Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД Эпиз каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.86 Mб
Скачать

Балықтардың және бал араларының аурулары

Аэромоноз (Sерtісаemiа hаеmorrhagica сургinоrum, қызамық (краснуха), геморрагиялық септицемия, шемен) – балық терiсімен ішкі мүшелерінің қанталап қабынуымен, қабыршақтарының сыдырылуымен, құрсақ қуысына сұйықтық жиналуымен, көзі шарасынан шығып,кейде тері мен еттерде уытты жаралардың пайда бодуымен сипатталатын жұқпалы ауру.

Қоздырғышы. Aeromonos punctаta қозғалғыш, қысқа келген шеттерінде жіпшелері бар, таяқша.

Аэромонозбен тұқы балық /карп/, сазан және олардың будандары сонымен қатар басқа балықтар да ауырады. Әсіресе 2-3 жастағы тұқы балықтар бейім келеді.

Сау балықтарға микроб жарақаттанған тері, ауыз және желбезек арқылы енеді. Аурудың жасырын ксзеңі 3-30 күндей. Ауру жіті, жітілеу және созылмалы түрде байқалады.

Жіті білінген жағдайда тері мен ішкі мүшелерінің қанталап қабынғаны байқалады. Балық денесінде әр түрлі көлемді ісіктер мен қызғылт дақтар пайда болады. Балықтың жүзбе қанаттары қып-қызыл қанталап кабынып, кейіннен өлі еттенеді. Балықтың көзі шарасынан шығығп, қабыршақтары түседі. Қабыршақтарының астында мөлдір немесе қан аралас сұйыққа толған қолдырауықтар кездеседі Артқы тесігі томпайып, ішін басқанда одан созылып қоймалжың сұйық ағады. Аурудың жіті түрінен өлгенде тұқы балықтың терісінде серозды-қанталаған қабыну болады. Құрсақ қуысында мөлдір немесе қанды сұйық, ал кейде қоймалжың болады. Ішек қатарлы немесе қанталап қабынады. Ішкі мүшелердің ісіңкі және болбырап босағаны байқалады.

Балау үшін бактериологиялық зерттеулер және клиникалық, патологоанатомиялық, індеттік деректері ескеріледі. Бөлініп алынған қоздырғыштың уыттылығын тұқы және ақ тышқанға биологиялық сынама қою аркылы тексеріп, аэромонодаларды АР арқылы анықтайды.

Емі. Емдеу және аурудың алдын алу үшін балықтарға жеммен бірге антибиотиктер береді. Ауру шыққан тоғанға карантин енгізеді. Өлген балықты жояды. Аурудан айықтыру үшін балықты сүзіп алғаннан кейін суын жіберіп тоғанды 1-1,5 жылға сусыз ұстайды. Тоғанның топырағын 2 рет хлорлы әкпен (тоғанның 1 гектарына 25 центнер) дезинфекциялайды. Карантинді сонғы рет ауырған балықтан 1 жыл өткеннен кейін ашады.

Жүзу жарғағының қабынуы (Воспаление плавательного пузыря) – тұқы балықтың жүзу жарғағының қабынуымен сипатталатын жұқпалы ауру.

Қоздырушысы. Ауру жұқпалы болғанымен қоздырушысы әлі анықталмаған. Жүзу жарағының қабынуы /ЖЖҚ/ көбінесе екі жасар балықтарда кездеседі. Ауру қоздырушысы су түбіндегі шылаудан (ил) және лайдан жұғады.

Жасырын кезеңі 30-90 күн. Жіті өткенде қоректенуін тоқтатып, сыртқы әсерге сезімталдығы жоғалып, қозғалысы баяулайды. Балық өзінің судағы тее-теңдігін жоғалтады, яғни жүзгенде денесі бір жағына ауып, немесе тікейген күйде болады.

Балықта жүзу жарғағы күңгірттеніп, қабыршағында нүктелі қанталаулар болады. Қан тамырлары білеуленеді. Көк бауыр ұлғайады, болбырайды, түсі қызыл-қошқыл немесе теңбіл түсті болады.

Балау. Індеттанулық деректердің, клиникалық белгілерінің және ең бастысы патологоанатомиялық өзгерістер негізінде жүргізіледі.

Емдеу үшін жемге метилен көгін қосып беред. Аэромонозды емдеген сияқты (антибиотиктермен) емдеуге де болады. Ауырып жазылған балық қайтып ауырмайды немесе жеңіл ауырады.

Ауру шыққан жағдайда тоғанға шектеу қойылады. Аурудан сауықтыру үшін жазда суды ағызып, кешенді шаралар жүргізіледі.

Бранхиомикоз (Branchiomicosis)балықтардың желбезегінің қан тамырларының зардаптанып өлі еттенуімен сипатталатын жұқпалы ауру.

Қоздырушысы – тұқы балықта, сазанда, табанда Branchiomycoses sanguinis – саңырауқұлағы, ал шортанда – Branchiomycoses demigrans санырауқұлағы.

Ауру көбінесе ыстық айларда (шілде-тамыз) судың температурасы 220С жоғары болғанда байқалады. Ауру кенеттен және жаппай байқалады.

