Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД Эпиз каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.86 Mб
Скачать

Жануарлар сальмонеллезінің қоздырушылары

Жануарлар түрлері

Негізгі қоздырушылары

Сирек кездесетіндері

серовар

серотоп

серовар

серотоп

Ірі қара мал

dublin

D

enteritidis

D

Шошқа

choleraesuis

С

dublin

D

Ұсақ қара мал

abortusovis

В

dublin

D

Жылқы

abortusequi

В

-

-

Тауық

gallinarum pullorum

D

-

-

enteritidis

-

-

-

typhimurium

-

-

-

Күрке тауық

gallinarumpullorum

D

enteritidis

D

Үйрек

typhimurium

В

enteritidis

D

Түлкі, ақ түлкі

dublin

D

-

-

typhimurium

В

-

-

cholerasuis

С

-

-

Айқын байқалатын ауруды әдетте, нақты бір жануар түріне бейімделген, жеке серологиялық варианттар тудырады. Сальмоенллез бойынша сәтсіз шаруашылықта, жиі ретте ауруға төлдер шалдығады. Сонымен қатар, ауруды жұқтырған жас және ересек жануарлар аурумен сипмтомсыз түрде ауырып, ұзақ мерзімге дейін сальмонеллатасымалдаушы болып қалады.

Сальмонеллалардың індеттанулық сипаттамалары

Індеттанулық көрсеткіш

Сипаттамасы

Бейім жануарлар түрлері

Бұзаулар – 6 айға дейін (жиі ретте 10...60-күндік); торайлар – туа салсымен 4 айлығына дейін (әсіресе енесінен бөлген кезде); қозылар – туғаннан кейін бірінші күндері мен апталарында, кейде 2...3 айлығында; құлындар – туғаннан кейін бірінші 8...10 күн ішінде (кейде 3 айға дейін); түлкі, ақ түлкі, нутрия күшіктері – жиі ретте 1...2 айлығында; балапандар – 20-күндік жасқа дейін. Ересек жануарлар (аналықтар) жылқылар, қойлар

Инфекция қоз-дырушысының көзі мен қоры

Ауру және ауырып сауыққан жануарлар – сальмонеллатасымалдаушылар, олардың ішінде кемірушілер және жабайы құстар

Жұғу жолдары және қоздырушының берілу механизмы

Негізгі жұғу жолы – алиментарлық (қоздырушымен зарарланған сүт, көк сүт, су және т.б.) және сирек жағдайда – аэрогендік; кейде тумай тұрып жатырда жұғуы мүмкін. Құстарда сальмонеллалар трансовариалдық жолмен берілуі мүмкін. Қоздырушының сыртқы ортаға бөліну жолдары: ересек жануарларда – сүтпен, нәжіспен, іш тасталған түсікпен, шарана суымен және жыныс жолдарынан бөлінген бөлінділермен; төлдерде – нәжіспен, несеппен, сілекеймен және танаудан аққан сорамен

Індеттік процестің туындау қарқындылығы

Эпизоотиялық тұтанулар және спорадиялық оқиғалар түрінде

Маусымдылығы, тұрақтануы

Індет жылдың барлық мезгілінде тіркеледі. Бұзауларда жиірек қыс-көктем маусымдарында, торайларда – енесінен айырғаннан кейін. Індеттің тұрақтануы бактериятасымалдаушы жануарлармен негізделінеді

Себепкер факторлар

Жануарлардың тығыз орналасуы, антисанитариялық жағдай, азықтандырудың қанағатанарлықсыздығы, микроклимат параметрлары, переохлаждение, перегревание

Шалдығуы,

Өлім-жітімділігі

Бұзаулардың шалдығуы 50...80%, өлімге ұшыруаы 70% дейін, торайларда, қозыларда және құлындарда тисінше 20...40 %, 50% дейін; 40...45 и 30...45%

Колибактериоз (Соlibacteriosis) немесе эшерихиоз (Escherichiosis) колиэнтерит, колисепсис – септицемия, токсемия және энтерит салдарынан тоқтаусыз іш өтіп, организмның уланып, сусыздануымен, орталық жүйке жүйесінің зақымданып, өршіген депрессия және әлсізденумен ерекшеленетін, төлдің жіті өтетін жұқпалы зооноздық ауруы.

Қоздырушысы – Escherichia coli-дің (ішек таяқшасы) патогенндік штамдары. Колибактериоз – барлық ауылшаруашылық жануарлар төлдерінің арасында, таралуы бойынша алғашқы қатарда тұрған ауру. Бұзаулар негізінен туғаннан кейін 2-7 күндігінде, қозылар туа салысымен 5-7 айға дейін, құлындар туа салысымен, торайлар туған соң бірер апта бойы, енесінен айырарда және енесінен айырған соң, терісі бағалы аңдардың күшіктері 1...5-ші күндері және сирек жағдайда 6...10 күндік жаста, құстар 1 күннен 90 күнге дейін және жұмыртқалаған кезінде ауырады. Ауру жылдың барлық мезгілінде байқалады. Бұзаулар мен қозылар жиі жағдайда қорада ұстау кезінде ауырады.

