- •Мазмұны
- •1 Оқытушылар туралы мәлімет:
- •2 Пән туралы мәлімет:
- •Сабақ уақытын vіі семестр бойынша бөлу
- •Сабақ уақытын vііі семестр бойынша бөлу
- •3 Пререквезиттер
- •4 Постреквезиттер
- •5 Курстың қысқаша сипаттамасы:
- •6 Курстың мазмұны
- •6.1 Дәріс сабақтарының тізбесі
- •6.2 Зертханалық-тәжірибелік сабақтарының тізбесі
- •7 «Індеттану және инфекциялық аурулар» пәні бойынша сөж тапсырмаларын орындау және тапсыру кестесі
- •Сөж ұйымдастыру бойынша ұсыныстар
- •8 Әдебиеттер тізімі
- •8.1 Негізгі әдебиеттер
- •8.2 Қосымша әдебиеттер
- •9 Курстың саясаты
- •10 Білімді бағалау жөніндегі ақпарат
- •11 Бағалау саясаты
- •Пән бойынша білімді бағалау сұлбасы
- •Картасы
- •Курс глоссариі арнайы терминология
- •Дәрістер тезистері
- •Кіріспе. Пәннің мақсаты мен міндеттері. Инфекциялық аурулардың сипаттамасы
- •Қазақстан Республикасындағы індеттік жағдай
- •Иммунологиялық икемділік пен иммунитеттің індеттанулық мәні
- •Індет процесі және оның қозғаушы күштері
- •Індетке қарсы шаралар. Жалпы және арнайы шаралар
- •Дезинфекция, дезинсекция, дератизация
- •Жекеше індеттану
- •Топалаң
- •Туберкулез
- •Бруцеллез
- •Құтырық және ауески ауруы
- •Лептоспироз, листериоз, некробактериоз
- •Пастерелез. Микоздар және микотоксикоздар. Шешек
- •Туляремия, сіреспе, ботулизм
- •Қарасан, паратуберкулез, кампилобактериоз
- •Оба, ала өкпе, лейкоз
- •Вирустық диарея, инфекциялық ринотрахеит
- •Қой және ешкі аурулары
- •Инфекциялық энцефаломиелит және инфекциялық анемия
- •Індеттік лимфангит, ринопневмония, тұмау
- •Шошқаның кәдімгі және африкандық обасы. Шошқа тілмесі
- •Шошқаның дезентериясы, вирусты гастроэнтериті, жұқпалы сему риниті
- •Төл аурулары
- •Құс аурулары
- •Балықтардың және бал араларының аурулары
- •Зертханалық-тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Патологиялық материалға жолдама құжаты
- •2 Тапсырма.
- •3 Тапсырма.
- •Жануарлар сальмонеллезінің қоздырушылары
- •Сальмонеллалардың індеттанулық сипаттамалары
- •Әдістемелік нұсқауы
- •Курстық жұмыстың алдын-ала ұсынылған тақырыптары
- •Курстық жұмыстың құрылымы
- •Студенттердің өзіндік жұмысына араналған материалдар Мазмұны
- •Қысқаша әдістемелік нұсқау
- •Күнделік пен есепті толтыру тәртібі
- •Індеттану және инфекциялық аурулар
- •Білімді бақылау материалдары Емтихан сұрақтарының тізімі
- •Авторлары: Муханбеткалиев е.Е., Ибрагимов р.М., Щурихин б.Г.
2 Тапсырма.
Тигізетін әсеріне қарай инсектицидтер қандай түрлерге бөлінеді?
Дезинсектант
2. Жиі қолданылатын инсектицидтер мен концентрациясын атаңыз:
3. 1 кестеде көрсетілген мал қораның өлшемдеріне сүйене, төмендегі формула бойынша көлемін (V) есептеңіз:
V = (Ұз. х Ені х Биік);
Мұндағы: V – қораның көлемі; Ұз. – қора ұзындығы; Ені – қораның ені; Биік – қораның биіктігі.
3 кесте – Инсектицидтердің қораның аумағы мен көлеміне қарай жұмсалуы
Инсектицид түрі |
Ерітінді концентрациясы |
Жұмсалуы (мл) |
|
м3 |
м2 |
||
ДДВФ |
0,02 – 0,2 |
100 - 200 |
5 - 30 |
Тролен |
0,5 – 1,0 |
100 - 200 |
20 - 35 |
Дибром |
0,5 – 2,5 |
100 |
20 - 50 |
ТХМ-3 |
0,1 – 1,0 |
100 - 200 |
20 - 30 |
Байтекс |
0,2 – 1,0 |
200 - 300 |
5 - 20 |
Фосфамид |
0,25 – 0,5 |
200 - 300 |
10 -20 |
Фталофос |
0,25 – 2,0 |
200 - 300 |
30 - 35 |
Севин |
0,5 |
100 - 200 |
30 - 50 |
Пиретрин |
0,1 |
300 - 500 |
50 - 100 |
Бутокс |
0,25 |
150 - 250 |
50 - 70 |
4. Инсектицид түрі мен жұмсалу мөлшеріне сүйеніп қажетті ерітіндінің мөлшерін есепте.
5. 4 кестенің мәлметтеріне сүйене отырып, ратицидтердің қолдану мөлшерін ескере алдамшы азықтың құрамын есептеп, рецепт түрінде жазыңыз.
3 кесте – Инсектицидтердің қораның аумағы мен көлеміне қарай жұмсалуы
-
Ратицидтер түрі
Нұсқалар (егеуқұйрықтардың саны көрсетілген)
Цинк фосфиды
150
77
160
220
85
98
47
Зоокумарин
200
150
70
140
137
84
63
Ратиндан
55
150
147
53
145
49
81
Амус
63
170
164
41
107
23
109
Барий фторацетаты
87
252
207
35
48
29
117
Кримидин
99
200
24
29
71
111
43
3 Тапсырма.
Дератизация түрлерін атаңыз:
Дератизация
Ратицидтердің екі тобын атаңыз және олардың айырмашылығын көрсетіңіз:
Уландырылған алдамшы азықтың құрамын атап, олардың үлестік қатынасын көрсетіңіз (рецепт түрінде).
Бақылау сұрақтары:
Сыртқы орта нысандарын зарарсыздандырудың физикалық тәсілдері.
Дезинфекцияның биологиялық тәсілі.
Дезинфекцияның сапасын бақылау.
Дезинфекциялау жұмыстарын механикаландыру.
Дератизациялау препараттары, олардың классификациясы және әсер ету механизмы.
Дератизациялау тиімділігін анықтау.
Әдебиет: 1. Сайдулдин Т. Індеттану және жануарлардың жұқпалы аурулары. Алматы. 2009 ж.
2. В.П.Урбан Практикум по эпизоотологии и инфекционных болезней с ветеринарной санитарией М., 1987 г.
3. ҚР Ветеринариялық Заңдылығы, ІІ том, Астана, 2005.
№9 сабақ. Топалаң, балау және күресу шаралары
Сабақтың мақсаты: 1. Әртүрлі жануарлар түлігінде топалаңды кешенді балау амалдарын игеру. 2. Топалаң кезінде індетке қарсы шаралардың жоспарын әзірлеу.
Жүргізу орны: Ветеринариялық медицина кафедрасының зертханасы
Сабақтың ұзақтығы: 1 сағат.
Топалаң – жіті түрде өтететін зооантропоноздық, сонымен қатар, септицемия /өлі тиіп/, ауыр түрдегі интоксикация құбылыстарымен және көршиқандардың пайда болуымен сипалатын инфекциялық ауру. Індет көптеген жерде кездесіп, спорадия түрінде өтіп стационарлығымен ерекшеленеді.
ТАПСЫРМА:
Сабақ барысында студенттер топалаңға қатысты нұсқаулармен басқа да заңдық құжаттамалармен танысады.
Тірі және өлі кезіндегі топалаңды балау әдістерін игеру.
Індеттік жағдаймен танысу.
Індетке қарсы шаралардың жоспарын құрастыру.
Топалаң бойынша қолайсыз пункттың індеттік жағдайымен танысқаннан кейін студент шешім қабылдайды. Сонымен қатар тірі кезінде диагноз қоюға мүмкіндік беретін белгілерге назар аударылады.
Аурудың ажырата балаулық белгілерінің кестесі құрылады.
Студент, топалаңның індет ошағын, індеттанулық зерттеу нәтижелерін талқылайды. Індеттің тұтану себептерін анықтайды: инфекция қоздырушысының көзі және індеттің таралу жолдары. Індет ощағы мен қауіп төнген аймақтың шекараларын және инфекцияның әрі қарай таралу мүмкіндігін анықтайды.
Індеттанулық тексеру мәлметтерінің негізінде індетке қарсы шаралардың жоспары құрастырылады.
Бақылау сұрақтары:
1. Аурудың сипаттамасы
2. Қоздырушы, оның қасиеттері және сыртқы орта факторларына тұрақтылығы
3. Індеттанулық деректер
4. Клиникалық белгілері, патологоанатомиялық өзгерістер
5. Балау тәсілдері
6. Топалаңды алдын алу және онымен күрес шаралары
Әдебиет:
1. Сайдулдин Т. Індеттану және жануарлардың жұқпалы аурулары. Алматы. 2009 ж.
2. В.П.Урбан Практикум по эпизоотологии и инфекционных болезней с ветеринарной санитарией М., 1987 г.
3. Абдрахманов Т.Ж., Свидер П.М. Мероприятия по диагностике, профилактике и ликвидации сибирской язвы на животноводческих фермах и комплексах. Методические указания. Целиноград. 1988.
4. Қасымов Е.И. Індеттану. Оқу құралы. Алматы, 1992
5. ҚР Ветеринариялық заңнамасы, Астана, 2005 ж., Т.-2.
№10 сабақ. Туберкулез, балау және күресу шаралары
Сабақтың мақсаты: 1. Топалаңды балау тәсілдерін игеру. 2. Туберкулез кезінде індет ошағын жою шаралардың жоспарын құрастыру.
Жүргізу орны: Ветеринариялық медицина кафедрасының зертханасы
Сабақтың ұзақтығы: 1 сағат.
ТАПСЫРМА:
Сабақ барысында студенттер туберкулезге қатысты нұсқаулармен басқа да заңдық құжаттамалармен танысады.
Тірі және өлі кезіндегі топалаңды балау әдістерін оқып білу.
Індеттік жағдаймен танысу.
Індетке қарсы шаралардың жоспарын құрастыру.
Бақылау сұрақтары:
1. Аурудың анықтамасы, індеттанулық деректер, балау тәсілдері
2. Туберкулезді алдын алу және індет ошағын жою шаралары
Әдебиет:
1. Сайдулдин Т. Індеттану және жануарлардың жұқпалы аурулары. Алматы. 2009 ж.
2. В.П.Урбан Практикум по эпизоотологии и инфекционных болезней с ветеринарной санитарией М., 1987 г.
3. Ибрагимов Р.М. Аллергическая диагностика инфекционных и инвазионных заболеваний сельскохозяйственных животных. Методические указания. Целиноград. 1985.
4. Қасымов Е.И. Індеттану. Оқу құралы. Алматы, 1992
5. ҚР Ветеринариялық заңнамасы, Астана, 2005 ж., Т.-2.
