- •Мазмұны
- •1 Оқытушылар туралы мәлімет:
- •2 Пән туралы мәлімет:
- •Сабақ уақытын vіі семестр бойынша бөлу
- •Сабақ уақытын vііі семестр бойынша бөлу
- •3 Пререквезиттер
- •4 Постреквезиттер
- •5 Курстың қысқаша сипаттамасы:
- •6 Курстың мазмұны
- •6.1 Дәріс сабақтарының тізбесі
- •6.2 Зертханалық-тәжірибелік сабақтарының тізбесі
- •7 «Індеттану және инфекциялық аурулар» пәні бойынша сөж тапсырмаларын орындау және тапсыру кестесі
- •Сөж ұйымдастыру бойынша ұсыныстар
- •8 Әдебиеттер тізімі
- •8.1 Негізгі әдебиеттер
- •8.2 Қосымша әдебиеттер
- •9 Курстың саясаты
- •10 Білімді бағалау жөніндегі ақпарат
- •11 Бағалау саясаты
- •Пән бойынша білімді бағалау сұлбасы
- •Картасы
- •Курс глоссариі арнайы терминология
- •Дәрістер тезистері
- •Кіріспе. Пәннің мақсаты мен міндеттері. Инфекциялық аурулардың сипаттамасы
- •Қазақстан Республикасындағы індеттік жағдай
- •Иммунологиялық икемділік пен иммунитеттің індеттанулық мәні
- •Індет процесі және оның қозғаушы күштері
- •Індетке қарсы шаралар. Жалпы және арнайы шаралар
- •Дезинфекция, дезинсекция, дератизация
- •Жекеше індеттану
- •Топалаң
- •Туберкулез
- •Бруцеллез
- •Құтырық және ауески ауруы
- •Лептоспироз, листериоз, некробактериоз
- •Пастерелез. Микоздар және микотоксикоздар. Шешек
- •Туляремия, сіреспе, ботулизм
- •Қарасан, паратуберкулез, кампилобактериоз
- •Оба, ала өкпе, лейкоз
- •Вирустық диарея, инфекциялық ринотрахеит
- •Қой және ешкі аурулары
- •Инфекциялық энцефаломиелит және инфекциялық анемия
- •Індеттік лимфангит, ринопневмония, тұмау
- •Шошқаның кәдімгі және африкандық обасы. Шошқа тілмесі
- •Шошқаның дезентериясы, вирусты гастроэнтериті, жұқпалы сему риниті
- •Төл аурулары
- •Құс аурулары
- •Балықтардың және бал араларының аурулары
- •Зертханалық-тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Патологиялық материалға жолдама құжаты
- •2 Тапсырма.
- •3 Тапсырма.
- •Жануарлар сальмонеллезінің қоздырушылары
- •Сальмонеллалардың індеттанулық сипаттамалары
- •Әдістемелік нұсқауы
- •Курстық жұмыстың алдын-ала ұсынылған тақырыптары
- •Курстық жұмыстың құрылымы
- •Студенттердің өзіндік жұмысына араналған материалдар Мазмұны
- •Қысқаша әдістемелік нұсқау
- •Күнделік пен есепті толтыру тәртібі
- •Індеттану және инфекциялық аурулар
- •Білімді бақылау материалдары Емтихан сұрақтарының тізімі
- •Авторлары: Муханбеткалиев е.Е., Ибрагимов р.М., Щурихин б.Г.
Күнделік пен есепті толтыру тәртібі
Атқарылған жұмыс күнбе күн, бастапқыда қойын кітапшаға, ал кейіннен, ауру диагнозы анық қойылып емнің дұрыс бұрыстығын анықтағаннан кейін (оқулықтардан) таза түрде күнделікке көшіріліп жазылады.
Күнделікті шаруашылықтың бас ветеринарлық дәрігеріне аптасына 1 рет тексертіп отыру шарт. Ветеринарлық дәрігер, өз есебінен күнделіктегі кемшіліктермен оқылықтарды көрсетіп ұсыныстар жасауы тиіс. Егер күнделікте бас дәрігердің қолы ғана болса, өндірістік тәжірибе өтілмеді деп есептелініп, төмен баға қойылады. Күнделікте тәжірибеге жетекші және тексеруші оқытушының пікірі болуы шарт.
Күн сайын атқарылған жұмыстарды күнделікке жазған уақытта: ауру малдың қабылданған күнін, бірінші немесе қайта қабылданғанын, нөмерін, аурудың толық клиникалық белгілерін, дене қызуын, жүрек соғуын және тыныс алуын: диагнозын, болжамын, емін және сақтандыру шаралары туралы деректерді ескереді. Емдеу графасына рецептілер жазылады.
Есеп таза, түсінікті жазылған қолжазба ретінде тапсырылады. Есептің арнайы пәндер бойынша тарауларында аурулардың пайда болу, таралу себептеріне талдау беру қажет. Есепте күнделікте берілген деректердің көшірмесін берудің, немесе әрбір аурудың атауларынан бастап күрес шараларына дейін сипаттаудың қажеті жоқ.
Есеп сонында тіркеме ретінде барлық тараулар бойынша істелген жұмыстың жалпы кестесі беріледі.
