Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД Эпиз каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.86 Mб
Скачать

Картасы

Типтік бағдарламаның болуы:

Мемлекеттік тілде – бар (2006 ж.)

Жұмыс бағдарламасының болуы:

Мемлекеттік тілде – бар

Силлабустың болуы:

Мемлекеттік тілде – бар

Оқулықтар саны:

    1. Ветеринариялық індеттану. Т.Сайдулдин. I және II кітап. Алматы. 1999. – 100 дана

    2. ҚР Ветеринариялық заңнамасы, Астана, 2005, 1,2,3 том – 28 дана

Урбан В.П. «Практикум по эпизоотологии и инфекционным болезням с ветеринарной санитарией» . М., Колос, 2004 – 19 дана

Оқу құралдарының саны:

    1. Індеттану. Т. Сайдолдаұлы. Оқулық. Алматы, 1993 – 50 дана

    2. Індеттану және індеттанулық талдау. Ыбраев Б.К., Ибрагимов P.M. Оқу құралы. Астана, 2009. – 100 дана

Курстық жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқау:

  1. Муханбеткалиев Е.Е., Ибрагимов Р.М., Щурихин Б.Г. «Індеттану және инфекциялық аурулар» пәнінен курстық жұмысты орындауға аранлған әдістемелік нұсқау, Астана, 2010 – 100 дана

Ветеринариялық медицина

кафедрасының ассистенті Муханбеткалиев Е.Е.

Ветеринария және мал шаруашылығы

технологиясы факультетінің

әдістемелік комиссия төрағасы, доцент Бегенова А.Б.

Курс глоссариі арнайы терминология

Абортивті

аурудың қысқа мерзімде өтуі, жеңіл ағымда байқалуы, яғни аурудың толық дамымай үзілмелі өтуі.

Алиментарлық

қоздырушының азық, су арқылы берілуі.

Аллерген

организмнің сезімталдығын тудыратын зат, аллергия қоздыратын зат.

Аллергия

бөгде ақзаттың қайта енуіне организмнің сезімталдығы.

Анафилаксия

антигенді организмге қайталап енгізгендегі сезімталдығы.

Антропозооноз

адамнан малға жұғатын жұқпалы аурулар. Ауру қоздырушысының көзі адам болып табылады.

Антропоноз

адамға ғана тән жұқпалы ауру

Аралас инфекция

организмге бірнеше зардапты микробтар енгенде өрбитін инфекция.

Ареал

жануар немесе өсімдік түрінің жер бетіндегі кездесетін (таралған) орны.

Аурудан күдікті малдар

ауру белгілері анық байқалмаған немесе дене қызуы көтерілген жануарлар.

Ауру қоздыру-шысының орга-низмнен бөлінуі

қоздырушының сыртқы ортаға экскрет, секрет және т.б. жолдарымен бөлінуі.

Аурудың стационарлығы

белгілі орында аурудың тұрақты қайталанып тұруы.

Ауру тіркелген зона

инфекциялық ауру тіркелген шектелген территория.

Ауру тіркелген мал тобы

арасында ауру қоздырушысының көзі анықталған жануарлар тобы.

Ауру тіркелген ошақ

аумағында індет ошағы анықталған елді-мекен немесе бөлек малшаруашылық объект.

Аэрогендік

қоздырушының ауа арқылы жұғу жолы.

Білінбейтін инфекция

клиникалық білінбейтін инфекция.

Биотоп

біркелкі экологиялық жағдайы бар жануар мен өсімдіктің тіршілік ететін ортасы.

Биоценоз

бір аймақта жайлайтын жануарлар мен өсімдіктердің жиынтығы.

Бейімділік

организмнің, инфекциялық процесс кезінде патогендік микробтың енуіне, көбеюіне және әрекетіне берген жауабы.

Вакцинация, вакциндеу

инфекциялық ауруларға қарсы белсенді иммунитетті қалыптастыру үшін вакцина егу

Вируленттік

патогендіктің дәрежесі (өлшемі).

Дезинсекция

ауру қоздырушысын таратушы зиянкес буынаяқтыларды (жәндік, кене, т.б.) жоюға бағытталған шаралар кешені.

Дезинфекция

инфекциялық аурулардың қоздырушыларын сыртқы ортада жоюға бағытталған шаралар кешені.

Дератизация

зиянкес кемірушелерді (тышқан, егеуқұйрық) жоюға бағытталған шаралар кешені.

Жалпы індеттану

жануарлардың жұқпалы ауруларына тән эпизоотикалық процестің жеке заңдылықтарын біріктірумен шұғылданатын індеттанудың тарауы.

Жекелей індеттану

жеке инфекциялық аурулардың ерекшеліктерін зерттеумен шұғылданатын індеттанудың тарауы.