№11 сабақ. Аусыл және бруцеллез. Балау және күресу шаралары
Сабақтың мақсаты: 1. Ауруларды балау тәсілдерін игеру. 2. Індет ошағын жою шаралардың жоспарын құрастыру.
Жүргізу орны: Ветеринариялық медицина кафедрасының зертханасы
Сабақтың ұзақтығы: 1 сағат.
Аусыл - әдетте жұп тұяқтыларда жиі ретте жіті өтетін, шектен тыс жұқпалығымен сипатталатын індет. Індетті вирус тудырып, ауыз қуысында, танаудың кілегей қабығында, тұяқ ашасында және малдың желінінде күлдіреуіктердің (афтоздық – суға толы көпіршіктердің) пайда болуымен байқалады.
Қоздырғыштың ерекшелігі оның плюралитетінде, яғни түрінің көптігінде. Қазіргі уақытта дүниежүзінде аусыл вирусының жеті типі: А,О,С,Сат-1,2,3, Азия 1, ал вариантарының саны 72-ге жетіп отыр. Сонымен қатар оның сыртқы ортаға тұрақтылығын, індеттің пайда болып таралуына адамның шаруашылық тіршілігінің әсерін және әр түлік жануарларда аурудың клиникалық байқалуының өзгешелігін ескеру керек.
Індеттік жағдай: Бір шаруашылықта 300 бас ІҚМ бар, олардың ішінде: 100 сиыр, 50 құнажын, 50 қашар, 40 бас бордақылау тобындағы бұқашықтар және 60 бас 1 жасқа дейінгі торпақтар. Сиырлар мен қашарлар арасында келесі клиникалық белгілері бар ауру малдар анықталды: сүт өнімінің төмендеуі, ақсауы, дене қызуының жоғарлауы, тұяқ ашасында, еріндерінде, желінде күлдіреуіктердің, ұсақ эрозиялардың және ойық жаралардың пайда болуы. Бұрын жануарлар аусылға қарсы егілмеген болатын. Індеттанулық тексеру жүргізу барысында, шаруашылықта ветеринариялық-санитариялық талаптардың (дезкедергілер жоқ, ферма аумағы зоналарға бөлінбеген және т.б.) орындалмайтындығы анықталды. Алдын ала қойылған диагноз – аусыл.
Студенттер келесі мәселелерді шешеді:
1. Ажырата және ақтық балау жүргізу (ол үшін қандай шаралар жүргізу керек).
2. Індет ошағын жою шараларының жоспарын құрастыру және қауіп төнген аймақтағы дауалау шаралары.
Бруцеллез (Brucellosis, мальта қызбасы) – созылмалы өтетін, іш тастау, шуы түспеу, эндометрит, орхит, эпидидимит және жануарлардың жыныстық қабілетінің бұзылуы, арқылы ерекшеленетін инфекциялық ауру. Бруцеллезді әр түрлі түлікте Brucella туыстығына жататын 6 түрге бөлінетін микробтар қоздырады және олардың үшеуінде бірнеше биоварлары бар.
Бруцелла түрі |
Биоварлар саны |
Бейім жануарлар |
В. abortus |
9 |
Ірі қара мал, қодас, буйвол, бұғы, марал, түйе, жылқы |
В. melitensis |
3 |
Қой және ешкі |
В. suis |
4 |
Шошқа, қоян, солтүстік бұғысы |
В. neotomae |
|
Шөлейттегі егеуқұйрық |
В. оvis |
|
Қошқарлар (инфекциялық эпидидимит) |
В. canis |
|
Иттер |
Індетке қарсы шараларды ұйымдастыру кезінде індет ошағының ортасында инфекцияның таралу жолдарын және жануарлардың бұл індетке жастық бейімділігін ескеру қажет. 19 және 82 штамды вакциналардың маңызы және олардың артықшылықтары мен кемшіліктері.
Студенттер індеттік жағдайды бағалап, шешім қабылдаулары керек.
Індеттік жағдай: Сүт фермасында 200 бас ірі қара мал бағылып күтіледі, олардың ішінде: 50 сауынды, 30 суалған, 3 күйіттеуші бұқа, 20 қашар, 4 айға дейінгі 20 бұзау, 4 айдан асқан 30 бұзау және 50 бас құнажын. Диагностикалық зерттеулер кезінде 3 сауын сиыры бруцеллезге оң нәтиже көрсетті, олардың ішәнде екеуі АР 1:400 титрінде, ал бір бастың сынамасы КБР 1:5-1:10 титрінде болды. Жануарлар жас кездерінде екі мәрте егілген болатын және бұрын соңды ферма бруцеллез бойыгша сәтті болып саналған.
Тапсырма:
1. Ақтық диагноз қою
2. Індетке қарсы шаралардың жоспарын құрастыру.
Бақылау сұрақтары:
1. Аурудың сипаттамасы
2. Қоздырушы, оның қасиеттері және сыртқы орта факторларына тұрақтылығы
3. Клиникалық белгілері, патологоанатомиялық өзгерістер
4. Балау тәсілдері, ажырата балау
5. Індетке қарсы шаралар
Әдебиет:
1. Сайдулдин Т. Індеттану және жануарлардың жұқпалы аурулары. Алматы. 2009 ж.
2. В.П.Урбан Практикум по эпизоотологии и инфекционных болезней с ветеринарной санитарией М., 1987 г.
3. Альбом «Диагностика инфекционных и протозойных болезней сельскохозяйственных животных». М.: Колос. 1968
4. Қасымов Е.И. Індеттану. Оқу құралы. Алматы, 1992
5. ҚР Ветеринариялық заңнамасы, Астана, 2005 ж., Т.-2.
№12 сабақ. Құтырық және Ауески ауруы. Балау және күресу шаралары
Сабақтың мақсаты: 1. Індеттерді ажырата балау тәсілдерін игеру.
2. Алдын алу шараларының жоспарын әзірлеу.
Жүргізу орны: Ветеринариялық медицина кафедрасының зертханасы
Сабақтың ұзақтығы: 1 сағат.
Құтырық (Rabies) – орталық жүйке жүйесін зақымдап, шашырынды полиэнцефаломиелит арқылы ерекшеленетін, жіті өтетін жұқпалы ауру.
Ауески ауруы (Моrbus Аujtеszку) немесе жалған құтыру – жіті өтетін, өкпе қабынуы, орталық жүйке жүйесінің зақымдануы, шошқа, күзен және бұлғыннан басқа жануарларда денесінің қышыну белгілерімен ерекшеленетін инфекциялық ауру.
Бұл вироздар табиғи ошақтық феноменіне ие.
Індеттік жағдай. Қыс мезгілінде фермаға қасқыр шабуылдап бірнеше бұзауларды тістеген. Бір айдан кейін бұзауларда шамадан тыс сілекей бөлініп, жұтқыншақтың, сирақтарының салдануы байқалды. Бір бұзау диагностикалық мақсатта сойылды.
Тапсырма. Болжамды диагноз қойып, диагностикалық зерттеулер кестесін құрастыру, індетке қарсы шаралардың жоспары құрастыру.
Студенттер тиісті нұсқауларды оқып, клиникалық ауру жануарлар анықталған кездегі індетке қарсы шаралардың жоспары құрастырады. Әртүрлі фирмалар әзірлеген биопрепараттармен танысады.
Биопрепараттар: құрғақ антирабикалық фенол вакцина, АЗВИ антирабикалық вакцинасы, құтырыққа қарсы инактивтендірілген вирус-фикс вакцина (ГНКИ), құтырыққа қарсы құрғақ, өсінді инактивтендірілген вакцина (Пастер штамы); Ауески ауруына қарсы құрғақ, өсінді инактивтендірілген вирус вакцина ВГНКИ.
Бақылау сұрақтары:
1. Балау тәртібі мен тәсілдері
2. Екі індетті де ажырата балау
3. Нұсқауларға сәйкес биопрепараттарды қолдану
Әдебиет:
1. Сайдулдин Т. Індеттану және жануарлардың жұқпалы аурулары. Алматы. 2009 ж.
2. В.П.Урбан Практикум по эпизоотологии и инфекционных болезней с ветеринарной санитарией М., 1987 г.
3. Альбом «Диагностика инфекционных и протозойных болезней сельскохозяйственных животных». М.: Колос. 1968
4. Қасымов Е.И. Індеттану. Оқу құралы. Алматы, 1992
5. ҚР Ветеринариялық заңнамасы, Астана, 2005 ж., Т.-2.
№13 сабақ. Лептоспироз, листериоз және некробактериоз. Балау және күресу шаралары
Сабақтың мақсаты: 1. Індеттерді балау және ажырата балау тәсілдерін игеру. 2. Індет ошағын жою шараларының жоспарын құрастыру.
Жүргізу орны: Ветеринариялық медицина кафедрасының зертханасы
Сабақтың ұзақтығы: 1 сағат.
Лептоспироз (Leptospirosis; Вейля ауруы, собак сүзегі) –қысқа мерзімне дене қызуының көтерілуі, несепте қан байқалып, терінің сарғайып, өліеттенуі, ішек-қарынның қимылы нашарлап, буаз малдың іш тастауы, төлді шалажансар тууы арқылы ерекшеленетін, көптеген жануарлар мен адамның табиғи ошақты, инфекциялық ауруы.
Ауру қоздырушысы Spirochetalis қатарының Leptospiraceae тұқымдастығы Leptospira туыстастығына жатады (lepto – нәзік, spira – иір). Қазіргі таңда патогенді лептоспиралардың 230 сероварианттары ажыратылып, олар антигендік туыстылығына сәйкес 23 серологиялық топтарға біріктірілген.
Листериоз (Listeriosis)– орталық жүйке жүйесі, жыныс мүшелері, желін зақымданып, өлітию ретінде немесе сиптомсыз тасымалдаушы формасында өтетін жануарлар мен адамның инфекциялық ауруы. Қоздырушысы – Listeria monocytohenes – жануарлар мен адам үшін негізгі патогендік түрі болып саналады және сиыр, саулық, ешкілерде іш тастаулар тудырып адамды да зақымдауға қабылетті.
Некробактериоз (Necrobacteriosis; Necrobacillosis; сарып, некробациллез) – негізінен сирақтың бақайы, кей жағдайда ауыз, желін, жыныс мүшелері, өкпе, бауыр, бұлшық еттер мен басқа да мүшелер мен ағзалардың іріңдеуі және өліеттенуі арқылы ерекшеленетін көптеген жануарлар түрі мен адамның инфекциялық ауруы.
Қоздырушысы – Fusobacterіum necrophorum –ауа сыбағасыз, теріс грамды, қозғалмайтын, спора түзбейтін, қауашақсыз, өте полиморфты микроб.
1 Індеттік жағдай: 200 бас ірі қара малдан тұратын табында, жаылым жағдайында сауын сиырларының ішінен 3 бас сиыр ауруға шалдықты. Клиникалық белгілері: күйзелу, тәбетінің нашарлауы, сүт түсінің сарғайуы, желін үрпісінде күлдіреуіктер, конъюнктиваның және басқа да көзге көрінетін кілегей қабықтардың сарғайюы, несептің қызғыл-қоңыр түске енуі. Ағымды жылы вакциналау жұмыстары жүргізілмеген.
Болжамды диагноз – лептоспироз.
Міндеттер: 1. Болжамды диагнозды дәлелдеу; 2. Сауықтыру шараларының жоспарын құрастыру.
