- •Мазмұны
- •1 Оқытушылар туралы мәлімет:
- •2 Пән туралы мәлімет:
- •Сабақ уақытын vіі семестр бойынша бөлу
- •Сабақ уақытын vііі семестр бойынша бөлу
- •3 Пререквезиттер
- •4 Постреквезиттер
- •5 Курстың қысқаша сипаттамасы:
- •6 Курстың мазмұны
- •6.1 Дәріс сабақтарының тізбесі
- •6.2 Зертханалық-тәжірибелік сабақтарының тізбесі
- •7 «Індеттану және инфекциялық аурулар» пәні бойынша сөж тапсырмаларын орындау және тапсыру кестесі
- •Сөж ұйымдастыру бойынша ұсыныстар
- •8 Әдебиеттер тізімі
- •8.1 Негізгі әдебиеттер
- •8.2 Қосымша әдебиеттер
- •9 Курстың саясаты
- •10 Білімді бағалау жөніндегі ақпарат
- •11 Бағалау саясаты
- •Пән бойынша білімді бағалау сұлбасы
- •Картасы
- •Курс глоссариі арнайы терминология
- •Дәрістер тезистері
- •Кіріспе. Пәннің мақсаты мен міндеттері. Инфекциялық аурулардың сипаттамасы
- •Қазақстан Республикасындағы індеттік жағдай
- •Иммунологиялық икемділік пен иммунитеттің індеттанулық мәні
- •Індет процесі және оның қозғаушы күштері
- •Індетке қарсы шаралар. Жалпы және арнайы шаралар
- •Дезинфекция, дезинсекция, дератизация
- •Жекеше індеттану
- •Топалаң
- •Туберкулез
- •Бруцеллез
- •Құтырық және ауески ауруы
- •Лептоспироз, листериоз, некробактериоз
- •Пастерелез. Микоздар және микотоксикоздар. Шешек
- •Туляремия, сіреспе, ботулизм
- •Қарасан, паратуберкулез, кампилобактериоз
- •Оба, ала өкпе, лейкоз
- •Вирустық диарея, инфекциялық ринотрахеит
- •Қой және ешкі аурулары
- •Инфекциялық энцефаломиелит және инфекциялық анемия
- •Індеттік лимфангит, ринопневмония, тұмау
- •Шошқаның кәдімгі және африкандық обасы. Шошқа тілмесі
- •Шошқаның дезентериясы, вирусты гастроэнтериті, жұқпалы сему риниті
- •Төл аурулары
- •Құс аурулары
- •Балықтардың және бал араларының аурулары
- •Зертханалық-тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Патологиялық материалға жолдама құжаты
- •2 Тапсырма.
- •3 Тапсырма.
- •Жануарлар сальмонеллезінің қоздырушылары
- •Сальмонеллалардың індеттанулық сипаттамалары
- •Әдістемелік нұсқауы
- •Курстық жұмыстың алдын-ала ұсынылған тақырыптары
- •Курстық жұмыстың құрылымы
- •Студенттердің өзіндік жұмысына араналған материалдар Мазмұны
- •Қысқаша әдістемелік нұсқау
- •Күнделік пен есепті толтыру тәртібі
- •Індеттану және инфекциялық аурулар
- •Білімді бақылау материалдары Емтихан сұрақтарының тізімі
- •Авторлары: Муханбеткалиев е.Е., Ибрагимов р.М., Щурихин б.Г.
Құтырық және ауески ауруы
Құтырық (Rabies, бешенство) – орталық жүйке жүйесін зақымдап, шашырынды полиэнцефаломиелит арқылы ерекшеленетін, жіті өтетін жұқпалы ауру.
Қоздырушысы – Pabies Lyssavirus – рабдовирустар тұқымдастығының лиссавирустар туыстастығына жатады. Құтырықпен барлық жылы қанда үй және жабайы жануарлар, сонымен бірге адам да ауырады. Жас жануарлар ересектерінен гөрі құтырық вирусына сезімтал келеді. Құтырық табиғи ошақты жұқпалы аурулардың қатарына жатады, оның қоздырушысының табиғатта сақталатын қорламасы үй және жабайы ет қоректілер, ал кейбір өлкелерде – жарқанат. Қазақстанның жағдайында құтырықтың ең басты таратушысы – түлкі, ал үй жануарларының ішінде бұл ауруғы ең жиі шалдығатыны – сиыр.
