иранда басылып шықты.

Ерекшелігі[өңдеу]

Қазіргі түркі халықтарының, олардың ішінде қыпшақ тобына жататын халықтардың қоғамдық, этнографиялық, саяси-әлеуметтік, әдеби-мәдениеттік, тілдік тарихын зерттеуге «Кодекс Куманикус» материалдарының тигізер пайдасы мол. Тіл ерекшелігі жағына ол қазіргі түркі тілдерінің, солардың ішінде қазақ тілінің орта ғасырдағы табиғи қалпын көрсетеді. «Кодекс Куманикустен» қазіргі қазақ тілінің өзіндік ерекшелігі болып табылатын кейбір грамматикалық құбылыстар байқалады. Мысалы, ондағы сөздерде «ш» – аш (ач емес), «с» – тас (таш емес), «ж» – жол (йол емес), «т» – тізе (дізе емес), «к» – кел (гел емес), «у» дыбыстары – тау (тағ емес) айтылады. Көне түркі тіліндегі қатаң дыбыстардың орнына қыпшақ тілінде ұяң дыбыстар: кішік (кічік емес), еріндік дыбыстардың орнына езулік дыбыстар жұмсалады: келгіл (келгүл емес), т.б.[1]

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің

Ғылыми кеңесінде бекітілді.

30.06.2009 жыл. Хаттама № 10

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]