Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД Эпиз каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.86 Mб
Скачать

Шошқаның дезентериясы, вирусты гастроэнтериті, жұқпалы сему риниті

Шошқа дизентериясы (Dіsenteria suum, дизентерия) – жұғымтал келіп, тоқ ішектің дифтериялы-геморрагиялық және өліеттенулік қабынуымен, қан аралас іш өтумен, арықтауымен ерекшеленетін жұқпалы ауру.

Ауруды алғаш анықтап жазған 1921 жылы американ ғалымы С.Р. Дойль болды. Итальян ғалымы Ронкаллидің (1975) мәліметтеріне қарағанда ауру жер жүзінің барлық елдерінде кездеседі. Алғашқы анықтап жазғаннан кейінгі 50 жыл ішінде бұл аурудың негізгі қоздырушысы анықталмағандықтан, баспа бетінде әртүлі атпен (вибриоз, балантидиоз, спирохетоз, т.б.) аталып келді.

Қазақстан Республикасының шошка шаруашылыктарында бұл ауру кездесіп тұрады және айтарлықтай шығынға ұшыратады.

Қоздырушысы – Borrelia hyodisenteria - Treponemataceae тұкымдастығының Borrelia туыстастығына жатады.

Дизентерияға шошқалар жасына, тұқымына қарамастан бейім келеді. Бірақ қалыпты жағдайда көбінесе 1-6 айлық торайлар жиірек аурады. Ауру жылдың кез-келген уақытында шығуы мүмкін болғанмен, көбінесе күзгі-қысқы маусымда жиірек кездеседі.

Ауру коздырушысының бастауы - ауру, ауырып жазылған микроб алып жүруші шошқалар. Ауру сау шошқаларға, оларды ауру немесе микроб алып жүруші шошқалармен бірге ұстағанда, не ауру малдар тұрған қораларды дұрыс тазалап зарарсыздандырмай, оған сауларын қамаған жағдайдарда жұғады. Ветеринариялық-санитариялық ережелерді сактамаған жағдайда іңдет жем-су, төсеніш, құрал-сайман, күтуші кызметкерлер арқылы таралады. Ауру негізінен қорек жолы аркылы жұғады.

Боррелийлер шошқа организміне қоректік жолмен енгесін тоқ ішекке жетіп, оның кілегейлі кабығына жабысады. Бактериялардың белгілі бір бөлігі өліп, олардан кілегейлі қабықты тітіркендіретін аллергендер бөлініп шығады. Оның әсерінен кілегейлі қабық қабынып, оның өткізгіш қабілеті өзгеріп, қоздырушылар көптеген мөлшерде ішектің терең қабаттарына еніп, ол жерде морфологиялық өзгерістер туғызады.

Аурудың жасырын кезеңі 2 тәуліктен 3 айға созылуы мүмкін. Клиникалық белгілердің біліну және болу уақытына байланысты аурудың аса жіті, жітілеу созылмалы түрлерін ажыратады.

Аурудын жіті түрінде әуелінде аздап қызуы көтріліп /40-40,5°С/, кейіннен қалпына келеді, ал кейбір малдарда қызу 41°С дейін жетіп, 2-3 күн сол деңгейде болады. Ауру шошқалардың азыққа тәбеті төмеңдеп, кейде құсып, шөлі қанбай, жүрісі бүзылады. Малдың нәжісінің түрі өзгеріп, әуелі сарғыш-сұр кейіннен сұйылып, шырыш, қан араласып, күңгірт-қоңыр түске боялады. Қан аралас іші өту көбінесе сақа шошқаларда кездеседі, ал 6 аптаға дейінгі торайларда сирек болады. Бірақ оған қарамастан торайларда ауру зілді түрде өтіп, 100% шығынға ұшыратады.

Өлексе сусызданған, арық және негізгі өзгерістер қарын мен тоқ ішекте кездеседі. Аурудын жіті түрінде қарынның, аш ішектін кілегейлі қабығы қызғылт тартып, шырышпен жабылады, ал тоқ ішектің кілегейлі кабығында геморрагиялык, кабыну кездеседі. Тоқ ішектің қабырғасы, шарбысы, шарбы бездері ісінеді. Ішектің ішіне қоңыр не кызғылт сұйық жиналады.

Ауруды іңдеттанулық клиникалық патологиялық-анатомиялық деректерге және гистологиялық микробиологиялық зерттеулердің нәтижесінде анықтайды.

