Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД Эпиз каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.86 Mб
Скачать

Дәрістер тезистері

Дәрістердің мазмұны

№ 1 дәріс.

Кіріспе. Пәннің мақсаты мен міндеттері. Инфекциялық аурулардың сипаттамасы

№ 2 дәріс.

Иммунологиялық икемділік пен иммунитеттің індеттанулық мәні

№ 3-4 дәріс.

Індет процесі және оның қозғаушы күштері

№ 5-6 дәріс.

Індетке қарсы шаралар. Жалпы және арнайы шаралар

№ 7 дәріс.

Дезинфекция, дезинсекция, дератизация

№ 8 дәріс.

№ 9 дәріс.

Топалаң

Туберкулез

№ 10 дәріс.

№ 11 дәріс

Бруцеллез

Аусыл

№ 12 дәріс.

Құтырық және Ауески ауруы

№ 13 дәріс.

Лептоспироз, листериоз, некробактериоз

№ 14 дәріс.

Пастереллез. Микоздар және микотоксикоздар, шешек

№ 15 дәріс.

Туляремия, сіреспе, ботулизм

№ 16 дәріс.

Қарасан, паратуберкулез /солма/, кампилобактериоз

№ 17 дәріс.

Оба, ала өкпе, лейкоз

№ 18 дәріс.

Вирустық диарея, инфекциялық ринотрахеит

№ 19 дәріс.

Қой және ешкі аурулары (энтеротоксемия, брадзот, агалактия, мастит, кебенек)

№ 20 дәріс.

Маңқа, сақау

№ 21 дәріс.

Инфекциялық энцефаломиелит және инфекциялық анемия

№ 22 дәріс.

Індеттік лимфангит, ринопневмония, тұмау

№ 23 дәріс.

Шошқаның кәдімгі және африкандық обасы. Шошқа тілмесі

№ 24 дәріс.

Шошқаның дизентериясы, вирусты гастроэнтериті, жұқпалы сему риниті

№ 25-26 дәріс.

Төл аурулары

№ 27-28 дәріс.

Құс аурулары

№ 29 дәріс.

Етқоректілер мен терісі бағалы аңдардың аурулары

№ 30 дәріс.

Балықтардың және бал араларының аурулары

1 дәріс

Кіріспе. Пәннің мақсаты мен міндеттері. Инфекциялық аурулардың сипаттамасы

  1. Қазақстан Республикасындағы індеттік жағдай

  2. Індеттану және инфекциялық аурулар пәні оның мақсаты

  3. Індеттанудың тарихы және оның жетістіктері

  4. Жалпы және жекелей індеттану

  5. Індеттанудың негізгі әдістері

  6. Инфекция, инфекциялық процесс және инфекциялық аурулар туралы түсініктер

  7. Инфекциялық аурулардың қоздырушылары және олардың инфекциядағы маңызы мен зардаптылық қасиеттері

  8. Инфекцияның түрлері

  9. Инфекциялық ауруларды жіктеу

  1. Қазақстан Республикасындағы індеттік жағдай

Қазақстан Республикасында жануарлардың инфекциялық ауруларын алдын алу, балау және індет тұтанған жағдайда сауықтыру шараларының ұйымдастырылуы, 2002 жылдың 10 шілдесінде қабылданған ҚР «Ветеринария туралы» №339-ІІ Заңының ережелеріне сәйкес жүргізіледі. Бұл заңның кейбір баптары мен ережелеріне 2009 жылдың 4 шілдесінде № 190-IV, толықтырулар мен өзгерістер енгізілуі туралы Заңға ҚР Президенті Н. Назарбаев қол қойды.

