Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД Эпиз каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.86 Mб
Скачать

Вирустық диарея, инфекциялық ринотрахеит

Ірі қара малдың вирустық диареясы (Diarrhea viralis bovum) – дене қызуының көтеріліп, ас қорыту жолдарының кілегейлі қабығының ойылып, қан аралас іш өтуіменен, конъюнктивит және ринит арқылы ерекшеленетін жіті өтетін жұқпалы ауру.

Ауру 1946 жылы АҚШ-та анықталып, оның қоздырушысын П.Олафсон ашты. Бұрынғы Кеңес өкметіне оның ішінде Қазақстанға (Балхаш өңірі, Бақанас) сиырдың сантогертруда асыл тұқымымен келді. Қазақстанда алғаш рет К.Н. Бучнев пен Керімбеков 1973 ж. анықтады.

Қоздырушысы – Bovina virus diarrhea pestivirus, Togaviridae тұкымдастығының Pestivirus туыстасығына жатады РНҚ-лы вирус.

Вирустық диареямен табиғи жағдайда сиыр, буйвол, бұғы және елік аурады. Ірі кара әдетте 2 айдан 2 жасқа дейінгі аралықта аурады, жана туған бүзаулар мен сака сиырлар ауруға сирек шалдығады.

Ауру коздырушысының бастауы ауруға шалдыққан жануарлар, олар жазылғаннан кейін де 4 ай бойы вирус алып жүреді. Ересек сиырларда ара-тұра іш тастау арқылы байқалатын жасырын инфекция болады. Негізгі жұғу жолы алиментарлық, кейде аэрогендік жолмен немесе тумай тұрып жатырда жұғады.

Вирустық диарея маусымдық ауруға жатады: аурудың байқалуы қазан-қараша-желтоқсан айларында байқалады, қаңтарда аурудың байқалуы ең шыңына жетеді, ал сәуірден қазанға дейін індеталды тыныштық байқалады.

Ас қорыту және тыныс жолдарына түскен вирус кілегейлі қабыктардың эпителийінде көбейіп, канға өтеді де, лейкоциттерге жабысады. Вирусты бейтараптаушы антиденелер пайда болып, олар қанға түскенде виремия тежеледі. Вирус қан мен сөл арқылы сөл -түйіндеріне және басқа да лимфоидты мүшелерге жетіп, шоғырланады. Сөл түйіндерінде, көк бауырда, Пейер түйіндерінде жас торшалар өліп, көбею орталықтары дегенерацияға шалдығады. Өліеттену әсірсе Пейер түйіндерінде едәуір болады.

Инкубациялық кезеңі 2 күннен 3 жұмаға дейін. Ауру жіті, жітілеу, созылмалы және жасырын өтеді.

Жіті өткенде малдың дене қызуы 40,5-42,20С көтеріліп, күйзеліп, тәбеті төмендейді. Танау қуысының кілегейлі қабығын қан кернеп, кейінірек сора аға бастайды. Ауыздың кілегей қабықтарында қызғылтым дақтар, эрозиялар пайда болады. Кейіннен ойылып, қызылшақаланып, бетінде сұрғылт түсті бүркеніш пайда болады. Ауыздан қоймалжың сілекей ағады.

Қаңсарда, танау тесігінде, кынапта ойылымды жарақаттар кездесуі мүмкін. Дененің ыстығы көтерілген кезде канда лейкоциттер саны күрт төмендейді. Біраз күннен кейін іші өтеді. Іші өту көбінесе бұзауларда байқалады. Нәжісі сұйық, исі жағымсыз, газ көпіршіктері, қан мен жалқақ араласады. Жүні ұйпаланып, үрпиіп, қатпарланып, қайызғактанып, қабыршақтанады. Жөтел пайда болып, көзден жас ағады. Кейде аяғы ақсап, жануар жатқан жерінен қиналып тұрады, жүргенде зорға қозғалып, алдыңғы аяқтарын бір-бірінен алшақ ұстайды. Тұяқтарының, арасындағы терісі қолдырап, ойылады. Буаз мал іш тастайды. Диарея 4 аптаға дайін созылып, мал шектен тыс арып, өледі.