Емдеу үшін көптеген дәрмектер пайдалыналады. Оларға осарсол, ветдипасфен, нифулин, тилан, фармазин, трихопол жатады.

Ауырған шошқаларда дизентерияға иммунитет түзілмейді. Бірақ қанында антиденелер байқалады.

Дауалау мақсатында шаруашылықта тиісті ветеринариялық-санитариялық ережелерді қатаң сақтап, жаңадан әкелінген шошқаларды карантинде ұстап, дизентерияға тексереді. Ірі шошқа кешендеріңде мал басын өз есебінен толықтырып, ал бордақылау кешендерінде малдарды соңғы 2-3 жылда дизентериядан сау шаруашылықтардан алады.

Ауру шыға қалған жағдайда, шаруашылық дизентериядан сау емес деп анықталып, шектеу енгізіледі. Жүргізілетін шаралардың жоспары жасалынады. Осыған сәйкес қан аралас іші өтіп, катты ауырып тұрған шошқаларды оқшаулап, союға жібереді. Шаруашылықты соңғы дизентериямен ауырған шошқаны бөлгеннен кейін 3 ай өткесін аурудан ада деп есептейді.

Шошқаның вирустық гастроэнтериті (Gastroenteritis infektiosa suum, вирусный гастроэнтерит свиней, ВГЭС) – аса жұғымтал қатарлы-геморрагиялық гастроэнтерит, құсу, іші өту, сусызданумен ерекшеленетін, әсіресе 10 күнге дейінгі торайларды көп шығынға ұшырататын ауру.

Бұл індетті алғаш 1946 ж. АҚШ ғалымдары Доиль мен Хатчингс шошқаның трансмиссивті (яғни берілетін деген мағынада) вирустық гастроэнтериті деген атпен анықтап, жазды. Кейіннен оның 1956 ж, Жапонияда, 1957 ж. Англия мен Данияда, одан кейінгі жылдары барлық Европа елдерінде кездесетіні анықталды.

Қоздырушысы – Transmissible gastroenteritis virus кұрамында РНҚ бар Согоnаvіridae тұкымдастығыньің Согоnаvirus туыстастығына жататын полиморфты вирус.

Ауруға негізінен шошқа бейім келеді. Әсіресе туғаннан кейінгі алғашқы 10 күндік торайлар өте сезімтал.

Ауру коздырушысының бастауы – ауру және аурудан айыққан шошқалар.

Аурудың берілу факторларына ауырып жазылған шошқаларды сойғандағы салқындатылған ет, сойыс қалдықтары, ластанған жем-су, көлік, кұрал-сайман, қи сияқты сыртқы ортаның объектілері жатады. Ауру сау малға негізінен қорек жолы арқылы жұғады, бірақ сондай-ақ ауа-тамшы жолымен де зардаптануы мүмкін.

Қоректік жолмен енген вирус негізінен аш ішектің кілегейлі қабығына орналасады. Әсіресе вирус аш ішектің кілегейлі кабығын қаптаған цилиндр тәрізді эпителийге еніп, олар вирустың әсірінен 3-4 сағаттың ішіңде бұзылады. Вирус 12 сағаттан кейін қанға еніп, денеге тарап, жайылып, әсіресе өкпе ұлпасында өсіп-өнуі мүмкін. Бірақ негізгі өзгерістер аш ішекте болады. Аш ішектің кілегейлі қабығының цилиңдр тәрізді эпителиі вирустың әсерінен жаппай бұзылып, оның орнына куб тәрізді немесе аласа эпителий торшалары түзіледі, соның әсерінен зарарланғаннан кейінгі 36 сағаттың ішіңде ішек бүртіктері семіп, аласарады.

Аурудың жасырын кезеңі бірнеше сағаттан 1-3 күнге дейін созылады. Індеттік жағдайға, иммунитеттің деңгейіне қоздырушының уыттылығына, шошқалардың жас мөлшеріне карай аурудың өтуі мен клиникалық белгілері әртүрлі болады.

Ауру алғашында мегежіндердің арасында байқалып, кейіннен торайларға ауысады. Ауру мегежіндердің аздап дене қызуы көтеріліп 40-40,7°С, іші өтіп, жем-шөпке карамай, кұсып, салмағын жоғалтады, сүті азайып, кейде сүт бөлмеуі де мүмкін (агалактия). Қалыпты жағдайда, қосалкы инфекциялар мен асқынулардан сау болғанда, ауру мегежіндердің көпшілігі 3-5 күннен сауығады. Өлім сиректеу болады, ал асқынған жағдайда шығын 2-4 %-ке жетеді.