Сонымен қатар жануарлардың инфекциялық ауруларын алдын алу, балау және сауықтыру жұмыстары келесі нормативтік құжаттарға сәйкес іске аысырылады:

  • Қазақстан Республикасында мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау (2003ж. 28 сәуірінде ҚР Үкіметімен бекітілген, № 407 және 2004ж. 30 қыркүйегінде өзгертіліп толықтырылған № 1004);

  • ҚР АШМ ветеринария Департаменті туралы ережелер (2003 ж. 18 сәуірінде ҚР ауыл шаруашылығы министірінің бұйрығымен бекітілген, № 214);

  • Аудандық (қалалық) ветерианрия бөлімі туралы типтік ережелер (2002 ж. 22 қыркүйегінде ҚР ауыл шаруашылығы министірінің бұйрығымен бекітілген, № 283);

  • Ветеринария саласындағы мемлекеттік реттеу (4-13 баптар);

  • Жануарлар ауруларының, оның ішінде жануарлар мен адамға ортақ аурулардың алдын алу және оларды жою (25-32 баптар).

2010 жылдағы індеттік жағдайдың күрделілігін, Елімізде жануарлар арасында бірнеше аса қауіпті аурулар тіркеліп, оларды оқшаулап жоюға қыруар қаражат жұмсалып, ауқымды жұмыс күші жұмылдырылуымен байлагыстыруға болады.

Қазақстан Республикасында 2010 жыл бойынша орын алған жалпы індеттік жағдай, Елімізде тіркелген 11 індет бойынша төмендегі кестеде көрсетілген.

Облыстар

Бруцеллез

Пастереллез

Құтырық

Листереиоз

Інд. Лимфангоит

Қатерлі ісік

Қарасан

Аусыл

Энтеротоксемия

Тілме

Топалаң

Қолайсыз мекен

ІҚМ

ҰҚМ

Ақмола

1

1

1

Ақтөбе

1

3

8

2

2

Алматы

106

1

3

1

1

Атырау

1

11

2

БҚО

6

3

5

8

2

25

1

Жамбыл

11

2

21

3

1

Қарағанды

12

1

Қостанай

2

2

36

1

1

Қызылорда

5

1

Маңғыстау

ОҚО

7

5

Павлодар

1

3

1

1

СҚО

4

ШҚО

6

8

13

4

3

11

БАРЛЫҒЫ:

120

31

40

15

98

4

1

1

43

1

3

1

3

Ресми деректерге сәйкес 2010 жылы, ірі және ұсақ қара мал бруцеллезі бойынша 120 қолайсыз пункт тіркелген. Жылдың соңында, сауықтырылмаған қолайсыз пунктердің саны, ІҚМ арасында 31, ал ҰҚМ арасында 40 тең болды. Бұл көрсеткіштер ҚР аймақтарын бруцеллезден сауықтыру бойынша ауқымды жұмыстардың жүргізілгенін көрсетеді.

Құтырық бойынша індеттік жағдай соңғы 10 жыл ішінде айтарлықтай өзгеріске ұшыраған жоқ. Бүгінгі күнде де құтырық ҚР барлық аймақтарында тіркеліп отырады, соңғы жылдары тек Қызылорда облысында құтырықтың тіркелу оқиғалары анықталмаған. Елімізде індеттің қарқынды байқалу кезеңдері 2001, 2002, 2005 жыне 2010 жылдарға келіп отыр. 2010 жылы, 2009 жылмен салыстырғанда құтырықтың тіркелуі 6% жоғарлаған.

Топалаң бойынша соңғы 40 жылдағы ресми құжаттарға сәйкес, індет тек Маңғыстау және Атырау облыстарында ғана тіркелмеген. Топалаңның ең жиі байқалу кезеңдері 1970, 1971, 1975, 1996 және 2000 жылдарға келіп отыр. Ал 2006, 2007, 2009 жылдары КР аймақтарында топалаң мүлдем анықталмаған. Жануарлар арасында індетке жиі шалдығатын ҰҚМ, одан кейін ІҚМ, әрі қарай жылқы, шошқа және түйе. Соңғы 2010 жылы топалаңның тұтануының 3 оқиғасы тіркелді: Павлодар облысында Ақсу қ., Жасқұдық а/о, Жамбыл облысында Жуалы ауданы Кәріторған ауылында және Алматы облысында Еңбекші қазақ ауданы Казатом ауылында.

