Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД Эпиз каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.86 Mб
Скачать

Қарасан, паратуберкулез, кампилобактериоз

Қарасан (Gangraena emphysematosa, эмфизематозный карбункул) – малдардың бұлшық еттерінде сықырлауық ісіктердің пайда болуымен, ақсауымен және тез өлімге ұшырауымен сипатталатын жұқпалы бірақ жұғымтал емес ірі қара мен қой ауруы.

Індет ерте заманнан белгілі болғанымен оның тарихы онша ұзақ емес, өйткені бұл ауруды 19 ғасырдың аяғына дейін (1870) топалаң деп келді. Қарасан өзінше жеке ауру екенін 1875 жылы Боллингер жазды.

Аурудың қоздырушысын 1885 жылы Фезер (АҚШ), кейінірек 1887 жылы француздар (Арлуэн, Корневен және Тома) ашты.

Қоздырушысы – Clostridium Chauvoei. Клостридиилердің барлығы анаэробтар және спора түзетін бактериялар әрі барлығы да өте күшті токсин түзеді.

Қарасанмен көбіне 3 айдан 4 жасқа дейінгі ірі қара малы, сирегірек - қой, ешкі бұғы ауырады. Буйволдар көбінесе 1-2 жасында ауырады. Эксперимент түрінде шошқа мен түйені де ауыртуға болады.

Ауруға көбіне қоңды малдар шалдығады, себебі ауру қоздырушысы гликогенді жақсы көреді, ал гликогенге тек семіз малдардың бұлшық еттері ғана бай болады.

Ауру қоздырушысының бастауы болып аур мал, ал берілу факторларына - қоздыруышының спорасымен ластанған топырақ, азықтар, жайылым, ағынсыз батпақты сулар жатады.

Ару алиментарлы (қан сорғыш буынаяқтылар арқылы жұғуы да мүмкін) және зақымданған тері қабаттары арқылы жұғады. Өлім көрсеткіші өте жоғары, орташа 80% дейін болады.

Денеге енген микроб барлық организмге тарап, бұлшық еттері жақсы дамыған дене бөліктеріне отырады. Өйткені олар гликоген көп жерде жақсы өсіп-өнеді, ал өз кезегінде бұлшық ет гликогенге бай телімдер болып есептеледі.

Инкубациялық кезеңі 1 күннен 5 күнге дейін. Ауру тек жіті түрде ғана өтеді. Бірақ өте сирек жағдайда өте жіті ағымының да болуы мүмкін, және ол септицемия түрінде өрбиді.

Ауру кенеттен дене қызуының 41-42°С дейін көтерілуімен басталады. Бұлшық еттерінде (жамбасы, мойны кеудесі), кейде аузында, жұтқыншағында (глотка), ісіктер пайда болып олар тез үлкейеді. Ісік алғашқыда ыстық, тығыз және ауырсынтатын болады, басқанда сықырлайтын, ал прекуссиялағанда тимпаниялық дыбыс байқалады. Кейінірек ісік суынып, сезімталдығы басылып қалады. Ол жердегі терінің беткі қабатының түсі қызыл-қоңыр түстес болады. Маңындағы сөл түйіндері ісінеді. Инфекциялық процесс өрбіген сайын малдың жалпы күйі нашарлай береді. Күйіс қайыруын тоқтатады, тамыр соғуы жиі, бірақ әлсіз болады, тыныс алғанда қиналып дем алады. Дене қызуы өлер алдында 35°С шейін төмендеп, ауырған мал әдетте 1-2 күнде кейде 3-10 күннің ішінде өледі.

Патологиялық-анатомиялық өзгерістері. Егер қарасанға диагноз тірі кезінде қойылса, онда өлексені союға болмайды. Өлексе тырсиып, кеуіп жатады. Газдардың түзілуіне байланысты табиғи тесіктерінен көбіршікті қанды сұйық ағады. Тері асты шелі мен зақымданған бұлшық еттері қанталайды. Ондай бұлшық еттерді тіліп көргенде түсі қара қошқылданып, газ көпіршіктері көрінеді және иісі күйген қоңырсық тәрізді болдаы.

Балауды, клиникалық-індеттанулық деректердің, бактериологиялық және биологиялық зерттеулердің нәтижелерінің негізінде қояды. Зертханаға эксудат сұйығын, зақымданған бұлшық ет, бауыр, талақ кесінділерін, жүректегі қанды жібереді.

