Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД Эпиз каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.86 Mб
Скачать

Індеттік лимфангит, ринопневмония, тұмау

Індеттік лимфангит немесе мандам (Lіmphangіtіs epіzootіca, эпизотический лимфангит, блостомикоз, африканский сап) – созылмалы өтетін, терінің сөл тамырлары мен тері асты шелінің қабынып, ірінді жараға айналуымен ерекшеленетін жылқы тектес жануарлардың жұқпалы ауруы.

Індетті лимфангит 4 ғ. бері белгілі. Бірақ ұзақ уақыт оны маңқамен шатастырып келді. Ауру қоздырушысын 1873ж. итальян ғалымы С. Ривольта жылқының іріңінен бөліп алды. Қазіргі уақытта ауру Азия мен Африка континенттерінде, анда - санда Қазақстанда ұшырасады.

Қоздырушысы – бір торшалы санырауқұлақ Hіstoslasma farcіmіnosum (Crіptoroccum farcіmіnosus) – іріңдеген тері тері мен сөл тамырларында сопақша келген денешіктерінің екі ұшы үшкілденіп бітеді де, сыртында қосарланған қабығы болады.

Індетті лимфангитке жұмыр тұяқты жануарлар: жылқы, қашыр, есек, пони шалдығады, кейде онымен түйе де ауырады. Жылқының жас мөлшері ауруға ешқандай әсер етпейді, сөйтсе де 6 айға дейінгі құлындар ауруға осал болады.

Ауру қоздырушысының бастауы болып ауру малдар саналады. Олардың абсцесса жараларынан аққаніріңмен бірге қоздырушы бөлініп, қоршаған ортаны ластайды. Сау малдың денесіне микроб көбінесе жарақаттанған тері арқылы ауамен алиментарылқ жолмен, ал кейде жыныс мүшелері арқылы берілуі де мүмкін.

Шаруашылықтарда індетті лимфангит шыға қалса, ол салыстырмалы түрде баяу тарайды. Ауруға көбінесе бір-екі мал немесе біраз мал бірден шалдығады. Мандам жыл мерзімінің кез келген уақытында байқалады, ал аса өршіп қозатын мерзімі күз және қыс айлары. Бұл аурудан малдың өлім көрсеткіші 10-50 пайызға жетеді.

Алғашқыда дерт процесі терінің сырт қабатында дамып, бұршақ дәніндей ірінді түйіндер пайда болады. Егер дененің төзімділігі жоғары болса, инфекциялық процесс одан әрі дамымайды. Мандам түйіндері қауашақтанып, онда тұз жиналады да, қоршалады, біразы солып, тартылып қалады, ал кейбірі жарылып,іріңі аққан соң ұзамай жазылып кетеді. Қоршалған түйіндегі криптококтар 14-45 тәулік арасында өледі.

Жасырын кезеңі тым ұзақ 1-3 айға дейін созылады. Аурудың өрбуі баяу 2-8 айға дейін, кейде тіпті бір жылдан астам. Жалпы дерттің дамуы зілсіз және зілді деп бөлінеді.

Зілсіз дамығанда терінің әр жерінде, әсіресе шоқтығында, мойнында, басында, кейде ұмасы мен қынында, сырттан көрінетін кілегейлі қабықтарында бидайдың үлкендігіндей қатты түйіндер пайда болады. Ұзамай олардың көлемі үлкейіп, жұмсарады да, біртіндеп жарылып орындарында жара пайда болады. Зақымданған орындардағы сөл тамырлары жуандап, қатайып, сырттай білініп, сипағанда бойындағы түйіндер білініп тұрады. Әлбетте манындағы сөл түйіндері үлкейіп, сипағанда қатайғаны сезіліп, ауырсынады. Кілегейлі қабықтары зақымданса сүр түсті түйіндер пайда болып, кеңірсектен болмашы ірінді сора ағады. Жалпы ауырған малдың күйі инфекция жеңіл дамығанда өзгермейді, ауру 2-4 айға созылып, ақыры жазылады.