Өлекседегі негізгі өзгерістер ас қорыту жүйесінде кездеседі. Торайлардың өлексесі сусызданған, қарын қуысы көбінесе ұйыған сүтке толы болады. Қарынның кілегейлі қабығы кілегейлі немесе геморрагиялық қабынып, ойық жаралар кездеседі. Аш ішектің қабырғасы жұқарып, кілегейлі қабығында кілегейлі не геморрагиялық қабынулар кездесіп, бүртіктері ісініп, өліеттенеді. Аш ішектің қуысында қорытылмаған сүттің іріміктері, көпіршіктенген қоймалжың сұйык, газ кездеседі.

Балау. Ауруды індеттанулық, клиникалық, патологиялық-анатомиялық деректерге, гистологиялық, вирусологиялық, серологиялық зерттеулерге сүйеніп аныктайды.

Ауырып жазылған шошқаларда екі жылға созылатын иммунитет түзіледі. Қазіргі кезде белсенді иммундеу мақсатында әр елдерде вакциналар шығарыла бастады. Өлтірілген вакцинаның иммундік қасиеті төмендеу болып шықты. Сондыктан көбінесе әлсіретілген тірі вакциналар пайдаланылады. Бұрынғы КСРО-да ВГНКИ штаммынан торша өсіндісінде алынған құрғақ вирус вакцина колданылады.

Арнайы емдік дәрі-дәрмектер жоқ. Қосалқы бактериялық инфекциялардан қорғау үшін антибиотиктер, сулъфаниламидтер, нитрофуран дәрмектері пайдаланыдады.

Сау шаруашылықтарда жалпы ветеринариялық қорғау, шектеу шараларын ережеге сай, уақытында жүргізу керек.

Ауру шыға қалған жағдайда шаруашылықты сау емес де, анықтап, онда қатал түрде шектеу шараларынн енгізеді. Аур шыққан шошқа қораны бөлектеп, оған арнайы көлік және қызметкерлер бекітеді. Оларды ауыстыратын (кем дегенде 2 дана) жүмыс киімімен, аяқ киімімен камтамасыз етеді. аруашылык вирустық гастроэнтеритпен соңғы ауырған шошқа өлгесін, не айыққасын, не етке өткізгесін 21 күн өткеннен кейін, тиісті ветсанитариялық шараларды жүргізгеннен кейін, індеттен ада деп есептелініп, шектеу алынады.

Жұкпалы атрофиялық ринит (Rhinits atrofika infektiosa, инфекционный атрофический ринит) – созылмалы түрде өтіп, танаудың кілегейлі кабығының сірі-ірінді қабынуымен, кенсіріктің семуімен және бас сүйектерінің өзгеруімен ерекшеленетін жұқпалы ауру.

Алғаш болып ауруды 1830 ж. неміс ғалымы Франк сипаттады. Ұзақ уақыт бойына ол жұкпайды деп есептелінді. Л. Радтке 1938 жылы ауру жануардан алынған материалмен сау торайларды тәжірибе жүзінде жұқтырып аурудың жұқпалы екенін дәледеді. Бірақ көп уақытқа дейін оның негізгі коздырушысы анықталынбады.

Қоздырушысы - Воrdеtеllа bronchiseptiса Вrucellaceaeе тұқымдастығының Воrdеtеllа туыстастығына жатады.

Қалыпты жағдайда ауруға шошқалар жасына карамай бейім келеді, алайда клиникалык белгілері 1-2 айлық торайларда анық білініп, олар жиірек шалдығады. Сондай-ақ бұл ауруға қоян, егеуқұйрық, тышқан, теңіз шошқасы сияқты кемірушілер бейім келеді. Аурумен сиректеу ит, қой, құлын ауырады.

Ауру қоздырушысының бастауы ауру шошқалар, олар оны сытртқы ортаға жөтелгенде, түшкіргенде, танаудан аққан сорамен бөліп шығарады. Сақа шошқалар көбінесе жасырын ауырып, қоздырушының таралуына себепші болады. Табын ішінде ауру негізінен ауа арқылы тарайды. Сау шаруашылыққа індет көбінесе жасырын ауру малмен, әсіресе тұқымдық малмен енеді.