Емі. Ауру жіті өтетін болғандықтан ем көп жағдайда нәтиже бермейді. Егер сіз алғашқы күндері аурудың белгілерін байқап қалған болсаңыз және сол уақытта, ем қолдансаңыз, онда ол нәтижелі болады. Ем ретінде қан сарысуын және антибиотиктер қолданылады.

Иммунитет. Қарасанға малдар 3 айлығынан бастап, 4 жасқа дейін ғана ауырады. Ал 4 жастан асқан жануарларда иммундеуші субинфекцияның әсерімен табиғи иммунитет қалыптасады. Сондықтанда 4 жастан асқан малдарға дауалау препараттары қолданылмайды. Ауырып жазылған малдарда иммунитет қалыптасып, қайтып ауырмайды. Аурудың алдын алу үшін алюминидің гидратты тотығы қосылған формол вакцина қолданылады.

Қарасан шыққан шаруашылыққа карантин салынып, соңғы мал сауыққаннан, немесе өлгеннен кейін 14 күннен соң алынады. Ауру және күдіктілерін емдейді, қалғандарын вакциналайды. Ауырған малды лажысыз союға және еті мен сүтін пайдалануға болмайды.

Паратуберкулез (Paratuberkulosis) немесе солма – созылмалы өтетін, ішектің еселеніп қабынуы мен оқтын-оқтын іш өтуі арқылы ерекшеленетін және шектен тыс арықтауға әкеліп соқтыратын жұқпалы ауру.

Бұл ауру 1829 жылы Англияда сипатталып жазылды, бірақ ол кезде оны сиыр диареясы деп аталған. Тек 1895 ж. Х.Ионе ауырған сиырдың ішегінен алынған жағындыдан инфекция қоздырушысын тауып, сипаттады, сондықтанда аурдың екінші аты Ионе ауруы деп аталады.

Қоздырушысы – Мусоbасtеrіит paratuberkulosis туберкулездің қоздырушысына қарағанда ұсақтау, жіңішке, полиморфты, қысқа таяқша, қышқылға, спиртке, антиформинге төзімді, қозғалмайды, спора мен қауашақ түзбейді, және туберкулез қоздырушысы сияқты Циль-Нильсен әдісімен жақсы боялады.

Паратуберкулезбен негізінен сиыр, қой, түйе, сирегірек басқа күйіс қайыратын жануарлар: ешкі, қодас, бұғы ауырады.

Көбінесе солма аздаған іңдеттік тұтану ретінде оқтын-оқтын байқалып тұрады. 4 айға дейінгі бұзауға және 2-3 жасқа дейінгі түйеге ауру тез жұғады. Сүйтседе жасырын кезеңі өте ұзақ болғандыктан негізінен аналық малда 1-2 рет төлдегеннен кейін ғана білінеді.

Аурудың таралуына малды қышқыл азықтармен қоректендіру (әсіресе қышқыл сүрлем), минералды заттардың жетіспеулігі, глист инвазиялары, суыққа немесе ыстыққа шалдығу ықпал етеді.

Инфекция қоздырушысының бастауы - ауру және микроб алып жүретін жануарлар. Олар коздырушыны нәжіспен, шаранамен, несеппен, тіпті сүтпен де бөліп шығарады. Бейім малға ауру алиментарлы жолмен жұғады. Жас төлге сүтпен, немесе уызбен де беріледі. Төлдің тіпті тумай тұрып енесінен солманың микробын жұктыруы да мүмкін.

Инкубациялық кезеңі 1 айдан 12 айға дейін, ірі карада 2-6 жылға дейін созылады. Солмаға шалдыққан малдар жасырын кезеңнен бастап сыртқы ортаға микробтар бөліп шығара бастайды.

