Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД Эпиз каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.86 Mб
Скачать

Туляремия, сіреспе, ботулизм

Туляремия (Tularemia) – талмауратып, қанталап, ыстығы көтеріліп, іші өтіп, арықтап, сөл түйіндері жаппай қабынып, жүйке жүйесі зақымдануы арқылы ерекшеленетін табиғи ошақты жұқпалы ауру.

Бұл аурудың коздырушысын 1912 ж. Коле және Хапин, АҚШ-тың Калифорния штатының Туляре округінде саршұнақ тышқанның кенесінен тауып В. tularense деп атады. Індет (солтүстік жарты шарында) Америка, Европа және Азияда тараған.

Қоздырушысы - Francisella tularensis (синонимі Pasteurella tularensis) үш географилық түр тармағынан тұрады: америкалық, евразиялық және орта азиялық.

Табиғи жағдайда негізінен кемірушілер ауырады: қоян, тышқандар, су егеукұйрығы, ондатра, кұндыз, атжалман сонымен қатар табиғи жолмен кейбір жыртқыш андарға, жабайы кұстарға, қос мекенділер мен балықтарға жұғатындығы анықталды. Малда ауру білінбей жасырын өтеді. Адам бұл ауруға өте сезімтал.

Ауру қоздырушымен ластанған жем мен судан, ауадан, қансорғыш буынаяқтылар шаққанда жұғады. Табынның ішінде әдетте ауырған малдан сау малға туляремия берілмейді.

Инкубациялық кезеңі 4-12 күн. Ауырған мал селқостанып, денесінің ыстығы көтеріледі. Тамыр соғу жиілеп, ентіге дем алады. Қанда гемоглобин азайып, кілегейлі қабықтар бозғылт тартады. Мойынның, жауырын алдының сөл түйіндері ұлғаяды. Іші катты өтіп, тез арықтайды. Сирақтары салданып, жансыз қалады. Қозылардын 10-50%-і ауруға шалдығып, оның 30%-ке дейіні 28-60 күн ішінде өліп қалады.

Сиыр, жылқы, түйе белгілері өшкін түрде ауырады. Кей жағдайда ауруды тек серологиялық зерттеу арқылы ғана білуге болады. Буаз мал іш тастайды. Шошқаның ыстығы көтеріліп, күйзеледі және жемнен қалады, тынысы жиілеп, денесі терлейді. Сақа шошқалар жазылады да, торайлар әдетте өліп қалады.

Балау үшін індеттанулық деректерді, аллергиялық, серологиялық және бактериологиялық тексерулердің нәтижелері пайдаланылады. Ауылшаруашылық малдарында туляремияға күдік бүл індет кемірушілердің арасында тарағанда туады.

Емі. Антибиотиктер қолданылады, қажет болғанда хирургиялық жолмен зақымданған сөл түйінін тіліп, емдейді.

Туляремиядан ауырып жазылған жануарда иммунитет қалыптасады. Адамды егу үшін арнайы вакцина колданылады.

Дауалау және күресу щаралары негізінен аурудың табиғи ошағында кемірушілердің өсіп-өнуін тұрақты бақылауға бағытталады. Соның нәтижесінде індеттанулық болжам жасауға мүмкіндік туады.

Сіреспе (Теtanus, столбняк) – жіті өтетін рефлекстік қозуы артып, бұлшық еттерінің сіресіп, тартылуымен ерекшеленетін жұқпалы ауру.

Жануарлардың бұл ауруы б.д.д. 3 мың жыл бүрын белғілі. Гиплократ (б.д.Д. IV ғ.) адамның сіреспесін сипаттап, оның негізгі клиникалык белгісі - бұлшық еттердің қатаюына көңіл аударды. Н.Д. Монастырский (1883) аурудың қоздырушысын ашты.

Қоздырушысы – Clostridium tetani - жіңішке, ұзынша таяқша, жылжымалы, қауашақ түзбейді, түбегейлі ауасыбағасыз микроб.

Төзімділігі жағынан микробтын вегетативтік түрінің оншама ерекшеліктері жок. Сыртқы ортада сақталып, ауру қоздыруға тікелей себепкер болатын споралық түрі.

Сіреспеге барлық сүткоректілер бейім, онымен адам да ауырады. Инфекция коздырушысының бастауы – ішегінде сіреспе таяқшасы өніп-өсетін дені сау жануарлар. Микроб нәжіспен сыртқы ортаға шығады да, топыракта ұзақ уакыт уыттылығын жоймай сақталады.