Негізгі патологиялық-анатомиялық өзгерістер ас қорыту жолдарында кездеседі. Қансардан бастап ұртында, ауыз қуысында, тілінде, жұтқыншақта, өнешінде, ұлтабарында, ащы ішегінің кілегейлі қабықтарында көптеген, әрқайсының диаметрі 1-5 мм, эрозиялар болады. Мұндай ойылымдар кейде алдыңғы карындарда да кездесуі мүмкін.

Соқыр ішек пен тік ішек жалғасып кетеді және оны Баудин заслонкасы (Баудиновая заслонка) деп атайды және ол ең негізгі аурудың өзіне тән белгісі деп есептелінеді. Аш ішекте өліеттену мен ойылым Пейер түйіндерінің кілегейлі кабықтарында орналасады.

ІҚМ вирустық диареясына балау клиникалык, індеттанулық деректерді, патологиялық-анатомиялық өзгерістерді есекере отырып, міндетті түрде зертханалық зерттеу жүргізу аркылы іске асырылады.

Зертханаға патматериалды симптомдары айқын, ауыра бастағанына 2-3 күн болған малдан, не болмаса әдейі аурудың жіті кезеңінде сойып, алады. Ауру малдан стерильді тампонмен танаудағы бөліндіні, қанын, ауыздың ойылған кілегейлі кабығының қырындысын алады. Қан сарысуын ДПР, КБР, БР бойынша вирустык диарея антиденелеріне тексереді.

Өзіне тән емі жоқ. Негізінен симптоматикалық емдік шаралар қолданылады. Малдың күтімін жаксартып, сіңімді жұмсақ азықтар береді. Ауру ауыр өткенде емнің нәтижесі шамалы және тиімсіз болып табылады.

Ауырып жазылған малда берік иммунитет калыптасады. Бұзау енесінің уызы арқылы антиденелер алады. Қазақстанда және басқа елдерде де бұл ауруға қарсы басқа да пневмоэнтериттер (парагриип, ринотрахеит, рео- және аденовирус инфекциялары), хламидиоздар, лептоспироз, пастереллез т.б. әртүрлі үйлесімді поливалентті вакциналар қолданады.

Ауру шыға қалғанда, вирустық диареяға шалдыққан малды жедел оқшаулап, індетті одан әрі таратпай және ауру мал арыктамай тұрғанда уақтылы сойып алған дұрыс. Індет басылғанша маддардың орын ауыстыруына тиым салынып, қатаң шектеу қояды. Қораны күн сайын мұқият тазалап, дезкнфекциялайды.

Инфекциялық ринотрахеит (Rhinotpacheitis infektiosa bovum, инфекционный ринотрахеит крупного рогатого скота) – қызуы көтеріліп, жоғарғы тыныс жолдарының қатарлы-өліетті қабынуы және жыныс мүшелерінің зақымдануы арқылы ерекшеленетін, жіті өтетін инфекциялық ауру.

Бұл ауру 1950 жылдары АҚШ-та белгілі болды. Бастапкыда ол екі дербес ауру ретінде карастырылды: біріншісін жыныс мүшелерін закымдайтын жұқпалы пустулалы вульвовагинит десе, екіншісін тыныс жолдарын қамтитын ринотрахеит деп келді. 1958 ж. J. Gillespic әріптестерімен екі аурудың да қоздырушысы бір ғана герпесвирус екенін дәлелдеді. Қазақстанда індет Целиноград ауданы Рождественнка селосында алғаш рет 1977 жылы тіркелді.

Қоздырушысы – (Bovid (alpha) herpesvirus 1) герпесвирустар туыстастығы мен тұқымдастығына жататын ДНҚ-лы вирус.

Табиғи жағдайда тек қана ірі қара аурады. Қолдан ешкі мен шошқаға жұқтыруға болады. Сиырдың барлық тұкымдары бейім, бірақ етті тұқымдарда ауру күштірек өтеді. Ересектеріне қарағанда жас мал бейімірек келеді, әсіресе 2 айдан бастап 1,5-2 жасқа дейінгі аралықта, сонымен қатар жатырдағы төлде ерекше сезімтал келіп, вирустың әсерінен тез өліп, буаз мал іш тастайды.

