Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД Эпиз каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.86 Mб
Скачать

Жекеше індеттану

Жекше індеттану бөліміндегі дәрістерде қарастырылатын аурулар келесі жалпы жоспар бойынша беріледі:

  1. Аурудың атауы мен анықтамасы;

  2. Тарихи деректер;

  3. Таралуы және экономикалық шығын;

  4. Қоздырушысы;

  5. Індеттанулық деректері;

  6. Дерттенуі;

  7. Өтуі мен симптомдары;

  8. Патологоанатомиялық өзгерістер;

  9. Балау. Ажырата балау;

  10. Емі;

  11. Иммунитет;

  12. Дауалау және күресу шаралары.

8 дәріс

Топалаң

Топалаң (anthrax, сибирская язва) – жіті түрде өтететін зооантропоноздық, сонымен қатар, септицемия /өлі тиіп/, ауыр түрдегі интоксикация құбылыстарымен байқалатын жұқпалы ауру.

Ауру біздің дәуірімізден көп бұрын белгілі. Орта ғасырларда топалаң қырғын індет ретінде көптеген Европа және Азия елдерінде байқалып тұрды. Ресейде аурудың "сибирская язва" аталуы Сібірде қызмет еткен дәрігерлер А.Эшке және Н.Ножевшиков (1758) адам мен малда осы дерттің ғылми сипаттамасын беруіне байланысты болатын.

Топалаңның қоздырушысын Германияда Поллендер (1849), Францияда Райне мен Давен (1850) өлген малдың қанынан тапты. Бұл микробтың қоректік ортадағы таза өсіндісін 1876 ж. Р.Кох бөліп алды да, оның спора түзетіндігін анықтады. 1944 ж. Н.Н. Гинзбург СТИ вакцинасын, ал 1956 ж С. Г. Колесов пен басқалар ГНКИ гидроокись аллюминий вакцинасын ұсынды.

Қазіргі кезде топалаң дүние жүзінің көптеген еледрінде кездеседі.

Қоздырушысы – Bacillus anhtracis. Ауасыбағалы, спора және капсула түзетін таяқша, оң грамды, қозғалмайды. Қауашақ түзуі уытты штамдарға тән. Қауашағы жануар организмінде немесе табиғи белогы мол ортада түзіледі.

Топалаңға сүт қоректілердің барлық түрі және адамда бейім. Табиғи жағдайда көбіне ірі қара, қой-ешкі, жылқы, есек, қашыр, түйе, солтүстік бұғылары және шошқалар ауырады.

Топалаң қоздырушысының бастауы - ауырған жануарлар. Олар бацилаларды несеп, нәжіс сілекей арқылы бөліп шығарады. Әсіресе микроб өлер алдындағы жануардың табиғи тесіктерінен аққан қанды сұйықтықта көп болады. Қоздырушының ең басты берілу факторына топлаңнан өлген малдың өлексесі жатады. Топалаң негізінен алиментарлық жолмен жұғады, сонымен қатар аэрогендік және трансмиссиялық жолмен жұғуы да мүмкін.

Әдетте ауру жылдың жылы мезгілдерінде байқалады, әсіресе шөбі сирек және құрғақ жайылымдарда. Ауру спорадия түрінде өтеді.

Өтуі мен симптомдары. Жасырын кезеңі 1-3 күн. Ауру өте жіті, жіті, жітілеу және созылмалы сонымен қатар абортивті түрде де өтеді. Аурудың негізгі екі түрі бар: 1) Өлі тиген /септицемиялық/ 2) Күйдіргілі (карбункулді).

Жылқы мен сиырда тамыр соғуы жиілеп, кілегей қабықтары көкшілденіп кетеді, дене қызуы көтеріледі. Кенеттен немесе бірнеше сағаттың ішінде өледі. Жіті түрінде дене қызуы көтеріледі, тынысы мен тамыр соғуы жиілейді, ентігеді. Ірі қарады күйіс қайтаруы мен сауын сиырлардың сүті қайтады. Мұрын мен ауыз қуыстарының кілегей қабықтары көкшілденеді. Малдар әрең қозғалып, жиі жатады. Ауру белгілері білінген соң мал 2-3 күннің ішінде өледі. Созылмалы түрінің (2-3 ай) негізгі белгісі малдың прогрессивті азуы және ол шошқада кездеседі.

Топалаңға күдіктенгенде өлексені союға тиым салынады. Топалаңнан өлген маддың өлексесі тез бүлінеді, әдетте кебініп, сіресуі болмайды немесе әлсіз дәрежеде байқалады. Табиғи тесіктерінен қанды сұйық, кейде қан ағады. Қаны қара қошқыл түсті, ұйымайды, талағы шектен тыс ұлғайады.

Диагноз қою үшін міндетті түрде індеттанулық деректер, клиникалық белгілері, зертханалық зерттеу нәтижелері ескеріледі. Зертханаға жаңа өліктің құлағының көк тамырындағы қаннан даярланған қалың жағындыны жібереді.

Топалаңды қарасаннан, брадзоттан, энтеротоксемиядан, қатерлі домбығудан, пастереллезден ажырату қажет.

Емдеу үшін топалаңға қарсы қан сарысуы мен иммуноглобулин, антибиотиктер қолданылады.

Топалаңмен ауырып жазылған малда ұзақ уақытқа берік иммунитет пайда болады. Белсенді жасанды иммунитет қалыптастыру үшін СТИ және 55-штамнан даярланған вакциналар қолданылады.

Топалаң пайда болған жағдайда карантин енгізіліп, ережелерге сәйкес сауықтыру шаралары ұйымдастырылады. Карантин ең соңғы мал сауыққан соң немесе өлген соң, егер егілген жануарларда асқыну болмаса, қорытынды дезинфекция жүргізіп 14 күн өткеннен соң алынады.

Бақылау сұрақтары: 1 Топалаң кезіндегі індеттанулық деректер. 2 Топалаңды дауалау және сауықтыру шаралары. 3 Топалаңды балау әдістері. 4 Топалаң кезіндегі патологоанатомиялық өзгерістер.

9 дәріс