Стрептококкоздар (Streptococcosis) – жіті өткенде өлітию белгілерімен және буындардың қабынуымен, жітілеу және созылмалы ағымдарында өкпе мен ішектің, көздің және басқа да ағзалардың қабынуымен ерекшеленетін негізінен төлдердің инфекциялық бактериалдық аурулары.

Стрептококкоздардың қоздырушылары – оң гармды дөңгелек немесе сопақша келген (ланцет тәрізді) кокктар, спора түзбейді. Стрептококтар, іріңнің туындауымен сипатталатын инфекциялық процестерді тудырып, бұзауларда, қозыларда және құлындарда – пиемия және септицемия, артриттер, лимфадениттер, фарингиттер, флегмоналар, эндокардиттер, өкпенің қабынуы және т.б., ал торайларда – менингоэнцефалиттер, септицемиялар, энтероколиттер, артрозоартриттер, бронхопневмониялар, лимфодениттер түрлерінде өтіп, жіті және жітілеу ағымдарында өрбиді.

Аурулар, дене температурасының жоғарлауымен, күйзелумен, кеңістікте қимылдау қабылетінің бұзылуымен, домбығулармен, артриттармен және кейде диареямен сипатталады. Стрептококкоз кезіндегі өлім-жітімділік, әртүрлі сыртқы орта факторларының әсеріне және жануарлар организмінің тұрақтылығына байланысты.

Қозының анаэробтық дизентериясы (Disenteria neonatorum anaerobica), анаэробная дизентерия ягнят – орталық жүйке жүйесінің зақымдануы, ішектің қанталап қабынуы, және организмнің улануы арқылы ерекшеленетін, жұғымтал емес токсико-инфекциялық ауру. Індет, негізінен жануардың ішегінде С. perfringens-тің қарқынды көбеюінен және соның нәтижесінде пайда болған токсиндердің организмге ішек арқылы сіңірілунен туындайды. Анаэробтық дизентерия кезінде, барлық жануарларда патологиялық процестің өрбуі, қоздырушының типіне қарамастан бірдей өтеді.

Бақылау сұрақтары:

1. Колибактериоз бен сальмонеллездардың пайда болуы мен дамуына себебін тигізетін этиологиялық факторларды атап шығыңыз

2. Неге сальмонеллездар факторлық-инфекциялық ауруларға жатқызылады?

3. Жоғарыда қарастырылған аурулар кезінде байқалатын негізгі клиникалық белгілер

4. Жиналған деректер кешендері бойынша сальмонеллездарды колибактериоздан, стрептококкоздан және анаэробтық дизентериядан ажырата балауды жүргізіңіз

5. Шаруашылықта, індетті дауалау және жою мақсатында, қандай ұйымдастыру-шаруашылық, зоотехникалық, ветеринариялық-санитариялық және індетке қарсы шаралардың кешені жүргізілуі тиіс?

Әдебиет:

1. Сайдулдин Т. Індеттану және жануарлардың жұқпалы аурулары. Алматы. 2009 ж.

2. В.П.Урбан Практикум по эпизоотологии и инфекционных болезней с ветеринарной санитарией М., 1987 г.

3. Альбом «Диагностика инфекционных и протозойных болезней сельскохозяйственных животных». М.: Колос. 1968

4. ҚР Ветеринариялық заңнамасы, Астана, 2005 ж., Т.-2.

27 сабақ. Ауылшаруашылық жануарлар төлдерінің ауруларымен күресу шаралары

Сабақтың мақсаты: 1. Төлдердің инфекциялық аурулары кезінде жүргізілетін дауалау тәсілдері мен емдік шараларын игеру.

Жүргізу орны: Ветеринариялық медицина кафедрасының зертханасы

Сабақтың ұзақтығы: 1 сағат.

Төлдердің инфекциялық ауруларға шалдығу себептері, жеке-жеке әсер етпейтін, керсінше бір-бірімен тығыз байланыста болатын көптеген факторларға байланысты болады.

Осы көптеген этиологиялық факторларды негізгі төрт топқа жіктеуге болады:

- шаруашылықтың ұйымдастырылуы және қызметкерлері (мысалы, еңбек ету өнімділігі, жұмыскерлердің біліктілігі, жұмысқа деген қатынасы);

- абиотикалық факторлар (иалдың бағылып-күтілуі, оранласуы, микроклимат);

- трофикалық факторлар (мысалы, анасы мен төлдің азықтандырылуы);

- биологиялық факторлар (мысалы, туа біткен төзімділік, иммунобиологиялық жағдай, қоздырушының патогендігі мен вируленттігі, инфекция мөлшері).