Ауру зілді өрбісе дененің әр жерінде жүзден астам ірінді түйіндер пайда болып, олар тек теріде ғана емес, тері асты шелінде де құрылады. Көпшілік түйіндер өзара өзек арқылы жалғасып, кейінірек қосылып, жарылған кезде үлкен терең жаралар пайда болады. Олар ұзақ уақыт іріңдеп жазылмайды. Әсіресе сирақтардың зақымдануы көпке созылады. Кейін дәнекер ұлпалар өсіп, жазылған аяғы шамадан тыс жуандап, шораяқтанады. Ауырған мал селқостанып, ыстығы көтеріледі, тез ариды. Ауру 6-8 айға созылып, зілді түрі негізінен малдың өлуіне әкеп соғады.

Өлексенің терісінде көптеген іріңді түйіндер мен жаралар болады. Сөл тамырлары жуандап, көрініп тұрады. Маңындағы сөл бездері үлкейіп, іріндеген, кейбірі жарылған. Танаудың кілегейлі қабығында, жыныс мүшелерінде бозғылт-сары түсті түйіндер ұшырасады. Дәл осындай іріңді түйіндерді өкпеден, бауырдан, көкбауырдан да табуға болады.

Ауру індеттанулық деректерді, клиникалық белгілерін жинастырып, талдау негізінде снықталады. Оған қосымша ірінді микроскоппен қарайды. Жарылмаған түйіндегі ірінді боямай-ақ төсеніш шыныда физиологиялық ертіндімен араластырып, болмаса 10% күйдіргіш натрий ерітіндісіне салып қарайды. Егер ірінде криптокок табылса, аурудың балауы дұрыс болғаны.

Ажыратып балау клиникалық белгілері және індеттанулық деректер негізінде маңқадан айырады. Қажет болса маллеинмен "көз байқауы" реакциясы арқылы тексереді.

Емі. Індетті лимфангитті емдемейді, ауру малдарды жояды.

Иммунитет. Лимфангитпен ауырып жазылған жылқыларда өмірлік иммунитет қалыптсады. Белсенді иммундеу үшін әлі вакцина жасалынбаған.

Дауалау және күресу шаралары. Аурудан сақтандыру үшін шаруашылық территориясының індеттік ақуалын үнемі мұқият қадағалап отырады. Басқа жақтан әкелінген жылқыларды дауалау карантиніне қойып, тыңғылықты тексеріп шығады, кілегейлі қабықтарын, теріні арнайы қарап, көреді. Бағып күткенде, мініп-түскенде жануарлардың жарақаттанбауына қолайлы жағдай жасайды. Егер, шаруашылықта ауру шыға қалса, онда территория сау емес деп жариялап, карантин ұйымдастырады. Карантиннің шарты бойынша мал әкелуге, әкетуге, оларды ферма ішінде ары-бері ауыстыруға, сау жылқылармен бірге жаюға, пішуге, бие сауып, қымыз ашытуға тиым салынады. Ауру малдарды өлтіріп, терісін алмай жояды. Карантинді ең соңғы ауру мал құртылып, ақырғы рет сау мал тексеріліп, дезинфекция жасалынған соң 3 ай өткенде алады.

Жылқы ринопневмониясы (ринопневмония лошадей) немесе биенің вирустық іш тастауы – қызбамен, коньюктивитпен, тыныс алу жолдарының кілегейлі қабығының қатаралды қабынуымен және кенеттен буаздығының екінші жартысында іш тастауымен, сипатталатын вирусты ауру.

ХІХ ғ. ортасына дейін жылқының бұл ауруын тұмау деп қарастырып келді. 1933 жылдары оны АҚШ-та Димок пен Эдварс тыныс жолдарының қабынумен қатар жылқылардыңжаппай іш тастайтындарын байқады, ал 1936 жылы олар оның қоздырушысы вирус екндігін дәлелдеп берді.

