Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД Эпиз каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.86 Mб
Скачать

Бруцеллез

Бруцеллез (Brucellosis) – созылмалы өтетін, іш тастау, шуы түспеу, эндометрит, орхит және жануарлардың жыныстық қабілетінің бұзылуы, арқылы ерекшеленетін жұқпалы ауру.

Д. Брюс (1877) Мальта аралында бруцеллез адамның өз алдында дербес ауру екендігін көрсетіп, оның қоздырушысын бөліп алып Microcoсcus melitensis деп аталды. 19 ғ. аяғы мен 20 ғ. басында бруцеллез ауыл шаруашылық малдардың арасында барлық жерде де кеңінен тарады. Қазақстанға бұл ауру Еуропалық өлкелерден келді, алғаш рет 30 – жылдары Семей обылысында Тасбұлақ деген жерде ветаринария дәрігері Тевельский хабарлады.

Бруцеллезді әр түрлі түлікте Brucella туыстығына жататын 6 түрге бөлінетін микробтар қоздырады: B. melitensis, B. abortus, B. suis, B. neotomae, B. ovis, B. canis.

Бруцеллезге 60-тан артық үй және жабайы жануарлар түрлері бейім. Әсіресе тез шалдығатындары: сиыр, қой, ешкі, шошқа, солтүстік бұғысы. Оларда бруцеллез індет түрінде қуалайды. Инфекция қоздырушысының бастауына бруцеллезбен ауырған малдар жатады, әсіресе олар клиникалық белгілері айқын білінген кезде өте қауіпті. Ондай жануарлар шаранамен, шумен, тастанды төлмен және жыныс жолдарынан аққан сорамен ауру қоздырушысын аса мол мөлшерде бөліп шығарады. Жас төлге бруцеллез негізінен алиментарлық жолмен енесінің сүті арқылы, ал сақа жануарлар алиментарлық жолмен және шағылысқанда жанасу арқылы жұғады.

Инкубациялық кезеңі, ауру жұққаннан серологиялық немесе аллергиялық реакциялар оң нәтиже бергенге дейін, 2-4 аптаға созылады.

Жануарлардың барлық түрінде бруцеллездің басты белгісі – буаздықтың екінші жартысында байқалатын іш тастау. Сиыр негізінен 5-8 айлығында, қой мен ешкі 3-5 айлығында, мегежін кез келген уақытта, ит 40-50 күн болғанда іш тастайды. Сиыр мен қой әдетте екінші қайта іш тастамайды, ал мегежінде ол бірнеше рет қайталануы мүмкін.

Жекелеген жануарларда бруцеллез кезінде бурсит, гигрома, артрит, тендовагинит, ал аталық малдарда орхит және эпидидемит байқалып, ені ісініп, кейде шектен тыс ұлғайып, салбырап жүреді.

Патологоанатомиялық өзгерістер жатырда, желінде аталық малдың жыныс безінде, буындарда, бауырда, лимфа түйіндерінде, талақта байқалады.

Тастанды төлдің тері асты шелі жалқақтанып, кіндігі ісініп кетеді. Көкірек және құрсақ қуыстарында фибрин іріміктері бар қызыл-қоңыр түсті сұйық жиналып, сірі және кілегейлі қабықтары қанталайды. Ішек-қарынның кілегейлі қабығы мен өкпесі сыздана қабынады, ал бауырында өліеттенген қабыну процестері байқалады.

Бруцеллезге диагноз кешенді түрде індеттанулық, клиникалық аллергиялық және зертханалық тексерудің нәтижесінде қойылады.

Бактериологиялық диагноз үшін жағындыларды микроскоппен қарап, ауру қоздырушысының өсіндісін алып, теңіз тышқанына биологиялық сынама қояды.

Серологиялық реакциялар бруцеллезге малды жаппай тексеру үшін кеңінен қолданылады: АР, КБР, ҚҰБР, РБС, ИФТ.

Бруцеллезді анықтау үшін оны малдың іш тастауына әкеп соқтыратын камплобактериоз, трихомоноз, лептоспироз, жыныс мүшелерін зақымдайтын жұқпайтын аурулардан ажырату керек.

Бруцеллезбен ауырған мал емделмейді, ол тез арада сойылады.