Зооантропоноз

малдан адамға жұғатын ауру.

Зооноз

малдарға ғана тән жұқпалы ауру.

Індеттік индексі

белгілі жерде ауру оқиғалары тіркелген жылдардың бақылау жүргізген жылдарға қатынасы.

Індет жағдайының шиленісі

белгілі орында және нақтылы уақыт аралығында үй және жабайы жануарлардың арасында аурудың қарқынды тарауы.

Індет кезеңдері

індет кезеңдерінің заңдылықпен табиғи ағымында дамуы.

Індет ошағы

инфекция қоздырушысының бейім жануарларға берілу мүмкіндігі бар орын. Індет бұғауының үш буыны орын тепкен жері.

Індеттік бұғау

аурудың пайда болуын және тарауын қамтамасыз ететін індет процесінің міндетті элементтері: инфекция көзі, берілу тетігі және бейім жануарлар.

Індеттік жағдай

белгілі уақыт аралығындағы нақтылы территориядағы инфекциялық аурудың таралғандығы туралы деректердің жиынтығы

Індеттік карта

белгілі уақыт аралығында нақтылы бір территориядағы індеттік жағдайда көрсететін карта.

Індеттік процесс

инфекция көзі, берілу тетігі және бейім жануарлардың қатысуымен үздіксіз пайда болып таралатын үрдіс.

Індеттанулық статистика

инфекциялық аурулардың таралғандығы, жүргізілетін шаралар туралы деректерді қамтитын, оларды топтастыру, өңдеу арқылы індетке қарсы шаралардың тиімділігін анықтауда қолданылатын індеттанулық талдау түрі.

Індеттанулық талдау (анализ)

белгілі уақыт аралығындағы нақтылы территориядағы эпизоотикалық процестің сипатын, деңгейін және дамуын зерттеуде қолданылатын әдіс-амалдардың кешені

Індеттанулық эксперимент

індеттік процестің кейбір сұрақтарын зерттеу мақсатында зертханалық және үй жануарларында жүргізілетін тәжірибе.

Індеттанулық зерттеу (талдау)

нақтылы ауру ошағындағы індеттік жағдайды анықтау.

Індеттанулық прогноздау

бар деректердің негізінде індет процесінің дамуы мен соңын болжамдау.

Иммунитет

организмнің патогендік микробтарға және олардың токсиндеріне қарсы арнайы тұрақтылығы (қабілеті).

Иммундеуші субинфекция

қоздырушының аз мөлшерде ұзақ уақыт еніп немесе әлсіз зардаптылығына байланысты мал организмінде тудырған арнайы тұрақтылығы.

Инкубациялық кезең

қоздырушының организмге енген уақытынан аурудың алғашқы белгілері байқалғанға дейінгі уақыт мерзімі.

Инсектицидтер

жәндіктерге қарсы қолданылатын химиялық заттар.

Инфекциялық процесс

мал организмі мен инфекция қоздырушысы арасындағы қатынастың динамикасы.

Инфекция

жануар организмі мен инфекция қоздырушысы арасындағы қалыптасқан биологиялық реакция.

Инфекция қақпасы

инфекция қоздырушысының организмге ену жолы.

Инфекциялық аурудың тұтануы

кез келген инфекциялық аурумен бір уақытта бірнеше малдың ауруы.

Инфекциялық ауру оқиғасы

бір малдың ауруы.

Инфекция қоздырушы-сының берілу тетігі

әр зардапты микробтың ауру малдан сау малға жұғуы арқылы індет бұғауының үздіксіз өтуін қамтамасыз ету қабілеті.

Инфекция қоздырушысын тасымалдаушы

қоздырушыны берілу тетігінде қатысатын тірі тасымалдаушылар.

Инфекция қозды-рушысының қоры

патогенді микроорганизмдердің табиғи тіршілік етуіне мүмкіндігі бар жануар түрлерінің организмі.

Инфекция ошағы

инфекциялық үрдістің мал организмінде жергіліткі байқалуы.

Инциденттік

уақыт аралығында әр 100, 1000 немесе 10000 малға шаққандағы жаңа пайда болған инфекция оқиғалары.

Карантин

індет ошақтарын шектеуге және жоюға бағытталған шаралар кешені.

Карантин сақтық

таза шаруашылықтарға жұқпалы ауруларды енгізбеу үшін сырттан әкелінген малды оқшау ұстау (30 күн).

Контагиоздық, жұғымталдық

сау және ауру малдар тікелей жанасқанда қоздырушының беріліп тарайтын қасиеті.

Контагиоздық индексі

ауру малмен әртүрлі жолдармен жанасқандағы әр 100 жануардан ауырған малдың орташа саны.

