- •Мазмұны
- •1 Оқытушылар туралы мәлімет:
- •2 Пән туралы мәлімет:
- •Сабақ уақытын vіі семестр бойынша бөлу
- •Сабақ уақытын vііі семестр бойынша бөлу
- •3 Пререквезиттер
- •4 Постреквезиттер
- •5 Курстың қысқаша сипаттамасы:
- •6 Курстың мазмұны
- •6.1 Дәріс сабақтарының тізбесі
- •6.2 Зертханалық-тәжірибелік сабақтарының тізбесі
- •7 «Індеттану және инфекциялық аурулар» пәні бойынша сөж тапсырмаларын орындау және тапсыру кестесі
- •Сөж ұйымдастыру бойынша ұсыныстар
- •8 Әдебиеттер тізімі
- •8.1 Негізгі әдебиеттер
- •8.2 Қосымша әдебиеттер
- •9 Курстың саясаты
- •10 Білімді бағалау жөніндегі ақпарат
- •11 Бағалау саясаты
- •Пән бойынша білімді бағалау сұлбасы
- •Картасы
- •Курс глоссариі арнайы терминология
- •Дәрістер тезистері
- •Кіріспе. Пәннің мақсаты мен міндеттері. Инфекциялық аурулардың сипаттамасы
- •Қазақстан Республикасындағы індеттік жағдай
- •Иммунологиялық икемділік пен иммунитеттің індеттанулық мәні
- •Індет процесі және оның қозғаушы күштері
- •Індетке қарсы шаралар. Жалпы және арнайы шаралар
- •Дезинфекция, дезинсекция, дератизация
- •Жекеше індеттану
- •Топалаң
- •Туберкулез
- •Бруцеллез
- •Құтырық және ауески ауруы
- •Лептоспироз, листериоз, некробактериоз
- •Пастерелез. Микоздар және микотоксикоздар. Шешек
- •Туляремия, сіреспе, ботулизм
- •Қарасан, паратуберкулез, кампилобактериоз
- •Оба, ала өкпе, лейкоз
- •Вирустық диарея, инфекциялық ринотрахеит
- •Қой және ешкі аурулары
- •Инфекциялық энцефаломиелит және инфекциялық анемия
- •Індеттік лимфангит, ринопневмония, тұмау
- •Шошқаның кәдімгі және африкандық обасы. Шошқа тілмесі
- •Шошқаның дезентериясы, вирусты гастроэнтериті, жұқпалы сему риниті
- •Төл аурулары
- •Құс аурулары
- •Балықтардың және бал араларының аурулары
- •Зертханалық-тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Патологиялық материалға жолдама құжаты
- •2 Тапсырма.
- •3 Тапсырма.
- •Жануарлар сальмонеллезінің қоздырушылары
- •Сальмонеллалардың індеттанулық сипаттамалары
- •Әдістемелік нұсқауы
- •Курстық жұмыстың алдын-ала ұсынылған тақырыптары
- •Курстық жұмыстың құрылымы
- •Студенттердің өзіндік жұмысына араналған материалдар Мазмұны
- •Қысқаша әдістемелік нұсқау
- •Күнделік пен есепті толтыру тәртібі
- •Індеттану және инфекциялық аурулар
- •Білімді бақылау материалдары Емтихан сұрақтарының тізімі
- •Авторлары: Муханбеткалиев е.Е., Ибрагимов р.М., Щурихин б.Г.
Оба, ала өкпе, лейкоз
Ірі қара мал обасы (Pestis bovum, чума крупного рогатого скота) – өлі тію түрінде, кілегейлі қабықтардың, әсіресе ішек-қарынның кілегейлі қабықтарының, ісініп өліетгенуі, дене қызуының көтерілуі арқылы ерекшеленетін, жіті өтетін вирустық ауру.
ІҚМ обасының отаны болып Орталық Азия есептеледі. Орталық Азиядан бұл инфекция XV ғасырда Еуропаға әкелініп, одан ол кең көлемде таралып кетті. Аурудың жұқпалы екендігін Рамазини (1711) аныктап, кейіннен М.Г. Тартаковский (1895) және Н.Ф. Гамалея (1896) дәлелдеді. Қоздырушысын 1902 ж. Николь мен ӘділБей ашты.
Қоздырушысы – Rinderpest morbilli virus- кұрамында РНҚ бар парамиксовирустар тұқымдастығыныя Моrrbillivirus туыстастығына жататын вирус.