2 Індеттік жағдай: Қой шаруашылығының саулықтар отарында ауру жануарлар мен олардың өлімі ұшырау оқиғалары тіркелді. Індеттанулық тексеру кезінде, буаз саулықтарды пішенмен азықтандырғандығы анықталды. Клиникалық белгілері: мал денесін дұрыс меңгере алмай, қозғалғанда тәлтіректеп, бір орында айнала береді, басын артқа шалқайтады. Жарып сою кезінде паренхиматозды ағзаларда көзге көрінетін патологиялық өзгерістер байқалған жоқ. Болжамды диагноз – листериоз.
Міндеттер: 1. Ақтық диагнозды қою; 2. Аурудың пайда болу себептерін анықтау; 3. Инфекция ошағын жою шараларының жоспарын құрастыру.
Қойылған міндеттерді шешу кезінде инфекцияның туындауына себепкер болған факторларды ескеріп, сонымен қатар бұл жағдайда дала тышқандары арқылы ластанылатын пішен мен пішендеменің маңызын естен шығармау қажет. Жиі жағдайда ауру, организмде йодтың жетіспеуінде, әсіресе саулықтардың арасында байқалады. Диагнозды қою кезінде қоздырушыны идентификациялау тестілеріне және листериозды зілді қатаралды қызбадан, бруцеллезден, кампилобактериоздан, трихомоноздан, Ауески ауруынан, ценуроздан, құтырықтан және домбығу ауруынан ажыратуға назар аударыңыздар.
3 Індеттік жағдай: Сауын сиырлары арасында малдардың ақсауы, тұяқаралық саңылаудың қабынуы және кейбіреулерінде флегмоналар байқалды. Індеттанулық тексеру жүргізу барысында жануарлар тұратын қоралардың ылғалдылығы жоғары және қораны желдету жүргізілмейтіндігі анықталды. Болжамды диагноз – некробактериоз.
Міндеттер: 1. Ақтық диагнозды қою; 2. Инфекция ошағын жою шараларының жоспарын құрастыру.
Бақылау сұрақтары:
1. Аурудың сипаттамасы
2. Қоздырушы, оның қасиеттері және сыртқы орта факторларына тұрақтылығы
3. Індеттанулық деректер
4. Клиникалық белгілері, патологоанатомиялық өзгерістер
5. Балау тәсілдері
6. Дауалау және күресу шаралары
Әдебиет:
1. Сайдулдин Т. Індеттану және жануарлардың жұқпалы аурулары. Алматы. 2009 ж.
2. В.П.Урбан Практикум по эпизоотологии и инфекционных болезней с ветеринарной санитарией М., 1987 г.
3. Альбом «Диагностика инфекционных и протозойных болезней сельскохозяйственных животных». М.: Колос. 1968
4. Қасымов Е.И. Індеттану. Оқу құралы. Алматы, 1992
5. ҚР Ветеринариялық заңнамасы, Астана, 2005 ж., Т.-2.
№14 сабақ. Микоздар және микотоксикоздар, пастереллез. Балау және күресу шаралары
Сабақтың мақсаты: 1. Індеттерді балау және ажырата балау тәсілдерін игеру. 2. Індет ошағын жою шараларының жоспарын құрастыру.
Жүргізу орны: Ветеринариялық медицина кафедрасының зертханасы
Сабақтың ұзақтығы: 1 сағат.
Трихофития (Trichophytia), бұзаутаз – терінің суланып қабынуы нәтижесінде орны шектеулі, беті қабыршақтанып зақымданған ошақтардың пайда болуымен ерекшеленетін жұқпалы ауру. Қоздырушысы - жетілмеген саңырауқұлақтар Fungy imferfecti тобына жататын Trichophyton туыстастығының өкілдері. Ашатұяқтыларда аурудың негізгі қоздырушысы Тrісhорhуtоn verrucosum, жылқыда - Тr.eguinum, түйеде - Тr.sarcisovi, терісі бағалы аңдарда, қоян, теңіз тышқаны және басқа кемірушілерде Тr.mentagrophytes.
Микроспория (Мicrosporosis) - терінің қабынып, экссудат бөлініп, беті қабыршақтанып ошақтануы арқылы ерекшеленетін жұқпалы ауру. Қоздырушысы - Microsporum туыстастығына жататын саңырауқұлақтар. М. canis – иттерде, мысықтарда, тышқандарда, егеуқұйырықтарда, жолбарыстарда, маймылдарда аурудың негзгі қоздырушысы және сирек жағдайда үй қояндары мен шошқаларда ауру тудырады; М. equinum – жылқыларда; М. gypseum жоғарыда аталған барлық жануарлардан бөлініп алынған; М. nanum – шошқаларда. Сонымен қатар басқа да патогендік түрлері белгілі.
Микотоксикоздар атауымен белгілі ерекше ауруларды тудыратын токсигендік саңырауқұлақтарға, метаболиттері, әртүрлі организмдерде токсикоз тудыруға қабылетті микромицеттер жатады. Қазіргі таңда токсикалық заттар түзетін саңырауқұлақтардың 150 астам түрі белгілі және олар табиғатта кеңінен таралған. Микотоксиндердің жанжақты химиялық және биологиялық әсерімен ерекшеленеді. Олар жоғарғы деңгейдегі токсигендікке ие, ал көптеген түрлерінің мутагендік, тератогендік және канцерогендік қасиеттері бар, сонымен қатар жиі жағдайда иммунды депрессивті әсері де байқалады.
Жануарлардың микотоксиндерге сезімталдылығы, олардың биохимиялық құрылымына байланысты. Ең сезімтал болып саналатын құстар, жылқы, шошқа содан кейін барып ірі және ұсақ қара малдар. Жануарлардың физиологиялық жағдайы да токсиндерге деген сезімталдылыққа әсерін тигізеді.
Өзіндік жұмыс:
Дерматомикоздарды бір бірінен және басқа да ұқсас аурулардан (трихофития, мкроспория, фавус, псороптоз) ажырата балау кестесін құрастыру (қоздырушысы, клиникалық белгілері, зертханалық балау тәсілдері).
Пастереллез (Pasturellosis) (немесе геморрагиялық септицемия) жіті өткенде өлітиюдің белгілерімен, ал жітілеу және созылмалы кезінде негізінен өкпенің қабынуымен ерекшеленетін сүтқоректілер мен құстардың көптеген түрлері ұшырайтын инфекциялық ауру. Қоздырушысы – Pasteurella multocida – морфологиялық жағынан жануарлар мен құстардың пастереллездерінің бір-бірінен айырмашылығы жоқ, грамтеріс, қозғалмайтын, спора түзбейтін, жеке-жеке, кейде жұпталып, сирегірек қысқа тізбек түрінде орналасатын бактерия.
1Індеттік жағдай: Шілде айында жайылымдағы 250 сиырдың ішінен кенеттен 2 бас мал ауруға шалдықты, олардың біреуі өліп, екіншісі лажсыз сойылды. Екі жануардың да өлекселерін жарып сою кезінде геморрагиялық септицемия, жалқаяқты инфильтраттар және крупозды пневмония байқалды. Індеттанулық тексеру кезінде, шаруашылыққа, індеттің тұтануынан 10 күн бұрын, пастереллез тіркелген шаруашылықтан (6 ай бұрын) 50 бас ірі қара мал ауыстырылғаны анықталды.
2 Індеттік жағдай: 300 бастан тұратын шошқа фермасында тез жайылып жатқан індет тіркелді. Жануарларда жоғарғы температура байқалып, індеттің ағымы ауыр және жіті түрде өтті. Көптеген шошқалардың жақ асты аумағында домбығулар пайда болды. Өлер алдында ауру жануарлардың құлақтары, ал кейіннен құрсақ терісі көгерді. Өлекселерді жарып сою кезінде геморрагиялық диатез, тері асты шелінде және субсурлу ұлпаларда домбығулар, қарынның кілегей қабығынығ қабынулары байқалды.
Міндеттер: 1. Пастереллезге ақтық диагнозды негіздеу. 2. Шаруашылықты пастереллезден сауықтыруға бағытталған шаралардың жоспарын құрастыру.
Бақылау сұрақтары:
1. Тіркелген микоздардың қайсысы бізде кездеседі?
2. Әр түлік жануарлардың түрі мен жасына байланысты, дерматомикоздардың ағымы мен клиникалық байқалуына сипаттама беріңіз.
3. Дерматомикоздар кезінде қандай вакциналар қолданылады және олардың дауалаулық қасиетімен бірге емдік қасиеті немен түсіндіріледі?
4. Микотоксикоздардың микоздардан айырмашылығы неде?
5. Пастереллездің әр түрлі жануарларда байқалу ерекшеліктері.
Әдебиет:
1. Сайдулдин Т. Індеттану және жануарлардың жұқпалы аурулары. Алматы. 2009 ж.
2. В.П.Урбан Практикум по эпизоотологии и инфекционных болезней с ветеринарной санитарией М., 1987 г.
3. Альбом «Диагностика инфекционных и протозойных болезней сельскохозяйственных животных». М.: Колос. 1968
4. Қасымов Е.И. Індеттану. Оқу құралы. Алматы, 1992
5. ҚР Ветеринариялық заңнамасы, Астана, 2005 ж., Т.-2.
№15 сабақ. Шешек, туляремия, сіреспе, ботулизм. Балау және күресу шаралары
Сабақтың мақсаты: 1. Індеттерді балау, дауалау және емдеу тәсілдерін игеру. 2. Індет ошағын жою шараларының жоспарын құрастыру және сауықытру барсында қажетті іс құжаттарды толтыруды үрену.
Жүргізу орны: Ветеринариялық медицина кафедрасының зертханасы
Сабақтың ұзақтығы: 1 сағат.
Шешек және шешектәріздес аурулар адамзатқа көне заманнан бері белгілі. Бүгінгі күнде, поксвирустар (Poxviridae, лат. рос, росс – пустула, күлдіреуік жара) тұқымдастығының вирустары тудыратын, адамның, жануаралардың және жәндіктердің 100 астам инфекциялық аурулары белгілі. Індеттанулық және экономикалық маңыздылығы жоғары болып саналатын аурулардың қатарына: ІҚМ обасы, қой мен ешкі обасы, қой мен ешкінің контагиозды пустулезді дерматиті және үй қоянының миксоматозы жатады.
Шешек (Variola, оспа) – дененің ыстығы көтеріліп, интоксикация және тері мен кілегейлі қабықтарда күлдіреген бөрткендер пайда болуымен ерекшеленетін жұғымтал ауру. Шешек вирустары Poxviridae (ағылшынша pox-шешек) тұқымдастығының Chordopoxvirinae тұқым тармағына жатады. Бұл вирустар 6 туыстастыққа бөлінеді. Олар: ортопоксвирустар, парапоксвирустар, авипоксвирустар, каприпоксвирустар, лепорипоксвирустар және суипоксвирустар. Бұлардың әрқайсысының негізгі және басқада түрлері бар.
Туляремия (Tularaemia) – талмауратып, қанталап, ыстығы көтеріліп, іші өтіп, арықтап, сөл түйіндері жаппай қабынып, жүйке жүйесі зақымдануымен сипатталатын, көптеген сүтқоректі жануарлардың, құстардың және адамның табиғи ошақты, трансмиссивті, инфекциялық ауруы. Қоздырушысы – francisella tularensis үш түр тармағынан тұрады: америкалық, евразиялық және орта азиялық. Аса полиморфты, ұсақ коктар тәріздес, нәзік қауашақпен қоршалған бактериялар. Қозғалмайды, спора түзбейді, анилин бояуларымен жақсы боялады.