1 кесте – Төлдердің колибактериозы кезінде сәтсіз шаруашылықта жүргізілетін шаралар тәртібі

Бұзаулар

Сиырлар

Шаралар

Аурулар: оқшаулау, қан сарысуын, бактериофагты, антимикробтық және симптоматикалық препараттарды қолдану арқылы емдеу

Ауруға күдіктілер: дауалаулық мөлшерде қан сарысуын енгізу, 10 күннен кейін вакциналау

Шартты сау мал: екі мәрте вакциналау

Жаңа туғандар: өмірінің 1-ші күні – дауалаулық мөлшерде қан сарысуын енгізу, 10-12-ші күндері – вакциналау

Төлдеуге 50-60 күн қалғанда вакциналау

Қораларды тазалау, дезинфекциялау, жаз мезгілінде малдарды тексеріп отыру.

Мал қиын биотермиялық жолмен зарарсыздандыру, дератизациялау.

Аналарын толық құнды азықпен қамтамасыздандыруды және дұрыс күтуді ұйымдастыру.

Төлдер күтімінің санитариялық-гигиеналық жағдайын жақсарту.

Торайлар

Мегежіндер

Шаралар

Аурулар: оқшаулау, бактериофагты, антимикробтық және симптоматикалық препараттарды қолдану арқылы емдеу

Ауруға күдіктілер: тексеру, термо­метрия, соңғы ауру мал анықталғаннан кейін 10 күн өткен соң вакциналау

Шартты сау мал: туылған күнінен 10 күн асқан соң вакциналау

Төлдеуге 1,5-2 ай қалғанда, арасына 7-10 күн салып, екі мәрте вакциналау

Туу және төлді қабылдау шараларын дұрыс ұйымдастыру. Ауру туындаған кезде төлдің орнын алмастыруға шектеу қою

Қозылар

Саулықтар

Аурулар: оқшаулау, қан сарысуын, антимикробтық және симптоматикалық препараттарды қолдану арқылы емдеу

Ауруға күдіктілер: дауалаулық мөлшерде қан сарысуын енгізу, содан кейін вакциналау

Төлдеуге 1,5-2 ай қалғанда, екі мәрте вакциналау

Төлдердің инфекциялық аурулары кезінде дауалау және емдік шараларын жүргізу үшін, диагностикалық кешен келесілерден тұрады:

1) төлдердің эмбрионалдық даму жағдайын (буаз малдардың бағылып-күтілу жағдайы) және жаңа туған төлдердің күтімін тексеру; 2) шаруашылықтың індеттанулық жағдайын анықтау; 3) жан-жақты клиникалық және паталогоанатомиялық зерттеулердің жүргізілуі; 4) буаз малдар мен жаңа туған төлдердің қан сарысуын каротиннің бар-жоқтығына тексеру; 5) ауру малдар мен өлекселерден алынған патологиялық материалдарға, түрлі бактериологиялық, серологиялық және биологиялық зерттеулер жүргізу.

Секциялық профилакторилерде жаңа туған бұзауларды өсіру технологиясы. «Бос – бос емес» принципі бойынша пайдаланылатын, төрт және одан да көп секциялардан тұратын ауыстырмалы профилакторилер, өздерін толығымен ақтады деп айтуға болады. Бұзауларды өсірудің бұл технологиясы, бір мезгілде, індеттік процестің барлық буындарына әсер етуге мүмкіндік береді: инфекция қоздырушысының көзі, берілу механизмы, бейім жануар. Профилакторидің әр секциясы автономды түрде қызмет етіп, оны арнайы циклограмма бойынша толтырып босатады және 3 күн бойы толтырмай бос қояды.

2 кесте – Төрт секциялы профилакториді пайдалану циклограммасы

Секция

Айдың күндері

Секцияның бос тұрған күндері

Айдың күндері

Секцияның бос тұрған күндері

Толтыру

Босату

Толтыру

Босату

1

2

3

4

1-4

5-6

9-12

13-16

13

17

21

25

3

3

3

3

17-20

21-24

25-28

29-2

29

3

7

11

3

3

3

3

Сауықтыру кешенінің негізі ретінде, буаз малдар мен төлдердің азықтандыруы мен күтімін жақсартуды қолға алады. Қандай да болмасын инфекциялық аурумен ауырып сауыққан төлді, бір айға дейін аурудың алдында ұсталған топқа қайта қоспайды.

Дәрілік заттар диеталық азықтармен бірге берілуі тиіс. Егер ауру мал құнарлығы төмен азықпен азықтандырылып, антисанитариялық жағдайда ұсталса, кез келген дәрілік заттың тиімді емдік әсері болмайды. Бір мал тұлігінің төлдерінде, бір аурудың клиникалық байқалуы әр түрлі болатынын ескере отыра, әр жағдайда емдеу және диеталық азықтандыру шараларын, ауру ағымының ерекшелігіне байланысты, ажыратып отыру керек.

3 кесте – Төлдердің колибактериозын емдеу кезінде қолданылатын антибиотиктер

Антибиотиктер

Енгізу тәсілі

Интервал

Өлшем бірлігі

Бұзаулар

Торайлар

Қозылар

Левомицитин

Ішке

12 сағ.

мг/кг

10 - 20

20 - 40

10 - 15

Полимиксин М

Ішке

8 - 12 сағ.