Вирус денеге түскен соң аз уақыт енген жерінде сақталады да, жүйке талшықтары арқылы орталық жүйке жүйесі бағытында алдымен жұлынға, соңынан миға өтеді. Қоздырушының мидың сұр затына өсіп-өнуі іріңсіз шашыранды энцефалиттің өрбуіне әкеп соғады. Мидан вирус қайтадан орталықтан кері бағытта сілекей бездеріне келіп түседі.
Жасырын кезеңі бірнеше күннен бір жылға дейін, кейде одан да арттыққа созылады, әдетте 2-3 апта аралығындай болады. Құтырық жіті өтетін ауру. Әртүрлі жануарда оның клиникалық белгілері ұқсас болады, әсіресе иттің құтыруы жан-жақты зерттелген. Итте құтырық өршіген және бәсең түрде өтеді.
Өршіген құтырықтың 3 кезеңі болады: біліне бастаған, көтерілген және дел-сал. Біліне бастаған кезең 12 сағаттан 3 тәулікке дейін созылады, бұл кезде жануардың мінезінің өзгеруі байқалады. Ит көңілсіз немқұрайлы болып, қараңғы бұрышқа немесе үйшігіне тығылады, иесінің шақыруына ықылас білдірмейді. Иттің кенеттен өшпенділігі артып, орынсыз басқа жануарларға, адамға, тіпті өз иесіне де ұмтылуы мүмкін. Бұл белгілер аурудың көтерілген кезеңі басталғанын көрсеттеді. Бұл кезең 3-4 күнге созылады. Иттің қорқыныш сезімі жоғалып, шынжырын тістеп, бұлқынып, үзіп кетуге тырысады, босанып алса кісіге шауып, бет алды жүгіріп, қашып кетеді. Біртіндеп бұлшық еттері жансызданып, аурудың үшінші дел-сал кезеңі басталады. Бұлшық еттерінің салдануы нәтижесінде дыбысы мүлде өшіп (афония), жағы салалақтап, көзі шапыраштанады.
Диагноз қою үшін нейрондардың цитоплазмасында Бабеш-Негри денешіктерін табудың маңызы зор. Олардың тұрқы дөңгелек, сопақша, үшбұрыш немесе ұзынша, мөлшері 0,5-30 мкм, саны мен мөлшері аурудың ұзақтығына байланысты. Алдын ала диагноз індеттік және клиникалық белгілері бойынша қойылады. Зертханаға малдың басын, ұсақ жануардың өлексесін тұтастай жібереді. Құтырық антигенін табу үшін диффузиялық преципитация реакциясы (ДПР), иммунды ферменттік талдау (ИФТ) қойылады.
Құтырған жануарды емдемейді, тез арада өлтіреді, өйткені оның адамға ауру жұқтыру қаупі зор.
Ауыл шаруашылық малдарын, әсіресе сиырды егу үшін АЗВИ антирабикалық тірі вакцинасы пайдаланылады. Соңғы кезде өлтірілген өсінді вакциналар шығарыла бастады.
Құтырық шыға қалған жағдайда сол жердегі елді мекен, жайылым, орман-тоғай, немесе басқа табиғи қорық осы аурудан сау емес деп жарияланады. Итті далаға шығаруға, көрмесін ұйымдастыруға, ит пен мысықты басқа жаққа әкетуге, жабайы ет қоректілерді ұстап алуға және басқа жаққа әкетуге тиым салынады. Құтырғаны дүдәмәл жануарларды да жояды. Тек қана кісіні қапқан ит пен мысықты өлтірмей, оқшаулап 10 күн бойы ветеринариялық бақылауда ұстайды. Құтырықтың шығуына байланысты енгізілген барлық шектеу шаралары ең соңғы ауырған жануар өлгеннен немесе сауыққаннан соң 2 ай өткеннен кейін алынады.
Ауески ауруы /Могbus Аujeszky, болезнь Ауески/ - жіті өтетіп, өкпенің қабынуымен, орталық жүйке жүйесінің закымдануымен, шошқа, күзен және бұлғыннан басқа жануарларда денесі қышынған белгілерімен ерекшеленетін жұкпалы ауру.