Сіреспе (Tetanus, столбняк) – жіті өтетін рефлекстік қозуы артып, бұлшық еттерінің сіресіп, тартылуымен ерекшеленетін, сүтқоректі жануарлардың, құстардың және адамның жіті өтетін жұғымтал емес инфекциялық ауруы. Қоздырушысы – clostridium tetani – жіңішке, ұзынша таяқша, жылжымалы, қауашық түзбейді, түбегейлі ауасыбағасыз микроб. Өсіндіде 2-3 тәулік өткен соң микроб клеткасының бір жақ шетіне таман орналасқан, домалақ, диаметрі микробтың өзінен гөрі жуан, спора түзеді, сондықтан оның жалпы пішіні барабан таяқшасына ұқсас болады.
Ботулизм (Botulismus) – жіті өтетін, орталық жүйке жүйесінің ауыр зақымдануы, жұтқыншақтың, тілдің, төменгі жақтың және борша еттердің салдануы арқылы ерекшеленетін, азықтық токсико-инфекциялық ауру. Қоздырушысы – Сlostridiun botulinum – грам оң, токсин және спора түзетін, қозғалмалы анаэроб, тұрқы таяқша тәріздес /4-9 х 0,5-1,2 мкм/. өзіне қолайсыз жағдайда, қоректік заттар аз болғанда рН 6-дан жоғары, жағымсыз температура жағдайда, қоректік ортада, суда, топырақта, басқа да ортада, бір жақ ұшына қарай орналасқан ірі, сопақша келген спора түзеді. Спорасы бар таяқша тенис ракеткасына ұқсас келеді.
1 Індеттік жағдай: Күз мезгілінде, шошқа фермасындағы қора ауасы ылғалдылығының жоғарлауына байланысты, еметін торайлар арасында, терілерінде ерекше бөртпелердің және қабыршықтардың (крусталар) пайда болуымен сипатталатын ауру байқалды. Індет тез жайылып, зерттелген шошқалардың денесінде биттер анықталды.
Тапсырма: 1) Диагноз қою; 2) Шешекке шалдыққан торайларды емдеуді ұйымдастыру; 3) Басқа шошқа қораларын, шешек қоздырушысының енуінен қорғауға бағытталған шараларды әзірлеу.
2 Індеттік жағдай: Көктемде қойлар жайылымға шыққанан кейін, қозылардың арасында ауру байқалып, індетке шалдығу деңгейі 50% дейін жетті. Ауырған жануарларда келесі клиникалық белгілер байқалды: күйзелу, тынысы мен тамыр соғуының жиілеу, дене қызуының 41°С дейін көтерілуі, кілегей қабықтарының бозаруы, мойын тұсының және жауырын алдынғы лимфа түйіндерінің ұлғаюы. Тоқтаусыз іш өтіп, сирақтарының салдануы байқалды. Ауырған қозылардың өлімге ұшырауы 30% дейін. Қозы өлекселерін жарып сою кезінде тері асты шелінде қан құйылулар, өлеттену ошақтары, лимфа түйіндерінің геморрагиялық қабынуы, бауырдың ұлғаюы, ошақтық пневмония байқалды.
Тапсырма: 1) Дереу диагноз қою қатысты шаралар жүргізу; 2) Қалған жануарларды аурудан және өлімге ұшыраудан қорғауға, сонымен қатар індетті жоюға бағытталған шаралардың жоспарын құрастыру.
Бақылау сұрақтары:
1. Аурудың сипаттамасы
2. Қоздырушы, оның қасиеттері және сыртқы орта факторларына тұрақтылығы
3. Індеттанулық деректер
4. Клиникалық белгілері, патологоанатомиялық өзгерістер
5. Балау тәсілдері, ажырата балау
6. Індетке қарсы шаралар
Әдебиет:
1. Сайдулдин Т. Індеттану және жануарлардың жұқпалы аурулары. Алматы. 2009 ж.
2. В.П.Урбан Практикум по эпизоотологии и инфекционных болезней с ветеринарной санитарией М., 1987 г.
3. Альбом «Диагностика инфекционных и протозойных болезней сельскохозяйственных животных». М.: Колос. 1968
4. Қасымов Е.И. Індеттану. Оқу құралы. Алматы, 1992
5. ҚР Ветеринариялық заңнамасы, Астана, 2005 ж., Т.-2.
№16 сабақ. Ірі қара малдың қарасаны және паратуберкулезі. Балау және күресу шаралары
Сабақтың мақсаты: 1. Қарасанды және паратуберкулезді балау және ажырата балау тәсілдерін игеру. 2. Індет ошағын жою шараларының жоспарын құрастыру.
Жүргізу орны: Ветеринариялық медицина кафедрасының зертханасы
Сабақтың ұзақтығы: 1 сағат.
Қарасан (Gangrena emphysematosa, эмфизематозный карбункул) – жіті өтетін, жұғымтал емес, бұлшық еттерінің басып көргенде сықырлайтын қабынуы арқылы ерекшеленетін инфекциялық ауру.
Қарасан, сіреспе сияқты топрақтық инфекция болып табылады.
1 Індеттік жағдай: Мал шаруашылығымен айналысатын «Жұлдыз» шаруа қожалығында келесі індеттік жағдай туындады. Бордақылауға қойылған 35 бастан тұратын бір жасқа дейінгі бұқашықтар тобында 3 бас мал ауруға шалдықты.
Ауру, дененің жоғарғы температурасымен сипатталып, ауыз қуысында, жұтқыншақта, жақ асты аумағында және жамбас тұсында диффузды ісінген, ыстық, ауырсынатын және пальпациялаған кезде, сықырлайтын (крепитация) дыбыс шығаратын домбығулар пайда болды. Ауырған бұқашықтардың ақсаулары байқалды. Анамнез жинау кезінде, жануарлар ірі туралған сабанмен азықтандырылғаны анықталды.
Бір мезгілде осындай ауру, күзгі қой қырқу науқанында, қатты жүнді тұқымды, бес қойда байқалды. Екі қой лажсыз өлтірілді.
Өзіндік жұмыс: Туындаған індеттік жағдайға талдау жүргізіледі. Болжамды диагноз қойылып, диагностикалық зерттеулер тәртібі реттеледі. Індеттік ошақты оқшаулауға бағытталған шаралар іске асырылады. Індетке қарсы шаралардың жоспары құрастырылады.
Паратуберкулез (Paratuberculosis) немесе солма – созылмалы өтетін, ішектің баяу өрбіп, еселеніп қабынуы мен оқтын-оқтын іш өтуі арқылы ерекшеленетін, шектен тыс арықтауға әкеліп соқтыратын инфекциялық ауру.
Инкубациялық кезең мен ауру ағымының жасырын өтуінің айырмашылықтарын білу керек. Шаруашылық жағдайында алғашқы диагнозды қоюды игеру және ірі қара мал арасында балаудың аллергиялық және серологиялық тәсілдерін қолданудың ерекшеліктеріне назар аудару.
2 Індеттік жағдай: Жеке меншік сүт фермасында 412 бас ірі қара мал бар. Олардың ішінде 100 бас сауын сиырлары. Сауын сиырларының арасында 6 бас малда, басқаларымен салыстырғанда сылбырлық, енжарлық байқалып, олардың қоңдылықтары төмен және алма кезек іш өтулер болатындығы анықталды. Нәжістері сұйық, жалқаяқ және қан араласқан, өте жағымсыз иісті. Барлық жануарлар жылына екі рет, аллергиялық тәсілмен, туберкулезге зерттелініп отырылады. Және барлық жағдайда теріс нәтижелер алынған.
Болжамды диагноз – паратуберкулез.
Өзіндік жұмыс: 1. Ақтық диагнозды қою (ол үшін не қажет). 2. Індет ошағын жоюға және қолайсыз аймақты сауықтыруға қатысты шаралар жоспарын құрастыру.
Бақылау сұрақтары:
1. Аурудың сипаттамасы
2. Қоздырушы, оның қасиеттері және сыртқы орта факторларына тұрақтылығы
3. Індеттанулық деректер
4. Клиникалық белгілері, патологоанатомиялық өзгерістер
5. Балау тәсілдері, ажырата балау
6. Індетке қарсы шаралар
Әдебиет:
1. Сайдулдин Т. Індеттану және жануарлардың жұқпалы аурулары. Алматы. 2009 ж.
2. В.П.Урбан Практикум по эпизоотологии и инфекционных болезней с ветеринарной санитарией М., 1987 г.
3. Альбом «Диагностика инфекционных и протозойных болезней сельскохозяйственных животных». М.: Колос. 1968
4. Қасымов Е.И. Індеттану. Оқу құралы. Алматы, 1992
5. ҚР Ветеринариялық заңнамасы, Астана, 2005 ж., Т.-2.
№17 сабақ. Ірі қара мал обасы, ала өкпе және лейкоз. Балау және күресу шаралары
Сабақтың мақсаты: 1. Індеттерді балау және ажырата балау тәсілдерін игеру. 2. Індеттерге қарсы шаралар жоспарын құрастыру.
Жүргізу орны: Ветеринариялық медицина кафедрасының зертханасы
Сабақтың ұзақтығы: 1 сағат.
Ірі қара мал обасы (Pestis bovum, чума крупного рогатого скота) – өлі тію түрінде, кілегейлі қабықтардың, әсіресе ішек қарынның кілегей қабықтарының, ісініп өліеттенуі, дене қызуының көтерілуі, геморрагиялық диатез, ауыз қуысында эрозиялар мен ойық жаралардың пайда болуымен, іш өту, ринит, конъюнктивит, танау мен көзден кілегейлі-іріңді сора ағуымен сипатталып, жоғары жұғымталдылық және өлім-жітімділікпен ерекшеленетін, үй және жабайы күйістілердің жіті өтетін вирустық ауруы. Қоздырушысы – құрамында РНҚ бар парамиксовирустар тұқымдастығының Morbillivirus туыстастығына жататын вирус. Әртүрлі формада және өлшемде полиморфты келеді.
Сиырдың контагиозды плевропневмониясы (Pleuropneumonia contagiosa bovum, повальное воспаление легких крупного рогатого скота) мәлік, ала өкпе – қызба, өкпенің беріштеніп қабынуы, экссудативті плеврит, кейіннен өкпеде анемиялық некроз және секвестрлердің пайда болуымен ерекшеленетін аса жұғымтал ауру.
Қоздырушысы – Mycoplasma mycoides var. mycoides микроорганизмдердің жүйеленуі бойынша Molicutes класының Mycoplasmatales қатарына жатады.А са полиморфты дөңгелек, сопақша таяқша, бүршіктенген түрде болады.Үлкендігі 0,2-0,8 мкм, бактериологиялық сүзгілерден өтіп кетеді. Полиморфтылық және сүзілгіштік қасиетін, мықты торша қабырғасы болмай, оның орнында тек үш қабатты цитоплазмалық мембрананың болуымен түсіндіруге болады.