Аусыл бойынша індеттік жағдай. Індеттің қарқынды таралу кезеңдері келесі жылдарға келіп отыр: 1972 ж. – 117 ошақ, 1980 ж. – 25 оқиға, 1989 ж. – 10 оқиға, 2000 ж. – 13 оқиға. 2010 ж. 1 оқиға тіркелген, Ақмола облысы Ерейментау ауданы Новодолинка ауылында. Ал 2011 жылдың 10 айнда аусылдың тағы 3 оқиғасы тіркелді.

Індеттану – індет процесін (жануарлар арасындағы жұқпалы аурулардың пайда болу, байқалу, таралу, басылу және жоғалып кету заңдылықтарын зерттейтін) және осының негізінде жұқпалы аурулардың алдын алу және жою әдістерін қарастыратын ғылым.

Індеттану екі түбірден тұратын қазақтың төл сөзі: бірінші түбірі - індет - жұқпалы аурудың кең ауқымды таралуы, ал екінші - тану - білу, яғни ғылым деген мағынаны білдіреді. Ал батыс тілдерінде "эпизоотология" аталады және же ол да екі түбірден тұрады: эпизоотия /грекше epі - арасында, zoon - жануар/ және logos - ғылым.

Індеттану пәнінің құралы - індет процесі болып табылады. Індеттану екі мәселені қарастырады:

- біріншіден, жұқпалы аурулардың пайда болу себептерін, бір аурудың әр түрлі байқалуын, басылуын және жоғалып кетуін (яғни, індет процессінің маңызы), сонымен қатар, аталмыш процесстің даму қарқындылығына қоршаған ортаның әр түрлі жағдайларының әсерін зерттейді. Басқаша айтқанда, індет процессі індеттану пәнінің құралы болып табылады.

- екіншіден, жұқпалы аурулардың алдын алу және жою тәсілдерін жасап, жетілдіреді. Індет процессінің даму заңдылықтарына адамның белсенді түрде қатысуын қарастырады.

Адам баласы ерте заманнан-ақ жануарлар арасында байқалатын жұқпалы ауруларға көңіл бөле бастаған. өйткені олар тағы аңдарды қолға үйретіп, одан кейін мал шаруашылығымен айналыса бастаған кезде-ақ малдардың әр түрлі ауруларымен, олардың ішінде жұқпалы ауруларымен де кездесті.

Орта ғасырда (18 ғасырдың басында) инфекциялық аурулар өте кең етек алды. Сол кезде тек сиыр обасынан ғана 30 жылдай уақыт ішінде 200 млн. бас ірі қара өлім-жітімге ұшырады. Тек осыдан кейін барып ғана сол тұстағы басшылық еткен императорлар, корольдар жиналып, аурулардан құтылу жолдарын қарастырып, ол үшін мамандар дайындау керек, мектептер ашу керек деген ортақ шешімге келеді. Осы шешіммнен кейін барып мал дәрігерлігі мамандығы тарала бастады, яғни осы оба ауруының арқасында. Алғашқы ветеринарлық мектептер ашылды (Лионда), кейінірек олар университеттерге айналды. Сондықтанда біздің ақ халат киіп мал дәрігері болуымызға осы сиыр обасы себепші болды.

1546 жылы италян дәрігері Джираломо Фракастроның "О контагии, контагиозных болезнях и лечении" кітабы жарық көрді. Сонымен қатар, Дж. Фракастро әлемдік эпизоотологияның негізін салушы болып табылады және осы жылдан бастап, індеттану пәні пайда болды.

Індеттану жалпы екі бөлімнен тұрады: жалпы және жекеше індеттанудан.

Жалпы індеттану індет процессінің барлық немесе көптеген жұқпалы ауруларға тән заңдылықтарын қарастырады.