Табиғи жағдайда қоздырушы жануар денесі жаракаттанғанда енеді.

Қолайлы жағдайда сіреспе таяқшасы денеге енген жерінде өсіп-өніп, токсин бөліп шығарады. Нейротоксин кан айналымымен немесе жүйке тарамымымен жұлынға сопакша миға өтеді де жүйке торшаларына сіңіріледі. Токсиннің әсерінен жұйке талшыктарынын жұрнактарынан ацетилхолин босанып шығады да, жүйке торшаларын тітіркендіреді. Бұның нәтижесінде рефлекстік қозу күшейіп, болымсыз сырткы әсердің нәтижесінде бұлшык еттер өте ұзақ сіресіп құрысады.

Инкубациялық кезеңі 3 күннен 3 аптаға дейін. Ауру жіті өтеді. Аурудың жылқыда алғашкы белгісі - басы мен жағынын бұлшық еттерінің қарысуы, жемшөпті шайнап жұтуынын киындауы, зорланып, әрең жүріп, кұлагы қимылдамай, үшінші кабығының көзін жабуы. Аурудын өршіген кезінде мойын, арка, құрсақ бұлшық, еттері жиырылып, қатаяды.

Күйісті жануарлардың күйіс кайтаруы токтап, таз қарыннын қызметінің бұзылуына байланысты тимпания байкалады. Жай ғана дыбыс пен әртүрлі әсер бұлшық еттердің сіресіп құрысуына түрткі болады. Жануар аяғын талтайтып, мойнын созып, құйрығын көтеріп тұрады, жүргенде аяқтары онша илікпей, икемсіз қозғалады. Аурған мал терлей береді, бірак, есінен адаспайды. Дененің ыстығы негізінен калыпты жағдайда, өлер алдында 42-43°С, ал жаны шыққанн соң 45°С-қа дейін көтеріледі.

Сіреспеге диагноз койғанда ен негізгі әдіс клиникалық зерттеу. Клиникалық белгілерін талдау аркылы түпкілікті диагноз қоюға болады. Зертханалык тексерулер негізінен басқа аурулардын басын ашу үшін жүргізіледі. Бактериологиялык зерттеулер сіреспені балау үшін қосымша мәліметтер береді. Зертханаға бактериологиялык зертгеу үшін жарадан аққан бөлінді, ірің, закымданған үлпалардың кесіндісі алынады.

Ауырған малды оқшаулап, жарасын мүқият карап шығады. Абсцесті жарып, іріңін ағызып, өліеттенен ұлпаларды алып тастайды да, жараны антисептикалық ертінділермен жуады.

Өзіне тән емдік препарат ретінде сіреспеге қарсы антитоксиндік сарысуды қолданады.

Иммунитет табиғи жағдайда ауырғаннан кейін үзаққа созылмайды. Белсенді жасанды иммунитет калыптастыру үшін ауру жиі байкалатын территорияда сіреспенің анатоксині колданылады.

Сіреспені дауалаудың негізгі жолы травматизмнен сактау, жаракатты дер кезінде дұрыс хирургиялык домдау, малды төлдеткенде, пішкенде асептика мен антисеитика талаптарын мұкият орындау. Сіреспе жиі байкалатын жерлерде, әсіресе бағалы жануарларға оцерация жасар алдында, сактық ретінде антитоксиндік сарысу жіберген жөн.

Ботулизм (Botulismus) – жіті өтетін, орталық жүйке жүйесінің ауыр зақымдануы, жұтқыншактың, тілдін, төменгі жақтың және борша еттердің салдануы аркылы ерекшеленетін ауру.

Кернер 1820-1822 жыддары шұжықтан уланған адамда аурудын белгілерін сипаттап, шұжыкта у пайда болатынын, оның минералдык және өсімдік уларынан айырмашылыктары бар екенін анықтады. 1897ж. Ерменгем қақталаған еттен спора түзетін ауасыбағасыз бактерия бөліп алды.

Қоздырушысы – Clostridium botulinumГрам оң, токсин және спора түзетін, козғалмалы анаэроб. Бутулизмнің коздырушысы табиғатта кең тараған. Оны топыракта, суда, көңде, өлекседе, өсімдіктерде, жеміс-жидекте, жануарлар мен кұстардың ішек қарнында, әр түрлі жәндіктер мен олардың балапан құрттарыңда кездестіруге болады.