1 Індеттік жағдай. «Алға-Бас» АҚ жазғы лагерінде, әр қайсысы 200 бастан тұратын, 2 табын ірі қара мал жазғы жайылымда ұсталады. Бір табында үш сиыр ауруға шалдығып, келесі клиникалық белгілері байқалды: қызба, дене қызуы 40,5 - 42°С, ұрттарының, қызыл иектерінің, езулерінің, таңдайларының, тілдің үсті мен бүйірлерінің зақымданып, сарғылт-сұр түсті ұсақ түйіндердің болуы, көп мөлшерде сілекей бөлінуі. Бір бас сиыр өлімге ұшырады.
Тапсырма: 1. Қол жететін барлық балау тәсілдерін қолдана отыра диагноз қою. 2. Өлген жануарды қандай тәсілмен жою мәселесін шешу. 3. Індетке қарсы шаралар жоспарын әзірлеу.
2 Індеттік жағдай. «Заря» ӨК 300 бас сиыр бар. Шілде айында, жайылым жағдайында кенеттен 4 сиыр ауруға шалдықты. Олардың біреуң өлімге ұшырап, қалғандары сойылды. Екі малды сойып тексеру кезінде, өкпелерінде «мәрмәрлану» көрнісі байқалды. Плеврасы қалыңдап, фибринді өсінділері бар. Көкрек қуысында, фибрин іріміктері аралас, эксудат жиналған. Көкрек қуысының лимфа түйіндері ұлғайған, домбыққан және тіліп қарағанда түрі майлы ұлпаға ұқсайды.
Тапсырма: 1. Контагиозды плевропневмонияға ақтық диагнозды негіздеу. 2. Контагиозды плевропневмония кезіндегі сауықтыру шараларының жоспарын құрастыру.
Бақылау сұрақтары:
1. ІҚМ обасы мен КПП індеттанулық ерекшеліктері
2. Клиникалық белгілері
3. Патологоанатомиялық өзгерістер
4. Балау тәсілдері, ажырата балау
5. Осы аурулармен күресу шаралары
Әдебиет:
1. Сайдулдин Т. Індеттану және жануарлардың жұқпалы аурулары. Алматы. 2009 ж.
2. В.П.Урбан Практикум по эпизоотологии и инфекционных болезней с ветеринарной санитарией М., 1987 г.
3. Альбом «Диагностика инфекционных и протозойных болезней сельскохозяйственных животных». М.: Колос. 1968
4. Қасымов Е.И. Індеттану. Оқу құралы. Алматы, 1992
5. ҚР Ветеринариялық заңнамасы, Астана, 2005 ж., Т.-2.
№18 сабақ. Вирустік диарея және инфекциялық ринотрахеит. Балау және күресу шаралары
Сабақтың мақсаты: 1. Пневмоэнтериттерді балау және ажырата балау тәсілдерін игеру. 2. Індеттерге қарсы шаралар жоспарын құрастыру.
Жүргізу орны: Ветеринариялық медицина кафедрасының зертханасы
Сабақтың ұзақтығы: 1 сағат.
Пневмоэнтериттер – қызба, тыныс алу, ас қорыту және басқа да физиологиялық жүйелер ағзаларының зақымдануымен сипатталатын жұғымтал, жіті өтетін вирустік аурулар.
Сиырдың вирустық диареясы (Diarrhea viralis bovum, вирусная диарея крупного рогатого скота) – дененің ыстығы көтеріліп , ас қорыту жолдарының кілегейлі қабығы ойылып, қан аралас іш өтуі, коньюнктивит және ринит арқылы ерекшеленетін жіті өтетін инфекциялық ауру. Қоздырушысы – Bovine virus diarrhea pestvirus, құрамынды РНҚ бар Togaviridae тұқымдастығының Pestvirus туыстастығына жатады. Шошқа обасының вирусымен ортақ антигені бар. Шошқа обасына қарсы гипериммунды қан сарысуы сиыр диареясының вирусын бейтараптайды.
Сиырдың инфекциялық ринотрахеиті (Rhinotracheitis infectiosa bovum, инфекционный ринотрахеит КРС) – қызуы көтеріліп, жоғарғы тыныс жолдарының катарлы-өліетті қабынуы және жыныс мүшелерінің зақымдануы арқылы ерекшеленетін, жіті өтетін инфекциялық ауру. Ауру барлық жастағы маладарда байқалып, жаңа туған төлдерде іш өту, жас малдарда негізінен жоғарғы тыныс жолдары мен конъюнктиваның зақымдануы, ал ересек жануарларда іштастаулар және пустулезді вагиниттің байқалуымен сипатталынады. Қоздырушысы – (Bovid alpha herpesvirus) герпесвирустар туыстығы мен тұқымдастығына жатады.
Індеттік жағдай. «Қуаныш» шаруа қожалығында 300 бас, әр түрлі жастағы, ірі қара мал ұсталынады, шаруашылықта еркін шағылыстыру тәжірибелінеді. Қарашаның соңында 25 бас мал (бұзаулар, жас және ересек малдар) ауруға шалдықты. Ауру, қызба, көп мөлшерде танаудан зәрдің бөлінуі, қаңсарының гиперемиясы, ентігу, тышқақтау белгілерімен сипатталды. Бұзауларда дене қимылы қызметінің бұзылуы байқалды. Бір жасқа дейінгі үш жануар өлімге ұшырады. Бір сиыр буаздылық мерзімінің екінші жартысында іш тастады. Жыныс мүшелерінің кілегей қабықтарында күлдіреукті бөртпелер байқалған.
Өзіндік жұмыс: Індеттік жағдайға талдау жүргізу. Болжамды диагноз қою. Диагностикалық зерттеулер тәртібін анықтап, ажырата балау тестілерінің кестесін құру. Әр түрлі препараттармен бұзауларды аэрозольды өңдеу және емдеу шараларының реті мен курсының тәртібі мен әдістемесін анықтау. Диагноз қою кезінде ветеринариялық маманның жұмыс жүргізу тәртібін бекіту. Инфекциялық ринотрахеитті және вирустық диареяны алдын алу және жою шараларының жоспарларын құрастыру.
Бақылау сұрақтары:
1. Аурулардың жалпы сипаттамалары
2. Қоздырушлары, олардың қасиеттері және сыртқы орта факторларына тұрақтылығы
3. Індеттанулық деректері
4. Клиникалық белгілері, патологоанатомиялық өзгерістер
5. Балау тәсілдері, ажырата балау
6. Ауру жануарларды емдеу шаралары, тәртібтері
7. Індеттерге қарсы шаралар жоспарлары
Әдебиет:
1. Сайдулдин Т. Індеттану және жануарлардың жұқпалы аурулары. Алматы. 2009 ж.
2. В.П.Урбан Практикум по эпизоотологии и инфекционных болезней с ветеринарной санитарией М., 1987 г.
3. Альбом «Диагностика инфекционных и протозойных болезней сельскохозяйственных животных». М.: Колос. 1968
4. Қасымов Е.И. Індеттану. Оқу құралы. Алматы, 1992
5. ҚР Ветеринариялық заңнамасы, Астана, 2005 ж., Т.-2.
№19 сабақ. Қой және ешкі аурулары. Балау және күресу шаралары
Сабақтың мақсаты: 1. Індеттерді балау және ажырата балау тәсілдерін игеру. 2. Індеттерге қарсы шаралар жоспарын құрастыру.
Жүргізу орны: Ветеринариялық медицина кафедрасының зертханасы
Сабақтың ұзақтығы: 1 сағат.
Топалаң – қойларда жергілікті домбығулар – тері асты шелінде және кілегей қабықтарда болмайды, ауру жиі ретте өте жіті өтеді.
Қатерлі ісік – ауыр өткен төлдеуден немесе түрлі жарақаттардан (пішу, қырқу) кейін туындаған асқыну. Бұл, жыныс мүшелерінде және жара маңайында домбыққан сықырлайтын ісіктердің пайда болуымен байқалады.
Брадзот и брадзоттектес ауруларды клиникалық тұрғыдан топалаңнан айру мүмкін емес. Осы себептен, аурулардың кейбір індеттанулық ерекшеліктерін ескеру қажет: брадзот және брадзоттектес аурулар біздің елімізде негізінен көк шөптің қарқынды өсуі кезінде байқалуына байланысты, жиі ретте көктемде тіркеледі. Топалаң көбіне жаздың екінші жартысында байқалады. Паталогоанатомиялық тұрғыдан талақтағы өзгерістерге көңіл бөлу қажет.
Септикалық
аурулар, негізінен өте жіті өтіп, ішектің
газға толуымен, кей жағдайда табиғи
тесіктерінен қанды сұйықтықтың
бөлінуімен және тері асты шелінің
домбығуымен сипатталады
Талағы
ұлғайған, ұлпасы болбыр, қаны қара-қошқыл
ұйымаған .
Топалаң
Талағы қалыпты
немесе сәл ұлғайған. Қаны ұйыған
Көп
жағдайды бүйректері болбыраған, кейде
быламық тәрізді консистенцияға дейін.
Инфекциялық
энтеротоксемия
Басым
көпшілік жағдайда бүйректрі қалыпты
консистенцияда болады.
Брадзот
Қойдың хламидиоздық (энзоотикалық) іш тастауы (abortus chlamidiosis ovium, хламидиозный аборт овец) – қағанақ қабықтарының, әсіресе котиледондарда, қабынуы, буаздылық мерзімінің екінші жартысында іш тастау немесе төлдің шала жансар тууы арқылы ерекшеленетін жұқпалы ауру. Қоздырушысы – Сhlamуdiaе psittaci var. оvis – хламидиялар тобына жататын микроб. Барлық хламидиялар бір-біріне морфологиялық және биологиялық қасиеттері жағынан ұқсас келеді.
Жұмыс барысында клостридиоздар ағымдарының ерекшеліктерін, инфекцияның туындауындағы топрақтың атқаратын ролін және клостридиоздар кезіндегі токсиндердің маңыздылығын естен шығармау керек. Сондықтан клостридиялар тудыратын індеттерді алдын алу шаралары барысында жараларды өңдеудің (мысалы сіреспе кезінде) және гипериммунды қан сарысуларын пайдаланудың маңызы зор болып табылады.
Індеттік жағдай: 1. Наурыз айында, шаруа қожалығының, 300 бас саулықтан тұратын отарында, кенеттен буаздылық мерзімінің екінші жартысындағы 50 саулық ауруға шалдықты. Ауырған қойлардың үшеуі лажсыз сойылды. Ауырған малдарда қысқа мерзімді қызба және жыныс мүшелерінен сірлі-іріңді бөлінділер байқалды.
2. Күзде, отарды таңғы бақылау кезінде, екі қойдың өлексесі табылды. Оларды жарып сою кезінде келесі өзгерістер анықталды: қанның нашар ұйюы, ішек-қарын бойында геморрагиялық диатез көрністері, әсіресе тоқ ішек бөлімдерінде. Отарды көк шөпте жаю барысында, кейбір қойлардың орнынан секіріп құлағандары, өлексенің тез газға толып, кебуі байқалған.
Өзіндік жұмыс: 1. Ақтық диагнозды қою (ол үшін не қажет?). 2. Диагнозды нақтылау, індетке қарсы шаралардың жоспарын құрастыру.