Қоздырушысы – Герпес вирус жылкы герпесвирустарының бірінші типіне /ЖГВ-1/ жатады, кұрамында РНҚ бар.

Ауруға жылқы, есек, қашыр тұкымына жынысына, жасына карамай шалдығады. Әйтседе жас құлындар мен асыл тұқымды жылқылар сезімтал келеді.

Ринопневмонияның вирусы ауру жылкының қанында танаудан аққан сорада болады да, жануар пыскырған кезде аэрозоль ретінде ауаға шашырайды. Буаз биенің шаранасында вирус мол шоғырланады да, іш тастаған кезде сыртқы ортаға бөлінеді. Тастаңды төл, шу және шарана негізгі жұғу факторы болып табылады.

Жасырын кезеңі 2-10 күн. Ринопневмонияның 4 түрі: респираторлық, абортивтік, жыныстық және жүйкелік түрі бар.

Ауру респираторлық түрде өткенде ересек жылкының жоғарғы тыныс жолдары қабынып, ыстығы 40°С кейде одан да жоғары болады және дене қызуы 2-3 күн бойы болады. Кейде температураның көтерілуі 8-10 күндері қайталануы мүмкін. Негізінен ауру жеңіл өтеді. Егер жылқылыр буаз болса /Абортивтік түрі/ онда олар 8-11 айлығында, әсіресе 10 айлығында құлын тастайды. Жыныстык түрі. Биенің жыныс мүшелеріне ауру коздырушысы герпес вирус айғырдан немесе гематогендік жолмен қан аркылы келеді. Бие мен айғырдың сырткы жыныс мүшелерінде кілегей қабықтары гиперемияланып, қолдыраған бөрткендер болады, кейінірек олар ақ дақтарға айналады.

Ринопневмонияны клиникалық балау қиын, себебі клиникалық белгілері болмауы да мүмкін, ал болса ол басқа вирустік инфекцияларға, әсіресе тұмауға ұқсас болып келеді. Сондықтан да балау тек зертханалық зерттеудің негізінде қойылады.

Емі әлі әзірленбеген. Асқынулар болмас үшін әдеттегі дозада сульфаниламид препараттарын және антибиотиктерді қолданады.

Иммунитет қысқа уақыттқа ғана қалыптасады. Ондай ауырып жазылған малдың 3-6 айдан кейін иммунитеті жоғалып қайта ауруы мүмкін.

Ауру байқалған шаруашылыққа шектеу енгізіледі. Биелерді тек қана айғырсыз, қолдан ұрықтандырады. Ауру биелерді бөліп алып құлындағанға дейін бөлек ұстайды. Жем-шөптің қалдығын, көңді, тастанды төл мен шуын өртеп жібереді. Аурудың алдын алу үшін тірі өсінді вакцина қолданылады. Шектеуді ең соңғы мал жазылғаннан кейін және буаздылықтың екінші жартысында іш тастаулар байқалмаса 2 айдан кейін алады.

Жылқы тұмауы (Grippus equorum, грипп лошадей) – тыныс алу мүшелерінің закымдануымен және дененің оқтын-октын қызынуымен ерекшелінетін, жіті өтетін, аса жұғымтал ауру.

Жылқының тұмауын алғаш рет 1933 ж. Я.Е. Коляков пен Д.Н. Рожнов сипаттады, қоздырушы вирусын 1956 жылы Чехословакияда О. Совинова мен В.Тумова бөліп алды. Ауру дүние жүзінін көптеген елдерінде кездеседі.

Қоздырушысы - Infjuenza A influenzavirus, ортамиксовирустар туыстығының инфлуэнцавирус түкымдастығына жатады.

