- •Мазмұны
- •1 Оқытушылар туралы мәлімет:
- •2 Пән туралы мәлімет:
- •Сабақ уақытын vіі семестр бойынша бөлу
- •Сабақ уақытын vііі семестр бойынша бөлу
- •3 Пререквезиттер
- •4 Постреквезиттер
- •5 Курстың қысқаша сипаттамасы:
- •6 Курстың мазмұны
- •6.1 Дәріс сабақтарының тізбесі
- •6.2 Зертханалық-тәжірибелік сабақтарының тізбесі
- •7 «Індеттану және инфекциялық аурулар» пәні бойынша сөж тапсырмаларын орындау және тапсыру кестесі
- •Сөж ұйымдастыру бойынша ұсыныстар
- •8 Әдебиеттер тізімі
- •8.1 Негізгі әдебиеттер
- •8.2 Қосымша әдебиеттер
- •9 Курстың саясаты
- •10 Білімді бағалау жөніндегі ақпарат
- •11 Бағалау саясаты
- •Пән бойынша білімді бағалау сұлбасы
- •Картасы
- •Курс глоссариі арнайы терминология
- •Дәрістер тезистері
- •Кіріспе. Пәннің мақсаты мен міндеттері. Инфекциялық аурулардың сипаттамасы
- •Қазақстан Республикасындағы індеттік жағдай
- •Иммунологиялық икемділік пен иммунитеттің індеттанулық мәні
- •Індет процесі және оның қозғаушы күштері
- •Індетке қарсы шаралар. Жалпы және арнайы шаралар
- •Дезинфекция, дезинсекция, дератизация
- •Жекеше індеттану
- •Топалаң
- •Туберкулез
- •Бруцеллез
- •Құтырық және ауески ауруы
- •Лептоспироз, листериоз, некробактериоз
- •Пастерелез. Микоздар және микотоксикоздар. Шешек
- •Туляремия, сіреспе, ботулизм
- •Қарасан, паратуберкулез, кампилобактериоз
- •Оба, ала өкпе, лейкоз
- •Вирустық диарея, инфекциялық ринотрахеит
- •Қой және ешкі аурулары
- •Инфекциялық энцефаломиелит және инфекциялық анемия
- •Індеттік лимфангит, ринопневмония, тұмау
- •Шошқаның кәдімгі және африкандық обасы. Шошқа тілмесі
- •Шошқаның дезентериясы, вирусты гастроэнтериті, жұқпалы сему риниті
- •Төл аурулары
- •Құс аурулары
- •Балықтардың және бал араларының аурулары
- •Зертханалық-тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Патологиялық материалға жолдама құжаты
- •2 Тапсырма.
- •3 Тапсырма.
- •Жануарлар сальмонеллезінің қоздырушылары
- •Сальмонеллалардың індеттанулық сипаттамалары
- •Әдістемелік нұсқауы
- •Курстық жұмыстың алдын-ала ұсынылған тақырыптары
- •Курстық жұмыстың құрылымы
- •Студенттердің өзіндік жұмысына араналған материалдар Мазмұны
- •Қысқаша әдістемелік нұсқау
- •Күнделік пен есепті толтыру тәртібі
- •Індеттану және инфекциялық аурулар
- •Білімді бақылау материалдары Емтихан сұрақтарының тізімі
- •Авторлары: Муханбеткалиев е.Е., Ибрагимов р.М., Щурихин б.Г.
Індетке қарсы шаралар. Жалпы және арнайы шаралар
1. Індетке қарсы шаралардың тарихи деректері
2. Індетке қарсы жалпы шаралар
3. Жұқпалы ауруларды дауалау шаралары
4. Карантин және шектеу
5. Сауықтыру шаралары және індет ошағын жою
Індетке қарсы шаралар бірден пайда болған жоқ, олар біртіндеп ғасырлар бойы тәжірибе барысында жинақталды. Алғашқыда адамдар ауруларды күнәләрі үшін жіберілген деп, ауру шыққан жерлерді тастап қашқан.
Бірақ олар ондай жерлерге байқау жүргізіп, кейіннен қайтып келуге болатынын анықтаған, ал осы арада ауру қоздырушысы күн сәулесінен не болмаса басқа факторлардың әсерінен жойылған.
Одан кейін ауырған малды оқшаулаған және осы кезде аурудың әрі қарай тарамайтындығын байқаған. Сондықтан ауруды оқшаулау бізге сол заманнан келе жатыр екен. Бұрынғы кездері малдарды бір елден бір елге кемемен тасыған және олар малды сатып алғанда сау сияқты болады да еліне әкелген соң ауыра бастаған, олар басында мұның не екенін түсінбеген, ал біз білеміз аурудың жасырын кезңі бар екенін, кейінірек олар оны байқап, сырттан келген малды 30 күнге карантинге қоятын болған, яғни 30 күн бойы кемеден түсірмей қойған. Егер 30 күннің ішінде әкелінген малдар ауырмаса ғана сатып алған, ал ауыратын болса алмаған, міне өстіп сырттан аурдың кірмеуі үшін осындай шараларды сол кездің өзінде-ақ жасаған. Қазіргі біздің де сырттан келген малдарды 30 күнге дауалаулық карантинге қойуымыз сол 500 жыл бұрынғы шаралардан қалған екен.