Ауру созылмалы өтеді де, симптомсыз (латентті, субклиникалық) және клиникалық кезеңдерге бөлінеді. Симптомсыз кезеңі малдың өсіп жетілуінің баяулауы, қоңдылығының төмендеуі арқылы байқалады да, бірнеше жылға дейін созылады. Клиникалык кезеңі басталғанда табыннан бөлініп қала бередІ. Жемшөп жеуі дұрыс болғанымен күйі төмендейді. Ауық-ауық іші өткенімен, аралығында нәжісі қалыпты болады, сүті қайтып кетеді. Бара-бара іші жиі өтіп, тоқтамай қояды. Нәжіс шығарарда ауырған малдың позасы несеп шығаратын малдыкі сияқты болады. Нәжісі судай сұйылып, бірнеше метрге дейін атылады әрі көк-жасыл, қоңырқай түсті, жалқақ пен қан араласып, газ көпіршіктері мен аса жағымсыз исі болады.

Патологиялық-анатомиялық өзгерістер сиырдың аш ішегінде, мықын ішегінде, шажырқай сөл түйіндерінде, қан тамырларында кездеседі. Ішектің кілегей қабығы бірнеше есе қалыңдап, жиырылып, көлденең және тік қатпарлар түзеді, бетінде қоймалжың кілегейлі сұйық болады. Ішектің зақымданған және зақымданбаған телімдері алма-кезектеніп ұшырасады. Қатпарларды тегістеген кезде жазылмайды, кілегейлі кабығы сұрғылт ақшыл түсті, кей жерлері қан толып кызарып, ұсақ-ұсақ қанталаған жерлері кездеседі. Мықын ішек пен бүйеннің аралығындағы илеоцекальдік клапан домбығып, кара кошқылданып, сәл көгереді.

Диагноз патологоанатомиялық және зертханалық зерттеулердің негізінде қойылады. Ағзалардағы өзгерістердің ерекшеліктерін анықтап, зақымданған телімдерден жағынды алып, микроскоппен карайды. Патматериалды гистологиялық тексеруден өткізеді. Циль-Нильсен әдісімен бояп, микобактерияларды көру түпкілікті балау үшін негіз болады.

Шаруашылық жағдайында сиырды аллергиялық тексеру үшін құс альттуберкулинін, ал қойларда құстың тазартылған ППД туберкулинін қолданылады.

Емі. Паратуберкулезбен ауырған малды емдеу әдістері жолға қойылмаған.

Иммунитет. Бұл ауруға қарсы Франция мен Англияда аттенуацияланған тірі вакцина қолданылады. Біздің елде сауықтыруды вакцинансыз жүргізеді. Себебі егілген жануардың туберкулинге сезімталдығы байқалатын болғандықтан вакцинаны (Қыздырылған адьювантты вакцина) пайдалану шектетіледі.

Ауру байқалған жағдайда шектеу қойылады. Паратуберулезден сау емес сиыр фермаларында аурудың клиникалық белгілері бар малдарды серологиялық және аллергиялық тексерудің нәтижесіне қарамастан бөліп алып, етке сояды.

Сау емес шаруашылықтағы 10-18 айлық тайыншаларды құстың альттуберкулинімен тексереді. Оң және дүдәмал реакция бергендерін бөліп алып, 30-45 күннен кейін қайта тексереді. Реакция бергендерін сойып, бермегендерін табынға қайта косады. Шектеу 3 жылдан кейін алынады.

Кампилобактериоз (Campilobakteriosis) – жыныс мүшелерінің зақымданып, іш тастауымен, қайталап күйлемеуімен, бедеулігімен, шала жансар төл тууымен сипатталатын сиыр мен қой ауруы.

Бұл аурудың тарихы оның қоздырушысын ашудан басталады. Алғаш рет кампилобактериоздың қоздырушысын қойда 1909 жылы ағылшын ғалымдары Мак Фадиан мен Штокман ашса, сиырдың қоздырушысын 1918 жылы Америка ғалымдары Смит пен Тейлор ашты. Бұрынғы кеңес өкметінде кампилобактериозды бірінші болып 1926 ж. В.Л.Якимов, ал Қазақстанда 1964 ж. Голиков анықтады. Қазіргі таңда кампилобактериоз әлемнің барлық елдерінде кездеседі. Қазақстанда да бұл ауру жиі кездеседі.

Қоздырушысы қозғалмалы, грам теріс спора түзбейтін микроб. Кампилобактериоздың қоздырушысы үш түрге бөлінеді: С. Fetus veneralis; C. fetus interstinalis; C. Bubulus. Соңғысы жұқпалы емес, ол сау жануарларда да кездеседі, сондықтан да оны жұқпалы қоздырушылардан ажырату қажет.