Табиғи жағдайда тумаумен жылқы жасына, жынысына қарамай ауырады. Құлындарда ауру ересектерге қарағанда қаттырақ өтеді. Ауру қоздырушысының бастауы - тұмауға шалдыққан жылқы. Індет негізінен аэрогенді жолмен жұғады. Тұмауға тән белгілер: жұұғымталдылық, тез таралу және 2-4 жыл сайын қайталанып отырылу.

Жануарлардың ауруға шалдығу көрсеткіші вирустың тиісті типіне қарсы иммунитетке, күтіміне, қоңдылығына байланысты 10%-дан 100%-ға дейін жетеді. Ауа райы колайсыз, күтімі нашар болған жылқы 1-3 күнде жаппай ауруға шалдығып, тұмау өкпенің қабынуымен аскынады.

Тыныс алған кезде тыныс жолына түскен вирус үшін кілегейлі қабыктар инфекция қақпасы болып табылады. Қоздырушы кілегейлі қабықтың цилиндрлі эпителийіне енін, өсіп-өнгенде бұл торшалардың ыдырауына әкеліп соқтырады.

Вирус тек қана жоғарғы тыныс жолдарында ғана емес өкпе ағзасында да орын тебеді. Сондықтан да негізгі патологиялык өзгерістер өлген жануардың өкпесіннен табылады.

Жасырын кезеңі 1-3 күн, кейде 5-7 күнге созылады. Ауырған жылқы алғашында пысқырып, күйзеліп, көзі мен танауының кілегейлі қабықтары гиперемияланып, жұткыншақ сөл түйіндері ұлғайып, жөтеледі. Денесінің, ыстығы 40-41°С-қа көтеріліп, ол 3 күнге дейін сақталады.

Тұмаудың клиникалық белгілері малдың күтіміне, иммунитеттің деңгейіне, қоздырушының биологиялық қасиеттеріне байланысты әртүрлі байқалады. Ауа райы суық, ылғалды болса ауру шиеленісіп, бактериялық инфекцялармен асқынады.

Өлген жылқының жоғарғы тыныс жолдары мен көздері катарлы қабынады. Кілегейлі қабықтары ісініп, домбығады. Тері асты шелі домбығып, кейде қанталайды. Өпкесі домбығып, әр жерде қабынған кызғылт-күрең түсті телімдер кездеседі. Олар әртүрлі болып, кейде өкпенің бір бөлігін тұтас қамтиды. Тіліп қарағанда қабынған телімдердің түсі сұрғылт, ішінде кілегейлі -іріңді бөліндісі болады.

Балау. Диагноз індеттанулық деректердің, клиникалық, паталогиялык-анатомиялық белгілердің және зертханалық зерттеулердің нәтижелеріне сүйеніп қойлады

Емі. Ауырған жылқыны оқшаулап, күтімін жаксартады. Тұмау жеңіл өткенде бірнеше күн жақсылап күткенде ешқандай емсіз-ақ аурудың беті кайта бастайды. Тұмау бактериялық инфекциялармен асқынғанда антибиотиктер мен сульфаниламид препараттарын колданады, сонымен қатар симптоматикалык ем шаралары жүргізіледі.

Тұмаумен ауырған жылқыда бір жылға дейін иммунитет қалыптасады. Тұмауға карсы өлтірілген адьювантты вакцина колданылады.

Тұмау байқалған шаруашылыкта карантин енгізіліп, аурудың тарап кетпеуіне бағытталған шаралар жүргізіледі. Крантинді ең сонғы ауырған жылқы жазылғаннан кейін, қораға қорытынды дзинфекция жасап барып алады.

Бақылау сұрақтары: 1 Індеттік лимфангиттің негізгі клиникалық белгілері. 2 Жылқы тұмауын емдеу шаралары. 3 Індеттік лимфангиттің індеттанулық ерекшеліктері. 4 Жылқының ринопневмониясына диагноз қалай қойылады?

23 дәріс