Ауески ауруын көпке дейін құтырықпен шатыстырып келді, тек алғаш рет 1902 ж. Ауруды сипаттап, құтырықтан ажыратқан венгер ғалымы Аладар Ауески. 1930 жылдардан бастап көптеген мемлекеттерде байқалады. Қазіргі уақытта оның шошқа шаруашылығына тигізер зияны айтарлықтай. Қоздырушысы – Suid (alpa) herpesvirus Құрамыда ДНҚ бар герпес вирустар тұкымдастығына жататын, торшаның ядросында көбейетін вирус.
Табиғи жағдайда ауруға ең жиі шалдығатындар: шошқа, ит, мысық және синантропты кемірушілер. Сирек ауыратын жануарлар ірі қара мен терісі бағалы андар. Жұмыр тұяқтылар мен приматтар төзімді келеді де, табиғи жағдайда сирек ауырады.
Ауру коздырушысының бастауы - ауырған жануарлар. Олар вирусты тұмсығынан, көзінен, қынаптан аққан сорамен, несеппен, және сүтпен бірге бөліп шығарады.
Ауески ауруы шыққан шошқа шаруашылығы, егер уақтылы сауықтыру шаралары жүргізілмесе, бұл ауру тұрақтанып, оның энзоотиялық ошағы пайда болады. Індет ошағының тұрақты болу себептері: ұзаққа созылатын вирус алып жүру, табынды үздіксіз жас мегежіндермен толықтыру, шаруашылықтың өзінде өсірілген төлдің ауруға бейім жануарлардың санын молайтып отыруы. Сондыктан бір басталған індет шаруашылыкта үздік-создык, бірнеше рет кайталанып, талай жылдарға созылу мүмкін.
Вирустың денеге ену жолына, жануарлардың түр және жас ерекшеліктеріне карай дерттің дамуы әртүрлі өтеді. Ауыз бен тыныс жолдарының кілегейлі қабықтары аркылы енгенде вирус инфекция қақпасында шошқаның денесінде тез, ал баска жануарларда баяу көбейеді. Тері аркылы енген вирус кірген жерінде тез көбейіп, гематогендік және лимфогендік жолмен денеге тарағанымен миды онша зақымдай коймайды.
Инкубациялық кезең негізінен 1-8 күн кейде 3 аптаға дейін созылады. Оның ұзақтығы жануардың түріне, жасына және табиғи төзімділігіне және вирустың уыттылығы мен енген жеріне байланысты. Ауру жіті өтеді.
Шошкада аурудың клиникалық белгілері ең алдымен жасына байланысты. Ересек шошкада негізінен зілсіз өтеді, 1-3 күн бойы аздап ыстығы көтеріледі, жабырқау тартып, тәбеті бұзылады, кейде кұсады. Жануардың көпшілігі елеусіз түрде ауырады. Кей жағдайда ересек шошкалардың ауруы күшті болуы да мүмкін. Онда аталған белгілерімен қоса мұрнынан сора ағып, жөтел, ентіге дем алу, теңселіп жүру, сілекей ағу, аяғы, жұтқыншағы мен көмейі салдану байкалады. Жануар есеңгіреген күйінде өліп кетеді.
Ауруды өлі тиген, эпилепсиялык, дел-сал және аралас түрлерге бөледі. Жана туған торайларда 10 күнге дейін ауру менингоэнцефалитгің белгілерімен өтеді. Ауырған торайдың жылжуға, емуге және дыбыс беруге шамасы келмейді Қалшылдап, сілекейі ағып, жұткыншағы сіреседі. Бір күннің ішінде өліп калады.
10 күннен 4 айға дейінгі торайларда аурудың өлі тиген және менингоэнцефалит түрлері аралас өтеді. Бас кезінде дененің ыстығы 41°С және одан да жоғары көтеріледі, жабырқау тартып, әлсіреп кұсады, шөлдейді. Кейінірек орталық жүйке жүйесінің закымданған белгілері байқалып, не қозу /эпилепсия/, не тежеу /дел-сал/ процестері басым болады.
Эпилепсиялық түрі кезінде торай алға ұмтылып бір жерді айнала береді. Мойын және жак еттері құрысып, тістерін шыкырлатып, омыртқасы иіледі. Қайта-кайта серендеп, әбден сіресі кұриды. Вирус анка мен жұткыншакта көбейсе ларингофарингит пайда болып, танаудан сора ағады, шыңғырған даусы қырылдап шығады, немесе дыбысы мүлдем шыкпайды /афония/. Көзі мүлдем көрмей қалады, тұла бойьның бүлшык еттері салданады.