Өндірістік машықтанудың соңғы 3 күнінде, студент, есеп жазып, шаруашылық басшысы мен бас ветеринарлық дәрігердің қолтаңбасын қойдырып, мөр бастырып, бекіттіреді.
Күнтізбелік жоспарға сәйкес, студент, аудандағы ветеринарлық мекемелерде (ветеринарлық зертхана, ветеринарлық-санитарлық сараптау зертханасы, ветаптека және т.б.) 5 күн жұмыс істеп, олардың құрамымен, жұмыс бағытымен, іс құжаттарымен танысады. Осы мекемелерде жұмыс істегені туралы анықтамалар алады.
Есеп пен күнделікті, студент, өндірістік машықтанудан оралған соң, 3 күн ішінде деканатқа өткізуге міндетті, бұл мерзімнен кеш өткізілген есептер мен күнделіктер көшіріп алынған деп саналып, қабылданбайды.
Індеттану және инфекциялық аурулар
Студент-машықтанушы:
1. Шаруашылықтың індеттанулық жағдайын анықтайды. Ол үшін індеттанулық зерттеудің салыстырмалы-тарихи және салыстырмалы-георгафиялық сипаттама тәсілдерін және кафедрада берілген зерттеу үлгісін қолданып егжей-тегжейлі акт жазады.
2. Шаруашылықтағы (ауылшаруашылық кәсіпорында, жауапкершілігі шектелген серіктестікте, жеке меншік шаруа қожалығында (жұқпалы ауруларға қарсы күрес және сақтандыру шараларының жоспарымен танысады және осындай жоспарды дайындауға қатысады.
3. Ауылшаруашылық малдардың туберкулез, бруцеллез, маңқа және т.б. инфекциялық ауруларына жаппай диагностикалық зерттеу өткізуге және ұйымдастыруға қатысып, өткізілген шараларға сәйкес іс құжаттарын (актілер, қосымша қағаздар) толтырады.
4. Карантин шараларын ұйымдастыруға және мал қораларында фермаларда, мал өсіруші кешендерде немесе бүтін шаруашылықта карантиндеу жұмыстарын өткізуге қатысады.
5. Инфекциялық ауруларға қарсы сақтандыру және лажсыздан егу шараларын ұйымдастырып, өткізуге қатысады. Егу соңынан кейін екі жұма бойы бақылаумен қатар, байқалған өзгерістерді (реакциясын) тіркеп мезгілінде тиісті шаралар қолдануға ат салысады.
Өткізілген егулерге және қолданылған биопрепараттарға іс құжаттарын толтырады.
6. Шаруашылықта кездесетін инфекциялық ауруларға шалдыққан малдардың диагнозын анықтауға және емдеуге қатысады. Фермалардың немесе стационарда орналасқан малдардың күтімін қадағалайды.
Емдеу әдістерінің үлгісін ветеринарлық дәрігер бекіткеннен кейін, ауырған малдарға ем қолданып, ауру тарихын толтырады. Ветеринарлық зандылық қағидаларына сүйене отырып, инфекциялық аурудан өлген малдан патологиялық материалдарды алуды, орауды және зертханаға жөнелтуді меңгеріп, ветеринарлық зертханада бактериологиялық және серологиялық зерттеулер көмегімен инфекциялық ауруларды анықтауды үйренеді.
7. Мал қораларында дезинфекция, дезинсекция, дератизация жұмыстарын жүргізеді. Өткізілген жұмыстар мен жұмсалған зарарсыздандырғыш заттарға актілер жазады.
8. Мал шаруашылық кешендердегі инфекциялық ауруларға қарсы жүргізілетін жұмыстардың ерекшеліктерін анықтайды.
9. Жеке меншіктегі және шаруашылық қарамағындағы малдардың індеттанулық жағдайын зерттей отырып, инфекциялық аурулардан сақтандыру шараларын жүргізеді.
Студент есепті мәлімет дайындау уақытында кәсіпорының немесе ауданның соңғы 5 жыл аралығындағы індеттік жағдайы жөніндегі деректерді жинақтайды. Бұл мағлұматтарды төмендегі тәртіп бойынша баяндауға болады:
1. Шаруашылықта немесе аудан көлемінде соңғы жылдары қандай жұқпалы аурулар, қай түлік малдар арасында тіркелді (кесет немесе график түрінде келтіреді).
2. Әрбір ауру бойынша ауруға шалдыққан, өлген және лажсыздан сойылған малдар саны.
3. Ауруларды жою үшін қандай жалпы және арнайы шаралар атқарылған, олардың тиімділігі.
4. Шаруашылықта жұқпалы індеттерге қарсы жүргізілетін дауалаулық шаралар: мал басын толықтыру жағдайы, мал фермаларының ветеринарлық-санитарлық жағдайы, қиды жинау және биотермиялық залалсыздандыру, өлекселерді жою, дезинфекция, дезинсекция, дератизация және т.б. өткізу.
Студент шаруашылықта жұқпалы ауруларға қарсы дауалаулық шаралар жоспарын жазып, оның орындалуы жөнінде деректерді жинақтайды. Өзі қолданған емдік шараларын және тәсілдерін сипаттап жазады.