Ауру балықтар жем жемейді, тоғанның жиегіне және таза су ағып жатқан жерлерге жиналады, судың бетіне тікесінен жүзіп шығып, ауыздарын ашып дем алады. Адамдар мен жануарлардың жақындағанына балықтар көніл аудармайды. Ішкі мүшелерде өзгерістер болмайды. Желбезектің кей жерлері өліеттеніп, шетінің жырымдалуы байқалады, сондықтан желбезектен гистологиялық препарат дайындап, микроскоп арқылы қоздырғыштың жіпшелері мен спораларын көреді. Емі жоқ.

Ауру шыққан шаруашылыққа 1 жылға карантин енгізеді. Ауру және өлген балықтарды жинап алып утилдейді.

Америкалық шіріме (Американский гнилец) – немесе зілді шіріме, жабық өсін шірімесі - араның балапан құрттарының есейіп, қуыршақалды сатысынан қуыршақ сатысына ауысатын кезінде әлсіреп, жаппай қырылуымен сипатталатын бал арасы ұясының жұқпалы ауруы.

Америка ғалымы Г.Ф.Уайт /1902/ шірімеден өлген бал арасының балапан кұрттарынан спора түзетін бактерияны бөліп алып, бұл микробты аурудың қоздырушысы деп тауып, оны Bacillus larbae деп атады.

Қоздырушысы – Bacillus larbae. Америкалық шірімемен жұмысшы және аналық аралардың жетілген баланқұрттары, сирегірек еркек араның балапан құрттары ауырады. Баланқұрттарға әдетте қоздырушының споралары жұғады. Ұя ішінде ауруды асыраушы және тазалаушы аралар таратады. Ауру бір ұядан екінші ұяға сұғанақ, яғни "ұры", аралар арқылы беріледі.

Жасырын кезеңі 3-7 күн. Бастапқыда жекелеген балапан кұрттар зақымданды да, кейіннен олардың саны көбейе түседі. Ауру қуыршақтар әдетте жабық ұяшалардың ішінде өліп қалады, нәтижесінде ұяшаның беткі балауыз қабығы ойыстанып 2-3 жерден тесіледі. Күн өтке сайын мұндай құбылыстар көбейіп, кәрез /сота/ беті ала-кұла түске енеді. Ауруға шалдыққан қуыршақтар сарғыштанып, кейін қоңырқай түске еніп, қараяды. Сыртқы қабығы бүлініп, шірійді де /қоймалжың/, ағаш желімінің исіне ұқсас күлімсі иіс шығарады. Сірікенің шиімен іліп алып созғанда, жіп сияқты 10-15см дейін созылады.

Балау. Клиникалық белгілерілері арқылы алдын ала диагноз қояды. Ал түпкілікті диагнозды зертханады қояды.

Емі. Ауырған араларды таза басқа ұяларға көшіріп, қантты 1:1 катынасында кайнап түрған суға ерітіп, суығаннан кейін 1л қант ерітіндісінің 100 мл мөлшеріне келесі дәрі ертінділерінің бірін қосады. Олар: 1-2 г норсульфазол, 2 г сульфантрол, 2 г сульцимид, 500 ӘБ биомицин немесе стрептомицин, 400 ӘБ неомицин, тетрациклин.

Ауру шыққан жағдайда омартаға, айналасы 5-7км алқапты қоса карантин койылады. Карантинді келесі жылы, омартаны тексергенде шіріме болмаса алады.

Еуропалық шіріме (Европейский гнилец) немесе зілсіз шіріме, ашық өсін шірімесі – 4-7 күндік балапан құрттардың жаппай қырылуымен сипатталатын бал арасы ұясының жұқпалы ауруы.

Қоздырушысы – Streptococcus pluton. Ауру қоздырушысы бал арасы мен жабайы ара үшін зардапты, адам мен жылы қанды жануарларға зияны жоқ. Қоздырушының таралуына сумақай аралар, адасқан аралар, ара үйірінің ұшып кетуі мен орын ауыстыруы себеп болады.

Жасырын кезеңі 1,5-3 күн. Ауруға тән белгілер: өсін ала-құла болады, ашық балапан құрттар өледі, жаңадан зақымданған балапан құрттардың түсі сары, шіріген иіс шығады, жабысып созылмайды, өлген балапан құрттардың денесі ұяшыққа жабыспай, әртүрлі жерінде /түбінде, қабырғасында, бетінде/ орналасады.

Балау. Клиникалық белгілерінің негізінде және диагнозды анықтау үшін зертханаға зақымданған кәрездің бір кесегін жібереді.

Емі. Америкалық шірімені емдегендей ем қолданылады. Егер бір ұядан ауру шықса карантин жариялап, омартадағы барлық ара ұяларын мұқыят тексереді. Ауырған ұяны оқшаулап, омартадан 3-5км алып кетіп, америкалық шіріме кезіндегідей емдік және сауықтыру шараларын қолданады. Бұл ауруда да карантин бір жылдан кейін алынады.

Бақылау сұрақтары: 1. Балық ауруларын балау және дауалау шаралары 2. Америкалық және Еуропалық шірімені ажырата балау. 3. Еуропалық шірімемен күресу жолдары. 4. Бранхиомикоздың негізгі клиникалық белгілері?