Бақылау сұрақтары:
1. Аурулардың жалпы сипаттамалары
2. Қоздырушлары, олардың қасиеттері және сыртқы орта факторларына тұрақтылығы
3. Індеттанулық деректері
4. Клиникалық белгілері, патологоанатомиялық өзгерістер
5. Балау тәсілдері, ажырата балау
6. Дауалау және сауықтыру шаралары
Әдебиет:
1. Сайдулдин Т. Індеттану және жануарлардың жұқпалы аурулары. Алматы. 2009 ж.
2. В.П.Урбан Практикум по эпизоотологии и инфекционных болезней с ветеринарной санитарией М., 1987 г.
3. Альбом «Диагностика инфекционных и протозойных болезней сельскохозяйственных животных». М.: Колос. 1968
4. Қасымов Е.И. Індеттану. Оқу құралы. Алматы, 1992
5. ҚР Ветеринариялық заңнамасы, Астана, 2005 ж., Т.-2.
№20 сабақ. Маңқа және сақау. Балау және күресу шаралары
Сабақтың мақсаты: 1. Індеттерді балау, ажырата балау және маңқаны аллергиялық балау тәсілдерін игеру. 2. Індеттерге қарсы шаралар жоспарын құрастыру.
Жүргізу орны: Ветеринариялық медицина кафедрасының зертханасы
Сабақтың ұзақтығы: 1 сағат.
Маңқа (Malleus, сап) – тақ тұяқтылар арасында (негізінен жылқы, есек, қашыр) кездесіп, өкпе және ішкі ағзаларда, кілегей қабықтар мен теріде ерекше түйіндердің пайда болуымен қатар, ыдыраған жағдайда жараларға әкеліп соғатын жұқпалы, негізінен созылмалы түрде өтетін ауру. Маңқа ауруымен адамда ауыруы мүмкін.
Аурудың қоздырушысы – Pseudomonas mallei, теріс граммды, қозғалмайтын, спора және капсула түзбейтін түзу немесе шеттері дөңгеленген, ал өзі иілген, ұзындығы 1-5мкм, ені 0,3-0,8 мкм таяқша. Маңқаға негізінен есек, қашыр, жылқы өте шалдыққыш келеді. Бірінші екі малда (есек, қашыр) ауру өте жіті, ал жылқыда созылмалы және кейде сауығуымен өтеді. Сирек жағдайда түйе ауруы мүмкін, сонымен қатар індетке: леопард, арыстан, жолбарыс, дала мысығы, аю және ақ аюдың бейімділігі анықталаған. Олар инфекцияны ауру малдың етін жегеннен жұқтырады. Маңқаға адамда шалдығады, алайда С.Н. Вышелесскийдің (1954) пікірінше әртүрлі жағдайда өтіп, байқалуы, өзгеруі мүмкін.
Сақау (Adenitis equorum, мыт) – тақ тұяқтылар арасында дене қызуы көтеріліп, танау және жұтқыншақ кілегей қабықтарының кілегейлі-іріңді және регионарлық (жақ асты мен жұтқыншақ) лимфабездерінің қабынуымен сипатталып негізінен жас құлындарда байқалып жіті ағымда өтетін инфекциялық ауру.
Ауру қоздырғышысы – Streptococcus еqui қозғалмайтын және спора түзбейтін сақау стерптококы. Шыныда кептірілген ірің жағындысында қысқа түрде ұзынша тізбек құрайды. Жасанды қоректік орталарда тізбектері әдетте қысқа болады (ЕПС, ЕПА). Жаңа бөлініп алынған штамдары капсула түзеді.
Табиғи жағдайда сақауға 6-айдан 5-жасқа дейінгі жылқы, есек, қашыр сезімтал келеді. Жас құлындар негізінен анасынан айырғаннан кейін шалдығады. Ересек жылқылардың індетке шалдығуы сирек кездеседі.
Маңқаны балаудың аллергиялық тәсілі.
1) Көзге тамызып маллеиндеу тәсілі. Жылқының сау көзіне стерильді пипетка көмегімен 3-4 тамшы маллеин тамызады. Осы уақыт ішінде жылқы көзіне азық шаңы түспес үшін азықтандырылмайды. Көздің кілегей қабықтары ауру жылқыда еккеннен соң 2-3, ал кейде 6-12 сағат өткенде өзгеріске ұшырайды. Сондықтан көздегі өзгерістерді уақытында бағалау үшін 3,6,9,12 және 24сағат өткенде реакциясы ескеріледі.
Оң реакция – байқалғанда көздің кілегей қабығы қызарып, қабақтары ісінеді және көздің ішкі бұрышынан шұбатылып іріңді ағып тұрады. Кейде танауынан іріңді сарысі ағуы мүмкін.
Күмәнді реакцияда – көзден жасы кілегейлі сұйық түрінде ағып, аздап кірпігі ісінеді, қызарынқырайды.
Теріс реакцияда – көзде өзгеріс байқалмайды, аздап қызарып, сәл жасаурайды.
Күмәнді және теріс реакция берген жылқыларға 5-6 күннен соң маллеинді бұрынғы көзге қайта егіп, жоғарғы көрсетілгендей тексеріледі.
2) Тері асты маллеиндеу тәртібі. Маллеин егерден 1 тәулік бұрын жылқының қызуы 3 рет(таңертең, түсте және кешке) анықталады. Дене қызуы 38,5ºС-тан аспауы қажет. Егер дене қызуы 39ºС-қа дейін бір рет қана көтерілсе, егуге тиым салынады. Маллеинді, кешке (22.00-24.00сағат) мойын тұсының тері астына 1мл көлемде егіп, реакция өзгерісі таңертең егілгеннен кейін 6,8,10,12 және 24 сағат өткенде бағаланады. Зерттелетін жылқы 20 сағаттай суарылмауы шарт. Маңқаға шалдыққан жылқының дене қызуы еккенен кейін 6-8 сағат өткенде көтеріледі (40ºС-қа дейін). Егілген жерде жайылған, шекарасы жақсы көрінетін, ыстық ісік пайда болады да, 2-3тәулікке дейін қатпайды. Егер дене қызуы 40ºС-қа дейін көтеріліп, егілген жерде ісік болса реакция – оң деп есептеледі. Егер дене қызуы 39-39,6ºС аралығында, шамалы көлемде, айқын емес ісік болса реакция – күдікті деп саналады.
Дене қызуы 39ºС-қа дейін ғана көтерілсе реакция – теріс бағаланады.
Серологиялық реакциялардан КБР(РСК)-сы қолданылады.
1 Індеттік жағдай: Қымыз өндірумен айналысатын шаруа қожалығында 100 бас жылқы ұсталынады. Жылқыларды тексеру барысында, келесі клиникалық белгілері бар 2 ауру жылқы анықталды: азықтан бас тартуы, дене қызуының көтерілуі, танауда кілегей қабығының гиперемиясы және эрозиялар мен жұлдыз тәрізді ойық жаралар байқалды. Маллеиндеу кезінде күмәнді реакция байқалды.
Тапсырма: 1. Маңқаға ақтық диагноз қою. 2. Сауықтыру шараларының жоспарын құрастыру.
2 Індеттік жағдай: Мамыр айында, Атбасар ауданының қымыз өндірумен айналысатын бір шаруашылығында, 1 жас шамасындағы 4 құлын ауруға шалдықты. Клиникалық белгілері: 41°С дейін дене температурасының көтерілуі, азықтан бас тартуы, танау қуысынан сірлі-іріңді эксудаттың бөлінуі. Пальпациялау кезінде, жақ асты лимфа түйіндерінің ісінгені, ауырсынатындығы және ыстықтығы анықталды.
Тапсырма: 1. Нозологиялық диагнозды қою. 2. Инфекция ошағын жою шаралараының жоспарын құру.
Бақылау сұрақтары:
1. Аурулардың жалпы сипаттамалары
2. Қоздырушлары, олардың қасиеттері және сыртқы орта факторларына тұрақтылығы
3. Індеттанулық деректері
4. Клиникалық белгілері, патологоанатомиялық өзгерістер
5. Балау тәсілдері, ажырата балау
6. Дауалау және сауықтыру шаралары
Әдебиет:
1. Сайдулдин Т. Індеттану және жануарлардың жұқпалы аурулары. Алматы. 2009 ж.
2. В.П.Урбан Практикум по эпизоотологии и инфекционных болезней с ветеринарной санитарией М., 1987 г.
3. Альбом «Диагностика инфекционных и протозойных болезней сельскохозяйственных животных». М.: Колос. 1968
4. Қасымов Е.И. Індеттану. Оқу құралы. Алматы, 1992
5. ҚР Ветеринариялық заңнамасы, Астана, 2005 ж., Т.-2.
№21 сабақ. Делбе және инфекциялық анемия. Балау және күресу шаралары
Сабақтың мақсаты: 1. Індеттерді балау және ажырата балау тәсілдерін игеру. 2. Індеттерге қарсы және сауықтыру шараларының жоспарын құрастыру.
Жүргізу орны: Ветеринариялық медицина кафедрасының зертханасы
Сабақтың ұзақтығы: 1 сағат.
Делбе (Encephalomyelitis enzootica еquorum, жылқылардың инфекциялық энцефаломиелиті энцефалит, ИЭМ) – орталық нерв жүйесінің зақымдануымен, ішек-қарынның атониясымен, кілегей қабықтардың сарғаюымен және өлім-жітімнің жоғары дәрежеде болуымен сипатталатын жіті өтетін вирустық ауру.
Жылқылардың инфекциялық анемиясы (Anaemia infectiosa еquorum, ИНАН) – қан түзу ағзаларының зақымдануы, рецидивті және үзіксіз қызба, қан аздық, геморрагиялық диатез құбылыстары және қан айналу жүйесі қызметінің бұзылуымен сипатталатын тақ тұяқты жануарлардың ауруы. Қоздырушысы: жоғары полиморфтылықпен ерекшеленетін құрамында РНҚ-ы бар вирус.
Ветеринариялық клиникада делбе және инфекциялық анемиямен ауырған жылқыларды, мүмкіндігінше ауру динамикасы барысында толық гематологиялық зерттеулерден өткізеді. Оның ішінде эритроциттердің шөгу жылдамдығы, эритроциттердің, лейкоциттердің және гемоглобиннің мөлшері және лейкоцитарлық формула анықталады.
Індеттік жағдай: Өткен жылдың қыркүйек айында 1 айғыр, 20 бие, 15 құлын және 20 бас екі жасқа дейінгі жылқылардан тұратын жеке меншік үйірде ауру туындады. Жылқы үйірі Отырар қаласының маңында, Сыр-Дария өзенінің жағалауында жайылымда болған. Ауруға 10 құлын және 5 байтал шалдыққан. Клиникалық зерттеу барысында ауырған малдарда күйзелу, денесінің шеткері аймақтарында домбығу құбылыстары, үздіксіз қызба, кілегей қабықтарының гиперемиясы, көздің үшінші қабағында және тілдің түбінде қанқұйылулар анықталды. Екі құлын лажсыз сойылды. Патологоанатомиялық жарып сою кезінде сепсис, геморрагиялық диатез, лимфоденит, спленомегалия көрністері байқалды. Кілегей және сір қабаттары бозарған және сәл сарғыш тартады.
Өзіндік жұмыс: Әдістемелік материалдарға сүйене отырып, студент диагностикалық зерттеулердің жоспарын құрастырады, індет ошағын оқшаулауға бағытталған шаралар жоспарын әзірлейді, қолайсыз шаруашылықты дауалау және сауықтыру шараларының сызбасын толтырады.