Бруцеллезбен ауырған малда стерилді емес табиғи иммунитет қалыптасады.

Бруцеллездің алдын алу үшін ең басты шара – аурудан сау шаруашылыққа сырттан инфекция қоздырушысын әкелдірмеу мақсатында негізгі ветеринариялық-санитариялық талаптарды орындау. Бруцеллезге қарсы ірі қараны – 19 және 82-штамдардан даярланған вакциналармен, ал қойды 19-штамм және Rev-1 вакциналарымен егеді.

Бруцеллез шыққан шаруашылықта індет ошағына карантин қойылып, сауықтыру шаралары жүргізіледі. Ауру шыққан сиыр фермасында барлық малды 15-30 күн сайын бруцеллезге серологиялық әдіспен тексеріп, оң нәтиже берген жануарларды жедел бөліп алып, сояды да, қораны дезинфекциялайды. Осылайша тексеруді бүкіл табын бойынша қатарынан екі рет теріс нәтиже алғанға дейін жүргізеді. Екі рет теріс нәтиже алған соң табында 3-6 айға бақылауға қойып, бұл уақытта 2 рет бруцеллезге тексереді. Тексеру теріс нәтиже берсе табын сауықтырылды деп есептеп, қорытынды дезинфекция жасаған соң карантинді алады.

Бақылау сұрақтары: 1 Бруцеллез кезінде байқалатын негізгі клиникалық белгілер. 2 Бруцеллезді серологиялық балау әдістері. 3 Бруцеллезді алдын алу және сауықтыру шаралары.

11 дәріс

АУСЫЛ

Аусыл (Aphtae epizooticae, ящур) – әдетте жұп тұяқтыыларда жиі ретте жіті өтетін, шектен тыс жұқпалығымен сипатталатын індет. Індетті вирус тудырып, ауыз қуысында, танаудың кілегей қабығында, тұяқ ашасында және малдың желінінде күлдіреуіктердің (афтоздық – суға толы көпіршіктердің) пайда болуымен байқалады.

Алғашқы рет ауруды – аусылды аса қатерлі жұқпалы індет ретінде 1564 ж. Д. Фракастро сипаттаған. 17–18 ғасырларда аусыл көптеген мемлекеттерді шарпып, ағымы бойынша жұқпалы болғаны соншалықты, көптеген жағдайда бұл індетті і.қ.м. обасы деп келді. Қоздырушысы арнайы сүзгіден өтетін вирус. Қазіргі уақытта дүние жүзінде аусыл вирусының жеті типі: А,О,С,Сат-1,2,3, Азия 1.

Әдетте аусылмен барлық жұп тұяқты жануарлар, жиі түрде: ІҚМ әсіресе 2-3 айлық бұзау шалдыққыш, содан соң шошқа, қой, ешкі, бұғылар, түйе ауырады. Аусыл негізінен ауру малдан жұғады. Аусылдың жұғу жолдары: несебі, нәжісі, сілекейі тамған зат, суат, жем – шөп, адам киімі арқылы жұға береді. Ұ.қ.м. арасында көбіне вирус тікелей жанасу арқылы беріледі.

Аусыл қоздырушысы мал организмінің ауыз, танау кілегей қабықтары арқылы, кейде тұяқ ашасы, желін жараққаттанғанда еніп ауру тудырады. Алғашында мал аузына ірілі – ұсақты күлдіреуік шығады, сол арқылы вирус әрі қарай енеді. Сөйтіп бүкіл денеге тарайды да, кілегей қабықтарында күлдіреуіктердің екінші тобы пайда болады.