Ктеноноздар

үй жануарлары қоздырушы көзі болып табылғандағы аурулар.

Ктенотерионоз

үй және жабайы жануарлар қоздырушы көзі болып табылғандағы аурулар.

Қарапайым инфекция

микроорганизмнің бір түрімен туындаған инфекция.

Қауіп төнген зона

аурудың тарауына мүмкіндік бар індет ошағынына маңындағы территория.

Қоздырушы көзі

патогендік микроб тіршілік еткен жануар организмі.

Қоздырушының берілу жолдары

нақтылы жағдайда қоздырушының берілуінде қатысатын факторлардың кешені.

Латенттік

жасырын, сыртқы белгілерінсіз.

Леталдық, өлім көрсеткіші

аурудың ауырлығын көрсетіп, өлген малдың ауырған мал санын арақатынасын сипаттайтын интенсивті көрсеткіш.

Микроб «алып жүру»

клиникалық тұрғыдан сау малдың мүшелері мен ұлпаларында иммунобиологиялық өзгерістер тудырмай қоздырушының тіршілік етуі.

Нозоареал

аурудың таралған аумағы

Нозогеография

аурудың таралауы мен аумақтағы байқалу ерекшеліктерін зерттейтін ілім.

Оқшаухана

жұқпалы аурумен ауырған немесе аурудан күдікті малды оқшаулайтын арнайы мал қора.

Өлім коэффициенті

өлімге ұшырау, өлген мал санының барлық мал санына қатынасы.

Панзоотия

бірнеше мемлекеттер мен құрлықтардың территориясында кеңінен тіркелген аурудың ең жоғарғы қарқыны (интенсивті көрсеткіш).

Патогендік

қоздырушының патологиялық үрдісті тудыру қабілеті.

Превентивті

алдын алу, сақтық.

Продромалды кезең

аурудың алғашқы клиникалық белгілерінен бастап толық тән белгі кешендерінің дамуына дейінгі кезеңі.

Профилактика, дауалау

аурудың пайда болуына және оны таратпауын бағытталған шаралар кешені.

Резистенттілік

организмнің төзімділігі, организмнің ауруға қарсы тұру қабілеті, қарсы тұра алуы.

Реинфекция

болып жатқан инфекцияға осы қоздырушының қайта жұғуы.

Реконвалесцент

жұқпалы аурудан сауыққан жануар.

Реконвалесценттеу кезеңі

клиникалық сауығу кезеңі.

Ремиссия

ауру белгілерінің уақытша көмескіленуі немесе мүлдем жойылып кетуі.

Рецидив

аурудың қайталануы, сырттай сауыққаннан кейін ауру белгілерінің қайта байқалуы.

Санация

сауығу, сауықтыру, санитарлық шараларды толық қамту.

Секундарлық инфекция

қосалқы инфекция, басқа бір инфекцияға қабаттасып өрбитін инфекция.

Спонтанды инфекция

тосын, табиғи инфекция, табиғи жағдайда берілу кезіндегі зардапты микробқа тән пайда болатын инфекция.

Спорадия

індет процесіның ең төменгі қарқыны, аурудың бірен-саран түрде байқалуы.

Стресс

шектен тыс тітіркендіру.

Таза, ада зона

уақыт арасында инфекциялық аурудың оқиғалары тіркелмеген шектелген территория.

Терионоздар

инфекция қоздырушысының бастамасы жабайы аңдар болып табылатын аурулар.

Трансмиссивтік инфекция

қоздырушысы қан соратын жәндіктер арқылы тарайтын инфекция.

Шалдығу

патогенді микробтың организмге енуі немесе енгізілуі.

Шалдыққыштық

жануарлардың инфекциялық ауруларға шалдығу көрсеткіші, процент түрінде сипатталады.

Экзогенді инфекция

қоздырушысы организмге сырттан енетін инфекция.

Экзогендік

ықпалын тигізетін (білдіретін) сыртқы әсерлер.

Экзотикалық аурулар

нақтылы территорияда кездеспейтін, басқа мемлекеттерден енетін жануарлардың аурулары.

Эндогенді инфекция

мал тұрақтылығының төмендеуі нәтижесінде организмдегі микробтың ықпалынан іштегі болған инфекция.

Энзоотия

нақтылы жерде, елді-мекенде, пунктте ғана аурудың тіркелетіндігін көрсететін эппизоотологиялық категория.

Эпизоотия

аудан, облыс немесе мемлекет деңгейінде инфекциялық аурудың кеңінен таралғандығын көрсететін індет процесінің орташа қарқыны.

Эпизоотология, індеттану

індеттанулық процестің заңдылықтарын зерттеумен және инфекциялық ауруларға қарсы дауалау мен күрес шараларын ұсынатын ғылым саласы.