Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД Эпиз каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.86 Mб
Скачать

Құс аурулары

Ньюкасл ауруы (Morbus Newcastle, ньюкаслская болезнь, псевдочума) – тауық тұкымдасына жататын кұстардың бәріне тән тыныс жолдары, ас қорыту мүшелері мен жүйке жұйесін зақымдайтын аса жұғымтал ауру.

Бұл ауруды алғаш рет ағылшын ғалымы Доиль 1927 жылы Ньюкасл қаласы маңында байқан осыған орай оны осы қаланың атымен "Ньюкасл ауруы" деп атады.

Қоздырушысы - парамиксті вирустар туыстастығына жататын РНҚ-лы вирус. Вирустың табиғи штамдарының зардаптылық қасиеттері әр түрлі болады және соған байланысты аурудың клиникалық белгілері мен таралуы да әр түрлі болады.

Ньюкасл ауруымен көптегн үй және жабайы тауық тұқымдастар ауырады. Жиірек тауық, ал сирегірек күрке тауық, қырғауыл, мысыр тауығы, бөденелер ауырады. Сау құстар көбінесе ауруға шалдыққан құстармен аралас жүргенде немесе вирус жүққан жем-судан, кұрал-сайманнан, балапан шығатын жұмыртқадан жұқтырып алады.

Аурудың жасырын кезеңі вирустың енген жолына, оның уыттылығына, құстын жасы мен күтіміне байланысты болады. Әдетте ол 2-6 күн, ал кейде 2-3 аптаға дейін созыуы мүмкін.

Ауырған құс аяғынан тұра алмай құлап, тұруға әлі келмей қалады. Кейбіреулері бүйірімен жатады. Мойындарын ирелендету, басын кекжиту, мойнын басын біресе арқасына, біресе бауырына алып сіңірлері тартылып, салданады. Салдану барысында сілекейін жұтына алмағандықтан олардың аузынан сілекейлері ағып жатады. Өкпелік ағымында негізінен тыныс алу жолдары зақымданады.

Ауру өте жіті өткенде балапандардың өлексесін сойып карағанда карынның етті бөлігі мен сөл шығаратын жағы екіге бөлініп, қанталап тұрады. Ток ішектін ісініп, соқыр ішектің тармақталатын тұсының үлкейгені, ішектің ішкі қабығының қабынғаны, тік ішектің кілегей бездері мен қабығына ұсақ дақ түрінде немесе жолақтанып қан құйылғаны айқын көрінеді.

Ауру өзіне тән, кәдімгідей өткенде оны анықтау онша қиын емес. Ауырған тауықтарды мұкият карап, бірнеше өлексені сойып, тексеріп көрсе болғаны. Ауруды балау негізінен зертханалық зерттеу арқылы ауру қоздырушысын бөліп алу, оның зардаптылығын және гемагглютинациялаушы қасиетін анықтау және кұстың қанында өзіне тән бейтараптаушы антиденелердің барлығына көз жеткізу арқылы жүргізіледі. Осы өлген эмбрионның аллантоис қуысынан алынған сұйықтан ауру қоздырушысын ГАР, БР, ГАТР реакцияларымен анықтайды.

Ауруды жұқпалы тұмау, жұқпалы ринотрахеиттен, пастереллезден, уланудан ажырату керек.

Бұл аурудың емдеу жүйесі жасалмаған. Ауырып жазылған және вакцина егілген құстардың бойында ауруға қарсы иммунитет пайда болады.

Ауру пайда болғанда шаруашылыққа карантин жариялап, індет толық жойылғаннан кейін 30 күн өткен соң алынып тасталады.

Инфекциялық ларинготрахеит (Laringotracheitis infectiosa, инфекционный ларинготрахеит) – қатарлы және фибринді-геморрагиялық ринит, трахеит, коньюнктивит, тыныстың тарылуымен сипатталатын жұғымтал ауру.

Ауруды алғаш рет АҚШ-та Мей және Титслер (1925) сипаттады.

Қоздырушысы - Gallid (alpha) herpesvirus 1 құрамын-да ДНҚ бар герпесвирустар туыстастығына жатады.

Табиғи жағдайда жұқпалы ларинготрахеитпен тауық, қырғауыл, күрке тауық және мысыр тауығы ауырады. Аурудың негізгі таралу жолы аэрогенді.

Ауру қоздырушысының бастауы ауру және ауырып жазылған құстар.

Жасырын кезеңі 2-20 күн. Ауру жіті, жітілеу және созылмалы өтіп, ларинготрахеитті коньюнктивитгі түрде білінеді.