Жасырын кезеңі 1-7 күнге созылады. Жас бұзаулар мен тайыншалар арасында ауру жіті немесе зілді түрде өтеді. Олардың дене қызуы 40,5-41,5 градустқа, жалпы күйі төмендейді, шөп, суға қарамайды, күйіс қайырмайды. Ауру басталғаннан кейін (2-3-ші) күндері күлдіреуіктер мөлдір суға толы көпіршікке айналады (мөлдір су-улы сұйық зат). Бір уақытта көпіршіктер ауыз қуысында, танауда, желінінде, тұяқ ашасында пайда болып, 2-3 күннен соң жарылып, оның орны жалаңаштанып, қызарып тұратын жараға айналады. Желін үрпелеріндегі жаралар қабынып іріңдейді. Аузынан көпіршіген шұбырынды сілекей ағады. Пайда болған жаралар – эрозиялар 6-8 күннен, ал егер ұзаққа созылса 2-3 аптадан кейін жазылады. Малдың тұяқ ашасы, бақай арасы, табанында па йды болғанда мал ақсайды, кейде жатып алады. Жас бұзауларда афталар болмай , індет гастроэнтерит, бронхопневмония 8-12 күнге созылып, көбіне ем қолданылмаған жағдайда малдың өлімімен аяқталады.

Қой аусылы ірі қараға қарағанда аздап өзгешелеу өтеді. Қойда бақай арасы зақымданады, ал сілекей ақпайды. Ал қозы арасында зілді өтіп, шалдыққан төл түгелдей қырылып қалады. Шошқаларда аусыл 24-48 –тан 8 күнге дейін созылуы мүмкін. Дене қызуы көтеріледі, азыққа зауқы соқпайды. Бақай арасына, тұяқ кенересіне жаралар пайда болып, кейде тұяқ қабығы түсіп қалады.

Жас малдарда ішекте гемаррагиялық қабыну өзгерістері және жүректе (дегенеративтік өзгерістер) – «жолбарыс жүрек», яғни жүрек жолақ – жолақ қанға боялған болады. Өкпеде геморрагиялық қанталаулар байқалады.

Балау жұмыстарын эпизоотологиялық деректерге, клиникалық белгілеріне және лабораториялық зерттеулерге сүйене отрып жүргізеді. Лабораторияға салмағы 5г кем болмайтын толық піскен, бірақ жарылмаған күлдіреуіктерді пышақпен қырып алып, шыны ыдысқа салып, жолдама қағаз жазып жеткізіледі. І.қ.м – тіліндегі афталардан, шошқалардан – тұмсығы және желіннен, ұ.қ.м.- бақай арасынан алынады. Биологиялық тәжірибені тышқандарда жүргізіледі.

Ауырған малды жедел оқшаулап, жақсы жағдай жасайды. Құнарлы жемді, шырын тамырлы және түйін тамырлы мал азығын қайнатып береді. Аузын 2 % сірке қышқылының, 1 % бор қышқылының, 1:1 000 калий перманганатының, Тұяқтарын мұқият тазалап, зақымданған көбесіне қара май мен балық майының тең қоспасын, Вишневский линиментін, 10 % креолин, 5-10 % ихтиол майларын жағады. 10-20 % формалин ерітіндісімен күйдіруге де болады.

Қазіргі уақытта аусылға қарсы лапинденген моновалентті алюминий су тотықты формалвакцинасы қолданылады. Сонымен қатар үш валентті ірі қара тілінің эпителийінде Френкельдің әдісімен өсірілген А, О, С типтерінің вакцинасы пайдаланылады. Біздің елде аусылға қарсы күрес шараларына шекаралас бұл аурудан сау емес мемлекеттерден ауру мал әкелуге жол бермеуге бағытталған. Аусыл байқалған сәтте сау емес шаруашылыққа не елді мекенге карантин енгізіліп, қатер төнген территорияны анықтайды. Ауданның, облыстың шаруашылық әрекеттеріне шектеу қойылады. Бұл шектеу бойынша малды, мал өнімдерін шетке шығаруға тиым салынып, оларды дайындау мен пайдаланудың ерекше тәртібін белгілеп, жеке және қоғамдық көліктің қозғалысына уақытша тиым салынуы мүмкін.

Індет ошағын шектеп, оған тәулік бойы кезекшілік тағайындайды. Жолдарды жауып, шлагбаум орнатады. Аусылға қойылған карантин ең соңғы ауырған мал жазылған немесе сойылған соң 26 күн өткенде алынады.

Бақылау сұрақтары: 1 Аусыл кезінде байқалатын негізгі клиникалық белгілер. 2 Аусылды серологиялық балау әдістері. 3 Аусылды алдын алу және сауықтыру шаралары. 4 Аусылдың вирусын айқындау үшін қандай серологиялық реакциялар қолданылады?

12 дәріс