ІҚМ обасымен сиырдан басқа енеке (зебу) және буйвол ауырады. Сирек жағдайда қой, ешкі, түйе және жабайы күйістілерде де байқалады. Бұл ауру кейбір шошқа тұкымдарына да жұғуы мүмкін. Мұндай жағдайда ондай шошқалар ауру қоздырушысының бастауы әрі резервуары болады.
Табиғи жағдайда обаның қоздырушысы денеге ас қорыту жолдары, танау қуысының кілегейлі қабығы, көз конъюнктивасы аркылы енеді. Вирус сау малға ауру малдан жайылымда бірге жайылып жүргенде жұғады.
Вирус алиментарлык жолмен енген қанға өтіп, бүкіл денеге тарайды. Бірақ ол негізінен сөл түйіндерінде, сүйек майында, өкпеде, тыныс және ас қорыту жолдарының кілегейлі қабықтарында көбейеді және де соның салдарынан әр түрлі мүшелерде сепсиске тән өзгерістер туындап, қан тамырларының зақымдануынан жаппай қанталау байқалады. Ас қорыту жолдарының кілегейлі қабықтары ісініп, гиперемияланады, эпителийі өліеттеніп, сыдырылып түсіп қалады, ал оның асты қызылшақаланып (эрозии), ойылады (язва).
Инкубациялық кезеңі 3-17 күн. Ауру әдетте жіті, кейде аса жіті, жітіден төмен және үзілмелі түрде өтеді. Қой, ешкі және түйе ауыра қалған жағдайда көбінесе үзілмелі не өшкін түрінде байқалады.
Аурудың бастапкы белгісі - дене кызуының 41-42°С-қа көтерілуі. Тәбеті төмендеп, ішек-қарында атония байқалады, шөлдей береді, сауын малдың сүті қайтады, 2-3 күн өткесін ауыз қуысының кілегейлі қабығында ауруға тән өзгерістер байқалады. Бастапқыда гиперемияланған телімдер, кейіннен бозғылт-сарғыш дақтар пайда болады.
Алғашқыда олар тығыз болады да, соңынан жұмсарып, ыдырайды да бірнеше жерінен ойылады. Ойылған жерлердің түсі алқызыл, шеттері тегіс емес болады. Ауыздан шұбырып сілекей ағады. Көздің коньюнктивасы қызарып, қабақтары домбығып, көзден жас ағады. Көздің мүйіз қабығы кей жағдайда күнгірттенеді /помутнение/, көздің алдыңғы камерасында экссудат жиналады.
Ринит, вульвит, вагинит байқалады. Жануар бастапқы 3-4 күңде қозбалы келеді, кейіннен селқостық пайда болады. Жүні үрпиіп, бұлшық еті босаңсиды. Тамыр соғысы мен тыныс алуы жиілеп, ентік пайда бодады. Жөтеледі, кейбір бұлшық еттері жыбырлап, жануар тісін шықырлатып, ыңыранады.
Өлексе өте арық болады. Құйрығы мен санындағы тері нәжісімен былғанған. Тері асты шелі домбығып, әр жерінде қан құйылулар байқалады. Қан сұйылып, қара қошқылданып, нашар ұйыйды. Ауыз қуысының, аңка мен көмекейдің кілегейлі қабықтарында сұрғылт, сары қабыршақ болады, ал оның астында алқызыл ойылым болады.
Құрсақ, қуысындағы сұйықтық қызғылт түсті. Шажырқай сөл түйіндері үлкейіп, қанталаған. Ұлтабардын қабырғасы калындап, суланған, ішінде жағымсыз иісті қоңырқай сұйық болады, кілегейлі қабығы домбығып, қатпарланып, қанталаған. Өліеттенген эпителий сұрғылт сары түсті қабыршақтанып, оңай сыдырылады, астында қызыл шақа ойылым көрінеді. Аш ішектің қабырғасы домбығып, гиперемияланып, крупозды геморрагиялық қабынуға ұшырайды, кілегейлі қабығы ойылып, ішектің ішінде фибринді бөлінділер кездеседі.
Обаға диагнозды індеттанулық деректерін, клиникалық белгілерін, патологиялық-анатомиялық өзгерістерін және зертханалық тексеру мен бейім жануарларға қойылған биосынаманың нәтижелерін ескеріп қояды.
Емі. Обамен ауырған малды емдеуге тиым салынады. Ауырған мал сойылып, өлексесі өртеледі.