мың ӘБ/кг

30 - 40

30 - 40

30 - 40

Мономицин

Ішке

8 - 12 сағ.

мың ӘБ/кг

4 - 6

4 - 10

6 - 8

Канамицин

б/етке

12 сағ.

мың ӘБ/кг

10

5 - 1 0

5 - 6

Тетрациклин

Ішке

12 сағ.

мг/кг

10 - 15

15 - 20

15 - 20

Тетрациклин

б/етке

12 сағ.

мг/кг

5 - 7

5 - 10

-

Ампициллин

Ішке

4 - 6 сағ.

мг

200 - 250

50 - 100

-

Олететрин

Ішке

8 - 12 сағ.

мың ӘБ/кг

10

10 - 15

-

Гентамицин

б/етке

6 - 10 сағ.

мг/кг

1 - 1,5

1

1

Стрептомицин

б/етке

12 сағ.

мың ӘБ/кг

5

10 - 20

10 - 2О

Дитетрациклин

б/етке

3 - 5 күн

мың ӘБ/кг

20

50 - 75

30 - 50

Студенттердің өзіндік жұмыстарына тапсырма

1 тапсырма. Әлсіз туған төлдерді (әсіресе бірінші бұзаулаған сиырлардан) бірінші күндері өсіру үшін не істеу керек? Ветфельдшер мен бұзаушыға, не және қашан естеу керек туралы ескертпе құрастыру.

2 тапсырма. Колибактериоз бен сальмонеллезды алдын алу үшін, бұзауларға вакциналау жүргізгеннен кейін кесімін (акт) толтыру. Егілген бұзаулардың тізімін толтыру.

3 тапсырма. Кешеннің карантиндік бөлімінде қызмет ететін веттехникқа, ветеринариялық шараларды орындау мерзімі көрсетілген, ескертпені құрастыру.

4 тапсырма. Бұзауларды карантиндік ұстау мерзімінде, ас қорту-ішек ауруларын алдын алу шараларын іске асыру туралы, жазбаша түрде нұсқамалар беру.

5 тапсырма. Бұзауларды колибактериоз бен сальмонеллезге (екі нұсқада) қарсы егу шараларының күнтізбелік жоспарын құрастыру. Жұмысты атқару үшін қандай құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету керек.

6 тапсырма. Кешенге, 15 наурыз күні, әрі қарай өсіруге және бордақылауға әкелінген бұзаулар партиясын, бұзаутазға, диплококтық инфекцияға (немесе лептоспирозға, пастереллезге) қарсы вакциналау шараларының күнтізбелік жоспарын құрастыру. Егу жұмыстарын атқару үшін қандай құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету керек.

Бақылау сұрақтары:

1. Төлдердің ауруларға шалдығу себептері неде?

2. Төлдердің инфекциялық аурулары кезінде дауалау және емдік шараларын жүргізу үшін, диагностикалық кешен не кіреді?

3. Төл ауруларын кешенді емдеу және арнайы иммунды дауалау тәсілдері мен жабдықтарын атаңыз.

4. Секциялық профилакторидің сызбасын түсіндіріңіз.

5. Төл ауруларын сауықтыру кешенінің негізін не құрайды?

Әдебиет:

1. Сайдулдин Т. Індеттану және жануарлардың жұқпалы аурулары. Алматы. 2009 ж.

2. В.П.Урбан Практикум по эпизоотологии и инфекционных болезней с ветеринарной санитарией М., 1987 г.

3. Альбом «Диагностика инфекционных и протозойных болезней сельскохозяйственных животных». М.: Колос. 1968

4. ҚР Ветеринариялық заңнамасы, Астана, 2005 ж., Т.-2.

5. Вакциналарды, қан сарысуларын, дәрілік препараттарды қолдану нұсқаулары, ережелері.

28-29 сабақ. Құс аурулары. Балау және күресу шаралары

Сабақтың мақсаты: 1. Індеттерді балау және ажырата балау тәсілдерін игеру. 2. Дауалау және сауықтыру шараларының жоспарын құрастыру.

Жүргізу орны: Ветеринариялық медицина кафедрасының зертханасы

Сабақтың ұзақтығы: 2 сағат.

Марек ауруы (Моrbus Marek), болезнь Марека, нейролимфоматоз – ішкі ағзаларды ісік шалып, шеткері жүйке жүйесінің қабынуымен сипатталатын тауық тұқымдас құстардың созылмалы өтетін вирустық ауруы.

Қоздырушысы – Маreks disease gammaherpessvirus герпесвирустар туыстастығына жатады, құрамында ДНҚ бар. Марек ауруы вирусының 6 түрлі антигендері (А, В, С) ажыратылады. Вирусты тауық эмбрионында, фибробласт торшаларының, тауық пен үйрек эмбриондарының бүйрек торшаларының өсіндерінде өсіруге болады.