Ауырған тауық күйзеліп аппетиті болмайды, козғалысы шектеледі. Өз еркімен отырған кұс кырылдаған, шиқылдаған үздік-создық дыбыс шығарады. Көмейі мен кеңірдектің экссудатпен бітелуі тынысына бөгет болып, кұс аузын ашып дем алады.

Аурудың ларинготрахеиттік түрі кезінде көмейдің ішінде тығыздалған казеозды бөлінділер, ал тыныс жолдырының өне бойында кеңірдек пен бронхаларды бітеген кілегейлі қан аралас ұйынды бодады. Ауруға тән індеттанулық, клиникалық деректер, патологоанатомиялық өзгерістер жұқпалы ларинготрахеитке күдік тудырғанмен тұжырымды диагноз қоюға жеткіліксіз. Ол үшін зертханалык тексеру жүргізу кажет.

Ауырып жазылған құста иммунитет қалыптасады. Қолдан иммундеу үшін тірі вакциналар колданылады. Жұқпалы ларинготрахеит байқалғанда шаруашылыққа шектеу қояды. Ауырған және күдікті кұсты өлтіріп, құс қораны, сою цехын мұқият дезинфекциялайды. Ауру жойылған сон, 2 ай өткенде барлық сауықтыру шараларын жүргізіп барып, шаруашылықтан шектеуді алады.

Нейролимфомотоз, Марек ауруы (Моrbus Marek, болезнь Марека) – ішкі ағзаларды ісік шалып, шеткері жүйке жүйесінің қабынуымен сипатталатын тауық тұқымдастығының созылмалы өтетін вирус ауруы.

Ауруды алғаш рет полиневрит атауымен Венгр ғалымы Марек /1907/ сипаттады.

Қоздырушысы - Маreks disease gammaherpessvirus герпесвирустар туыстастығына жатады, құрамында ДНҚ бар.

Негізінен тауық ауырады, әсіресе 2 аптаға дейінгі балапандар бейімірек келеді. Басқа құстардан үйректің, күрке тауықтың, аққудың, қырғауылдың, құрдың Марек ауруына шалдығатыны туралы деректер бар.

Сау құсқа ауру кұстың жанасуы арқылы, кейбір тоғышар жәндіктер арқылы және әртүрлі сыртқы ортадағы жұғу факторлары арқылы, сонымен қатар тікелей жұмыртқа арқылы да беріледі.

Ауру созылмалы және жіті түрде өтеді. Жасырын кезеңі жіті түрінде бірнеше күннен 4 аптаға дейін, ал созылмалы түрінде 5 аптадан 7 айға дейін созылады.

Аурудың негізгі белгілері: күйзелу, жүруінің қиындауы, тынысының тарылуы, көздің шапыраш қабығының бозғылт тартуы, салдану, дененің сусыздануы және арықтау.

Патологоанатомиялық өзгерістер. Созылмалы өткен кезде зардаптанған аяқтардың нервтері зақымданады. Нерв талшықтары жуандап, сұрғылттанады (қалыпты жағдайда олар тегіс жылтыр ақ болып келеді), ішкі мүшелерде, негізінен аналық және бездерде, ісік байқалады.

Ауру жіті өткенде өлекседе ісік ішкі ағзаларда, теріде, бұлшық еттерде кезігеді. Орталық және шеткері жүйке жүйесі өзгеріске ұшырап, зақымданған жүйке жуандап, ісініп, сары түске енеді. Іш қуысындағы мүшелердегі өзгерістер дәнекер ұлпаның пролиферацялык ұлғаюымен сипатталады.

Балау індеттанулық деректерді, клиникалық белгілерін, патологоанатомиялық өзгерістерді ескере отырып жүргізілген зертханалық /вирусологиялық, серологиялық, гистологиялық/ зерттеулердің нәтижелеріне негізделеді.

Емдеу әдістері анықталмаған. Ауырып жазылған құстарда стерилді емес иммунитет түзіледі.

Ауру шыққан шаруашылыққа шектеу қойып, 5-10% құс ауруға шалдықса барлық құсты сойып, қораларды жақсылап дезинфекциялап, санациялық үзілістен кейін сау құстар әкелінеді.

Орнитоз (Оrnithosis, орнитоз) – құстардың тыныс алу мүшелерін зақымдумен сипатталатын зооантропанозды хламидиялық респираторлық ауру.