Ауру қоздырушысы шошқа денесіне ауамен бірге еніп, танаудың кілегейлі қабығын қабындырады. Қабыну деңгейі жалпы шошқа организмінің ауруға қарсы тұру қабылетіне, фосфорлы-кальцилі зат алмасудың бұзылуына, витаминдердің жетіспеушілігіне (әсіресе Е витамині), әртүрлі қосалқы микрофлораланың қатысуына байланысты болады.

Аурудың жасырын кезеңі 7-15 тәулік. Ауру негізінен баяу өршіп созылмалы түрде өтеді. Бас сүйегінің бет бөлігіндегі деформациялық өзгерістер пайда болғанға дейінгі аурудың клиникалық белгілері өзіне тән болмайды.

Әдетте торайлар ауруға, туғаннан кейінгі алғашқы күндері шалдығады. Аурудың алғашкы белгілері - зарарланғаннан кейін 7-12 тәулік өткесін торайлар жиі түшкіріп, танаудың кілегейлі қабығы қабынып, сора ағады. Қатты закымданған жағдайда танаудан қан ағады. Кейіннен танаудан аққан сора кілегейлі -іріңді болып, көзінен жас ағып, төменгі кабағы ісіп, көздің ішкі бұрышында қара дақтар пайда болады.

Басқа торайларда аурудың белгілері, яғни, танау кенсірігінің және бас сүйектің беттік бөлігінің семуі анық байқала бастайды. Ауру торайлардың көппшілгінің каңсарының арт жағының терісі қыртыстанып, жиырылып, төменгі ерні жоғары қайқайып, малдын жем жеуін киындатады. Танау кеңсірігінің екі жағы бірдей закымданғанда торайдың тұмсығы жоғары қайқайып (мопсовидность), кежірейеді, ал бір жағы зақымданған торайдын жоғарғы жақ сүйегі бір жағына (не оңға, не солға) қарай кисаяды.

Өлексені сойғанда міндетті түрде бас сүйегінің беттік бөлігін ұзыннан және көлденеңнен аралап кесіп, тексеру керек. Аурудың бастапқы кезеңінде танау қуысында қою шырыш жиналып, оның кілегейлі қабығына қан толады. Аурудың соңғы кезеңдерінде әсіресе аурудың жасырын не анық білінбейтін түрінде әр түрлі дәрежедегі танау кеңсірігінің семуі анықталып, кейде жоғарғы жақ сүйектің қысқарғаны байқалады.

Балау. Аурудың өзіне тән клиникалық белгілері болған жағдайда балау қою қиынға түспейді. Сондықтан ауруды балағанда індеттанулық деректер, клиникалық белгілер және өлексені, не арнайы өлтіріп сойғандағы зардапты өзгерістер ескеріледі.

Емдеу ауру жана басталған кезінде нәтиже беруі мүмкін. Осы мақсатта антибиотиктерді, сульфаниламидтерді D витаминін пайдаланады.

Ауырып жазылған сақа шошкалар қайталап ауырмайды, және олардың қанын торайларды дауалауға пайдалануға болады. Жапонияда, АҚШ-та өзіндік дауалау үшін тірі және өлтірілген вакциналар қолданылады.

Ауруды дауалауда шошқалардың күтімін, жемін дұрыс үйымдастырып, ветеринариялық-санитариялық ережелерді катаң сактау қажет. Ауру шыға қалған жағдайда шаруашылық атрофиялық риниттен сау емес деп есептелініп, шектеу енгізіледі.

Шаруашылыктан шектеуді табындағы малдан ауру мал бөліну тоқтағаннан кейін және негізгі мегежіндерден екі соңғы туғанында алынған торайлар атрофиялық ринитпен ауырмаған жағдайда бір жыл өткекнен кейін алады.

Бақылау сұрақтары: 1 Дизентерияның негізгі індеттанулық ерекшеліктері. 2. Атрофиялық сему ринитінің клиникалық белгілері мен өлекседегі өзгерістері. 3. Вирустық гастроэнтерит кезінде мал жасына байланысты арудың клиникалық көріністерінің айырмашылықтары қандай? 4. Ауески ауруын алдын алу үшін қандай вакциналар қолданылады? Атрофиялық сему ринитін дауалау шаралары.

25-26 дәріс