Індеттанулық деректері. Негізінен тауық ауырады, әсіресе 2 аптаға дейінгі балапандар бейімірек келеді. Әтештерге қарағанда шібилердің, әсіресе етті тұқымдардың, бейімділігі жоғары, Басқа құстардан үйректің, күрке тауықтың, аққудың, қырғауылдың, құрдың Марек ауруына шалдығатыны туралы деректер бар. Ауру қоздырушысының бастауы – ауру және жасырын ауыратын құстар. Сау құсқа, індет аэрогендік, алиментарлық, жанасу арқылы, кейбір тоғышар жәндіктер арқылы сонымен қатар тікелей жұмыртқа арқылы да жұғады.

Ньюкасл ауруы (Morbus Newcastle), болезнь Ньюкасла, жалған оба, атиптік оба, азиялық оба, псевдоэнцефалит, Дойль ауруы, Филарет ауруы, Ранкхет ауруы, брауншвейг обасы – тауық тұкымдасына жататын кұстардың бәріне тән, тыныс алу жолдарының, ас қорыту мүшелерінің және орталық жүйке жұйесінің зақымдануымен сипатталатын, аса жұғымтал вирустық ауру.

Қоздырушысы – парамиксовирустар туыстастығына жататын РНҚ-лы вирус. Вирустың табиғи штамдарының зардаптылық қасиеттері әр түрлі болады және соған байланысты аурудың клиникалық белгілері мен таралуы да әр түрлі болады. Биологиялық ерекшеліктеріне қарай Ньюкасл ауруы қоздырушысының штамдарын үш түрге бөледі: лентогенеді, мезогенді және велогенді.

Табиғи жағдайда Ньюкасл ауруымен көптегн үй және жабайы тауық тұқымдастар ауырады. Жиірек тауық, ал сирегірек күрке тауық, қырғауыл, мысыр тауығы, бөденелер шалдығады. Бұл ауру қаз, үйрек, көгершіндерде де кездеседі.

Инфекциялық ларинготрахеит (Laringotracheitis infectiosa), инфекционный ларинготрахеит, ИЛТ – қатарлы және фибринді-геморрагиялық ринит, трахеит, коньюнктивит, тыныстың тарылуымен сипатталатын, тауық тұқымдас құстардың (тауық, күрке тауық, қырғауыл) жіті өтетін, аса жұғымтал респираторлық ауруы. Табиғи жағдайда ИЛТ тауықтардың жасы мен тұқымына қарамастан барлығы ауырады. Ең бейім келетіндері, балапандар мен 60-100 күндік жастағы жас құстар. Індет тұрақтанған сәтсіз шаруашылықтарда, 25-30 күндік балапандардың шалдығуы тіркеледі.

Құс тұмауы (Grippus avium; Influenza), грипп птиц, жоғары патогенді құс тұмауы, классикалық оба, тауықтың А тұмауы, тауықтың голландтық обасы – күйзелу, септицемия, домбығу, тыныс және ас қорыту мүшелерінің зақымдануымен сипатталатын және індеттің ағымының ауырлығы бойынша әртүрлі дәрежеде өтетін жұғымтал ауру. Ауру, өтуі бойынша екі түрде кездеседі: біріншісі – патогендігі төмен вирус типтарымен тудырған (шошқаның классикалық обасы); екіншісі – патогендігі жоғары типтарымен тудырған (жоғары патогенді құс тұмауы).

Тауықтың инфекциялық бронхиты (Bronchitis infectiosa avium), нефрозонефрит, ИБК – балапандардың тыныс мүшелерінің, мекиен тауықтардың репродуктивті ағзаларының зақымданып, жұмыртқалауының төмендеуімен және нефрозонефрит синдромымен сипатталатын аса жұғымтал ауру.

Тауықтың инфекциялық бурситы (Bursitis infectiosa gallinarum), инфекционный бурсит кур, Гамборо ауруы – жас, негізінен 2-15 апталық балапандарда байқалып, диарея, тәбетінің болмауы, иммундық депрессия, фабриций қапшығының кілегей қабығының, буындар мен ішектің қабынуымен, бұлшықет аралық геморрагиялармен сипатталатын жұғымтал ауру.

Лейкоз (Leukosis avium), гемобластоз, лейкемия, ақ қандық, гепатолимфоматоз, лимфобластоз – жетілмеген қан түзу торшаларының көбеюі арқылы білінетін, қатерлі ісіктің пайда болуымен сипатталып, созылмалы өтетін неопластикалық ауру. Ағымы бойынша төрт түрі ажыратылады: лимфоидты, миелоидты, гемоцитобластты және эритроидты.

Орнитоз (Оrnithosis), пситтакоз, құс хламидиозы (Chlamidiosis), жұқпалы пневмония, пневмотиф – негізінен жоғарғы тыныс алу жолдарының кілегей қабықтары мен конъюнктиваның зақымдануымен сипатталатын хламидиялық респираторлық ауру. Індет үй және жабайы құстармен қатар адамда және басқа да сүтқоректі жануарларда байқалады.