Ауырып жазылған малда өмірлік иммунитет қалыптасады. Ауырып жазылған және вакцина егілген сиыр уызы арқылы бұзауына иммунитет береді. Оның ұзақтығы 5-6 ай, ал кейбір деректер бойынша 11 ай. Обаға қарсы ЛТ штамынан даярланған тірі құрғақ вакцина қолданылады. Иммунитет 3 жылдан асады.
Обаны болдырмау үшін шекаралық аймақты қатаң бақылап, ауру шығу қаупі төнген сәтте бейім жануарларды жедел егу керек. ІҚМ обасы шыға қалған кезде елді мекенге карантин койып, малдын қай түлігі болмасын ол жерден әкетуге тиым салынады. Тәулік бойы кезекшілік бекітілген күзет койылады. Барлық сиыр малын- колда ұстап бағады.
Карантин соңғы ауырған малды жойғаннан соң 21 күннен кейін алынады. Ол жерден мал әкетуге карантин алынғаннан кейін 5 айға дейін шектеу қойылады. Бұл мерзім өткенде шеттен обаға бейім малды әкелуге рүқсат етіледі.
Ала өкпе (Рlеurорnеumоnіа соntagiosa bovum, мәлік, ІҚМ жұғымтал плевропневмониясы, повальное воспаление легких крупного рогатого скота) – өкпенің беріштеніп қабынуы, экссудативті плеврит аркылы ерекшеленетін аса жұғымтал ауру.
Бұл ауру өте ертеден белгілі. Ал індеттің қоздырушысын француз ғалымдары Нокар мен Ру (1898) ашып, сүзгіден өтіп кететін плевропневмотропты микроб ретінде сипаттады.
Қоздырушысы – Mykoplasma mykoides Molicutes класының Mykoplasmateles қатарына жатады.
ІҚМ жұғымтал плевропневмониясымен табиғи жағдайда сиырдан басқа буйвол, қодас, бизон, енеке ауырады. Жұқпалы плевропневмония кезінде ауру қоздырушысының бастауы ауырған мал. Әсіресе созылмалы түрде ауырған мал аса кауіпті, өйткені ондай жағдайда аурудың көзге көрінетін белгілері байқалмайды. Ауру малдан қозды-рушы танаудан аққан сора, жөтелген кездегі шашыраған сүйықтық, сирегірек несеп, сүт, шарана арқылы бөлініп шығады. Ауру респираторлық жолмен жұғады.
Ала өкпенің қоздырушысы жануар денесіне тыныс жолдары арқылы еніп, ұсак бронхалардың бойында орналасады. Орналасқан жерінде кабыну процесін тудырып, өкпедегі бөлікше аралық дәнекер-ұлпаны зақымдап, оны домбықтырып, сол жерде орналасқан сөл тамырларын бітеп, нәтижесінде крупозды пневмонияның өрбуіне әрі о сы ауруға тән өкпенің бауырлану процесінің әртүрлі стадиялары байкалуына әкеледі.
Инкубациялық кезеңі 2-4 апта, кейде 4-6 айға созылады. Ауру аса жіті, жіті, жітілеу, созылмалы және кәдімгідей емес түрде өтеді.
Жіті өткен ауру бастапқыда жөтелмен қатар дене қызуының аздап жоғарылауы арқылы байкалады. Одан кейін дененің ыстығы 42°С дейін көтеріліп, әдетте төмендемейді, кейде айнымалы түрде байқалады. Ауырған мал қозғалмауға тырысып, алдыңғы аяқтарын алшақ ұстап, мойнын созып, арқасын бүгіп, аузын ашып тұрады. Тынысы тарылып кабырғларының арасын, арқасын басқанда ауырсынады, жүрек соғысы дүрсілдеп, тамыры баяу соғады. Сауын малдың сүті қайтады.
Жөтел басында құрғақ, қысқа, қатты, кейіннен дыбысы бәсең, ылғалды болады. Перкуссия жасағанда дыбысы төмендеп, аускультация кезіде тыныс естілмейді. Плевра зақымданса үйкелген дыбыс шығады. Өкпеде каверналық қуыс болса тамшының тамған дыбысы естіледі.
Өлекседегі негізгі езгерістер көкірек қуысында байқалады. Әдетте олар бұл ауруға тән құбылыстар ретінде патологиялық-анатомиялық диагноз қою үшін толық негіз бола алады. Көбінесе өкпенің біреуі ғана зақымданып, процес өкпенің артқы немесе ортаңғы бөлігінде шоғырланады. Зақымданған телім көтеріңкі болып, басып кергенде тығыз болады. Тіліп қарағанда әр жері бауырланудың (гепатаизация) әр түрлі сатысында болады да, өкпенің ішінен дәнекер ұлпадан тұратын талшықтар өтеді. Бұл жолақтанған талшыктар қызыл-сары түсті болып, ортасында кеңіген сөл тамырлары болады. Осының бәрі өкпе ұлпасын тілгенде мрамор суретті көрініс береді.