Індеттік ерекшеліктері. Негізінен ірі қара мен қойлар ауырады, ал тәжірибе жүзінде басқа да жабайы күйіс қайыратын жануарларды ауыртуға болады.

Сиырларға қоздырушы тек жыныс жолы арқылы, яғни бұқа немесе қолдан ұрықтандырғанда ғана жұғады. Ауру жылдың кез-келген уақытында болғанымен көбінесе күз-қыс айларында жиірек болады.

Ауру қоздырушысының бастауы ірі қарада негізінен бұқалар, олар өте ұзақ уақыт бойы, тіпті өмір бойы микроб алып жүруі мүмкін.

Қойларға қоздырушы тек алиментарлық жолмен ғана жұғады. Ауру қоздырушысының бастауы болып түсік тастаған қойлар, оларда микроб алып жүрушілік 1-1,5 жылға дейін созылады.

Қоздырушы организмге жыныс жолыменен енгеннен кейін, сонда өсіп-өніп, жатырға барады. Микроб токсин бөлетін болғандықтан жатырдың кілегейлі қабығы қабынып, плаценталық қан айналымы бұзылып, абортқа әкеп соқтырады.

Аурудың инкубациялық кезеңі 12-13 күннен 2-3 жұмаға дейін. Аурудың ағымы созылмалы. Сиырларда ауру жеңіл түрде өтеді және жыныс мүшелерінің қабынуымен сиптталады. Басты белгісі іштастау, бірақ іштастаудан кейін шудың ұзақ уақыт түспеуі, вагинит, эндометрит белгілері байқалып, малдың жыныстық қаблеті төмендеп, көпке шейін қысыр қалады.

Қойдың кампилобактериозында негізгі белгі – буаздылық мерзімінң екінші жартысында (90-120 күндері) жаппай іш тастау. Іш тастаудан 3-5 күн бұрын мал мазасызданып, сарпайы ісініп, қызарып, шарана ағып тұрады. Іш тастағаннан кейін метрит белгілері байқалып температурасы 41,2-41,40С дейін көтеріліп, қынабынан қара қошқыл сұйық ағады. Ауырған малдардың 3% өлуі мүмкін.

Балау. Індеттанулық деректерге, клиникалық белгілеріне қарап ауруды анықтау күмән тудырады, өйткені бруцеллез, трихамоноз, листериоз, лептоспироз, қойлардың вирусты іш тастауы сияқты аурулар іш тастаумен сипатталады. Сондықтанда диагнозды растау үшін зертханалық зерттеулердің оның ішінде бактериологиялық зерттеулердің нәтижелеріне сүйенеді.

Емі. Ауырған бұқаларды 4 күн қатарынан екі курс емдейді. Бірінші курс пен екінші курстың арасындағы интервал 5-6 күн. Емдеу үшін антибиотиктер мен антисептикалық препараттарды қолданады.

Сиырлар мен құнажындарды және қойларды 4 күн катарынан жатыр ішіне және бұлшық етке антибиотиктер жіберу арқылы емдейді.

Иммунитет койда айкын байқалады. Бір ауырған кой кайтадан өте сирек ауырады. Койды иммундеу үшін өлтірілген эмульсин вакцина колданылады. Сиырда иммунитет әлсіз калыптасады.

Дауалау және күресу шаралары. Асыл түқымды мал, әсіресе бұқа сатып алғанда тек кана кампилобактериоздан сау шарушылыктан әкелу керек.

Дауалық карантинге ұстаған кезде 10 күн аралатып, 3 рет бактериологиялык тексеруден өткізеді. Қолдан ұрыктандыру станциясындағы бұқаларды 6 айда бір рет кампилобактериозға тексереді, ал шәуетіне антибиотиктер косады.

Ауру шыға калғанда ұрыктандыру станциясын, (малды асылдандыру мекемесін), шаруашылықты (ферманы, табынды) кампилобактериоздан сау емес деп жариялап, тиісті шаралар жүргізіледі. Малды әкелуге, әкетуге тиым салып, төлді оқшаулап ұстайды.

Бақылау сұрақтары: 1 Қарасанға тән клиникалық белгілер. 2 Кампилобактериозды балау әдістері. 3. Паратуберкулез кезіндегі өлекседегі өзгерістер.

17 дәріс