Қоздырушысы – Chlamydia psittaci, хламидиялар тұқымдастығына жататын коктар тәрізді микроорганизм. Орнитозбен көбіне тоты құс пен көгершін ауырады және олар ауру қоздырушысының сақтаушылары болып есептеледі. Сонымен қатар үй және жабайы кұстардың барлығы да бейім. Табиғи жағдайда, үйрек, қаз, күрке тауық, қырғауыл және тауық ауырады, бірақ көптеген құстарда індет симптомсыз, жасырын түрде өтеді.

Респираторлық микоплазмоз (Мусорlasmosis respiratoria), күрке тауықтың инфекциялық синуситі, созылмалы респираторлық ауру, инфкциялық синовит – тыныс алу мүшелерінің закымдануы, синовит, арықтау және өнімділігін жоғалтумен сипатталатын, тауық, күрке тауық, үйрек, қаз, көгершіндердің созылмалы ауруы.

Пуллороз (Pullorosis), құс сүзегі, ақ бацилярлы тышқақ, ақ диарея – тауық балапандардың ішегі мен үлпершек ағзаларының зақымдану және септицемиямен, ал ересек тауықтың аналық безі фоликуласының азғындауымен немесе симптомсыз өтуімен ерекшеленетін инфекциялық ауру.

Қоздырушысы – Salmonella pullorum gallinarum сальмонеллалар тобына жатады. Шалдыққыштық көрсеткіші – 2-60%, ал өлімге ұшырауы 80% дейін.

1 Індеттік жағдай. Асылтұқымды құс зауыты, тұқымды құс жұмыртқасын өндіріп сатады. Өнеркәсіп инфекциялық аурулар бойынша сәтті болып саналған, бірақ соңғы кездері жұмыртқаны сатып алушы шаруашылықтардан, асылтұқымдандыру мақсатында алынған жұмыртқалар мен тауықтардың арасында, пуллорозбен залалданған өнімнің (шамамен 20-30% дейін) кездесіп жатқаны туралы шағымдар түсе басатады.

Тапсырма: 1. Құс зауытын пуллороздан сауықтыру шараларының жоспарын құрастыру.

2. Тауық пуллорозы бойынша сәтсіз құс зауыты өндірген жұмыртқаларды сатып алған шаруашылықтар үшін, індетке қарсы шараларды әзірлеу.

2 Індеттік жағдай. Құс фабрикасында 1000 үйрек бар. Өнеркәсіп инфекциялық аурулар бойынша сәтті болып саналған, бірақ соңғы кездері өлімге ұшыраған үйректердің саны күрт арта бастады. Ауру үйректерде келесі клиникалық белгілер байқалды: әлсіздңк, конъюнктивит, кератоконъюнктивит, тышқақ, пневмония және кахексия. Жас үйректерде, кеңістіктегі қимылының бұзылуы және менингоэнцефалит белгілері тіркелді. барлығы 130 үйрек және 150 үйрек балапандары өлімге ұшырады.

3 Індеттік жағдай. Құс фабрикасында 3000 мекиен тауықтар бар. Өнеркәсіп инфекциялық аурулар бойынша сәтті болып саналған. Құстарды иммундеу жұмыстары жүргізілмеген. Кенеттен, құстардың жаппай қырылуына әкеліп соқтыратын және тез таралатын ауру пайда болды. Болжамды диагноз – Ньюкасл ауруы. Құс фабрикасына, инфекцияның, тұқымды жұмыртқамен енгізілгені анықталды. Індет басында инкубаторда тіркеліп, кейіннен құс қораларына жайылған.

4 Індеттік жағдай. Инфекциялық аурулар бойынша сәтті болып саналған құс фабрикасында, кенеттен, тез таралатын, 2-6 айлық мерзімдегі жас құстардың жаппай өлімге ұшырауын тудыртын ауру тіркелді. Індет, ауырған құстың қанаттары мен сирақтарының салданулары ретінде байқалды. Құс фабрикасына, қоздырушының, тұқымды жұмыртқамен енгізілгені анықталды. Індет басында инкубаторда тіркеліп, кейіннен құс қораларына жайылған.

Тапсырма: 1. Диагнозды нақтылап, індетке шалдығу дәрежесін анықтау қажет; 2. Індет бойынша сәтсіз құс қораларын сауықтыру шараларының жоспарын құрастыру; 3. Қауіп төнген аймақта орналасқан құс қораларында жүргізілетін дауалау шараларының жоспарын әзірлеу.

Бақылау сұрақтары:

1. Аурулардың жалпы сипаттамалары

2. Қоздырушлары, олардың қасиеттері және сыртқы орта факторларына тұрақтылығы

3. Індеттанулық деректері

4. Клиникалық белгілері, патологоанатомиялық өзгерістер

5. Балау тәсілдері, ажырата балау

6. Күресу шаралары

Әдебиет:

1. Сайдулдин Т. Індеттану және жануарлардың жұқпалы аурулары. Алматы. 2009 ж.

2. В.П.Урбан Практикум по эпизоотологии и инфекционных болезней с ветеринарной санитарией М., 1987 г.