Басында бұл ауруды пситтакоз (тоты құс) деп атады, ал кейінірек пситтакоз деген сөзді алып тастап тек орнитозды ғана қалдырды.

Қоздырушысы – Chlamydia psittaci - хламидиялар тұқымдастығына жататын коктар тәрізді микроорганизм.

Орнитозбен көбіне тоты құс пен көгершін ауырады және олар ауру қоздырушысының сақтаушылары болып есептеледі.

Аурдың негізгі жұғу жолы респираторлық, сонымен катар алиментарлық жолмен де жұғады. Халимидиялар трансовариальдік жолмен де беріледі,

Жасырын кезеңі 3 күннен 3 айға дейін немесе одан да ұзақ болуы мүмкін. Аурудын өзіне тән клиникалык. белгілері жок, көбінесе инаппарантты жасырын инфекция ретінде өтеді. Әдетте жіті байқалғанда, кұстың, әсіресе жас балапандардың іші өтіп, өлім көрсеткіші жоғары болады.

Өлекседегі ауруға тән өзгеріс бауыр мен көкбауырдың ұлғайуымен, әр жерінде өліеттенген ошақтар мен қанталаулардың кездесуімен сипатталады.

Балау індеттанулык /індеттанулық және эпидемиологиялык/ деректерді, аурудың клиникалық және патологоанатомиялық белгілерін ескере отырып, лабораториялық тексерулердің нәтижесіне сүйенеді.

Емі. Антибиотиктерді оның ішінде ең жақсы нәтиже беретін тетрациклин қатарындағы антибиотиктер (террамицин, диобимицин) қолданылады. Ауырып жазылған құста аз уақытқа ғана иммунитет қалыптасады. Аурудың алдын алуға байланысты дауалаулық /вакцина/ препараттар әлі жоқ.

Ауру шыға қалған жағдайда құс шаруашылығы мен питомнигіне шектеу койылады. Құстардың барлығы серологиялық немесе аллергиялық әдіспен орнитозға тексеріледі. Шектеу аурудың соңғы рет білінгенінен 6 ай өткен соң алынады.

Пуллороз (Pullorosis, пуллороз/ – 3 апталыққа дейінгі балапандардың паренхиматозды ағзаларында көптеген сұрғылт-ақ өліеттенген ошақтардың пайда болуымен, ал ересек тауықтарда аурдың жасырын өтуімен және микроб алып жүрушілігімен сипатталатын жұқпалы ауру.

Қоздырушысы - Salmonella рullorum gallinarum.

Табиғи жағдайда тауық пен күрке тауық ауырады. Көбінесе 8-9 күндікке, кейде 14 күндікке дейінгі балапандар. Ауру трансовариалды және алиментарлы жолмен жұғады. Ауру жылдың кез келген мезгілінде байқалады, бірақ көбінесе қыс-көктем уақыттарында жиірек кездеседі.

Ауру балапанның азыққа тәбеті болмай, әлсіз болды. Тынысы жиілеп, тоқтаусыз іші өтеді, нәжісі ақшыл түсті, сұйық және жабысқақ болады. Кілегейлі қабықтары мен айдарының көкшіл тартқаны байқалады. Балапандар жылы жерге ұйлығып, бір-біріне тығыла береді. Ауру трансовариальді жолмен жұққан жағдайда балапандар 1-3 күндігінде өліп қалады. Балапандардың бауыры мен көкбауыры ұлғайып, катаралды энтерит пен ішек-карынның кілегейлі қабыктарының қанталауы байқалады.

Балау. Тірі кезінде диагноз қою үшін ересек тауықтарда жасырын өтетін инфекцияны қан тамшысымен агглютинация реакциясында /ҚТАР/ Артемичев аспабында анықтайды, қажет болғанда бактериологиялық зерттеулер жүргізеді.

Індет пайда болған жағдайда шаруашылыққа шектеу енгізіп, ауру құстарды жояды. Қалғандарына антибиотиктер қолданады. Шектеуді шаруашылық сауықтырылғаннан кейін 3 ай өткен соң алады.

Құс тұмауы (Grippus avium, грипп птиц) – септицемия, домбығу, тыныс және ас қорыту мүшелерінің зақымдануымен ерекшеленетін жұғымтал ауру.

Ауруды алғаш рет Италияда Перрончито (1880) «тауықтың сүзегі» деген атпен сипаттады.

Қоздырушысы – Influenza A influenza virus ортомиксовирустар туыстастығына жататын, құрамыңца РНК, бар, сүтқоректілер мен құстарға ортақ тұмау вирусының А тобына жатады.