Жекеше індеттану жеке аурулар кезіндегі індет процессін зерттейді. Мысалы туберкулезді, бруцеллезді, топалаңды және т.б. індеттік ерекшеліктерін, дерттенуін, клиникалық белгілерін, емін, балауын, дауалауын, күресу шараларын қарастырады. Жалпы індеттануды түсінбей, білмей жеке індеттануды түсіну өте қиын болады. Мысалға айталы шаруашылықта 10 түрлі ауру бар дерлік. Егер сіздер жалпы індеттануды жақсы білсеңіздер, онда 10 аурумен жеке-жеке күреспей бәріне қарсы ортақ шараны қолдану арқылы 10 аурудың бәрінен де құтыла аласыздар.

Инфекция, инфекциялық процесс және инфекциялық аурулар туралы түсініктер. Латынша іnfectіo - жұқтырамын деген мағынаны білдіреді.

Алғаш рет ғылымға бөл терминді 1842 ж. Хуфеланд енгізді. Бастапқыда оны сифилис және басқа да мерез ауруларына ғана қатысты пайдаланды. Ал инфекциялық аурулар деген атау және жеке топқа бөліп қарау белгілі патолог Вирховтың ұсынысымен болды.

Инфекция деп жануар организмі мен зардапты микробтардың әрекеттесуіндегі эволюциялыә қалыптасқан биологиялық процесстер комплексінің дамуы барысындағы қағыну күйін айтады. Инфекция это состояние зараженности, при котором развивается эвоюционно-сложившийся комплекс биологических реакций взаймодествия макроорганизма и патогенных микробов.

Инфекциялық процесс деп белгілі бір нақтылы (қоршаған орта) жағдайдағы макроорганизм мен микроорганизм арасындағы динамикалық реакцияны айтады.

Жұқпалы ауруларға тән қасиеттердің бірі-ол олардың өршуінің сатылығы, яғни ауру білінгеннен кейін, бірінен соң бірі бірнеше кезеңдер өтеді. Ол кезеңдер төмендегідей:

  1. Жасырын (инкубациялыә) кезеңі.

  2. Бастапқы немесе клиника алдындағы (продромалдік) кезең.

  3. Клиникалық белгілері.

  4. Аурудың ақыры (исход болезни).

Барлығы 30 мыңнан аса ауру бар. Олар жұқпалы, жұқпалы емес, инвазиялық, инфекциялық ауру болып бөлінеді.

Адам және жануарлар ауруларының жіктелуінің жалпы үлгісі. Антропоноозды аурулармен адамдар ауырады. Зооантрапонозды аурулармен адамдар да малддар да ауырады. Зооноздар адамға жұқпайтын тек жануарларға ғана жұғатын аурлар. Инфекция қоздырушысының бастауына байланысты жұқпалы аурулар келесі түрлерге бөлінеді:

- Ктеноздар (kteіs - Ій хайуаны) қоздырушыларының бастауы тек қана үй жануарлары. Оларға маңқа, сақау, пуллороз, колибактериоз, т.б. жатады.

- Терионоздардың (therіon - аң) қоздырушыларының бастауы тек қана тағы жануарлар. Бұл ауруға түйе обасы, тулеремия, мелоидоз және т.б. жатады.

- Ктенотериноздардың бастауы үй хайуандарымен қатар тағы жануарлары да бола алады. Бұл ауруларға лептоспироз, листериоз, шошқа обасы, аусыл, т.б. жатады.

Бақылау сұрақтары: 1 Індеттану пәні нені зерттейді, қандай бөлімдерден тұрады? 2 Індеттанудың қалыптасуына үлес қосқан ғалымдар және олардың еңбектері. 3 Індеттанудың ветеринариядағы маңызы. 4 Індеттанудың зерттеу әдістеріне сипаттама. 5 Инфекция деген не? 6. Инфекциялық ауру қандай кезеңдерден тұрады?

2 дәріс