3. Альбом «Диагностика инфекционных и протозойных болезней сельскохозяйственных животных». М.: Колос. 1968

4. ҚР Ветеринариялық заңнамасы, Астана, 2005 ж., Т.-2.

30 сабақ. Етқоректілер және терісі бағалы аңдардың аурулары. Балық және бал араларының аурулары. Балау және күресу шаралары

Сабақтың мақсаты: 1. Індеттерді балау және ажырата балау тәсілдерін игеру. 2. Індеттерге қарсы шаралар жоспарын құрастыру.

Жүргізу орны: Ветеринариялық медицина кафедрасының зертханасы

Сабақтың ұзақтығы: 1 сағат.

Еткоректілердің обасы (Pestis carnivorum), чума плотоядных – қызба, тыныс және ас қорыту жолдарының, көздің кілегейлі қабығының қабынуымен, терінің бөртуімен және орталық жүйке жүйесінің зақымдануымен сипатталатын аса жұғымтал ауру.

Коздырушысы - Саnine distemper morbillivirus парамиксовирустар тұкымдастығының морбилливирустар туыстастығына жатады, құрамында РНК бар. Адамның қызылшасының және сиырдың обасының вирустарымен антигендік қасиеттері жағынан ұқсас келеді.

Күзеннің Алеут ауруы (Моrbus Аleutiса lutreolarum), Алеутская болезнь норок, вирустық плазмоцитоз – плазматикалық торшалардың шектен тыс көбейіп (плазмоцитоз), иммуноглобулин мөлшерінің тым жоғарлауы, тез арада арықтау, танау мен ауыз қуысынан қан кету, шөлдеу, гломерулонефрит және гепатит белгілерімен сипатталып, созылмалы өтетін жүғымтал ауру. Қоздырушысы – парвовирустар тұқымдастығының парвовирустар туыстастығына жатады, құрамында РНҚ бар.

1 Індеттік жағдай. Бір аң өсіру шаруашылығында 200 күзен, 50 ақ түлкі және 150 қоңыр-қара түлкі өсіріледі. Олардың ішінде күзендердің 50% ауруға шалдығып, 10% өлімге ұшырады. Бұған дейін шаруашылық, инфекциялық аурулар бойынша сәтті болып саналған. Ауру аңдарда келесі клиникалық белгілер байқалды: тез арықтайды, алма-кезек ауызы мен танауынан қан ағады, клегей қабықтары бозарған, шөлдейді және кахексия. Аналықтарында іш тастау және аналық қабылеттерінен айырылу байқалады. Былтырғы жылы шаруашылыққа 50 күзен, 5 ақ түлкі және 30 түлкі әкелінген болатын.

Тапсырма: 1. Күзеннің Алеут ауруы ауруына нақтылы диагноз қою. 2. Туындаған індеттік жағдайға байланысты, індетке қарсы шаралардың жоспарын құрастыру.

Үй коянының миксоматозы (Myxomatosis cuniculorum) – көздің коньюнктивасы мен қабақтарының қабынып, бастың, сыртқы жыныс мүшелері мен анустың және дененің басқа да жерлерінің теріасты шелінің домбығуымен сипатталатып, жіті өтетін аса жұғымтал ауру. Қоздырушысы – құрамында ДНҚ бар, leporipoxvirus шешек вирустарының тұкымдастығына, Poxviridae туыстастығына жатады.

2 Індеттік жағдай. Үй қояндарын өсіретін фермада 700 үй қояны бар. Шаруашылық, инфекциялық аурулар бойынша сәтті болып саналған. Егу жұмыстары жүргізілмеген. Індет кенеттен пайда болды. Қояндар шектен тыс арықтап, ентігу және пневмония байқалған. Ересек қояндардың 30% дейіні өлімге ұшырады. Жаңа туылған көжектерде ауру жіті өтіп, жағары өлім-жітімділікпен ерекшеленіп, 80% дейіні шығынға ұшырады. Шаруашылыққа азықты, бұрын үй қояны миксоматозының індеттік тұтануы тіркелген, көрші қоян фермасынан әкелгендігі анықталды.

Аэромоноз (Sерtісаemiа hаеmorrhagica сургinоrum), қызамық (краснуха), геморрагиялық септицемия, шемен – балықтың терiсі мен ішкі мүшелерінің қанталап қабынуымен, қабыршақтарының сыдырылып, құрсақ қуысына сұйықтық жиналып, көзі шарасынан шығып, кейде тері мен еттерде уытты жаралардың пайда бодуымен сипатталатын инфекциялық ауру. Қоздырушысы – Aeromonаs punctаta қозғалғыш, қысқа келген шеттерінде жіпшелері бар, таяқша.

Жүзу жарғағының қабынуы, воспаление плавательного пузыря – тұқы балықтың жүзу жарғағының қабынуымен сипатталатын жұқпалы ауру. Қоздырушысы. Аурудың жұқпалы екендігі ешқандай күдік тудырмайды, бірақ оның қоздырушысы осы күнге дейін дәл анықталған жоқ. Ауруға әртүрлі жастағы тұқы балықтар шалдығады, олардың ішінде жиі ауыратындары екі жастағы балықтар. Сазандардың бұл індетке айтарлықтай тұрақтылығы тіркелген.