Табиғи жағдайда ботулизммен әртүрлі жануарлар мен кұстар жасына карамай ауырады. Жаппай улану әдетте жылдың жылы уакытында болады. Ауылшаруашылық малдары негізінен сүрлем арқылы уланады. Сүрлемге ботулизм уы тышкан және баска кемірушілердің өлексесімен немесе күстың саңғырығымен түседі.

Аүру көбінесе бірен-сараң спорадия түрінде немесе топыракта фосфор жетіспейтін аймақта шағын тұтану ретінде байкалады. Өлім қөрсеткіші 70-95% шамасында.

Ботулизмнін, инкубациялық кезеңі 18 сағаттан 16 тәулікке дейін. Денеге енген токсиннің мөлшері неғүрлым көп болса, соғүрлым жасырын кезең де кыска, аурудың өтуі де шапшан болады. Ботулизм өте жіті, жітіден төмен және созылмалы өтеді.

Жылқы мен сиырда ботулизм аса жіті өткенде, негізінен аурудың ешбір белгісі білініп улгермей, мал кенеттен өліп кетеді. Кей жағдайда есеңгіреген жануар басын көкірегіне бурып, жатып қалады да, жантәсілім бермей-ақ өліп калады. Сауығу өте сирек кездеседі.

Ауру жіті өткенде жануар мазасызданып, рефлекс сезімі төмендейді. Жургенде тәлтіректеп, аяғын талтая басып, әзер қозғалады. Бара-бара тұра алмай, жатып калады, күштегенде әзер турегеледі. Көздің, танаудың, ауыздың кілегейлі кабықтарында гиперемия байкалады, болмаса көкшіл немесе сарғыш тартып тұрады. Танауы делдиіп, демін жиі және таяз алады. Жануардың жемшөпке тәбеті сақталып, шөліркейді. Ернімен жемшөпті аузына алғанымен, жұтқыншақтың салдануынан жұта алмай, кайта шығарып тастайды, не болмаса аузын толтырып тұрады. Ажал тақаған шақта астыңғы жағы салбырап, шайнаудан мулдем қалады. Өлім көрсеткіші 90-95%. Тек кана женіл ауырған жануарлар ғана жазылады.

Өлексені сойғаңда тері асты шелінің сарғайғаны, жұрек пен сірілі кабыктарының шашыранды канталауы байқалады. Қан тамырларын кескенде қою кара кошхыл кан шығады. Қарында әдетте аздаған ғана желінген жемшөя болады. Сиырдың алдыңғы карындарында зат алмасуының бұзылуы салдарынан әртүрлі жеуге жарамсыз заттар /сүйек, тас, темір, т.б./ болады.

Ауруды балау үшін індеттанулық және клиникалык деректерді ескеріп, уланудың себебін анықтайды. Диагноз қою үшін бактериологиялық тексеру жүргізіп, аурудың қоздырушысын бөліп алады және ботулизмнің токсинін анықтайды.

Емі негізінен симптоматикалық. Қарынды қоскөміркышкыл содасымен жуып, іш жүргізетін дәрілер береді, жылы клизма қояды. Глкюкоза мен кофеин жіберіп, аузын калий перманганатымен жуады. Аурудың бастапқы кезеңінде көктамырға көп мөлшерде ботулизмге карсы антитоксиндік кан сарысуын жіберу жақсы нәтиже береді.

Ботулизмге карсы иммунитет антитоксиндік сипатта болады. Белсенді иммундеу тек күзенде ғана қолданылады.

Даулау және күресу шаралары. Жемшөпті даярлаған және сақтаған кезде оған топырақтың, ұсақ жануарлар мен жәндіктердің өлекселерінің, құс саңғырығының араласуына жол бермеу керек. Малға көгерген, бұзылған жемшөпті беруге болмайды. Ботулизм шыға қалғанда ауру жануарларды оқшаулап, емдейді. Өлексені терісін алмастан өртейді.

Бақылау сұрақтары: 1 Туляремияда байқалатын негізгі клиникалық белгілер. 2 Сіреспенің індеттанулық ерекшеліктері. 3. Қандай жемшөптер ботулизм қоздырушысының бар екендігіне күдікті деп есептеледі? 4. Ботулизм кезіндегі ажырата балау.

16 дәріс