Бақылау сұрақтары:
1. Аурулардың жалпы сипаттамалары
2. Қоздырушлары, олардың қасиеттері және сыртқы орта факторларына тұрақтылығы
3. Індеттанулық деректері
4. Клиникалық белгілері, патологоанатомиялық өзгерістер
5. Балау тәсілдері, ажырата балау
6. Дауалау және сауықтыру шаралары
Әдебиет:
1. Сайдулдин Т. Індеттану және жануарлардың жұқпалы аурулары. Алматы. 2009 ж.
2. В.П.Урбан Практикум по эпизоотологии и инфекционных болезней с ветеринарной санитарией М., 1987 г.
3. Альбом «Диагностика инфекционных и протозойных болезней сельскохозяйственных животных». М.: Колос. 1968
4. ҚР Ветеринариялық заңнамасы, Астана, 2005 ж., Т.-2.
№22 сабақ. Жылқылардың індеттік лимфангиті, ринопневмониясы және тұмауы. Балау және күресу шаралары
Сабақтың мақсаты: 1. Індеттерді балау және ажырата балау тәсілдерін игеру. 2. Індеттерге қарсы және сауықтыру шараларының жоспарын құрастыру.
Жүргізу орны: Ветеринариялық медицина кафедрасының зертханасы
Сабақтың ұзақтығы: 1 сағат.
Індеттік лимфангит (Lymphangitis epizootica, африканский сап, бластомикоз) – созылмалы өтетін, терінің лимфа түйіндері мен тамырларының және тері асты шелінің қабынып, іріңді жараға айналуымен сипатталатын тақ тұяқты жануарлардың инфекциялық ауруы.
Қоздырушысы – бір торшалы саңырауқұлақ (Histoplasma farciminosus). Саңырауқұлақ торшасы (криптококк) іріңдеген тері мен лимфа тамырларында сопақша келген денешіктерінің екі ұшы үшкілденіп бітеді де, сыртында қосарланған қабығы болады. Олар көбінде нейтрофилдер мен макрофагтардың ішінде, кейде торша арасында жеке немесе тобымен ораласады. Індеттік лимфангитке тақ тұяқты жануарлар: жылқы, қашып, есек, пони шалдығады, кейде онымен түйе де ауырады. Жылқының жас мөлшері ауруға ешқандай әсер етпейді, сөйтсе де 6 айға дейінгі құлындар ауруға осал болады.
Зертханалық балау. Жарылмаған түйіннен (ауырсынбайтын, ыстық түйін) алынған ірің сынамасын жапырылған тамшы әдісімен зерттейді. Ол үшін, ірің тамшысын зат шынысына тамызып, бетін жамылғы шынымен жабады. Сынаманы 500-600 есе ұлғайтулықпен микроскоп астында қарайды. Ірің массасынан тұратын сұр алаңда жылтыр, қосарланған қабығы бар, ұштары (жиі бір ұшы) үшкілденіп келген криптококк денешіктері көрінеді. Микробтың протоплазмасында бір немесе екі үздіксіз қозғалыста тұрған жылтырауық зат болады.
Ринопневмония (Rhinopneumonia equorum) немесе биенің вирустық іш тастауы – қызбамен, коньюктивитпен, тыныс алу жолдарының кілегейлі қабығының қатаралды қабынуымен және кенеттен буаздығының екінші жартысында іш тастауымен, сипатталатын жылқылардың жұғымтал, жіті өтетін вирустық ауруы.
Қоздырушысы – Herpesvirus equi 1, жылкы герпесвирустарының бірінші типіне (ЖГВ-1) жатады. Ринонневмония негізінен энзоотия түрінде өтеді, ал жылқы шаруашылығы қарқынды дамыған аймақтарда эпизоотияға ұшасуы мүмкін.
Жылқының тұмауы (Grippus eguorum, грипп лошадей) – жоғарғы тыныс алу мүшелерінің қатаралды қабынуымен, жалпы күйзелуімен, дененің оқтын-октын қызынуымен және құрғақ ауырсынтын жөтелмен ерекшелінетін, жіті өтетін, аса жұғымтал инфекциялық ауру, ауыр жағдайда пневмония байқалады.
Қоздырушысы – Influenza A influenzavirus, ортамиксовирустар туыстығының инфлуэнцавирус түкымдастығына жатады. Вириондары фрагментгерге бөлініп липопротеин қабығымен оралған екі спиральді РНҚ-дан тұрады. А (Equi) 1 және А (Equi) 2 аталатын екі типке бөлінеді. Жылқы тұмауының вирусы адамға да зардапты болып саналады.
Табиғи жағдайда тумаумен жылқы жасына, жынысына карамай ауырады. Құлындарда ауру ересектерге қарағанда қаттырақ өтеді.
Аурудың негізіне аэрогенді жолмен, ауру жылқы мен сау жылқыларды бірге ұстаған кезде жұғады. Тұмау жылдың барлық мезгілінде, бірақ жиірек күзде және көктемде байқалады. Жануарлардың ауруға шалдығу көрсеткіші вирустын тиісті типіне карсы иммунитетке, күтіміне, қоңдылығына байланысты 10%-тен 100%-ке дейін жетеді.
1 Індеттік жағдай: Ақкөл ауданының бір шаруашылығындағы жылқылар арасында, келесі клиникалық белгілері бар ауру анықталды: кейбір жылқыларда, денесінің әр жерлеріндегі тері асты шелінің терең қабаттарында тығыз, ауырсынбайтын, диаметрі 7 ден 10 мм дейін түйіндер байқалды. Болжамды диагноз – індеттік лимфангит.
Тапсырма: 1. Ақтық диагнозды қою. 2. Дауалау және сауықтыру шараларының жоспарын құру.
2 Індеттік жағдай: Жылқы зауытының қораларында, құлындар мен биелердің арасында, қызба, тыныс алу жолдары кілегей қабаттарының қабынуы белгілерімен байқалған ауру тіркелді. Барлығы 35 бас жылқы ауруға шалдықты. 20 биенің екеуі кенеттен іш тастады. Бір биеде артқы сирақтарының салдануы байқалды. Түскен түсікті патологоанатомиялық жарып сою кезінде танау және ауыз қуыстарының гиперемиясы, тері асты шелінің сарғаюы тіркелді.
Өзіндік жұмыс: Студенттер, инфекцияның таралу қауіпінің дәрежесіне және жануарлардың клиникалық жағдайларына байланысты, жылқы топтарын құрады. Шешім қабылдап, инфекциялық аурумен күресу шараларының тәртібін анықтайды. Диагностикалық зерттеулерді жүргізу реті мен тәртібін айқындап, ринопенвмониямен ауырған жылқыларды емдеу схемалары мен дәрілік препараттарды таңдайды. Індетке қарсы шаралардың жоспарын құрастырады.
3 Індеттік жағдай: Жылқы зауытында, жылқыларды қыста қорада ұстау барысында, 2-3 жастағы жас малдардың арасында жоғарғы тыныс алу мүшелерінің зақымдануымен сипатталатын ауру тіркелді. Ауырған малдарда сірлі ринит, жөтел байқалып, ауру тез арада қорада орналасқан барлық мал тобына тарап кетті. 2-3 күн бойы аздап дене қызуы көтеріліп, ауырған жылқылар 4-6 күннен кейін сауығып отырды. Кейіннен індет биелердің арасында тіркеле бастап, бір бие буаздылық мерзімінің 7-ші айында іш тастады. Іш тастамас бұрын ол биеде қызба және тыныс алу жолдарының зақымдануы байқалған. Аурудан 3құлын өлімге ұшырады.
Тапсырма: 1. Диагноз қою үшін індеттанулық, клиникалық және патологоанатомиялық мәлметтерді қолдану. 2. Індетке қарсы шаралар жүйесін ұйымдастыру.
Бақылау сұрақтары:
1. Аурулардың жалпы сипаттамалары
2. Қоздырушлары, олардың қасиеттері және сыртқы орта факторларына тұрақтылығы
3. Індеттанулық деректері
4. Клиникалық белгілері, патологоанатомиялық өзгерістер
5. Балау тәсілдері, ажырата балау
6. Дауалау және сауықтыру шаралары
Әдебиет:
1. Сайдулдин Т. Індеттану және жануарлардың жұқпалы аурулары. Алматы. 2009 ж.
2. В.П.Урбан Практикум по эпизоотологии и инфекционных болезней с ветеринарной санитарией М., 1987 г.
3. Альбом «Диагностика инфекционных и протозойных болезней сельскохозяйственных животных». М.: Колос. 1968
4. ҚР Ветеринариялық заңнамасы, Астана, 2005 ж., Т.-2.
№23 сабақ. Шошқа обасы және тілмесі. Балау және күресу шаралары
Сабақтың мақсаты: 1. Індеттерді клиникалық, індеттанулық және ажырата балау тәсілдерін игеру. 2. Індеттерге қарсы және сауықтыру шараларының жоспарын құрастыру.
Жүргізу орны: Ветеринариялық медицина кафедрасының зертханасы
Сабақтың ұзақтығы: 1 сағат.
Шошқа обасы (Pestis suum) – жіті ағымында септицемия және геморрагиялық диатезбен, ал жітілеу және созылмалы түрінде крупозды пневмония мен крупозды-дифтериялық колитпен сипатталатын, аса жұқпалы, вирустық ауру.
Қоздырушысы – Togоviridae тұқымдастығының Pestivirus туыстастығына жататын, құрамында РНҚ бар вирус.
Зертханалық жануарлар қоздырушыға сезімтал келмейді. Вирус тек қана шошқаларға зардапты және вируленттігі өте жоғары. Табиғи жағдайда шошқа обасымен, жастық, жыныстық және тұқымдық ерекшеліктеріне қарамастан, барлық үй және жабайы шошқалары ауырады. Олардың ішінде асылтұқымды шошқалардың бейімділігі жоғары. Жабайы шошқаларда табиғи төзімділік бар.
Шошқа тілмесі (Erysipelas suum), рожа свиней – жіті өткенде өлі тиіп, терінің қабынып кызаруымен, ал созылмалы өткенде жүрек пен буындардың қабынуымен ерекшелетін жұқпалы ауру. Басында адамдардың ауруын епизепалатум деп атаған, ал кейінірек адамдардағы ауруды да тілме деп атайтын болды.
Қоздырушысы – Erysipelothrix insidiosa қозғалмайтын, спора және капсула түзбейтін, грам оң, полиморфты кысқа таяқша. Ол аэроб және анаэроб сияқты өмір сүре береді. Кез келген қоректік ортада өсе береді. Сыртқы ортада да (биологиялық ортада) өсе алады. Тілме таяқшасын барлық жерде және де ақпайтын судағы балықтың қабыршақтарының астында да кездеседі.
Тілме, шошқадан басқа, спорадиялық түрде жылқыда, ірі қара малда, солтүстік бұғыларда, қойларда, иттерде, жабайы сүтқоректілерде және зоопарк құстарында кездеседі. Індеттік тұтану ретінде, кемірушілер, қозылар, күркетауықтар және үйректер арасында байқалады. Адам да ауырады. Шошқалардың ауруға шалдығуы 20-30%, ал өлімге ұшырауы – 55-80%.