Жұғымтал плевропневмонияға диагноз қою үшін індеттанулық деректерді, клиникалык, патологиялық-анатомиялық өзгерістерді және зертханалық зерттеулердің нәтижесін негізге алынады.
Ауруы жасырын түрде өтетін жануарларды анықтау үшін серологиялық реакциялар: КБР, конглютинация реакциясы, боялған антигенмен пластинкадағы АР, ДПР, ҚГАР, ИФР.
Емі. Ауру малды жедел бөліп алып сояды, еті ветсан экспертиза ережесі бойынша қолданылады. Аурудың тез тарау каупі болғандықтан емдеуге тиым салынады.
Иммунитет. Ала өкпемен ауырп сауыққан және егілген малда иммунитет калыптасады. Қазіргі уакытта шет елдерде тауық эмбрионында өсірілген авинделген вакцина қолданылады.
Біздің елде жұғымтал плевроиневмония жойылғаңдыктан негізгі назар көрші елдерден бұл аурудың әкелінуіне жол бермеуге аударылады. Күрестің нәтижесі уақтылы дәл диагноз қоя білуге байланысты.
Ауру шыға калғанда карантин койылып, барлық ауырған, күдікті, сонымен қатар КБР-да оң нәтиже беретін малдар сойылады. Етін пайдаланып, закымданған ұшаның телімдері мен ішкі ағзалар жойылады. Теріні кептіру арқылы зарарсыздандырады. Қора жайды мұқият тазалап, 2% күйдіргіш натрий, 10-20% хлорлы әкпен дезинфекциялайды. Көң биотермиялық жолмен зарарсыздандырылады.
Сау малдарды екі мәрте өсінді вакцинамен егеді. Егер ауруға шалдыққан малдар аса құнды болмаса немесе саны шектеулі болса, оларды түгелдей сояды. Карантин екінші рет еккендегі реакция басылған соң, егер жанадан ауырған мал болмаса, 3 ай өткенде алынады.
Ірі қара мал лейкозы (Leukosis bovum, лейкоз крупного рогатого скота) – қатерлі ісік шалу негізінде жетілмеген қан түзу жйне лимфоидты торшалардың шамадан тыс көбейіп, әртүрлі ағзаларды жайлап алуы және ісікті ұлпалардын пайда болуымен ерекшеленетін жұқпалы ауру.
Лейкоз туралы алғашкы хабарлар Гермаяияда бұл дертке адам (Р. Вирхов, 1845) жылкы мен шошқа (Лейзеринг, 1856), сиыр (Зидамародский, 1876) шалдығатындығы туралы басылды. Қазіргі уақытта бұл ауру барлык жануарларда, соның ішінде салкын қандыларда да анықталып отыр. Лейкоз дуние жүзінің барлык елдерінде кездеседі, әсіресе АҚШ, Орталык және Солтүстік Европада, Таяу Шығыста кең тараған. Сиырдын лейкозы Қазакстанда 60-70 жылдары Балтық жағалауындағы елдер мен Белоруссиядан әкелінғен сиырлар аркылы тарады.
Қоздырушысы Bovine leikosis onkovirus Retrovirdae туыстастығының Onkornoviridae туыстык тармағына жатады. Құрамында РНҚ бар, көбейгенде ДНК,көшірмесі бар провирус түзеді.
ІҚМ лейкозының вирусына сиырмен катар буйвол, енеке, кой және ешкі бейім. Лейкозбен сиыр малының барлык тұкымының кай жастағысы болмасын ауырады. Әйтседе ауру 4-8 жас аралығында жиі байкалады. Баска тұкымдарынан гөрі кара-ала және кызыл тұкымды сиырлар бұл ауруға бейім келеді.
Лейкоздың коздырушысының бастауы ауырған жануарлар. Ауруға шалдыкқан сиыр ауру белгісі біліне бастаған мезеттен бастап вирусты сүт пен уыз аркылы бөліп шығарады.
