Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД Эпиз каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.86 Mб
Скачать

Курстық жұмыстың құрылымы

Тақырыбты таңдағаннан кейін студент, курстық жұмыстың орындаудың алғашқы жоспарын құрып, оын оқытушымен келісімдеу мақсатында кафедраға тапсырады.

Курстық жұмыс келесі бөлімдерден тұруы тиіс:

Кіріспе

  1. Пункттің немесе ауыл шаруашылық құрылымының індеттік жағдайы жөнінде кесім.

1.1 Тексерілетін пункттің (аймақтың) жалпы сипаттамасы.

1.2 Ветеринариялық-санитариялық жағдайы.

1.3 Індеттік жағдайдың сипаттамасы

1.4 Індетке қарсы және дауалау шараларының сипаттамасы.

1.5 Індеттанулық талдау кесімінің қорытындысы.

2. Осы жыл барысында инфекциялық ауруды жою шараларының күнтізбелік жоспары.

2.1 Осы жыл барысында індетке қарсы және дауалау шараларының күнтізбелік жоспары

  1. Шаралардың күнтізбелік жоспарына түсініктеме хат.

  2. Курстық жұмыстың мазмұны бойынша қортынды.

  3. Қолданылған әдебиеттер тізімі.

  4. Тіркеме.

Әдебиет: Мұханбеткалиев Е.Е., Ибрагимов Р.М., Щурихин Б.Г. «Індеттану және инфекциялық аурулар» пәнінен 051201 – Ветеринариялық медицина мамандығы студенттерінің курстық жұмысты орындауына арналған әдістемелік нұсқау. Астана, 2010, 28 б.

Студенттердің өзіндік жұмысына араналған материалдар Мазмұны

Тақырып: Жануарларда инфекциялық аурулардың балауын жүргізу.

Тақырып: Індеттанулық зерттеу бойынша есептеулер жүргізу.

Тақырып: Дезинфекция, дезинсекция, дератизация жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру және іске асыру.

Тақырып: Барлық түлік жануарларға ортақ ауруларды балау және олармен мен күресу шаралары.

Тақырып: Ірі және ұсақ қара малдарының инфекциялық ауруларын балау және күресу шаралары.

Тақырып: Жылқының, шошқаның және ауыл шаруашылық малдары төлдерінің ауруларын балау және күресу шаралары.

Тақырып: Кұстардың, етқоректілер мен терісі бағалы аңдардың, балықтар мен бал араларының инфекциялық ауруларын балау және күресу шаралары.

1 Тақырып: Жануарларда инфекциялық аурулардың балауын жүргізу

МАҚСАТЫ: инфекциялық аурулармен ауырған малдарды анықтау мақсатында клиникалық зерттеуді жүргізу ережелерін бекіту. Аллергиялық зерттеулер, малдардан қан алу техникаларын игеріп, аллергиялық реакцияларды бағалауды және құжаттарды толтыруды үйрену.

ТАПСЫРМА: факультеттің ветеринариялық клиникасында бағылып күтілетін әр түрлі түлік малдарды клиникалық, аллергиялық зерттеу және олардан қан алуды іске асыру.

  1. Зерттелінетін малға індеттанулық анамнез жинау жоспарын құрастыру.

  2. Жануарларды клиникалық зерттеу бланкілерін толтыру.

  3. Аллергиялық зерттеулерді жүргізу туралы актілерді толтыру.

  4. Зерттелген жануарлардың тізімін толтыру.

Сабақтың ұзақтығы: 10 сағат

Сабақтың қамтамасыздандырылуы: инфекциялық ауруларды кешенді балау әдістерінің кестесі, әр түлік малдары 2 бастан, малдарды клиникалық зерттеуге арналған құрал-жабдықтармен қондырғылар, арнайы зерттеулер бланкілері, «Аллергическая диагностика инфекционных и инвазионных заболеваний с/х животных» әдістемелік нұсқауы.