3 Індеттік жағдай. Тұқы балықтарды өсірумен айналысатын балық шаруашылығында, бір және екі жастық балықтарды аулау барысында, бүйірімен және тігімен жүзіп жүрген балықтар көптеп тіркелді. Оларда: енжарлық, құрсағының томпаюы және флюктуациясы, желбезектерінің анемиясы және денесінің кейбір жерлерінің гиперемиясы байқалды. Жарып сойған кезде келесілер анықталды:

  • жүзу жарғағы күңгірттенген, нүктелі қанталау және қабыну белгілері бар;

  • жүзу жарғағының айналасында, серозды-іріңді эксудатпен толы саңылау бар;

  • талағы ұлғайған, былжыр, шұбар;

  • бауыры былжыраған, мозайка тәріздес;

  • бүйректерінде қанқұйылулар кездеседі.

Америкалық шіріме, американский гнилец, зілді шіріме, жабық өсін шірімесі – араның баланқұрттарының есейіп, қуыршақалды сатысынан қуыршақ сатысына ауысатын кезінде әлсіреп, жаппай қырылуымен сипатталатын бал арасы ұясының жұқпалы ауруы. Қоздырушысы – Bacillus larvae.

Еуропалық шіріме, европейский гнилец, зілсіз шіріме, ашық өсін шірімесі – 4-7 күндік баланқұрттардың жаппай қырылуымен сипатталатын бал арасы ұясының жұқпалы ауруы. Қоздырушысы – Streptococcus pluton.

Қалталанған өсін (Sacculisatio contagiosa larvae), мешотчатый расплод, құрғақ шіріме, бактериалсыз шіріме – бал арасының жетілген баланқұрттарының денесі сұйыққа толы қапшыққа (қалтаға) ұқсап, өліп қалуымен сипатталатын вирустық ауру. Қоздырушысы – РНҚ геномды, систематикалық орны айқындалмаған ұсық вирус.

Аспергиллез (Aspergillosis), аспергилломикоз немесе өсіннің қатуы – баланқұртты, қуыршақты, кейде ересек араны да зақымдайтын жұқпалы, саңырауқұлақ тудыратын ауру. Қоздырушысы. Негізгі қоздырушысы – Aspergillus flavus саңырауқұлағы. Ауруды сонымен қатар басқа да аспергиллалар: Asp. umigates, Asp. niger, Asp. nidulans және т.б. қоздырады.

Аскосфероз (Ascosphaerosis), перицистоз, перицистомикоз немесе өсіннің әктенуі – жетілген баланқұрттардың өліп, кеуіп қалуымен ерекшеленетін араның жұқпалы, саңырауқұлақ тудыратын ауруы. Кепкен балапан құрттар қатайып, түсі ағарып әкке ұқсайды, содан ауру өсіннің әктенуі деп аталады. Ауру жұмысшы аралар мен аналықтарда да байқалады. Қоздырушысы – Ascosphаera apis - аскомицеттер класына жататын саңырауқұлақ.

4 Індеттік жағдай. Жаздың басында шаруа қожалығының омартасына, көрші омартаның ұры аралары, ұшып келуге әдеттеніп алды. Жауын жауғаннан кейін кәрездерді тексеру кезінде әртүрлі жастағы шұбар өсін анықталды: сау өсіндер орналасқан ұяшықтардың қасында, шіріген жағымсыз иіс шығып тұрған, өліп қалған баланқұрттары бар ұяшықтар кездесті.

Өзіндік жұмыс: Әдеби көздерін, фото және салынған суреттерді, муляждарды қолдана отыра, студент келесі тапсырмаларды орындауы тиіс:

1. Болжамды диагнозды қою

2. Зертханалық зерттеулер жоспарын құрастыру

3. Індет ошағын жою шараларын қарастыру

4. Індетке қарсы шаралар жоспарын әзірлеу.

Бақылау сұрақтары:

1. Аурулардың жалпы сипаттамалары

2. Қоздырушлары, олардың қасиеттері және сыртқы орта факторларына тұрақтылығы

3. Індеттанулық деректері

4. Клиникалық белгілері, патологоанатомиялық өзгерістер

5. Балау тәсілдері, ажырата балау

6. Дауалау және күресу шаралары

Әдебиет:

1. Сайдулдин Т. Індеттану және жануарлардың жұқпалы аурулары. Алматы. 2009 ж.

2. В.П.Урбан Практикум по эпизоотологии и инфекционных болезней с ветеринарной санитарией М., 1987 г.

3. Альбом «Диагностика инфекционных и протозойных болезней сельскохозяйственных животных». М.: Колос. 1968

4. ҚР Ветеринариялық заңнамасы, Астана, 2005 ж., Т.-2.

«Індеттану және инфекциялық аурулар» пәнінен

курстық жұмысты орындауға арналған