Құстың тұмауы эпизоотия /індет/ және энзоотия түрінде байқалады. Тұмаумен барлық үй, синантроптық және жабайы құстар ауырады. Шаруашылыққа құстың тұмауының вирусы жеммен, құрал-жабдықтармен әкелінеді, әсіресе жұмыртка мен құс етін салған ыдыстар қауіпті болады. Ауру негізінен тыныс жолдары арқылы беріледі, бірақ сонымен қатар, ауыз, тері асты, бұлшық ет арқылы енгізгенде де беріледі.

Жасырын кезеңнің, ұзақтығы 2-5 күн. Ауру әдетте жіті кейде жітілеу өтеді. Жіті байқалғанда дене қызуы 43-440С көтеріліп, күйзелгені байқалады, жұмыртқалауын тоқтатады, тыныс алу, қарын, ішек зақымданады, іші өтіп, айдары мен сырғалары көкшілденеді, ауырған құстар тез арада (20-40 сағ.) өліп кетеді. Өлім көрсеткіші 80-100% шейін жетеді.

Патологиялық-анатомиялық өзгерістер. Өзіне тән белгілері бас, мойын, жұткыншак, кеуде терісінің астында сарғыш-қызыл қанталаған жалқақтар кездеседі. Сонымен қатар жүрегінде, ішкі ағзаларында жаппай немесе жекелеген қанталаулар болады.

Балау. Індеттік ерекшеліктері, клиникалық және патологоанатомиялық белгілері бойынша тұмауға тек алдын-ала диагноз қоюға болады. Тауықтан серологиялық тексеру үшін қанды екі мәрте, аурудың әртүрлі кезеңінде алады. КБР, БН, ҚТГАР (РТГА).

Емі. Аурудың емі табылған жоқ. Түмауға шалдыққан кұсты емдеу тиімсіз. Індеттің жайылып кету қаупінен сактанып, ондай құсты тез жойып, өртеп жібереді. Ауырып жазылған құста 6 айға дейін стерильсіз иммунитет қалыптасады. Аурудың алдын алу үшін тұмаудың А типіне қарсы өлтірілген гидроокись алюминий вакцинасын, сонымен қатар сұйық және құрғақ өлтірілген вакциналарды қолдану ұсынылған.

Ауру шыға қалғанда шаруашылыққа карантин қойып, оны соңғы құс ауырып немесе жазылғаннан кейін, қорытынды дезинфекция жасап 21 күннен кейін алады.

Бақылау сұрақтары: 1 Ньюкасл ауруына қарсы қолданылатын вакциналар. 2 Инфекциялық ларинготрахеит кезіндегі өлекседегі өзгерістер. 3 Құс ауруларын ажырата балау. 4 Құс ауруларын дауалау ерекшеліктері.

29 дәріс

ЕТҚОРЕКТІЛЕР МЕН ТЕРІСІ БАҒАЛЫ АҢДАРДЫҢ АУРУЛАРЫ

Еткоректілердің обасы (Pestis carnivorum, чума плотоядных) – қызба, тыныс және ас қорыту жолдарының, көздің кілегейлі қабығының қабынуымен, терінің бөртуімен және орталық жүйке жүйесінің зақымдануымен сипатталатын аса жұғымтал ауру.

Коздырушысы – Саnine distemper morbillivirus парамиксовирустар тұкымдастығының морбилливирустар туыстастығына жатады, құрамында РНК бар.

Обамен жыртқыш аңдар мен иттер жасына, тұкымына карамай ауырады. Әйтседе жас кезінде сезімталдығы жоғары болады. Әсіресе иттің күшігі 12 айға дейін, терісі бағалы андар 5 айға толғанша жиі ауырады. Ауру респираторлық және алиментарлық жолмен жұғады.

Жасырын кезеңі итте 2-3 апта, терісі бағалы аңдарда 10 күннен 30 күнге дейін, кейде 3 айға созылады. Ауру жіті, жітілеу, созылмалы және үзікті түрде өтеді.

Алғашында дененің қызуы көтеріліп, 1-2 күн, кейде 1-2 апта сақталады. Кейіннен қызуы қайтып, аздап қайталанып тұрады. 1-1,5 айлық күшіктің қызуы аздап қана көтеріледі, немесе мүлде болмайды. Дененің қызынуымен бірге жануар күйзеліп, дел-сал болып, дірілдеп, жасқаншақтанып, қансары кұрғап, тәбеті болмайды. 2-3 күнне кейін танауынан серозды-кілегейлі, содан соң ірінді сора ағып, құрғағанда мұрыны бітеліп қалады. Ит жөтеліп, түшкіріп, пыскырынып, аяғы мен тұмсығын үйкейді. Тынысы пысылдап, жиілейді.