Індетке қарсы шаралар жалпы және арнайы болып екіге бөлінеді.
Жалпы шаралар кез-келген жұқпалы ауруларға қарсы баытталып ортақ бір сипатта болады да оған ұйымдастыру-шаруашылық, және ветеринариялық-санитарлық шаралар жатады.
Арнайы шаралар нақтылы бір жұқпалы ауруға қарсы бағытталады, ал оған сол ауруды балау және иммундеу жатады.
Індетке қарсы шаралардың басты негізі (принципі):
Біріншіден, олардың кешенді жүргізілуі, яғни індеттенудің барлық қозғаушы күштеріне қарсы ұйымдастыру-шаруашылық, ветеринарлық-санитарлық және арнайы шаралар ретінде жүргізілуі керек.
Екіншіден, індетке қарсы шаралардың белгілі бір жүйемен жоспарлы түрде жүргізілуі, яғни дауалау немесе сауықтыру шараларының жоспары болуы керек.
Үшіншіден, індетке қарсы шаралардың мемлекеттік сипаты болуы, яғни ол шаралар мемлекет тарапынан белгіленеді және мемлекеттік органдардың қолдауымен іске асады.
Төртіншіден, індетке қарсы шаралар адамдарды малдан жұғатын аурулардан сақтандыруға бағытталады. Сондықтан жануарлардың жұқпалы аурулармен күрес шаралары медициналық мекемелермен бірлесе жүргізілуі керек.
Арнайы дауалау деп белгілі (нақты)жұқпалы аурудың пайда болуының алдын алуға бағытталған арнайы шаралар жүйесін айтады.
Арнайы дауалау шараларының сипаты шаруашылыәтағы және оны қоршаған территоридағы індет жағдайына байланысты анықталады.
Арнайы дауалауға келесілер жатады:
1. Арнайы балаулыә зерттеулер (аллергиялық, серологиялық балаулар және т.б.), малдың диагнозын толық анықтау үшін оқшаулау, карантиндеу.
2. Әр түрлі емдік-дауалау препараттарын қолдану.
3. Иммунитетке негізделген дауалау (иммунопрофилактика), яғни әр түрлі арнайы препараттарды қолдану арқылы. Бұл індетке қарсы жұмыстардың жоспарына сәйкес қандайда бір аурудың пайда болуының қаупі төнген аурудан сау шаруашылықтарда жүргізіледі. Осындай малдарға биологиялық препараттарды егу - (вакциналар, иммунделген қан сарысулары) малдарды сақтандыру деп аталады (предохранительный). Ал осы аталған препараттар ауру білінген аурудан сау емес табындардағы малдарға қолданылса онда ол лажысыз деп аталады.
Карантин (италянша quarentena - қырық күн, сөзбе-сөз guaranta gіornі) - жұқпалы аурудың таралуына қарсы бағытталған шектеу шараларының жиынтығы. Инфекция табылған шаруашылықты (немесе ферманы, бөлімшені, елді пунктті) аурудан сәтсіз деп хабарлайды және ондай шаруашылыққа аурудың білінген түріне байланысты шек қоюды енгізеді немесе карантин салады.
Бұл шаралар пайда болған індет ошағының одан әрі ұлғаюына жол бермеу үшін бағытталған.
Оның шарты бойынша індет ошағына күзет посты қойылып, ауру шыққан жерге апаратын жолға көрсеткіш және шлагбаум орнатылады. Кейбір аса қауіпті індет кезінде басқа елді мекендермен барлық қатынас тоқтатылып, автобус маршруттары өзгертіледі.
Карантин негізінен аса қауіпті жұқпалы аурулар шыққан кезде қойылады. Мұндай карантиндік инфекцияларға әр түлікте - аусыл, топалаң, сиырда - оба, мәлік, қарасан, жылқыда - мандам, жұқпалы анемия, қойда - шешек, ешкіде - кебенек, т.б. жатады. Жалпы карантин салынатын аурулардың тізімі Ветеринриялық Жарғыда анықталған.
Шектеу шаралары - карантиннен гөрі шарттары бәсеңдеу, қарым қатынасты тежеуге бағытталған тиым жолдары. Оларды тез тарала қоймайтын жұқпалы аурулар кезінде /некробактериоз, сиыр шешегі, сарып, сақау/ қолданылады.
Карантин мен шектеу жұқпалы ауру байқалған сәтте тағайындалып, ауру басылған соң, яғни ең соңғы ауырған мал сауыққаннан немесе өлгеннен кейін біраз уақыт өткеннен соң барып алынады.
Бақылау сұрақтары: 1 Індетке қарсы шаралардың мақсаты не? 2 Індетке қарсы шаралардың негізгі принциптері қандай? 3 Карантин және шектеу дегеніміз не? 4 Жаңадан әкелінген мал қалай карантинделеді?
№7 дәріс