1 Індеттік жағдай. Жеке меншік шошқа шаруашылығының кешенінде, әр түрлі жастық-жыныстық топтардан құралған, бір мыңанан астам шошқа ұсталынады. Бордақылаудағы малдардың арасында 20 бас шошқа ауруға шалдығып, келесі клиникалық белгілері бар ауру шошқалар анықталды: азықтан бас тарту, қалшылдау, іш өту және дене қызуының көтерілуі. Терісінде қызыл-қошқыл дақтар байқалады. Жануарлардың басқа топтарында, емізілетін торайлар мен аналықтарында (500 басқа жуық), аурудан өлу оқиғалары анықталған жоқ. Өлекселерді жарып-сою кезінде ішектердің, әсіресе тоқ ішектің геморрагиялық қабынуы анықталды және ішек қабырғаларында әр түрлі көлемдегі ерекше түйнектер (бутондар) байқалды.
2 Індеттік жағдай. Шошқа фермасында 200 бас шошқа ұсталынады. Олардың ішінде: 20 бас мегежін, 60 бас еметін торайлар, бордақылау тобында: 80 бас 2 айдан 3 айға дейінгі торайлар және 40 бас 4 айлық торайлар. Жануарларды таңертеңгілік бақылау кезінде, бордақылау тобындағы 4 айлық торайлар арасында, келесі клиникалық белгілері бар, ауру жануарлар анықталды: азықтан бас тарту, терілерінде қызыл дақтар, дене температурасының 42 °С дейін көтерілуі, денесіндегі қызыл дақтарды бармақпен басқанда, дақтар жоғалады. Күзгі өңдеу уақытының мерзімінің әлі келмеуіне байланысты, төлдер шошқа тілмесіне қарсы егілмеген.
Өзіндік жұмыс: Мәселені шешу барысында, клиникалық белгілер негізіндегі ажырата балауды, сонымен қатар топрақтың маңызын, инфекция қоздырушысының сыртқы ортада сақталу ерекшеліктерін ескеру қажет. Сонымен бірге вакциндік дауалаудың маңызын білу қажет.
Студенттер келесі мәселелерді шешеді:
Ақтық диагнозды қою
Ауруды басқа індеттерден ажырату
Індет ошағын жою шараларының жоспарын құру
Бақылау сұрақтары:
1. Аурулардың жалпы сипаттамалары
2. Қоздырушлары, олардың қасиеттері және сыртқы орта факторларына тұрақтылығы
3. Індеттанулық деректері
4. Клиникалық белгілері, патологоанатомиялық өзгерістер
5. Балау тәсілдері, ажырата балау
6. Дауалау және сауықтыру шаралары
Әдебиет:
1. Сайдулдин Т. Індеттану және жануарлардың жұқпалы аурулары. Алматы. 2009 ж.
2. В.П.Урбан Практикум по эпизоотологии и инфекционных болезней с ветеринарной санитарией М., 1987 г.
3. Альбом «Диагностика инфекционных и протозойных болезней сельскохозяйственных животных». М.: Колос. 1968
4. ҚР Ветеринариялық заңнамасы, Астана, 2005 ж., Т.-2.
№24 сабақ. Шошқаның дизентериясы және вирустық гастроэнетриті. Балау және күресу шаралары
Сабақтың мақсаты: 1. Індеттерді балау және ажырата балау тәсілдерін игеру. 2. Індеттерді дауалау және сауықтыру шараларының жоспарын құрастыру.
Жүргізу орны: Ветеринариялық медицина кафедрасының зертханасы
Сабақтың ұзақтығы: 1 сағат.
Дизентерия (Desenteria suum) – тоқ ішектің дифтериялы-геморрагиялық және өліеттенулік қабынуымен, қан аралас іш өтумен, арықтауымен ерекшеленетін жұқпалы әрі жұғымтал ауру. Қоздырушысы – Вогrеlliа hyodysenteria патогенді спирохетасы.
Шошқаның вирустық гастроэнтериті (Gastroenteritis infektiosa suum, вирусный гастроэнтерит свиней, ВГЭС) – аса жұғымтал қатарлы-геморрагиялық гастроэнтерит, құсу, іші өту, организмның сусыздануымен ерекшеленетін, әсіресе 10 күнге дейінгі торайларды көп шығынға ұшырататын ауру.
Індеттік жағдай: Шошқа шаруашылығымен айналысатын шаруа қожалығындағы бордақылауға қойылған торайлар арасында, клиникалық ауру малдар анықтала басталды. Анасынан айырған торайларда іш өту байқалып, нәжісі сұйық, кілегей және қан араласқаны көрінді. Азықпен қоса антибиотиктерді беру ешқандай емдік әсер көрсетпеді.
Өзіндік жұмыс: Студенттер туындаған індеттік жағдайға талдау жасап, диагностикалық зерттеулердің кестесін құрастырады. Диагнозды нақтылап, қолайсыз ошақта дауалау және сауықтыру шараларының жоспарын құрастыруға кіріседі.
Контрольные вопросы:
Возбудители, их свойства и устойчивость во внешней среде.
Характерные эпизоотические данные
Специфические клинические и патологоанатомические признаки.
4.Системы профилактических и оздоровительных мероприятий
Литература:
1. А.А. Конопаткин Эпизоотология и инфекционные болезни сельскохозяйственных животных. М, 1984.
2.В.П. Урбан Практикум по эпизоотологии и инфекционным болезней с ветеринарной санитарией, М..1989.
3.Ветеринарное законодательство.
4.Альбом «Диагностика инфекционных и протозойных болезней сельскохозяйственных животных». М.: Колос. 1968
5. Кокуричев П.И. Атлас патологической анатомии сельскохозяйственных животных. Л.: Колос. 1973
Бақылау сұрақтары:
1. Қоздырушлары, олардың қасиеттері және сыртқы орта факторларына тұрақтылығы
2. Індеттерге тән індеттанулық деректер
3. Клиникалық белгілері, патологоанатомиялық өзгерістер
4. Дауалау және сауықтыру шараларының жүйесі
Әдебиет:
1. Сайдулдин Т. Індеттану және жануарлардың жұқпалы аурулары. Алматы. 2009 ж.
2. В.П.Урбан Практикум по эпизоотологии и инфекционных болезней с ветеринарной санитарией М., 1987 г.
3. Альбом «Диагностика инфекционных и протозойных болезней сельскохозяйственных животных». М.: Колос. 1968
4. ҚР Ветеринариялық заңнамасы, Астана, 2005 ж., Т.-2.
№25 сабақ. Шошқаның инфекциялық атрофиялық риниті, тұмауы және Тешен ауруы. Балау және күресу шаралары
Сабақтың мақсаты: 1. Індеттерді балау және ажырата балау тәсілдерін игеру. 2. Дауалау және сауықтыру шараларының жоспарын құрастыру.
Жүргізу орны: Ветеринариялық медицина кафедрасының зертханасы
Сабақтың ұзақтығы: 1 сағат.
Инфекциялық атрофиялық ринит (Rhinits atrofika infektiosa), инфекционный атрофический ринит - созылмалы түрде өтіп, танаудың кілегейлі кабығының сірі-ірінді қабынуымен, кеңсіріктің семуімен және бас сүйектерінің өзгеруімен ерекшеленетін инфекциялық респираторлық ауру. Қоздырушысы - Воrdеtеllа bronchiseptiса Вrucellaceaeе тұқымдастығының Воrdеtеllа туыстастығына жатады.
Шошқа тұмауы (Influenza suis), инфлюэнца свиней, энзоотическая бронхопневмония – тыныс алу жолдарының кілегейлі қабықтарының катаралды қабынуымен, қызбамен, малдың әлсіреуімен, коньюнктивитпен және өкпенің қабынуымен сипатталатын аса жұғымтал, жіті өтетін ауру. Қоздырушысы – Orthomyxovirus тұқымдастығына жататын РНҚ бар вирус. Шошқа тұмауы вирусы мен адам және құстардың тұмауын тудыратын, А типті вирустардың антигендік туыстығы анықталған. Шошқа тұмауының вирусы адамдарда да ауру тудыруы мүмкін.
Энзоотиялық энцефаломиелит, Тешен ауруы (Еncерhаlomyelitis enzootica) энзоотический энцефаломиелит, болезнь Тешена – көбінесе жіті түрде байқалып, энцефалит және энцефаломиелиттің дамуымен ерекшеленетін аса жұғымтал инфекциялық ауру. Індетке тек шошқалар ғана бейім, негізінен 2-10 ай аралықтарындағы малдар ауырады.
Індеттік жағдай: Шошқа шаруашылығымен айналысатын шаруа қожалығындағы бордақылауға қойылған торайлар арасында, клиникалық ауру малдар анықтала басталды. Жануарларды тексеру барысында, ауырған торайлардың түшкіруі және танауларынан сірлі-іріңді эксудаттың бөлінуі байқалды. Кейбір торайларда танауларының қисайғаны анықталды. Шаруашылықта: 5 негізгі және 10 бір реттік мегежіндер, 45 бордақылаудағы торайлар, 30 анасынан айырылған торайлар және 60 еметін торайлар бар.
Өзіндік жұмыс: Студенттер, жеке бастарымен туындаған індеттік жағдайға талдау жасап, диагностикалық зерттеулердің кесетсін құрастырады. Диагнозды нақтылап, қолайсыз ошақта дауалау және сауықтыру шараларының жоспарын құрастыруға кіріседі.
Бақылау сұрақтары:
1. Қоздырушлары, олардың қасиеттері және сыртқы орта факторларына тұрақтылығы
2. Індеттерге тән індеттанулық деректер
3. Клиникалық белгілері, патологоанатомиялық өзгерістер
4. Дауалау және сауықтыру шараларының жүйесі
Әдебиет:
1. Сайдулдин Т. Індеттану және жануарлардың жұқпалы аурулары. Алматы. 2009 ж.
2. В.П.Урбан Практикум по эпизоотологии и инфекционных болезней с ветеринарной санитарией М., 1987 г.
3. Альбом «Диагностика инфекционных и протозойных болезней сельскохозяйственных животных». М.: Колос. 1968
4. ҚР Ветеринариялық заңнамасы, Астана, 2005 ж., Т.-2.
№26 сабақ. Ауылшаруашылық жануарлар төлдерінің аурулары. Балау және күресу шаралары
Сабақтың мақсаты: 1. Індеттерді балау және ажырата балау тәсілдерін игеру. 2. Дауалау және сауықтыру шараларының жоспарын құрастыру.
Жүргізу орны: Ветеринариялық медицина кафедрасының зертханасы
Сабақтың ұзақтығы: 1 сағат.
Сальмонеллездер (Salmonellosis), қылау, сальмоенллезы, паратиф – төлдерде жіті өткенде қызба, септицемия, токсикоз және іш өтумен, жітілеу және созылмалы ағымдарында өкпенің қабынуы және артриттермен, ал ересек аналықтарда іш тастаулармен ерекшеленетін, негізінен ауылшаруашылық жануарлардың зооноздық аурулар тобы. Адамдарда індет тағамдық токсикоинфекция түрінде өтеді.
Аурудың қоздырушысы – Enterobacteriaceae тұқымдастығының Salmonella туыстастығына жататын бактериялар. Бүгінгі күнде, сальмонеллалар 52 серотопқа бөлінген 2300 сероварианттардан тұрады және олардың басым көпшілігінің жеке атаулары бар. Жануарлар сальмонеллезінің негізгі қоздырушылары В, С және D серотоптарына жатады.