Патологоанатомиялық өзгерістер негізінен аурудың клиникалық түрі мен асқынуына байланысты болады. Жоғарғы тыныс жолдарында қатарлы немесе іріңді қабыну, ал өкпеде-сұрғылт қызыл тығыздалған қабыну немесе аталектаз ошақтары байқалады.

Еткоректілердің обасына диагноз індетганулық деректердін, патологоанатомиялық өзгерістердің, зертханалық зерттеулердің нәтижелері негізінде койылады. Серологиялық реакциялардан КБР, ДПР, ИФТ, ИФР қойылады.

Емі. Арнаулы қан сарысуы шығарылмайды. Аурудың бастапқы кезеңінде қызылшаға қарсы кан сарысуының глобулинін пайдалануға болады. Қосалқы микробтарды тежеу үшін антибиотиктер мен сульфаниламидтерді егеді. Диетаны жақсартады. Ауру жануарлардың жағдайына байланысты

Ауырып жазылған иттер қайтып өте сирек жағдайда ауырады. Әр түрлі вакциналар колданылады: 668-КФ, ЭПМ, Вакчум, Канивак және т.б. Карантин соңғы рет ауру немесе өлім жағдайы байқалған сон 30 күн өткенде қортынды дезинфекция жасалынып алынады. Карантин алған соң итті 1,5 ай, ал терісі бағалы аңды 6 ай өткен соң әкетуге рұқсат етіледі.

Күзеннің Алеут ауруы (Моrbus Аleutiса lutreolarum, Алеутская болезнь норок) – арықтап, көтерем болып, ерні мен ұртының кілегейлі қабықтары ойылып, қанауымен сипатталатын, иммундік кешендерден туындайтын, созылмалы өтетін жүғымтал ауру.

1956 ж. алғаш сипаттап жазған американ ғалымдары – Хартсаф және Горем болды.

Қоздырушысы - парвовирустар тұқымдастығының парвовирустар туыстастығына жатады, құрамында РНҚ бар. Ауруға күзен мен сасық күзен бейім. Қоздырушы ауыз арқылы, ауамен, аңдар бірін-бірі тістегенде тері арқылы, күшіктеріне енесінің жатырында жұғады. Жасырын кезеңі, 6-150 күндей. Ауру жіті, созылмалы жасырын түрде өтеді. Созылмалы болған жағдайда аңдардың күйі нашарлап, ауыз қуысының кілегейлі қабығында қанталаған уытты жаралар пайда болады күзен тез жүдеп, аузынан, мұрыннан қан ағып, кілегейлі қабықтары бозарып, нәжісі қара майға ұқсап, шектен тыс шөлдейді. Ауырған аң бүйректің қызметінің бұзылуынан және қосалқы инфекциядан (сальмонеллезден, псевдомоноз, т.б,), шектен тыс арықтаудан (кахексия) өледі.

Өлген күзенді сойып қарағанда көрінетін ауруға тән өзгерістер: кахексия, көкбауырдың, бүйректің, бауырдың, ұлғаюы. Көк бауыр тығызданып 5-10 есе ұлғаяды.

Балау. Індеттанулық деректер, клиникалық белгілері, патолого-анатомиялық өзгерістері ескеріліп иммуноэлктроосмофорез реакциясымен /ИЭОФР/ серологиялық зерттеу жүргізіледі. Сонымен қатар гистологиялық тексеру де құнды нәтиже береді.

Өзіне тән емдік препараттар жоқ, тек симптоматикалық ем колданылады. Алеут ауруына қарсы иммунитет қалыптаспайды. Негізгі төл беретін аңдардың тобынан 3 рет ИЭОФР бойынша теріс нәтиже алынғанда шаруашылық сауыктырылды деп өсептелінеді. Жаңадан әкелінген күзендер 30 күн карантинге койылып, ИЭОФР бойынша тексеріледі.

Бақылау сұрақтары: 1. Етқоректілер обасының клиникалық байқалу ерекшеліктері. 2. Күзеннің Алеут ауруын балау әдістері. 3. Күзеннің Алеут ауруының індеттанулық ерекшеліктері. 4. Етқоректілер обасының алдын алу үшін қандай вакциналар қолданылады?

30 дәріс