Ауру коздырушысының бастауы ауырған және аурып жазылған мал. Қоздырушының берілу факторларына: вируспен ластанған ауа, су, жемшөп, төсеніш, сүт, шәует, күту саймаңдары, көлік жабдықтары жатады. Ал, ауру малмен жанасқан жәндіктер, құстар, адамдар оның механикалық тасымалдаушылары болады. Вирус малға аэрогендік жолмен, ал шағылысу кезінде тікелей жанасу арқылы жұғады.

Вирус денеге аэрогендік жолмен енгенде негізінен аурудың респираторлық түрі, ал жыныс жолдарымен жұққанда генитальдік түрі дамиды.

Тыныс және жыныс жолдарының кілегейлі қабығына түскен вирус эпителий торшаларына енеді де, онда көбейіп, торшалардың тіршілігін жойып, сыдырылып түсуіне әкеліп соқтырады. Бұдан қабыну реакциясы туындап, кілегейлі кабыктың бетінде бастапкыда ұсак, кейіннен недәуір өліетгенген телімдер пайда болады. Вирус лейкоцитгерге жабысып, қанға өтеді де, вирусемияның нәтижесінде жануардың күйі нашарлап, ыстығы көтеріледі. Вирус плацентарлык, гематоэнцефальдік тоскауылдардан өтіп кеткенде ми, жатыр және ондағы төл закымданады. 2-6 айлық бұзауларда энцефалит байқалуы мүмкін, ал буаз сиырлар іш тастайды.

Инкубациялық кезеңі 2-ден 7 күнге дейін. Клиникалық байкалуы коздырушы вирустың денеге ену жолына, жануардың физиологиялық жай-күйіне және жасына байланысты. Әдетте ауру жіті өтеді, бірден ыстығы көтеріліп 40-42°С жетеді, тәбеті төмендеп, тез арыктап, сауын сиырдың сүті қайтады.

Жалпы аурудың екі түрі болады:

  1. Респираторлық тыныс мүшелері закымданады (ринотрахеит), көзі закымданады (коньюнктивит, кератоконьюнктивит). Көбінесе респираторлық түрі кездеседі.

  2. Генитальдік жыныс жолдары қолдырап бөртеді.

Жануардың тынысы тарылып, ентігеді, шынтақ буындарын сыртқа шығарып, аузын ашып аузымен дем алады, аузынан сілекей ағады. Қаңсарысы қанға кернеліп (гиперемияланады), кызарады, оны "кызыл танау" деп атайды.

Патологиялық-анатомиялық өзгерістері. Қаңсарысы құрғақ және жоғарғы тыныс алу мүшелерінде домбығып, ісіну және өліеттенген телімдер, ойылым жаралар және қан құйылуылар болады. Бауырда өліеттенген (жалпақтығы 2см тереңдігі 1см) ошақтар болады. Генитальдік түрінде көбінесе өзгерістер жыныс органдарында болады.

Балау. Індеттанулық, клиникалық, патологоанатомиялық өзгерістері арқылы алдын-ала диагноз қойса, ал, түпкілікті диагноз - зертханалық зерттеулердің негізінде жүргізіледі.

Зертханада вирусты бұзаудың бүйрегіндегі өсіндіде, сиырдың эмбрионының бүйрегі немесе талағындағы өсіндісінде өсіріп БР, РИФ реакцияларында ажыратады.

Емі. Өзіне тән қан сарысуын қолданады. Қосалқы инфекциялар асқынбауы үшін антибиотиктер мен сульфаниламидті препараттардың тиімділігін ескере отырып қолданады. Оларды аэрозол немесе егу арқылы да пайдалануға болады.

Иммунитет. Белсенді иммунитет қалыптасады. Өлітірілген және тірі вакциналар қолданылады.

Дауалау және алдын алу шаралары. Сырттан келген малдарды 30 күндік дауалаулық карантинге қояды. Ауру шыққан жағдайда карантин жарияланып, тиесілі шаралар жүргізілгенен кейін 30 күн өткесін алынады. Карантин жарияланған шаруашылықтан бұқаның шәуәттәрі сиырларды ұрықтандыруға 2 айдан кейін ғана алынады.

Бақылау сұрақтары: 1 Вирустық диареяда байқалатын негізгі клиникалық белгілер. 2 Инфекциялық ринотрахеитті емдеу щаралары. 3 Екі ауруды ажырата балау.

19 дәріс