Табиғи жағдайда инфекция туғанға дейін және туғаннан кейін беріледі. Туғанға дейін вирустар гамета аркылы, ал бүтін вирион эпигенетикалық немесе экстрахромосомдык трансмиссия жолымен беріледі. Туғаннан кейін вирус сүтпен немесе жанасу аркылы беріледі. Жанасу тікелей немесе аралык себепкер аркылы (жәндіктер, әр -түрлі заттар мен аспаптар) болуы мүмкін.
Сиырдың лейкозы негізгі екі түрге бөлінеді: энзоотиялык, және спорадиядық. Энзоотиялык лейкоз бұл аурудың клиникалык және патологиялық анатомиялық белгілері айкын білінген түрі, негізінен ересек жануарларда 5-8 жас арадығында жиі байкалады.
Инкубациялық кезеңі табиғи жағдайда 2-6 жыл, колдан жұктырғанда 2 айдан 2 жылға дейін. Клиникалык. белгілерінің айкындалуы 3 кезеңге (байкалғанға дейінгі, бастапқы жайылған және титықтаған) бөлінеді.
Жайылған кезеңінде қанда гематологиялык өзгерістермен катар аурудың әртүрлі клиникалык белгілері байқалады. Ауырған мал тез арықтап, жүрек кызметі бұзылады. Кілегейлі қабықтары көгеріп, сарғыш тартады. Тыныс алуы нашарлайды. Әукесі, төсі, кіндік тұсы домбығып, артқы бір немесе екі аяғы да ақсайды. Несеп бөлуі киындап, буаз мал іш тастайды, бедеу қалады. Желінінің бір немесе бірнеше бөлігі ісінеді. Лейкозға тән белгілер: үстіңгі сөл түйіндері (жауырын алдындағы, құлақ түбіндегі, жақ астындағы, шабындағы, желін үстіндегі), тік ішек аркылы сипап көруге болатын ішкі сөл түйіндері шамадан тыс ұлғаяды.
Спорадиялық лейкоз сирек кездеседі, оған 3 жаска дейінгі жас малдар шалдығады. Спорадиялык лейкоз 3 түрге бөлінеді: бұзаудың, тимустық және терідегі.
Патологиялық-анатомиялық өзгерістер. Энзоотиялык лейкоздың екі патологиялык-анатомиялык түрі болады, Біріншісі лимфоциттердің қан түзу ағзаларына шоғырланып, дерттің сүйек майына шабуымен сипатталады. Мұндай лейкоз қан торшаларының басым түрлеріне байланысты лимфоидты, миелеоидты, шала түрленген (гемоцитобластоз), түрленбеген (дифференцияланбаған) деп аталады.
Екінші түрі лимфосаркома, ретикулосаркома, лимфогранулеметоз түрінде сөл түйіндерін, көк бауырды және баска да лимфоидты ұлпаларды зақымдайды.
Алдын ала диагноз індеттанулық деректерді ескере отырып, клиникалық белгілері бойынша қойылады. Клиникалық балаудың басты әдісі – гематологиялық тексеру. Түпкілікті диагноз гистологиялық тексерудің нәтижесінде патологиялық-анатомиялық әдіспен қойылады.
Емі. Лейкоз кезінде емдік шаралар жұргізілмейді. Ауру малдар сойылады.
Лейкозға карсы иммунитет толык зерттелген жоқ. Лейкоздың, вирусына қарсы қанда антиденелер пайда болады. Олардың диагностикалық маңызы болғанымен қорғаныс кабілеті күдікті.
Лейкоздың алдын алу үшін сау шаруашылыктарға сырттан мал әкедгенде, тек осы ауру жоқ шаруашылыктардан алу керек және осы ауруға шалдықпаған малдары бар жерлермен шаруашылык қатынастарына шектеу койылады.
Лейкоз аныкталған жағдайда шаруашылыкка шектеу койылады да, сауыктыру шаралары колданылады. Сауыктырудың негізгі екі жолы бар.
Біріншісі - ауру шыққан табынды түгелдей алмастыру.
Екіншісі - жүйелі түрде лейкозға тексеріп /клиникалык, серологиялык/ ауруға шыкқан малды окшаулап, сояды.
Шаруашылык, соңғы ауырған мал сойылғаннан кейін екі жыл өткен соң сауықтырылды деп есептелінеді. Одан кейін екі жыл бойы барлық мал жылына бір рет гематологиялық тексеруден өткізіледі.
Бақылау сұрақтары: 1. Ірі қара малының обасының індеттанулық ерекшеліктері. 2. Ала өкпеге диагноз қою үшін қандай клиникалық белгілер маңызды? 3. Лейкозда байқалатын өлекседегі өзгерістер?
№18 дәріс