Дел-сал түрі кезінде жабырқау тартып, басын салбыратып, танауымен жер тіреп, ебдейсіз тұрады. Сирақтарын бауырына қарай тартып, жүргенде тәлтіректейді. Жатқан сикы ебдейсіз болады. Менингоэнцефалитен тыс жүрегі дүрсүлдеп, бүйрігімен дем алады. Сонғы кезенде өкпенін. домбығуы мен қабынуы байкдлады. Эпилепсиялык және дел-сал түрінің екеуінің де үзақтығы бірнеше сағаттан 2-3 күнге дейін созылады. Кейбір торайлар ыстығы көтеріліп, құсып ішінен кан кетіп, тез арада өліп кетеді /ішектегі түрі/. Ересек шошкалардай торайларда да орталық жүйке жүйесі закымданбай өкпедегі түрі кездеседі. Өлі тию белгілері кауырт өрбіп, жоғарғы тыныс жолдары кабынып өкпенің домбығуы мен қабынуынан жануар 1-2 күн ішінде өледі.
Алдын ала диагнозды індетганулык және клиникалық белгілері, патанатомиялык тексерудің нәтижесі аркылы қояды. Түбегейлі диагноз зертханада міндетгі тұрде үй қояны мен жас мысықта қойылатын биосынаманың нәтижесі бойынша, бактериологиялык тексерудің нәтижесін ескере отырып қойылады. Ауруды балау үшін серологиялық әдістерді де қолдануға болады. Олардың ішінде үй қоянында, торайдың бүйрек торшаларынын өсіндісінде вирусты бейтараптау реакциясын, сонымен қатар комплементті байланыстыру, диффузиялық прецинитация, қосалқы гемаглкутинация және иммунофлуорес-ценция реакциялары қойылады.
Барлық түліктерде кұтырықтан, шошқада -обадан, сальмонеллез, колибактериоз, листериоз, тұмау, Тешен ауруы, пастереллез, ас тұзынан улану, авитаминоз, әртүрлі менингиггер мен энцефалиттен ажырату қажет.
Емі. Өзіне тән емдік дәрмек ретінде Ауески ауруына карсы гипериммунді сарысу мен иммунді глобулин қолданылады. Емдеу уактылы, жануар ауыра бастағанда жүргізілсе ғана нәтижелі болады. Қосалкы микробтарды тежеу үшін антибиотиктер мен сульфаниламидтер және симптоматикалык ем үшін витаминдер қолданылады.
Ауырып жазылған жануарда бірнеше жылға жететін күшті иммунитет калыптасады. Ауылшаруашылық жануарларын иммундеу үшін шошқа, сиыр және койдың Ауески ауруына қарсы өсіннен алынған кұрғақ ВГНКИ вакцинасы колданылады. Шошқаны егу үшін сонымен катар БУК-628 штаммынан даярланған вирус-вакцина колданылады.
Аурудың алдын алу шаралары мал фермаларында және оның маңайында індеттің синантроптық және антропургиялык жасырын табиғи ошағы пайда болатындай кең территорияда жүргізіледі.
Ауру шыққан жағдайда шаруашылыққа /фермаға/ карантин қояды. Ауырған және күдікті жануарларды бөліп алып, иммуноглобулинмен, антибиотиктермен, симптоматикалық дәрілермен емдейді. Клиникалық сау жануарларды егіп, сонымен қатар сыртқы ортаны зарарсыздандыру шараларын жүргізеді. Ауру жануарларды оқшаулаған қора-жайды күн сайын, ал сау жануарлар тұрған жерді апта сайын дезинфекциялайды. Ауру басылған соң, ауырып жазылған малды түгел әкеткеннен кейін, барлық сауықтыру шаралары орындалған сон карантинді бір ай /аң шаруашылықтарында 15 күн/ өткен соң алады. Карантин алынғаннан соң бір жыл бойы шектеу сақталып, барлық жануарлар егіледі.
Бақылау сұрақтары: 1 Құтырық кезінде иттерде байқалатын негізгі клиникалық белгілер. 2 Құтырықты балау әдістері. 3 Ауески ауруының індеттанулық ерекшеліктері. 4 Ауески ауруын алдын алу үшін қандай вакциналар қолданылады?
№13 дәріс
